Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4

Бөлім 1. Компанияның инвестициялық тартымдылығы ұғымы, оны бағалаудың
мақсаттары мен бағыттары
1.1 Компанияның инвестициялық тартымдылығы ұғымы, оны анықтаудың міндеттері
мен
мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..5-7
1.2 Компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалаудың ақпараттық -
әдістемелік
базасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .8-12

Бөлім 2. Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау және жақсарту
жолдары.
2.1 Компания қызметін қаржылық
сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13-21
2.2 Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау ... ... ... ... .22-23

2.3 Компанияның инвестициялық тартымдылығын жақсарту
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 24-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 26- 27

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28

Кіріспе
Инвестиция проблемаларының зерттеуі экономикалық ғылым орталығында
әрқашан алдынғы орында болды. Инвестиция – кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде ең маңызды орынды алады және экономикалық өсу кәсіпорынның
экономикалық өсу процесінде бүгінде маңызды рөлді атқарады.
Инвестиция дегеніміз – кәсіпкерлік қызмет объектілеріне құйылатын
барлық мүліктік және интеллектуалдық құндылықтардың түрлері. Инвестицияның
нәтижесі – пайда, табыс табу немесе әлеметтік эффект болып саналады.
Инвестициялық қызмет дегеніміз – азаматтардың мемлекеттің, заңды
тұлғалардың және азаматтардың әрекеттерінің жиынтығы.
Инвестициялық қызмет келесі түрлер бойынша жүзеге аса алады:
мемлекеттік және заңды тұлғалардың инвестициялары, жеке және мемлекеттік
емес ұйымдардың инвестициялары, сырттан тартылған немесе шетел
инвестициялары және т.б.
Соңы онжылдықты Қазақстан экономикасы экономикалық және қаржылық
өзгерістерге ұшырап жатыр. Соған байланысты көптеген кәсіпорындар, соның
ішінде түрлі-түсті металлургиямен айналысатын ірі кәсіпорындар, көптеген
проблемалардан бастарынан кешіріп жатыр. Бұл кәсіпорындардың негізгі
қорлары мынадай қиындықтырмен кездесіп жатыр:
3) негізгі қорлардың тозуы
4) кәсіпорындардың өзара төлемге қабілетсіздігі
5) ішкі және сыртқы нарықтардағы өнімге деген сұраныстың төмендеуі.
Сонымен қатар, қазақстандық кәсіпорындар өзінің дамуы үшін көптеген
потенциалға ие. Осы потенциалды ашу үшін, шешу үшін инвестиция қажет. Осы
курстық жұмыстың мақсаты да осы объект болып тұр, яғни кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығы.
Ол үшін келесі мақсаттарға жетуіміз керек:
6) инвестицияның теориялық аспектілерін қарастыру керек
7) инвестициялық белсенділік түсінігін енгізу қажет
8) кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына сараптама жүргізу
Осы мақсат – міндеттер курстық жұмыстың құрылымын көрсетеді:
Бірінші бөлімнің:
Бірінші тарауында - компанияның инвестициялық тартымдылығы ұғымы, оны
анықтаудың мақсат – міндеттері қарастырылған.
Екінші тарауында – компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалаудың
ақпараттық - әдістемелік базасы қарастырылған.
Үшінші тарауында – компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
процедурасын жетілдіру сұрақтарының ғалымдар мен тәжіребиешілердің
еңбектерінде қарастырылуы сұрақтары осы 1 Бөлімде қаралады.
Екінші бөлімнің:
Бірінші тарауында – компания қызметін қаржылай сараптама жүргізу
Екінші таруында – компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
Үшінші тарауында - компанияның инвестициялық тартымдылығын жақсарту
бағыттары сұрақтары қаралады.

Бөлім 1. Компанияның инвестициялық тартымдылығы ұғымы, оны бағалаудың
мақсаттары мен бағыттары
1.1 Компанияның инвестициялық тартымдылығы ұғымы, оны анықтаудың міндеттері
мен мақсаттары
Инвестициялық тартымдылық термині ғалымдар мен тәжіребиешілердің
күнделікті жұмыстарында белсенді қолданылады. Осы ғалымдар мен
тәжіребиешілер экономикалық, басқарушылық және микро-макро талдау, ұлттық
экономиканы зерттеу, корпоративтік менеджментті, корпоративтік басқаруды,
БҚН-ның кәсіби қатысушыларын зерттегенде инвестициялық тартымдылық терминін
жие қолданады.
Бұл термин отандық кәсіпкерлікте және ҚР Үкіметінің жоспарлы
құжаттарында жие қолданылады. Бірақ инвестициялық тартымдылық терминін ашып
қарастырғанда ғалымдар, сараптаушылар және кәсіпкерлердің ойлары бір жерден
шықпайды. Олардың кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын есептегенде,
әдіс-тәсілдері бірдей болмай шығады.
Инвестициялық тартымдылығын сараптаған кезде мынадай түрлерге бөліп
талдауға болады:
9) экономика бойынша
10) сала
11) аймақ немесе өңірдің инвестициялық тартымдылығы
12) осы салада жұмыс істейтін компаниялардың инвестициялық тартымдылығы
13) осы аймақта, өңірде жұмыс істейтін компаниялардың инвестициялық
тартымдылығы
14) барлық, жалпы компаниялардың инвестициялық тартымдылығы
15) нақты кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау – коммерциялық және
халықаралық банктік және қаржылық ұйымдарға керек. Осы қаржылық институттар
белгілі бір салаға немесе аймаққа иә болмаса белгілі бір кәсіпорынға
инвестиция құю үшін, осы жоғары аталып кеткен субъектілердің инвестициялық
тартымдылығына бағалау жүргізеді.
Айтып кететін бір жайт бар: Инвестициялық тартымдылықтың бір ғана
барлығына танымал абстрактілі категория жоқ:
16) біріншіден, болашақ инвесторға (банкке) немесе институционалды
инвесторға (акционерге) инвестициялық тартымдылық түсінігі әр түрлі
мағынада болады. Мысалы, банк нақты кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығын сараптау кезінде, кәсіпорынның төлемге қабілеттілігіне
(банк, берген несиесін қайтарып алу керек) назар аударады. Ал
институционалды инвестор болса, яғни акционер – кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығын сараптаған кезінде барлық активке шаққандағы
табыс немесе пайда мөлшеріне үлкен мән береді.
17) Екіншіден, инвестиция мөлшеріне көп көңіл бөлінеді. Капиталдық құйылым
үшін, ағымдағы таза құн (NPV) нормасы және рентабельдіктің ішкі (IRR)
пайдаланылады.
Осыған байланысты, белгілі бір шешімді қабылдаған кезде инвестордың
ұстанымы маңызды болып келеді. Егер де, әр түрлі кәсіпорындардың
инвестициялық тартымдылығын сараптаудың мақсаты инвестиция, бекітілген
мөлшермен орналасуы болса, бұл жағдайда ағымдағы таза құн (NPV)
көрсеткішін негізге аламыз.
Егер де, әңгіме инвестициялық салымдардың дифференциялы түрде
салынғанын қарастыратын болсақ, бұл жағдайда рентабельдіктің ішкі (IRR)
көрсеткішін қолданамыз
- үшіншіден, кәсіпорынның абсолютті және салыстырмалы инвестициялық
тартымдылығын ажырата білуіміз керек. Абсолютті тартымдылық көрсеткіші
инвестициялық жобаны нақты сараптағанда қоланған жөн. Бұл жағдайда
кәсіпорынның инвестициялық тартымдылық жағдайы тұрақты болады, егер де NPV
– 0-ден жоғары болса. Ал, салыстырмалы тартымдылық түсінігін қолданғанда,
базасы белгілі бір категориялармен көрсеткішьерді салыстыру болып келеді.
Мысалы: инвестициялық тартымдылықтың орташа салалық көрсеткіші, сала
бойынша басқа да кәсіпорындармен салыстырылуы, кейбір (тасырыс беруші
берген) нормативтердің көрсеткіштері бойынша салыстырылуы.
Сондықтан да, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалаған кезде
мыналарға мән беру керек:
18) бағалаудың базасы немесе объектісі не болып табылады;
19) басқа да кәсіпорындар (шектелген тізім); инвестордың өзінің салымын
қайтару үшін берілген көрсеткіштер (салынған салымының қайтарылуының
мерзімі, пайданың қарапайым нормасы, ағымдағы таза құн, рентабельдіктің
ішкі нормасы;
20) Капиталға салым салу бойынша салааралық орташа инвестициядан түскен
түсім көрсеткіші: 0 (бұл жағдайда кәсіпорынның абсолютті инвестициялық
тартымдылығы бағаланады);
21) Кәсіпорынның инвестициялық жобаны орындаған кезде нақты инвестициялық
тартымдылығы бағаланады ма жоқ па;
22) Капитал салымдарының өтімділігі
23) Қаржыландырудың шекті сомасы
24) Ғылым мен зерттеуге (инновация) салынған инвестицияның сапалық
көрсеткіші;
25) Қосымша кепілдеме (аккредитив, шоттағы соманың минималды қалдығы).
Осы жоғарыда аталып өткен көрсеткіштерді нақты шешпей, кәсіпорынның
инвестициялық тартымдылығын бағалау мәнін жоғалтады.

1.2 Компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалаудың ақпараттық -
әдістемелік базасы
Инвестициялаудың объектілерін бағалауда неше түрлі әдіс – тәсілдерді
қолданамыз.
Бүгінгі таңда, инвестициялық объектілерді бағалағанда екі жақпен жұмыс
жасауға болады:
Бірінші жағы:
- кәсіпорынның көрсеткіштерін сараптаған кезде, кәсіпорынның жұмыс істейтін
ортасы немесе саласы, яғни, жалпы саланың дамуын көрсететін ақпараттармен
жұмыс жасауға болады;
- кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштері
Немесе, келесі жағы, екінші:
- кәсіпорынның қор нарығындағы жағдайына баға беру
- кәсіпорынның бағалы қағаздарының биржалық баламасының деңгейі, бәсекеге
қабілеттігі
- кәсіпорындағы менеджмент түрлерінің нәтижиелері
Бірінші бағыт бойынша, фундаменталдық талдау мектебінің жақтаушылары
ұсынады: - - негізгі мақсаттары: кәсіпорынның баланстарын және басқа да
қаржылық құжаттарының сарапталануы. Сонымен қатар, кәсіпорынның өзі жұмыс
істеп жатқан саланы, нарықтардың жағдайын, атктивтердің жағдайы, сату
көлемі, компанияны басқарғандағы тактикаларды қолдану, директорлар
кеңесінің құрылымы. Осы фундаменталдық талдау мектебінің өкілдері, жоғарыда
аталып өткен факторларды қолдана отырып кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылын сараптайды. Фирманың нарықтағы орнына қарап, сараптамашылар
кәсіпорынға баға береді, барлық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынға инвестиция
тарту, инвестициялық тартымдылығын, басымдылығын айқын ашып беру.
Екінші бағыт – техникалық талдау. Бұл талдаудың негізін бағалы
қағаздардың нарықтық бағасының көлемі, соның ішінде бағалы қағаздарға деген
сұраныс және ұсыныс, баламалық құнның динамикасы, жалпы нарықтың
тенденциясы.
Қайбір бизнестің түрін алмайық, біздің заманымызда бәсекелестіктің
деңгейі жоғары екенін байқаймыз. Өздерінің нарықтағы орнын және
көшбасшылығын сақтау үшін, компаниялар даму керек, даму үшін жолдар
қарастырылады. Компаниялар бәсекелестерінен қалып қоймау үшін жаңа
технологияларды меңгереді, қызмет жасап жатырған сфераларын кеңейтумен
айналысады. Осы кезде компания қаржысы жетпейді, сондықтан өзіне инвестиция
тартумен айналысады. Компанияға инвестиция тарту дегеніміз, компанияға
бәсекелестік басымдылық береді және компания алға басады.
Кәсіпорынды сырттан қаржыландыру көздерінің келесі түрлері кездеседі:
акционерлік капиталға инвестиция тарту, қарызға қаржы-қаражаттар тарту.
Акционерлік капиталға инвестиция тарту: (тікелей инвестиция тарту)
Акционерлік капиталға инвестиция тартудың негізігі формалары болып:
26) қаржылық инвесторлардың инвестициялары
27) стартегиялық инвесициялар
Қаржылық инвесторлардың инвестициялары дегеніміз – венчурлік және
пайлық қорлар бастаған қаржылық институттарының инвестициялары.
Бұл жағдайда инвесторлар өздерінің акцияларын сатудан пайда көреді
(яғни бизнестен шығу арқылы)
Сондықтан, қаржы инвесторларынан түскен инвестицияны кәсіпорын өзінің
өндірісін кеңейту және жақсартуға, сату көлемін көбейтуге салу керек. Сол
арқылы компанияның құны көтеріледі, инвестордың капиталы, пайдасы
жоғарылайды.
Стратегиялық инвестиция дегеніміз – инвесторлар компанияның бақылаушы
акция пакетін иемденеді. Стратегиялық инвестиция дегеніміз – инвестор
компанияның, басқа құрылтайшылармен ұзақ жұмыс жасайды. Стратегиялық
инвесторлардың соңғы мақсаты – инвестор компанияны өзіне қосып алады.
Стратегиялық инвесторлар болып ірі-ірі кәсіпорындар және кәсіпорын
одақтары, ассоциациялары т.б. болып табылады. Стратегиялық инвестордың
негізгі мақсаты болып – бизнестің жақсы дамуы және жаңа су технологиялар
мен ресурстарға қол жеткізу болып табылады.
Несиені тарту бойынша инвестиция
Негізгі құралдар – несиелер (саудалық, банктік), облигациялық займдар,
лизингтер. Тартылатын инвестицияның көлемі бірнеше мың доллардан бастап
бірнеше миллион аралығында болады. Қаржыландырудың мезгілі бірнеше айдан,
бірнеше жылдар бойы. Бұл қаржыландыру формасында, инвестор берілген
тәекелге барып пайыздық табыс алады.
Сонымен, барлық инвесторларды екі топқа бөлеміз: кредиторлар, пайыздық
мөлшерде табыс тапқысы келетін тұлғалар. Екінші түрі – бизнеске қатысушылар
немесе құрылтайшылар. Бұлардың негізгі мақсаты болып компания құнының
жоғарылауы арқылы табыс табу.
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы келесі топтарға табыс табу
арқылы бөлінеді. Табыс көлемі – капиталдың тәуекелділігіне байланысты.
Тәуекел жоғары болса – инвестициядан түсетін табыс жоғары болады және кейін
қарай. Осы белгілі бір талаптар және критерийлер бойынша инвесторлар
кәсіпкерлерге талаптар қоя алады.
Кәсіпорындардың көбі өздерінің инвестициялық тартымдылын жоғарылату
үшін келесіден өтеді:
- ұзақ мерзімге арналған даму стратегиясы
- бизнес – жоспар
- заңдық экспертиза
- несиелік, кредиттік тарихты, базасын құру
- реформалау, реструктуризациялау реформалары
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын дамыту үшін:
- компанияның басым жақтарын қарастыру
- компанияның жағымсыз жақтарын қарастыру
- бәсекеге қабылеттілігі, инвестициялық тартымдылықтың көлемі
Төмендегі тартымдылықтармен инвестиция мөлшерін таңдау – келесі
тартымдылықтыардын тұрады:
1)өнімнің тартымдылыға
2)ақпараттық тартымдылыққа
3)кадрлік тартымдылық
4)инновациялық тартымдылық
5)қаржылық тартымдылық
6)экологиялық тартымдылық
7)әлеуметтік тартымдылық
Компания өнімінің тартымдылығы әрбір инвестор үшін нарықта
бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Тауардың бағасы, сапасы, басқа
бәсекелестіктерден айырмашылығы, осылардың барлығы тауардың бәсекеге
қабілеттілігін арта түсіреді.
Комапнияның ақпараттық тартымдылығы. Компания, өзінің сыртқы имиджімен
жақсы жұмыс істеу керек, өзінің брэндымен жұмыс жасау керек. Комапанияның
инвестициялық тартымдылығындағы ақпараттық компонент соңғы кездері өте
маңызды орынды алып келеді.
Компанияның кадрлік тартымдылығы сипатталады:
– басышалар және оның командасының іскерлік қасиеттері
– олардың сапасы, білімі, бәсекеге қабілеттігі
Компанияның инновациялық тартымдылығы – инвестициялық тартымдылықтың
ең маңызды құрылымы. Көптеген ивесторлар осы критерийге қарап өзінің
инвестициясын құяды. Бұл көрсеткіш қысқы және ұзақ мерзімді инвестицияға
қарап белгіленеді.
Компанияның қаржылық тиімділігі дегеніміз – инвестциялық
тартымдылықтың негізін құраушы негіз болып келеді. Қайсыбір инвестор үшін
бұл көрсеткіш тұрақты табыс табатын көз болып келеді. Егер де одан келетін
табыс көзі тұрақты болмаса, компания қаржылық тәуекелге ұшырайды. Қаржылық
тартымдылықтың критерийлері – компанияның қаржылық жағдайын көрсететін
көрсеткіштер болып келеді (өтімділік, қаржылық тұрақтылық және төлемге
қабілеттігі) және іскерлік белсенділіктің деңгейі (активтердің айналымы,
өндірістің және өнімнің рентабельдігі)
Компанияның инвестициялық тартымдылығын бағалау үшін үш негізгі
коэффициенттерді сараптамыз:
– нарықтық әдіс, комапнияның сараптағанда сыртқы ақпараттарға сүйенеміз.
– Бухгалтерлік әдіс, компанияның ішкі ақпарат көздеріне сүйенеміз:
қаржылық есебіне. Осындай әдісті бухгалтерлер мен сарапшылар көбінісе
қолданады.
– Комбинирлік әдіс, сыртқы және ішкі факторларды талдау арқылы қол
жеткіземіз.
– Компанияның территориялық, аймақтық тартымдылығы, экологиялық және
әлеуметтік тартымдылығын айта кеткен жөн.

Бөлім 2. Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау және жақсарту
жолдары.
2.1 Компания қызметін қаржылық сараптау
Бүгінгі таңда жекешелендіру жөніндегі ұлттық бағдарламаны жүзеге асыруды
және нарықтық экономика негіздерін қалыптастырудың қортындыларын шығара
отырып, оның барысында реформаны алға қарай жүргізудің жаңа әдісі,
тәсілдерін іздестіру қашанда болса, күн тәртібінде тұр.
2001 жылы 5 қаңтарда Строй Инвест Плюс жауапкершілігі шектеулі
серіктестік болып құрылды. Строй Инвест Плюс ЖШС-ның орналасу обьектісі
Батыс Қазақстан обылысы, Орал қаласы, Елизаров көшесі 48. Осы
серіктестіктің негізгі қызметі сауда-саттық, қала тұрғындарын құрлыс
материалдарымен қамтамасыз етіп, құрлыс өнімдерін шығару. Батыс Қазақстан
облысы, әділет басқармасында 2001 жылы 24 мамырда заңды тұлға болып
тіркелген. Куәлік нөмірі №113-28160,коды ОКБО 00961824, жарғылық қоры
652840 мың тенге. Строй Инвест Плюс серіктестігі заңды тұлға бола
отырып Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келесідей қызмет
түрлерімен айналысады:
Негізгі қызметі:
-Комерциялық қызмет;
-Құрлыс өнімдерін шығару;
-Басқада қызметтер.
Кәсіпорын жаңа техникалық құралдармен және компьютермен қамтамасыз
етілген.
Жарғылық қызметінің негізгі түрлері: Құрлыс материалдарымен ағаш
өнімдерін өндіру және өткізу, сату және сатып алу қызметі, комерциялық
қызмет.
Басқару функцияларын атқаруға өкілетті тұлғалар болып, бас директор
мен бас бұғалтері табылады. Бұғалтерлік есеп жүргізуге, өкілеттілігі бас
бұғалтерге беріледі.
Стандарт талабына сәйкес қаржы-шаруашылық нәтижесінің есебін жасаған
кезде, шаруашылық субьектісіне мынадай анықтама береді:
1. Кәсіпорын табысын анықтауға арналған есеп саясатында көрсетілген ережеге
түсініктеме беру.
2. Нақты табыстар түріне түсініктеме беруге міндетті: тауар сату табысына
қызмет көрсету барысына, пайыз несие беру операциясынан, раялти-компьютер
программасын; патент, сауда маркасын пайдаланғаны үшін, төлем девидент
табысына, акцияға жұмсалған ақша қаржысынан түскен табысына;
3. Бұғалтерлік есеп стандарты бойынша қаржы шаруашылық нәтижесі есебінің
үлгісі мынадай:
а)дайын өнімді сатудан түскен табыс.
ә)дайын өнімнің өндірістік өзіндік құны.
б) дайын өнімнің жиынтық табысы, (%)
в)кәсіпорын шығыны, жалпы және әкімшілік шығыны.
г)тауарды сату шығыны.
д)салық төленгенге деңгейдегі табыс.
е)табыс салығы.
ж)таза табыс.
Жеке кәсіпкер, еңбекке бейімділігі мен қабілеттілігі және олардың,
өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура
келеді. Осыған орай өз бетінше шешім қабылдамай белсенді жаңалыққа,оны тез
жүзеге асыруға белсенділік танытады.
Өнімді өндіру есебі ең алды мен орындалған жұмыс операцияларының өндіріп
шығарған өнім саны мен сапасына қарай кесімді еңбек ақы есептеу үшін, және
жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімдеріне бақылау
жүргізу үшін пайдаланылады.
Дайын өнімді алу үшін немесе өнімді шығару үшін кәсіпорынныңалдына қандай
болмасын технологиялық мүмкіндіктер, ұйымдастырушылық, басқарушылық
басылымдықтары соған, сәйкес адам ресурстары мен қамтамасыздығы болуы
қажет.
Кәсіпорын туралы жалпы сипаттамаға толығырақ тоқталатын болсақ. Кез –
келген кәсіпорында сипаттайтын көрсеткіштердің бірі оның көлемі,
сондықтанда бірінші кезеңде кәсіпорынның көлемін талдайық.

Кесте-1.
2007-2009 жылдарға Строй Инвест Плюс жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің кәсіпорын көлемін талдау
№ Көрсеткіштер 2007жыл 2008жыл 2009жыл
1. Тауарлы өнім көлемі,(мың605033 432147 444989
тенге)
2. Жұмысшылар саны, (адам).95 105 110
3. Негізгі құралдар,(мың 724063 700619 700682
тенге)

Қорытынды: Кестеден көріп отырғанымыздай серіктестіктің ірі кәсіпорындар
қатарына жататын байқауға болады. Тауарлы өнім көлемінің жыл сайын өсуі
2007, 2008 жылдардың өзінен 605033 мың теңгеден, 444989 мың тенгені
құрайды. Бұл көрсеткіштен кәсіпорынның жыл сайын кеміп келе жатқандығын
көруге болады.Оның себебі өнімнің өзіндік құнының артуына байланысты тауар
түрлерінің азайғаның көрсетеді.
2007 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 15 адамға көбейгенін көруге болады.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығының артуы, оның еңбек ресурстарын
пайдаланып, олармен толықтай қамтылғанын көрсетеді. Кәсіпорын негізін
талдаудағы келесі көрсеткіш, бұл негізгі құрал. Бұл салада да жыл сайын
өсуді байқаймыз. 2007 жылы кәсіпорын негізгі құралдары 724063 мың тенгені
құраса 2008 жылы 700619құрайды ал 2009 жылы 700682 бұл сандардан көріп
отырғанымыздай негізгі құралдар саныңда ойдағыдай ауытқу көп жоқ. Соңғы екі
жылда аздаған кему байқалады оның себебі нарыққа байланысты жаңа
техникалардың жұмыс істеу қарқынына қарай бірнеше техниканың орнына бірғана
техниканың атқаруынан. Бұл жаңадан машиналармен ағаш кесетін станоктардың
жақсы жұмыс істеп тұрғандығы, себебі біз кестеден өндірістік мақсаттағы
негізгі құралдар мен жалпы негізгі құралдардың арасындағы айырмашылықтың
өзгерістекөреміз.

Кесте-1
2008- 2010 жылдарға Строй Инвест Плюс ЖШС-ның
тауар өнімінің көлемі мен құрылымы
№ Өнімтүрлері 2008 жыл 2009 жыл 2010 жыл
Мың тенге % Мың тенге % Мың тенге %
1 Құрылыс 357000 59 297000 68.7 310210 69.8
монтаждық
жұмыс.
2 Жөндеу 153570 25.7 78520 18.2 89250 20.0
бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобалар туралы
Инвестициялық жобаны қаржыландыру жайлы
Листинг
Инвестициялардың экономикалық мәні
Инвестициялық жобаларды дайындау және экономикалық дәлелдеу
Инвестициялық саясаттың мемлекеттік реттеу құралы
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті ұйымдастырудың бағыттары
Капитал бюджетін қалыптастыру
Инвестициялық жобалардың түрлері
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚОРЖЫННЫҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер