Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

I. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1. Жантану пәні, тарихы, жантану салалары ... ... ... ... ... ...

II. Негізгі бөлім:
Темперамент
2.1.Темперамент туралы жалпы ұғым.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
а)Темпераменттің психологиялық сипаты, түрлері. ... ... ... ... 11
б) Темперамент және іс-әрекет
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
в)Темпераменттерді тәрбиелеу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 19
Жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері
2.2.Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік.
... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2.3.Жүйке жүйесінің рефлекстік табиғаты туралы. (И.П. Павлов
ілімі және оның негізгі қағидалары.)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.4.Негізгі жүйке процестері. Қозу мен тежелу түрлері ... ... ..29
а) Жоғары жүйке қызметінің заңдары.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
б) Мидың анализдік және синтездік қызметі. ... ... ... ... ... ... ...33
в) Бірінші және екінші сигнал
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
г) Динамикалық
стереотип ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36

III. Қорытынды бөлім
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..38
IV.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..43
V. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .47

Кіріспе

Жантану пәні, тарихы, жантану салалары

Психология – психикалық құбылыстардың (жан қуаттарының ) пайда болу,
даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы әртүрлі бейнелері болып табылады. Олар (түйсік, елес,
ой, сезім, тілек, қабілет, қызығу, мінез, әдет т.б.) көпшілігімізге өз
тәжірибемізден жақсы мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Бір қарағанда
бұлардың мәнін әрқайсымыз тез ажырататын да, білетін де сияқтымыз. Бірақ
психикалық құбылыстардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіру арқылы ғана жан-
жақты ажыратуға болады. Осы мәселені ғылыми жолмен баяндауды, олардың
өзіндік заңдылықтарын айқындауды – сөз болып отырған психология ғылымы
қарастырады. Психология ерте замандардан келе жатқан ғылым салаларының
бірі. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Греция. Психология термині
гректің екі сөзінен тұрады: оның біріншісі – псюхе (жан), екіншісі –
логос (сөз, ілім).
Психологиялық ғылыми білімдердің тарихы екі кезеңге бөлінеді. Оның
біріншісі – шамамен 2500 жылға созылған, көшбасы Аристотельден басталатын
жан дүниесі жайлы түрлі ой-пікірлердің ілкі тарихы. Осы кезең ішінде
психология басқа ғылымдармен, әсіресе, философиямен қосақтаса дамып
келген. Оның екінші тарихы 1879 жылдан басталады. Сол жылы неміс ғалымы В.
Вундт (1832-1920) Лейпцигте тұңғыш лабаратория ұйымдастырып, мұның дербес
эксперименттік ғылым болуына себепкер болды.
Психологияның даму тарихы жоғарыда аталған ғұламалармен қатар
Герофил, Эразестрат, Гиппократ, Гален, Әбуәлі ибн Сина, Декарт, Гоббс,
Спиноза, Лейбниц, Локк, Гартли, Дидро, Вольф, Галлер т.б. оқымыстылардың
есімімен тығыз байланысты.
Жан дүниесінің сыры жайлы дәйекті пікірлерді қазақ ойшылдары да
айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе, мақал-мәтелдерде
көптеп кездеседі. Мәселен, Тән ауырса, жан да ауырады, Тәні саудың жаны
сау, Тән өледі, демек жан да өледі, Жан бар жерде қаза бар, Жан
кеудеге қонақ т.б. осындай мақалдарда жан мен тәннің ара қатынасы
шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес. Жан - қазақ
ұғымында жан-жануарға, адамға тіршілік, күш-қуат беретін рух.
Ғылыми психология адамның ой-өрісі, сана-сезім дәрежесі, іс-
әрекеттен, оның нәтижесінен жақсы байқалатынын талай рет айтқан. Сана, іс-
әрекеттің бағыт – бағдарлы сипатта болуын қамтамасыз етеді. Сана мен іс-
әрекет бір-бірімен тығыз байланысты. Сананың белсенділік сипаты да, оның
мінез-құлықты реттейтін басқарушылық функциясы да принципке негізделеді.
Осы айтылғанға орай психиканы нақтылы іс-әрекет үстінде зерттеу ғылыми
психологияның ең негізгі принципі болып табылады.
Л.С. Рубинштейн Жалпы психология негіздері (1940) атты еңбегінде
Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрініп тұр: олар
біздің қабылдауымыз, сезіміміз, ойларымыз, ықылас – ниеттеріміз бен
тілектеріміз т.б. яғни біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрап, біздің жан
толғаныстарымыз үшін денемізге ажырамастай болып сіңген құбылыстар жиыны,
- деген. Психологиялық дүниенің бірінші ерешелігі әр тұлғаның (индивид) өз
меншік толғанысының болуы, ол түйсік сезімімен ғана көрінеді де, оның
басқаша пайда болу жолы жоқ. Мысалы, қаншалықты әдемі, нәрлі суреттеп
берсең де, соқырдың дүние сұлулығын сезінуі қиын; керең тікелей
қабылдамаған соң, ән-күй әуенін танымайды; махаббат ляззатына өзі
бөленбеген адамға ол жөніндегі әңгіме – дастан да түкке тұрмайды.
Психология ерекшеліктерін танудың қиындығы олардың адам ақылына сиып
болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебі, әрқандай нақты
заттың өзі мен оның қабылдаған кейпі бір-бірінен ажыратылып тұратыны
даусыз. Жан ерекше, тәннен бөлек жасайтын құбылыс деген нанымның санаға
терең ұялауы бұған мысал бола алады. Алғашқы адамның өзі де адамдар мен
жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін сезіп, білген. Осыған орай
адам ұстамға келетін тәннен және көрінбейтін жаннан бірінен – бірі
бөлінбейтін дербес екі бөліктен тұрады деген сенім туындады; яғни адам
өлмейінше, жан оның тәнінде жасап, өлгеннен кейін тәннен шығып кетеді мыс.
Жан жөніндегі танымдар қандай құбылыс - өзгерістерге енгенімен
өмірлік іс-әрекеттің қозғаушы күші – жан деген тұжырымға ешбір шүбә келтіре
алмады. Тек XVIII ғ. психология білімінің дамуында Рене Декарт жаңа дәуір
есігін ашты. Ол адамның ішкі мүшелері ғана емес, тіпті дене әрекетінің де
жанға ешқандай қатысы болмайтындығы жөнінде пікір айтып, дәлелдеді. Бұл
жантану ғылымының кейінгі желісіне үлкен ықпал жасады. Декарт ғылымға екі
түсінікті – рефлекс және сананы бірдей енгізді. Бірақ ол өз тағылымында жан
мен тәнді бір-біріне қарсы қойды, өзара тәуелсіз екі болмыс материя және
рух жасайтынын уағыздадаы. Сондықтан да психология тарихында бұл декарт
тағылымы дуализм (екі жақты) атауын алды. Дуалистер көзқарасында,
психикалық табиғат ми қызметінің өнімі емес, мидан тыс, оған тәуелсіз, өз
бетінше жасайтын құбылыс екенін түсіндірілді. Бұл бағыт ғылымда обьективті
идеализм деп аталды.
Психологияның басқа ғылымдар жүйесіндегі орнын тануға орай
психологиялық деректердің басқа ғылымдарда пайдалану мүмкіндіктерін және
керісінше, психология олардың нәтижелерін өзіне қарай қолданатынын жете
түсінуге болады.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі қызметі – зерттеу
обьекті адам болған барша ғылым салаларын жетістіктерін біріктіріп,
байланыстыру.
Психологияның негізгі міндеті - психикалық іс-әрекет заңдарын даму
барысында зерттеп, тану. Психикалық құбылыстардың адам өмірі мен әрекетінің
обьектив жағдайларына тәуелді заңдылықтарын аша отырып, психология осы
әсерлердің мидағы бейнелену механизмдерін де айқындайды. Осыған орай,
психология физиологиямен, дәлірек айтсақ, жоғары жүйке қызметі
физиологиясымен өте жақын байланыста болуы сөзсіз.
Психологияның педагогикамен байланысына аса назар аударған жөн.
Әлбетте, бұл сабақтастық бұрыннан да белгілі, кезінде К.Д. Ушинский:
Адамды жан-жақты тәрбиелеу үшін оны жан-жақты зерттеу қажет , - деген
еді. Бұл арада психологияның практикалық маңызы нақты көрініп тұр. Егер
педагогика психологиялық құбылыстардың табиғаты жөніндегі білімдерге
сүйенбесе, онда ол қара-дүрсін педагогикалық кеңестер мен көрсетпелер
жиынтығына айналып, шын мәнінде ғылым болудан қалып, мұғалімге ешқандай
жәрдем бере алмайды. Педагогиканың барша салаларының даму барысында
психологиялық зерттеулерді қажет ететін проблемалар туындап отырады.
Психология қай ғылым саласымен байланысса да, оның зерттеу обьектісі
жалғыз-ақ: ол – адам, оның психикалық процестері, қалыптары және
қасиеттері.
Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа
ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес. Көп жағдайда олар қоғамдық
практиканың өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология
алғашқы уақытта теориялық тарабы басымдау, дүниетанымдық пән болса, ол
қазіргі кезде өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірісті, мемлекетті
басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі,
мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби практикалық іс-әрекеттің бір
саласына айналуда.
Психология сан салалы ғылым. Қазірде оның қырыққа жуық саласы бар.
Қай саласы болса да күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған –
қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірімізде болып жатқан ғылыми-техникалық
экономикалық прогрестің әсері. Осы ғылымның кейбір салалары еңбек, яғни
нақты іс-әрекет үстінде адам баласы қалайша дамып отыратындығын зерттейді.
Осы тұрғыдан жантану ғылыми-педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлік
т.б. болып бірнеше салаға бөлінеді. Мәселен, педагогикалық психология оқу,
тәрбие істерінің оқушы санасына қалайша әсер ететіндігін балалардың жас
мөлшеріне лайықты оқулықтар мен бағдарламалар құрастыру кейбір оқушылардың
екінші жылға қалу, мектептен шығып кету себептері, тәрбиеленуі қиын
балалармен жұмыс істеудің жолдары, жыныс тәрбиесі, бағдарламалап оқыту
(алдын ала жасалған үлгіге қарап оны ұтымды етіп ұйымдастыру) –
педагогикалық психология зерттейтін ғылыми мәселелерінің бір тобы.
Медициналық психология дәрігер мен науқастың арасындағы қатынасын, олардың
мінез-құлқының түрлі көріністерін зерттейді. Олар өз тарапынан
нейропсихология, психофармология, психотерапия, психопрофилактика,
психогигиена дейтін салаларға бөлінеді. Адам мен техниканың қарым-
қатынасынан туындайтын психологиялық мәселелерді инженерлік психология
зертейді. Бұл соңғы кездерде өріс алған ғылыми келешегі мол жантану
салаларының бірі.
Психология ғылымының келесі бір саласы үшін даму принципі басты негіз
болады. Бұларға мектепке дейінгі бала, жасөспірім, балаң, кемел, егде
жастағылар психологиясы жатады, ал арнаулы психология психикасы кеміс
адамдардың түрлі жақтарын зерттейді. Салыстырмалы психологияға
зоопсихология, этология дейтін салалар кіреді. Салыстырмалы психология
жануарлар психикасымен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырады.
Қоғамның, ұжымның жеке адамдарға тигізетін ықпалын зерттеу ісімен
психологияның әлеуметтік деп аталатын саласы айналысады. Психология мен
этиканың арасында да тығыз байланыс бар. Этика адамдардың мінез-құлық
нормаларын, адамгершілік принциптердің заңдылығын зерттейтін ғылым. Мораль
мәселесінің кейбір жақтарын да (адамның моральдық сезімдері , саналылық
дәрежесі) психология ғылымы қарастырады.
Барша психология салаларының ішінде айрықша орынды жалпы психология
иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті психологияның
әдіснамалық проблемалары мен тарихын, психикалық құбылыстар пайда болуының,
дамуының және болмысының жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау.
Психология сондай-ақ жаратылыстану, педагогика, пән методикасы
ғылымдарымен тығыз байланысып жатады. Психология нарық экономикасына көшу
кезеңіндегі адамдардың көңіл-күй ерекшеліктерін зерттеуі тиіс. Мәселен,
егемендік пен тәуелсіздік адам психикасына қалайша әсер етіп отырғандығы;
ұлттық оқу-тәрбие процесінде болып жатқан түрлі жаңалықтарды психологиялық
тұрғыдан зерттеу осы ғылымның басты міндеттері болып табылады.
Психология саласында жүргізіліп жатқан әр тарапты зерттеулер қазіргі
қоғамдық дамудың, оның тыныс-тіршілігінің жаңа сипатын, демократиялық бағыт-
бағдарын, қазақ елінің егемендігі мен тәуелсіздігі жағдайында, адам хұқы
мен оның ізгілік, мейірбандық, имандылық секілді адами қасиеттерінің өріс
алуынан туындап жатқаны хақ.

Темперамент туралы жалпы ұғым

Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның
жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығын, қимыл-
қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент - организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе,
жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс.
Темперамент адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң
қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді),
психиканың күші мен тереңдігінен де ( біреу өжет, алғыр болса, екіншісі
сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де
(салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз), эмоция сезімдерінен де (сабырлы,
күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас-тартысты қырлары
баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көптігіне қарамай,
ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның әлеуметтік
тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи іргетасы.
Сонымен, темперамент – адамның психикалық әрекетінің нақты
динамикасын айқындайтын психиканың дара қасиеттерінің жиынтығы. Бұл
психикалық ерекшеліктер адамның барша іс-әрекетінде оның мазмұны, мақсаты
және сеп-түрткілеріне тәуелсіз бірқалыпты көрінеді, есейген шақта да
өзгеріске түспей, өзара байланыста темперамент кейпін өрнектейді.
Темперамент түрлерінің жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы
өзінің ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераментті реттеп,
түзетуге қаратылмай, нақты іс-әрекетте оның тиімді жақтарын саналы әрі өз
орнымен пайдаланудың жолдарын табуға бағытталған жөн. Адам ежелден ақ
әрқилы тұлғалардың психикалық бітістерін танумен, олардың барлығын
жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай
жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына біріктіруге тырысқан. Мұндай
жалпыланған бейнелер бірігімін психология тарихында алғашқыдан темперамент
типтері деп атаған. Темпераменттердің бұл бірігімдік (типологиялық) жүйесі
өмірлік іс-әрекет тұрғысынан өте тиімді, себебі оны пайдалана отырып, нақты
тұрмыстық жағдайларда белгілі темперамент типіне жататын адамның болашақ
әрекет – қылығын күні ілгері пайымдауға әбден болады.
Темперамент туралы алғашқы ойлар ғылымда өте ерте кезде айтыла
бастаған. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігері Гиппократтың (б.э.д 460-
336) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша
әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық
заттарға байланысты болмақ. Олар денені жылытып тұратын – қан,
салқындататын – шырын (слизь), құрғататын – бауырдағы сары өт және оған
дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының
пропорциясын грекше красис деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді
темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр
түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттардың бір-бірінен аз-
көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организмде қанның пропорциясы
артық болса, ол сангвиникалық (латынша сангиус- қан), ал шырын басым
болса (грекше флегме - шырын), флегматик темперамент деп, ал организмде
қара өт баысм болса меланхолик (грекше мелай- нехоле - қара өт),
организмде сары өт басым болса холерик (грекше холе - өт) темпераменті
деп атаған.
Гиппократ организмдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы
кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді. Ол мидың рөлін
түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл – адамның жеке
ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организмдегі химиялық заттардың
құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организмның
түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің
құрылысына, зат алмасуға , ішкі секреция бездеріне т.б. байланысты деген
пікірлер тарады, неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің Антропология
деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық
сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама
ретінде (былай деп ұғыну қате) қарастырды.
Темперамент туралы теориялар XΙX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады.
Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке
жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н. Л. Зеланд (1833-
1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен
біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф. Лесгафт (1837-
1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты
деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан
дәйекті етіп түсіндірген академик И.П. Павловтың ілімі темперамент туралы
түсінікті ғылыми сара жолға түсірді.
Жүйке жүйесінің типтері ми қабығындағы қозу, тежелу процестерінің үш
негізгі белгісінің (күші, тепе-теңдігі, қозғалғыштығы) жиынтығынан
құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі,
яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.
Жүйке процестерінің тепе-теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең
келуін айтады. Жүйке процестерінің қозғалғыштығы деп олардың бірінің
екіншісіне алмаса алу қабілеттілігін айтады. И.П. Павлов ашқан жүйке
жүйесінің типтерін, олардың қасиеттері 3 - сызбанұсқада көрсетілген.
Сөйтіп, И.П. Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің
үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип – жұмыс
істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін
(қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ерекше қозғалыстағы тип. Күшті
типтердің екіншісі ширақ типтер деп аталынады. Күшті типтердің екіншісі –
ширақ типтер деп аталынады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір – біріне
тең келіп, тез аламасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – қозу мен тежелу
бір-біріне тең, бірақ алмасуы сараң, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозу
мен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің
әсерінен туатын шектен тыс тежелулер де әлсіз типте жиі болып тұрады.
Мұндайда кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді
келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің
негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы
түсіндіреді. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозуы мен
тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті,
қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен
тежелуі бір-біріне тең болғанымен, қозғалысы баяу адамдар десе;
меланхоликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И.П. Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі
типтердің кездесетінін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы ерекше
күшті, тежелуі әлсіз және қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса
қозуы басымдау тұратын), сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең
келетін варианттары байқалған. И.П.Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің
типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам
темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын
көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама береді: Темперамент
жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидуумның барлық
әрекетіне белгілі өң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы. Гиппократ
іліміндегі темпераменттердің физиологиялық негіздерін И.П.Павлов
4 - сызбанұсқада көрсетілген.

Темпераменттердің психологиялық сипаты

И.П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі
темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен, жүйке процестері күшті,
бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе, ұйтқымалы, қимыл –
қозғалысқа шапшаң келеді. Олар – ұстамсыз, күйіп – пісуге ылғи да дайын
тұратын күйгелек адамдар. Істі бұрқыратып істегенмен, олардың кейде қолын
бір сілтеп сылқ ете түсетін кездері кездері де болады. Бұлар – холерик
темпераментінің өкілдері. И.П.Павлов холериктерді жылдам, тез әсерленгіш,
жалындап атып тұратын жауынгер тип деп атады.
Сангвиник темпераментінің өкілі, Павловтың айтуынша, қуатты,
тұрлаулы, ширақ тип, ойнақы, еті тірі бірақ кез-келген істі бастап кейін
тастап жүре береді. Ол жұмысқа қабілетті, беріліп істейді, басқа адамдармен
тез тіл табыса біледі, ұжым арасында өзін көңілді ұстайды, былайша
айтқанда, ақкөңіл, қызу істің адамы. Оның осал жері – іс жоқ кезде сылбыр
күйге түсіп кетеді, енді бірде жеңіл мінезділікке салынады. Бұл оның
эмоцияларының тұрақсыздығынан және жалпы қозғалғыштығынан туатын жайлар.
Флегматик темпераментіндегі адам, көбінесе, салмақты, сабырлы келеді.
Олар кез-келген нәрсеге сезім білдіре бермейді, асықпай, баппен жүріп-
тұрады, сезімдері сыртқа шықпайды десе де болады. Осы темпераменттің бір
осал жері – қимыл-қозғалыстың баяулығы, өмірде болып жатқан жағдайларға
селсоқ қарайтындығы, оңтайлылықтың жоқтығы. Бірақ мұның ұстамдылығы,
салқынқандылығы, адамның мінез бітістері үшін таптырмайтын қасиет болып
табылады.
Меланхолик темпераментіндегі адамға әсер етпейтін нәрсе жоқ, бірақ
әсер еткен нәрсесінің бәріне өз сезімін білдіре бермейді, не де болса
ішінде жүреді. Мұндай темпераменттегі адам өзге адамдармен онша көп
жұғыспайды, бірақ тиісті жерінде айтайын дегенін айта алады. Тұйықтық, өз
ойына шомуға бейім тұрушылық, орынсыз ибалылық – осы темпераменттің ең бір
осал жағы.
Сонымен, темперамент – бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын
айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс-әрекеттің барша
түрінде мазмұн, мақсат, сеп-түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс
береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара
байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады. Темперамент
типінің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет-қылықта ғана
емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімге, ниет пен
әрекетте, ақыл-ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т.б. байқалады.
Алайда дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик,
флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне
төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолданылуда:
Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда
болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап
әрекеттің туындау шапшаңдығы.
Жауап - әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не ішкі әсерлерге
болған ырықсыз жауап-әрекет дәрежесі.
Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау
және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет – қылығының қарқындылығы
(табандылық, зейін қою, бағдар таңдау).
Жауап - әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс-әрекетінің
өзін пайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ
сыртқы немесе ішкі жағдайлар (көңіл – күйден, кездейсоқ оқиғалардан),
болмаса ниет, мақсат, талғам т.б.
Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға
қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт,
тіпті жат қылық көрсетуі.
Жауап-әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер,
сөйлеу, ым-ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.
Экстраверсия , интраверсия – адамның жауап әрекеті мен іс қимылына
себепші жағдайлар – нақты мезеттегі сыртқы сезімдер немесе өткен мен
болашаққа байланысты санадағы бейне, елес пен ойлар.
Сезімдік қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі
әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.
Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясына
темпераменттің барша ғылыми қауым қабылданған төрт типінің сипаттамасы
төмендегіше.
Сангвиник – жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл
әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелуі тепе-тең.
Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым-ишарасы мен қозғалыс қимылдары
мәнерлі, шап-шаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі
қалып, мұңаяды. Бет-жүзінен көңіл-күйі, заттар мен адамдарға болған
қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері
болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі
белсенділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске
қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып-шаршамастан қызметін жалғастыра алады.
Зейінін таңдаған обьектіне тез шоғырландырады, тәртіпті, қажет болса,
өзінің ырықсыз әрекеттері мен сезімдеріне тоқтау, тиым бере алады. Әдетте,
бұл типті адам өткені мен болашағын болжастыруда өзінің субьектив
пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді обьектив
бағамдауға бейім, экстраверт.
Холерик - сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және
белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан
ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі
кемірек. Осыдан – ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін
ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сырттай көрінеді, сондықтан - толық
экстраверт.
Флегматик - әрекеті енжар, сезімталдығы мен көңіл шарпулары кем
көріністі. Оны күлдіру де, мұңайту да оңай емес, төңіректің бәрі күлкіден
жығылып жатқанда, ол міз бақпас. Қай жағдайда да сабырлылығы мен
байсалдылығын жоймайды. Ым-ишара жоқ, сөзі сылбыр, әрекеті жай. Жаңарған
жағдайға икемделуі қиын, дағдылары мен әрекеттерін өзгертуі ауыр. Солай да
болса, флегматик өте қуатты, жұмыстан шаршамайды. Шыдамды, ұстамды, сезімге
берілмейді. әдетте, жаңа адамдармен араласып кете бермейді, сырттай әсерге
төзімді. Бар білгені ішінде – интраверт.
Меланхолик - өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы
нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен
қабылдайды. Ым-ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр.
әдетте, өзіне сенімсіз, үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің
жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз, оның барша
психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы
мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.
Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтқысыз дәлелденген, ал
қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы - әлі ғылыми
шешімін таппаған.
Табиғи жағдайда темпераменттердің таза түрін ажырата алу, көбінесе
қиынға соғады. Өйткені, олар адамның өмір барысында қалыптасатын әр түрлі
ерекшеліктерінің көлеңкесінен жөнді көрінбей қалуы да мүмкін.
Дегенмен, ұзақ уақыт бойына жүргізілген зерттеулер төменгі сынып
оқушылары арасынан темпераменттердің таза түрлерін тауып алуға мүмкіндік
берді.
Темперамент түрлері
Оқушылардың сөйлеу ерекшеліктерінің қалыптасу жолын қарастыра отырып,
сөздің адам психикасына ерекше реңк беретіндігін, мұның балалардың
темперамент ерекшеліктерінен жақсы көрінетіндігін байқауға болады. Бұл
жерде профессор Н.И.Красногорскийдің баланың жоғары жүйке қызметі оның
сөйлеу ерекшеліктеріне (атап айтқанда, дауыс ырғағына, мәнерлілікпен сөйлеу
қарқынына) әсер етіп отырады деген қағидасының дұрыс екендігі байқалады.
Осы айтылғанмен қатар, балалардың темпераментін анықтауда олардың жалпы
ақыл-ой әрекетінің ерекшеліктерін, жұмыс істей білу қабілетін, осыларға
байланысты әр түрлі темпераменттегі баланың ерекшеліктерін төмендегіше
тұжырымдауға болады:
1.Сангвиник темпераменті басым оқушының ерекшеліктері:
ашық, көпшіл, сөзшең, кісіге қайырымды, қысылып- қымтырылмайды, оптимист,
өмірсүйгіш, көтеріңкі көңілді, басшылыққа, жетекшілікке құштар. Мұндай бала
жылдам және тез қозғыш, көңіл-күйі жиі өзгергіш келеді, көп нәрсеге
қызығады, бәрін біліп алуға тырысады, бірақ біреу бағыттап отырмаса, тез
суып кетуі де ықтимал. Ақыл-ойы әрекеті белсенді жүріп отырады. Сыныпта
мұғалімнің айтқандарын қиналмай ұғады, сұрақ қоюға жаны құмар. Оның сөзі
жылдам, анық, түсінікті, паузалар мен интонацияларды жақсы сақтайды, сөзді
мәнерлей айтуға тырысады. Сөйлегенде ым-ишара (мимика, пантомимика) жағы
басым келеді, көбінесе эмоциялы, қозу жағдайында тұрады. Осындай балалардың
мінез-құлқынан қажырлылық, белсенділік сияқты кейбір жақсы қасиеттерді
көруге болады. Сондықтан да сангвиниктер өмірге икемді, тәрбиелеуге
оңтайлы, ширақ темперамент болып саналады.
2. Флегматик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Ол өте сақ,
ұяң, байсалды, жұртқа жақсылық тілейтін, сенімді, тұрақты, бірқалыпты.
Флегматик темпераментіндегі бала сабырлы, орынсыз асып-саспайды. Сабақта
тыныш отырады, жанындағы баланы мазаламайды. Ауыр мінезді, көрсе қызар
емес, мәселені тез шешуге асықпайды, салқынқанды. Бір істі бастаса
салпақтап соңынан қалмайтын бала. Мұндай балалардың сезімдері сырт
әлпетінен көрінбейді десе де болады. Ол оқушының дауыс екпіні баяу келеді,
аптықпай, асып-саспай сөйлейді, сөзі ым – ишаралармен ерекшеленіп тұрмайды.
Флегматик темпераменттегі балалардың көпшілігі мектепке келгеннен кейін оқу
дағдыларын меңгеруде өзінің икемділіктерін жақсы көрсетеді.
3. Холерик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Бұл ұшып-қонып
тұратын, күйгелек, тынымсыз, шамданғыш, көңіл-күйі жиі өзгеріп тұратын,
қарым-қатынаста аумалы – төкпелі, тұрақсыз, соқпа мінезді, белсенді, пысық,
бірақ бейқам ашуланшақ бала. Мұндай оқушы қимыл-әрекетті сүйеді. Әдетте
оның қимыл-қозғалысы батыл, шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден
беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Онда ой әрекетінің белсенділігі
байқалады. Ой әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан да
жақсы көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен
қатынасады. Мектепте ұйымдастырылатын жұмыстарда балалардың алды болатын да
осылар. Мұндай балалардың көбінің мінездері сотқар, шалдуар келеді. Өз
эмоциялары мен қимыл-қозғалыстарын билей алмай, қабынып, күйіп-пісуге
дайын тұрады. Ашуы шапшаң, қатты, қияңқы, ұнамсыз істерге әуес. Бұлардың
сөзі жылдам, интонациясы толқымалы, кейде топ ішінде даусы қатты шығып та
кетеді. Олар тез, қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді бірден ұйытады. Холерик
темпераментіндегі бала өте сезімтал болғандықтан, түрлі әсерге тез
беріледі, ызақор, ашуланшақ келеді. Оның бұл сияқты ерекшеліктері өткір
көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады.
4. Меланхолик темпераменті басым оқушының ерекшеліктері. Сәл нәрсеге
ренжиді, өкпелегіш, пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын жай
басар. Мұндай оқушылардың сезімталдығы өте баяу көрінгенмен, онысы терең
және ұзақ уақытқа созылады. Меланхоликтер мектеп өміріндегі оқиғалардың
бәрін үлкен әсермен қабылдап, оларды көп ойлайды. Мәселен, мұғалім оны
тақтаға шақырып есеп шығартса, мұның өзі оған кейде әлдеқандай зор әсер
етеді. Ол кейде қызараңдап ұялады, егер мұғалімнің тапсырғанын орындап шыға
алмаса, осыған қатты қайғырады, көпке дейін бұл оның есінен кетпейді. Егер
мұғалім сыныптағы балалардың көзінше оған ұрсатын болса (бұлай ету әрине
дұрыс емес), мұндайда бала төмен қарап жылап, кейде жауап айта алмайтын
жағдайға ұшырайды. Ол көпке дейін булығып, белсенді сөз айтудан қалады.
Меланхолик темпераментіндегі оқушы, көбінесе, өз жолдастарының арасында
көзге түспей, жай ғана жүріп-тұрғанды ұнатады, мен деп ешқашан
ұмытылмайды. Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ
жүргенді жақсы көреді. Мектепте осындай балаларды құрбы-құрдастары
қорқақ, сылбыр, үндемес, маубас т.б. деп келеке ететін кездері де
болады. Ол жасқаншақ, сіркесі су көтермейді, бірбет, қыңыр, қисық келеді.
Темпераменттердің адам психикасынан алатын орнын топырақтың әсемдікке
тигізетін әсерімен салыстыруға болады, өйткені темперамент – адамның табиғи
жағын көрсететін басты белгілерінің бірі. Әйтсе де, темперамент адам
психологиясының бүкіл мазмұнын көрсете алмайды. Өмір сүру барысында
біртіндеп қалыптасып отыратын адамның дүниетанымы мен сенімі, қызығуы мен
қажеті, мұраты мен талғамы, оның темпераментіне тәуелді емес. Бұл жөнінде
Н.Г. Чернышевский өте тамаша айтқан: Егер қабағынан қар жауған, сөзге
сараң Валленштейн соғысты қандай жақсы жүргізе білетін болса, әзілқой,
сөзшең Суворов та соғыста одан аспаса, кем түспейтін.
Әр адамның темпераменті психикалық әрекетінің көрінуінде сырттай із
қалдырғанмен, ақыл-ойының дамуына ешқандай елеулі әсер ете алмайды деген
қағиданың бірден-бір дұрыстығын меланхолик темпераментіндегі оқушылардың
өмірінен жақсы көруге болады. Жүйке жүйесі әлсіз, жуас балалардың
мектептерде оқу озаты болып жүргендері аз емес. Осы айтылғандардан
темпераменттердің қандай болмасын тәрбиенің ықпалымен қалыптасып
отыратындығы, тіпті меланхоликтердің өзін ерік - жігері күшті, мінезді,
ұжымның бағалы мүшесі тәрбиелеуге болатындығы байқалады.

Темперамент және іс-әрекет.

Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет-қылығында,
қозғалысында ғана емес, барша ақыл-ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет
бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктернің оқу мен еңбек барысына ықпал
етуі табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты
қасиет – олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу
көріністерінде.
Егер іс-әрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен
темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмайды. Бұл ғылыми
дәлелденген. Сонымен, тұлғаның қалыпты жағдайдағы әрекет нәтижесі оның
шапшаң не енжар екендігіне қарамай, бірдей өлшемде болады, себебі соңғы
өнім нәтижесі басқа факторларға, әсіресе сеп-түрткілер мен қабілет
деңгейіне байланысты келеді. Темперамент ерекшеліктері сол әрекетті орындау
тәсілдерін өзгертуге ықпал жасауы мүмкін.
Темпераментіне қарай адамдар соңғы нәтиже емес, сол нәтижеге жету
жолдарын таңдауымен ажыратылады. Темпераменттің тума ерекшеліктері
тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық
процестерді көрініс береді. Жағдайға орай жауап-әрекет, бір жағынан жүйке
жүйесінің сипатына, екінші тараптан – оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге
тәуелді. Мысалы, тәжірибелі ұшқыштың, боксердің, жүргізушінің әрекет
шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің нәтижесі. Ал
сол әрекеттердің іске асу шегі жүйке жүйесінің мүмкіндіктерімен анықталады.
Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейді, ондайда
темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркім де тартуы мүмкін,
ал шебер күшті болу – кемде-кем адамға берілген өнер. Мұндайда маман
дайындау үшін кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық
ерекшеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандандырылған адамдар өз еңбегінде
үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.
Адам іс-әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент
ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын,
жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне
кзшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал
флегматиктер әрекетте сылбыр, енжар көрінгенімен, жай, бірқалыпты, тұрақты
бір тәртіппен орындалатын қызметтерде өте тиімді келеді. Қайталауы көп,
жалықтыратын, қарапайым істерде меланхоликтер шыдамдылық көрсете алады,
мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап-шалдықпайды. Ал қызмет бабы
мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде – сангвиник пен
холерик тіпті шыдамайды.
Оқу мен тәрбиені оңтайластыру мен олардың тиімділігін көтеру жолында
әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап
алған жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге кеңес: холериктің оқу істерін мейлінше
жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті оқушымен қатты сөзбен, жекіріп
жасалған қатынасқа сай келеңсіз жауап әрекет болуы сөзсіз. Сонымен бірге
оның қай қылығы болмасын орынды талаппен, әділ бағалануы тиіс.
Сангвиниктерді үздіксіз жаңа, қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш
жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсенді іс-
әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жеткізіп тұру қажет.
Флегматик қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында
болғанды ұнатады. Оны бір істен екіншісіне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал
меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес, тіпті
жай дауыс көтеру, әзіл-оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате-
кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп,
әрқандай іс-әрекетке көрсеткен белсенділік ұшқыны үшін де мезетінде мақтап,
қошеметтеп тастау керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше
жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл
тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре қатынасу
керек.
Сонымен, адамның қай мазмұнда болмасын өз іс-әрекетін жүзеге келтіруі
тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің
желісінде көріне отырып, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына
ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның
ауыспалылығын айқындап береді.

Темпераменттерді тәрбиелеу мәселесі

Адамдардың темпераментін анықтау үшін оны мұқият зерттеу қажет
болады. Көпшілік жағдайда темпераменттердің кейбір ерекшеліктері байқала
қоймайды да, осыған орай кейде қате қорытындылар жасалады. Темпераменттер
жүйке жүйесінің тума типтеріне көбірек тәуелді болғандықтан, оларды тек
лабаратория жағдайында ғана зерттеу жақсы нәтиже береді. Жоғарыда атап
өткендей, адамның іске қызығуы әуестенуімен байланыстылығын және істің әр
саласында бір темпераменттің өзі әр түрлі көрінетіндерін психология ғылымы
дәлелдеп отыр.
Түрлі темпераменттердің ішінен бұлардың қайсысы жақсы деп сұрақ қоюға
болмайды.
Кез келгенінің де ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Мұны 5– сызбанұсқадан
байқауға болады.
Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан
арылу жолын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе
– бұл осы адамның сана-сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып
табылады. Ал, керісінше, адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие болмаса,
темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсететін болады.
Оқушылардың мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде, олардың
темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп отырудың маңызы зор. Темперамент
тәрбиесіне әрбір мұғалім И.П. Павловтың жүйке жүйесінің типтері туалы
іліміне сүйенуі тиіс. Павлов ілімі жүйке жүйесінің типтері өмір барысында
өзгеріске түсетіндігін, бұлардың тума ерекшеліктерімен қоса, қоғамдық
тәрбиенің әсерімен қалыптасатын типтері де болатындығын, жүйке жүйесінің
типтерін арнаулы жаттығулар арқылы өзгертуге болатындығын көрсетті.
Мәселен, қозуы аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру
арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы
байқалады. Осы ілімге сүйене отырып, тәрбиешілер холериктерді
ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ жұмыс істеуге үйретіп,
сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді
жайбарақаттыққа салынғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа
тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді,
олардың моральдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді
жоспарлағаны жөн. Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда,
әсіресе, мінез-құлықтық кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде,
олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы тиіс. Мұғалім үй
тапсырмаларын сұрау, жаңа сабақты пысықтау кездерінде де әр баламен жеке
үндесіп отырмаса болмайды. Мәселен, тілі мен жағына сүйенген холерикті
тыныштандырып, үндемей отырған флегматикті жауап беруге шақыру мұғалімнен
асқан байсалдылықты қажет етеді. Ал, кейбір жағдайда меланхолик бала тәртіп
бұзған болса (мұндай жағдай өте сирек болады, әрі олар өздері бірінші болып
тиіспейді), оны жұрт алдында қызартып, ұялту дұрыс емес. Мұндай баламен
істің мәнісін ашу үшін, оңаша сөйлескен дұрыс. Холерик темпераментіндегі
балаға қатаң ескерту жасап, қойылған талапты қалайда орындатқызу жағын
ойластырмаса болмайды. Сангвиниктер мен холериктердің мектептегі қоғам
жұмыстарына өздері тіленіп қатысатыны өте жақсы әдет. Бірақ бұларды
қадағалап, жұмысына бағыт беріп отырмаса, жұмыстың нәтижесі төмен болуы
ықтимал. әсіресе, сангвиниктерді қатты бақылаған абзал, өйткені, олар
жұмылып кіріскендерімен, жылдам суып қалатын балалар.
Темпераменттерді тәрбиелеуде баланың ерік-жігерін, мінез бітістерін,
сезім-эмоцияларын тәрбиелеумен ұштастырыла жүргізілгені дұрыс. Адамның өзін-
өзі ұстай алу қабілетінің дамуы темперамент тәрбиесіне жақсы жәрдем береді.
Ерік темпераменттің кез-келген түрінен де алдыңғы қатардан орын алу қажет.
Ерік –жігері күшті дамыған адамға темпераменттің қандайы болса да жарасады.
Мәселен, нағыз холерик темпераментінің өкілі боп саналған орыс қолбасшысы
Суворов, ерік-жігерінің аса күштілігінен темпераментінің жетегінде кетпей,
ерлік істердің небір кереметтерін көрсетіп, туған Отанының даңқын шығаруға
зор үлес қосқан.
Оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеудің айтылғандардан басқа да
көп әдістер мен жолдары бар. Бұл жерде әрбір мұғалім баяу болса да,
темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен
тәжірибесіне, тәлім-тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі
өзгерулерге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен
жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгерім
дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым-қатынасын, қоғам жұмыстарына
қалай араласатындығын ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс
жасау, әсіресе, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстырып отыру қажет.
темпераментті тізгіндей білу үшін адамның жақсы тәрбиеленуі керек (М.
Жұмабаев).

Жүйке жүйесі туралы жалпы түсінік

Жүйке жүйесінің дамуы және оның маңызы. Жүйке жүйесі жан-жануарлар
мен адамда ұзақ эволюциялық даму нәтижесінде қалыптасқан. Ол сыртқы ортаның
түрлі құбылыстарының әсерінен өзгеріп, күрделеніп отырады. Осыған
байланысты, ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерін қабылдап, оған жауап беріп,
организмді өзгермелі жағдайларға бейімдейді. Сонымен қатар әртүрлі
ағзалардың, тіндердің және жасушалардың қызметін реттеп, оларды өзара және
сыртқы ортамен байланыстырып организмнің ағзалары мен тіндерінің арасында
күрделі физиологиялық процестер де жүреді.
Адам жүйке жүйесі еңбекпен айналысуына байланысты өте күрделі және
жоғары дәрежеде дамыған. Ол ой ағзасына айналған.
Жүйке жүйесі ми мен жұлыннан және олардан тарайтын жүйкелерден
тұрады. Ми мен жұлынның орталық жүйке жүйесі, олардан тарамдалған
жүйкелерді шеткі жүйке жүйесі деп атайды. Жалпы жүйке жүйесі мен жүйке
тінінен нейрондар мен нейроглиядан т.б. тіндерден түзілген. Нейроглия жүйке
жасушасының тірегі болумен бірге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұрақтар тобы
Темперамент туралы теориялар, түсініктер
Темперамент түрлері
Холерик темпераменті
Темперамент және мінез туралы
Темперамент типтеріне жалпы сипаттама
Темперамент сипаттамасы
Тұлғаның және жүйке жүйесінің ерекшеліктері
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Пәндер