Балалар әдебиетінің дамуы


Жеке тұлғаның қалыптасуындағы балалар әдебиетінің орны
Мазмұны
І. Кіріспе
Балалар әдебиетінің дамуы
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Ұрпақ тәрбиесіндегі мақал-мәтел әсері
а) Ерлік білекте емес, жүректе
ә) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
2. 2. Баланың сөздік қорын оңайтудағы жаңылтпаш пен жұмбақтардың алатын орны
а) жаңылтпаштар
ә) жұмбақтар
ІІІ. Аңыз, әңгімелер баланың арман, қиялына жол ашады.
Практикалық бөлім .
Ертегіге сабақ жоспар жазу
Сыныптан тыс жұмыс «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»-тәрбие сағаты
Қорытынды
Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз жанды процесс
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі . Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен белгілі бір кезеңге тән балалар тақырыбына жазылған шығармалардағы кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін салыстыра отырып, оны антропоцентристік аспектіде, жас ерекшелік психологиясына сай бала танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы кезге дейін қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада арнайы қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты таным - мәдениет - тіл үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы кейіпкерлердің танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысында ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі қазақ тіл білімі өзінің дамуында жаңа бағытты басынан өткеріп отыр. Тілді психолингвистикалық, когнитивтік тұрғыдан қарастыру арқылы тілші ғалымдар тілдік бірліктердің антропоцентристік сипатын ашуға мүмкіндік алды. Бұл орайда ономаст ғалым Б. Тілеубердиев «Когнитивтік лингвистика жалқы есімдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады, бұл дегеніміз бұған дейінгі этнолингвистикалық, дәстүрлі, жүйелі-құрылымдық, , әлеуметтік лингвистикалық парадигмаларды жоққа шығармайды, қайта керісінше ономастикалық процестерді жаңа тұрғыдан көрсету мен ұғынуға ұмтылыс жасайды». Осыған орай, біздің мақсатымыз қазақ балалар әдебиетінің ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдерді тану, ондағы бала санасы арқылы дүниені тану мен қабылдаудың мәнін ашу болып табылады.
Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.
Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі - ертегілер. Себебі ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т. б. бейнеленген. Оның үстіне ертегілер тілі жеңіл бала түсінігіне ауыр келмейді. Сондықтан ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т. б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметі бар. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге т. б. уағыздайды. Оның үстіне ертегілер жоғарыда аталғандармен қатар баланың сөздік қорын да молайтады. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы себебі жаңағы айтылғандар - жақсы үлгілердің алғышарты. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне ауыз ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи есебінде қолданылады. М. Горькийдің «Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді», - деуі осыдан.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.
Мақалды тудырушы - еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан, идеологиялық құрал еткен. Мәселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», «Алтын басты әйелден, бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған. Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс - тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл - өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары - мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.
Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда, жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл колективтің еңбек - кәсіп ету, тұрмыс - тіршілік құру тәжербиесінен туған. Алғашқы кезде адам баласына дүниедегі заттардың, жаратылыс құбылыстарының барлығы, олардың сыры, неден жасалатындығы мәлім болмаған, жұмбақ болған. Бірақ адам баласы сол жұмбақты шешуге тырысқан, білу жолын қарастырған, айнала қоршаған жаратылыс дүниесін, оның құбылыстарын, еңбек-кәсіп құралдарын, әр түрлі хайуанаттар жайын бір-біріне салыстыру арқылы тануды көздеген. Ол үшін өздеріңе таныс бір заттың екінші бір бейтаныс затқа салыстыра отырып немесе сол заттардың бір-біріне ұқсас белгілеріне қарап, олардың қандай зат екендігін, неден шыққандығын анықтаған. Жұмбақтардың алғашқы үлгілері осылай шыққан.
Жаңылпаштар баланы сөз мағынасын бұрмаламай, абайлап, анық сөйлеуге үйретеді. Айналадағы көріністермен, құбылыстармен таныстыратын кызықты жанр.
Баланың тілін ширатуда ойын өлеңдерінің берері мол. Ауыз әдебиетіндегі "Қуыр-қуыр, куырмаш", "Ұшты-ұшты" 1 , "Кім керек?" т. б. ойын өлендері баланың танымын кеңейтіп, байқампаздылыққа, зеректікке тәрбиелеп, тілін ширатады.
"Қуыр-қуыр, куырмаш" өлеңі балаға саусақтарынын атын (бас бармақ, сұқ саусақ, ортан қол, аты жоқ қол шынашақ), теңеу аттарын (бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек) үйретеді.
Сол сияқты жан-жануарлар, аң-құстар табиғат кұбылыстары жайындағы "Бір қазан сүт", "Қарға, қарға, қарғалар", "Сауысқан", "Бақа", "Түйе, түйе, түйелер" және т. б. өлең-тақпақтар да баланың танымын кеңейтіп, тілдерін ширатады. Мысалы: "Бір қазан сүт" өлеңі арқылы іс-әрекеті кезеңіндегі қалпын, өзіне тән дыбыстауын біледі, ол дыбыстарды бейнелейтін сөздерлі үйренеді. Осыған еліктеп басқа да құстардың, аңдардың дыбыстауына мән бере бастайды.
Тақырыптың мақсаты-жеке тұлға қалыптастырудағы халық ауыз әдебиетінің (тұрмыс-салт жырларының, ертегілердің, мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың) ролі мен орнын көрсету.
Тақырыптың міндеттері:
-Жеке тұлға қалыптастырудағы мақал-мәтелдердің ролін;
- Жеке тұлға қалыптастырудағы жаңылтпаштардың ролін;
- Жеке тұлға қалыптастырудағы жұмбақтардың ролін;
-Жеке тұлға қалыптастырудағы тұрмыс-салт жырларының ролін анықтау.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Ұрпақ тәрбиесіндегі мақал-мәтел әсері
а) Ерлік білекте емес, жүректе
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сапа қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың коллективтік творчествосы - фольклор шығармаларынан танып біледі.
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, с. оның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.
Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В. Е. Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поәзиясының табиғаты өзара жақьш. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы қоғам дамуының белгілі бір сатысында, жазба мәдениеті шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор - синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А. Н. Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатынша «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поәзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы - тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының қарапайым аноним айтушылары, ертекші, ақын, жырау, айтыс поәзиясының дарынды иелері - импровизаторлар дейміз.
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поәзиясының қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді әпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты үсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мүраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.
Ғылымда халық поәзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы Н. Ф. Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk - халық, Іоге - білім, даналық) ағылшын ғалымы У. Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.
Халық поәзиясы төңірегінде айтылған Н. Г. Чернышевский, В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов пікірлері де қызықты. Мысалы Н. Г. Чернышевский қоғам дамып, ілгері басқан сайын халық поәзиясы жойылады, өйткені ол жазба әдебиетке жол беріп, жаңа дәуір адамдарын қанағаттандыра алмайды десе, В. Г. Белинский оған қарама-қарсы «фольклорда даңқты есімдер болмайды, ондағы көркем сөз авторы - әркез халық» деген тұжырым жасайды.
Фольклор оның мәні туралы Н. П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф. И. Буслаев, Л. Н. Веселовский, В. Ф. Миллер, Е. Г. Кагаров, Ю. М. Соколов, В. Е. Гусев, В. Я. Пропп, В. П. Аникин, Ю. Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген орыс және совет фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н. П. Андреев фольклор материалдарының тарихшы, әтнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б. Н. Путилов та фольклорды халықтың (коллективтік) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б. Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е. В. Аничков фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, В. Ф. Миллер этнографиямен жақындығын сөз еткен.
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне ауыз ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен. толғау образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыс-тіршілікте, қоғамдық оқиғада кездесетін әр түрлі құбылыстарға, тарихи мәні оларға берілген даналық баға, тұжырымды түйіи есебінде қолданылады. М. Горькийдің «Мақал мен мәтел еңбекші халықтың тарихын, әлеуметтік өмір тәжірибелерін үлгілі, қысқа түрде айтып береді», - деуі осыдан.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.
Мақалды тудырушы - еңбекші халық. Ол халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Бұдан, әрине, барлық мақалды халық шығарған деген ұғым тумайды. Ауыз әдебиетінің басқа түрлері секілді, мақал да таптық ой-санадан, таптық көзқарастан туған. Мақалдарды үстем тап та шығарып, оған таптық идеясын қосқан, идеологиялық құрал еткен. Мәселен, «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін», «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас», «Алтын басты әйелден, бақа басты бала артық» деген сияқты үстем тап адамдары шығарған мақалдар халықтың тілегіне, көзқарасына мүлде жат, жанаспайды. Сондықтан оларды еңбекші халық қабылдамаған. Мақалдар халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өміріне, еңбегі мен тәжірибесіне байланысты туғандықтан, оның тақырыбы да орасан көп. Бұл ретте мақалға қосылмаған нәрсе жоқ деуге болады. Халықтың тұрмыс - тіршілігі, әдет-ғұрпы мен салты, дүние танудағы көзқарасы, шаруашылығы мен кәсібі, қуанышы мен қайғысы, айтатын ақыл - өсиеті, үйрету мен үкімі, қысқасы халық өмірінің барлық жақтары - мақалдардың басты тақырыбы болып отырады.
Халық мақалдарының тақырыбы өте көп. Солардың ішінде ең күрделі бір саласы адам баласының арналған. Бұл тектес мақалдардан халықтың еңбек жайындағы көзқарасы байқалады. Еңбек адамды мақсат-мұратқа жеткізуші, абырой әперетін іс екендігін халық мақалдары арқылы дәлелдеп көрсетеді. - «Еңбегі бардың - өнбегі бар», «Еңбек түбі мереке» деп, халық адал еңбекті ардақтайды. Дүние - байлық, шат өмір еңбек арқылы болатындығын, адамды тек еңбек қана қатарға қосатындығын суреттейді. Еңбек етпеген адамды, жатып ішер жалқауларды халық өзінің мақалы арқылы сынға алады, теңейді. Бұған «Еңбегі аздың - өнбегі аз», «Еріншектің ертеңі таусылмас» деген мақалдарды келтіруге болады.
Мақал-мәтел, нақыл сөздер - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекетіне, мінез-құлқына жасаған бақылауларынан туған дана сөздері. Бұларды педагогтар балаларды жан-жақты дамыту құралы ретінде пайдалануына болады. Мысалы, бақшадағы балалардың ойын, еңбек про-цесінде бір-бірімен келісе алмай, педагогке шағым жасайтын кездері болады. Мұндайда педагог баланың шағымын мұқият тыңдап алып, «Шағым жасау - шалдуарлық» деген мақалды естеріне түсіреді әрі бала өзінің теріс іс істеп тұрғанын сезінетіндей үн ырғағын, дауыс екпінін өзгерте айтады. Балалардың іс-әрекетіне тұжырым жасау, ескерту ретінде «Тентектіктің дәлелі көп» деген сияқты мақал-мәтелдерді айтуға болады.
Осы мақсатты көздей отырып, төменде біраз мақал-мәтел, нақыл сөз үлгілерін педагогтардың мектепалды даярлық топтары мен сыныптарында пайдалануына ұсынып отырмыз.
Қазақтың мақал-мәтелдерінің көбісі елдікті, ынтымақты, бірлікті, адамгершілікті, инабаттылықты қамтиды. Мысалы:
Туған жерге туыңды тік,
Ит туған жеріне,
Ер туған жеріне.
Өз үйім - өлең төсегім
Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол.
Отан - оттан да ыстық.
Батырлық, ерлік туралы мақал-мәтелдер:
Өжет адам өлімді жеңеді.
Ер бір өледі,
Қорқақ мың өледі.
Қару күшті емес,
Қару ұстаған күшті.
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қара бет болып қашқаннан,
Қайрат көрсетіп өлген артық.
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер:
Өнерлі өрге жүзеді.
Өнерді үйрен де, жирен.
Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пішер.
Өнерліге өлім жоқ
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
ә) Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас
Мақал-мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа
ауысып келген халықтық мұра, асқан шеберлікпен жасалған сөз өнері. Мақал-мәтелдерден халықтық ақыл-ой, даналығымен тапқырлығын көреміз. Олар келесі ой, кең мазмұнды бірақ ауыз сөзбен айтып, қорытынды жасаудың тамаша үлгісі, халық тапқырлығымен айтқанда, "тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні". Мақалдарда ой тұжырымдалып, даналық қорытынды, түйінді пікір түрінде айтылады. Мысалы: Кең болсаң, кем болмайсың. Әзіл айтсаң да, әділ айт. Бидайдың кеудесін көтергені -дақыл жоқтығы, жігіттің кеудесін көтергені - ақыл жоқтығы. Тұз астың дәмін келтірсе, мақал сөздің мәнін келтірер. Мақал-мәтелдердің басты тақырыптары Отан, Туған жер, Еңбек, Бірлік, Оқу-білімге байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz