Оқушылардың информатикадан білім сапасын жетілдіру
Мазмұны
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Информатика сабағын жеке тұлғаға бағытталған түрде оқыту арқылы
оқушылардың білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру.
2. Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
арқылы оқушылардың білім, біліктілік, дағдыларын қалыптастыру.
3. Информатиканы педагогикалық технологиялар негізінде оқыту
4. Дидактикалық матриалдар пайдалану арқылы оқушыларды
өз бетімен білім алуға дағдыландыру
5. Оқушылардың информатикадан білім сапасын жетілдіру
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Оқытуда тұлғаның белсенділігін арттыру – психология, педагогика ғылым
саласындағы, сондай-ақ білімдендіру практикасындағы актуалдық мәселенің
бірі. Педагогтер оқушылардың білім алуға деген самарқаулығын, оқуға
құлықсыздығын, білуге деген қызығушылығының онша еместігін байқап, оны
болдырмас үшін оқытудың тиімді түрлерін ізденіп, түрлі моделдер жасап,
оқытудың жаңа амал тәсілдерін қоймастан іздестіруде. Осы орайдан
оқушылардың атқаратын жұмысына деген бақылауды да күшейтіп, берілген
ақпараттық мағлұматтар қаншалық меңгергендігіне байланысты
интенсификациялауды оқытудың техникалық құралдарын, компьютерлік жүйені де,
түрлі психологиялық тәсілдерді де кеңінен қолдануда.
Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі - оқушының өзіне
керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын
өзінің таңдай білуі болып есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық - білім
беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талпындыру,
яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады.
Ақапараттық - пәндік орта ақпараттар ішінен керектісін іздеуге және
сонымен өз саласында жұмыс істеуге бағытталған ақпараттық-білім беру
ортасының бір түрі. Кәсіби ақпараттық орта дегеніміз – кез келген маманның
кәсіби талаптарын жүзеге асыра алатын, оның өз мәселелерін басқарумен
талқылауына мүмкіндік беретін қазіргі компьютерлік техника және
коммуникациялық байланыс құралдарына негізделген көпаспектілі, біріктірлген
программалық – ақппараттық нақты орта.
Қазіргі компьютерік технологиялар негізінде жасалған ақпараттық-білім
беру ортасының және кез келген кәсіби ортаның басты ерекшелігі –
интерактивтілік, яғни алдағы мақсатқа байланысты диалог жүргізу. Оны тек
сұхбаттасу деп немесе әңгімелесу арқылы мәлімет алмасу деп түсінбеу керек,
ол әр түрлі логикалық, көзқарастардың, қойылған мәселеге байланысты
айтылатын пікірлердің іштей мәлімет алмасу формасының диалогы болуы
керек.
Білім кеңістігі мен орталарының қиылысу жазықтықтарында әр адамның әр
адамның жеке білім кеңістігі қалыптасады. Білім процесінің әр түрлі
субъектілері өз білім алу кеңістігінде жүріп жатыр. Осындай жеке ішкі
кеңістіктер бүтін мен оның бөліктері диалектикасы заңдылығын жүзеге асыра
отырып, ауданның, қаланың, аймақтың, елдің, айта берсек, планетаның
біртұтас білім кеңістігі ретінде бірігуде.

Қазіргі кезде білім беру парадигмасы өзгерді. Ол бұрын пәнге
бағытталған түрде жүргізілсе, енді жеке тұлғаға бағытталған түрде
жүргізілетін болады. Бұл – қоғамдағы өзгерістерге байланысты туындаған
объективті поцесс. Бұрынғы оқыту технологиялары оқушылардың жалпы оқуға
деген ұмтылыстары мен біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған еді. Онда
оқытылатын пәннің өзі оқыту мақсаты тәрізді болатын да, ал оқушы- соған
жету құралы болып саналатын. Осының нәтижесінде көптеген оқушыларда оқуға
деген оң көзқарас қалыптаспайтын.
Жеке тұлғаға бағытталған оқыту-оқушының барлық мүмкіндіктері мен
қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті
жағдайлар жасау деген сөз. Білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби
шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі алдыңғы шепке
оқушылардың әрекеттері мен қатарымен араласуындағы өз орнын анықтау, өзін-
өзі жетілдіру адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру,
сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып, осылардың нәтижесінде -
өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Адамдарға (оның ішінде балаларға)
ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір қасиет – ол жеке тұлға ретінде өз
мүмкіндіктерін ашып, ортасына “өзінің маңыздылығын таныту” болып табылады.
(Д.Карнеги). Әр пән бойынша да білім қажет (пән сабақтарын игермеу туралы
сөз болмайды), бірақ негізгі мақсат ол емес, ол оқушының өзін-өзі
жетілдіру, алға жылжыту, өзі орнын анықтау істерінің негізгі құралы болып,
нәтижесінде- өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру рөлін атқаруы тиіс.
Пәндік материалдардағы негізгі идеялар мен принциптерді жекелеп
қарастыру үшін, сабақ мақсатын қою кезінде мен осы тақырыптың түпкі
мәселелерін анықтауға тырыстым. Көбінесе сұрақтардың “дұрыс” дайын
жауаптары бола қоймайды, өйткені олар: - оқушыларды қызықтыру тиіс; -
қарастырылатын материалға шығармашылық көзқараспен қарауды талап етеді; -
ауқымы ккең болады; - пәндер мен оқылатынобъектілер арасындағы байланысты
қамтамасыз етеді.
Мысалы, “Дербес компьютерлер архитектурасы” (7 сынып) тақырыбын оқығанда,
нақты деректерге сүйенген, бір жауабы бар қарапайым сұрақтар былай қоюға
болады: “ДК негізгі құрылғыларын атап шығыңдар”, ал негізгі сұрақ: “Болашақ
компьютері қалай жасалынады?” немесе “Paint графикалық редакторы” (4 сынып)
тақырыбын оқығанда, қойылатын жай сұрақ:Графикалық редактор аспаптарын
айтып беріңдер”, ал негізігі сұрақ мынадай болуы ықтимал: “Суретші мен
графикалық редактор аспаптарының айырмашылығы неде?”.
Негізгі сұрақты жақсылап қою үшін, қызықты әр түрлі сұрақтар ойлап табу
керек. Оның айтылуына қам жемеңдер, ой болса, сұрақты әр кезде де түзетуге
болады. Сізге жаңа тақырып өткенде, оқушылардың қоятын сұрақтарын еске
түсіріңдер де, солардың ішінен олардың қызықты деп санайтындарын таңдап
алыңыздар. Балалрмен өткен тақырыптарыңыздың ішінен төрт-бес жылдан соң,
олырдың есіне қандайларының қалғанын дұрыс деп санайсыздар, соларды таңдап
алу керек.
Әрбір мұғалім өз жұмыс тәсілімен формасын, өз педагогикалық
технологиясын таңдай отырып, балалардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс
істеуі керек. Мен әртүрлі әдістемелерді қарап пайдаланып келемін, солардың
ішінен жеке тұлғаға бағытталған оқу түріне ең жақын тұрған зерттеу
мәселелерін шешу (ЗМШ) технологиясы мен жолбалар тәсілі деп санаймын.
ЗМШ технологиясы оқушылардың ойлау қабілетін күшейту мен әр түрлі салаларда
күрделі проблемаларды шешуге дайындалған шығармашыл жастарды тәрбиелеу
жағын қарастырады.
ЗМШ технологиясының педагогикалық техникасы принциптері:
1. Таңдаудың еркіндігі принципі. Мұның маңызды бір шарты – таңдау
құқығы сол таңдауға деген жауапкершілікпен қатар тұруы керек.
2. Ашықтық принципі. Тек білім беріп қана қоймай. Сол білімнің
қолданылу аймағында (шекараларын да) көрсету керек. Оқушыны бұл пән
аймағында шешілмейтін ашық мәселелермен де таныстырып отыру керек.
3. Әрекет ету принципі. “Алған білімін пайдалана алмайтын оқушы ішін
дәмді заттарман толтырған, бірақ жүзе білмейтін балықты еске
салады”(Минц).
4. Кері байланыс принципі. Оқу процесін кері байланыс тәсілдерінің
жетіолдірген жүйелері арқылы тұрақты түрде бақылап отыру керек.
5. Идеалдық принципі. Оқыту нәтижесін арттыру мен оған кететін шығынды
азайту мақсатында оқушылардың өз мүмкіндіктерін, білімдерін
қызығушылығын барынша кең түрде пайдалану қажет.
Жобалар тәсілін қолдануда мен бір тақырыпты өтер кезде оқушыларға
өздері таңдап ала алатын оқу жобаларын ұсынамын, жобалармен жұмыс істеу
кезінде олар білімнің белгілі бір саласымен танысады немесе бір
программалық ортаға кіреді. Мұнда мен міндетті түрде осы жобаны орындау
критерийлері мен негізгі сұрақтар даярлаймын. Сонан соң балалар өз
жобаларын қорғайды. Қорғау кезінде олардың сыншылары ретінде сол сынып
оқушылары немесе басқа пән мұғалімдері қатысады.
“Мұғалім өз тауарын өткізе алатын сатушы тәрізді болуы тиіс, ол тауарын
әдемілеп көрсете білуі керек” Д.Пойа. Сабақ беру дегеніміз - әртүрлі
педагогикалық тәсілдер жиыны, тұрақты шығармашылық ізденіс. Информатика
пәнін оқытудың бір мақсаты – оқушылардың шығармашылдық, зерттеушілік
қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Өзің зерттеуші болмай, бұған қалай
қол жеткізе аласың? Біздің балаларымыз - өзіміздің шағылысқан бейнеміз емес
пе! Маған біздің болашағымыз – нағыз шығармашыл кәсіби мамагндар заманы
сияқты болып келеді.
2. Информатика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы

20 ғасырортасында атақты ғалым В.М.Глушков: “ЭЕМ желілері мен
оларға терминал арқылы байланысу жүйелерінің дамуы келесі ғаыср басында
техникалық жағынан жетілген елдерде информацияның басым бөлігі, бірінші
кезекте, ғылыми-техникалық, экономикалық, саяси-әлеуметтік мәліметтер
қағазсыз күйде-ЭЕМ жадында сақталады. Соның салдарынан 21 ғасыр басында
осындай информацияны пайдалана алмайтын адам 20 ғасыр басындағы оқи да,
жазада алмайтын жанға ұқсас болады...”, - деген болатын.
Сондықтан “мектептегі информатиканы оқытудың негізгі
міндеті – ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін
меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету,
дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану
тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде
оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі
әлемінің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле
алады”.
Оқушылардың білімі тереңдеп, өрістері кеңейген сайын олар одан
кейінгі оқуын жалғастыру мен еңбек етуге жақсы даярланып шығатын болады.
Бірақ ақпараттық технологиялардың жедел дамуына орай осы пән көлемінің
тұрақты түрде ұлғайып отыруына және оқыту сағаттарының жетіспеуіне
байланысты бұрынғы білім беру аясында шешуге болмайтын мәселелер туындап
келеді. Осы мәселе оқытылатын мәлімет көлемі мен оған бөлінетін сағаттар
арасындағы сәйкессіздікке баса назар аударуға негіз болып отыр. Бұл
қайшылықты шешуге болмайтын мүмкіндік беретін бір тәсіл – оқытуға керекті
сағаи санын арттырмай-ақ, күннен күнге ұлғайып отырған ақпарат көлемін
игеруге мүмкіндік беретін жаңа білім беру технологияларын енгізу болып
табылады.
Мұндай технологиларға Жобалар тәсілін, Модульдік оқытуды, бір
мәселеге баса назар аударту (концентрированное обучение) арқылы оқыту,
әркімді деңгейіне қарай жетілдіру (дифференцированное обучение) және жеке
тұлғаға бағытталған оқыту элементтері, ойын программалары мен тест арқылы
тексеру істерін жатқызуға болады. Оқушылардың білімге деген ынтасын арттыра
алатын біріктірілген немесе бинарлық сабақтар жаңа материалдарды тиянақты
ұғып, оларды бекіту жолында жақсы нәтижелер беріп келеді.
Осындай мәселелер бір тақырыпқа баса назар аударту элементін
пайдаланудан басқа модульдік-дифференцирлік, яғни әркімді деңгейіне қарай
жетілдіру, жоба арқылы оқыту жолымен де шешіледі.
Оқытудың модульдік жүйесі – оқыту бағдарламасы бірнеше бөліктерге
(модульдерге) бөлінетін технология болып табылады, оны төмендегі схема
бойынша жүргізуге болады.
Модульдік оқыту тәсілінде пәннің барлық материалын қарастырып, оның
теориялық және практикалық тапсырмаларын құрастырып, жеке тақырыптарға
арналған әдістемелік материалдардың бірнеше нұсқаларын жасап шығу керек.
Оқушылардың білім деңгейін және олардың өзіндік тапсырмаларын орындауын
бағалау үшін рейтингілік жүйе элементтерін пайдаланған абзал. Модульдер
санын таңдау үшін бағдарламаны бірнеше жеке тақырыптарға – мәліметтердің
аяқталған толық блогына бөліп шығу керек, олар бір-бірімен сабақтас болып,
өте үлкен немесе өте шағын болмауы тиіс.
Модульдің практикалық бөлігі оқушыларға орындайтын практикалық,
өзіндік және лабораториялық жұмыстар тізімдерін толық қамтуы тиіс.
Практикалық жұмыстар мен жеке тапсырмалар оқушылар модуль тақырыптарын
өткен соң жауап беретін сұрақтармен толықтырылады. Практикалық тапсырмалар
теорияны толық қарастырып, модульдің материалдарнынтиянақты түрде меңгеруге
көмектесүі тиіс. Оған қоса модуль оқушылардың сол тақырыптарды игеруін, өз
білім деңгейлерін тексере алатын өзін-өзі бақылау, тексеру жұмысымен
аяқталады. Модульдік жүйені енгізудің нақты нәтижесі ретінде оқушылардың
өзіндік жұмыстарға көптеп көңіл бөле бастағанынан білуге болады. Олардың
материалдарды түсіну деңгейі артып, білімдерінің жүйелене бастағанын
үлгерімдерінің өсуі анық көрсетеді.
Оқытудың модульдік жүйесі әрбір оқушыны керекті материалдармен
қамтамасыз ететін әрбір мұғалімнің өте көп дайындалуын талап етеді, ал бұл
оңай емес.
Оқушылардың білімге деген ынтасын, пәнге деген қызығушылығын
арттыратын, соның салдарынан білім деңгейін де көтеретін тағы бір тәсіл –
жобалар тәсілі болып табылады.
Көптеген мектептерде дистанциялық алыстан оқыту ісінің дамуына байланысты
қашықтан білім беру жобалары, олимпиадалар, конкурстар жүргізу етек ала
бастады. Дистанциялық оқыту формалары оқушылардың бір-бірімен қатынасу,
араласуына (коммуникация) байланысты психологиялық проблемаларды шешіп,
оларға бұрынғыдан гөрі ашығырақ болуға көмектесіп отыр. Өз ойларын жүзеге
асыру жолында ақпарат алмасу арқылы жұмыс жасау оқушыларға бір-
біріменараласудың , ауызба-ауыз сөйлесудің орнын толтырады. Дицтанциялық
қызмет көрсету істерінің ашық түрде ашық түрде атқарылуы оқушылардың дүние
танымын планеталық деңгейге дейін көтерді деуге болады. Барлық елдердің
және континенттердің жақын екндігін сезіну – Интернет желісіндегі
электрондық пошта мен web-жүйелерін пайдалана бастаған әрбір оқушының жаңа
көңіл күйлерінің ең алғашқы белгісі екендігіне дау жоқ.
Керекті технологиялар мен әдістемелер оқушының дайындығына,
жасына және қарастырылатын пән бағдарламасының бөліміне қарай таңдалып
алынады. Мысалы, Жобалар тәсілі PowerPoint, FrontPage, Access және Word
офистік программаларын оқып үйрену кезінде тамаша нәтижелер береді.
Сабақтарда тестік тапсырмаларды пайдалану да жақсы нәтиже
беріп келеді. Тестерді тұрақты пайдалану мен информатикалық диктанттар
өткізу білімді жүйелі түрге келтіру, осының салдарынан білім сапсын
жақсартуға мүкіндік береді. Автор әр түрлі тақырыптар бойынша көптеген
тестер жасап шығарды.
Мысалы, программалу тілін оқытуда сабақ алдында минитест жасап, ары
қарай соның қателерін талқылап отырамыз. Тестер қағазда немесе электрондық
түрде беріледі. Өтілген материалдарды бекіту үшін минитестерден бөлек
кроссвордтар пайдаланылады. Кроссвордтар – негізгі ұғымдарды, ережелерді
есте сақтауға, ал минитестер – оқушылардың алған білімдерін жүйелі түрге
келтіру мен оларды тереңдету мақсатында қолданылады. Соңғы бақылау кезінде
электрондық тест өткізу жақсы нәтижелер береді, оқушыларға екі лнемесе одан
да көп командалар қатынасатын ойын тестері қатты ұнайды.
Жеке адамға және топтарға да бағытталған тәсілдерді (жоба немесе
шығармашылық тапсырма), екі бала істейтін, консультантпен бірігіп атқаратын
жұмыс түрлерін сабақта жиі пайдаланған дұрыс. Тапсырмаларды тексеру кезінде
кәдімгі тексеруден басқа өзін-өзі бақылау, бірін-бірі тексеру істеріне көп
көңіл бөлінеді.
Жергілікті желіге қосылан компьютер класында Интернетті,
электрондық энциклопедияларды және анықтамаларды екпінді түрде пайдалану
керек. Мұндай жұмыс белгілі бір дағдылар қалыптастырудан басқа балалардың
мәліметті жылдам іздеп тауып, оны өңдеуін жетілдіріп, олардың шығармашылық
белсенділігін арттырады.
Мысалы, “Word процессоры. Web-парақтар жасау” тақырыбы бойынша
соңғы сабақта балалар өз жеріне, республикачына арналған минижобалар (Менің
Қазақстаным, Алматы менің туған қалам, Қазақстан табиғаты, Қазақстанның
жануарлар әлемі, Алматы маңы, Іле Алатауы) жасдщы. Осы сабақтың жоспарын
“Мектептегі Интернет” әдістемелік құралынан көруге болады. Мұндай сабақтар
ақпараттық технологиялардан алған дағдыларын бекітумен бірге оқушылардың өз
еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Информатика – оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау және тасымалдау
құралын беретін пән болып табылады. Мектеп қабырғасында оқытылатын
инфрмациялық технологиялар интерактивті байланыс пен компьютерлік
технолгиялар құралдары арқылы топтық немесе халықаралық жобаларға қатынасу
мүмкіндігін береді.
Соңғы жылдары әрбір алматылық оқушы қолдана алатын Интернет әр түрлі
дистанциялық жобаларға қатынасуға мүмкіндік береді. 1997 жылдан бастап
оқушылармен бірге әр түрлі дистанциялық жобалар жасап, білім саласындағы
халықаралық І* EARN желісінде жұмыс істеп келеміз. І* EARN – жастар мен
олардың мұғалімдері бізді қоршаған орта жайлы әр түрлі тақырыптар бойынша
бір-бірімен араласып, пікір алысатын ерекше болып табылады.
Оқушылар осындай жұмысқа араласу барысында дистанциялық жобалар мен
олимпиадаларға қатынасушылар бір-бірімен мәлімет алмасуға, қатынасуға,
информацияларды компьютерде өңдеустеріне де баға жетпес мүмкіндік алады.
Осыларға қоса Интернетті тек информатика сабағында емес,
сабақтарға дайындалу кезінде де пайдалануға болады. Дүние жүзілік өрмекте
көптеген білім сайттары бар, солардағы мәліметтерді пайдалану керек.
Мысалы, мектеп сайтында оқыту кәртішкелері бар, оларды мұғалімдер – оқу
процесінде пайдалануына, ал балалар – сабақтарға дайындалуы кезінде оларды
қарауына немесе түсінбей қалған материалдарын қайталауына болады.
Жоғарыда айтылған педагогикалық технологиялар мен тәсілдерді
пайдалану оқу процесін жетілдіруге, балалардың оқуға деген ынтасын
арттыруға, олардың өзін-өзі бақылауына, жауапкершіліктерін арттыруына,
білімдерін жетілдіруіне көп көмегін тигізеді. Осындай кездерде мұғалім
балалардың жеке кемшіліктеріне көңіл бөліп, олардың ой-өрісін дамытуға,
белсенділігін арттыруға арналған шығармашылық жұмыстармен айналысуға
мүмкіндік алады. Сабаққа дайындалуға да көп уақыт бөле алатын дәрежеге
жетеді.

Энциклопедиялық сөздікте Технология дегеніміз - өнімді
өндірупроцесінде шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін
өзгертетін, оларды өңдеу мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы, - деп
көрсетліген (Совет энциклопедиялық сөздігі, - М, 1981ж.).
Анықтамалық әдебиеттерде: технология дегеніміз – techne - өнер,
шеберлік және logos – ғылым, заң, яғни технология дегеніміз – шеберлік
(өнер) туралы ғылым деп берілген.
Білім беру саласындағы технология ұғымы өндірістік процестердегі
технология ұғымының басты қасиеттерін осы саланы жетілдіру үшін пайдалану
ұмтылысынан туындағаны анық.
Педагогикалық технология дегеніміз мұғалім мен оқушыға ыңғайлы
(комфорт) жағдай жасай отыра оқу процесін жобалау, ұйымдастыру мен өткізуге
арналған біріккен, жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі,
- дейді В.М.Монахов.
Білім беру технологиясы деп мұғалім мен оқушыға ыңғайлы (комфорт)
жағдай жасай отыра нәтиже алуға бағытталған оқу процесін жобалауға,
ұйымдастыруға, бағыттауға және түзету енгізуге арналған олардың біріккен
қызметінің процестік жобасын айтады. (Т.И.Шимова, Т.И.Давыденко).
Педагогикалық технология – білім беру формаларын оңтайландыруға
бағытталған техникалық және адам ресурстарын және олардың байланыстарын
ескрере отырып, білімді игеру мен оқыту процесін анықтау, қолдану және
жасауға арналған жүйелі тәсіл (ЮНЕСКО).
Ғылыми-пеадгогикалық әдебиеттерге жасалған талдау көрсеткендей, қазіргі
педагогикалық теорияда пеадагогикалық технология ұғымына қалыптасқан
көзқарас жоқ, кейбір ғалымдар оқыту әдістерін қолдануды технологияландыру
десе, енді біреулерді оқытуды техникалық құралдармен қамтамасыз етіп,
компьютерлендіру, ал келесі бір көзқарас бойынша дидактикалық жобалар мен
пеадгогикалық жүйені, оны практикада қолданудың тиімділігін арттыру деп
саналады. Осының бәрі бұл ұғымның көп қырлылығын сипаттай, яғни оны
зерттеудің әдіснамалық бағыт – бағдарын негіздеуді қажет етеді.
Педагогикалық әдебиеттерде педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде
(көзқараста) қолданылады.
Оқу технологиясы – оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған
мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдісі, құрал және
түрлерінің жүйесі болып табылады. Оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және
құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, соған байланысты қажетті
мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған
педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық
шеберлігіне байланысты.
Пеадгогикадағы технология объектісі тірі организм (оқушы)
болғандықтан мұнда ынта (мотив), белсенділік, білім, білік, дағды, өзін-өзі
басқару т.б. тәрізді дидактикалық, психологиялық, физиологиялық,
кибернетикалық факторларды ескеруге тура келетіні түсінікті.
Дидактикалық процесте В.П.Беспалько мотив, танымдық қызмет және басқару
компоненттерінің бірлігінен тұратын жүйе ретінде қарастырады.
В.П.Беспалько ұсынған педагогикалық технологияның анықтамасын
толықтырып тұрған педагогикалық жүйені жобалауға қойылатын мына шарттардың
жиынтығы:
А) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспроматтарды жоюы
қажет. Оқу процесінің нәтижелі болуына 100( кепілдік беруі қажет;
Ә) ол оқушының өз бетімен жасайтын оқу танымдық қызметінің құрылымы мен
мазмұнын анықтайтын оқу тәрбие процесінің жобасына негізделуі қажет;
Б) оқу мақсатын диагностикалық түрде нәтиже беретін жолмен анықтап,
оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп объективтік түрде бағалау қажет;
В) дидактикалық процестің толықтығы қамтамасыз етілуі тиіс.
Оқу процесі оқушылардың денсаулығына зиян келтірмеуі үшін Ресей
ғалымдары М.М.Поташик, А.М.Моисеев, т.б. оқшының денсаулығын қорғайтын
оқыту технологияларын енгізуді ұсынды. Мұндай технологиялар жоғарыда
келтірілген дидактикалық талаптарға қосымша мынадай 4 шартты
қанағаттандыруға тиісті:
1) Оқушының жеке бас ерекшеліктері (интеллектік, мотивациялық,
эмоциялық, т.б. ескерілуі, оқу материалын қабылдау сипатының,
темпераментінің, есте сақтау қабілетінің) ескерілуі.
2) Оқу материалын меңгеру кезінде жүйеге күш түсіртені интеллектуалдық,
эмоциялық әсерлерден аулақ болу, оқушының уақытты аз жұмсап, тиімді
нәтижелер алуына жағдай жасау.
3) Сабақтың сынып ұжымынан жайлы моральдық – психологиялық климат
жағдайында өтуін қамтамасыз етіп, дөрекі қатынастарға жол бермеу.
4) Оқу процесінде оқушы денсаулығына зиян келтірмейтін тәсілдерді
қолданумен қатар, одарды өзін-өзі психологиялық қорғауға үйрету.
Практикаға негізделген педагогикалық технологияларға жасалған талдау –
олардың құрылымының төмендегідей компоненттерден тұратынын көрсетті.
1. Оқу материалы оқушылардың меңгеруін байқау мақсатында алдын – ала
жүргізілетін диагностика және оқушыларды қабілеттеріне қарай іріктеу.
Мысалы, 1-сыныпқа келген оқушылар оқи, санай, жаза білу қабілеттеріне
қарай дайындық деңгейлері әр түрлі сыныптарға бөлінеді.
2. Мотивация және оқу – танымдық қызметті ұйымдастыру.
Қай технология болмасын оқушының осы технологияға сәйкес дайындалған
оқу құралымен өз бетінше ізденіс жұмысын жасауды қажет ететін болғандықтан,
оқушының қызығушулығын, ынтасын туғызу – танымдық қызметті ұйымдастырудағы
аса маңызды шаралардың бірі болып табылады.
3. Оқу құралдарымен жүргізілетін іс-әрекет.
Бұл компонент оқыту технологиясымен жүзеге асырылатын оқу процесінің
негізгі бөлігін құрайды. Оқу – таным процесі оқушының қолданылып отырған
технология талаптары негізінде жасалған дидактикалық құралдармен (пәнді
оқытудың календарлық жоспары, танымдық әрекеттердің бағдарлық негізін
салуға арналған нұсқаулар, әр модуль бойынша өздік жұмыс тапсырмалары, өзін-
өзі тексеруге арналған және бақылау жұмысына арналған тестер жүйесі, т.б.)
жүргізілген танымдық қызметі арқылы жүзеге асады. Жалпы технологиялық
негізде құрылған сабақта негізінен оқушы дидактикалық құралдармен ғана
жұмыс істеп, ал мұғалім ізденіс таным- процесін ұйымдастырушы рөлін
атқарады.
4. Оқу материалын меңгеру сапасын бақылау.
Технологиялық негіздегі оқу процесін бақылау мен іс-әрекетке қажет
болған жағдайда түзету (коррекция) енгізуге аса үлкен мән беріледі.
Оқушының әр модульді (бөлімді) меңгеруі сәйкес бақылау жұмысын (әр түрлі
формадағы) жүргізу арқылы бағаланады. Оқу материалын меңгере алмаған
оқушылар үшін қосымша нұсқаулар беріліп, қайта бақылау жұмысы жүргізіледі.
Оқушының оқу материалын меңгере алмау себептері қаралады және қажетті
коррекциялық әрекеттер жасалады. Оқу мақсаттары диагностикалық түрде
қойылған жағдайда жаңа квалиметриялық негізде білім сапасын бағалауға
болады.
1. Толық меңгерту технологиясы.
Бұл технологияның авторлары американдық ғалымдар Б.Блум мен Дж.Кэрролл.
аталмыш технологияның дәстүрлі классы-сабақ жүйесінен басты айырмашылығы –
оның міндетті түрде көзделген нәтижеге жеткізуінде. Толық меңгерту
технологиясында барлық оқушылардың бірдей деңгейдегі білім, білік, дағды
қалыптастыру көзделсе де, әр оқушыға жұмсалатын уақыттың, оқыту әдістері
мен формаларының олардың жеке бас ерекшеліктері сәйкес болуы қарастырылған.
Бұл технолгоияны ерекшелейтін басты анықтауыш – толық меңгерудің
эталоны (критериі) саналатын барлық оқушылар меңгеруге тиісті оқытудың
жоспарланған нәтижелері болып табылады. Толық меңгерту эталоны мақсаттар
таксономиясы арқылы беріледі. Таксономия дегеніміз иерархиялық түрде өзара
байланысқан педагогикалық мақсаттар жүйесі.
Мұғалім оқу материалын толық меңгерудің жоспарланған көрсеткіштерін әр
оқушының санасына жеткізе білуі тиіс. Ол оқушы эталонға жету үшін орындауы
қажет нақты әрекеттер мен операциялардың, іске асырылуға тиіс танымдық
қызметтің мақсаттарын анықтайды.
Танымдық қызметтің мақсаттарына мыналар жатады:
• білу (оқушы есте сақтады, білді, қайталады);
• түсіну (оқушы түсіндірді, интерпритация жасады, иллюстрация жасады);
• қолдану (оқушы өз білімін (меңгерілген матерал бойынша) нақты
жағдайаттарда және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz