Өндірістік кәсіпорын ішкі орта



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорынның экономикалық рентабельділігін
реттеу проблемасы
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1 КӘСІПОРЫНДАР ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ

НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Кәсіпорын – басқарудың жүйелік
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 6
1.2 Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің

ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Кәсіпорынның стратегиясы және оның
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... .15

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЖЕТІЛДІРУДІҢ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2.1 Өндірістік құрылым және оның
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды
жетілдірудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..21
2.3 Өндірістік процестерді ұйымдастырудың негізгі
принциптері ... ... ... .22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...26

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.28

КІРІСПЕ

Экономика – бұл тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, бөлу, сату
және пайдалану жөніндегі қоғамдық ғылым, яғни адам қызметінің саласы болып,
адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық
экономикалық ғылымдардың жалпы объектісі болып табылады. Шаруашылық
өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу
бағытында көптеген экономикалық ғылымдардың ішінде теориялық және
қолданбалы экономиканы бөлуге болады. Осылардың жиынтығын қысқаша
“Қазақстандағы экономика”, ал батыста – “Экономикс” деп атайды.
Теориялық және қолданбалы экономиканың негізі болып саналатындар:
• экономикалық дамуды зерттеу;
• жалпы халық шаруашылығы саласының жұмыс істеуін және жекелеген
кәсіпорындарды зерттеу;
• экономикалық саясаттың негізгі принциптерін алдын ала әзірлеу.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі
негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске
ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты
жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу т.б.
жұмыстарды іске асырған жөн.
Өндіріс, кәсіпорынның барлық жұмыс қызметін сипаттау және түсіндіру –
“Кәсіпорын экономикасы” пәнін зерделеу болып табылады. Өндірістік
қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылы өндірістік мақсаттарды
іске асыруда шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.
Кәсіпорын экономикасының даму негізіне қоғамдық өндірістің дамуына
объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде
экономиканы басқару – бұл экономикалық заңдардың талабына сай өндірістің
қызмет етуі.
“Кәсіпорын экономикасы” бағамын зерделеуде, оның негізгі міндетін
тұжырымдау қажет. Олар анықталатын екі ережемен еріксіз қабылданады және
оның мәні мынада:
• кәсіпорын меншік нысанына және салалық құрамында болуына қарамастан
бірінші буыны халық шаруашылығының экономикалық негізі болып
табылады, ақырғы соңында кәсіпорынның тиімді жұмыс істеу деңгейі
жалпы халық шаруашылығының даму деңгейі мен халықтың әл-ауқатының
деңгейіне байланысты болады;
• нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін
жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына жаңа нысандар енгізуді, атап
айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы,
салық салу, т.б. қажет етеді.
Осыған сәйкес пәннің негізгі мақсаты мына төмендегілерден тұрады:
• кәсіпорындарда әрекет ететін шаруашылық тетіктерінің негізгі
элементтерін қарау;
• алдын ала анықтайтын нарықтық экономиканың талаптарына сай
шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу;
• меншіктің әр түрлі нысандарындағы кәсіпорын экономикасы мен
ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерделеу.

1 КӘСІПОРЫНДАР ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Кәсіпорын – басқарудың жүйелік объектісі

Экономиканың қайсысы болмасын өндірістен, экономикалық өнім жасаудан
құралады. Өндіріссіз тұтыну болмайды, тек шығарылған өнімді ішіп-жеп қою
болады. Атап айтқанда, кәсіпорын өнім шығарады, жұмыстар және қызмет
көрсетеді, яғни тұтыну және ұлттық байлықты молайтудың негізін қалайды.

Өндірістік кәсіпорын ішкі орта

Адамдар
Өндіріс
(қызметкерлер)
қаржысы

Өндіріс

Ақша
Ақпарат

қызмет қорытындысы


Өнім

Кәсіпорын құрылымы

негізгі өндіріс қызмет көрсету, жанама және
көмекші өндіріс бөлімшесі қосалқы бөлімшесі
басқарушылық қызметі және
бөлімшесі

Қаншалықты кәсіпорын тиімді жұмыс істейді, оның қаржылық жағдайы
қандай екені экономиканың барлық саулығына және мемлекеттің индустриалдық
қуатына байланысты болады. Оның негізгі белгілері мыналар:
• ұйымдық бірлік: кәсіпорын – бұл белгілі түрде ішкі құрылымы және
басқару жөнімен ұйымдасқан ұжым;
• белгілі түрдегі өндірістің құрал кешені: кәсіпорын пайданы барынша
көбейту мақсатында экономикалық игіліктерді өндіру үшін
экономикалық ресурстарды біріктіреді;
• мүліктің жекеленуі: кәсіпорынның өзінің мүлкі болып, белгілі бір
мақсатқа жеке пайдаланады;
• мүліктік жауапкершілік: кәсіпорын түрлі жағдайға сай өзінің барлық
мүліктеріне толық жауапкершілікте болады;
• кәсіпорын дара басшылықты болжалайды, басқарудың тікелей әкімшілік
формасына негізделеді;
• шаруашылық айналымына жеке атынан шығады;
• оперативті-шаруашылық және экономикалық дербестік: кәсіпорын жеке
өзі түрлі мәмілелерді және операцияларды жүзеге асырады, пайдасын
өзі алады немесе зиян шегеді, пайданың есебінен қаржы жағдайын және
өндірісті одан әрі дамытуын жақсартады.
Өндіріс жоспарлы немесе әкімшіл-әміршілдік экономика жағдайында мына
тәсілмен жұмыс істейді:

Ресурстар Өндіру Өткізім

Бұл тәсілде ең негіздісі – ресурстар, атап айтқанда, олар шектеулі
өнім шығарылымының көлемі болып саналады. Сонымен, жоспарлы экономика
жағдайында кәсіпорындарда өнім шығарылымының көлемі мемлекеттің оларды
қажетті ресурстармен қамтамасыз ету мүмкіншілігіне байланысты болады.
Қазақстан кәсіпорындарының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бұл
жөніндегі жағдай түбірінен өзгерді. Кәсіпорындар бүгінде қарама-қарсы басқа
тәсілде жұмыс істеуге мәжбүр болды:

Өткізім Өндіру Ресурстар

Бұл тәсілде ең негіздісі – сатып алушылардың сұранысы, яғни өзінің
өнімдерін өткізу. Ол үшін нарық жағдаятын, сатып алушылардың сұрау
салуларын, нарық сиымдылығын, әлуетті бәсекелес өнімдері сапалылығының және
т.б. нарықтық экономика үшін сипатталатын сұрақтарын үйрену қажет.
Жасыратыны жоқ, көптеген отандық кәсіпорындар түрлі себептермен
аталған тәсілмен жұмыс істеуге қабілетсіздігін көрсетті және де дайын емес
еді, олардың ішінде кәсіпорындардың басшылары жаңа тәсілге, ал кейбіреулері
өтіп жатқан қайта құру реформасының маңыздылығына түсінбеді, қайтадан
жоспарлы экономика дәуіріне қайтып келуіне үміттенді және күтті де.
• КСРО-ның ыдырауы өндірістік және кооперативтік байланыстардың
бұзылуына әкеліп соқтырды;
• нарықтық қатынастарға өту инфляцияға және шектен тыс инфляцияға
жалғасып, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуіне, әсіресе оларды
айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуге айтарлықтай жағдай
жасалынбады;
• көптеген отандық кәсіпорындардың өнімдері бәсекеге жарамсыз болды;
• көптеген кәсіпорындар әлі де болса нарықтық қатынастарға бейімделе
алмады;
• Қазақстанның рыногындағы импорттық тауарлардың молықтырылуы аз
болды;
• өтпелі кезеңде мемлекет Қазақстандағы өркениетті рыноктың жұмыс
істеуіне қажетті жағдай жасай алмады.
Міне, осы және басқа да себептер ақырында көптеген кәсіпорындардың
қаржы жағдайын нашарлатуға және елімізде экономикалық дағдарысты ұзартуға
әкеліп соқтырды.
Өтпелі кезең біздің республика үшін тек жағымсыз салдармен ғана емес,
сонымен қатар кейбір оңды мезеттермен сипатталады. Атап айтқанда:
• кәсіпорындар бірте-бірте рынокқа бейімделіп, шынында сатып
алушылардың мұқтажын қанағаттандыра алатын өнімдерді өндіре
бастады;
• көптеген кәсіпорындар инфляцияның құлдырауы жағдайында өндіріс
шығындарын азайту, өнімдерді өткізу, оның сапасын жақсарту –
қаржылық сәттілікті дұрыс шешудің бірден-бір жолы екенін түсіне
бастады;
• рыноктар тауарлармен толықтырылып, кейбір экономикалық салаларда
кінәратсыз бәсеке пайда болды.

Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған бірлескен
және шетел кәсіпорындарының саны

Қазақстан бойыншаОның ішінде Оңтүстік Қазақстан
облысы бойынша
1995 736 27
1996 995 35
1997 1338 39
1998 1677 39
1999 1865 22

Кәсіпорынға басшылық ету әдістері нарықтық экономиканың даму
дәрежесіне сәйкес болуға тиіс. Олардың өзгерусіз, бір орында қатып
қалуларына болмайды. Кәсіпорынды басқару икемді, әрқашан басты мақсатқа
жетуге және сонымен бірге әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескеріп
отыруға тиіс. Кәсіпорынға басшылық етудің міндеттері де практиканы терең
зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл
дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды
экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.

1.2 Нарықтық жағдайда кәсіпорындар шаруашылық қызметінің
ерекшеліктері

Жоғарыда айтылғандай, кез келген кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ең
маңызды мақсаты – өз жұмысындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету. Бұл
мақсатқа жетудің күрделі жолы, бұған қосылатын, тек пайда тауып қана
қоймай, сонымен қатар, пайда табуды тұрақтандыру, ал бұған жету оңай мәселе
емес.

Кәсіпорынды дамытудағы стратегиялық басқару

Стратегиялық басқару
процесі

Мақсатты
анықтау

Стратегияны
таңдау

Ортаны
талдау

Стратегияның орындалуы

Стратегияны орындауды бақылау

Кәсіпорындарда жүзеге асырылатын процестер

ғылыми зерттеулер тасу
жобалау, құрастыру кәдеге жарату
дайындау қалыпқа келтіру
жөндеу және жаңғырту уақытша тоқтатып қою және бумалау
бақылау және жарамсыздықтан тазалау және зарарсыздандыру
сақтандыру қауіпсіздікті алдын алу
қызмет көрсету басқару
сақтау

Кәсіпорын, егер де өзінің жұмысында белгілі бір принциптерге сүйенсе
және қажетті бернесін орындаса, алдына қойған мақсатына жетеді. Осыған орай
кәсіпорындардың негізгі міндеттеріне жататындар:
• жоғары сапалы өнімдер өндіру, оларды жүйелі түрде жаңалау және
қолда бар өндірістік мүмкіншіліктеріне, сұраныстарына сай қызмет
көрсету;
• өзара алмасушыларын ескере отырып, өндірістік ресурстарды ұқыпты
пайдалану;
• кәсіпорынның бет алысының стратегиясы мен тактикасын әзірлеу және
жағдайлардың өзгеруіне байланысты оларды өзгертіп отыру;
• ғылыми-техникалық жетістіктер мен озық тәжірибені, еңбекті
ұйымдастыру және басқаларды өндіріске кеңінен енгізу;
• өздерінің қызметкерлеріне жағдай жасау, олардың сыныптамаларының
өсуін және еңбектерінің үлкен маңыздылығы, олардың тіршілік
деңгейлерін арттыру, еңбек ұжымдарында қолайлы саяси-психологиялық
ахуалды жақсарту;
• кәсіпорынның шығарған өнімінің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз
ету, кәсіпорынның жақсы атағын қолдау;
• баға саясатын икемді жүргізу және басқа да функцияларды іске асыру.
Қорыта айтқанда, ең маңыздысы, кәсіпорындардың барлық функциялары
межеленген стратегияны іске асыруға және алдарына қойған мақсаттарына
жетуге бағытталғаны жөн.
Қазіргі заман жағдайында көптеген отандық кәсіпорындардың алдында
кәмілдік басқа мақсаттар мен міндеттер тұр, ал пайда табу бірінші орында
болмай отыр. Көптеген кәсіпорындардың басшылары бұл кезеңдегі негізгі
мақсаттары олар үшін – өнімді өткізу, кәсіпорындардың қызметкерлеріне
жалақыларын уақтылы төлеу деп есептейді.
Осы кезеңдегі қиындық жағдай Қазақстан экономикасы үшін жақын арада
бастан өтеді, кәсіпорындар бірте-бірте қалыпты жұмыс істейді, нарықтық
экономикаға тән алға қойылған міндеттер шешіліп, мақсаттарға жетеді,
үдемелі қоғамдық өндірісті ұйымдастыру формаларын, атап айтқанда,
кәсіпорындарында шоғырландыру, мамандандыру, кооперациялау және
құрамдастыру жұмыстары іске асады деп үміттенуге болады.
Қазақстанда “Меншік туралы” Заңға сәйкес кәсіпорындар мемлекеттік,
жеке меншіктік, сол сияқты меншіктің аралас нысанасы түрінде құралады және
іс істей алады.
Мемлекеттік кәсіпорындар – мұнда негізгі құралдар мемлекеттің
меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын
кәсіпорындарды қазыналық деп атайды.
Мемлекеттік холдинг-компаниясы – Холдинг деп үлкен корпорациялардың
ортақ мүдделерінің сақталуына акциялардың бақылау пакеті арқылы бірыңғай
бақылау жасасуды айтады. Алғашқы кезеңде Қазақстанда мемлекеттік
акционерлік кәсіпорындары құрылғанда халық шаруашылығы салаларында көптеген
холдингтер көріне бастады.
Біздің республикада жеке меншік секторы мына төмендегі бөлімшелерден
тұрады:
• жеке кәсіпкерлік;
• толық серіктестік;
• коммандиттік серіктестік;
• жауапкершілігі шектеулі қоғам;
• қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам;
• ашық акционерлік қоғам;
• жабық акционерлік қоғам;
• өндірістік кооперативтер.
Жеке кәсіпкерлік – бұл жеке кәсіпкерліктің ең жай нысаны, мұнымен
айналысуға әрекетті әрбір азаматтың құқығы бар.
Толық серіктестік – екі немесе одан да көп тең құқықты адамдардың
ұйымдасқан шаруашылық қоғамының, бірлестігінің түрі. Олар кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыру үшін бірігіп, жасасқан шарт негізінде өз мүліктерімен
қоғам алдында жауапты болады. Толық серіктестіктің мүлкі оның
қатысушылардың үлес жарнасы негізінде қалыптасады.
Коммандиттік серіктестік – шаруашылық қоғамдарының бір түрі. Оған шарт
жасасу негізінде екі, одан да көп кісі біріге алады. Алайда олар мүлікке
деген жауапкершілігіне қарай екіге бөлінеді. Бірінші топқа жататындар толық
үлесшілер немесе коммандиттік серіктестіктің толық мүшелері деп аталады.
Олар қоғамның борышы үшін өз мүліктерімен толық жауап береді. Ал
коммандиттер, сенім бірлестігіндегілер деп аталатын екінші топтағылар
қоғамға қосқан жарнасы көлемінде жауапты.
Жауапкершілігі шектеулі қоғам – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
екі, одан да көп адамды біріктіретін қоғамның түрі. Жауапкершілігі шектеулі
қоғамның оның мүшелері есебінен жиналған жарғы қоры бар. Жауапкершілігі
шектеулі қоғам жабық қоғам, яғни қоғам мүшесі өз үлесін қоғамның басқа
мүшелерінің келісімімен басқа адамға немесе үшінші кісіге бере алады. Қоғам
акциялар шығармайды. Мұның өзі қоғам мүшелеріне сырт жақтан қаржы тарту
мүмкіндігін шектейді.
Қосымша жауапкершілік жүктелген қоғам – қатысушылардың жарғылық қорға
өздерінің міндетті салымдарымен жауап беретін қоғам, ал бұл қаражаттардың
жетіспейтін кезінде – қосымша өздерінің мүліктерімен салған салымдарының
үйлесімді мөлшері.
Ашық акционерлік қоғам – бұл заңдық құқы, жарғысы бар қоғам. Ол рұқсат
ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір
бөлшектенген негізгі капиталы болады. Олардың негізгі капиталы акцияларға
бөлінеді. Акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі керек.
Жабық акционерлік қоғам – ашық акционерлік қоғамнан акцияларды
таратудың ерекше әдісімен өзгеше. Оның мәні акционерлік қоғамның акциясын
сатып алуды акционер басқалармен салыстырғанда артық құқыққа ие болады.
Міне, осыдан барып, акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және
сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларында кеңінен дамуына
әсер етеді.
Өндірістік кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу
емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Кооператив кәсіпкерлік
нысанына тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс
орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер.

1.3 Кәсіпорынның стратегиясы және оның қалыптасуы

Нарықтық қатынастар жағдайында қоршаған ортадағы өзгерістер
жылдамдығы, сондай-ақ осы өзгерістерден туатын қосымша мүмкіндіктер тұрақты
өседі. Сондықтан, кәсіпорынның стратегиясы осы өзгерістерден артықшылықтар
алу мүмкіндігін шаруашылықты жүргізу үшін барлық қосымша мүмкіндіктерді
қамтитындай болуы керек.
Кәсіпорынның мақсаты оның қызметінің соңында қандай нәтижені
көздейтінін көрсетсе, стратегиясы осы нәтижеге жету жолдарын, бағыттарын
анықтайды. Әрбір кәсіпорынның стратегиясы өзгеріп отырған нарық жағдайын
ескеріп, кәсіпорынға жаңа шешімдер қабылдауға еркіндік береді.
Кәсіпорынның стратегиясы оның нақты жағдайына қызмет ету
ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Бірақ барлық кәсіпорындар стратегиясын
анықтау барысында мынадай мәселелерді шешкені жөн:
1. Қандай өндірісті тоқтату керек?
2. Қандай өндірісті жалғастыра беру керек?
3. Алдағы уақытта қандай өндіріске көшу қажет?
Кәсіпорынның рыноктағы іс-әрекетінің негізгі үш бағыты бар:
• өндіріс шығындарын барынша азайту. Өндіріс шығындары неғұрлым аз
болған сайын кәсіпорын өз өнімінің бағасын бәсекелестерге қарағанда
төмендете алады. Соның нәтижесінде бұл өнімнің рыноктағы үлесі
артады. Бұл үшін кәсіпорын стратегиясын жоспарлағанда өндірісті
және жабдықтауды жақсарту шараларын жаңа технологияны игеруді,
өнімнің өзіндік құнын арзандату жолдарын қарастырады;
• өнім өндіруде мамандандыруды жоғарылату. Бұл бағыттың негізгі
мақсаты – өндіріс өнімінің сапасын жақсарту, тұтынушылар бағасы
жоғары болса да, сапалы өнімді таңдайды. Сондықтан да бұл бағытты
таңдаған кәсіпорындар қалай да өз өнімінің сапасын жоғарылатуды
көздейді. Бұл үшін жақсы дизайнерлер, жақсы дамыған маркетинг
жүйесі болуы керек;
• кәсіпорын өз қызметін рыноктың белгілі бір бөлігіне ғана арнайды.
Бұл бағытты таңдаған кәсіпорын рыноктағы бір өнім түріне деген
сұранысты зерттеп, соған сай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дуальды оқыту туралы шарт
Өндірістік бағыттар
Нарықтық экономика жағдайында персоналды басқарудың теориялық негіздері
Өндірісті жоспарлау
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың орны мен маңызы
Өндірістік кәсіпорынның тәуекел көзі мен факторлары
Кәсіпорын мен цехтарды ірілендіру
Кәсіпорын - нарықтық экономиканың субъектісі ретінде
Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
Нарық жағдайындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту және тұтынушылардың нарығын қанағаттандыру («Жетісу» АӨК кәсіпорыны мысалында)
Пәндер