Кәсіпорын қаржылық тұрақтылықтың қайнар көздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе3

1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың және төлем қабілеттіліктің теориялық негіздері. . …5

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың және төлем қабілеттіліктің мәні мен мазмұны. . 5

1. 2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау . . 8

1. 3 Кәсіпорын қаржылық тұрақтылықтың қайнар көздері11

2 РИЗА” ЖШС-нің қаржы тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін талдау . . . 18

2. 1 Баланс активтері мен олардың құрылым көздерінің ара қатынасын талдау18

2. 2 “РИЗА” ЖШС-нің төлем қабілеттілігін талдау. . . . . 23

2. 3 “РИЗА” ЖШС-нің іскерлік белсенділікті талдау……. 26

3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттілігін жетілдірудің негізгі бағыттары. . 30

3. 1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін және активтердің өтімділігін арттыру. 30

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын арттыру . . . 34

Қорытынды. . 36

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу кәсіпорындарға өндірістің тиімділігін арттыруын, өнімнің және қызмет көрсетудің ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін ендіруіне негізделген, шаруаландырудың тиімді формалары мен өндірісті басқарудың бәсекелесу қабілеттілігін талап етеді.

Бұл міндетті іс-жүзіне жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметіне және оның қаражаттық жағдайының талдауына маңызды роль береді.

Маманды экономист, қаражаттаушы бухгалтер мен аудитор нарықтық қытынастарға өту жағайындағы экономикалық даму тенденциялары мен жалпы заңдылықтарын ғана жақсы біліп қоймай өзінің кәсіпорынының тәжірибесіндегі жалпы, арнайы және жеке экономикалық заңдарды толық түсінуі, өндірістің тиімділігін көтеретін мүмкіншіліктер мен тенденциялары дер мезгіліне байқауы керек.

Соңғы жылдарда Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебінің тәжірибесі мен әдістемесінде өте маңызды өзгерістер байқалынады, бұның басы мәселесі біздің мемлекет экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі болды.

1997 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бухгалтерлік есеп стандарттарын, шотардың Бас жоспарын және қаржылық есеп берудің формаларын келтіріп бәрін іске енгізуі, нарық экономикасының талаптарына сәйкес, қаржылық талдаудың жаңа әдістемесін құруды талап етеді.

Тәжірибе жүзінде дәстүрлі бухгалтерия қаржы ақпаратының тұтынушыларына толық мәлімет бере алмайды. Сондықтан бұл мәлімет қалыптастырылған немесе толысып-жетілдірілген болу керек, яғни осы мәліметтер арқылы белгілі бір шешім шешу үшін. Қазіргі заман экономикасында бухгалтер қаржы нәтижесінің құрылымдық әдістемесін білу керек, басқару органдарына есептік саясатты таңдап бере алу керек, яғни оның қызмет сферасы шоттаудан қаржы менеджментіне ейін өрлеу керек.

Экономикада қаржылық талдаудың мәні өте зор: кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызды түсініктемелері мен көрсеткіштеріне, мүліктік жағдайын білмей, қанша табыс және шығын бар екенін білмей және өндірістің қаражаттық тұрақтылығын, төеу қабіліттілігін, іскерлік-белсенділігін және тиімділігін бағалауға арналған. Бұлардың бәрі керек жағдай. Әсіресе қазір біз жоспарлы жүйеден нарықтық қатынастарға көшкен кезде. Нарықтық экономикада қорлардың жатып, шіріп қалуын келтірмеу керек.

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әрітестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның жұмысының нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін, өндірістік және қаржылық мәселелерін шешу үшін, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау керек. Терең және нақты талдаудың арқасында кәсіпорынның қызметін бағалап, басқару органдарына нақты ұсыныстарды қаржы тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін жоғарлату үшін деуге болады.

“РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігінің қаржы тұрақтылықты талдауға кірісеміз. Бұл кәсіпорынның негізгі қызметі- халық тұтынатын тауарларды өндіру болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы нақты мәлімет алу, өрлеу динамикасын көру үшін, 2007-2009 жылдардың көрсеткіштерін қаржылық есеп беруде қолдананамыз. Кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін және де кәсіпорынның есептік саясатында қандай өндірістер бар екенін қарастырып, берілген мәліметтерді қарастырамыз.

1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың және төлем қабілеттіліктің теориялық негіздері

1. 1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың және төлем қабілеттіліктің мәні мен мазмұны

Инфляция жағдайында кәсіпорынның қаржы тұрақтылықты талдау өте маңызды болы табылады. Бұл кәсіпорын меншігі болып өздерінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметтерінің, нәтижесіне жауапты болуымен байланысты. Профессор Шеремет А. Д. былай жазады: “Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықты талдау активтердің және олардың құралу көздерінің (пассивтердің) қолдануы мен орналасу көрінісінде мінезделеді”. Профессор Русак Н. А. бұл тісінікті былай анықтайды: “Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қаржы ресурстарын тиімді қолданылып, орналасуында көрінеді”… Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықты талдау қаржы ресурстарымен қамтамасыздандырылуы мен оларды коммерциялық және кәсіпорынның басқа қызметтеріне байланысты тиімді қолдануынан қаржы тұрақтылығы анықталады. Кәсіпорынның уақыты мен төлемдерді жасай алуы, оның қаржы жағдайының жақсы екендігін көрсетеді. В. И. Радинова мен Н. А. Федатованың айтуынша: “Кәсіпорының қаржылық тұрақтылықты талдау-қаржы ресурстарының бар болуы, орналастыруы мен қолдануында көрінеді”.

М. Н. Крейнина, А. И. Ковалев және В. П. Привалов бұны былай анықтайды: “Қаржылық тұрақтылықты талдау - бұл қаржы ресурстарының бар болуы, орналастырылуы мен қолдануы деген көрсеткіштердің жиынтығы”.

Профессор Балабанов И. Т. кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықты талдау туралы былай жазады: “Шаруашылық субъектінің қаржылық тұрақтылықты талдау, капитал мен қаржы ресурстарының қолданылуы, мемлекеттен басқа шаруашылық субъектілердің алдында міндеттемеерін орындау”. С. А. Стуков өз ойын былай көрсетеді: “Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықты талдау - бір топ көрсеткіштер арқылы айқындалып, өмір сүру қабілеттілігімен денсаулығын комплекстік бағалау”. Осы анықтамалардың әрі “қаржы жағдайы” деген түсінік мағынасын толықтай ашпайды, біақ әрқайсысының рационолдық мәддері бар, бұлардың бәрін қолданғанда дәлірек анықтама беруге болады. Жоғарыда айтылғанардың бәрін қорытындылағанда кәсіпорын қаржылық жағдайының өмір сүруі қабілілетсіздер мен күшсіздерді алмайтын, нарықтық жағдайда кәсіпорын тұрақтылығын және перспективалығын куәландыру керек. осылардың бәріне сүцене отырып мынадай анықтама беруге болады: “қаржылық жағдай өзінің көрінісінде кәсіпорынның белгілі бір мерзімінде қаржылық тұрақтылығын және оның шаруашылық қызметінің үздіксіз орындауы мен өзінің қарыз міндеттемелерін жою үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыздандыруымен анықталады. Ал кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының анықтамасы көп әдебиеттерде әр түрлі көрсетіледі. Кейбір авторлардың айтуынша қаржы тұрақтылығының мағынасында меншікті қаражаттарды моневерлендіру қабілеті, үзіліссіз қызмет процесінің қаржылық қамтуы болып көрінеді. Қаржы тұрақтылығы - “меншіктік және қарыз қаражаттарының қатынасы деп қарастырылады”. Басқалардың айтуынша: “қаржылық тұрақтылық деп - өзі меншікті қаражаттармен айналым активтерін жабатын девиторлық және кредиторлық қарыздарды болдырмайтын және өз міндетерін келіскен уақытта төлейтін, шаруашылық субъектісін айтады. А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллиннің ойынша: “Қаржылық тұрақтылық” - бұл кәсіпорынның шоттарында анықталған күйі және осы есептеулер төлем қабілетін қамтамасыздандырады. Дәл осы түсінікті В. Н. Радионова мен М. А. Федотова былай анықтайды: “Кәсіпорынның табыстарының шығыстарынан асып кету айнасын - қаржылық тұрақтылық деп көрсетеді”… Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының компоненті деп аталады. Бұлардан басқа осы екі автор осы түсінікке тағы да бір анықтама береді: “Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы - ол кәсіпорын дамуына әсер ететін қаржы ресурстарының жағдайы және оларды қолдану, бөлу”. Тура осындай пікірмен өз ойын В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир білдіреді. Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып кәсіпорын төемқабілеттіігі табылады. Ол дегеніміз - “ кәсіпорын өз міндетееері бойынша төлей алу мүмкіншілігі” немесе “төлемдік түрдегі сауда - саттық, несиелік және басқа операцияардан шығатын өз төлемдік міндетемлерін өз уақытында және толық орындау қабілеттілігі”. Кәсіпорынның жұмыстық, нарықтық жағдайларына көшумен байланысты оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы мен оны емдеу жайына сұрақ тұрды.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, Радионова В. М. мен Федотова М. А. оларды келесідей бөледі (сұрыптайды) :

1) пайда болу көзі бойынша - сыртқы және ішкі;

2) нәтиженің маңыздылығы бойынша - негізгі және жанама;

3) құрылымы бойынша - жәй және күрделі;

4) іс-әрекет уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның жұмысты ұйымдастыруына тәуелді, ал сыртқы кәсіпорын тәуелді емес. Негізгі ішкі факторларды қарастырайық.

Кәсіпорын тұрақтылығы ең алдымен өндірістің шығындарымен үзіліссіз байланыстағы шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет құрамы мен құрылымына байланысты. Сонымен қатар тұрақты мен ауыспалы шығындар ара-қатынасы да маңызды.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылықтың (ҚТ) басқа маңызды факторы болып активтердің оптималды құрамы мен құрылымы және оларды басқаруда дұрыс стратегия таңдау табылады және олар өндірілетін өнім түрлері мен өндіріс әдіснамасымен тығыз байланысты болып келеді. Ағымдағы активтерді басқау дегеніміз - ол кәсіпорын шотында ағымды оперативті іс-әрекетке қажетті өнімді қаражаттардың минималды сомасын ұстау.

Қаржылық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторы болып қаржылық ресурстарының құрамы мен құрылымы және оларды басқарудың тактикасы мен стратегиясын дұрыс таңдап алу болып табылады. Кәсіпорынның меншікті қаржылық ресурстары, оның ішіне таза табыс көп болған сайын, ол өз-өзін тыныштықта сезіне алады. Сонымен қатар таза табыстың жалпы көлемі ғана маңызды емес, оны бөлу құрылымы және өндіісті дамытуға бағытталатын бөлігі де маңызды болып келеді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына саудалық капиталдар нарығындағы қосымша тартылатын қаражаттар үлкен әсер етеді. Кәсіпорынның қаншалықты көп ақшалай қаражаттарды тарта алатын болса, соншалықты үлкен оның қаржылық мүмкіншіліктері болады, бірақ қаржылық тәуекел де өседі- кәсіпорын өз уақытында өз кредиторына төлей алу мүмкіншілігі бола ма.

Бұл жерде үлкен рольді кәсіпорын төлем қабілетілігінің қаржылық кепілінің бір формасы - резервтер ойнайды. Жоғарыдағы жалпылай келгенде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды анықтауға болады:

- кәсіпорын салалық түрі;

- кәсіпорын шығарылатын өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құрылымы, жалпы төлемқабілеттілік сұранымында оның бөлігі;

- шығындар көлемі, ақшалай табыстармен салыстырғандағы оның қарқыны;

- мүлік пен қаржылық ресурстардың жағдайы, қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса;

- кәсіпорынның басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізуге экономикалық шарттардың әсерін, қоғамдағы техника мен әдіснаманы, төлемқабілеті сұраным мен тұтынушыар табыстарының деңгейін, Қазақстан Республикасының Үкіметінің салықтық және несиеік саясатын, кәсіпорындардың іс-әрекетін бақылау бойынша заң актілерін, сыртқы экономикалық байланыстарды және басқаларды жатқызады.

Кәсіпорындар тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыуға оның контрагенттерімен (салықтық органдар, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т. б. ) ара-қатынастар үлкен әсер етеді. Сондықтан жақсы қаржылық жағдайдың шарты болып партнерлермен жақсы іскерлік қатынастар табылады. Әрине, акционерлер өз қаражаттарын қаржылай тұрақты кәсіпорын, тұрақты рентабельділігі бар және дивиденділерді уақытында төлеп отыратын кәсіпорынға салады. Инвестициялық тартымдылық болу үшін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы басқаларға қараанда жақсы болу керек және тек бүгін ғана емес, сонымен қатар көрінетін болашақта да. Банктер, қандай да болсын коммерциялық кәсіпорындар сияқты, өз қарыздарымен тәуекелге бара отырып, несие алушы мезгілі келгенде және толық ееп айырысу үшін келешектегі клиенттің қаржы тұрақтылығын тексереді. Басқа сөздермен айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктің несие беру сұрағын шешкенде ең басты критерий болып табылады, ал бұл сұрақты жағымды шешкенде - қандай мерзімге және қандай процентке. Жабдықтаушылар мен сатып алушылар төлемқабілетті кәсіпорындармен, көп жылдық репутациясы бар кәсіпорындармен келісімдік қатыастарға түседі.

Қаржылық органдарда, оның ішінде салық инспекциясы, тұрақты жағдайдағы кәсіпорындарды жақсы көреді, себебі олар өз уақытында және толық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлейді.

Осыайша қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестігін анықтайды, кәсіпорынның және оның серіктестігінің қаржылық және басқа қатынастары бойынша экономикалық талаптары қандай деңгейде кепілденгенін бағалайды. Кәсіпорының қаржылық жағайы жайында дұрыс объективті баға алудың тәсілі талдау болып табылады. Ол кәсіпорынның даму тенденциясын көруге мүмкіншілік береді, шаруашылық іс-әрекетке комплекстік баға беріп басқарушылық шешімдерді жасаумен меншікті өндірістік-кәсіпкерлік іс-әрекеттері арасында көпір болып келеді. Қаржылық ағдайының тұрақтылығын қандай да бір күнді таңдау келесі сұраққа жауап бере алады. Кәсіпорынның осы уақытқа дейін қаншалықты дұрыс қаржылық ресурстарды басқарады. Қаржылық ресурстардың жағдайы нарыққа және кәсіпорынның дамуының қажеттіліктеріне сәйкес келуі маңызды, себебі жеткіліксіз қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның төлемқабілетсіздігіне және өндірісті дамыту үшін қаражаттардың болмауына әкелу мүмкін, ал өте жеткілікті (мөлшерден асып кеткен) - дамуға бөгет жасауға, кәсіпорынның шығындарының артық қорлар мен резервтермен асуға әкелуі мүмкін.

1. 2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мерзімді кезеңде төлеуқабілетілік пен өтімділік сипаттары негізінде бағаланады.

Жалпы төлеу қабілеттілігі және өтімділік дегеніміз - қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша есеп айырысуды дер мезгілінде және толық көлемде жасау. Бір активтің өтімділігі дегеніміз - оның ақшалай қаражатқа айналу қабілеттілігі, ал өтімділіктің дәрежесі осы айналу кезеңінің ұзақтылығымен айқындалады. Кезең неғұрлым қысқа болса, активтің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Кәсіпорынның өтімділігі туралы айта отырып, оның айналым қаражатының теория жүзінде қысқа мерзімде орындамаса да, оны жаба алатын көлемінің бар болуы.

Төлеу қабілеттілігі дегеніміз - ақшалай қаражаттардың және олардың эквиваленттерінің жедел жабуын талап ететін, қарызды есептерді толтыру үшін жеткілікті көлемде бар болуы. Осыған қоса баланстың өтімділігі деген түсінік бар, ол кәсіпорындардың міндеттемелерін олардың активтері мен орнын толтыру дәрежесі ретінде анықталынып, олардың ақшаай түрге айналу мерзімі міндеттемелерді төлеу мерзіміне сәйкес. Баланстың өтімділігін талдау кәсіпорынның өтімділігімен төлеуқабілеттілігіне қатынасы бар.

Өтімділікті талдаудың сұранымы нарық жағдайларында кәсіпорынның қаражаттық шектерін күшейтумен және несие төлеуқабілеттілігін бағалау қажеттілігіне байланысты. Баланстың өтімділігі талдау - өтімділіктің дәрежесі бойынша топтастырылып, өтімділіктің кему тәртібінде орналасқан, ал активтерді өтімділік орны бойынша топтастырылып және мерзімнің ұлғаю тәртібінде орналасқан пассивтермен салыстырады. Төменде берілген топтар балансқа қатынасы бойынша кәсіпорындардың активтері келесі топтарға бөлінеді:

А1 - ең өтімді активтер-ақшалай қаражаттар және қысқамерзімді қаржылық салымдар; А2 - тез өткізілген активтер-дебиторлық қарыз және басқа активтер; А3 - төмен баппен өткізілетін активтер - тауарлы-материалдық құндылықтар; А4 - қиын өткізілетін активтер - негізгі қаражаттар және басқа айналымнан тыс активтер. Баланстың пассивтері оларды төлеу мерзімінің дәрежесі бойынша топтастырылады:

П 1 - ең жедел міндеттемелер: дер мезгілінде өтелмеген кредиторлық қарыз және ссудалар;

П 2 - қысқа мерзімді пассивтер: қысқа мерзімді несие мен қарыз;

П 3 - ұзақ мерзімді пассивтер: ұзақ мерзімді несие мен қарыздар;

П 4 - тұрақты пассивтер: кәсіпорынның меншікті капиталы.

Баланстың өтімділігін анықтау үшін пассив пен актив бойынша берілген топтардың қорытындыларын салыстыру керек. Егер төменде берілгендей қатынастар болса: А 1 ≥ П 1 ; А 2 ≥ П 2 ; А 3 ≥ П 3 ; А 4 ≤ П 4 онда баланс абсолютті өтімді деп саналады. Ал енді “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестігіндегі келесі қатынастар:

2007 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: А 1 =805, 2 ; П 1 =7565, 8 ;

А 2 =3844, 37 ; П 2 =0. А 3 =5957, 39 ; П 3 =0; А 4 =373, 74 ; П 4 =3414, 9.

2008 жылғы есеп беру кезеңінің соңы: А 1 =73 ; П 1 =9744 ;

А 2 =8618 ; П 2 =0. А 3 =4226 ; П 3 =0; А 4 =537 ; П 4 =3710.

2009жылғы есеп беру кезеңінің соңы: А 1 =2113 ; П 1 =7307 ;

А 2 =2926 ; П 2 =0. А 3 =5663 ; П 3 =0; А 4 =1478 ; П 4 =4773.

Осының бәрін салыстырғанда мынадай қатынасты берді:

А 1 ≤ П 1 ; А 2 ≥ П 2 ; А 3 ≥ П 3 ; А 4 ≤ П 4

Осы теңсіздіктерге қарасақ есептік жылдардың бәрінде бірінші теңсіздік орындалмайды, ал басқалары орындалады. Төртінші теңсіздік үлкен экономикалық мағынаны көрсетеді. “РИЗА” жауапкершілігі шектелген серіктестік меншікті айналым қаражаттарына ие болды, сондықтан анықталған тұрақтылығына ие. Бірақ кәсіпорынның балансын абсолютті өтімді деп санауға болмайды, себебі кірістер мен төлемдердің қатынастарын көрсететін бірінші жағдай орындалған жоқ.

Көрсеткішті есептеудің мәні: кәсіпорындар қысқа мерзімді қарыздарде ең біріншіден ағымдағы активтер есебінен өтейді. Коэффициенттің теориялық мәндері қызметтің түрлері бойынша құрылады, ағымдағы активтердің мөлшері ағымдағы міндеттемелерден асып кетсе, кәсіпорынның қызметі жағымды тенденция ретінде қарастырылады.

Батыс тәжірибесінде коэффициенттің теориялық мәні 2-ге тең деп саналады. 2. Жылдам өтімділік коэффициенті (К ж. ө. )

К ж. ө. = (АА - ТМҚ) / (ағымдағы міндеттемелер) ;

бұл жерде, АА - ағымдағы жылдар;

ТМҚ - тауарлы-материалдық қорлар.

3. Абсолют өтімділік коэффициенті (К а. ө. )

К а. ө, = (ақша қаражаттарын) / (ағымдағы міндеттемелер) ;

Бұл коэффициент өтімділіктің қатаң сипаты болып есептелінеді, ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігі жедел өтілу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің төменгі шамасы - 0, 2 болу керек.

Нарықтық экономика жағдайында іс-әрекет ететін кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдаудың негізгі талаптары болып келесілер табылады:

  • қаржылық жағдайының жалпы бағалануы және есеп беру кезіндегі оның өзгерістері;
  • активтер мен олардың құралу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды бөлу мен қолдану тиімділігін зерттеу;
  • қаржылық есеп айырысу және несиелік тәртіпті сақтау;
  • кәсіпорынның активтер құрылымын әне оның міндеттемелерін зерттеу;
  • ағымды активтердің, оның ішінде дибиторлық қарызбен қорлардың айналымдылығын есептеу;
  • баланс өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігінің абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорынның табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерінің және олардың деңгейінің өзгеруіне әсер ететін факторларды есептеу;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімге болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын жасау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетін талдаудың аяқтаушы атапы болып келеді. Ол өзі үш стадиядан тұрады: жабдықтау, өндіріс және өткізу, олар өз кезегіне жинақталып коммерциялық, өндірістік және қаржылық іс-әрекетті құрайды. Шаруашылық іс-әрекеттің маңызды жағы болып қаржылық іс-әрекет табылады. Кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеті дегеніміз - нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың құрамы мен көлемі өзгергендегі оның іс-әрекеті. Ол қаржылық ресурстардың жүйелі келіп түсуі мен тиімді қолдануын қамтамасыз етуге, есептік және несиелік тәртіпті ұстауға, меншікті және қарызға алынған қаражаттың рационалды ара-қатынастарына жетуіне ағытталу керек. Кәсіпорынның іс-әрекетінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен қарым-қатынас бар. Осылайша, қаржылық іс-әрекеттің жақсы болуы көбінесе оның өндіруші-өткізуші көрсеткіштерімен анықталады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз шығару және өткізу
кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына жағымды әср етеді. Өндірістік процесстегі кедергілер (тұрып қалулар), өнім сапасыың нашарлануы, оны өткізуде қиыншылықтар кәсіпорын шоттарына ақшалай қаражаттардың түсуіне кедергілер жасайды, нәтижесінде оның төлемқабілеттілігі нашарлайды немесе кері байланыс іске асырылатын шығындардың көлемі сонымен қатар өндірістік процесстердің тиімділігімен анықталады. Олардың тиімділігі жоғары болған сайын, кәсіпорын өнімді өткізу көлемі бір болған өз ресурстарын аз шығындайды, оның ішінде қаржылық ресурстар да және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының мөлшерін жоғарылату, еңбек өнімділігінің дейгейін төмендету, басқа ресурстары көп шығындау және өндірістік емес шығындар қосымша қаржылық қаражаттарда қажеттілікті шарттайды (тудырады) .

1. 3 Кәсіпорын қаржылық тұрақтылықтың қайнар көздері

Қаржылық тұрақтылық дегеніміз - кәсіпорын өзінің қызметін қаржыландыру қабілеті. Ол кәсіпорынның қалыпты міндеттелуіне (жұмыс істеуіне) керекті қаржылық қорлармен қамтамасыздығымен, оларды орналастырудың мақсатқа сәйкестігі және тиімді пайдалануды, басқа заңды ұйым (заңдық құқығы бар) немесе жеке тұлға мен қаржылықтың өзарақатынастарымен, төлеу қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау туралы
Кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері
Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыру
Компанияның рыноктық құнын анықтау және қаржылық жағдайын талдау
Шағын және орта бизнестің (ШОБ) қаржы менеджментін ұйымдастыру ерекшеліктері
Кәсіпорынның шаруашылық қызметі
Кәсіпорынның қаржылық қорлары
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды жетілдіру
Кәсіпорындарды қаржылық сауықтырудың әдістері мен нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz