Файлдық жүйені өзгертетін вирустар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

1. 1. Вирустар және олардың әр түрлілігі

1. 2. Бұлінген және вирус жұққан файлдар

1. 3. Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі

1. 4. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері

1. 5. Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді

мұқият орындаған абзал

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Компьютерлердің адам өміріндегі қажеттілігінің өскендігі сонша, оларсыз ешбір жеке меншік фирма немесе мемлекеттік кәсіпорын жұмыс істей алмайды, бұл жайлы айтпай-ақ қоюға болады. Бірақ та осы себептермен информацияны қорғау қиындай түсті.

Компьютерлерлік техникада кең тараған вирустар бүкіл әлемді шошытты.

Компьютерлерді қолданушылардың көп бөлігі компьютерлік вирустардың көмегімен зұлымкестер жүйелерді бұзып, банктерді тонап, біреудің ой-өріс жетістіктерін ұрлау іс-әрекеттерін қолдануда.

Бүгінгі күнде персоналды компьютерлердің көптеп қолданылуы өкінішке орай, өздігінен пайда болатын программалық вирустар, компьютердің дұрыс жұмыс істеуіне кедергі жасап, дисктердің файлдық құрылымын бұзып, компьютерде сақталатын ақпаратқа зиян келтіреді. Күннен-күнге бұқаралық ақпарат құралдарында компьютерлік бұзақылардың іс-әрекеттері жайлы, өз бетімен көбейе алатын программалар жайлы хабарландырулар пайда болуда. Әлгі де ғана мәтіндік файлдардың вирус жұқтыруы мүмкін емес деп саналатын қазіргі кезде бұл жан таңғаларлық емес.

“Бірінші қарлығаштар”-ды еске түсірсек, жеткілікті емес пе, керемет шу келтірген вирус Winword Concept, мәтіндік редактор Microsoft Word for Windows 6. 0 және 7. 0 форматындағы құжаттарға зиян келтіреді. Көп елдердегі вирусқа қарсы жасалып жатқан іс-әрекеттеріне, қабылданып жатқан заңдары мен вирусқа қарсы программалар күнге дамуда. Бұның өзі қолданушыдан вирустан қорғануды, оның пайда болғанын анықтай отырып оған қарсы тұруды талап етеді.

1. 1. Вирустар және олардың әр түрлілігі

Компьютерлік вирус - арнайы жазылған шағын көлемді (кішігірім) программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды "бүлдіруге" кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа "ауру жұққан" немесе "бүлінген" деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да "жұғады" және басқа да зиянды іс-әрекеттер жасай бастайды (мысалы, файлдарды немесе дискідегі файлдардың орналасу кестесін бүлдіреді, жедел жадтағы бос орынды жайлап алады және т. с. с. ) .

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады. Вирус өзіне қажетті бүлдіру әрекеттерін орындаған соң, жұмысты басқаруды негізгі программаға береді, ал ол программа алғашында әдеттегідей жұмыс істей береді. Сөйтіп ол программа бұрынғы қалпынша жұмысын жалғастырып, сырт көзге "вирус жұққандығы" бастапқы кезде байқалмай қалады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырған адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде "вирус жұққан" программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

- кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдар, т. б. шығады;

- компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы баяулайды;

- көптеген файлдардың бұлінгені байқалады және т. с. с. Компьютерге вирус жұққанын байқаған кезде кейбір файлдар мен каталогтар, дискідегі мәліметтер бұзылып үлгереді, оның үстіне пайдаланылған дискеттер арқылы немесе жергілікті байланыс желілері бойымен компьютердегі вирус басқа компьютерлерге таралып кеткені байқалмай да қалады.

Вирустардың кейбір түрлерінің кері әсері тіпті одан да терең болады. Олар бастапқы кезде өзінін жұқанын ешбір әсерімен білдіртпей, көптеген программалар мен дискілерге үндемей таралып кетеді де, сонан соң бірден бел шешіп зиянкестік жасауға кіріседі, мысалға, компьютердегі қатты дискіні өздігінен қайта форматтап шығады. Ал зиянкестік әсерін программаларға өте аз тигізіп, бірақ қатты дискідегі мәліметтерді іштен "мүжіп", құртып жататын вирустарға не істеуге болады?

Осының бәрі вирустан дер кезінде қорғанбасақ, оның келешектегі әсері керекті мәліметтерді жоғалтуға душар ететіні талас тудырмаса керек.

Вирус программасының байқалмау себебі олардың көлемі кішігірім ғана болады да, өздері ассемблер тілінде жазылады. Кез келген жағдайда вирус программасы қай компьютерге арналып жазылса да, ол мәлімет алмасып жұмыс істейтін басқа компьютсрлерге де тез тарап кетеді және өте көп зиянкестік әрекеттер жасауы мүмкін.

Қазіргі кездегі вирустар негізгі екі топқа бөлінеді:

- резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) вирустар;

- резиденттік емес вирустар.

Вирус жұққан программа іске косылғанда резиденттік вирустар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадқа көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытта әсері сезілмегенмен, соңынан бірден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Дискілерге мәлімет жазу кезіңде вирус өзінің жабысуына қолайлы сәт іздеп негізгі операциялар орындалып жатқанда солармен қосылып дискіге жазылып алады да, оның қалай "жұққанын" адамдар білмей де қалады. Ал, резиденттік емес вирус жедел жадқа тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске косылғанда ол екпіндене түседі де, өзі жұмыс істеп түрған каталоктан немесе PATH командасында көрсетілген каталогтардан өзі ішіне байқаусыз еніп кететін файл іздейді. Ондай файлды тауып, оның ішіне кіріп алып, ол кейін жұмыс істейтін кезде соған зиянды әрекетін тигізеді.

1. 2. Бүлінген және вирус жұққан файлдар

Вирус дискідегі кез келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бірден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын алып, оның кызметін түрлендіріп, қолайлы жағдай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге вирустар оңша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін. Вирустардың мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:

І. Бірден орындалатын файлдар, белгілі бір іс-әрекет

істейтін кеңейтілулері (заты) . com және . ехе болып келген файлдар, сондай-ақ басқа программаларға қажет кезінде қосылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мүндай вирустарды файлдық деп атайды. Вирус жұққан файлдар өздерінің кері әсерін жұмыс істейтін, іске қосылған сәттерде жасайды. Ең қауіпті вирустарға резиденттік түрде жедел жадта сақталып, орындалатын әрбір программаны зақымдап отыратындары жатады. Ал егерде олар AUTOEXEC. BAT және CONFIG. SYS арқылы іске қосылатын программаларға жұқса, онда компьютер өшіріліп қайта іске қосылған сайын вирустар өз әсерлерін тұрақты қайталап жүргізіп отырады.

2. Операциялық жүйенін жүктеуіші мен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы. Бұл аумақтарды зақымдайтын вирустар "жүктегіш" (загрузочная) немесе Boot - вирустар деп аталады.

Мұндай вирустар өз қызметін компьютерді іске косқанда, якни операциялық жүйені жүктегенде бірден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі - компьютерге салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады. Әдетте мұндай вирустар екі бөліктен тұрады, өйткені дискеттің жүктеуіш жазбасы мен операциялық жүйенің басты жазбасы өте шағын көлемнен тұрады, сондықтан вирус бірден түгелдей олардың ішіне орналаса алмайды. Вирустың екінші бөлігі дискінің түпкі каталогының соңына немесе мәліметтер кластерлеріне жазылып қалады.

3. Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG. SYS файлының шеткері құрылғылар көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске косқан сайын кызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болатындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына (MS DOS. SYS Жоне IO. SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болғанымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі.

Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана "жұғады". Көбінесе бірден орындалатын файлдарға "жұғатын" вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері кұрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.

4. Файлдық жүйені өзгертетін вирустар

Соңғы кезде вирустің жаңа түрлері - дискідегі файлдық жүйені өзгертетін вирустар көбейіп таралуда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп атайды. Мұндай вирустар өз мәтінін дискінің белгілі бір бөлігіне (әдетте дискінің соңғы кластеріне) жасырын жазып қояды да, оны дискінің файлды орналастыру кестесіне (FAT) файлдың соңы ретінде белгілейді.

Барлық . COM және . ЕХЕ типті файлдар үшін -каталогтағы файлдың алғашқы мәліметі көрсетілген орынға вирус жазылған қате орын көрсетіліп, ал дұрыс көрсеткіш - таңбаланған (кодталған) тұрде каталогтың пайдаланылмайтын бөлігіне жасырылады. Сол себепті кез келген программаны іске қосқанда дискіден бірінші вирус оқылады да, ол тұрақты компьютер жедел жадында сақталып файлдарды өңдейтін DOS программаларына жабысады. Бірақ жалпы көрініс каталог дұрыс жұмыс аткарған сияқты болып сырт көзге мұның әсері білінбей тұрады. Тек вирусы бар дискеттерден программалық файл оқитын сәттерде оның нақты көлемі кысқарып небәрі 512 не 1024 байт қана болып қалады. Бірақ атқарылуға тиіс вирусы бар әрбір программа іске қосылғанда оның дұрыс емес екендігі байқалмайды. Міне осылай "ауырған" дискілерді дұрыс қалпына келтіру үшін тек арнайы антивирустік программалар қажет (мысалы, Aidstest программасының соңғы нүсқалары) .

5. "Көрінбейтін" және өздігінен өрбитін вирустар

Өзін жай көзге сездірмес үшін кейбір вирустар жасырынудың қилы-қилы тәсілдерін пайдаланып жүр. Осындайлардың екі түрін - "көрінбейтін" және өздігінен өрбитін вирустарды карастырайық:

"Көрінбейтін" вирустар

Көптеген резиденттік вирустар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жүққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдар мен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

Өздігінен өрбитін вирустар. Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзін-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар жасайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілін де, таңбаланбаған алғашқы бөлігін де аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байттар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор-программалар жұмысы қиындайды.

1. 3. Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі

Қазіргі кезде 10 000 шамасында компьютерлік вирустар белгілі. Оларды әдетте мақсатына, жұмыс логикасына, көлеміне және жұмыс істеу аумағына қарай топтарға жіктейді

Жұмыс логикасына және мақсатына қарай оларды шартты түрде төмендегідей жіктеуге болады:

1. "¥стауыш-вирустар" - программалық кұралдар кешеніндегі қателіктер мен дәлсіздіктерді пайдаланады. Көлемді программаларды түзету кезінде белсенділік көрсетіп программаға жабысады. Әртүрлі зияндық әрекеттері бар вирус.

2. "Логикалық бомбалар" (баяу әсер ететін "бомбалар") - қарапайым программаларға кіріп алып білінбей тұрады. Тек белгілі бір шарттар (көрсетілген күн-ай мерзімінде немесе уақытта, программа орындалуының белгілі кезеңінде) орындалғанда ғана әсер ете бастайды. Сол шарт орындалар мезетке дейін неғұрлым көп программаларға "жұғуға" тырысады.

Компьютерлік вирустардың жіктелуінен мысал

3. "Құрттар" - жүйелік программалаушылардың информациялық-есептеу желілерінің бос тұрған ресурстарын анықтау программаларына кіріп алып, сол бос құрылғыларды тектен тек жұмыс істеуге мәжбүр етеді. Мысалы, оларды шексіз циклге енгізіп, құрдан құр жүргізіп кояды немесе қажетсіз мәліметтерді баспаға шығартады және т. с. с.

4. "Троян аттары" - қарапайым қолданбалы программаларға еніп алып, соларға рұқсат етілмеген ерекеттерді (жасырын информацияны оқып жария етеді, жедел жадтағы информацияларды "басқа жаққа" жіберуге дайындайды) орындатады. Жасалу құрылымы мен көбею жолы оңай болғандықтан, көбінесе компьютер желілерін жайлап алады.

Мақсаттарына қарай вирустар мынадай 4 бөлікке бөлінеді:

1. "Бейсауат" (гуманды) - онша қатты зиянын тигізбейтін вирустар.

2. "Шантаж жасаушы" - мысалы, белгілі төлемақы берсе, вирус әсері жоғалатынын анонимді түрде хабарлайтын "баяу әсер ететін бомбалар".

3. "Насихатшы" - "өзін көрсету" мақсатында жасалған.

4. "Мағынасыз" - атынан-ақ әсері түсінікті.

Бізде кең тараған Aids антивирустік программаларының авторы Д. Лозинскийдің ұсынысы бойынша вирустарды көлеміне қарай жеті топқа жіктеуге болатыны белгілі.

1. 4. Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік вирустар "таза" компьютерге вирус жұққан иілгіш дискеттер арқылы таратылады. Егер компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыдан да кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файлдар құрамына енсе де іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уакытты "инкубациялық мезгіл" деп атайды. Бұл мезгіл аралығында олар екпінді күйде файлдар арасына таратылып, зақым келтіруді белгілі бір уақыт мөлшері өткен соң немесе ол өзін-өзі белгіленген мөлшерде көбейтіп болған соң ғана бастайды.

Вирустардан сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

- информацияны қорғаудың жалпы шаралары - дискіні физикалық зақымданудан сактау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам

қателіктер жібермеуге тырысуы;

- профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру;

вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы информация корғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайда да пайдалы болатынын есте сақтаған жөн. Ондай тәсілдің негізгі екі түрі белгілі.

1. Информацияның кошірмесін алып отыру - файлдарды және дискінің жүйелік мәліметтерін көшіріп сақтау.

2. Керекті информацияңызды басқалардың жиі пайдалануына тосқауыл қою - ол информацияны рұқсатсыз (санкциясыз) көшіріп алуды, яғни программамен дұрыс жұмыс істемейтіндерден және қателігі бар программалардан қашық жүруді және мәліметтерді өзгертуді, вирустар енгізуді болдырмауды қамтамасыз етеді.

Жалпы информацияны сақтаудың ортақ тәсілдерінің қажеттілігіне қарамастан, қазіргі кезде тіптен олардың өзі жеткіліксіз болып отыр. Вирустан сақтану үшін арнайы программалар қажет және оларды тұрақты түрде қолдана бастау керек. Мұндай программаларды бірнеше түрлерге бөлуге болады: детекторлар, докторлар (фаг-программалар), ревизорлар (файлдардағы және дискінің жүйелік аумақтарындағы өзгерістерді бақылайтын программалар), доктор-ревизорлар, сүзгі-программалар (вирустан сақтайтын резиденттік программалар) және вакциналар (иммунизаторлар) .

Вирустардың әсерін жоятын антивирустық программаларды үш негізгі топқа бөлуге болады:

- файл мәліметтерін бақылауға арналған, олардың қосындыларын есте сақтауға негізделген программалар;

- программаға немссс операциялық жүйеге вирус жұққан сәтте оларды анықтайтын резиденттік программалар;

- вирустар жұқтырылғаннан кейін олардың бар екенін анықтайтын программалар.

Файлдардағы мәліметтердің белгілі бір сипаттамаларын есте сактайтын антивирустік программалардың негізгі жұмысы - сол файлдардың жаңа сипаттамаларын бұрын белгіленіп, жазылып қойылған мәндермен салыстырады. Егер файл ішіне вирус енсе, онда олар бір-біріне сай келмейді де, программа ол туралы экранға ескертпе хабар шығарады. Осы тәсілмен бұрын белгісіз жаңадан шыққан вирус түрін де анықтауға болады. Бірақ бұрын белгіленіп жазылып койылған сипаттамаларды вирустан мұқият сақтау кажет. Ал кейде сол сипаттамалардың өзгеруі вирустың әсерінен емес, тексергеннен кейін өзіңіздің өзгертуіңізден де болуы ықтимал. Оның үстіне, сіз тексеру сипаттамаларын жазу кезінде компьютерде вирус жоқ екеніне сенімді күйде болуыңыз қажет, әйтпесе бұл тәсіл дұрыс нәтиже бере алмайды.

Сондай-ақ, бұл программалардың тағы бір кемшілігіне, тексеруге көп уақыттың кетуі мен бақылау сипаттамаларының файл көлемін шектен тыс үлкейтетінін жатқызуға болады. Оған қоса, ол мәліметтерді көшіру немесе аттарын өзгерту қажет болса, тағы да сипаттамаларын өзгертіп жазу керектігі түсінікті шығар.

Детектор-программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Доктор-программалар немесе "фаттар" вирус жұққан программалар мен дискілсрді "вирус" әсерін алып тастау, яғни "жұлып алу" арқылы емдеп - оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор-программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтсрді есіне сактап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.

Доктор-ревизорлар - доктор-программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана коймай, оларды автоматты түрде "емдеп" бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі программалар - компьютердің оперативтік (жедел)

жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина-программалар (нсмесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус "жұққан" сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану оңша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус - Д. Лозинскийдің Aidstest: программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан вирустан хабардар болып, соларға қарсы шара колдану жолдарын анықтап, үнемі езгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютерді вирустардан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, с:) мынадай командамен тексеріп отыру керек: aidstest c:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда оны мына командамен емдеу кажет:

aidstest c: /f

Тек программалық файлдарды ғана емес, калған мәліметтерді де түгел тексеру үшін мына команда орындалады:

aidstest c:/f/g

Бұдан басқа И. Даниловтың қуатты полифаг-антивирустар тобына жататын Doctor Web программасы да жиі колданылып жүр, оның бұрынғы нұсқаларын іске қосу үшін wed c: /f жолын пайдалану қажет немесе соңғы шыққан нұсқаларын drweb командалық жолы арқылы программалық ортаға кіріп, меню жүйесі бар терезеде қандай дискілерді, қалай тексеретінімізді енгізіп, оның бар мүмкіндігін (F1 пернесі - көмекші мәлімет ала отырып) толық қолдана аламыз.

Вирустардың жаңа түрлері күнбе-күн пайда болып жатыр, сондықтан антивирустық программалардың да тексеру-емдеу қабілеттері жоғары соңғы шыққандарын қолданған дұрыс болатыны түсінікті шығар.

1. 5. Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді

мұқият орындаған абзал:

1. Алдымен аспай-саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін

ұмытпаңыз.

2. Дегенмен, бір әрекет бірден орындалуы керек - вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру кажет.

3. Егер компьютерге "жұққан" вирус түрін емдей алатын детектор-программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

5. Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрыңғы қалпына келтіруге тырысыңыз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік вирустар жайлы
Компьютерлік вирус және оның түрлері
Компьютерлік вирустар туралы мәлімет
Компьютерлік вирус
Вирустар ж\е олардың әр түрлілігі
Компьютерлік вирустар және олармен күресу
Компьютерлік вирустардың қысқаша жіктелуі
Компьютерлік вирустар туралы
Бүлінген және вирус жұққан файлдар
Компьютерлік вирусология
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz