Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні Қазақстан тарихы
Тақырыбы Күшпен ұжымдастыру. XX ғасырдың 30 жылдарындағы қазақтардың
қырылуы мен көшіп кетуі.

Орындаған:

Тексерген:

20__
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе 3
1 Ұжымдастыруға бет алу 5
1.1 Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру 5
1.2 Асыра сілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет 7
2 Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы 9
2.1 Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі 9
зардаптарына қарсы күрес (1930 жылғы бас көтерулер)
2.2 1931 жылғы жаппай қарсылық 13
2.3 Күштеп ұжымдастыру жылдарындағы Қазақстандағы демографиялық 15
апаттың зардаптары
3 Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістерін ұйымдастырушылар 18
туралы аңыз
Қорытынды 22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе
Жариялылық лебі қоғамның басқа салалары тәрізді тарих ғылымына да
жетті. Өйткені жариялылық болмайынша, шын мәніндегі нағыз демократияның
яғни ақиқатты ашық айтудың өмірімізге дендеп енуі екіталай екенін өткен
жылдар бұлтартпай дәлелдеп берді.
Шындық толыққанды мағынада айтыла бастады. Егер осыған дейін
бұйрықшыл, әміршіл әкімшіл социализм, бюрократтық жүйе жағдайында біздің
өмір сүріп, еңбек еткенімізді, яғни шындықты жартыкеш, екіұшты ғана айта
алғанымызды ескерсек, тарихымыздағы ақтаңдақтарға деген халқымыздың
қазіргі ерен ынтасын түсінуге болады.
Иә, халық тарих ақиқатын толық білгісі келеді. Әрине оған оның толық
құқы да бар. Бірақ сонау 20-жылдардың соңынан бастап сталинизм орнықтырған
қатал да қатігез тәртіп тарихшы ғалымдарымыз бен қоғамтанушыларымызға
ақиқатты ашық және ашып айтуға ешбір мүмкіндік бермей келеді. Тарихтың
қасіретті беттерін жарыққа шығаруға талаптанғандардың тұмсығы тасқа
тіреліп, тарихтың шыңғырған шындығы мүлде құпия архив қойнауында ғана
қатталып, жарық дүниені көре алмай қалған заман еді ол заман.
Қытымыр қыспақты көрген, көзлен кетсе де, көңілден кетпеген
көкейкесті мәселе – ұжымдастыру жылдарындағы халқымыздың зорлық зомбылық
атаулыға ашық наразы болуы дер едік. Соңғы тарихи зерттеулер халқымыздың,
кейбіреулер айтып жүргендей, қой аузынан шөп алмас момын болмағанын,
сталиншілдіктің қылышынан қаны тамып тұрса да, ат жалын тартып мініп,
қатал тәртіпке бірден мойынсұна қоймай, батыл қарап шыққанын көрсетіп отыр.
Сол жылдарда БК(б) П-ның Қазақ өлкелік партия комитетін басқарған Ф.
Голощекиннің, РСФСР Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары Т.
Рысқұловтың, республика Халық комиссарлары кеңесінің төрағасы О. Исаевтың
және басқалардың И. Сталинге жазған хаттары қазақ даласындағы осынау
наразылықтардың аса зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты
түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өкіметінің ең жоғарғы деңгейдегі
басшыларының хабардар болғанын, олардың осы наразылықтарды күшпен басуға
атсалысқандарын да дәлелдеді.
Тарихымызға әлі күнге дейін зерттелмей келген осы ақтаңдақты
зерттеу, одан тарихи тағылымдар алу кейінгі ұрпаққа қажет.
Курстық жұмыстың мақсаты, Өткен ғасырдың 30-жылдары кеңес өкіметі
жүргізген Қазақстандағы ұжымдастыру, яғни қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан тұрмыс қалпы мен шаруашылығын қысқа мерзімде күштеп, түбегейлі
өзгерту саясаты халық мүддесіне қайшы келгнін көрсету, оған анализ.
Ал курстық жұмыттың міндеті, көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп
отырықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен
түсіргенін, этностардың статистикасын көрсету.
Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан,
әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші, тарауда күштеп ұжымдастырудың алғышарттары мен оған өту
қарастырылған.
Екінші, тарауда Голощекин басқаруымен ұйымдастырылған аштық пен
жазалау шараларына қарсы көтерілістер.
Үшінші тарауда Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау көтерілістерін
ұйымдастырушылар туралы аңыз айтылған.

1. Ұжымдастыруға бет алу

1. Ауыл шарушылығын күштеп ұжымдастыру.

Жаңа экономикалық саясатты республикада дәйекті жүзеге асыру өзінің
игі нәтижелерін берді. Кооперативтік қозғалыс одан әрі дамыды, қазақ
даласында тұтыну қоғамдары, сауда орындары құрылды. Қазақ шаруалары ұжымдық
шаруашылықтарда-коммунада, артельде, жер өңдейтін серіктестіктерде (ЖӨС)
ынтымақтастық пен өзара көмек мектебінен өтті. Қызыл отаулар кедейлер
арасында сауатсыздықты жоюды, ағарту жұмысын жүргізуді, оларды
кооперативтерге тартуды ұйымдастыратын орталыққа айналды. Республикадағы
мал саны 40,5 млн-ға жетті. Ауыл мен қыстақтарда орташалар шаруашылықтары
көбейіп, орташалардың кедейлермен одағы нығая түсті. Көшпелі халықтың
мәдениеті артты.
Алайда өлкелік партия ұйымын басқарып отырған Ф. Голощекин ауылды
кеңестендіру ұранымен Қазақстанда жаңа революция жүргізудің идеялық
саяси негізін жасады. Бұған наразылық білдірген Т. Рысқұлов және басқа ұлт
зиялылары БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырылып алынды, ал С.
Сәдуақасов, С. Сейфуллин, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтар ұлтшыл деп айыпталды.
Бұрынғы ұлттық зиялылардың шағын тобы да қуғынға ұшырады. Оларға құрметпен
қарау Алашорданың кеңеске қарсы бағытын мақұлдау, кеңестік ұлт саясатын
бұрмалау деп түсіндірілді. Шабындық және егістік жерді қайта бөлу ауылдағы
жағдайды бұрынғысынан да ушықтыра түсті. И. Сталиннің нұсқауымен астық
дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етілді.
Ф. Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді. Астық дайындау барысында 31
мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды. Жаңа экономикалық саясат
жылдарында орныққан азаматтық татулық бұзылды.
Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы
Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер
аудару туралы декрет шығарды. Бұл декрет билік иелеріне билік иелеріне
қысымды күшейтуге мүмкіндік берді. Бай шаруашылықтарын тәркілеуге,
шаруашылық иелері мен оның отбасы мүшелерін жер аударуға рұқсат берілді.
Олар өздерінің мүліктік және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге
кедергі жасайды деп саналды. Жартылай феодал байларды тәркілеу заңсыз
жүзеге асырылды. Уәкілдер кедейлерді қорқытып, байларды көрсетуге күшпен
мәжбүр етті.
Екінің бірінде орташалар байларға жатқызылады, тәркілеуге жататын
нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шаруашылықтары әдейі
біріктірілді.
Адай округін, бұрынғы Жетісу және Сырдария губернияларының мақта
егетін аудандарын қоспағанда, кәмпескелеу республиканың барлық аудандарында
жүргізілді. Ең ірі 657 жартылай феодалдар мен байлар жер аударылды. Олардан
145 мың мал (ірі қара шаққанда) алынып, ауыл шаруашылығы құралдары 877
ұжымшарға (колхозға), 24 491 шаруашылыққа бөлініп берілді.
Партократиялық сезім мен субъективтік көзқарас үстем болып, мыңдаған
адамдардың тағдыры тәлкекке түсті. Астық дайындай, егістік және шабындық
жерді қайта бөлу, жартылай феодал байлардың малын тәркілеу жөніндегі
науқанның барысында әміршілдік рухта әрекет жасайтын, конституциялық
нормалар шеңберін сезінбейтін жалған белсенді кадрлар қалыптасты.
Компартияның 1927 жылы желтоқсанда өткен 16 съезі ауыл шаруашылығын
ұжымдастыру бағытын жариялады. Осылай өркениетті кооператорлар қоғамын
құру идеясы КСРО-дағы социализм құры- лысының құрамдас бөлігіне айналды.
Ауылда кооперативтік қрзғалыстың дамуы барысында еріктілік, дербестік,
материалдық, мүдделілік, шаруаларды кооперативтендірудің жоғары формаларына
кезеңмен өту ұстанымдары жарияланды. Алғашқыда үлгі ретінде ұжымдық шаруашы-
лықтарға негіз болып табылатын материалдық-техникалық базаның даму
дәрежесіне, шаруалар кооперациясының бұрынғы қарапайым формаларының
дәстүрлері мен басқа да факторларға назар аудару қажнт деп саналды.
Мал шаруашылығының сан жағынын көбейуін, оның қарапайым материалдық-
техникалық базасы мен шаруалар кооперачиясы дәстүрлерінің болмауын, дала
ттұрғындарының көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ескере отырып,
Орталық Комитет Қазақ АКСР-інде ұжымдастыруды, негізінен,1932 жылдың
көктеміне қарай аяқтауды белгіледі. Қазақстанның астықты аудандарында
колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылығы аудандарында жерді
бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуға тиіс еді. Онда
жарғы бойынша мал қоғамдастырылмай, жеке мал мен құрал-саймандарды
пайдалануға ақы төленуі керек болатын.
1929 жылдың екінші жартысынан бастап республикада ұжымшар құрылысы
жедел дамыды. Алғашқы тмашина-трактор станциялары (МТС-тер) құрылды.
Ұжымдастыру мен отырықшыланды- руды жаппай жүргізу үшін, жергілікті
белсенділерге қосымша 8 мың жұмысшы ұжымдастырушылар тартылды.
Республикаға Мәскеуден, Иваново –Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан
1204 адамжіберілді. Алайда олар отырықшылықтың мәні мен механизмін тым
үстірт түсінетін еді. Олар ұжымдастыруды жүзднген шаңырақ иелерін орасан
зор аумақтан бір жерге (кейде жемшөп және су қорлары ескерілместен) жинау
деп ұғынды. Партия жіберген өкілдер далаға Ресей деревняларын айнытпай
қайталайтын қоныстандыру үлгісін орнықтырды.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң
жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке негізделді. Ұжымдастыру алдын
ала даярлықсыз, жергілікті жағдайлар ескерілместен, көбінесе әкімшілдік-
күштеу әдістерімен жеделдете жүргізілді. Көшпелі ауылдарға ұжымдастыруды
жеделдету жөнінде нұсқаулар түсіп жатты.
Бұл орайда шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер мен мәдени-
тұрмыстық объектілер салу жай ғана жарияланған күйінде қалды. Ұжымдастыру
және сонымен бірге отырықшыландыру ауылдың ғасырлар бойы қалыптасқан өмір
салтын түп негізіне дейін күйретті. Қазақ қоғамының әлеуметтік негізі
жойылды, ғасырлар бойы көшпелі өркениет жасаған тіректер қиратылды.
Революциялық асығыстық пен тоталитарлық тоңмойындық, саяси келте ойлау
кеселдеріне шалдыққан революциялық утопизм тағы да үстем болып шықты. Қатаң
әкімшілдік жағдайында байлар мен болыстар шабармандарының, әскери коммунизм
кезеңі белсенділерінің әдіс-тәсілдерімен қаруланған жалған белсенділердің
мерейі үстем болды.
Іс мынаған дейін жетті: қыстыгүні, 1932 жылдың ақпанында, Шу
ауданында аумағы 150 шақырым жерден жүздеген шаруашылықтар жиналып, 400
киіз үй қала үлгісіндегі поселке болып тігілді. Жалған белсенділер
отырықшыландыру- ды жоспарланған үш жылдың орнына үш күн ішінде аяқтар, мал
өсіруші шаруашылықтарды сол жерде ұжымшарға жаза бастады. Осындай жағдайлар
елдің әр түпкірінен ұшырасты: Абыралы ауданында барлық шаруашылықтардың
бірден 70%, Жымпиты ауданында – 60%-ы, ал Жәнібек ауданында 95%-ы
ұжымдастырылды.
Басшы органдар орынсыз асығыстықтан сақтандырған сияқты болғанымен,
көптеген оқиғалар революциялықмқұштарлықтың кемшіліктері немесе
тәжірибесіздік деп қана есептелді. Оларға тәртіпке шақыру жазасы ғана
қолданылды, ал билеушілерді сыеағандар оңшыл оппортунизм көріністері
немесе зиянкестік ретінде жазаланды. Ұжымшарлардан күн сайын түсіп жатқан
хабарларды газеттер жазып үлгермеді. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық
шаруашылықтардың 2%-ы ұжымдастырылған болса, ал 1931 жылдың қазан айына
қарай 65%-дайы ұжымдастырылды. Азықпен қамтамасыз етудің қиындауына
байланысты, 1929 жылы ауыл шаруашылығы өнімін дайындауға әскери коммунизм
кезіндегі төтенше әрекет сипаты берілді.
1931-1932 жылдары Шұбартау ауданында барлық малдың 80%-ы мемлекетке
етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт
салынды. Торғайлық асыра сілтеушілер: Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ
қалмасын! деген ұран тастап, онда млн-ға жуық малдың не бары 98 мыңы
қалды.

2. Асыра сілтеушілік зардаптары: Ұлы нәубет

Еріктілік ұстанымы мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан-ақ
барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, әтәрбиелеу
мақсатымен тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару немесе ұзақ уақыт
қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсілдері мейлінше дағдылы және кең
таралған тәсілдерге айналды. Ең ынталы ұжымдастырушылардың ұнататын
құралы ауытқушыларды кулак құйыршықтарына жатқызу еді. Мыңдаған ауқатты
және орташа шаруашылықтар солардың қатарына жатқызылады. 1929 жылы ғана
республикада 56 498 шаруа жауапқа тартылып, олардың 34 мыңнан астамы
сотталды.
Кулактарды жою дейтін науқанның зардаптары ауыр болды. Жоғарыдан
берілген нұсқауларда жойылатын кулак қожалықтарының жалпы шаруашылықтар
санындағы үлесі 3 – 5%-дан аспауға тиіс болатын. Көптеген аудандарда
кулактардың мөлшері бұған жетпейтін болып шықты. Алайда жоғарыдан берілген
нұсқаудың қандайын болса да ой елегінен өткізіп жатпай-ақ орындауға
үйренген әміршіл-әкімшілік басқару жүйесі әдісімен тәркіленген кулактар
санын барлық жерде жоғары шегіне дейін жеткізді, жоспарды екі, кейде үш есе
асыра орындады. Асыра сілтеушіліктің салдарынан қанаушы санатында кейбір
ауқатты және орташа ауқаттылар да тәркіленіп кетті. Кулак- тар қатарына
жатқызу үшін темір шатырлы үйінің немесе екі атының болуы жеткілікті еді.
Кей жерде кедейлер мен орта шаруаларды орынсыз соттау және олардың
малын жөнсіз тәркілеу, меншік құқығынан айыру, тұрақты мекенінен күштеп
көшіру орын алды. Ұжымға енгісі келмеген кедейлер мен орташаларды
Қазақстаннан тыс жерге жер аударумен қорқыту немесе әкулактар қатарына
жатқызу құбылыстары ұшырасты.
Ақмола округінде сотталғандарды үй ішімен қоса 24 сағ ішінде жер
аудару фактісі орын алды. Алматы және Петропавл округтерінде кейбір
ауылдарда қара бойкот жарияланып, онда терезелерге тақтай қағылып тасталды,
пешке от жағуға рұқсат етілмеді. Тұтас қоныстарға бойкот жасалған жағдайлар
да кездесті.
Ақтөбе және Павлодар округтерінде кедейлерді ұрып-соғу, оларды суық
құйып азаптау, қыс кезінде суық қамбалар мен қоймаларға күзетпен қамап қоб,
кулактардың үйлерінде жаназа рәсімін өткізуге жол берілді.
1929-1933 жылдар аралығында Қазақстан жөніндегі Біріккен Мемлекеттік
Саяси басқарма (БМСБ) уәкілетті өкілдігі- нің үштігі толық емес деректер
бойынша 9805 іс қарап, 22933 адам жөнінде шешім қабылдаған. Солардың ішінде
3386 адамға ең ауыр жаза – ату, 13151 адамға 3 жылдан 10 жылға дейінгі
мерзімге концентрациялық лагерьге қамау жөнінде үкім шығарылған. Әлеуметтік
құрамы бойынша олар: байлар мен кулактар – 4832, орташалар – 1509, кедейлер
– 505, дін өкілдері – 181, әлеуметтік-зиянды элемент (зиялылар) дейтіндер –
242. 1933 жылы Қазақстан БМСБ өкілдері 21мыңнан астам адамды қамауға алды.
Үштіктің хаттамалары Қазақ өлкелік партия комитетінің жабық мәжілістерінде
қаралып, оларға хатшылардың бірі Ф.Голощекин, І. Құрамысов, ал 1930 жылғы 9
наурыздан бастап, БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің өкілі Г.Рошаль қол қойып
отырды.
Тұтас әулеттер мен рулар да жазаға тартылды. Осылай өркениетті
кооператорлар қоғамын құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. 1930-1932
жылдары аштық етек алды. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40%-ы
қырылды. Жаппай жазалау мен аштық халықты орныққан жерін тастап, көшіп
кетуге мәжбүр етті.
1930 жылы аштықтан 313 мыңнан астам адам қайтыс болды. 1931 жылы ондаә
өлім 755 мыңға жетті. 1932 жылы өлгендер мен шетелге көшіп кеткендер 769
мыңнан астам.
Бір млн-нан астам қазақ республикадан тыс жерге көшіп кетті, оның 616 мыңы
қайтып оралған жоқ,ал 414 мыңы кейін Қазақстанға оралды.
1931-1933 жылдары республиканың 6,2 млн тұрғынының 2,1 млн-ы аштықтан
қырылды. Оның ішінде, қазақстан басқа халықтың шығыны – 0,4 млн адам.
Қазақтардың бұрынғы саны 40 жылдай уақыт өткеннен кейін, 1969 жылы ғана
қалпына келді.
Елдің шығысындағы мал шаруашылығының ірі базасы саналатын өлке содан
бастап ұзақ жылдар бойы екінші дәрежелі аймақ қатарына шығып қалды.
Ұжымдастыру басталардан бұрын республи- када 40,5 млн болса, 1933 жылғы 1
қаңтарда не бары 4,5 млн ғана қалған еді.
Сталин мен оның төңірегіндегілер Қазақстанда (сондай-ақ Украинада, Еділ
бойында, Солтүстік Кавказда) ьолған аштық жайында біліп отырды.
Саяси жер аударылғандардың бір тобы Павлодар қаласынан КСРО Орталық
Атқару Комитетінің Төралқасына былай деп хат жазған екен: ...Жекелеген
фактілер келтірмей-ақ, жалпы сипатта алғанда, ауылдар мен селоларда сұмдық
оқиғаларымен қоса аштық кең көлемде етек алған. Ит, мысық желініп жатыр...
Халық аштықтан ісініп өлуде... Ал тірі қалғандардың аштықтан әлсірегені
сонша, өліктерді жерлеуге де шамасы клмеуде: өліктер шашылып жатыр...
1932 жылғы шілдеде республика қайраткерлердің бір тобы – Ғ. Мүсірепов,
М. Ғатауллин, м. Дәулетқалиев, Е. Алтындеков, Қ.Қуанышев аштық және оның
себептері туралы БК(б)П өлкелік комитетіне , тікелей Ф. Голощекинге ашық
хат жазды. Бұл хат тарихта Бесеудің хаты деп аталады.
Тұрар Рысқұловтың 1933 жылғы наурызда И.В. Сталинге жазған хаты да сол
жылдардың сұмды- ғын айқын ашып беретін тарихи айғақ болып табылады. Хат
И.В. Сталиннің өзіне, М.М. Каганович- ке және В.М. Молотовқа жолданған. Т.
Рысқұлов өз басына төніп тұрған қауіптен тайсалмастан, етек алған қасірет
туралы шындықты ашып көсетті.
Хатта 1932 жылғы наурыз айында Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қызмет
еткен Мәскеу Қызыл Крест отрядының баяндамасынан Торғай, Балқаш сияқты
аудандардың халқын аштық пен індет жайлағаны жөніндегі деректер
келтірілген.
Зұлмат ауқымының зор болғаны сонша, 1930 -1932 жылдардағы аштық
тарихқа ұлы жұт, қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.

2. Шаруалардың жаппай ұжымдастыру саясатына қарсылығы

1. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың сталиндік үлгісі зардаптарына
қарсы күрес

Ауыл шаруашылығын ұжымдас- тырудың станлиндік үлгісі шаруалардың қатты
қарсылығын туғызды. Ол қарсылық:
- қалалар мен құрылыстарға кету;
- басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету;
- ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол
қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру;
- өзін-өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру;
- ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды.
1929-1931 жылдары Қазақстанда қарулы қарсылықтар толқыны болып
өтті.Қозғалыс 1929 жылы қыркүйекте Қарақалпақстандағы Тақтакөпірде,
Сырдария округіндегі Бостандықта, қарашада Қостанай округіндегі
Батпаққарада, 1930 жылғы ақпанда сырдария округіндегі Созақта, Aқтөбе
округіндегі Ырғызда, 1930 жылғы наурызда Алматы округіндегі Сарқантта
басталды.
Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс берді.
Жалпы халықтық қарсылық қозғалысының негізгі себебі – күштеп ұжымдастыруға,
ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен
кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық болатын.
Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. Мұнда 1930
жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін Зырянов, Өскемен, самар, Шемонаиха,
Қатонқарағай аудандарын күшті толқулар қамтыды. Қазақ өлкелік комитеті
бандиттік-басмашы қозғалысының көрінісі деп бағалаған Торғай шаруаларының
Батпаққара көтерілісі бүкіл республикаға күшті әсер етті.
Көтерілісшілермен келіссөз жүргізуді ешкім де қажет деп таппады.
Қарақұм көтерілісін Орынбор- да орналастырылған 8- дивизия басып тастады.
Созақ ауданындағы көтеріліс табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен
ерекшеленді. Көтерілісшілер талаптарында өкімет орындарының заңсыздықтарын
айыптаумен қатар діни сарындар да байқалды. Көтерілісшілер Созақ ауданының
орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді.
Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан
жерін тастап, Түркменстан, Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран мен
Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды. Алматы округінің Балқаш, Шоқпар,
Іле, Еңбекшіқазақ, Биен-Ақсу. Сарқант, Жаркент, Бәрібаев аудандарының бүлік
шығарған ауылдарының едәуір бөлігі Қытай жеріне ауып кетті. 1931 жылдың
көктемінде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау
аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар түгел дерліктей қырылып тасталды.
Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру жылдары лаңкестік әрекеттерді, өрт
салуларды есептемегенде, республика аумағында 372 жаппай толқулар мен
көтерілістер орын алды. Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысын
басып-жанышпау үшін далаға жазалау экспедициясын жіберген патша өкіметінің
тәжірибесін қайталады.
Компартия 1932 жылғы қыркүйекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы туралы
қаулы қабылдады. Қаулыда: ұжымдастыруды жүргізген кезде республиканың
шаруашылық және мәдени даму деңгейі мен шаруалардың даярлық дәрежесін
ескеру қажет деп көрсетілді. Орталық Комитет Қазақстанның мал шаруашылығы
аудандарында шаруашылық артеліне көшу сатысы ретінде бірлесіп жер өңдеу
мен шөп шабу жөнінде серіктестіктер құруды ұсынды. Алайда бұл кезде бүлдіру
үрдісі тым тереңдеп кеткен еді. Қаулыда аштық пен қайыршылық, мал
шаруашылығының қатты құлдырап кетуі және оларды туғызған себептер туралы
ешқандай сөз айтылмады.
Қазақстан өлкелік комитеті мен Республика Халық Комиссарлары
Кеңесінің саяси жағынан сәтсіздікке ұшыраған басшылығы (Ф.Голощекин, О.
Исаев, І.Құрамысов, Е. Ерназаров, С. Глюдов, және т.б) халық алдында
ешқандай жауапқа тартылмаса да, шаруалардың өмірін жеңілдету шаралары
жүргізілді. Жасанды жолмен құрылған ұжымшарлар таратылды. Астықты
аудандарда коммуналардың орнына ауыл шаруашылығы артельдер (еңбек
бірлестігі) ұйымдастырылды, ал халыққа күштеп қоғамдастырылған мал-мүлкі
қайтарылып берілді. Кеңес мемлекеті отырықшы- лыққа көшкен көшпелі
шаруашылықтарды. Орнықтыру үшін техникалық және қаржылай көмек көрсетті.
Қолданылған шаралардың нәтижесінде екінші бесжылдық кезінде
қазақстанның ұжымшарлары мен кеңшарлары қайта бас көтере бастады. Олар
отандық жаңа ауыл шаруашылық техникасын алды. Механизатор кадрлары –
тракторшылар мен комбайыншыларды даярлауға ерекше көңіл бөлінді.
1935 жылдың ақпан айында екпінді ұжымшар мүшелерінің съезі болып, онда
ауыл шаруашылығы артелінің жаңа үлгі Жарғысы қабылданды. Екінші бесжылдық
кезінде егіс көлемі мен мал саны едәуір өсті. Мақта мен қант қызылшасы
сияқты дақылдар егісі кеңейтілді. Қазақтардың көшпелі өмір салтынан
отырықшылыққа көшуі де, негізінен, сол тұста аяқталды.
1938 жылғы қарашада Қиыр Шығыстағы корей ұлт (Посьет) ауданынан
Қазақстанға 100 мыңнан астам адам көшіріліп әкелінді. Қызылорда және Алматы
облыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшар құрылды. Қоныс
аударушыларды. Жайғастыру және олардың жаңа табиғи-климаттық жағдайға,
этностық ортаға үйренісу үрдісі қиын болды. Корей отбасыларының бір бөлігі
Өзбек КСР-інің суармалы егіншілік аудандарына көшіп кетті.
Қазақстанда өркениетті кооператорлар қоғамын құру – феодал-байларға
кіріптарлық пен күйзеліс- тен құтылу жолындағы ілгерілеушілік құбылыс еді.
Бірақ ол көшпелі өркениет ерекшелігі ескеріл- мей, күштеу әдісімен жүзеге
асырылғандықтан, ауыр қантөгіс, дүрбелең жағдайында өтті.
Қазақстанның оңтүстігінде және Қарақалпақстанда болған наразылықтардың
себептерін түсіну үшін кезінде Мәскеуде БК(б)П-ның ұйымдастыру бюросының
1928 жылы 26 қарашада болып өткен мәжілісімен таныса кеткеніміз жөн. Бұл
мәжілісте Оңтүстік Қазақстан мен Қарақалпақстанда жер-су реформасын жүргізу
мәселесі құжат ашып көрсетеді.
Қазақстандағы ірі байларды және хан, төре тұқымдарын кәмпескелеу
шараларының алғашқы қорытындысы негізінде, көп кешікпей ақ қабылданған бұл
қаулының, әсіресе, екі бабы біз әңгіме етіп отырған мәселеге тікелей
қатысты. Оның бірі – қаулыдағы № 3 баптағы мәселе Қарақалпақстан жерінде
кімдердің қожалықтары жедел жойылатыны туралы болса, ал келесі №5 бапта осы
жойылатын қожалықтардан малдарды және ауыл шаруашылығы мүліктерін олардың
иелеріне ақы төлемей ақ тартып алу мәселесі атап көрсетілген.
Сырдария округінің Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі 1930 жылдың 7
ақпанында басталды. Сол жылдардағы ресми құжаттар көтерілістің ұйытқысы
байлар, имандар мен молдалар деп көрсетіледі.
Тәркілеу мен астық, ет, мақта және т.б. ауыл шаруашылығы өнімдерін
дайындау науқандарының зорлық зомбылықтарына нарызы халық 6 ақпанда аудан
орталығына қамалған бай туыстарын босатып алуды қажет деп тапқан.
ОГПУ мәліметтерінің бірінде көтеріліске 2000-дай адамның қатысқаны
айтылады. 7 ақпанда Шолақов Сұлтанбек бастаған шаруалар аудан орталығы
Созаққа кіріп, ондағы тұтқындағы туыстарын босатқан, партия, кеңес
қызметкерлерін азаптаған, өлтірген.
Жазалаушылар отряды мен көтерілісшілер арасында 13-14 ақпанда қарулы
қақтығыстар болды. Мұнда көтерісшілер жағынан 80 адам қаза тауып, ал
жазалаушылар жағынан 80 адам қаза тауып, ал жазаулышылар жағынан 7 адам
шығын болған. 13 ақпанда басқа жазалаушы коммунарлар отряды Созақты
атқылаған. Олар Созақтың төңірегінде №3 ауыл жанында көтерілісшілер
отрядымен кездесіп, ұрыс жүргізген, жазалаушылар командиры Никитенко ішінен
жараланған, ал көтерілісшілер жағынан тағы да 3 адам қаза тапқан.
Созаққа шешуші шабуыл 16 ақпанда болып, ұрыс 4 сағатқа созылған. Осы
шайқаста көтерілісшілерден 300 адам өліп, 200 адам тұтқынға түскен. Ал
жазалаушылардан 2 адам ғана жараланған. Осы ұрыста көтеріліс басшысы
Сұлтанбек те және оның көмекшісі ауғандықаталып кеткен Асадулла да
қайтыс болды.
Көтерілісті жазалау бұдан кейін де тоқтамаған. Мысалы, 15 ақпанда
Никитенко бастаған жазалаушылар № 5 ауылдан тағы да 5 адамды өлтірген.
Жалпы шығынға келсек, Голощекиннің Сталинге 1930 жылы наурызда жазған
хатында көтірілісшілерден 400-ден аса, ал жазалаушылардан 50-ге тарта адам
өлгені көрсетілген.
Жазаланғандар: 311 адам көтеріліске қатысты деген кінәмен жауапқа
тартылса, олардың 88-і 1930 жылдың 22 наурызында, 8 сәуірінде, 25
мамырында, 10 маусымында ПП ОГПУ-дің ерекше үштігінің қаулыларымен атылған.
152 адам 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге еңбек түзету лагерлеріне
айдалды. 21 адам 3 жылға Сібірге, тағы 10 адам осы мерзімге Қазақстанның өз
ішіндегі аймақтарға жер аударылды.
Сталиндік-голощекиндік зорлық-зомбылық, қуғын-сүргін Ақтөбе округінің
Ырғыз ауданының шаруаларының да бас көтерулеріне себеп болды. Көтеріліс
1930 жылы 25 ақпанда басталы.
Наразылыққа қатысушылар ақпан айында белгілі діндар Мұқатай Саматовтың
мешітінде жиналыс өткізіп, аллаға сыйынып өз орталарының Қанаев Айжарқынды
хан сайлады.
Көтерілісті басу үшін Волга бойы әскери округінен, Саратов қаасынан
подполковник Евсеев басқарған 8-атты әскер дивизиясының бөлімдері алынды.
Орынбор арқылы темір жолмен келіп жеткен тачанкамен, пулеметтермен және
аэропландармен жабдықталған, қаруланған жазалаушылар ен далада
көтерілісшілерді қуалай атып, қанға бөктірді.
Шешуші шайқас 1930 жылы 9 наурызда Күлқамыс деген жерде болып, онда
көтеріліс басшысы хан Қанаев Айжарқын және оның 35 серігі мерт болды. Күш
тең емес ұрыстан жөңкіле қашқан салт атты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның индустриялық дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтар
Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Қазақ шаруаларын күштеп отырықшыландырудың салдары
Қазақстан тарихының батыс деректемесінен көрініс табуы
Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша көзқарастар
Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері
Смағұл Садуақасов – ұлттық элитаның көрнекті өкілі
Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселелері бойынша
Қазақстандағы индустриялдандыру: Жетістіктері мен қателіктері, Индустриялдандыру мәселесі бойынша қазақ мемлекеттік қайраткерлердің ұстанымдары
Қазақстандағы ауыл шаруашылығын күшпен ұйымдастырудың тарихнамасы
Пәндер