Жеке тұлға теориясы


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Жеке адам мәселесін психологияда зерттеудің теориялық негіздері . . . 6
1. 1 Жеке адамның бойындағы ерекше қасиеттер . . . ……… . . . 6
1. 2 Адамның тіршілігіндегі тілдесудің орны . . . . . …… . . . 11
2 Адамдардың бойында ақыл мен естің қалыптасуы . . . 17
2. 1 Адамдардың әлеуметтік ортасына байланысты психикасының қалыптасуы . . . 17
2. 2 Жеке тұлға теориясы . . . . . . 23
Қорытынды. . . . 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 27
Кіріспе
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан-аулан. Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның, белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз т. с. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жиіркену мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістері. Адам сезімі тіршілік үшін керекті де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмір - өшкен өмір. Ұлы ғұлама Ә. Науаи «Сезімсіз адам - кесек, махаббатсыз адам - есек», - деген екен. Көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер сол сезімдер қандай да себептермен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға» келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым-қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психологтар көп заманнан бері осы сезім мәселесінің төркінін ашумен айналысуда. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бұл сұрақ төңірегінде ортақ көзқарас пайымдалмады, дегенмен интеллектуалистік теория бағыты кең өріс алды. Бұл бағыт мәні - адамдағы барша органикалық көріністердің негізі психикалық құбылыстардан деген тұжырымнан шығарылды. Неміс психологі Гербарттың ұйғарымы бойынша барша сезімдік дүниенің ірге тасы елестер деп саналды. Бұл теорияға орай сезім-елестер арасындағы байланыстарға сай қарама қайшылықтарға жауап ретінде жүзеге келеді. Мысалы дүниеден өткен адамның бейнесін тірілермен салыстырудан қайғы пайда болады. Өз негізінде бұл кейіп ырықсыз көз жасын төгуге не жалпы қасіретті күй білдіруші әрекет- қылыққа себепші болады.
Неміс ғалымы В. Вундт та осы бағытты қолдады, бірақ оның тұжырымдары эклектикті, яғни әртүрлі психологиялық қарама-қарсы көзқарастарды қалай болса, солай қоса салуға негізделген еді. Оның пікірінше эмоция - бұл алдымен сезімнің елес жүрісіне тікелей ықпал етуімен сипатталатын адамның ішкі өзгерістері, ал кей жағдайда, ішкі өзгерістердің сезімге әсері, ал органикалық процестер - эмоцияның салдары ғана.
Эмоцияның қазіргі заман тарихы У. Джемстің 1884 ж. жарияланған «Эмоция деген не» атты мақаласынан басталды. У. Джемс және бұған байланыссыз Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ырықты қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі ырықсыз жүрек толғаныстарынан болатын адамның кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. «Біздің қайғыруымыз - жылағанымыздан; қорқуымыз - қалтырауымыздан; қуанғанымыз - күлгенімізден» (У. Джемс) . Сонымен, эмоция салдары болған дене шетіндегі (перифериялық) органикалық өзгерістер, ғалымдар ойынша, сезімдер себебіне ауысады. Осыдан эмоциялардың ырықты реттелуінің қарадүрсін түсініктемесі беріледі мысалы, ұнамды эмоцияға тән әрекеттерді әдейі жасаумен қажет болмаған қасірет сезімін басуға боладымыс.
Джемс-Ланге тұжырымы бірқанша қарсы көзқарастар пайда етті. Негізгі сын айтқан У. Кеннон: әртүрлі сезімдерге байланысты жауап әрекеттер бір-біріне өте ұқсас, сондықтан олар адамның сан-алуан эмоциялық қасиеттеріне сай келе бермейді. Мысалы, қазақ келісу сезіміне орай басын изейді, ал болгар - шайқайды; африканың бір тайпа өкілдері сүйген адамының бетіне түкіретін көрінеді ал қазаққа бүйтіп көр . . . Сонымен бірге, адамның әдейі істеген жасанды әрекеттері қажетті көңіл-күйді бере алмайды. Кейде, мысалы, жағдайға орай «молдамыз» шығып, сіресе бағып, соңына шыдай алмай, күліп жіберетініміз осыдан.
Психологтардың үлкен тобы сезімді жай-күйлік қалып аймағынан шығарып, дененің әсер еткен жағдайға, оқиғаға болған жауап әрекеті деп танығанды жөн көреді. Мұндай түсінік Ч. Дарвин еңбектерінде де берілген. Эмоциялық әрекеттердің көбі өздерінің пайдалы болуымен қажет, мысалы, жануар қаһары жауын қорқыту үшін керек, немесе олардың кейбірі өткен эволюциялық дамудың бір кезеңінде қажет болған әрекеттердің нәсілден нәсілге ауысып келе жатқан қалдығы. Мысалы, алақанның қорқыныштан дымқылдануы бір уақыттары біздің маймыл тектес бабаларымызға қауіп-қатер төнгенде ағаш бұтақшаларын берік ұстауға жәрдемін тигізген. Кейін бұл теорияны Э. Клапаред жалғастырды. Ол «қандай да бір сезімнің туындауы - адамның кезіккен жағдайға икемделе алмауынан. Егер адам қашып, құтыла алатын болса, ешқандай қорқыныш сезіміне түспейді», - деп жазады.
Ендігі бір оқшауланған теориялар тобы сезім табиғатын адамның ақыл-ой (когнитив) мүмкіндіктерімен байланыстырады. Олар ішінде Л. Фестингердің сана үйлесімсіздігі теориясы өз алдына. Бұл көзқарастың мәні адам бір нысан жөнінде біріне бірі психологиялық қарсы екі пайым ортасында таңдау ете алмай, күйзеліс эмоциясына түседі яғни санадағы «білімдер» үйлесімсіздігінен жағымсыз сезім пайда болады.
1 Жеке адам мәселесін психологияда зерттеудің теориялық негіздері.
1. 1 Жеке адамның бойындағы ерекше қасиеттер
Адам эволюциясын антропология ғылымы зерттейді. Антропология Х1Х ғасырдың екінші жартысында Дарвиннің эволюциялық теориясы ашылғаннан соң күрт дами бастады. Археологиялық қаба кезінде табылған Ramapіthecus миоцен - плиоценде тіршілік еткен адам тәрізді маймылдың қалдықтары, гоминидтер тармағының бастапқы түрі, яғни олар адам мен оған туыстастардың арғы тегі деп саналды. Бұл маймылдың қалдықтары ндістан мен Пәкістаннан, Таяу Шығыс пен Неандерталдық Кроманьондық Homo sapіens Балканнан, тіпті Африкаға дейінгі континенттерден табылды (“рамапитектер” алғаш рет Үндістаннан табылып, Рама құдайының құрметіне соның атымен аталған) . 1960 жылы ағылшын археологы Л. Лики Шығыс Африкадан миының көлемі 670 см3, болып табылатын 18 - 2. 5 млн жылдар арасында тіршілік еткен “шебер адамның” қалдықтарын тапты. Осы қабаттардан олардың өзен тастарынан жасап шығарған, ұштары үшкір еңбек құралдары да табылды. Осыған байланысты қазіргі ғылымда бұдан 2. 5 млн жыл бұрын Шығыс Африкада адам мен адам тәрізді маймылдар тармақтары бөлінген, яғни адам мен шимпанзенің эволюциялық линиялары екіге бөлінген деген көзқарас бар. Бұл тұжырымдар “молекулалық сағаттар” деп аталатын өлшемдер арқылы дәлелденді. Нүктелік мутациялар әсерінен гендердің өзгеру жылдамдығы (ДНК негіздерінің кейбір жұптарының өзгеруі) ұзақ уақыт бойына тұрақты болып, оны осы эволюциялық тармақтың негізгі түбірінен бөліну мерзімін анықтау үшін қолдануға болады. Ғалымдар дәл осы Шығыс Африкада адамдардың пайда болу себебі ретінде, осы аймақта уран кен орындарынан бөлініп шығатын радиацияның жоғарғы дозаларының әсерінен болған мутациялық үрдістерді көрсетеді. “Шебер Адамды” австралопитектерге (“оңтүстік маймыл”) жатқызады, олардың қалдықтары 1924 жылы Африкадан табылған. Австралопитектердің миының көлемі адам тәрізді маймылдардың миының көлемінен үлкен емес, бірақ олар еңбек құралдарын жасай білген. Ява аралынан 1891 жылы табылған қалдықтар питекантроп деп аталды. 0. 5 млн жыл бұрын өмір сүрген питекантроптардың бойы 150 см, ми көлемі 900 см3 болып, олар пышақ, бұрғы, т. б. қолдан жасалған кескіш құралдарды пайдаланғанХХ ғасырдың 20 жылдарында Қытайдан “синантроп” (“қытайлық адам”) табылды, оның миының көлемі питекантропқа жақын болып және олар от жағып, ыдыстарды пайдалана білген, бірақ түсінікті сөз сөйлей алмаған.
1856 жылы Германиядағы Неандерталь жазығында 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды, олар неандерталдықтар деген атқа ие болды. Неандертальдықтардың миының көлемі қазіргі заманғы адамдардың миына жақын, бірақ маңдайы шығыңқы, қас үстіндегі доғасы, бас сүйегі төмен болып, мамонттарды аулап, үңгірлерде тіршілік еткен.
Ең соңында, 1868 жылы Францияның Кро-Маньон үңгірінен бас сүйегінің формасы мен көлемі (1600 см3) қазіргі заманғы адамдарға жақын, бойы 180 см, 40-15 мың жыл бұрын өмір сүрген тіршілік иелерінің қалдықтары табылды. Бұлар нағыз “саналы адамдар” болып саналды. Осы дәуірде нәсілдерге бөлінушілік пайда болғандығы белгілі. Жекелеген бөлек топтарда ерекше белгілер (ақ нәсілділерде -ашық түсті тері, т. б. ) қалыптаса бастаған.
Біздің заманымыздың жаратылыстану ғылымы тұрғысынан алғанда, қазіргі адамдардың арғы тегінің тізбегі төмендегідей көрсетіледі: адам мен жоғары сатыдағы маймылдардың ғылымға белгілі ең ертедегі тегі - рамапитек - шамамен 14 млн жыл бұрын ндістаннан Африкаға дейінгі аумақта өмір сүрген. Олардан 10 млн жыл бұрын орангутангтің арғы тегі, Азияда тіршілік еткен - сивапитек бөлінген. Ғылымдағы мәліметтер бойынша, адам тәрізді тіршілік иелері басқа приматтардан 4 млн жыл бұрын бөлінген. Горилла, шимпанзе және адамның ортақ тегі - австралопитек - Африкада 2-4 млн жыл бұрын тіршілік еткен. Австралопитектер зинджантроптың арғы тегі болуы мүмкін. Африкада қабілетті адамның қалдықтары - зинджантроп табылды, ол 2-2. 5 млн жыл бұрын өмір сүрген, осы жерлерде 2. 5 млн жыл бұрын пайдаланылған ертедегі еңбек құралдары және тұрмыстық заттардың қалдықтары табылды. Зинджантроптар адамдар сияқты тік жүріп, олардың қол сүйектері жақсы дамыған. “Шебер” деп аталуының себебі, олар алғашқы рет тастан жасалған еңбек құралдарын пайдаланған. Осыдан кейін, қазіргі заманғы адамдардың дамуы төмендегідей жүрді: 1. 9-0. 65 млн жыл бұрын питекантроп; 400 млн жыл бұрын синантроп және түрлі мәліметтер бойынша 150-40 млн жыл бұрын өмір сүрген (Homo sapіens - тің ертедегі түрі) неандерталдықтар. Homo sapіens 100 млн жыл бұрын ғана пайда болып, оның қазбалары кроманьондықтар деп аталды.
Бұл жерде, антропогенездің - түп түзу сызық бойынша жүретін үрдіс еместігін көрсету керек. Адам эволюциясының жануарлардан адамға дейінгі өту сатылары түзу сызық бойынша жүрген жоқ. Табиғатта гоминидтердің бір ғана емес, бірнеше тармақтары болған және олардың көпшілігі конкуренцияға шыдай алмай жойылып кетуі әбден мүмкін. Кейбір ғалымдар адам эволюциясының белгілі бір тармағында пайда болған неандерталдықтар гибридтену процесінің немесе олардан гөрі күштірек жетілген тіршілік ортасына жақсырақ бейімделген қарсыластарымен тіршілік үшін күрес нәтижесінде жойылып кеткен деп жорамалдайды. Ғалымдардың екінші бір тобы түрлі генетикалық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген пікірді жақтап, үстін жүн басқан неандерталдықтардың арасында мутацияның әсерінен аналық адам - алғашқы Ева пайда болған, неандерталдық осы алғашқы Евадан және бірнеше аталық адамдардан қазіргі адам баласы пайда болды да, қалған неандерталдықтар эволюция процесінің барысында жойылып кетті деп түсіндіреді. Сонымен адам эволюция процесінің нәтижесінде адам тәрізді приматтардан пайда болған. Адам организмінің клеткалық құрамы жануарлардағы сияқты нуклеин қышқылдары мен белоктардан тұрады. Адам организмінің көптеген құрылымдары мен функциялары да жануарлардағыдай. Эволюциялық шкалада жануарлар неғұрлым жоғары сатыда болса, олардың адаммен ұқсастықтары да соғұрлым жақын. Барлық жануарлардың ішінде генетикалық аппараты жөнінен адамға ең жақыны шимпанзе. Адамның ұрықтық даму стадиялары басқа организмдердің эволюциясындағы даму стадияларымен бірдей. Адамдардың жануарларда өте маңызды функциялар атқаратын кейбір органдары рудимент түрінде сақталып қалған (мысалы, соқыр ішек, шаш, жүн) . Дегенмен, адамның жануарлардан айырмашылығы ерекше. Олардың ішіндегі ең маңыздысы - ақыл-ой. Жануарларда да қуану, ренжу, қайғыру сияқты сезімдер мен қызығушылық, көңіл аудару, есте сақтау сияқты қасиеттер бар. Бірақ, ең жоғарғы сатыдағы жануарлардың түсінікті ойлау қабілеті жоқ, яғни олардың белгілі бір заттар мен олардың негізгі қасиеттері туралы түсініктері жоқ. Адамның түсінікті ойлау қабілеті неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның санасы да жоғары болып саналады. [1]
Адамның екінші ерекшелігі - оның сөйлеу қабілеті. Жануарларда өз кезегінде басқалармен қарым-қатынасты белгілердің көмегімен жүзеге асырады. Бірақ адамдарда, И. П. Павлов “белгілердің екінші жүйесі” деп атаған (жануарларда бірінші белгілік жүйе) сөз арқылы қарым-қатынас жүзеге асырылады. Адамзат қоғамы жануарлардан осы арқылы ерекшеленеді. Үшінші ерекшелік - еңбек ету қабілетілігі. Әрине, барлық жануарлар белгілі бір жұмыс атқарады, ал жоғары сатыдағы жануарлар болса, оладра тіпті біршама күрделі жұмыс түрлеріне де қабілетті болады. Мысалы маймылдар ағашта өсіп тұрған жемісті таяқтың көмегімен түсіреді. Жалпы еңбек құралдарын жасай білетіндер тек қана адамдар. Жануарлар қоршаған ортаға бейімделе алады, ал адам оны өзгертеді, яғни адамдаы адам еткен еңбек деген тұжырымдарға осы негіз болады деуге болады. Адамның еңбек ету қабілетіне байланысты қалыптасқан тағы да басқа ерекшеліктері бар. Олар - тік жүру, соның нәтижесінде қолдың босанып дамуы, әсіресе бас саусақтың жақсы жетілуі және отты пайдалану. Адамның жануарлардан ең басты ерекшектері: еңбек, түсінік бойынша ойлау мен сөйлеу - адамның жануарлардан бөліну жолдарында қалыптасқан ең маңызды белгілер болды. Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз. С. Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі - жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В. П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В. П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды. Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен үйлестіре алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам” және “жеке тұлға” түсініктерінің сипаттамасы “даралық” түсінігімен толықтырылады. Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелелігін сипаттайды. Даралық әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты, сабырлы, ашушаң), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін “индивид” түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша “жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір адам “индивид” бола алады. “Жеке тұлға” түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні осында. Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Сондықтан, педагогикадағы “даму” және “қалыптасу” категорияларының мәнін ашып беру маңызды. Даму - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. И. П. Подласый даму ұғымын былай түсіндіреді: “Даму дегеніміз адам организміндегі сандық және сапалық өзгерістер”. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте белсенді - жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе - жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманныың өзіне қалдырып, оларға тек қана объективті сипаттам беруді өз міндетіміз деп есептейміз. Идеализм өкілдері, қай бағттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз беттерінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші роль атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал. Қазіргі заманғы идеалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе тәңірлік кемелге жақындау (неотомизм) . Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір-сайыста бірнеше теориялық концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи (биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық қатынастар биологиялық негізде орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Шешендік Летурно, Ч. Ломброзо) . психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен оның мінез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (З. Фрейд) . Прагматикалық бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамда тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал екіншілері - кемірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Торидайк) . Материалистік бағыттағы философия және оныың көрнекті өкілдері жеке адамның дамуы мен қалыптасуы туралы:
- ежелгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі болуы оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;
- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыздысы - тәрбие;
- В. Г. Белинский: адам табиғаттан, бірақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;
- Н. Г. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін келтіретін табиғат не олардың нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.
Осы күнгі педагогикада жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер төмендегіше:
- Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабілеті аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен дүниеге келеді, сондықтан да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста, бірақ әлеуметтік фактордың рөлі басымдау. [2]
1. 2 Адамның тіршілігіндегі тілдесудің орны
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz