Азамат азаматтық құқық субъектісі
Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 2
1.Тарау 4
1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы 4
2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі 8
3. Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
27
ІІ Тарау. Азаматтардың тұрғылықты жері 32
Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану 36
Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары 38
Қорытынды 42
Қолданылған әдебиеттер мен нормативті актілер 44
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында айтылғандай
мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде – адам және өмірі оның құқықтары мен
бостандықтары көрсетілген.
Кеңес Одағы тарап Қазақстан Республикасы демократиялық ел болуға бет
алып, өтпелі дәуір кезеңдерін бастап өткізуде. Елдің ең қымбат қазынасы
ретінде адамның құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөліп, олардың
құқықтық шеңберін кеңейтіп жан-жақты дамыған елдермен қарым-қатынасы арқылы
жеке тұлғаның орнын ерекше белгіленген.
Өйткені адамдар жаратылысына байланысты бірге өмір сүруге тиіс.
Мұндай өмір сүруді әлеуметтік өмір сүру дейміз. Әлеуметтік өмірдің
тәртіпті және бір қалыпты болуы ұшін де бірқатар ережелердің болуы тиіс.
Бұл ережелер болмаған жағдайда әлеуметтік өмірде дағдарыстар туындап, күш
иелерінің әлсіздері езуінің алдын ешкім ала алмайды.
Әлеуметтік өмірді реттеу мақсатында азаматтық құқықтық субъектісі
ретіндегі азаматтық арналған (тиісті) бірнеше қағидалар жинағы бар. Олар –
діни қағидалар, моральдық қағидалар, әдет-ғұрыптық қағидалар және құқықтық
қағидалар. Осы қағидалардың барлығын әлеуметтік тәртіп қағидалары деп те
айтуға болады.
Осыған орай қазіргі кезеңде БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымының)
келіссөзінде нәсіл жыныс және дін немесе тіл айырмашылық қарамастан
барлығының адамдық құқықтарына және төл тәуелсіздігіне құрмет көрсетілуі
керек – деп жазылған.
Қазіргі таңдағы экономикалық және техникалық даму азаматтық құқықтың
субъектісі ретіндегі азаматтарға да үлкен ықпалын тигізеді. Осы дамулар
нәтижесінде азаматтардың құқықтары мен міндеттерінде де өзгерістер
байқалады.
Азаматтық құқық субъектісі ретіндегі азаматтардың жалпы дүниенің
және Қазақстанның экономикалық және техникалық дамуына ықпал тигізері
сөзсіз. Азаматтардың құқық және әрекет қабілеттіктерінің осы заманға сай
толықтырылып заң құжаттарымен анықталуы, олардың құқықтарының тиісінше
қорғалуы болашақ ұрпақ үшін бүгінгі күннің парызы.
Мемлекеттердің Конституцияларының және азаматтық құқықтың негізгі
тірегі болып саналатын адам және азаматтық құқықтың шығуы оның қолданылуы
барысында ерекше мәнге ие.
Қазіргі көптеген елдерде азаматтық құқық пәнінде азаматтарды құқық
субъектісі ретінде қарастырады. Өйткені азаматтық құқық пәні жеке тұлғаның
басқа тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін құқық саласы болғандықтан
азаматтық құқықта азаматтарға ерекше көңіл бөлінген.
Осыған орай әлеуметтік орта қандай салада болмасын тиісті заңдармен
қамтамасыз етілмесе, азаматтық құқықтың субъектісі белгілі бір
заңдылықтарға сүйенбесе, жағдайды өз мүддесіне пайдаланады. Сөйтіп адамдар
арасындағы қарым-қатынастар шиеленісе түседі.
Әлеуметтік заңдар қажеттілікке қаншалықты жауап беретіндігі азаматтық
құқықтың субъектісі ретіндегі азаматтардың қарым-қатынастары заң негізінде
жүзеге асырылуы, сонымен бірге заңдардың қоғам қажеттілігіне жауап беруі
дипломдық жұмысымның негізгі бағыты болып есептелінеді.
1.Тарау
1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемелекеттің
азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ азаматтар жеке тұлғалар болып
ұғынылады.[1]
Жеке тұлға түсінігі КР-ның әртүрлі құқық салаларында қолданылады.
Азаматтық заң шығармашылықта азаматтық құқық субъектісі ретінде
қолданылады.
Жеке тұлға түсінігі - ҚР азаматы, шет ел азаматы және азаматтығы жоқ
адамдар түсініктерінің барлығын қамтитын түсінік. Сондықтан бұлардың
барлығы азаматтық құқық бойынша жеке тұлға болып табылады.
Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін "құқық субъектілері"
деп немесе "тұлға деп атайды".[2]
Азаматтық кодексте әдетте “жеке тұлға” емес “азамат” термині
қолданылады. Бірақ онда азаматтар туралы айтылғанда тек қана ҚР азаматтары
ғана емес, егер Азаматтық кодексте басқаша көрсетілмесе, сонымен қатарбасқа
да жеке тұлғалар қарастырылады.
Валюталық реттеу туралы заңшығармашылық және салық заңшығармашылығы
жеке тұлғаларды олардың тұрғылықты жеріне байланысты екіге бөлінеді:
1) резиденттер;
2) резидент еместер.
Осылайша жеке тұлғаларды екіге бөлу олардың шет елдік валютамен
валюталық операция жасау құқықтарының айырмашылығы және жеке тұлғаларға
салық салу ерекшеліктерімен байланысты. Валюталық реттеу туралы заң бойынша
резидент дегеніміз - ҚР-да тұрғылықты тұратын жеке тұлғалар оның ішінде
уақытша шет елде жүрген немесе ҚР мемлекеттік қызметінде шет елде жүрген
тұлғалар да кіреді.[3]
Ал резидент еместер дегеніміз ол резидентке жатпайтын барлық жеке
тұлғалар.
Құқық субъектісі болу адам және азаматқа тән аса маңызды қасиеттің
бірі болып табылады. ҚР Конституциясында әркімнің құқық субъектісі ретінде
танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті
қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға
хақылы деп көрсетілген.
Азаматтық құқық саласымен реттелетін мүліктік және жеке мүліктік емес
қатынастарға қатысушы ретінде болатын тұлғалар яғни құқық субъектісі
түсінігі азаматтық құқық және азаматтық заң шығармашылық ғылымында аса
маңызды түсініктердің бірі болып табылады.
Біздің заң шығармашылық бойынша азаматтық құқықтық қатынас субъектісі
ретінде бірінші кезекте адамдар - қоғам мүшелері болады. Сонымен қатар дара
тұлғаның азаматтық-құқықтық жағдайы туралы, адам және азамат құқықтары
туралы жиі айтылады. Бұл айтылған түсініктердің қайсысы азаматтық құқық
субъектісі түсінігіне сәйкес келеді?
Бұл мақсатта “дара тұлға” түсінігінің бұл көрсетілген мақсатта
қолданылуы дұрыс болмайтын еді, себебі психологиялық және философиялық
көзқарас бойынша дара тұлға белгілі бір психологиялық даму деңгейіне
елденетін қоғамдық қатынас субъектісі.
Дара тұлғаның сапалық көрсеткіші бұл белгілі бір жасқа толған, өзінің
интеллектуалды және ішкі қасиеттері арқылы қоғамдық қатынастардың
қатысушысы бола алатын, өзінің іс-әрекетіне жауап бере алатын психикалық
жағынан денсаулығы дұрыс адамға сәйкес келеді.
Осыған сәйкес әрбәр адамды дара тұлға ретінде санауға бролмайды. “Дара
тұлға” түсінігі “адам” түсінігіне қарағанда тар мағынада болады. Заң
әдебиеттерінде дұрыс көрсетілгендей, дара тұлға болып туылмайды, ол
қалыптасады.[4]
Дара тұлғаларды ғана азаматтық құқық субъектісі деп танитын болсақ
онда дара тұлға қасиеттеріне ие болмайтындарды яғни балалар мен психикалық
ауруларды субъект ретінде танымау болар еді. Ал мұндай шешім әрбір адамды,
оның жасы мен денсаулығына қарамай азаматтық құқық субъектісі ретінде
қарастыратын азаматтық заң шығармашылыққа қарсы болған болар еді.[5]
“Адам” түсінігі құқық субъектісі мағынасында әртүрлі халықаралық
құжаттар мен заң шығармашылықта кеңінен қолданылады. БҰҰ-ның 1948 жылы 10
желтоқсанда қабылданған адам құқығы жөнінде жалпы декларацияның 6-бабында
көрсетілгендей – “Әрбір адам қай жерде болмасын өзінің құқықтық субъектісі
екендігінің танылуына құқығы бар”. Азамат азаматтық құқық субъектісі. Соның
ішінде азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие. Бірақ азаматтық құқық саласы
адамды азаматтық құқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде белгілеу үшін
басқа түсінікті қолданады, ол – “азамат” түсінігі, яғни бұл түсінік адамды
тек адамзат жанұясының мүшесі ретінде емес, оны мемлекет пен белгілі бір
байланыста болатын тұлға мағынасында екендігін көрсетеді. Осыған сәйкес
азамат түсінігі заң құқықтық түсінік болып табылады.
Азаматтық мемлекет пен тұлғаның арасында саяси-құқықтық байланысты
айқындайды. Ал бұл байланыс өзара құқықтар мен міндеттер көрінісін табады.
Осыдан мынадай мәселе келіп шығады. Яғни азаматты құқық, азамат түсінігін
қолдана отырып берілген мемлекеттің азаматтарын қарастырады.
Басқа мемлекеттерде шығарылған осындай заңдар сәйкесінше сол
мемлекеттің азаматтарына байланысты қарастырылады. Азаматтық құқық
қатынастарға шет елдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың қатысуы
бөлек реттеледі.
Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады.[6]
Азаматтық құқық және халықаралық келісімдер мен конвенцияларда
адамдарды құқық субъектісі ретінде белгілеу үшін “жеке тұлға” түсінігі жиі
қолданылады.
Жалпы азаматтық заңдар негізінде ол “азамат” ұғымымен бір мағынада
қолданылады.
Бірақ оны сәйкес келеді деп айтуға болмайды, себебі “жеке тұлға” ұғымы
бойынша мемлекет территориясындағы барлық адамдар азаматтық құқықтық
қатынас қатысушылары ретінде қамтылады. Жеке тұлға тек ҚР азаматтары ғана
емес, сонымен қатар басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ
тұлғалар да болады.
Азаматтық құқық субъектісі болатын жеке адамға, индивидумға
қатысты”жеке тұлға” түсінігі оны заңды тұлғалардан айқын ажыратуға
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ескере кететін бір нәрсе, ол Азаматтық заңдар негізі мен
республикалар азаматтық кодекстерінде “азамат” түсінігі қолданылады.
2. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
Құқық қабілеттіліктің жалпы түсінігі заңда көрсетіледі, яғни ол ҚР
азаматтық кодексінің 13-бабында көрсетілген. Құқық қабілеттілігі дегеніміз
– азаматтың құқықтар мен міндеттерді иемдену қабілеті болып табылады.
Осыған сәйкес құқық қабілеттілік – осы құқықтар мен міндеттердің субъектісі
болу қабілетін білдіреді және заңмен қарастырылған кез-келген құқық немесе
міндетке ие болуы мүмкіндігі мағынасында болады.
Бұл категорияның маңызы сол тек құқық қабілеттілік болған жағдайда
ғана басқа нақты субъективті құқықтар мен міндеттер болады. Құқық
қабілеттілік құқықтар мен міндеттердің пайда болуы және сол арқылы олардың
жүзеге асуына қажетті жалпы алғы шарт болып табылады.
Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әртүрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы өзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді, құқық қабілеттілік
мазмұнының жиынтығын құрайды.[7]
Құқық қабілеттілік мемлекеттің барлық адамзаттарына танылады. Ол
туылу сәтінен бастап пайда болып, қайтыс болу жағдайында тоқтатылады.
Сәйкесінше құқық қабілеттілік адамнан ажыратылмайды, ол өзінің бүкіл өмірі
бойы жас шамасы мен денсаулығына қарамастан құқық қабілеттілікке ие болады.
Бірақ бұл жерде құқық қабілеттілік көру, есту сияқты адамға тән табиғи
қасиет деген нәтиже шығаруға болмайды. Құқық қабілеттілік туылу сәтінен
пайда болғанымен, табиғи жолмен пайда болмайды. Ол заң күші бойынша пайда
болады, яғни қоғамдық-заңды қасиет, белгілі бір заңды мүмкіндік деген
мағынаны білдіреді. Бізге тарих бойынша белгілі бір кездерде көптеген
адамдар топтары сол кездегі заңдар бойынша құқық қабілеттіліктен толық
немесе толық дерлік айрылған. Мысалы: құл иеленушілік құрылыстағы құлдар.
Заң әдебиеттерінде құқық қабілеттілік азаматқа тән белгілі бір қасиет
ретінде қарастырылады. Заңда көрсетілгендей, бұл қасиет құқықтар мен
міндеттерге ие болу қабілеті ретінде болады. Ал қабілет дегеніміз заңды
мүмкіндік деген мағынада яғни тұлға құқықтар мен міндеттерге ие бола алады.
Бұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып және қамтамасыз етілгендіктен ол әрбір
нақты тұлғаның белгілі бір субъективті құқығы мағынасын береді. “Құқық
қабілеттілік – бұл құқықтар мен міндеттердің субъектісі болу құқығы” деп
жазған Братусь С.Н.
Осы құқыққа сәйкесінше мін деттемелер де бар. Белгілі бір адамдармен
қатынаста болғандардың барлығы, оның құқық қабілетіне нұқсан келтірмеуі
тиіс. Азаматтық кодекстің 14-бабына сәйкес құқық қабілеттілік құқықтық
қорғауға жатады. Ал бұл өз кезегінде барлық субъективті құқықтарға тән
қасиет.
Айта кететін маңызды мәселенің бірі құқық қабілеттілік нормалары
заңдарда басқа да субъективті құқықтармен ажырамас байланыста болады,
себебі, азаматтық құқық қабілеттілік болмаса ешқандай азаматтық субъективті
құқықтардың болуы мүмкін емес.
Егер құқық қабілеттілік субъективтік құқық ретінде болса, енді оның
басқа субъективті құқықтардан ерекшеліктері мен айырмашылықтарын көрсету
керек.
Басқа субъективті құқықтардан айырмашылығы ең бірінші өзіне тән, жеке
мазмұнда. Ол мазмұн заңда қарастырылған азаматтық құқықтар мен міндеттерге
ие болу қабілеті болып табылады.
Екінші айырмашылығы оның бағытталуында. Ол әрбір азаматқа нақты
азаматтық құқықтар мен міндеттерді иемденуге заңды мүмкіндікпен қамтамасыз
етуге бағытталған. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ол қажеттіліктерін
қанағаттандырады және мүддесін жүзеге асырады.
Үшінші айырмашылығы құқық қабйлеттілік пен оған иелік етуші тұлға
арасындағы тығыз байланыста. Өйткені заң бойынша құқық қабілеттілікті жоққа
шығаруға немесе біреуге беруге рұхсат бермейді. Сонымен Азаматтық құқық
қабілеттілік – ол әрбір азамат ие болатын және оның ажырамас құқығы. Ал
оның мазмұны заңмен рұхсат етілген кез-келген құқықтар мен міндеттерге ие
болу мүмкіндігінде болады.
Құқық қабілеттілікті субъективтік құқық ретінде оны жүзеге асырудан
кейін пайда болған нақты субъективтік құқықтармен алмастыруға болмайды.
Құқық қабілетті болу әлі де болса заңмен қарастыпрылған және рұхсат
етілген, фактілі, нақты құқықтар мен міндеттерге ие болу деген сөз емес.
Әдебиеттерде белгіленгендей құқық қабілеттілік – бұл құқық иемденудің
негізі, оның алғышарты.[8]
Заң әрбір азаматқа көптеген мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтарға ие болу мүмкіндігін белгілеген, бірақ нақты бір азамат осы
құқықтардың барлығын иемдене алмайды, ол тек осы құқықтардың жеке
бөліктеріне ғана ие болады.
Мысалы: Әрбір адам ойлап табуға авторлық құқыққа ие бола алады, бірақ
өмірде ол құқық көптеген адамдарда жоқ. Нақты субъективті құқықтарға иелік
ету мен оларды пайдалану ол құқық қабілеттілікті жүзеге асыру деген сөз.
Азаматтардың құқық қабілеттігінің мазмұнын заң бойынша азамат ие бола
алатын мүліктік және жеке мүлікті емес құқықтар мен міндеттер құрайды.
Басқаша айтқанда, азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнын құқықтардың өзі
емес, ол құқықтарға ие болу мүмкіндігі болып табылады.
ҚР азаматтары ие бола алатын мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтардың негізгі мазмұны ҚР Азаматтық кодексінің 14-бабында көрсетілген.
Олар: азамат ҚР шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті , соның ішінде
шет ел валютасын меншіктенуге; мұра алып, мұраға қалдыруға; республика
аймағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жер тайдауға, республикадан
тыс жерлерге еркін шығып кетуге және қайтып оралуға; заңмен тыйым
салынбаған кез-келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе басқа
азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлға құру; заң тыйым
салған кез-келген мәміле жасап, міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға,
ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де
туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және
моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да
мүліктік және жеке құқықтары болады.
Байқағанымыздай, заң азаматтардың құқық қабілетінің мазмұнын
анықтағанда міндеттер туралы сөз етпейді, онда тек құқықтар жөнінде
айтылады. Ал сонымен қатар азаматтық кодекстің 13- бабында азаматтардың
міндеттерді атқару қабілеттері де көрсетілген. Берілген жағдайда заң
шығармашылық құқық қабілеттілік мазмұнындағы басты нәрсе - құқықтарға назар
аударады. Бірақ бұл құқық қабілеттілік мазмұнына жоғарыда көрсетілген
нормада айтылғандай міндеттерді атқару да кіреді. Мысалы: міндеттерді
орындау, келтірілген зиянды өтеу.
Азаматтардың құқық қабілеттілігіне кіретін бірқатар міндеттер заңда
тікелей көрсетілген. Мысалы, азаматтық кодекстің 8-бабы 3-тармағына сәйкес
азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқақ субъектілерінің құқықтарын
және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, айналадағы ортаға зиян
келтірмеуге тиіс.
Азаматтық кодекстің 8-бап 4-тармағы бойынша азаматтар өздеріне
берілген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет
жасау керек деп көрсетілген. Бұл міндетті келісім шарт арқылы жоққа
шығаруға немесе шектеуге болмайды.
Азаматтардың басқа жаққа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде
қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей
етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді.[9]
ҚР азаматтарының республика территориясынан еркін шығу құқығының
жүзеге асуы сәйкесінше сол мемлекеттің заң нормалары және халықаралық жеке
меншік құқықты есепке ала отырып, соларға сәйкес жүзеге асырылады.
Сонымен қатар құқық қабілеттілік мазмұны бойынша шексіз деп айту қате
болады. Басқа да кез-келген субъективті ұқықтар сияқты оның да кейбір
шектері бар. “Кез-келген субъективті құқық, құқылы тұлғаның жасауы мүмкін
әрекеттің түрткісі бола отырып өзінің мазмұны мен оның жүзеге асу түрлері
бойынша белгілі бір шектері болады”. Бұл шектеулер мен жағдайларды
көрінісін тапқан яғни, азамат заң актілерімен тыйым салынбаған барлық, кез-
келген іс әрекетпен айналыса алады және кейбір құқықтарға иелік етуге
тікелей тыйым салынады. әрбір азамат азаматтық құықтық қабілетке толық
көлемде ие болады. Тек ерекше жағдайларда ғана заң актілерімен тікелей
қарастырылған жеке бір шектеулер болуы мүмкін.
Құқық қабілеттілікті шектеу мүмкіндігі тек заң актілері арқылы және
ерекше жағдайларда болатындығы ҚР конституциялық 39-бап 1-тармағынан келіп
шығады.
Азаматтық құқық қабілетке сипаттама беру үшін заңмен бекітілген
азаматтардың тең құқылы екендігі үлкен мәнге ие болады.
Конситуциялық нормалармен қарастырылған азаматтардың тең құқықтығы
азаматтардың құқық қабілеттігінің теңдігі деген мағынаны береді.
Бұл жағдай азаматтық кодекстен де келіп шығады. Азаматтық кодекстің
13-бабында азаматтық құқық қабілеттілік барлық азаматтарға бірдей танылады
деп көрсетілген. Осыған сәйкес заң бойынша барлық азаматтар мазмұны бойынша
тең құқық қабілеттілікке ие болады және құқықтарды иелену қабілетінде ешкім
артықшылық пен жеңілдік иемдене алмайды.
ҚР азаматтары шығу тегіне, қоғамдық және мүліктік жағдайына, жынысы,
білімі, тілі, дінге көзқарасы, саяси және басқа сенімі, айналысатын
қызметінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жеріне және басқа жағдайларға
қарамастан толық тең құқылы деп танылады.[10]
Сонымен қатар құқық қабілеттіліктің теңдігін сипаттайтын
элементтердің барлығын толық жүзеге асады деп айтуға болмайды. Мысалы үшін
тұрғын үй құқықтарын иемдену қабілеттілігіне белгілі бір жерде тұрғылықты
тұру жері уақыты үлкен әсер тигізеді. Себебі бір қатар нормативтік
актілермен қарастырылғандай, тұрғын жай алу үшін есепке тұру, тек осы
берілген жерде белгілі бір уақыт тұрғандығы сияқты шарттың болған
жағдайында ғана мүмкін болады.
Кейбір азаматтардың (кәмелетке толмағандар, психикалық аурулар) нақты
немесе тікелей заңның көрсетуімен жеке құқықтар мен міндеттерге ие бола
алмауын құқық қабілеті теңдігі принципінен ауытқу деп көрсетуге болмайды.
Мысалы, мұраға қалдыру құқығы немесе кооператив мүшесі мазмұнының
элементтеріне ие бола алмайды.
Ол бойынша адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтары
конституциялық құрылыста қорғау, қоғамдық тәртіп, адамдық құқықтары мен
имандылығын сақтау мақсатында қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі
мүмкін.
Азаматтық құқық қабілеттілігі оның өмір сүруінен бөлінбейді және оның
өзіне тән жеке қасиеттеріне тәуелсіз болады. Сондықтан құқық
қабілеттіліктен айыруға заңмен тыйым салынған. Құқық қабілеттілігінің тек
кейбір көріністері ғана және белгілі бір мерзімге шектелуі мүмкін. Мысалы
үшін қабылданған заң бойынша қылмысты жасағаны үшін, құқық қабілеттілігінің
белгілі бір көріністері шектеледі. Бұл шектеулер жазалу шарасы ретінде
белгіленеді. Құқықтық қабілеттілікті шектеу сәйкесінше әртүрлі
қабілеттілікті де шектеу дегенді білдіреді.
Мысалы, өндірістік кооперативтің мүшесі болып тек 16 жасқа толған
кезде және кооператив қызметіне жеке өзі еңбегімен қатыса алатын тұлға бола
алады.
Азаматтық құқық қабілеттілігі адамдардың өмір сүруінен бөлек
ажыратылмайды. Адам туылған сәтінен өлгенге дейін құқық субъектісі болып
табылады.Азаматтың өлімі деп тек қана нақты өлім жағдайында ғана емес,
сонымен қатар заңмен белгіленген ретте азаматты өлді деп жариялау да
саналады.[11]
Азаматтық құқық қабілеттілігі оның өлімі жағдайында тоқтатылады. Адам
тірі кезінде денсаулық жағдайына қарамастан құқықтық қабілет болады. Өлім
жағдайы құқық қабілеттіліктің тоқталуы, азаматтық құқықтық субъект ретінде
толық жойылуы болып табылады.
Неке және жанұя туралы кодексте 143-бабына сәйкес азаматтың туылуы
немесе өлімі мемлекеттік азаматтық хал актілерін жазу мекемелерінде
тіркелуі тиіс. Бұл реттеу азаматтық мүддесін, олардың жеке және мүліктік
құқықтарын, сондай-ақ мемлекеттік мүліктерді қорғау мақсатында жүргізіледі
және дәлелдемелік маңызға ие болады.
Құқық қабілеттілік азаматқа заң арқылы беріледі. Осы ретте, заңға
сәйкес, азамат құқықтық қабілеттен бас тартуға немесе оны шектеуге құқығы
жоқ. Осыған сәйкес құқықтық қабілетке бөтенге беруге болмайтындық қасиеті
тән.
ҚР АК 3-б, 13-б, 2-т АК 18-бабына сәйкес құқық қабілеттілікті
шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз болады. Азамат заңға сәйкес
субъективтік құқықтарын (өзінің мүлкін сату, сайлау және т.б.) жүзеге асыра
алады. Бірақ заңмен реттелген кейбір жағдайларда құқықтық қабілеттілік
шектелуі мүмкін. Заңға сәйкес құқық қабілеттілікті шектеу мына жағдайларда
болуы мүмкін. Яғни жасалған қылмысқа жаза ретінде, ол кезде азамат сот
шешімі бойынша толық құқық қабілеттіктен айрылу емес тек жеке бір
құқықтарды иеленуі құқықтарынан айрылуы мүмкін, мысалы белгілі бір
лауазымға ие болу белгілі бір қызметпен айналысу.
Азаматтық әрекет қабілеттілік заңда азаматтың өз әрекетімен азаматтық
құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға өзі үшін міндеттер жасап
оларды орындауға қабілеттілігі деп көрсетілген.[12]
Әрекет қабілеттілікке ие болу әртүрлі заңды әрекеттер жасауға жеке
өзінің қабілетті болуы. Мысалы, шарттар жасасу, сенімхат беру, келтірілген
зиян үшін және шарттық міндеттемелерді орындамағаны үшін жауап беру т.б.
әрекеттер.
Әрекет қабілеттілік құқық қабілеттілік сияқты құқық субъектілерінің
құрамдас бөлігі болып табылады. Әр қабілеттілік азаматта жергілікті
дәрежедегі интеллект пен ерік өз әрекеттеріне есеп беру және оларға жауап
бере алу қасиеттерінің болуын талап етеді.
Сондықтан әрекет қабілеттілік азаматта кәмелетке толғанда яғни 18 жасқа
толғанда пайда болады.
Азамат әрекет қабілеттігіне өз әрекеттерімен азаматтық құқықтағы
иеленуге және жүзеге асыруға сонымен қатар міндеттер жасап оларды орындау
қабілеті кіреді. Былайша айтқанда әрекет қабілеттілік түсінігінің мәні
мәмілелер және басқа да заңға сәйкес әрекеттер жасау қабілеті. Сонымен
қатар азаматтық құқық бұзушылық үшін жауап беру қабілеттігі болып табылады.
Бұл жерде әркет қабілеттілік іс-әрекет жасаудың заң құқықтық қабілетін
көрсетеді.
Азаматтық әрекет қабілеттік категориясының маңыздылығы экономикалық
айналымда шаруашылық өмірде өз мүліктік құқықтарын бірінші кезекте меншік
құқығын жүзеге асыруда, сонымен қатар жеке мүліктік емес құқықтарын жүзеге
асыруға тұлғалардың белсенді қатысуын заңды түрде қажет етеді. Осыған
сәйкес әрекет қабілеттілік мүліктік және мүліктік емес қатынастарда
тұлғаның тәуелсіздігі бостандықтың көрінісі бола отырып үлкен маңызға ие
болады.
Азаматтардың субъективтік құқығы ретіндегі әрекет қабілеттілік
мазмұны мынадай мүмкіндіктерді қамтиды. Яғни азаматтардың өз әркеттерімен
азаматтық құқықтарды иеленуі мен өзіне міндеттер жасауы және азаматтық
құқық бұзушылықтар үшін жауап беру қабілеті. Осыған қоса берілген субъектив
құқықты құқық бұзушылықтан қорғау мүмкіндігінде көрсетуге болады.
Бірақ мұндай мүмкіндік барлық субъективтік құқықтарға тән, сондықтан
әрекет қабілеттілігінің мазмұнын субъективтік құқық ретінде ерекшелей
алмайды. Азаматтардың әрекет мазмұны олардың құқық қабілеттілігімен тығыз
байланысты. Егер құқық қабілеттігінің мазмұны жеке тұлға ие бола алатын
құқықтар мен міндеттерден тұратын болса, онда әрекет қабілеттілігінің
мазмұны тұлғаның өз әрекеттерімен осы құқықтар мен міндеттерді жүзеге
асыруымен сипатталады.
Сондықтан, мынадай қорытынды шығаруға болады, әрекет қабілеттілік
дегеніміз азаматқа заңмен берілген өз құқық қабілеттілігін өзінің іс-
әрекеті арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады.
Әрекет қабілеті де құқық қабілеттілік сияқты адамға тән табиғи қасиет
деп қарастыруға болмайды. Бұлардың екеуі заңмен белгіленген және заң
категориясы болып табылады. Сондықтан әрекет қабілеттілікті азаматтың еркі
бойынша беруге және шектеуге заң тыйым салады.
Ал әрекет қабілеттілікті еріксіз түрде шектеу туралы айтатын болсақ,
Азаматтық заңдар негізінің 9-бабының 4-тармағы және азаматтық кодекстің 18-
бабына сәйкес заңда реттелген тәртіптер мен реттерде болмаса, ешкімнің
әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды. Мысалы үшін азаматтардың әрекет
қабілеттілігін шектеуді қарастырған азаматтық кодекстің 27-бабында
көрсетілгендей спирттік ішімдік пен есірткілік заттарды пайдалану азаматтық
әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін.
Азаматтардың барлығына бірдей танылатын құқық қабілеттілікке
қарағанда, әрекет қабілеттілік барлығына бірдей бола алмайды. Құқықтарды
иемденіп және оларды өз әрекеттерімен жүзеге асыру, міндеттер жасау және
оларды орындау, өзіне міндеттемеледі орындау міндетін алу үшін құқық
нормасының мәнін түсініп, өз әрекеттерінің нәтижесіне есеп беру керек,
дұрыс ойлау, өмірлік тәжірибе керек. Ал бұл қасиеттердің азаматтардың
жасына және олардың психикалық денсаулығына байланысты үлкен айырмашылығы
болады.
Осы жағдайларды есепке ала отырып заң бойынша әрекет қабілеттілік
бірнеше түрге бөлінеді:
1. толық әрекет қабілеттігі.
2. 14 жас пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігі.
3. 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі.
Сонымен қатар, заңды негіздер бойынша азаматтардың әрекет
қабілеттілігі жоқ деп тану немесе шектеу қарастырылған.
1. толық әрекет қабілеттілік дегеніміз азаматтардың өз әрекеттерімен
кез-келегн заңмен тыйым салынбаған мүліктік және жеке мүліктік емес
құқықтарды иемдену және жүзеге асыру, өзіне міндеттер алу және оларды
орындау, яғни өзінің құқық қабілеттілігін толық көлемде жүзеге асыру
қабілеттілігі болып табылады.
Бұндай әрекет қабілеттілігі заңмен белгіленген жас шамасына толған
жағдайда пайда болады.
Азаматтық заң негіздерінің 9-бабының 3-тармағы және Азаматтық
кодекстің 17-бабына сәйкес азаматтық әрекет қабілеттілік толық көлемде
кәмелет жасына толғаннан кейін, яғни 18 жасқа толғаннан кейін пайда болады.
Заң бойынша ережеден тек бір жерде ғана әрекет қабілеттілік беріледі. Ол
ерекшелік: Егер 18 жасқа толмай некеге тұрған болса, онда ол осы некеге
тұрған кезінен бастап толық әрекет қабілетті деп есептеледі.
Бұл норма 18 жасқа толмай некеге тұрған тұлғалардың ата-аналық
құқықтары мен басқа да құқықтарын қорғауға әсерінтигізеді және жұбайлардың
тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұндай әрекет қабілеттілікке 14 жас пен 18 жас аралығы кәмелетке
толмағандар мен 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар ие болады. Толық
емес әрекет қабілеттілігі азаматтарға өз әрекеттерімен кез келген емес, тек
заңмен тікелей қарастырылған кейбір құқықтар мен міндеттемелерді иемденуге
және жүзеге асыру құқығының танылуымен сипатталады. Кәмелетке
толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі олардың жас шамасына
байланысты болады.
14 жас пен 18 жас аралығында кәмелетке толмағандардың толық емес
әрекет қабілеттілігі.
14 жас пен 18 жас аралығында кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігі жеткілікті дәрежеде кең. Олар заңмен қарастырылған реттерде
жеке өздері (ата-анасының, асырап алушылардың, қамқоршының) келісімімен
азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді иемдене алады.
14 жас пен 18 жас аралығында кәмелетке толмағандар ата-анасының
(асырап алушылардың, қамқоршылардың) келісімі арқылы әртүрлі мәмілелер
жасай алады. Мысалы: мүлікті сату немесе сатып алу, сыйлық сыйлау немесе
сыйлық алу т.б.[13]
Осындай мәмілелер жасау кезінде кәмелетке толмағандар жасөспірімдер өз
еркін білдіреді.
Заң кәмелетке толмағандардың ата-анасының келісімі арқылы мәміле жасай
алуын бекіте отырып, олардың екеуінің де келісімі керек деп көрсетілген,
яғни ата-аналардың балаға тең құқылы принципіне сәйкес олардың біреуінің
келісімі де жеткілікті болады. Асырап алушыларға да осылай болады.
14 жас пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар (ата-анасының,
асырап алушының, қамқоршының) келісімінсіз өзінің табысы немесе
стипендиясына билік етуге құқылы.
Бұл көрсетілген құқық 14 жас пен 18 жас аралығындағы кәмелетке
толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігінің көлеміне кіретін үлкен
мәні бар құқық. Себебі еңбек заңдары бойынша кәмелетке толмағандар белгілі
бір жағдайда еңбекке қатысуға құқалы болғандықтан, олар еңбегі үшін алған
ақысына билік ету мүмкіндігіне ие болуға тиісті. Бұлар стипендияға да
қатысты болады.
Заң бойынша кәмелетке толмаған тұлға оның жинақталған еңбек ақымына,
егер ол ақша немесе бағалы қағаз түрінде жинақталса, сомансына қарамастан
билік етуге құқылы. Еңбек ақыға алынған мүліктер, бұдан былай еңбек ақы
болмайды, яғни оларға (ата-анасының, асырап алушының, қамқоршының)
келісімінсіз билік етуге кәмелетке толмағандардың құқығы болмайды.
14 жас пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар жеке өздері
авторлық және интеллектуалдық құқықтарын, өзі шығарған шығармаларды
пайдалану мақсатында авторлық келісім-шарттар жасауға, ойлап табуға
байланысты патент беруді талап етуге т.б. құқылы. Осыдан алынған табыстарын
кәмелетке толмаған тұлға өзі пайдаланады. 14 жас пен 18 жас аралығындағы
кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі олардың жеке
өздерінің тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасау құқығында көрініс береді.
Ал өз еңбек ақысын (стипендиясын) ол өзі кәмелетке толмаған тұлғаның
жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мәмілелер, яғни азық
түлік, оқулық, дәптер және т.б. сипаттамасы бойынша олар кәмелетке толмаған
тұлғаның жас мөлшеріне сәйкес келуі тиіс.
Бұл мәмілелерді “ұсақ” деп көрсете отырып, заң кәмелетке толмаған
тұлғаның алатын мүлкі және т.б. шығындарының өз мөлшерінде болатынын
көрсетеді.
Кәмелетке толмаған тұлғалар жеке өздері кредиттік мекемелерге салық
сала алады және сол салымдарға билік ете алады. Кәмелетке толмаған тұлғаның
бұл құқығы ҚР Азаматтық кодексінің 25-бабының 1-тармағында көрсетілгендей
заңмен арнайы белгіленген.
Банктерге салым салу 2 түрде болады.
а) кәмелетке толмаған тұлғалардың өз атынан салуы;
б) кәмелетке толмаған тұлғалардың атынан басқа біреудің салуы;
Кәмелетке толмаған тұлғалардың жас шамасына қарамастан банктерге
салым салу және оларға билік ету құқына ие болады. яғни, өзінің өкілдері
немесе т.б. тұлғалармен мекеменің келісімінің қажеті болмайды, осы жерде
кәмелетке толмаған тұлғалардың атына басқа біреудің салым салуы туралы айта
кету қажет. Бұл жағдайда салымға билік ету кәмелетке толмаған тұлға 14
жасқа толғандарына байланысты. Егер кәмелетке толмаған тұлғаның атына
салымды жеке өзі емес, басқа біреу салған болса, онда бұл салымға 14 жасқа
толған кәмелетке толмаған тұлғалардың жеке өзі билік ете алады. Ал егер
кәмелетке толмаған тұлға 14 жасқа толмаған болса, онда салымға тыйым
салғанына қарамастан ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері билік етеді.
14 жас пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмаған тұлғалар әрекет
қабілеттілігінің көлемін сипаттау үшін бастап заңға және сол мекемелердің
жарғысына сәйкес олардың 16+ жастан бастап кооперативтік және қоғамдық
мекеме құрылымына мүшесі болу құқығын көрсету қажет. Кәмелетке толмаған
тұлға кооператив немесе қоғамдық мекемеге кірген соң осы мекеменің
мүшесінің барлық салық құқытары мен міндетіне ие болады және оларды жеке
өзі жүзеге асыра алады.
14 жас пен 18 жас арасында кәмелетке толмаған тұлғалар кез-келген
мүліктік шығындарға да жауап береді. Бірақ егер кәмелетке толмаған тұлғаның
шығынның орнын толтыруға жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаса, онда
шығынның орнын, егер олар өз кінәларының жоқ екенін дәлелдей алмаса (ата-
анасы, асырап алушысы, қамқошысы) толтыруға тиіс.
Әдебиеттерде 14 жасқа дейінгі балалардың толық әрекет қабілеті жоқ
деген көзқарас болған. Бұндай көзқарас бұл жастағы балалардың өте кішкене
мәміле жасау қабілеті құқық бұзушылыққа жауап беру қабілеті жоқ деп
көрсететін заңмен белгілі бір көлемде расталады.
Азаматтық кодекстің 23-бабы 1-тарауына сәйкес 14 жасқа дейінгі
кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, егер заң құжаттарында өзгеше
көзделмесе олардың атынан ата-анасы, асырап алушылары немесе қорғаншылары
жасайды деп көрсетілген.
Сонымен қатар заңда көрсетілгендей 14 жасқа дейін кәмелетке толмаған
жас өспірім келтірген шығынның орнын оның ата-анасы немесе қорғаншылары
толтырады делінген. Бірақ 14 жасқа дейін кәмелетке толмағандардың әрекет
қабілеттілігі жоқ деген көзқараспен келісуге болмайды. Себебі заң бойынша
олардың маңызды болмаса да белгілі бір әрекет қабілеттігі бар екендігі
көрсетілген. Сонымен қатар 14 жасқа дейін кәмелетке жетпеген
жасөспірімдердің әрекет қабілеттілігі деп аталатын Азаматтық кодекстің 23-
бабы бұл ойды айқындайды. 14 жасқа дейінгі балалардың әрекет қабілеттігі
мына реттерде көрініс табады. Біріншіден олардың жеке өздерінің өз басына
еркін ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға құқылы екендігінде. Әрине, ол
мәмілелер тек баланың өз қажеттілігін білдірген жағдайында ғана болады.
Екіншіден 14 жасқа дейінгі балаларға кредиттік мекемелерге жеке
өздері салым салу және оларға билік ету құқығы бекітілген.
Бірақ баланың атына салымды басқа біреуі немесе ол мұрагерлік жолымен
қалса, онда салымға билік етуде кәмелетке толмаған тұлғаның жеке өзі емес
оның ата-аналары немесе басқада өкілдері жүргізеді.
Үшіншіден еңбек заңы бойынша 14 жасқа толған жалпы білім беру
мектептері, кәсіби техникалық училищелер, орта арнайы оқу орындарының
оқушыларының оқудан тыс уақытында бұл жұмыстарды орындау олардың
денсаулығына зиян келтірмеуі, оқу процесінің бұзылмауы және ата-анасының
немесе олардың орнындағы тұлғаның біреуінің келісімі болуын қажет етеді.
Бұл кәмелетке толмаған тұлғалар еңбек ақларын алап оған өздері билік ете
алады.
Азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу тек заңмен қарастырылған
реттерде ғана мүмкін болады. Бұл дегеніміз азамат өз әрекеттерімен заңға
сәйкес иемдене алатын және жүзеге асыра алатын құқықтар мен міндеттерді
жүзеге асыру қабілетінен айрылады. Яғни тұлғада болған әрекет
қабілеттігінің көлемі кішірейеді.[14]
Толық әрекет қабілеттілігі бар тұлғаның да толық емес әрекет
қабілеттілігі бар тұлғаның да әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін.
Кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігінің шектелуі
қорғаншылық және қамқоршылық мекемелерінің шешімі бойынша ғана жүргізіледі.
Ол мекеме бұл шешімді не жеке өзі не қоғамдық мекемелерден басқа да мүдделі
тұлғалардан (ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы және жақын туыстарының)
сұрауы бойынша қабылдайды. Көрсетілген мекемелер мен түлғалардың
мүдделілігі тек қана кәмелетке толмаған тұлғалардың өз ақшаларына дұрыс
билік жасай алмауы белгілі біреудің мүліктік мүддесіне қатысты болуында
ғана емес сонымен қатар ең бастысы кәмелетке толмаған тұлғалардың теріс
әрекеттері оның дамуы мен тәрбиесіне қоршаған ортаны тануының қалыптасуына
зиянын тигізеді. Яғни, қоғамдық мүддеге қарсы болады. ҚР Азаматтық
кодексінің 23-бабының 3-тармағында көрсетілгендей кәмелетке толмағандардың
өз табысы не стипендиясына билік ету құқығы оған жеткілікті дәрежеде
негіздер болған жағдайда шектелуі немесе құқығынан айырылуы мүмкін. Бұндай
негіздерге заңға және моралдық нормаларға қарама-қайшы мақсаттарға
(спирттік ішімдік, есірткі заттар сатып алу, құмар ойындары және т.б.)
ақшаны жұмсау немесе ақщаны бей берекет жұмсау жатады.
Қорғаншылық және қамқоршылық мекемесі кәмелетке толмаған тұлғаның
табысы немесе стипендиясына билік ету құқығынан мүлдем айыруы немесе
шектеуі мүмкін. Бұндай белгілі бір шешімді қабылдау кәмелетке толмаған
тұлғаның табысы мен стипендиясына билік ету негізіндегі қателіктерінің
ауырлығы және оның жаман әдеттері қаншалықты қалыптасқандығына байланысты.
Осындай шешімнің негізінде табыс толық немес бөлшектеу арқылы кәмелетке
толмаған тұлғаның өзіне емес, қорғаншылық және қамқоршылық мекемелерінің
шешімінде көрсетілген тұлғалар яғни, ата-анасы, асырап алушысы немесе
қорғаншысына беріледі. Егер қорғаншылық және қамқоршылық мекемелері
шешімінде белгілі бір мерзім көрсетілсе онда сол мерзім өткеннен кейін
кәмелетке толған тұлғалардың толық емес әрекет қабілеттілігі бұрынғы көлемі
қайта қалпына келтіріледі. Ал егер мерзім көрсетілмесе онда шешімнің күші
кәмелетке толмаған тұлға 18 жасқа толғанға дейін қорғаншылық немесе
қамқоршылық мекемелерінің жеке өзі пікірі бойынша не қоғамдық мекемелер мен
мүдделі тұлғалардың сұрауы бойынша шешімнің күші жойылғанға дейін болады.
Бұндай әрекет қабілеттілікті соттық тәртіптен тыс шектеу жалпы
принциптерден алынған. Бірақ оның кемшіліктеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz