Бюджет тапшылығын басқару



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..5

1.1 Бюджет тапшылығы және оның пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5

1.2 Бюджет тапшылығына сыртқы және ішкі қарыздың
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ..7

1.3 Бюджет тапшылығын басқару аясында тапшылықты қаржыландыру және
жабу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2.ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ НЕГІЗІНДЕ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ
ТАПШЫЛЫҒЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...15

2.1 Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 15

2.2 Қызылорда облысы бойынша бюджет тапшылығы көрсеткіштерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда қазақстан экономикасының жағдайы елеулi дәрежеде табиғи
ресурстар секторындағы ахуалмен анықталады. Республикалық бюджет
түсiмдерiнiң табиғи ресурстардан болып отырған қазiргі тәуелдiлiгі
Қазақстанның болашағына байланысты бiрқатар мәселелердi мемлекет алдына
қояды. Бiрiншiден, бұл табиғи байлықтардың қайта толмайтынына байланысты
оларды пайдалануды дұрыс жоспарлау мәселесi. Екiншiден, бұл мемлекеттік
кiрiстер мен шығыстар көлемiнiң табиғи ресурстарға деген әлемдiк бағаның
күрт әрi алдын ала болжанбаған ауытқуларына тәуелдiлiгін төмендету
мәселесi.
      Қазақстанда 2000 жылдан бастап әлемдiк қаржы нарығындағы қолайлы
конъюнктураға байланысты республикалық бюджетке табиғи ресурстарды өндiруге
байланысты төлемдердiң түсiмi айтарлықтай өсті. Сонымен қатар, көмiрсутегiн
қазақстандық экспорттаушылардың экспорттық түсiмдерiнiң арта түсiп отырған
мөлшерi теңгенiң айырбас бағамын, сондай-ақ инфляцияға да қысымды
күшейтедi. Бұл өз кезегiнде отандық тауар өндiрушiлер өнiмдерiнiң бағалық
бәсеке қабiлеттілiгін төмендетуге әкеп соқтырады және де отандық
өндiрушiлердiң қаржылық нәтижелерiне қолайсыз әсер етедi.
      Қазiргі уақытта әлемде тұрақтандыру немесе жинақ қорлары бар онға
тарта ел бар. Мұндай қорлардың қаражаты түсiмдерi кiрiстердiң негізгі
баптарын құрайтын табиғи ресурстардың белгiлi бiр түрлерiне бағаның
ауытқуына байланысты қолайсыз кезеңдерде бюджет шығыстарын қаржыландыру
үшiн немесе сыртқы борышты өтеу үшiн, сондай-ақ басқа мақсаттарға
пайдаланылуы мүмкiн. Экспорттың шикiзатқа мамандануы орын алған бiрсыпыра
мемлекеттердiң тәжiрибесi бюджеттерi әлемдiк баға конъюнктурасының ықпалына
ұшырауға бейiм елдер үкiметтерiнiң басы артық түсiмдердi жинақтау үшiн
шикiзатқа бағаның қымбаттауы кезеңiн пайдаланып қалу мүмкiндігі бар екенiн
көрсетедi.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: “Бюджет тапшылығын басқару”.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАҚСАТЫ-Бюджет тапшылығы және оны басқарудың теориялық
негіздері.Жергілікті бюджет негізінде бюджеттің атқарылуын және бюджет
тапшылығын талдау.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
-Бюджет тапшылығы және оның пайда болу себептерін зерттеу;
-Бюджет тапшылығына ішкі және сыртқы қарыздардың әсерін зерттеу;
-Бюджет тапшылығын басқару аясында тапшылықты қаржыландыру және жабу
мәселелерін қарастыру;
-Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуына талдау жасау;
-Қызылорда облысы бойынша бюджет тапшылығы көрсетеіштерін талдау.
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:кіріспеден,
2бөлімнен,қорытындыдан,пайдаланылға н әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 БЮДЖЕТ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. Бюджет тапшылығы және оның пайда болу себептері

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни
баланстаған дұрыс. Баланс – бұл тепе-теңдік, бюджетті жасаған кезде негізгі
мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне
жету болып табылады. Кірістердің шығыстардан, яғни бюджетке түсетін
түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін
кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артығын - профицитті құрайды. Ол
мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың
(республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін.
Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан
бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы
органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты
ақшасының өсіміне және биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға
пайдаланылады. Мұндай қажеттілік болмаған жағдайда бұл қаражаттарды
пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды. Шығыстардың
кірістерден асып түсуі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын тудырады.
Тапшылықтың едәуір әрі тұрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін
сипаттайды.
Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкіөнімге қатысты 2-3℅
мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың
немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін.
Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің
қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының
қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның
дамуына, ақша айналысы заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы
табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Қазіргі кезде барлық елдерде дерлік мемлекеттің шығыстары оның
кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың
ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет ролінің
үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлеуметтік қызметінің кеңеюі,
мемлекет аппаратының көлемінің өсуі және т.б. себептер. Бюджеттік
шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің
тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттің тапшылығы барлық
мемлекеттерде оның абсолютті мөлшері бойынша да және ЖҰӨ-ге қатынасынан да
анық көрінеді.
Мемлекеттік бюджеттердің тұрақты тапшылығының негізінде көптеген
себептер жатыр. Оның қатарына жоғарыда көрсетілген құрылымдық факторларды
да жатқызуға болады. Ол мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметінің
ұлғаюы және осы мақсатқа шығынның көбеюіне байланысты. Артық өндірудің
циклдық дағдарыстары кезінде бюджетке түсетін салықтар азаяды. Ал, мемлекет
болса әлеуметтік мұқтаждықтарға шығындарды көбейтуге тиіс (жұмыссыздарға
көмек және т.б.), сонымен қатар экономиканың белгілі секторларын қолдауға,
жалпымемлекеттік маңызы бар салаларға инвестиция көлемін сақтауға жа
қаражат керек. Бюджеттік тапшылық мемлекеттік тапшылықтардың терең
сәйкессіздігінің салдары. Сонымен қатар олар ақша айналысының айтарлықтай
берекетсіздігімен де байланысты. Бюджеттік тапшылықтарды реттеу қазіргі
мемлекеттің экономика саласындағы ең күрделі проблемасына айналды.
Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның
болуы мына себептерге байланысты:
1) елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;
2) қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;
3) айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;
4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін
едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдылығы;
5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды,
басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;
6) көлеңкелі экономиканың ірі ауқымды айналымы;
7) ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;
Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:
1) Конверсия
2) Қаржыландырудан несие беруге өту
3) Зиянды кәсіпорындарға дотация беруді жою
4) Мемлекетті басқару шығынын азайту
5) Салық салу жүйесін өзгерту
6) Жергілікті бюджеттің ролін арттыру.

2. Бюджет тапшылығына сыртқы және ішкі қарыздың әсері

Кейнстің тұрақсыздық теориясы мемлекеттің экономикалық саясат жүргізуін
анықтайды. Кейнстер көзқарасы бойынша өнім шығындарының тапшылығы
жұмыссыздықтың үлғаюына әкеп соғады да, өнім шығындарының артып кетуі
инфляцияға үшыратады. Сондықтан үкімет нақты бір экономикалық шыындар
жиынтығын төмен кезінде азайтып, және керісінше, шығындар төмен болған
сайын көбейтіп отыруы керек.
Фискалдық саясат екі негізгі экономикалық ғылымдар қорытындылары
негізінде орындалады:
- Біріншіден, мемлекет шығындарының өсуі сқраныс жиынтығын арттырып,
жұмысбастылық пен өнім шығарылу деңгейін арттырады.
- Екіншіден, салық сомасының ұлғаюы жеке үй шаруашылығы күтілген
кірістеін қысқартып, шығындарды қысқартады.
Фискалдық саясат ұлттық экономикаға жақсы да, жағымсыз да әсер етуі
мүмкін. Егер үкімет бағалар тұрақтылығын қалыптастыру және өнім шығару
көлемін оның потенциалды деңгейіне жақындату мақсатында фискалдық немесе
ақша саясаты шараларын қолданса, онда бұл тұрақтылық саясаты деп аталады.
Бюджет – шығындардың, сондай-ақ үкіметтің, компаниялардың, жеке
адамдардың қаржылық жоспарларының нақты сипатталуы десек, бюджет тапшылығы
– мемлекет шығындары мөлшерінің мемлекеті кірістері мөлшерінен артуы болып
табылады. Егер үкіметте бюджет тапшылығы орын алса, онда ол оның шығындаы
кірістерінен көп екенін білдіреді.
Бюджет тапшылығы динамикасы мен ықпал ету көлеміне келетін болсақ,
бюджет тапшылығы қаржыландыруды қажет етеді және бұл қаржыландыру ішкі және
сыртқы нарықтар көмегімен іске асады. Бірақ кей жағдайларда үкімет
экономкаға зиянды әсері бар инфляциялық қаржыландыру сияқты әдістерге
жүгінеді.
Мемлкеттік бюджет –үкімет пен жеке меншік формалары субъектілерінің
арасындағы экономикалық қатынасы. Толық теңестіріліген мемлекет бюджеті,
яғни сальдосыз бюджет тек терия жүзінде ғана болуы мүмкін. Бірақ жоғарыда
келтіргенімдей, бюджет дефициті әрқашан жағымсыз құбылыс бола бермейді.
Дж. М. Кейнс экономикалық өсуді жетілдіру және толық жұмысбастылықпен
қамтамасыз ету үшін дефицитті қаржыландыру саясатын жүргізуді ұсынған
болатын. Бюджет дефициті кенеттен болатын жағдайларға – соғыс, табиғи
апаттар, т.б. жағдайларда болуы мүмкін. Яғни әдеттегі қорлар жеткіліксіз
болып, басқа қаржы көздерін өажет еткенде пайда болады. Мұндай жағдайда
бюджет дефициті жағымсыз және қиын құбылыс. Снымен қаа бюджет децитінің
қауіпті және аса күрдеі формасы бар: экономикадағы даңдарыс жағдайында,
оның құлдырауы жәнеүкіметтің елдегі қаржылық жағдайды бақылап, реттеп отыра
алмайтын жағдайдағы бюджет дефициті. Бұл жағдайда экономикалық жедел
әрекеттер, іс-шарала, саяси шешімдер қабылдау қолға алынуы керек.
Елдегі инфляция деңгейіне жуықтау келетін бюджет тапшылығы қалыпты
бюджет тапшылығы болып саналады. Мұндай дефицит әдетте Орталық банк
ұсынатын пайызсыз немесе төмен пайызды несиелер есебінен жабылады.
Халықаралық стандарт бойынша бюджет тапшылығы ЖҰӨ-нің 2-3%-на сәйкес келуі
керек.Мұндай дефицит мемлекеттік бағалы қағазда эмиссиясы және қаржы
нарығындағы кірістер есебінен қаржыландырылып отырады. Мемлекеттің ішкі
қарыздарын қаржыландыру көзін ішкі заимдар мен несиелер құрайды.
Қазіргі уақытта ішкі және сыртқы қарыздардың өсуіне байланысты бюджет
дефицитінің қолайлы және қолайсыз жақтары дау болуда. Алайда мына 2 басым
позицияны нық басып айтуға болады:
Біріншісі экономиканы толық мағынада анықтай алмауына негізделеді.
Қарыздың болуы, сол қарыздардың абсолютті түрде өсуі келе жатқан
экономикалық дүрбелең ретінде қабылданады.
Екіншісі толық талдауға негізделіп, бюджет дефицитінің негізгі қолайлы
жақтарын алға тартады.
Сонымен, ұлттық мемлекеттік қарыз бюджет дефицитінен құралады.
Дефицитті жабу мемлекеттің ішкі қарызы мен сыртқы қарызының өзара
ықпалдасуымен сипатталады. Бір жағынан ұлттық қарыз мемлекет үшін пассив
және мемлекет облигацияларын (мемлекеттің бағалы қағаздарын) ұстаушыларға
актив болып табылады.
Қарызды өтеу қажеттігі үкіметтің ағымдағы бюджетті теңестіруіне немесе
басқа да түрлі қарыздарды өтеуге бағытталған ақша қаражаттарын жұмсауға
шектеу қойылады. Дегенмен қарызды (ішкі) өтеу процесінің көп бөлігі қайта
бөлу формасымен, яғни салық төлеушілердің ақша құралдары мемлекеттің бағалы
қағаздар ұстаушыларына өтуімен айқындалады. Қарызды өтеудің айтарлықтай
альтернативті нақты құны болмаса да, ығыстыру әсерінің ықпалы зор. Қаржы
нарығында бюджет дефицитін қаржыандыру есебінен кейбір жеке секторлар
қаржыландырылмай қалады, инвестициялар төмендейді.
Мемлекеттік басқару органдарының төлемдері мен түсімдері кассалық
әдіспен, яғни ақша құралдарының үздіксіз айналымымен анықталады. Барлық
деңгейде бюджет құрау барысында олардың төленбеген міндеттемелері бойынша
қарыздары: төленбеген мемлекеттік тапсырыс; мемлекеттік қызметкерлерге
жалақы бойынша қарызы, Зейнетақы қорына қарызы; Бюджет дефицитіне уақытында
төленбеген дотациялар мен субсидиялар жатпайды, мысалы, көмір өндірісі және
т.б.Төленбеген мемлекеттік міндеттемелер қарызды өтеу мерзімі тіркелген
келісімшартты ресми міндеттемелер болып табылмайды және бюджет дефицитін
арнайы қаржыландыруға жатпайды. Дегенмен экономиканың басқа секторлары
жағынан олар мемлекеттік органдарды тікелей несиелеумен тең жағдайда болады
және бюджет дефицитін қаржыландыру көзі ретінде қарастырылуы мүмкін. Осыған
байланысты мемлекет қаржысы тапшылығының альтернативті есебін жасау
қажеттігі туады.
Бюджет дефициті кірістерден шығыстардың арту күшінен пайда болатыны
белгілі. Бюджет дефицитінің пайда болуы мен өсу факторы кіріс қоры немесе
рационалды емес шығыстардың жетіспеушілігімен байланысты болуы мүмкін.
Егер шығыстар мен таза несиелеу кірістер мен алынатын трансферттерге
қарағанда тез өсіп жатса, займдық қаражаттарға мұқтаждық та өседі. Бұл
жағдайда шығарылған займдарды өтеу жаңасын, яғни мемлекеттік қарызды қайта
қаржыландыру есебінен жүргізіледі.
Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландыру сыртқы қарыз сияқты,
мемлкеттің ішкі қарызы есебінен де орындалады. Елдің қаржы ресурстары,
төлем балансы және экономикалық белсенділіктің өсу мөлшеріне ішкі және
сыртқы қарыздың әсер етуі әр түрлі болады.
Сыртқы қарыз ақша қаражаттарының түсу кезінде елдің қаржылық
ресурстарының жалпы көлемінің өсуіне әкеледі және мемлекеттің ұлттық
өндіріс тауарлары мен қызметіне жиынтық сұранысын көбейтуге де мүмкіндік
береді. Сонымен қатар шет мемлекеттердің, халықаралық қаржылық ұйымдардың
және шетел банктерінің займдары мемлекеттің шетелден сатып алу, алынған
несиелерді қайтару төлемдеріне қолданылуы мүмкін.
Елдің ішкі қарызы экономиканың секторлары арасындағы елде бар
ресурстарды қайта бөлуді ғана білдіреді. Ішкі қарыздың экономикаға ықпалы
мемлекет ақша қаражатының займ сипатымен анықталады. Егер мемлекетпен
тартылған несиелік ресурстар басқа мақсаттарға бағытталатын болса, онда
мемлекттің қарыздануы экономиканың басқа секторлары шығыстарының көлемін
азайтады және экономикаға жалпы сұранысты ұлғайтпайды. Жеке инвесторлар
категориясында займ алу маңыздылығы несиегер типі бойынша қаржыландыру
операцияларының классификациясына мұқтаждығымен анықталады.
Экономикалық өсуге мемлекеттік займ әсер ету сипаты мына факторларға
тәуелді: бірыңғай шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұқсас мақсаттары мен
үлгілерін біріктіретін экономикалық әрекетіне. Егер займ алу банктерде
жүзеге асатын болса, онда басқа секторлар шығындарын қысқартудан көрінеді.
Экономикаға ішкі және сыртқы займдар әр қалай әсер етеді. Сондықтан ішкі
және сыртқы қаржыландыру да шектеледі. Ішкі қаржыландыруда комерциялық
банктерден, ақша – несие реттеу органдарынан және басқа да мемлекеттік
басқару органдарынан, өнеркәсіптер мен үй шаруашылықтарынан алынатын займ
құралдры болады. Ал сыртқы да – экономикалық өсу халықаралық ұйымдарынан,
шет мемлекеттерден, шетел комерциялық банктері мен фирмаларынан алынатын
займ.
Қаржыландыру көздерін бір топқа біріктіру мақсатында несиегер типіне
қарай бюджет дефицитін қаржыландыру классификциясы қолданылады және ол
былайша жіктеледі:
1. Жалпы қаржыландыру
2. Ішкі қаржыландыру
1. Ақша – несие реттеу органдарынан
2. Комерциялық банктерден
3. Мемлекеттік басқару секторының басқа бөліктерінен
4. Басқа да қаржылық мекемелерден
5. Қаржылық емес мемлекеттік өнеркәсіптерден
6. Қаржылық емес жеке өнеркәсіптерден
7. Үй шаруашылықтардан
8. Басқа да ішкі қаржыландыру
3. Сыртқы қаржыландыру
1. Экономикалық өсу халықаралық ұйымдарынан
2. Шет мемлекеттердің басқару органдарынан
3. Шетел комерциялық банктерінен
4. Шетел фирмаларынан (жеткізушілерден)
5. Басқа да сыртқы займ
4. Өтімділікті басқаруға арналған қолма – қол ақша қаражаттары,
депозиттер және бағалы қағаздар көлемі бойынша өзгерулер
Осы классификацияны қолданудың тәжірибелік мүмкіндігі мемлекттік
басқару органдарымен төленетін және алынатын соммалары туралы нақты
деректерге, инвестор (несиегер) типін сипаттайтын ақпараттарға тәуелді
болып келеді.
Бюджет дефицитін қаржыландыру нәтижесінде өтелмеген міндеттемелер
қалыптасады. Олардың көлемі бюджет кезеңінде алынған қарыз міндеттемелері
мөлшерімен анықталады. Өтелмеген міндеттемелер сомасы мемлекеттік қарызды
қалыптастырады. Ал мемлекеттік қарыздың жалпы мөлшері белгілі бір кезең
соңындағы өтелмеген міндеттемелер көлемімен сипатталады.

1.3Бюджет тапшылығын басқару аясында тапшылықты қаржыландыру және жабу
мәселелері.

Мемлекеттік қаржылық саясаттың, соның ішінде қаржыландыру
операцияларының мақсаты – экономика дамуының тұрақтылығы және
бірқалыптылығы. Айтылғандай, бюджет дефицитін жабу үшін түрлі қаржылық
құралдар – ішікі және сыртқы займ, ақша эмиссиясы қолданылады. Олардың
экономикалық табиғаты түрліше. Осыған сәйкес олар экономикаға әр түрлі жиі
қарсы және елдңғ қаржылық жай күйіне әсер етеді. Бюджет дефицитін
қаржыландыру процесін қаржыландыру көздері, мемлекеттік бағалы қағаздар
шығарылуының шарттылығы (көлемі, айналу мерзімі, кірісі және т.б.), ішкі
және сыртқы займдар ара қатынасы, халықтың жинаөталған ішкі сақталымдары
үшін қолайлы шарттар құру, салымдар мен бағалы қағаздар индексациясы
мемлекеттік қарызын өтелуі бойынша шығындарды шектеу, т.б. арқылы басқаруға
болады.
Бюджет дефицитін тиімді басқару арқылы мемлекет шығыстарын ұлғайту ең
алдымен өндірістің кеңеюі мен халықтың жұмысбастылық деңгейіне қол
жеткізуге болады.Сондықтан қаржыландыру операциялары мемлекеттің жалпы
экономикалық және қаржылық саясатымен үйлесуі тиіс.
Мемлекеттік бюджет дефицитін қаржыландырудың негізгі көзі мемлекеттік
займдар болып табылады. Кірістерге қарағанда шығыстардың жылдам өсуі
байқалған жағдайда займдық қаражаттар маңыздылығы қаржыландыру көзі ретінде
арта түседі. Демек, шығарылғын займдарды өтеу қайта қаржыландыру және жаңа
займдар шығарылымы есебінен жүргізіледі.
Займдарды орналастырудың ақша айналымында айтарлықтай маңызы зор.
Халықтың қаражаттарын тарту оның төлем қабілеттілігі сұранысын кемітеді.
Осы қаражаттарды инвестицияға және басқа да өндірістік салымдарға
бағытталған жағдайда айналымдағы ақша массасының жалпы көлемі азаяды да, ал
зейнетақы мен жалақы төлеу кезінде қолданғанда еш өзгермейді. Шаруашылық
жүргізуші субъектілер қаражатын бюджетке займдау және оны қолдану
жағдайында айналымдағы халыққа төленетін қолма – қол ақша массасы азаяды.
Ірі көлемдегі қаражаттарды тарту арқылы мемлекет бос ресурстарын
қысқартады. Бұл ресурстар қалыпты экономикалық жағдайда өндіріске тартылуы
мүмкін. Елде дербес капиталдар жетіспеушілігі шартымен мемлекеттің оларды
қосымша тартуы экономикалық өсімге кері әсерін тигізеді.
Мемлекеттік қарыз міндеттемелерін шығару ақшаға сұранысты арттыра
отырып пайыздық мөлшерлемелердің де өсуіне алып келеді. Экономиканың
қалыпты жағдайындағы инвестициялық кірістер пайыздық мөлшерлемелерге кері
пропорционалды екенін есепке алсақ, мемлекеттік займ жеке инвестициялар
және пайыздық мөлшерлемелермен байланысты кейбір жеке инвестициялар
деңгейін төмендетеді. Мемлекеттік қарызды өтеу барысында мемлекет өзінің
қарыздық міндеттемелерін сатып алады да, өз кірістерін қайтадан ақша
нарығына сала отырып, ақша ұсынымын арттырады да, тұтыну және инвестиция,
пайыздық мөлшерлеменің төмендеуін қалыптастырады.
Бюджет дефицитін қаржыландыруға арналған ақша эмиссиясы мемлекеттің
қарыздық міндеттемелерін шығаруға қарағанда мемлекеттік бағалы қағаздар
эмиссиясының инвестицияға кері әсер етуін болдырмайды, сондай – ақ
мемлекеттік шығыстар мен экономикадағы жиынтық сұранысты бір уақытта
арттырады. Осылайша жаңа ақша эмиссиясы займ кеңейтілуіне қарағанда бюджет
дефицитін қаржыландырудағы маңызды әдіс болып табылады, бірақ инфляция
қауіптілігі де жоғары.
Сыртқы қаржыландыру елдің төлем балансына әсер ете отырып, мемлекеттің
займ алу кезінде ұлттық өндіріс қызметі мен тауарларына сұранысты
арттырады, әрине егер қаражаттар осы мақсаттарға жұмсалса. Алайда займдық
қаражаттар импорт төлеміне, алдыңғы займды жабу немесе халыққа төлемдер
конвертациясына қолданылады. Ірі көлемде сыртқы қарызы бар мемлекеттер
қатаң экономика саясатын жүргізуге, экспортты кеңейтіп және импортты
қысқартуға, сыртқы саудадан түскен түсімді қарызды өтеу мақсатында жұмсауға
мәжбүрлі. Қарызды өтеу үшін таза экспортты қолдану мемлекеттің өз
экономикалық дамуына қажетті ресурстарының қысқаруына ұшыратады.
Нәтижесінде халықтың өмір сүру деңгейі төмендеп, экономикалық артта қалу
тенденциясы байқалады. Мемлекет үшін сыртқы қаржыландыру мүмкіндіктері әр
түрлі факторлармен шектеледі.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде мемлекеттік бюджет дефициті
әрқашан міндетті түрде шығатын жағымсыз құбылыс ретінде қарастырылмайды.
Оның үстіне кейнстік көзқарас бойынша дефицитті қаржыландыру саясаты
пайдалы болып есептеледі. Кірістер, шығыстар, дефицит және экономикалық өсу
ара – қатынастары мынадай нақты тәуелділіктермен сипатталады:
Шектеулі бюджет дефициті экономикалық жағдай жасауы мүмкін. Бюджет
дефицитін басқару оның рөлін жиынтық сұраныс пен өндірісті жандандыруға
бағытталуында. Инфляция жағдайында қаржылық саясатқа түзету енгізу
қажеттілігі туады. Рұқсат етілген бюджет дефициті экономикалық жағдайға
байланысты.
Қалыпты дамып келе жатқан экономика жағдайында рұқсат етілген бюджет
дефициті ЖІӨ - нің 2-3 % - на және бюджет шығысының 10% - на тең келеді.
Өндірістің құлдырауы және айналымдағы ақша массасының жетіспеушілігі
жағдайында бюджет дефициті көлемі оны жабу көздері мен қаражатты шығыстау
бағыты есебінен ұлғаяды.
Жыл сайын теңестіріліп отыратын бюджет қалыпты экономика жағдайында
инфляцияның жеделдеуіне жағдай жасауы мүмкін. Егер инфляция кезінде
номиналды кіріс ұлғайса, онда соған сәйкес бюджет артықшылығына ұшырататын
салық түсімдері де ұлғаяды. Бұл жағдайларда мемлкеттік органдар пайда
болған артықшылықты мемлекеттің қарызын жабуға немесе салық мөлшерлемелерін
төмендетуге жұмсауы мүмкін. Яғни айналымдағы ақша массасы көбейіп, инфляция
пайда болады.
Айналымдағы ақша массасының жетіспеушілігімен қатар келген экономиканың
құлдырауы жағдайында ақша эмиссиясы есебінен мемлекеттік сатып алулар
ұлғаюы бюджет дефицитін жаба отырып, жиынтық сұраныстың өсуі мен
инфляциялық ықпалсыз немесе оның төменгі шегінде өндірістің ұлғаюына алып
келеді.
Мемлекеттік шығыстардың ұлғаюының артынша бюджет дефицитін ұлғайтатыны
белгілі. Өндірістің және кірістердің біртіндеп өсуімен салық түсімдері
соммасы ұлғаяды. Салық түсімдерінің өсуі шығыс өсімдерінен кем болады.
Мемлекеттік сатып алулардың ұлғайған шығындары салық есебінен өтеліп
отырады. Бұл мына жағдайлармен байланысты: Тепе – тең қалыпты экономикада
мемлекеттік бюджет инвестициялар мен қорлар айырмасына тең. Егер инвестиция
көлемі өзгеріссіз қалса, онда мемлекеттік шығындар өсуіне байланысты бюджет
дефициті де өседі. Дефициттің өсуі қорлардың мемлекеттік шығын және кіріс
шамасына қарай өсуіне шартталған. Мемлекеттің шығындардың өсуіне байланысты
қорладың ұлғаюы салықтық аз мөлшерлегі түсімдердің ұлғаюына әкеледі.
Бюджет тапшылығын жабатын үш дәстүрлі амал бар:
1) Мемлекеттік займ шығару;
2) Салық салудың қатаңдығы;
3) Ақша өндірісі немесе сеньораж , яғни ақша басу.
Қазіргі кезде сеньораж тиімсіз, ол инфляцияға әкеледі. Қазіргі
заманғы сеньораж коммерциялық банктің резервін құрады, оны Орталық Банк
үйлестіреді және бюджет тапшылығын жабуға қолданылады. Бірақ Орталық Банк
саясаты ақша резервінің өсу шамасына бағытталған, бұл ақша оған
коммерциялық банктен түседі, осы салдар олардың қаржылық жағдайын
төмендетіп,мемлекет ішіндегі қаржы жүйесінің қайшылықтары пайда болдаы
Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын
іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлеуметтік – экономикалық
салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы
айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік
бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да
тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және
банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді
2. Мемлекеттік қарыщдар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша
қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа
халықаралық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге
өзінің активтерін сатады.
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие.
Мемлекеттік несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет
заем немесе кредитор – несие беруші ролін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік
тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем
беруші ретінде қызықтырады.
Мемлекеттік қарыз (кредит) жеке адамның несие беруінен айтарлықтай
ерекше. Соңғы жағдайда ол өндірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл кредит
бойынша процесс өндіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты төленеді.
Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие жағдайда өндірістік
қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен
бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекетік қаржы
ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады.
Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос
ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпыэкономикалық қызмет істеу
үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай көздерден алады? Егер
казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары
уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайда бөлінеді. Ол үшін үкімет
өзінің қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп
шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының
басты бөлігін алады. АҚШ-тың федералдық шығындарының ішінде 1980 жылы 8,9
проценттен 1989 жылы 14,5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке
секторда орналастыру өз кезегінде бюджеттік шығындардың одан әрі ұлғаюына
жол береді. Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек еке
секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын)
есебінде де ұстайды. Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып,
банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады,бірақ олардың
нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік
бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды.Ақша көлемінін
өсуі қоғам байлығы шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы мемлекеттік
борыштың монеттенуі көптеген елдерге тән жағдайды білдіреді, шексіз
мемлекеттік шығындарды қаржыландыру ақша айналысын тұрақсыздандыру ақша
айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады.

2.ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ НЕГІЗІНДЕ БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ
ТАПШЫЛЫҒЫ.

2.1Қызылорда облысы бюджетінің атқарылуын талдау.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бюджеттің тапшылығы және бюджет балансы
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландыру көздері
Қр-дағы мемлекеттік бюджеттің тапшылығы және мемлекеттік қарыздарды басқару
Бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыз туралы
Мемлекет қаржысы жайлы
Халықаралық қаржылық статистика
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Мемлекеттік бюджет - мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары
Мемлекеттік қарыз мәні, құрылымы
Бюджет тапшылығы және оны азайту саясаты
Пәндер