Көлеңкелі экономика анықтамасы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе. …3
1. Көлеңкелі экономика: негізгі тенденциялар және даму кезеңдері……… . . . 5
1. 1. Көлеңкелі экономика анықтамасы5
1. 2. Пайда болу себептері және даму көздері. 6
1. 3. Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың дамуының факторлары мен кезеңдері . . . 13
2. Көлеңкелі экономиканың әлеуметтік-экономикалық салдарлары . . . 17
2. 1. Көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері . . . 17
2. 2. Президенттің жолдауына сәйкес көлеңкелі экономиканы заңдастыру . . . 20
2. 3. Елдің экономикалық қауіпсіздігіне көлеңкелі экономиканың әсері . . . 21
3. Көлеңкелі айналымды шектеудің механизмі. . 23
3. 1. Көлеңкелі бизнесті шектеудің бағыттары . . . 23
Қорытынды . . . 27
Пайдалынған әдебиеттер тізімі29
КІРІСПЕ
Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің дамуында жағдай күрт өзгерді. Осы кезеңнен ел экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау белсенді жүрді. Бұл ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін сипаттайтын халықаралық практикада қолданылатын көрсеткіштерге өтуді талап етті. Бұның себебі мынада да еді: елдің әлеуметтік экономикалық дамуының көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстырудың объективті қажеттілігі туды.
Қазақстанда қысқа уақыттың ішінде ұлттық шауашылық балансынан ұлттық есептерге көшумен байланысты біршама жұмыс істелді. Қазіргі кезде өндіріс пен ЖІӨ-ді пайдаланудың тоқсандық есептері жүргізіледі, алайда жаңа экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруда қиындықтар бар. Олар барлық салада көлеңкелі экономиканың дамуына байланысты объективті және нақты мәліметтерді алумен байланысты.
Соңғы жылдары экономикалық қылмыстар, ұйымдасқан қылмыстық топтар, көлеңкелі экономикаға байланысты мақалалармен көптеген басылымдар жарық көрді. Бірақ бұларды ғылыми негізде зерттеуге жол қойылған жоқ. Бұл маселелер бойынша мемлекеттік деңгейдегі ғылыми зертеу бағдарламалары, министрліктер мен ведомстволардың, академикалық институттардың, ҚР СІМ-нің жоғары мектептері белсенді қатысуы қажет.
Қылмыстық кодекс бойынша азалануы тиісті шаруашылық іс-әрекет авторлардың көбімен «экономикалық қылмысқа» жатқызылады. Оған мемлекеттің экономикалық жүйесіне кері әсерін тигізетін қылмыстық іс-әрекеттер жатады.
Тақырыптың өзектілігі. Қара бизнес жүргізу елде көлеңкелі экономиканың дамуына әкеледі. Көлеңкелі экономика елде заңды кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар болмағанда пайда болады. Дамыған елдердің ешқайсысы бұл құбылысты басынан өткізбей қоймаған, себебі кез келген елдегі экономикалық жүйе заңды және заңсыз, көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің синтезі болып табылады. Заңсыз, жасырын экономика заңды экономикамен бірге қызмет атқарады, сонымен қатар кейбір елдерде көлемі бойынша заңды экономикадан да еш қалыспайды. Көлеңкелі экономиканың масштабтарында айырмашылық болуы мүмкін, алайда ешбір ел одан толық арылмаған. Бұны қылмыспен салыстыруға болады: құбылыс масштабын азайтуға болады, бірақ толық жою мүмкін емес. Көлеңкелі экономиканың көптеген атаулары бар - әр елде әр түрлі: “ресми емес”, “жасырын” (ағылшын авторлары) ; “жер астылық”, “формальді емес” (француз авторлары) ; “құпия”, “су астылық” (итальян авторлары) ; “көлеңкелі” (неміс авторлары) - бірақ бұдан мәні еш өзгермейді. Алайда шет елдік экономикалық және социологиялық әдебиеттерде бұл құбылысты анықтайтын бірегей термин ғана емес, сонымен қатар бұл феноменді түсіндіретін бір түсінік жоқ.
Көлеңкелі экономика - бұл табыстарды жасыру, салықтарды төлемеу, контрабанда, наркотиктер сату, жалған қаржылық операциялар. Бұндай іскерліктен түсетін табыс өте көп, олар ондаған миллиардтай доллар ақшадан артық болмаса кем емес. Құқық қорғау органдары арқылы жолы кесілетін іскерлік әрекеттер үлкен мұзтаудың тек ұшы ғана. Сол себепті көлеңкелі экономиканың мәні неде, ол қайдан шықты, ол қаншалықты күшті деген сұрақтарға жауап іздеу мәселесі туады.
Жұмыс мақсаты : ҚР территориясындағы көлеңкелі экономиканың дамуының ерекшеліктерін көрсету және оны сипаттау.
Осыны ескере отырып келесі міндеттер қойылды:
- Көлеңкелі экономиканың пайда болуының себептерін анықтау;
- Қазақстанағы көлеңкелі экономиканың даму кезеңдері мен факторларын сипаттау;
- Көлеңкелік айналымды шектеудің механизмдерін көрсету.
Осылайша менің мақсатым - құбылыс ретінде көлеңкелі экономиканы зерттеу, оның макроэкономикалық салдарларын және онымен күресу әдістерін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет:
- Көлеңкелі экономика ұғымын, формаларын және түрлерін анықтау;
- Көлеңкелі экономиканың пайда болуының алғышарттарын табу;
- ТМД елдеріндегі көлеңкелі экономиканың масштабтарын талдау;
- Онымен күресу жолдарын анықтау.
Құрылымы.
1. Көлеңкелі экономика: дамудың негізгі тенденциялары және кезеңдері
1. 1. Көлеңкелі экономика анықтамасы
Шаруашылық реформаны радикализациялау және нарыққа өтуге қарсы аргуменнтерге мыналар жатады: шаруашылықтағы маңызды позицияларды көлеңкелі экономиканың өкілдері жаулап алады, олар қолдарына барлық материалдық ресурстарды және ақша қаражаттарының негізгі массасын шоғырландырып алады, бағаларды өсіріп, жерлерді жаппай сатып алады, жұмыскерлерге өздеріне тиімді шарттарды қояды - басқаша айтқанда, еңбеккерлерге басыңқылығын орнатады, нарықты жаулап, елдегі шаруашылық жүргізудің шарттарын орнатады. Ал бұл халықтың үлкен бөлігінің экономикалық жағдайын нашарлатады.
Көлеңкелі экономика дегеніміз не деген сұраққа әр түрлі жауаптар беріледі. Көлеңкелі экономика - бұл заңға қарсы экономикалық іскерлік, яғни әр түрлі ауырлық деңгейіндегі қылмыстарды «қоректендіретін» заңға қайшы шаруашылық іскерліктердің жиынтығы. Келесі бір пікір бойынша көлеңкелі экономика деп ресми статистика арқылы есептелмейтін және қоғаммен бақыланбайтын өндіріс, тұтыну, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу. Үшінші көзқарас - адамдарда пендешілікке итермелейтін қажеттіліктерді қалыптастыруға және қанағаттандыруға бағытталған барлық іс-әрекет түрлері.
Көлеңкелі экономиканың ішкі құрылымын шаруашылықтың феодалдық түрі ретінде қарастыратын көзқарас бар. Мұнда қарым-қатынастардың иерархиясы және табыстарды жоғарыдан төмен бөлудің монополиялық-ренталық механизмі байқалады. Билік институттарымен байланыс орнатылған кезде «мемлекеттік-монополистік-феодалдық» кәсәпкерліктің өзіндік түрі құрылады.
Әр көзқарас өзінше дұрыс және экономикада болып жатқан нақты процестерді көрсетеді. Олар көлеңкелі экономиканы әр жағынан қарастырады және бір біріне қайшы келмейді.
Халықаралық тәжірибеде көлеңкелі экономиканың келесі анықтамалары бар:
- Экономикалық іс-әрекеттердің жарияланбаған және жасырын түрлері;
- Ресми статистикамен есептелмейтін және салық салынбайтын экономикалық іс-әрекеттердің барлық түрлері;
- Қоғаммен бақыланбайтын өндіріс, бөлу, айырбас және тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Бақыланбайтын экономиканың көлемдерін бағалауда кең таралған - ұлттық есепшот жүйесіне(ҰЕЖ) негізделген есептік-статистикалық әдіс.
Бақыланбайтын экономика бақыланатын негізгі сегменттер:
- Ресми емес іс-әрекет - статистика және салық салу органдарымен тіркелмеген жеке тұлғалар өндіретін тауалар мен қызметтер;
- Жасырын іс-әрекет - ресми тіркелген кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер өндірісін статистикалық есептен салық төлемеу мақсатында жасыруы;
- Заңсыз (заңға қайшы) іс-әрекет - заңмен тиым салынған тауарлар мен қызметтерді өндіру (есірткі, қару, дам сату, т. б. ), сонымен қатар заңмен рұқсат етілген, бірақ бұнымен оған рұқсаты жоқ тұлғалар айналысқанда заңсыз сипатқа ие болатын өндіріс.
Көптеген елдерде заңсыз іскерліктен түсетін табыстар экономикалық дамудың жетістігі ретінде қарастырылмайды. Бұл табыстар ЖІӨ құрамына енгізілмейді және мемлекеттің табыстарын өсіру резерві ретінде қарастырылмайды. Қазақстанда заңсыз іскерлік көлемі ЖІӨ құрамына кіргізілмейді.
Ұрлық, көзбояушылық, әр түрлі жолдармен ақша суыру сияқты құқыққа қарсы экономикалық іскерлікке жатпайды және көлеңкелі экономика көлемін зерттегенде статистикалық органдармен есептелмейді, себебі:
- осындай іс-әрекеттер барысында жаңа тауарлар мен қызметтер шығарылмайды, тек экономикалық активтердің қайта бөлінуі жүреді;
- бұл іс-әрекеттер контрагенттер арасындағы келісім негізінде жүрмейді, керісінше мәжбүрлеу мен алдауға негізделген.
1. 2. Пайда болу себептері және даму көздері
Жаһандық экономикадағы табыстарды жасырудың себептері белгілі бір елдің дамуына байланысты жалпы процеске әр түрлі әсер етеді. Бұл себептерді келесі блоктарға біріктіруге болады:
- Экономиканың дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейі;
- Табысты мемлекет пен басқа экономика арасында бөлуді регламенттейтін заңның кемшілігі;
- Жемқорлықтық іс-әрекетті тудыратын бизнесті ашу және жүргізудің тым реттеліп қоюы;
- Жасырын экономиканы бағалау және мемлекеттік органдар арасындағы мәлімет алмасу әдістерінің толымсыздығы;
- Әкімшіліктік және экономикалық қылмыстармен күрес органдарының материалды-техникалық базасының дұрыс дамымауы;
Бұлардың толығырақ сипаттамасы:
- Экономиканың дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейі. Ел дамуының деңгейін келесі көрсеткіштермен көрсетуге болады: жан басына шаққандағы жиынтық ішкі өнім, адами даму индексі, жұмыссыздық деңгейі; кедейшіліктің минимумынан төмен өмір сүріп жатқандар, т. б. .
Әлеуметтік экоомикалық дамудың төменгі деңгейіндегі көлеңкелі экономиканың болуының себептері:
- Жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде және жалақының төменгі деңгейінде қалай да болса тірі қалу қажеттілігі;
- Өндірістің техникалық және ұйымдастыру деңгейінің төмендігі. Бұл салықтарды төлегеннен кейін сыртқы бәсекелестік жағдайында тауарлар мен қызметтердің рентабельді өндірісін қамтамасыз ете алмау;
- Жалған және контрафактілі өнімдерге сұраныстың көптігі;
- Экономиканың бәсекелестігінің төмендігі, қаржы және кредиттік рыноктардың дамуының проблемалары, қаражатты қайтармау мүмкіндігіне байланысты кредиттік ресурстардың жетімсіздігі;
Қазақстанда ірі және кіші мекемелер арасындағы өндірістік кооперация жеткілікті дамымаған. Дамыған экономикаларда ірі бизнеспен серіктестік кіші және ірі мекемелер үшін табыстың негізгі көзі болып табылады. Қазақстан үшін кіші және ірі мекемелер арасындағы өзара әсерлесу процестерінің тағы бір маңыздылығы - тұрақсыздық жағдайында кіші және ірі бизес арасындағы ресурстардың ағымы оларды пайдаланудың тиімділігіне әкелуі тиіс.
2. Табысты мемлекет пен басқа экономика арасында бөлуді регламенттейтін заңның кемшілігі. Мемлекет табыстары мен қалған экономика арасындағы тепе-теңдігі келесі көрсеткіштермен сипаттауға болады: кәсіпорын мен халыққа салықтың жалпы деңгейінің ауырлығы, түгел экономика мен бөлек салалары бойынша тауарлар мен қызметтер өндірісінің рентабельділігі, еңбек өнімділігінің артуы мен жалақы деңгейін салыстыру. Қазақстандық салық төлеушілер көлеңкеге салықтардың жоғарылығынан емес, көбіне олар өндіретін өнімнің бәсекелестігінің төмендігінен кетеді.
Көлеңкелі экономиканы осы блок бойынша өсіретін себептер:
- Салық салудың негізсіз жоғары ставкалары(тауарлар мен қызметтерді кеңінен өндіруге мүмкіндік бермейді) ;
- Жеке тұлғалар мен кіші кәсіпорындарда өндірісиі үлкейту мен оны ұйымдастырудың жоғары формасына өту үшін салықтық және несиелік стимулдардың жеткіліксіздігі;
- Негізсіз жоғары кеден тарифтері және басқа алымдар.
Кедергілердің пайда болуы нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіздігіне байланысты. Заңдар мен актілердің көпшілігі ведомстволық спецификасымен, күрделілігімен, түсініктемелерді қажет ететіндігімен ерекшеленеді. Бұл, әсіресе, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы лицензиялау, стандартизациялау мен сертификациялау, салық салуда білінеді.
Халық пен кәсіпкерлер коммуналды қызметтер (сумен, жарықпен, жылумен қамтамасыз ету) көрсететін монополистермен арадағы өздерінің құқықтарын қорғауда қиындықтарға тап болады.
Қызметтер көрсету барысында көптеген органдардың қызметкерлеріне қызмет мүмкіндіктерін асыра пайдаланып ақша талап етуі тән. Тұтынушылардың ойынша мұндай сорақылықтар фискалдық органдарынан (салық және кеден қызметкерлері), әкімшіліктер мен өрттен қорғау мекемелерінен көрінеді. Әкімшіліктер қызметкерлеріне кәсіпкерліктерді қайырымдылық көрсетуге, бизнеске тән емес басқа да төлемдерге мәжбүрлеуі тән.
Халық пен кәсіпкерлер керек кезде мемлекетік қызметкерлердің әрекеттерін дәлелдей алмайтындығы сияқты күрделі жағдайда қалады. Бұған дәлелді мынадан көреміз: сұралғандардың 4%-ы ғана қызметтерге қолы жете алмағандығына және 1. 5%-ы оларға шенеуніктер тарапынан жағымсыз қытынасқа та болғандығына шағымданған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қабылданғанмен, онда көзделген мақсаттарға әлі күнге дейін жету мүмкін болмай отыр.
Кәсіпкерлер мен халықтың ойынша мемлекеттік қызмет өкілдерінің сұраулары субъективтік сипатқа ие. Бұл олардың маңыздылығын анықтайтын инструкциялар мен нормативтердің толымсыздығынан болып отыр. Тұтынушылардың айтылған органдардың әрекеттерін түсіндіретін, өкілеттігін, жауапкершілігін, екі жақтың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ережелер, нормативтер, инструкциялар және басқа да құжаттармен танысатын мүмкіндіктері жоқ.
3. Жемқорлықтық іс-әрекетті тудыратын бизнесті ашу және жүргізудің тым реттеліп қойылуы. Себептердің осы блогы бойынша істер жағдайының көрсеткіштері болып мыналар табылады: лицензияланатын іскерліктер түрінің тзімінің көлемі, қызметтерге тарифтердің деңгейі; тіркеу, салымдарды және басқа алымдрды төлеу мен тіркеу процедуралары бойынша компьютерлендіру жағдайы; мемлекеттік қызметтер мен функцияларды құжаттау процедураларын іске асыратын тұлғаларды салықтық тіркеу.
Осы блок бойынша көлеңкелі экономиканың дамуының негізгі сеьептері:
- Заңды және жеке тұлғалардың қысқа уақыт ішінде және төмен төлемге дамудың процедуралық мәселелерін шешуге ұмтылуы;
- Тексеруші ұйымдар тапқан заң бұзушылықтар салдарынан іскерлікті тоқтатуды болдырмауға ұмтылу (стандартизациялау, сертификациялау, өрт және басқа да инспекциялар) ;
- Тауарлар мен қызметтер өндірісіне мемлекеттік тапсырыстарды алуға (беруге) заң бұзушылық арқылы ұмтылу.
4. Жасырын экономиканы бағалау және мемлекеттік органдар арасындағы мәлімет алмасу әдістерінің толымсыздығы.
Себептердің бұл блогында көлеңкелі экономика жағдайын бағалау көрсеткіштері мыналар: тұтынудың бекітілген нормаларына сәйкес өндіріске кеткен негізгі материалдар шығыны; өндірістің динамикасы мен электр энергиясын тұтыну; жасырын өндірісті ашу бойынша жергілікті органдардың басқа аймақтар және елдермен салыстырғандағы белсенділік деңгейі; экономика саласындағы құқықбұзушылықпен күресетін органдар және есеп органдары арасындағы ақпарат алмасу.
Бұл блокта көлеңкелі экономиканы дамытатын себептер мыналар:
- Жасырын өндіріс есебінен баюға ұмтылу;
- Жасырын цехтар мен мемлекеттен жасырылған табысты анықтауда қорғаныс органдарының жеткіліксіз жұмысы;
- Мемлекеттік қызметкерлердің жасырын өндіріс иелерімен сыбайластығы.
Халықаралық тәжірибе зерттеулері көрсетуі бойынша көлеңкелі экономика көлемін бағалау әр түрлі жолмен жүзеге асрылады. Солардың ішіндегі негізгілері:
- Есептік-статистикалық бағалау. Оның негізгі критериі - ресми тіркелген субъектілердің өткен периодпен салыстырғандағы статистикалық есепті бермеу салдарынан экономикалық қатынастарды бөліп қарау;
- Фомальді-құқықтық бағалау. Негізгі критериі - реттеудің нормативтік жүйесіне қатысты көлеңкелі экономикалық қатынастарды қарастыру.
Бұл көзқарастың ерекшелігі: Отличительной особенностью этого подхода являются: экономикалық ақпаратты ашық бақылау әдістерімен ала алмау, жасырын өндіріс пен кәсіпорындардың ресми тіркеуден қашуы, келісімдерді мемлекеттік реттеудің жоқтығы, заңдар мен ережелерге бағынбайтын немесе басқару мен бақылаудың мемлекеттік органдарынан жасырын экономикалық агенттердің іскерлігі.
- Бірінші екі әдістің критерийлерін қосатын кешенді бағалау.
Кешенді бағалау зерттеудің келесі әдістерін жүргізуді талап етеді:
Микроәдістер (тікелей әдістер) : халық пен эксперттер арасында сауалнама жүргізу, таңдамалы зертеулер, салық кітаптарындағы жазбаларды талдау, мемлекеттік бақылау мәліметтері.
Макроәдістер (жанама әдістер) : өзара байланысты көрсеткіштерді салыстыру; жұмысбастылық көрсеткіші бойынша әдіс: жұмыс уақытын жұмсауды зерттеу; монетарлық әдіс: ақшаға сұранысты талдау; құрылымдық әдіс: экономика салалары бойынша талдау: физикалық шығындар әдіс: электр энергиясын пайдалану мен өнімді шығару көлемі.
Қазақстанның көлеңкелі экономикасының көлемін зерттеуде тек есептік-статистикалық бақылау ғана қолданылады. Ол көлеңкелі экономиканың масштабтары туралы толық ақпарат бермейді: бұл көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді әдістерін қалыптастыруға мүмкінік бермейді, әсіресе жасырын өндіріс саласы және табысты жасыруда.
5. Әкімшіліктік және экономикалық қылмыстармен күрес органдарының материалды-техникалық базасының дұрыс дамымауы . Бұл блок бойынша көлеңкелі экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: салық және төлемдер жинайтын органардың техникалық қамтылуының жағдайы, олардың еңбек жалақысының деңгейі, салық және басқа төлемдер жинайтын мамандар жұмысын іштей және сырттай бақылау. Көлеңкелі экономиканы өсіретін себептер:
- Жеке және заңды тұлғалардың табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланунын тоқтатудың мүмкін еместігі (бекіре тұқымдастарды аулау, орманды отау, ұн сату, т. б. ) ;
- ТМД елдерімен мемлекеттік шекараның айқындығы.
1. 2 Көлеңкелі экономиканың негізгі үш блогы
Көлеңкелі экономика үш ірі блокқа бөлінеді:
1. Ресми емес экономика . Мұнда заңмен рұқсат етілген экономикалық іс-әрекеттің барлық түрі жатады. Алайда мұнда статистикамен есептелмей қалатын қызметтер мен тауарлар өндірісі, бұл істерді салықтан жасыру, т. б. .
2. Жалған экономика. Бұл - ұрлық, спекулятивтік келісімдер, пара алу және ақшаны алу және берумен байланысты басқа да айлакерлік әдіс-тәсілдер.
3. Жасырын экономика. Бұл - заңмен тыйым салынған экономикалық іс-әрекеттер.
Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың тез қарқынмен өсуінің объективті себебі - басқару жүйесінің бюрократиялық, командалықтан нарықтық басқаруға өтуі. Қоғамдық құрылыстың ауысуы ескі моральдің де ауысуымен қатар жүреді.
1. 3 Қызмет ету көздері
Бұлардың біріншісі - барлығына белгілі капиталдың, шикізаттық және энергетикалық ресурстардың сыртқа шы ғарылуы. Алайда мұндағы келісімдердің негізгі бөлігі көлеңкелі емес, яғни заңды негіздерде жүзеге асады: шикізат пен энергетикалық ресурстар көбіне шет елдерге делдалдық компаниялар арқылы арзан бағаға өткізіледі де, ал соңғылардың табысының сәйкес пайыздары (пайдасы) шет елде жиналады.
Көлеңкелі экономиканың екінші және негізгі көзі - мемлекеттік органдармен тіркелмейтін экономиканың барлық саласын қамтитын шаруашылық іс-әрекет. Мысалы, ресми статистикалық мәліметтер бойынша табыстары өмір сүру минимумынан әлденеше аз халықтың 5-6 жыл реформа ішінде қалай өмір сүруі мүмкін?
Ресми статистикаға сәйкес Қазақстандағы халық өмірінің деңгейі 1995 жылы 1991жылға қатысты 60%-ды құрады. 1995 жылдың өзінде нақты жалақы мөлшері 25%-ға кеміді. Алайда жеке меншіктегі жеңіл автомобильдердің саны азайған жоқ, ал шет ел маркаларының автомобильдерінің саны артты: 1998 жылы республикамызға 200 мың автокөлік әкелінді. Бұны тек көлеңкелі фактордың болуымен түсіндіруге болады.
Жалпы әлемдік масштабта ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі 5-10% деп есептелінеді. Африка елдерінде бұл көрсеткіш 60%, Чехияда - 18%, Украинада - 50%.
40-50% көрсеткіші критикалық нүктеге жеткенін көрсетеді. Факторлардың шаруашылық өмірге әсер ететіні соншалық заңды және көлеңкелі әрекеттердің арасында еш айырмашылық жоқ және ол экономикалық саланың барлық сфераларында анық білінеді.
Көлеңкелі іс-әрекеттің негізгі белгісі - коммерциялық келісімдердің ресми тіркеуінен қашқақтау және олардың мазмұнын тіркеу кезінде әдейі өзгерту. Бұның барысында негізгі төлем құралы - қолма-қол ақша және соның ішінде шетелдік валюта. Ал іскерлік сұрақтарды шешу кезінде «разборкалар» басым.
1. 4 Криминалдық «пирамида»
«Көлеңкелік шымылдықты» ашатын болсақ, оның арғы жағында экономиканың бейресми секторының қозғаушы күштерінің «пирамидасы» шығады.
Көлеңкелі экономиканың өзінше бір қозғаушылары - криминалдық элементтері: наркотик, қару сатушылар, автокөлік ұрлаушылар, киллерлер, жеңгетайлар, т. б. . Бұл категорияға пара алатын және мемлекеттік міндеттер және мүдделерді сататын билік және басқару органдарының өкілдерін жатқызуға болады.
Ортаңғы деңгейдегілер - көлеңкелік шаруашылықтар: кәсіпкерлер, коммерсанттар, қаржыгерлер, өндірушілер, кіші және орта бизнесмендер. Бұл адамдар - экономикалық іскерліктің «моторы», алайда заңды экономиканың ғана емес.
Үшінші топ - физикалық және интелектуалдық еңбек ететін жалдамалы жұмысшылар. Оларға кейбір деректер бойынша табыстарының 60%-ын пара құрайтын сыбайлыс жемқорлықтық мемлекеттік қызметкерлер де жатады.
«Пирамиданың» барлық қабаттарының негізгі мүддесі - «құқықтық шеңберден» тыс қосымша табыс алу. Мүдделерді іске асырудың жалпы формалары да бар. Мысалға шет елге капитал шығару бәріне тән. Алайда, криминалдық және ортаңғы деңгейдегілер бұны көбіне шикізат және стратегиялық материалдармен, импорттық тауарлар, инвестициялар, жалған төлем құжаттарын жасаумен байланысты заңсыз операциялар арқылы іске асырады. Жалдамалы жұмысшылар тек «милары» мен қолдарын ғана ұсына алады.
Криминалдық структуралар негізінен табыстарды бөлу саласында әрекет етеді. Бұл табыстарды экономикалық емес тәсілдермен алады, соның ішінде күш көрсетумен - қоқанлоқыдан адамды жалдап өлтіруге дейін.
Ортаңғы қабат өкілдері негізінен өндірілетін табыстардың иелері болып табылады және олар табыстарды салықтан «қашырып» әкетеді. Көбіне оларға бұдан басқа амал жоқ: айыппұлдар мен пайыздарды төлеу олардың ісіне қауіп төндіреді. Келісімдерді жүзеге асыру үшін судья-арбитр ретінде криминалдық структуралардың өкілдерін тартады: келісімдер тіркелмеген, ал келісімді орындамаған жағдайда сотқа жүгіну мүмкін емес.
«Пирамиданың» криминалдық қабаты көлеңкелі күшеюіне мүдделі. Себебі оның өкілдері кәсіпорындар мен ұйымдардың 90%-ын экономиканың бақылайды. Және бұл заңсыз табыстарды алудың негізгі аясы.
Көлеңкелі шаруашылықтар үшін қазіргі ситуация жақпайтыны түсінікті: олар екі оттың арасында қалады: бір жағынан криминалдық құрылымдар, екіншісінен - құқық қорғаушы органдар. Сонымен қоса бір-бірінің алдындағы келісімдерді орындауға байланысты жауапкершілік.
1. 3. Қазастандағы көлеңкелі экономиканың даму факторлары мен этаптары
Көлеңкелі экономиканың қалыптасуының өз даму тарихы бар және оны шартты түрде бірнеше этаптарға бөлуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz