Астана әуежайының суреті



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Тапсырманың қойылымы. Концептуалды модельді құру ... ... ... ... .5

1.1 Модельдеудің есеп қойылуы және талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Тізбектей тарату амалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.3 Q-схемалар жүйесіндегі құрылымдық сызбанұсқа ... ... ... ... ... ... 6
1.4 Концептуалді модель ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.5 Ағындарды үлестүру сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.6 Бағдарлама алгоритмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.7 Әуежай
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..7
2 Модельді алгоритмдеу және оны бағдарламалық іске асыру ... ... ... .10
2.1 Модельдеу жүйесінің логикалық сызбасы ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3 Модельдеу нәтижелерін алу және интерпретациялау ... ... ... ... ... .13
3.1 Жүйе моделінің нәтижесін талдау және модельдеу нәтижесин
интерпретациялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
3.2 Имитациялық модельдеудің мағынасы мен мүмкіншілігі ... ... ... ..14
3.3 Имитациялық модельдеудің қарапайым мысалы ... ... ... ... ... ... .15

4. Жоба барысында құрылған интерфейсті сипаттау ... ... ... ... ... ... .17

4.1 Бағдарлама мен оны құру кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

4.2 Бағдарлама интерфейсін сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..21
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
Қосымшалар беті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Бағдарлама алгоритмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе

Бұл курстық жобада автоматты жүйенің жобасының жұмысының моделін жасау
керек. Жаппай қызмет көрсету теориялары жүйлерді зерттейді, ол жүйелерде
қызмет көрсету мәлімдемесі және қызмет көрсету аяқталуы кез-келген уақытта
болады, яғни олардың жұмыс істеу міңездемесі стохастикалық міңездеме болып
келеді. Осындай жағдайда ең тиімді және шығыны аз әдіс – имитациялық
модельдеу болады.
Кез келген жүйені тиімді басқару үшін, оны зерттеу және суреттеу
керек, қысқаша айтқанда оның моделін жасап шығару керек. Бақылау, тәжірибие
жасау және тағы басқа да зерттеудің түрлері арқылы жүйелер туралы әр түрлі
деректер алуға болады, яғни статистикалық ақпарат жинауға болады. Жүйенің
статистикалық талдау әдісі жеке факторлар арысындағы тәуелділікті және
олардың жүйге соңғы ықпалын көрсете алады.
Модельдеу – бұл жүйені зерттеудегі талғаулы әдістердің бірі болып
келеді. Модельдеу обьектіні моделін құрастыруға сәкесінше болады, ол басты
обьектінің орынбасары ретінде қарастырылады және ол арқылы міңіездеме мен
қасиеттерді қарастуға болады. Алайда, модель шектеулі масса мен шың жүйенің
шағын түрі болып келеді. Мұндай шектеуліктерді міндетті түрді еңгізу керек,
себебі табиғаттағы және қоғамдағы шың процесстер өте қиын, көптеген
факторларды ескере отырып обьектінің нағыз моделің жасау мүмкін емес шаруа
болып келеді. Соған қарамастан модельдеу әдісі, әмбебап әдіске жатады.
Курстық жоба жасау үшін біз өте мықты Delphi программалық тілін
қолданамыз. Delphi туралы қысқаша мәлімет бере кетейк.
Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphi-дің негізгі
версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphi версиясында өте
көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтамасыз етудің тиімді өңдеу
құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау
жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland
Delphi жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесінде “Rapid Application Development”
жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өндеуді программалар
технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне
алады да, программистке диалогты терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын
құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тілі
қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады.
Delphi әр түрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым
біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару
программаларына дейін. Delphi-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен,
мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық
құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphi-дің айрықша
ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.
Жалпы қазіргі уақытта Delphi, MatLAB туралы алған білімдердің болашақ
мамандар және қоғам үшін маңызы өте зор. Қазір осындай пәндерді игеру үшін
көптеген оқудықтар мен оқу-әдістемелік нұсқаулар жазылуда. Мысалы, Delphі
ортасымен танысып және онда жұмыс жасап үйренуде Фаронов, Культин Н секілді
жазушылар еңбектерінің маңызы зор болса, ал компьютерлік математикамен
танысуда жазушы В.И.Дьяконовтың еңбектерінің орны ерекше.
Имитациялық модельдеудің негізгі мақсаты болып кез келген жүйедегі
ықтималды нәтижелерді ала отырып, статистика барысында қажетті де тиімді
шамаларды анықтау болып табылады. Осы амалдардың көмегімен кездейсоқ
құбылысты аламыз. Көптеген тәжірибелерді жүргізу барысындағы нәтижелер осы
жүйенің статистикалық ақпаратын қорға жинай береді, оны қарапайым
математикалық статистика бойынша анықтап аламыз. Сондықтан, курстық жоба
барысында жүйенің берілген шарттар бойынша толық қамтылған жүйенің
имитациялық моделін құрастырау қажет.

1 Тапсырманың қойылымы. Концептуалды модельді құру

1.1 Модельдеудің есеп қойылуы және талдау.

Ұшақтар үлкен әужайға әр 10 ± 5 мин сайын қонады. Егер ұшатын-қонатын
жолақ бос болса, келген самолет қонуға рұқсат алады. Егер жолақ бос
болмаса, онда ұшақ қонбай, тағы бір айналып келеді, бұл айналыс әр 4 мин
қайталанады. Егер ұшақ бесінші айналыстан кейін қонуға рұқсат алалмаса, ол
қосалқы аэродромға қонуға мәжбүр болады. Әужайда әр 10 ± 2 мин сайын
ұшатын-қонатын жолаққа ұшуға дайын машинелер алып келіп, жолақ бос болса,
ұшуға рұқсат алады. Ұшу және қону үшін ұшақтар жолақты 2 мин-қа алып
тұрады. Егер бір сәтте бос жолаққа бір ұшақ қонайын деп, ал келесісі ұшайын
деп жатса, онда жолақ ұшайын деп жатқан ұшаққа беріліде.
Бір күн ішіндегі әужайдың жұмысын модельдеу. Қанша ұшақ ұшқан, қоған
және қосалқы аэродромға жберілген ұшақ саның анықтау. Ұшатын-қонатын
жолақтын жүктеу коэффициентін анықтау.
Жүйе келесі түрде жұмыс істейді.
Ұшақтар қонуға ұшып келеді, егер ұшатын-қонатын жолақ бос болса, онда
ұшақ қонуға рұқсат алады. Егер жолақ бос болмаса, онда ұшақ қонбай, тағы
бір айналып келеді. Егер ұшақ бесінші айналыстан кейін қонуға рұқсат
алалмаса, ол қосалқы аэродромға қонуға мәжбүр болады.
Ұшатын-қонатын жолаққа ұшуға дайын машинелер алып келіп, жолақ бос
болса, ұшуға рұқсат алады.

1.2 Тізбектей тарату амалы

Модельдеудің бірінші сатысы болып тізбектерді тарату амалы табылады.
Осы сатыда негізгі принципті қолдану барысында бірарналы амалын аламыз. Ол
таңдалым барысында бір амалдан екінші амалға өту модельдеудің барысында
анықталады, яғни мүмкін болғанша ағын модельденеді де, содан кейін басқа
ағынға жіберіледі.
Тікелей жүйеге келіп жету уақыты бірінші арна бойынша жүйеге келіп жету
уақытына тең болады. Ал бірінші арна бойынша жіберілу екінші арна бойынша
жіберілу уақытының басталуына тең келеді.
Модельдеу барысында егер бірарналы ағындар болса, онда уақытты кері
қайтара аламыз, яғни кері айнымалы қозғалыс орындалады.
Көптеген амалдарды анализдеу барысында қарастырған кезде, ерекше қалып
күйдегі есептер тиімді әрі ыңғайлы болып табылады.
Қарастырылып отырылған жүйеге сай курстық жобаның тапсырмасына сай
әуежай жұмысының жүйесін модельдеу барысында көпарналы модельдеу
қолданылады.

1.3 Q-схемалар жүйесіндегі құрылымдық сызбанұсқа

Тізбектей тарату амалын аяқтаған соң, модельдеудің келесі сатысына
көшеміз. Келесі сатысы болып Q-схемалар сызбасы арқылы жүйе жұмысын
кескіндеу болып табылады.
Q-схемаларын салу алдында есептің берілгеніне байланысты қанша аралық
арналар, жинақтаушы қорлар, қанша жинақтаушылар, бұйымдар санын,
бұйымдардың қасиетін анықтап аламыз. Сонымен қатар кезектердің түрін
анықтап, кері қайтарымды арналар болса барлығын мұқиат ескеріп, айқындап
аламз. Кей кезде бір бұйымның бірнеше сатыдан өту арнасы қарастырылады. Бір
арнаға қайта келіп, толық өңделуі үшін операциялар орындалады.
Жүйедегі модельді формализациялау барысында Q-схемалар амалы
қолданылады. Оны концептуалды модельге сәйкес Q-схемалар айнымалысы арқылы
белгілейміз. Q-схемалары берілген есепті тек қана бағдарламалаушы емес,
сонымен қатар кез келген қызығушылығы туған кісілерге түсінікті болуы
керек. Ол кісілердің компьютерлік облыста ғана жұмыс істуі міндетті емес.

1.4 Концептуалді модель

Негізінен шың уақыттағы ақпаратты модельге тапсырмадан тыс көптеген
фактор әсер етеді, алайда модельдеу процесінде шың факторларды ескеру
керек, сондықтан сол үшін Q-сызбасының моделі форматталады.
Тапсырма қойылымы бойынша, Q-cызбасының символикасың қолдана отырып,
тапсырмада берілген модельдің құрылымдық сызбасы, B Қосымшада берілген
күйінде көрсетілді, онда:
И-көз
К1-жолақ
К2-жолақта тұрған ұшады
К3-қосалқы аэродром
Ұшақтар қонуға ұшып келеді, егер К1 жолағы бос болса, ұшып келген ұшақ
қонуға рұқсат алады. Егер К1 бос емес болса, ұшақ бір айналып, қайтадан
әуежайға оралады. Егер 5 айналыстан кейн ұшақ рұқсат алмаса, ол К3 барады.
К1 әуежайында дайын машиналарды бұрып, ұшуға рұқсат алады, егер К1 бос
болса.

1.5 Ағындарды үлестүру сызбасы

Бұдан әрі қосымша 2 –де көсетілген ағындардың үлестүру сызбасың
құрастыру керек.
Қарастырайық, бастапқы момент (t=0) жүйе бос болсын.
Сонымен қатар келесі шарттарды ескереміз:
Жаңа келген және кетіп бара жатқан ұшақтар пайда болу ағымы нормальді
тарату заңдары бойынша орындалады.
Модельдеуді 0t осінде тапсырыс ағындарын қойып, яғни t1, t2, t3, ...
кездейсоқ нүктелер тізбегі - сәкесінше тапсырыс келуі моменттері –
бірінші, екінші, және тағы басқа.

1.6 Бағдарлама алгоритмі

Бағдарлама құрудың алғашқы кезеңінде бағдарламашы берілген есепті
шешуге қажетті әрекеттер тізбегін нақты анықтап алған дұрыс, яғни алгоритм
дайындау керек. Алгоритм дегеніміз бастапқы деректерден бастап нәтиже
алғанға дейінгі орындалатын үрдістерді айтады.
Есеп шешімінің алгоритмі сөздік суреттеме түрінде немесе блок-сұлба
графикалық түрде беріледі. Делфиде алгоритмнің дайын сөздік түрі ұсынылады.
Алгоритмнің сөздік түрін алу үшін Ctrl+J әмірі қолданылады. Қажетті түрді
алу қарастырылатын есеп түріне байланысты болады.
Біздің бағдарламаның алгоритмі A Қосымшасында кескінделген.
Енді әуежай туралы қысқаша мағлұмат бере кетейік. Мағлұмат беретін
әуежай ретінде Астана әуежайын қарастырайық.

1.7 Әуежай жұмысы

Кішігірім ұшақтарға қызмет көрсету үшін 1931 жылы негізі қаланған шағын
әуежай, бүгінгі күні, Астана қаласының әуежайы, 80 жыл өткеннен кейін,
Еуразия континентіндегі қазіргі әуежайларға сай келетін әуежайлардың бірі
болып табылады.
Әуежайда тәулік бойы алыс және жақын шетел аймақтарына ұшатын 40 шақты
ұшаққа қызмет көрсетіледі.Әуежай алыс және жақын шетелдердің құрамындағы 15-
тен астам авиакомпаниялардың тұрақты жолаушылар рейстеріне қызмет
көрсетеді.
Бұлар, Эйр Астана, СКАТ, Жетісу, Авиа Жайнар, Трансаэро,
Россия ГТК, Люфтганза, Этихад Эйруэйс, Австрия авиажелілері,
Туркиш Эйрлайнз, Аэросвит, Узбекистон Хаво Йуллари, Белавиа және
басқалар. Жыл сайын Астана әуежайында кем дегенде екі – үш авиакомпания
жаңа рейс ашады. 2009 жылғы 7 мамырдан бастап Этихад Эйруэйс
авиакомпаниясы Абу-Даби қаласының астанасына дейін ұшатын рейс ашты.
Астана әуежайының суреті 1.5.1 суретте көрсетілген.

Сурет 1.7.1 - Астана әуежайы

Астана әуежайынан Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарына,
сондай-ақ ТМД қалалары:  Мәскеу, Санкт - Петербург, Киев, Минск, Ташкент,
Баку, Новосибирск, Калининградқа дейін тұрақты рейстер ұшады. Сондай-ақ
алыс шетел қалалары:  Франкфурт, Вена, Ганновер, Анталия, Абу – Даби,
Дубай, Стамбул қалаларына дейін рейстер ұшады. 2008 жылы әуежай 1 316 мың
жолаушыға қызмет көрсетті және 5 217 тонна жүкті артып, тиеп түсірді.
Бүгінгі күні Астана әуежайы әуе кемелердің барлық түрлерін шектеусіз
қабылдауға мүмкіндігі бар. Әуежайдың қызмет көрсету сапасын жалпы еуропалық
алдыңғы қатарлы стандарттар сапасына дейін жеткізу мақсатында, астаналық
әуежай  сапа менеджменті жүйесін 9001:2000 ISO  халықаралық стандарттар
талаптарына сәйкес енгізу жұмыстарын аяқтауда.
Астаналық әуежайды дамыту жұмыстары ИАТА (Әуе қатынасының халықаралық
ассоциациясы) және ИКАО (Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы)
халықаралық стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Әуежай Ground Handling
Council IATA халықаралық ұйымдарының құрамында. Жүк тиеу және жолаушыларға
қызмет көрсету жұмыстары бойынша жаңа авиакомпаниялармен ынтымақтастықта
болу үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Авиакомпания үшін әуежайдың Еуразия
орталығында орналасқан географиялық орны көз тартымды болып табылады.
Астаналық әуежай азаматтық авиация халықаралық ұйымының (ИКАО) ІІІА санаты
бойынша сертификатталған.
Қазіргі заманға сай орнатылған жабдық - басқару мұнарасында отыратын
диспетчердің монитордан ұшу алаңындағы әуе кемелерін, сондай-ақ арнайы
техниканы  көріп отыруына, теңестіруіне және сүйемелдеуіне мүмкіндік
береді. Бұл нашар көрінетін кездерде әуеайлақты бақылауға және қозғалыс
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Қазір  Астана әуежайы
200 метр және одан да жоғары ұшу – қону жолағынан әуе кемелерін көріп
отырып қабылдайды және шығарып салады,  ал бұған дейін әуеайлақтың
метеоминимумы 350 метр болған. Әуежай жаңа қызметтерді ұсына отырып,
әуежайға келетін жолаушыларға  ыңғайлы қызмет көрсету үшін барлық жағдай
жасауға тырысады.
2009 жылы жолаушыларға арналған екінші  “Duty Free” дүкені, дәріхана, 
Альбатрос мейрамханасы, гүл сататын бутик,  Кофе ауласы атты кафе, 
тұтынушыларды ақпараттық қолдау орталығы (Call-орталығы) ашылды.
Астана әуежайы өз жолаушыларына ең қолайлы қызметтерді ұсынады: СИП
және ВИП залдары, ана мен бала бөлмесі, діни әдет-ғұрыптар бөлмесі, жүк
сақтау камерасы, ұшу залында  орналасқан шылым шегу бөлмесі. Рейсті күту
кезінде жолаушыларға мейрамхана, бар, кафе қызметкерлері қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ аэробекет кешенінде пошта қызметін, бірнеше банктер
банкоматтарының қызметін, валюта айырбастау пунктінің қызметін пайдалануға
болады.  Авиабилеттерді аэробекеттің екінші қабатындағы кассалардан сатып
алуға, өзіңізге немесе достарыңызға сыйлық алғыңыз келсе кәдесый дүкенінен
ұлттық кәдесыйлардың түр – түрлерін сатып алуға болады.  Жолаушылардың жеке
автокөлігіне арналған көлік тұрағы қарастырылған.

2 Модельді алгоритмдеу және оны бағдарламалық іске асыру

Жүйенің модельдеудің екінші сатында, бірінші сатыдағы жасалған
математикалық модель машиналық модельге айналады.
Алгоритмдеу кезніңде жүйенің атқару процесіндегі логикалық модель
құрылымы қарастырылады. Логикалық сызба операция тізбегінің шағындығын
көрсетеді, ол модельдеу тапсырмасына байланыс болып келеді.
Логикалық модель блоктық шарт арқылы құрастырылады. Оның құрастыру
кезіңде процесстерді ішкіпроцесстерге бөлшектеп тастап, соған сәйкес
қолдану кезіңде модель иілгіштігі пайда болады.
Логикалық модельдің сызбасы Қосымша D көрсетілген.
Ұшақтар үлкен әуежайға әр 10 ± 5 мин сайын қонады. Егер ұшатын-қонатын
жолақ бос болса, келген самолет қонуға рұқсат алады. Егер жолақ бос
болмаса, онда ұшақ қонбай, тағы бір айналып келеді, бұл айналыс әр 4 мин
қайталанады. Егер ұшақ бесінші айналыстан кейін қонуға рұқсат алалмаса, ол
қосалқы аэродромға қонуға мәжбүр болады. Әуежайда әр 10 ± 2 мин сайын
ұшатын-қонатын жолаққа ұшуға дайын машинелер алып келіп, жолақ бос болса,
ұшуға рұқсат алады. Ұшу және қону үшін ұшақтар жолақты 2 мин-қа алып
тұрады. Егер бір сәтте бос жолаққа бір ұшақ қонайын деп, ал келесісі ұшайын
деп жатса, онда жолақ ұшайын деп жатқан ұшаққа беріліде.
Берілген модельді құрастыру үшін біз Delphi программалау тілін
қолданамыз. Ол өте мықты прораммалау тіл, соның көмегімен имитациялық
модель құрастыруға мүмкін болады, шыққан шешімді айқын сандық және
графикалық түрде көрсетеді.
Delphi ортасымен танысып кетейік.
Delphi ортасын – програмалаушының сапалы жұмысын қамтамасыз ететін
күрделі механизм. Ол экрандағы бір уақытта ашылатын бірнеше терезелермен
сипатталады. Бұл терезелер бір-бірін жартылай немесе толығымен жауып,
экранда орын ауыстыра алады.

Delphi ортасы – көптерезелік жүйе. Оның негізгі төрт терезесі:
1. Негізгі терезе (Project 1)
2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Inspector)
3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form 1)
4. Программа кодының терезесі (Unit 1. Pas).
Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, өлшемін өзгертуге немесе
экраннан алып тастауға болады. Форманың терезесінен Unit кодына өту және
одан кері өту F 12 пернесі арқылы орындалады.
Негізгі терезе мен компоненттер жинағы.Негізгі терезе программаның
жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphi ортасы іске қосылып
тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады.
Бұл терезде Delphi-ң негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық
батырмалары мен компоненттер политрасы орналасады.

Компоненттер жинағы – Delphi-ң негізгі байлығы болып табылады. Ол
негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға
арналған белгілерден тұрады:
Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма
терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын
функциональды элементті айтады. Delphi ортасының компоненттері 19 топқа
бөлінген, ол топтарды парақтар деп атаймыз
Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі. Форма
құрастырушының немесе форманың терезесі – болашақ программаның Windows
жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады. Бұл терезенің жұмыс аймағы
координаттық тордың нүктелерімен реттелген.
Формада орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен
және түсімен анықталады. Форманы құрастыру File=New=Form опциялары арқылы
орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard
парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы
Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек
Button батырмасының кескінің ажырату үшін тышқанды баспай тұрып
парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте
компоненттердің аты шығып тұрады. Қажетті компонентті сырт еткізіп
белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек,
форманың бетінде Button 1 элементі пайда болады
Объектілер бақылаушысының терезесі 2 парақтан құрылады: Properties –
қасиеттері және Events – оқиғалары. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы рыноктағы Астана қаласы әуежайының бәсекелестерi мен үлесi
Қазір ұшақ бортында жаңа экипаж
Динамикалық жүктемесі жетерлік
Қазақстанның туристік индустриясын дамытудағы көліктік инфрақұрылымның ролі
Әуе көлiгiндегi жүк тасымалдау және жүк айналымы көлемi
Көлік инфрақұрылымы
Almaty әуежайына мәліметтер қорын құру
Туризмдегі авитасымалдауды ұйымдастыру (мысал ретінде бір аймақты алу)
Кендірлі демалыс кешені туристік база ретінде дамыту
Халықаралық экономикалық байланыстарда көліктік қызмет көрсетудегі баға
Пәндер