Басқаруда жүйе теориясын қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I Басқару жүйесінің ғылыми теориялық аспектілері

1.1Басқару түсінігі және оның түрлері

1.2 Мемлекеттік басқару мен жергілікті басқарудың ара қатынасы

1.3 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің шетелдік тәжірибиесі

II ҚР Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі және оның қалыптасуының
алғышарттары

2.1 ҚР жергілікті атқарушы органдарына жалпы сипаттама

2.2 ҚР жергілікті билік органы- басқару органдарының құрылымы және
қызметінің бөлінуі

2.3 ҚР Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қалыптасуы және даму
проблемалары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

      Жергiлiктi мемлекеттiк басқару бұл осы заңда және басқа да заң
актiлерiнде белгiленген құзырет шегiнде жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдар тиiстi аумақта мемлекеттiк саясатты жүргiзу, оны дамыту мақсатында
жүзеге асыратын, сондай-ақ тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты болып
табылатын қызмет.
Бүкіл әлемде жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың мемлекетпен
байланысын, басқаруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін өте маңызды
қоғамдық институттардың бірі ретінде қарастырылатынын атап көрсету керек.
Курстық жұмыстың басты мақсаты жергілкті өзін өзі басқару жүйесімен
оның даму проблемаларын зерттеп анықтау.
Жазылған жұмысқа қойылған міндеттер төмендегідей :

• Басқару ұғымының түсінігін ашу;
• ҚР жергілікті өзін өзі басқару жүйесін талдау;
• Жергілікті өзін өзі басқарудағы штелдік тәжірибелерді қарастыру;
• Жергілікті өзін өзі басқарудағы қалыптасқан проблемаларды
реформалар арқылы шешімін табу.

Курстық жұмыс екі бөлімнен, кіріспеден және қорытындыдан құралған.
Осы жұмысты жазуда А.Қ.Танкиева, Ж.О.Ихданов, А.Есали, Н.Ә.Назарбаев,
Л.Ж. Аширбеков сияқты ғалымдарының еңбектері пайдаланды.

I Басқару жүйесінің ғылыми теориялық аспектілері

1.1 Басқару түсінігі және оның түрлері

Басқару психологиясы әлеуметтік функцияның қазіргі кездегі негізі
тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы адамдардың бір-
бірімен қарым- қатынасы мәселесін зерттейді.
Басқару мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады:
информатика, юриспруденция, психология, педагогика, эргономика, социология
т. б. Жалпы басқару теориясы кибернетика мен теория жүйесінде
құрастырылады. Кибернетика Kibernetike- ( грек тілінде) басқару өнері.
Manedgement - ( латын. Manus- қол )- ағылшын термині басқару терминінің
синонимі.
Адам іс- әрекетінің практикасында басқару ғылыми зерттеу пәні болмас бұрын
өте көп уақыт ілгері пайда болған.
Ертедегі Египетте б.з.д. мың жыл бұрын басқару үрдістерін орталықтандыру,
бақылау, ұйымдастыру, жоспарлау қажеттігі мойындалған. Онсыз әлемге әйгілі
Египед пирамидалары, ертедегі ацтеск қалалары секілді архитектуралық
құрылыстар салынып, Рим- католик шіркеуі белсенді қызмет атқармаседі.
Басқару теориясы жеке ғылыми пән ретінде XX ғасыр басында беки бастады.
Басқару үрдісі белгілі бір нәтжеге жету жолындағы адамдардың жолын іс-
әрекеті атқарылатын жерде жүргізіледі. Басқару дегеніміз- топқа, қоғамға
немесе оның жеке бөліктеріне тәртіптендіру үшін немесе сапалық спецификасын
дамыту үшін әсер ететін шаралар комплексі.Басқару барлық динамикалық
жүйелерде жалпы заңдылықтар бойынша жүргізіледі де информацияны алуға,
өңдеуге және беруге негізделген. Әлеуметтік жүйеде басқарудың негізгі
белгісі болып субъектінің мәліметті алып анализдеу негізінде күрделі
жүйелердегі тура және кері байланысты іске асыруы есептеледі.
Басқарудың әлуметтік функцялық теориясының объектісі болып адамдардың
құқықтық экономикалық, саясаттық өндірістік міндеттерді іске асыруда,
құрылымдарда, топтарда, ұжымдардағы қарым-қатынас формасы есептеледі.
Басқарудың күрделі жүйесі екіге бөлінеді: басқарушы және орындыуаушы және
оның әрқайсысы көп салалы иерархиялық құрылымнан тұрып әрбір жүйе бөлігі
өзінің локальді бағытын құрайы.
Әлеуметтік басқару жүйесі екі индвидуалды субъектінің белсенді қарым-
қатынас үрдісі болып табылады, олардың әрқайсысының реттуші қасиеті бар.
Басқарушы мен орындаушы субъект бола тұрып мақсатқа бағытталған саналы іс-
әкетет атқарады. Олардың іс- әрекетін ақпаратты өңдеудің 4 деңгейінен
тұрады.
1. Ақпаратты жинау же бағалау( афференттік синтез). Түскен ақпараттың
бағасы субъектіге тән мотивацияға, оның кәсіптік дайындығына, басқару іс-
әрекетінің нәтижесіне байланысты.
2. Мақсат қою, Әрекет бағдарламасын құру. Бұл кезеңде мақсаттың алдын алу
қалыптасады- ол қажетті мүмкін болатын нәтиже бейнесі.
3. Нақты міндетті шешудегі мақсатқа жетудегі практикалық әрекет.
4. Нәтиже бағасы же істі орындауды бақылау. Алынған нәтижені алға қойған
мақсатпен салыстыру.
Егер алынған нәтиже мақсатпен сай келсе онда алға қойған мақсат орындалды
деуге болады.
Кез келген әлеуметтік жүйенің жүйе түзуші факторы болып мотив пен мақсат
есептеледі, себебі әлеметтік бірлестіктер мен жеке тұлғалардың(басшы мен
орындаушы) іс- әрекеттің бьағыты мен мазмұнын көрсетеді. Басқару
қатынасының әр түрлілігі ретінде тәртіп пен инициатива көрінеді.
Бұл қатынас горизанталь бағытта да вертикаль бағытта да көрінеді.
Әлеуметтік басқару психологиясының негізгі тірегі адамдар, топтар,
мекемелер арасындағы қатынастардың психологиялық аспектісі саналады.
Қазіргі біздің еліміздегі мемлекеттік құрылымның дамуыны нарықтық
қатынастың даму кезеңінде басқару мәселесін бөліп көрсету ғылыми талдау мен
іс жүзіндегі әрекеттің негізгі сферасы ретінде бөлінеді. Жоғарыда айтқандай
ағылшын тіліндегі американдық термин менеджмент қлданылады.
Менеджмент басқарудың жалпы принциптерін қарастыруды мақсат етіп қояды.
Басқару ғылымының негізгі мектептері.
Басқару теориясында 4 негізгі жолы бар.
1. Басқарудың негізгі мектептері көзқарасы тұрғысынан.
2.процестік
3.жүйелік
4.ситуацялық
Осылардың алғашқы адамдар арасындағы қатынас, басқарудың сандық
әдістері,мінез- құлықтық пәндердің ғылыми административтік басқару мектебі.
Басқару теориясын жалпы тұрғыдан қарау.
Үрдістік жолы.Бұл жол административтік мектептің негізгі идеясын дамытушы,
басқарудың негізгі әмбебап функцяларын басқаруды біртекті үрдісіне
айналдыруға ұмтылу негізінде құрылған. А. Файоль негізгі бес басқару
функцясын берді: Басқару - дегеніміз 1.алдын ала болжау, жоспарлау;
2.ұйымдастыру,3. шешім қабылдау 4.координация 5. бақылау.- дейді. Кейіннен
ол функциялар толықтырылып, нақтыланды.
Жүйелік жол Басқару теориясы жалпы жүйе теориясы үлкен әсер етті. Әрбір
ұйым бұл бірнеше бір- бірімен байланысты тұтас жүйенің функциялануын
қамтамасыз ететін бөліктер жиынтығынан тұрады. Басқарушы бүкіл мекемнеі
тұтастай оның бөліктерін сырқы әлеммен байланыстыра көре білу керек.
Ситуациялық жол. Оның негізгі тезисі мекеме- ашық жүйе, ол сыртқы әлеммен
үнемі қарым- қатынаста. 4 негізгі этапы бар.
1. Басшының басқарушылық компонентін қалыптастыру.
2. Ситуацияға қатысты қандай да бір әдістердің нәтижесін алдын ала көріп,
анализдеу.
3. Ситуацияның адекваттық трактовкасы. Оның негізгі факторын анықтау. Оған
әсер етушіні бағалау.
4. Оң эффектіге жету жолындағы басқару тәсілдерін нақты жағдайлармен
сәйкестендіру. Негізгі болып 3- этап есептеледі.
Басқару теориясының қазіргі жайы.
Қазіргі д.ж. менеджмент дамуына 3 жол бірге жұмылып бір- бірімен тығыз
байланыста. Көптеген концепциялар, трактовка, мектеп, әдістер болуы
нәтижені синтездеп, жалпылауда қиындық келтіреді.
Басқару теориясының әрі қарай дамуы қамтамасыз ететін ситуациялық жол болып
табылады.
Басқару теориясының қазіргі даму сатысында төмендегідей негізгі
тенденцияларды бөліп көрсетуге болады.
1. Ұйымдастырудың материалдық технологиялық базасын көп мән беру.
2. Басқарудың әрі қарайғы демокритизацисы. Ұйымдастыруды басқару
объектісінен өзін- өзі басқару субъектісіне айналдыру.
3. Менеджмент пен бизнес интернационолизациясы басқарудың жаңа мәселелері.
Басқару теориясының негізгі бейнесі. Жоғарыда келтірген тенденциялар
басқарудың жаңа көзқарасы қалыптасуына әкелді.
1. Басқарушылық рационализмнен бас тарту. Басқару иілімді, сыртқы орта
өзгерісіне бейімделген болу керек.
2. Басқаруда ситуациялық тұрғыдан келу. Оның негізгі тезисі- мекеменің
бүкіл ішкі ұйымдасуы сыртқы әсерге жауап беру.
3. Басқаруда жүйе теориясын қолдану.
4. Менеджменттің әлеуметтік жауапкершілігін бүкіл қоғам алдында әрбір жұмыс
істелуі жеке тұлға алдында сезіну.

1.2 Мемлекеттік басқару мен жергілікті басқарудың ара қатынасы

Жергілікті билікті ұйымдастыру — теориялық негізін Алексис де Токвил,
Лоренц Штейн, Рудольф Гнест еңбектерінен табуға болады. А.Токвил ұлттың
қауымдық институттарынсыз еркін үкімет қалыптасуы мүмкін, ал ондай жағдайда
еркіндіктің шынайы рухы болмайды деп атап көрсетсе, француз политилогі Ги
Сорман орталықтансыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту —
ұлттың күшті жағы. Мемлекет күші мықты болған жағдайда, қоғам керісінше
әлсіз болады деген ой айтады.

Осындай идеялар жергілікті басқару туралы ұсыныстардың қалыптасуына
арқау болғаны рас. Уақыт өте келе қауым еркіндігінің идеясы жергілікті
басқаруды дамытудың қоғамдық теориясына айнала бастады және бұл теорияның
негізгі белгілері төмендегідей болды (оның негізін салушы ресейлік ғалымдар
Н.М.Коркунов, П.П.Гронский, Н.И.Лазаревский, М.Д.Загряцков және т.б)

19 ғ. ортасында-ақ, мемлекетке орталық пен жергілікті билік арасында заңды
түрде қарым-қатынас орнап, жергілікті билік заң шеңберінде дербес белгілі
бір аумақта өмір сүріп жатқан халықтың мәселелерін шешуде белсенділік
таныта бастады.

Одан кейін жергілікті биліктің қайта қалыптасуы Кеңес дәуірінің соңғы
жылдары біліне бастады. 1990-1991 жж. Кеңестік социалистік республикалар
одағы жергілікті өзін-өзі басқару және жергілікті шаруашылықтың жалпы
басталуы туралы Заңы елімізде жергілікті басқарудың қалыптасуына негіз
болды деп айтуға болады.

Ал, 1991 жылдың ақпанында Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақстан
Республикасының жергілікті кеңестерінің халық депутаттары туралы Заңы
қабылданғанымен, ол заң бұрынғы кеңестік дәуірдің ағымымен жұмыс істеді. Іс
жүзінде жергілікті шаруашылықты басқару органдарының қызметі екі бағытқа
негізделеді, олар: биліктік және экономикалық. Олардың экономикалық негізін
кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы шаруашылық байланыстар мен қоғамдық
сұраныстарды жүзеге асырушы субъектілер құрайды. Бұл субъектілердің рөлдері
әртүрлі. Кәсіпорындар өз пайдасын немесе тауарын я қызметін қоғамдық
сұранысты қанағаттандыруға бағыттаса, кейбіреулері нормативті (заңды
негізде) және қоғамдық (өз еріктерімен) негізде халықтың мүддесін қорғауға
қатысады, ал, жергілікті басқару органдарының міндеті аталған екеуінің іс-
әрекетін халық мүддесі үшін реттеу болып табылады. Осындай жіктеудің
құндылығы сол — жергілікті мәселелердің шешімін табуында субъектілердің
рөлі мен орнын анықтау, жергілікті шаруашылықты басқару үрдісінде оның
атқаратын іс-әрекеттерінің мақсаттарын белгілеу, ерекшеліктерін есепке алу
болып табылады.

1.3 Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің шетелдік тәжірибиесі

Қазіргі таңда Қазақстандағы маңызды саяси мәселелердің бірі жергілікті
өзі - өзі басқару сферасы. Оның мақсаты мемлекеттік басқаруды
орталықсыздандыру процесін жалғастыру, орталықтың өкілеттілігінің бірсыпыра
бөлігін жергілікті деңгейдегі басқару жүйесіне беру болып табылады. 1985
жылдың қазан айының 15 жұлдызында қабылданған Еуропалық Хартияның
пайымдауында жергілікті өзі – өзі басқаруды заң аясында өздерінің
жауапкершілігі мен жергілікті тұрғындардың мүддесіне сәйкес әрекет ететін,
мемлекеттік істердің елеулі бөлігін шектейтін және оны басқаратын
жергілікті өзі-өзі басқару органдарының құқы және нақты қабілетті деп
түсіну керек деп ҚР Конституциясында меншік, жергілікті өзі - өзі басқару
және сайлау туралы заң актілерінде жергілікті басқару және сайлау туралы
заң актілерінде жергілікті басқару органдарында үлкен өкілеттік берілген,
бірақ ол мемлекеттік басқаруға қарсы қойылмайды, көптеген дамыған
елдердегідей саяси билікке араласпайтын әкімшілік құқық берілген. ҚР- ң
Конституциясында 8 бөлімнің 89 бабында жергілікті өзін-өзі басқарудың
жергілікті мағынадағы сұрақтарды тұрғындармен өз бетінше шешу коммуналдық
меншікті иемдену, пайдалану және иелік ету, жергілікті өзі - өзі басқаруда
тағайындалатын, сайланатын және басқа да органдары арқылы жүзеге асыруға
байланысты негізгі құқықтары бекілген. Шетелдік тәжірибелерге талдау жасап
көрелік. Жалпылама тұрғыдан алғанда АҚШ, Ұлыбритания (англосаксондық)
елдеріне тән үлгіде заң жүзінде мемлекет өзінің билік ету әсерін саналы
түрде шектейді, ал қалалар, аудандар, елді мекендер деңгейіндегі сұрақтарды
шешуде жергілікті өзі - өзі басқару органдарына дербестік беріледі.
Дегенмен осы елдерде бекітілген позитивті реттеу принципіне сәйкес
жергілікті басқару органдарының өкілеттілігінің көлемі олардың құқығы мен
міндеттерін нақты жіктеу жолымен қойылады.

Жергілікті өзі - өзі басқару түбегейлі өзгерістер жасаған Польшаның
мысалы барынша көңіл аударалық. Онда гминдер деп аталатын жергілікті
басқару органдары облыстық деңгейінің 49, және территориялық принцип
бойынша жергілікті жерде ұйымдастырылғаны 2469 болып саналады. Онда поляк
интеллегенциясының алдыңғы қатар өкілдерімен жоғары білікті мамандар жұмыс
істейді, олардың орташа жалақылары мемлекеттік чинвниктерден 30 пайызға
көп. Ескеретін бір жайт толыққанды жергілікті өзі - өзі басқару
органдары мемлекеттің қуатты қолдауымен қалыптасқан.

Гминдер ел Конституциясында және басқа да құжаттармен бекітілген
баптарға сәйкес елді басқаруда елеулі үлеске ие болып қана қоймай, сонымен
бірге мүліктік, қаржылық тәуелсіздікке , өздерінің дербес табыс көздеріне
де ие болды. Негізінен бұл шаралар әкімшілік жолмен жүзеге асырылған.

Осыған байланысты бюджеттік жүйені орталықсыздандыру мәселесі
туындайды.Жергілікті басқару органдарында салық салуда және бюджеттің шығыс
бөлігін өз бетінше анықтауда белгілі бір өкілеттілік берілуге тиіс деп
есептейтін пікір бар. Басқаша айтқанда, бюджеттік орталықсыздандыру
жергілікті басқару органдарына салық бюджет саласында шешім қабылдауға
мүмкіндік беретін белгілі бір шамадағы дербестікті қажет етеді.

Басқару жүйесін демократияландырубағытында елеулі саяси мақсаттар қойып
отырған ҚР үшін Францияның тәжірибесі де көңілге қонарлық ... .Себебі екі
елдің басқару жүйесіде көптеген ортақ ұқсастықтарбар. Бір ғана мысал
жергілікті әкімшілік территориялық бірлік болып табылатын коммуна, бір
жағынан, жергілікті тұрғындардың еркін білдіретін буын, екіші жағынан,
өзднрінің әкімшілік функциясын жүзеге асыратын алғашқы мемлекеттік бірлік
есебінде қаралады және мемлекет алдында есеп беруге міндетті.

Жергілікті билік органы муниципалдық кеңес коммуна тұрғындарының тікелей
дауыс берумен аныұталады.Оның басында дауыс беруден кейінгі бірінші
отырыста сайланған мэр тұрады. Мэр бір мезгілде коммуна қызметкері және
мемлекеттік қызметкері болып табылады. Коммунаның қаржысы біздің елдегі
сияқты негізгі жергілікті салықтар мен алымдар есебінен жасалады және
елеулі мөлшердегі мемлекеттік дотациядан тұрады. Мэрдың құзырында болып
табылатын коммунаның қаржылық әрекеті мемлекет тарапынан қатал бақылауға
алынады. Егер коммунаның бюжеті белгіленген мерзімде бекітілмесе, егер ол
тапшылықпен бекітілген болса, не оның баптары кіріс пен шығыс
баллансталмаған жағдайда , егер заңмен міндеттелген шығыстар қаралмаса
елдің прокуроры бір ай мерзім ішінде муниципалитеттің қаржылық жағдайын
ретке келтіретін қажетті шараларды қабылдау туралы аймақтық Есептеу
Палатасына ұсыныс түсіреді.

Шығыс Еропаның, Чехословакияның, Венгрияның және ТМД елдер ішінде РФ да
жүзеге асырылған институционалды өзгерістерге сәйкес жергілікті өзін өзі
басқару және жергілікті деңгейде сайлаулар туралы Заңдар қабылданды.
Олардың басты нәтижесі - жергілікті өзі - өзі басқарудың экономикалық
негізі болып табылатын коммуналдық меншіктің мемлекеттік меншіктен тыс,
бірақ меншіктің басқа нысандарымен құқы бірлдей болып ресми түрде
мойындалуы . Осыған байланысты Ресей Федерациясында жергілікті өзі - өзі
басқару азаматтармен реерендум, сайлау, тікелей еркін білдірудің басқа
нысандары жолымен, сонымен бірге өкілетті және басқа да органдар арқылы
жүзеге асырылады. Бұндай органдардың құрылымы тұрғындармен өз бетінше
анықталады. Жергілікті өзін өзі басқару органдары өз бетінше коммуналдық
меншікті басқарады, жергілікті бюджетті құрады, бекітеді және орындайды,
жергілікті салықтар мен алымдарды белгілейді, қоғамдық тәртіпті күзетуді,
сонымен бірге жергілікті маңызы бар басқада сұрақтарды шешуді жүзеге
асырады. Дегенмен, жергілікті өзі - өзі басқаруды жетілдіруде үлкен
бетбұрыстар жасап жатырған Қазақстан үшін сабақ болатын мәселелерде аз
болмай отырғанына назар аудару керек.

Түркияда жергілікті өзін-өзі басқаруды негізгі әкімшілік-аумақтық
бірлікте (илах) орталық билік өкілдері (вали) жүзеге асырады, бірақ сонымен
қатар сайланған Бас кеңес пен оның атқарушы органы - Энджомендері бар.
Қалалар мен елді-мекендерде бір жағынан ила өкілі болып келетін муниципалды
кеңестер, ауылдарда қарттар кеңесі мен староста сайланады.

II ҚР Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі және оның қалыптасуының
алғышарттары

2.1 ҚР жергілікті атқарушы органдарына жалпы сипаттама

Жергілікті өкілді орган халықтық өкілдік бірыңғай жүйелерінің
ажырамас бөлігі бола отырып, осы жүйеге тән белгілерін өз бойына
сіңірген.Жергілікті мемлекеттік басқару дегеніміз бұл Заң актілерінде
белгіленген құзырет шегінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар тиісті
аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу , оны дамыту мақсатында жүзезге
асыратын заңды тұлғаларға, сондай ақ тиісті аумақтағы істің жай күйіне
жауапты болып табылатын қызмет.

Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесінде әкімшілік аумақтық бөліністің
әрқилылығы көрініс табады, оның қызметінің экономикалық және қаржылық
негіздерін, әрине жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаға бекітілген
мүлік, сондай ақ заңға сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды.
Алайда маслихаттар мен әкімияттарға міндеттер, талаптар мен шектеулер
қойылады, олардың негізділеріне жататындар :

1) Жалпы мемлекеттік сыртқы және ішкісаясатқа қаржы және инвестициялық
саясатқа сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;

2) Ұлттық қауіпсіздікті қамтамсыз етуде ҚР мүдделерін сақтау

3)Қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпы мемлекеттік
стандарттарды ұстану

4) азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамассызету;

Аумақты дамытуға байланысты мәслихаттар мен әкімияттар қабылдайтын
жоспарлар еліміздің стратегиялық даму жоспарларына сәйкес келуі тиіс, әрі
оларға бірыңғай еңбек рыногын , капиталды, қаржыны қалыптастыруға, тауарлар
мен қызмет көрсетуді еркін алмасуға кедергі келтіретін шешімдер қабылдауға
тиым салынады.

2008 жыл ішінде Үкіметтің 2008 жылға заң жобалары бойынша жұмыс
жоспарын іске асыруда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бірлесіп Жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы және Қазақстан
Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселесі бойынша Қазақстан
Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Заң жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жүргізді.

Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін
енгізу бойынша халықаралық және жергілікті сарапшылармен кездесулер
өткізілді, сонымен қатар, семинарлар және дөңгелек үстелдер
ұйымдастырылды.

2007 жылдың мамыр айында Қазақстанда өзін-өзі басқаруға қатысты
Конституцияға өзгерістер енгізілген

Біріншіден, қоғамдық және мемлекеттік институттардың қосылуына жол
берілмейтіндігі туралы норма алынып тасталды.

Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқаруды халық тікелей жүзеге
асырады, сондай-ақ ол мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын
аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-
өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 1 қазанында жұмыс істеп тұрған
жергілікті өкілетті органдар-мәслихаттардың тиісті мемлекеттік
өкілеттіктерінің базасында жергілікті өзін-өзі басқарудың осы заманғы
жүйесін құру мүмкіндігі туралы пікір айтқан болатын.

Бұдан басқа, заң жобасында мәслихаттардың жергілікті өзін-өзі
басқарудың негізгі буыны ретінде рөлі мен функцияларын айқын бекіту
қажеттігі атап көрсетілді.

Айтылғандарды ескере отырып заң жобасында жергілікті өзін-өзі
басқаруды тікелей, сондай-ақ мәслихаттар және халық топтары жинақы тұратын
аумақтарды қамтитын жергілікті қоғамдастықтардағы басқа да жергілікті өзін-
өзі басқару органдары арқылы жүзеге асыру көзделген.

Заң жобасына сәйкес жергілікті өзін- өзі басқару облыс, аудан, қала,
аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер, ауылдық округтердің құрамына
кірмейтін кенттер және ауылдар шегінде жүзеге асырылады.

Әкімге мемлекеттік басқару функциясымен қатар жергілікті өзін-өзі
басқарудың атқару органдарының функцияларын жүзеге асыру ұсынылып отыр.

Сондай-ақ заң жобасында мәслихаттардың Парламент Сенаты
депутаттарының өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату бойынша
өкілеттіктерін іске асыру тәртібі көзделген.

Ағымдағы жылдың 11 қарашасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
отырысында Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жергілікті өзін-
өзі басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын
мақұлданды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы
№ 1066 қаулысымен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына
енгізілді.

2.2 ҚР жергілікті билік органы- басқару органдарының құрылымы және
қызметінің бөлінуі

ҚР жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік билікпен тығыз байланысты
болып табылады.Өйткені ол екеуінің көздегені ел халқының тұрмыс жағдайын
жақсарту мақсатындағы мүддесін білдіру. Мемлекеттің саясаттағы орталық
орынға ие болуы оның ғаламдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың ғылыми мектебінің негізгі жетістіктері
Қызметшілерді басқару - маңызды менеджмент құршысы
Басқару іс- әрекеті негізі
Социология ғылымының құрылымындағы басқару әлеуметтануының орны
Ғылыми менеджмент мектебі
Басқару ғылымы
Мектеп педагогикалық жүйе және ғылыми басқару нысаны ретінде. педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты туралы ақпарат
Басқару процестері
Мемлекеттік басқарудың мәні
Менеджменттің Классикалық мектебі
Пәндер