Көліктегі қылмыстар түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы Көліктегі қылмыстар. Мен курстық
жұмысымды 2-тарауға бөліп қарастырдым. І-тарауда Көліктегі қылмыстардың
жалпы сипаттамасы, белгілері, ұғымы мен түрлері жайлы жазылса. ΙΙ- тарауда
көліктегі қылыстар үшін жауаптылық және жаза түрлері туралы жазылады. Мен
бұл тақырыпты тандаған себебім: Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының
темір жол, әуе немесе теңіз, өзен көліктерінің қозғалысы мен жол жүру
ережелерінің едәуір түрде бұзылуы. Осыған орай белгіленетін мақсаттардың
біріне: 1) Темір жол, әуе, су көлік құралдарының қозғалысын және жол жүру
ережелерін жетілдіру. 2) Көлікте жасалатын қылмыстық, әкімшілік, азаматтық
құқық бұзушылықтарды, көлік қозғалысы негізінде туындайтын қиыншылықтарды
шешу. 3) Заман талабына сай келешектегі елімізің бірнеше ірі әкімшілік
аумақтық бірліктерінде көлікте жасалатын азаматтық, әкімшілік, қылмыстық
істерін қарайтын мамандандырылған көліктегі соттар құрылуы болып табылады.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірқатар ой-толғамдар қосымша дерек-
дәйектерді де қажет. Дегенмен, жаңашыл ой өрісі болмаса, бұрынғы кезден
қалыптасып қалған көліктегі қылмыстарға өзгеріс енгізу мүмкін емес болар
еді. Сонымен белгіленген мән-мағынасы бойынша, көлік деп бұл темір жол,
теңіз, өзен және әуе көлігі құралдарының барлық түрлері оның ішінде шағын
өлшемдегі теңіз және өзен кемелері өзге де өздігінен жүретін машиналар
басқа да механикалық құралдар, яғни тракторлар, мотоциклдер көлік құралдары
деп айқындалады. Бұл бір келкі емес тәртіптін жалпылама ұғымы қылмыс. Осы
тұрғыда жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет
немесе әрекетсіздік қылмыс деп танылады.

І тарау. Көліктегі қылмыстарға жалпы сипаттама

1.1 Көліктегі қылмыстардың ұғымы және белгілері

Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстық кодекстің 12-тарауында орналасқан.
Бұрынғы - Қылмыстық кодекске қарағанда бұл тарауда көліктің барлық түрлері
- темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, не басқа да
механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы қауіпсіздігін
немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық
жауаптылығы жинақталып берілген. Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік
құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық занда көрсетілген
қоғамға қауіпті іс- әрекеттерді кінәлі түрде бұзып, көліктің бірқалыпты
қызмет етуін бұзатын, соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын
алуына жол беретін іс-әрекеттер жатады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалану
ережелеріне қарсы қылмысқа қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді кінәлі түрде бұзып, көліктің бірқалыпты қызмет етуін бұзатын,
соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың орын алуына жол беретін іс-
әрекеттер жатады.

Көлік қылмыстарының топтық обьектісі болып жол қозғалысы қауіпсіздігін
және көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар
табылады.

Қылмыстың тікелей обьектісі – жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік
құралдарының нақты түрін (темір жол, су, әуе немесе автомобиль) пайдалану
ережелері, ал қосымша обьектісі – кейбір құрамдар үшін адамның өмірі мен
денсаулығын қоса есептегенде, сондай-ақ меншігі де болу мүмкін.

Қылмыстың заты – темір жол, су, әуе, автомобиль
көліктері және басқа да механикалық көлік құралдары.

Обьективтік жағынан алғанда ҚК-тің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі
әрекет немесе әрекетсіздіктен, зартаптан және олардың арасындағы себепті
байланыстардан тұрады (материалдық құрам). Тек қана екі түрлі қылмыс құрамы
(305, 306-баптар) құылысы жөнінен формальдық құрамға жатады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері
сан қилы, үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырылады. Бұл ережелер арнаулы
заңдарда немесе заңға бағынышты нормативтік актілерде көрініс тапқан.
Мұндай заңдарға – Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан
Республикасының жол қауіпсіздігі туралы заңы, Қазақстан Республикасының
темір жол жарғысы, Су кодексі, Әуе кодексі, Қазақстан Республикасындағы жол
жүру ережелері және тағы басқалар.

Осыған орай көлік қылмыстарының нақты құрамдарын диспозициясы
бланкеттік болып табылады. Әрбір жеке құрам үшін жауаптылық арнаулы заң,
басқадай нормативтік-құқықтық актілердің тиісті талаптарына нақты
негізделуітиіс.

Көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін осы қылмыстың заты болып
танылатын көлік құралдарының түріне дәлме-дәл анықтама берудің маңызы
ерекше. Көлік деген ұғым жалпылама ұғым, оның құрамдас бөліктеріне, заңда
айтылғандай – темір жол, әуе немесе су көлігі және автомобиль көлігі
жатады.

Көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің обьективтік,
субьективтік белгілері бойынша бір-бірімен оқшауланады, әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері бар, осыған орай осы құрамдарды жеке-жеке талдау
арқылы олардың заңдылық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік.

1.2 Көліктегі қылмыстар түрлері

Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану
қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-бап)

Қылмыстық кодекстің 295-бабының 1-ші тармағы темір жол, әуе, теңіз
немесе су жолы көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін орындайтын
жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерін сақтауға
міндетті адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның
денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққаны
үшін жауаптылық белгіленген. Бұл қылыстың заты көліктің 4 түрі: темір жол,
әуе, теңіз және су көліктері. Қосымша тікелей обьекті - занның
диспозициясында көрсетілген зардаптың түріне байланысты – адамның
денсаулығы болады. Темір жол көлігіне – рельсті көлік құралдары (
локоматив, вагондар: жартылай вагондар, платформалар, цистерналар)
метролар, тар табанды темір жолдар, және басқа арнаулы бағыттағы темір
жолдар, дыбыс беру және байланыс құралдары, бағдаршамдар, телефон линиясы,
жолдардағы қылмыстар (көпірлер, құбырлар,тунелдер) жатады. Өндірістік
қызметтер атқаратын шахталардағы рельсті көлік, цех ішіндегі
электірлендірілген көліктер (электровоз, вагонеткалар) темір жол көлігіне
жатпайды. Бұл көліктерді пайдалану ережесін бұзу өндірістік, техника
қауіпсіздігі немесе басқадай еңбек қорғау ережелерін бұзғандық (көлік
қылмыстары емес) болып табылады. Әуе көлігіне адам немесе жүк тасуға
арналған азаматтық авиациялар және азаматтық әуе кемелерінің барлық
құралдары (ұшақ, тік ұшақ, планерлар, аэростаттар, дирижабильдер,
гидроұшақтар т.б.) жатады. Теңіз көлігіне – ірі немесе шағын теңіз
кемелері, пароход, теплоход және теңіз көлігі құралдарының барлық түрлері
жатады. Өзен көлігіне – шағын өлшемді өзен кемелері, пароходтар,
теплоходтар, катерлер, моторлы қайықтар және өзен көлігі құралдарының
барлық турлері жатады. Бұл қылмыстың обьективті жағы: а) нақты көлік құралы
түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесін бұзатын іс- әрекеттер
(әрекет немесе әрекетсіздік); б) қылмыстың зардабы – адамның денсаулығына
ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілуі; в) іс-әрекет пен орын алған
зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сиптталады. ҚК-тің 245-бабының
диспозициясы бланкеттік, осыған орай нақты жағдайларда орын алған
ережелерді бұзушылықты анықтау үшін заңды күші бар нормативтік актілерге
жүгіну қажет және олар арқылы әрбір орын алған құқық бұзушылық фактісі
бойынша кінәлінің нормативтік актілердегі қайсы баптың тармақтарының
талаптарын бұзғаны дәлме-дәл, нақты анықталуы тиіс. Жол қозғалысы
қауіпсіздігі ережесін бұзу көлікті жүргізудің белгіленген ережелерін
орындамау немесе шала орындау әрекеттері арқылы көрініс табады (Мысалы:
жылдамдықты арттыру, бағдаршамның өтуге, қозғалуға тыйым салған талабын
бұзу, ұшу маршруттарын сақтамау т.с). Көлік құралдарын пайдалану, мас
күйдегі немесе көлікті жүргізуге құқығы жоқ адамды көлік құралын
жүргізуге жіберу, көлікке артық жүк тиеу немесе артық жолаушылар отырғызу
сияқты әрекеттер жатады. Көліктің тиісті түрін пайдалану ережелері арнаулы
ведомствалар арқылы бекітіледі және оның орындаушыларға дер кезінде
белгілі болуы шарт. Жауаптылық темір жол, әуе немесе су жолы көлігі
қозғалысы немесе пайдалану ережелерін бұзуға кінәлі адамның әрекеті немесе
әрекетсіздігі заңда көрсетілген зардап абайсызда адамның денсаулығына ауыр
немесе орташа ауырлықтағы зиянға (295-баптың 1-тармағы), абайсызда екі
немесе одан соққан жағдайда пайда болды. Адамның денсаулығына ауыр немесе
орташа ауырлықтағы зиян келтірудің түсінігі ҚК-тің 103, 104-баптарында
көрсетілген. Көлік құралдары нақты түрінің қозғалысы мен оларды пайдалану
ережелерін бұзу мен орын алған зардаптың арасында себепті байланыс болған
ретте ғана осы бап бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Қылмыс субьективтік жағынан жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін
бұзу жөнінде де және одан туындайтын зардап жөнінде де абайсыздықпен
істеледі. Қылмыстың субьектісі арнаулы: есі дұрыс, қылмыс істеген кезде 16-
ға толған, орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты заңда
көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті адам (диспетчер, көлік капитаны,
экипаж командирі, ұшқыш, көлік жүргізуші т.с.с).

Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы (296-бап)

Автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік
құралдарын жүргіуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралын жүргізуші
адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы,
абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян
келтірілсе – кінәлі Қылмыстық кодекстің 296-бабының 1-тармағы бойынша
жауапты болады деп белгіленген. Қылмыстың тікелей обьектісі көлік
құралдарының қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі, қосымша обьектісі –
жәбірленушінің денсаулығы. Қылмыстың заты – автомобиль, трамвай және басқа
да механикалық көлік құралдары (мотоциклдер, матроллерлер, жол, құрылыс
және басқа да арнаулы машиналар). Қылмыстың обьективтік жағын: а) заңның
диспозициясында көрсетілген көлік құралдарының жол қозғалысы және пайдалану
ережелерін әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзылуы; б) жол қозғалысы
немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзудан абайсызда адамның
денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы себепті байланыс. Қылмыстық
кодекстің 296-бабының диспозициясы бланкеттік, сондықтан да ереженің
бұзылғанын анықтау үшін басқа нормативті актілерге, атап айтқанда Қазақстан
Республиксындағы жол қозғалысы ережелеріне жүгініп, осы нормативтік
құжаттың нақты қайсы бабы, баптың қай тармағының талаптарының бұзылғаның
анықтау қажет. Жол қозғаласы ережесін бұзуға жылдамдықты үдету,
бағдаршамның тыйым салғанына қарамастан жолдан өту, рұқсат етілмеген
жерлерде басқа көлікті басып озу, т.с.с. жатады. Пайдалану ережелерін
бұзуға техникалық жағынан ақауы бар көлікпен жолға шығу, арнайы
жабдықталмаған көлікпен жолаушыларды тасу, көлік құралында ерекше белгі
көрсеткіштердің жоқ болуы т.с.с. жатады. ҚК-тің 296-бабы бойынша қылмыстық
жуаптылық көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік
құралдарын пайдалану ережелерін бұзуынан абайсызда адамның денсаулығына
ауыр немесе орта ауырлықтағы зиян (296-баптың 1-тармағы) абайсызда кісі
өліміне (296-баптың 2-тармағы), абайсызда екі немесе одан да көп адамның
өліміне әкеп соқса (296-баптың 3-тармағы) туындайды. Егер адамның
денсаулығына абайсызда жеңіл дәрежеден аспайтынзиян келтірілсе, онда
азаматтық-құқықтық жауаптылық орын алады. Сондай-ақ көлік құралдарын
жүргізуші адамдардың әрекеті көлікті жөндеу, жүк тиеу немесе түсіру
кезінде , құрылыс, жол немесе басқадай жұмыстарды жүргізу барысында ҚК-тің
296-бабында көрсетілген зардаптың орын алуынаәкеп соқса, онда істің нақты
жағдайларына байланысты олардың әрекеті Қылмыстық кодекстің жеке адамдарға,
меншікке немесе басқа бір белгілі жұмыстарды атқарудың тәртібін бұзғаны
үшін жауаптылықты белгілейтін баптары бойынша сараланады. Велосипед, ат
көлігін пайдалану арқылы зиян келтіруде жеке адамға немесе меншікке қарсы
қылмыс ретінде саралануы мүмкін. Көрсетілген қылмыс материалдық құрамға
жатады. Ол заңда көрсетілген зардап орын алған сәттен бастап аяқталған деп
танылады. Іс-әрекет пен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс
анықталуы қажет. Өйткені кейбір жағдайларда жүргізуші қауіпті тойтаруға
барынша әрекет істегенімен, обьективті себептерге байланысты оны тойтара
алмайды, мұндай реттерде олардың әрекетінде қылмыс құрамы болмауы да
мүмкін. Қылмыс субьективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе
немқұрайдылық түрінде) істеледі. Менмендікте адам көлік қозғалысы және
пайдалану ережесін бұзудан адамның денсаулығына ауыр немесе орташа
ауырлықтағы зиян келтірілуі мүмкіндігін алдын ала біледі, бірақ бұл
зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне
сенеді. Немқұрайлылықта адам көрсетілген зардаптардың болу мүмкіндігін
болжамайды, бірақ қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды
болжап білуге тиіс және болжап біле алатын еді. Қылмыстың субьектісі жалпы
– 16-ға толған, көлік құралын жүргізуші адам. Көлік құралын адам өзінің
атқарған жұмысына байланысты немесе оған байланыссыз (мысалы жеке меншік
көлігін немесе көлікті өз бетімен айдап әкетуде) жүргізуі мүмкін. Заң
бойынша көлікті жүргізген адам қылмыс субьектісі болып танылады. ҚК-тің 296-
бабында көрсетілген қылмысты оған ұқсас көлік қылмыстарынан (298, 300-
баптар) және жәен әскери қызметке қарсы қылмыстан (ҚК-тің 391-бабы) ажырата
білген жөн. Алдынғы екі құрам қылмыс құрамының субьективтік және
обьективтік жағы, ал үшіншісі – обьект және субьект белгілері бойынша
ажыратылады.

Жол – көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу (297- бап) Көлік
құралын жүргізуші және жол қозғалысы немесекөлік құралдарын пайдалану
ережелерін бұзған адамның осы кодекстің 295-бабында көзделген зардаптар
болған жағдайда жол-көлік оқиғасы жерден кетіп қалғаны үшін жауаптылық ҚК-
тің 297-бабында тікелей көрсетілген. Қылмыстың тікелей және қосымша
обьектісі ҚК-тің 296-бабында көзделген қылмыстың обьектісімен бірдей.
Қылмыстың заты – жол-көлік құралы.

Қылмыстың обьективті жағы – әрекетсіздіктен, соған байланысты орын
алған зардаптан және олардың арасындағы себепті байланыстан тұрады. Осыған
орай оқиға болған жерден кетіп қалу деп – өмірі қауіпті жағдайда қалған
жәбірленушіге көмек нақты көмек көрсетуге мүмкіндігі бола тұра, себепсіздан-
себепсіз көмек көрсетпестен жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалуын
айтамыз. Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны
үшін адам кінәлі деп танылса, онда оның әрекеті ҚК-тің 296, 297-
баптарымен қылмыстардың жиынтығы боынша сараланады. Қылмыс материалдық
құрамға жатады және ол заңда көзделген зардаптың пайда болған уақыттынан
бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субьективтік жағынан кінәнің екі
түрлі нысаны арқылы істеледі. Жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалу
қасақаналықты, ал одан туатын зардап абайсыздықты білдіреді. Қылмыстың
субьектісі – жалпы, 16-ға толған, құралын жүргізген адам.

Көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық ақауларымен
пайдалануға шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу
(298-бап)

Көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс
құралдарының техникалық күйіне жауапты адамның техниклық ақауы бар екені
белгілі көлік құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда
денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе Қылмыстық
кодекстің 298-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық көзделеді. Осы қылмыстың
негізгі де қосымша тікелей обьектісі ҚК-тің 295-бабындағы қылмыстың
обьектісімен бірдей. Заң қылмыстың затының қатарына – көліктің барлық
түрлерін ( темір жол, әуе, теңіз, су, автокөлік), қатынас жолдарын, белгі
беру немесе байланыс құралдарын, өзге көлік жабдықтарын (мысалы
электропоезды қозғалысқа келтіретін контактілік проводтар) жатқызған.

Қатынас жолдары – рельстер, шпалдар, ұшу аландары, жол айырықтары, су
көлігі тоқтайтын айлақ, жол төсем т.б. жатады. Белгі беру құралдарына -
семафорлар, бағдаршамдар, шлагбаумдар, маяктар, бакендер, белгі беру
құрылымдары, автотежегіш жүйелері. т.с.с жатады. Байланыс құралдарына –
ведомствалық телефондар, радиотелефондар және телеграф линиялары, рациялар,
жасанды байланыс аппараттары т.с.с жатады. Мас адам деген – есірткі немесе
алкогольдік ішімдіктерді пайдалану арқылы мастық күйге түскен адам.
Субьективтік жағынан көрсетілген қылмыс құрамы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі істер органдары штабтарының жүйесі және құқықтық жағдайы
Көліктегі қылмыстардың сипаттамасы және түрлері
Көліктегі қылмыстар
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Көліктегі қылмыстар туралы
Ішкі істер органдарының жүйесіндегі штабтың рөлі
Көлік қылмыстарының алдын алу мәселелері
Көліктегі қылмыстар туралы ақпарат
Ішкі Істерді басқару
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер