Республикасы - әлеуметтік мемлекет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмыста қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік саясаттың жалпы теориялық негіздері, саяси институттар мен
үрдістерде алатын орны теориялық-әдіснамалық тұрғыдан зерттеліп, саяси
талдауға ұмтылыс жасалды. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру жағдайында
әлеуметтік саясатты зерттеу қазіргі заман талаптарына сәйкес шетел
тәжірибелерімен салыстырыла отырып жүргізілді. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік саясаттың, саяси проблемалардың деңгейін
айқындауға, оларды шешудің жолдары мен негізгі бағыттарын анықтауға
салмақты мән берілді.
Бүгінгі таңда өркениетті даму жолына түскен Қазақстан Республикасы
қоғамның барлық саласында аса маңызды реформаларды жүзеге асыруда. Бұл
реформалардың ішіндегі ең күрделісі әрі өте байыптылықты қажет ететін
бағыты әлеуметтік саладағы реформалар болып табылады. Өйткені, біріншіден,
әлеуметтік мәселе адамдардың өмірі мен тұрмыс-тіршілігіне тікелей қатысты
болғандықтан үнемі күн тәртібінде тұрады; екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты әрқашан халықтың назарында болып, оның талқысы мен сынына түсіп
отырады. Сондықтан да әлеуметтік саясат мемлекеттілікті орнықтыру мен
мемлекетті басқаруда аса маңызды орын алады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің негізгі бағыттарының бірі
- әлеуметтік мемлекет құру. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабы
бойынша біздің еліміз әлеуметтік мемлекет деп жарияланған. Сонымен қатар,
мемлекетіміздің басты Стратегиялық құжаты - Қазақстан-2030
бағдарламасында елімізді әлеуметтік мемлекетке айналдыру мәселесі басым
бағыттардың бірі ретінде атап көрсетіледі [1]. Бұл әлеуметтік мемлекет
қалыптастыруды басты нысан етіп алған билік өзінің саяси жауапкершілігін
сезінетінін дәлелдейді. Бір қарағанда, әлеуметтік мемлекет немесе
әлеуметтік саясат деген мәселелердің күрделілігі байқалмай, түсінікті болып
көрінгенімен, оның ішкі мәнін кез келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі
екіталай. Себебі, ұсынылған идея қоғамдық санада, халықтың күнделікті
өмірінде өте қарапайым деңгейде тараған. Қалай дегенмен де, бұқара халық
белгілі бір дәрежеде әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті,
негізгі белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы нақты білуі
қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесін барлық қырынан зерттеп
қарастыру, оның мәні мен мазмұнын ашып көрсету теориялық және қолданбалық
жағынан көкейкесті әрі маңызды мәселелердің бірі екендігі ешбір дау
тудырмасы анық.
Қазіргі кезеңде Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде
қоғамның сұраныстары мен талаптарына жауап бере алатын мемлекеттің
әлеуметтік саясатты орнықтыру саясаты жүзеге асырылуда. Ал өркениетті
елдерде әлеуметтік мемлекет үлгісі жасалып, соған көшу үрдісі жүзеге
асырылып жатқанда бұл мәселенің біздің еліміз үшін өзектілігі зор.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының негізгі тұжырымдары
айқындалып, оны жүзеге асырудың тетіктері әлі де болса жетілдірілу үстінде
екенін ескерсек, бұл мәселелер бойынша тиімді ғылыми ұсыныстар жасаудың да
маңызы зор деп есептейміз. Сол себепті қазіргі кезеңдегі Қазақстан
Республикасының әлеуметтік саясаты мәселелерінің өзектілігі оны ғылыми
тұрғыда зерттеудің аса қажет екенін айқындап тұрса керек. 1999 жылы ЮНИСЕФ-
тің Ұлттар Дамуы бағдарламасында: Ұлттың болмысы әскери қуаты мен күші
арқылы емес, астаналарының көркі мен қоғамдық сарайларымен емес, ондағы
адамдардың өмір сүру сапасымен бағаланады; денсаулық жағдайы, тамағы мен
білімі, еңбегінің жеткілікті ақысы, шешім шығара алатын мүмкіндіктері,
азаматтық және саяси еркіндіктері құрметі, үйсіз-күйсіздерді қамқорлыққа
алуы, өскелең ұрпақтың ақыл-есінің дамуы мен дендерінің саулығы арқылы
бағаланады... деп әлемдік саясаттың жаһандық сипаттағы қазіргі саяси
үрдістерінің даму бағытына тереңірек принциптік түрде негіз қалады [2].
Әрбір ғылым теория негізінде пайда болып, тәжірибе жүзінде қолданбалы
салаға айналады. Ғылымның адамзат игілігіне жұмыс істеуі қоғамның қарқынды
дамуының жаңа белестеріне жетелейді. Көтеріліп отырған мәселенің
көкейкестілігі саясаттану ғылымынан бастау алатындықтан, қазіргі кездегі
демократиялық басымдықтар саяси үрдістер мен нарықтық қатынастарда қатар
дами отырып, қоғам өміріндегі саяси және әлеуметтік өзгерістерді зерделеуге
мүмкіндіктер береді. Саясат пен оның шешімдерінің, саяси қызметтің
әлеуметтік саясатпен байланысы барынша шоғырланған түрде көрініс береді.
Сондықтан әлеуметтік саясаттағы қарым-қатынас адамзат өмірінде
дүниетанымдық әрі әдіснамалық маңыздылығымен айқындалады. Ал, мемлекет
саясатының қоғам өміріне әсері болмайтын болса, оның нақты әлеуметтік
мағынасынан айырылып, базистік тетігін жоғалтуы ықтимал.
Дүниеде адам пайда болғалы объективтік шындық ретінде адамдардың
мүдделі топтарының қалыптасуы әлеуметтік және саяси мүдделерді өмірге
әкелді. Бұл тарихи үрдістер әсіресе демократиялық бағытты таңдап алған
Қазақстанның да дамуына тікелей әсерін тигізді. Қазақстан Республикасы
экономикасы нарықтық қатынастарға өтуге байланысты әлемдік нарықтың
талаптары мен заңдылықтарын қабылдауы тиіс. Сонымен қатар, қарқынды
экономикалық-саяси жаңғыру ағымында әлемдегі дамыған индустриалды елдердің
әлеуметтік саясат тәжірибелерін меңгеруінің де маңызы зор. Әлбетте, әлемдік
деңгейдегі үрдістерге тең дәрежеде араласу үшін мемлекет ішкі саяси -
әлеуметтік қатынастары мүмкіндіктерінің теориялық, құқықтық және қолданбалы
негізін нығайтуы қажет. Әлеуметтік саясаттың басымдықтарының ерекшеліктерін
зерттеу мақсатында әр елдегі жалпы саясаттағы оның алатын орнын, даму
бағыттарын қарастыру қоғамтану, саясаттану, экономика, әлеуметтану және заң
ғылымдарының өзекті мәселесі болмақ.
Саясаттану ғылымында әлеуметтік саясатты зерттеу маңызды орын алады.
Әлеуметтік саясат проблемасы ғасырлар бойы экономика мен саясаттану, заң
және әлеуметтану саласындағы ғалымдардың еңбектерінде үнемі көтеріліп
келеді. Жалпы алғанда саясаттану қоғамдық құбылыстарды, оның
субьектілерінің арасындағы қатынастарды анықтайтын ерекше ғылым саласы
ретінде біртіндеп қалыптасты. Оның билік пен меншік түрлерінің өзгеріске
ұшырауын, қоғамдық қатынастарды саралап жіктеп, олардың саясаттағы орны мен
рөлін адам өмірінде айқындап отыруы, зерттеушілердің назарынан тыс қалмады.
Оған дәлел – Джон Локктің, Жан Жак Руссоның еңбектері саяси ғылымның
көкжиегін кеңейтіп, тереңірек толықтырды. Джон Локк моральдік-саяси
доктринасында саясат туралы ғылымда мемлекеттің пайда болуы парасатты
сананың арқасында деп көрсетеді [3]. Мемлекет заңдарды шығару арқылы оның
орындалуын азаматтардан талап ету құқығына ие екендігін түсіндіреді.
Сонымен қатар азаматтарға өмір сүру құқығы, еркіндік пен жеке меншіктерін
қорғау сияқты қарапайым құқықтарын да зерттейтін сала ретінде қарастырып
қана қоймай, олардың мұқтаждықтарының орындалуын мүмкіндіктермен қамтамасыз
ету туралы айтылып кеткен болатын. “Қоғам мүшелерін қорғау және олардың
амандықта екендігін білдіретін ең сенімді белгі бұл – олардың саны мен
өсуі” деген Жан Жак Руссо [4]. Ол саяси биліктің жүргізіп отырған
саясатының негізгі басымдықтары айқындалмай, оның толық саяси дұрыс
шешімдерге негізделген бағыт-бағдарын жасақтамай, осы саладағы саяси
институттардың міндеттері мен қызметтерінің жемісті нәтиже беруі екіталай
екендігін атап көрсетеді.
Саяси ғылымда әлеуметтік саясаттың тарихи-ғылыми негізі Шарль Луи
Монтескьенің Заңдар рухы туралы еңбегінен бастау алады.
Саясаттану ғылымының теориялық және қолданбалы негіздері де қай
мемлекеттің болмасын әлеуметтік саясатының бағыт-бағдарын айқындауда оның
ішкі мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндіктер береді. Теориялық саясаттану
саяси идеялардың дамуын, пайда болуын, саяси билікті, саясаттың обьектілері
мен субьектілерін, саяси жүйені, саяси үрдістерді, саяси қатынастарды,
саяси мәдениеттерді және т.б. құбылыстарды жүйелі түрде зерттей отырып,
біздің тақырыбымыздың нысаны болып отырған әлеуметтік саясаттың теориялық -
әдіснамалық негізінің өзегіне айналады. Ал, қолданбалы саясаттану арқылы
саясат аясындағы адамдардың және әртүрлі әлеуметтік субьектілердің белсенді
іс-әрекеттері тәжірибеге алынып, яғни мұнда тәуелсіз Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік саяси қатынастар, мемлекеттің әлеуметтік
саясаты және оның жүзеге асырылуы, оның халықтың әл- ауқатын арттырудағы
тиімділігі немесе тиімсіздігі көрініс тауып отырғандығы және т.б. сияқты
мәселелердің түйінін шешуге ұмтылыс жасалады.
Әлеуметтік саясатқа ғылыми тұрғыда ерекше мән беріп, оның теориялық
әдіснамалық негізін тереңдетуге О.В. Байдалова, Ф.Э. Бурджалов, Д. Белл,
Дж. Гэлбрейт, Е.А. Гонтмахер, В.И. Жуков, С. И. Калашников, Дж. Кейнс, В.Н.
Лексин, Дж. Миллъ, Т.В. Негина, Дж. Робинсон, И. А. Соболева, А.Н. Швецов,
А. Фон Хайек сынды еуропалық және ресейлік ғалымдардың да қомақты үлес
қосқандығы белгілі.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты мен әлеуметтік мемлекет
құруының ғылыми-теориялық тұжырымдамасы және оның негізгі бағыттары мен
жүзеге асырылу жолдары ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың еңбектері мен жыл
сайынғы халыққа Жолдауларында да ерекше атап көрсетіледі. Президенттің жыл
сайынғы Жолдауларында әлеуметтік саясаттың мемлекеттік саясаттағы орны мен
ролі қаншалықты дәрежеде екендігінен нақты мәліметтер беріледі.
Әлеуметтік саясаттың зерттелу мәселесінде кеңестік дәуірде жарық
көрген ғылыми еңбектерді назардан тыс қалдыру ғылыми әділетсіздік болар
еді. Бұл еңбекті қайта сараптау мен сын тұрғысында салыстырмалы саяси
талдау Кеңес Одағында әлеуметтік мемлекет құру тәжірибесінің, яғни
социализмнің неліктен сәтсіздікке ұшырағандығы туралы ой қорытуға мүмкіндік
береді. Мұндай еңбектердің қатарына С.Б.Баишевтің, Ф.М. Бородкиннің, Ю.Е.
Волков пен В.З. Рогозиннің, С.С. Шаталиннің және т.б. ғылыми зерттеулерді
жатқызуға болады.
Әрбір елдегі саяси трансформациялар жағдайында әлеуметтік саясаттың
сипатына ерекше көңіл аударылатыны заңды құбылыс. Өйткені, Кеңес Одағы
ыдырағаннан кейін Қазақстан мен бұрынғы одақтас республикаларда рухани және
ғылыми құндылықтарды қайта қарау үрдісі басталды. Ол әлеуметтік мемлекет
пен әлеуметтік саясат сияқты саяси ойда да орын алды. Бұл үрдіс нәтижесі
әлеуметтік саясат бойынша жарық көрген еңбектердің теориялық және
институционалдық негіздерінің дамуына ықпал етіп отыр. Оны саясаттанушы
ғалымдардың әлеуметтік саясат мәселесіне тереңдей назар аударып, тақырыпты
ғылыми тұрғыда кеңірек талқылауынан, аталмыш мәселеге қатысты арналған
еңбектер санының өсуінен көруге болады. Осыған орай саясаттану ғылымында
Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың теориялық және құқықтық негіздеріне
талдаулар жасалуда. Отандық зерттеуші-ғалымдардың, саясаттанушылардың
ғылыми-зерттеушілік еңбектерінде әлеуметтік саясаттың кейбір мәселелеріне -
табиғатына, мәніне, құрылымы мен қызметіне, жүзеге асырылу механизмдеріне
талдаулар жасалуда. Мұндай ғылыми зерттеулердің қатарына А.Ж.
Абдрахманованың, Н.А. Аитовтың, М.М. Ахметованың, Р.Б. Әбсаттаровтың, Р.С.
Жарқынбаеваның, А. Каримовтың, Н.И. Мұстафаевтың, А.Ж. Мұқажанованың, Н.З.
Нығматулиннің, Қ.Ж. Нұғманованың, М.Б. Тәтімовтің, И.Н. Тасмағамбетовтің
және т.б. авторлардың еңбектерін жатқызуға болады. Дегенмен жоғарыда
аталған жұмыстарда Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясаттың
теориялық-әдіснамалық негізін жан-жақты зерттеу, әлеуметтік саясатқа саяси
талдау жасау арнайы мақсат етіп қойылмаған. Бұл ғалымдар мен зерттеушілер
аталмыш мәселенің тек жекелеген аспектілерін ғана қозғаған. Бұл еңбектер
біздің зерттеп отырған мәселеміздің түрлі қырынан ашылуына, оған кешенді
саяси талдау жасауға мүмкіндіктер береді.
Сондай-ақ әлеуметтік саясаттың кейбір аспектілері ғалымдарымыз М.С.
Аженов, К.Г. Ғабдуллина, С.М. Борбасов, К.Н. Бұрханов, Ә.Х. Жүнісов, Л.М.
Иватова, А.И. Лұқпанов, Р.А. Нұртазина, А.Н. Нұрмағамбетов, Н.В. Романова,
Т.С. Садықов, М.С. Садырова және т.б. өз еңбектерінде қарастырады.
Әлеуметтік саясаттың теориялық-әдіснамалық негізі мен өзекті саяси
проблемалары дербес зерттеу нысанына алынбағандықтан біз осы мәселелердің
жүйелі түрде саяси талданбағанына көз жеткіздік. Қазақстан
Республикасындағы саяси мәселенің негізгі тетіктерінің біріне айналған
қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясаттың саясаттану ғылымындағы теориялық
негізі мен практикалық қолданылуын саяси талдау тұрғысында кешенді
зерттеудің қажеттілігі даусыз екені айқындалып отыр.
Әлеуметтік мемлекет құру жолындағы Қазақстан Республикасының
әлеуметтік саясатына саяси талдау жасай отырып, оның мәні мен мазмұнын ашып
көрсету диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен
қатар әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы саяси институттардың қоғамда
алатын рөлін анықтау да қажеттілік болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін
мынандай міндеттерді шешу көзделіп отыр:
- демократиялық мемлекеттегі әлеуметтік саясаттың теориялық
әдіснамалық негізін зерттеу;
- әлеуметтік саясаттың саяси институттар мен үрдістерде алатын орнына
әдіснамалық талдау жүргізу;
- әлеуметтік мемлекет құру жағдайында мемлекеттің әлеуметтік
саясатының үлгілеріне талдау жасау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының теориялық
мәселелерін анықтау;
- әлеуметтік саясаттың саяси-құқықтық негіздерін сараптау және осы
саясатты жүзеге асыруда заңнамалардың атқаратын қызметін ашып
көрсету;
- қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат
мәселелерінің деңгейін анықтау және олардың шешілу жолдары мен
негізгі бағыттарын айқындау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясатты жетілдіруінің басым бағыттары
бойынша тиімді және практикалық мәні бар ұсыныстары мен кеңестерін
беру.
Зерттеудің теориялық негіздері ретінде ғылыми саяси ойды
қалыптастырушы ойшылдар мен ғалымдардың, еуропалық, ресейлік және отандық
саясаттанушы, философ, әлеуметтанушы, экономист, құқықтанушы ғалымдардың
теориялық еңбектерімен қатар Президент Н.Ә. Назарбаевтың да еңбектері
басшылыққа алынды.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының қалыптасу
ерекшеліктерін зерттеуде тарихи-философиялық, институционалдық, жүйелік,
пәнаралық, құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы
сараптау әдістері кеңінен қолданылды. Бұл әдістерді қолдану арқылы
әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы
әлеуметтік саясатты күрделі, кешенді әрі тұрақты даму үстінде болатын жүйе
ретінде қарастыруға мүмкіндік алдық.
Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз болған теориялық және нақтылы
фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Диссертациялық жұмыста негізінен
төмендегідей нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар пайдаланылды.
Тақырыпты зерттеуге теориялық негіз болған әлеуметтік саясатты терең
зерттеген қоғамдық ғылым салалары бойынша зерттеу жүргізген ғалымдардың
еңбектері, соның ішінде әлемдік философиялық ой өкілдерінің осы мәселе
бойынша жасаған ғылыми тұжырымдамалары. Сонымен қатар, қазіргі замандағы
отандық және шетелдік, ресейлік зерттеушілердің әлеуметтік саясатты
талдауға бағытталған ғылыми мақалалары мен монографиялары және зерттеушілік
еңбектері.
Қазақстандағы әлеуметтік саясатты саяси талдауға негіз бола алатын
Қазақстан Республикасының осы бағыттағы қабылданған заңдары мен нормативтік
актілері. 1991 жылы қабылданған Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Заңы, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Қазақстан
Республикасында арнайы мемлекеттік жәрдемақы туралы Заңдарына және
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне, Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексіне және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарғыларына,
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулыларына ( мәселен Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен
мақұлданған), Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау
тұжырымдамасы сияқты нормативтік актілеріне сүйенеді. Аталған заңнамаларға
енгізілген қосымшалар мен түзетулер де диссертациялық жұмыста қолданылды.
Сонымен қатар зерттеуде елдің Стратегиялық даму бағдарламалары мен
Қазақстан Республикасының Президентінің еңбектері мен халыққа жолдаған
Жолдаулары жетекшілік қызмет атқарды.
Дүниежүзінде әлеуметтік саясаттың ортақ үлгісін құрастырудағы Біріккен
Ұлттар Ұйымы, Еуроодақ, Даму банкі, ЮНЕСКО сияқты халықаралық ұйымдардың
ресми құжаттары кеңінен пайдаланылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам
құқықтары туралы Декларациясынан бастап, Бүкіләлемдік еңбек ұйымының, Сауда
және Даму конференциясының басшылығымен қабылданған шешімдері, Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығының құқықтық мәртебесін айқындайтын Жарғысы және сол
сияқты халықаралық институттардың құжаттары да диссертацияда қолданылды.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
Министрлігінің, Білім және Ғылым Министрлігінің, Қазақстан Республикасы
статистикалық Агенттігінің ақпараттары мен есептері, түрлі отырыстардың
шешімдері және басқа да ресми құжаттар пайдаланылды. Сонымен қатар,
мемлекеттік жергілікті билік органдарының әлеуметтік саясатқа байланысты
ресми құжаттары және қаулылары пайдаланылды.
БАҚ аналитикалық материалдары, статистикалық жинақтар мен интернет-
сайт материалдары да қолданылды.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезеңдегі әлеуметтік саясатты
зерттеу проблемаларының қойылуымен айқындалады. Қазақстан Республикасының
әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарына саяси талдау жасаудың нәтижесінде
ұсынылған негізгі тұжырымдар:
- қазіргі қоғамның саяси - әлеуметтік дамуында әлеуметтік саясат
маңызды роль атқарады және әлеуметтік саясаттың пәрменді жүргізілуі
мемлекеттің тұрақты саяси дамуының кепілі болуымен қатар
экономикалық дамудың сапалық деңгейінің көрсеткіші болып табылды;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты экономикалық
реформалардың нәтижелеріне мейлінше тәуелді болып келетіндігі және
әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік институттары сақталғандығы
негізделді;
- қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік
саясаты енжарлық (пассивті) бағыттан белсенді (активті) бағытқа
ауыса бастағандығы айқындалып, ашып көрсетілді;
- Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаттың қоғамдық
институттары - кәсіподақтардың, қайырымдылық көрсететін ұйымдардың
т.б. белсенділігі артып келе жатқандығы анықталып, тұжырымдалды;
- жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту барысындағы билік
субьектілерінің әлеуметтік саясатты іске асырудағы қызметінің
ықпалы жетекші орын алатындығы айқындалды;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының бағыт-бағдарын,
ерекшеліктерін, ұстанымдарын, даму жолдарын және келешегін сараптау
арқылы әлеуметтік саясаттың орны мен рөлі маңызды саяси ұстаным
ретінде негізделді;
- мемлекетіміздің әлеуметтік саясат тұжырымдамасының өлшемдері,
әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдік, әлеуметтік
әріптестік сияқты әлеуметтік мәнге ие болып отырған іс - шараларды
үйлесімді түрде жүзеге асыру жолдары қалыптасқандығы тұжырымдалды;
- әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыру жолдары мен тетіктерін
тауып, айқындап берді;
- Қазақстан үкіметінің бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне үлкен
талаптар қоюы әлеуметтік саясаттың проблемаларын шешу жолдарына
қатысты мәселелерден туындады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының тақырыбын таңдап алуға негіз
болған алғы шарттар және оның бүгінгі күн жағдайындағы көкейтесті
мәселелері негізделіп қарастырылады. Ғылыми талдану дәрежесі, ғылыми
жаңалығы, зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, теориялық-әдіснамалық
негіздері, жұмыстың құрылымы мен көлемі негізге алынады.
1.Қазақстандағы әлеуметтік саясатты зерттеудің теориялық-әдіснамалық
негіздері: жүйелік талдау деп аталатын бірінші бөлім үш тараушадан тұрады.
1.1Әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасы атты бірінші тараушада
әлеуметтік саясаттың мәні мен анықтамасын тарихи негізде саяси талдауға
маңыз берілген. Әлеуметтанушы ғалымдардың тұжырымы бойынша ежелгі кезеңнен
бері өмір сүрген мемлекеттердің барлығында сол кезеңдердің дамуына тән
әлеуметтік саясат жүргізілген. Қазіргі кезде әлеуметтік саясат мәселелері
халық үшін де, саясаткерлер мен ғалымдар үшін де аса өзекті проблемаға
айналып отыр. Тәуелсіз Қазақстан жүзеге асырып отырған түбегейлі
экономикалық реформалар бұл өзгерістерге жауап бере алатын және соған
сәйкес келетін мемлекеттік әлеуметтік саясатты қалыптастыруды талап етеді.
Өйткені, елдің экономикасын сауықтыруға бағытталған экономикалық
реформаның күшті әлеуметтік саясатпен қамтамасыз етілуі өте маңызды, ал
олай болмаған жағдайда бір реформа екіншісіне қауіп төндіре бастайды [5].

Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан
Республикасы – әлеуметтік мемлекет. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін,
қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін
көтеру үшін бағыттауға міндетті. Әлеуметтік саясат мемлекеттің ішкі
саясатының аса маңызды бағыты екені сөзсіз. Жалпы, әлеуметтік саясатты іске
асыру экономиканың даму қарқыны мен әлеуметтік кепілдіктерді сақтау ісін
шебер ұштастыруды талап етеді. Бұл орайда, бүгінде мемлекеттің әлеуметтік
және экономикалық рөлі өзгергенін есте сақтау керек. Халықтың мемлекет
көмегіне шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын топтарына басымдық
беріледі. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары,
олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек.
Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері – адамның даму жағдайлары, яғни
еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім,
балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке
қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау,
лайықты кәрілік болып табылады.
Жалпы, әлеуметтік саясаттың мәні әлеуметтік мемлекет ұғымымен астасып
жатқаны аян. Бұл екі ұғымды бір-бірінен дербес қарастыруға болмайды. Ал,
әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - әлеуметтік саясатқа
келіп тіреледі. Әлеуметтік мемлекет құру барысында саяси билік азаматтардың
әлеуметтік құқықтарын талап ете алатын мәдениетке дағдыландыру шараларын
жүргізуге міндетті. Ал, мемлекеттің әлеуметтік саясаты құқықтық әлеуметтік
мемлекеттің қалыптасуының шарты болуы қажет. Әлеуметтік мемлекет деген
ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық келісім
мемлекетінен және мемлекеттегі биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі
мемлекеттен нысаналы әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы мемлекетке өтуін
көрсетеді.
Бұл ретте қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік саясаттағы
концептуалды өзгерістер тетігі, ең алдымен экономикалық дамудың
көрсеткіштерімен өлшенетінін де атап өткен абзал. Дегенмен, бұл жерде
экономикалық дамудың мемлекеттің әлеуметтік саясатын айқындаудағы ролін
абсолюттендіруге болмайды деп ойлаймыз. Себебі, әлеуметтік саясат
мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктеріне ғана тәуелді емес, ол көп жағдайда
елдің саяси дамуына, саяси күштердің арасалмағы мен өзара қарым-қатынасына
да байланысты айқындалады. Олай дейтін себебіміз, әлеуметтік саясат қоғам
мүшелерінің саяси белсенділігімен және саяси күштердің өз мүдделері үшін
күресінің деңгейімен де айқындалып отырады. Сонымен бірге, мемлекеттің
әлеуметтік саясатын қалыптастырып, оны жүзеге асыруда экономикалық
ахуалмен бірге, психологиялық факторлардың да маңызды роль атқаратынын
мемлекеттің даму стратегиясын тұжырымдаған Президент Н.Ә. Назарбаев ерекше
атап көрсетеді: Әлеуметтік стратегияны іске асыру мерзімі экономикалық
даму стратегиясын жүзеге асыру мерзімімен сай келмейді, өйткені әлеуметтік
стратегия қоғамның әлеуметтік құрамындағы құрылымдық өзгерістермен ғана
емес, сондай ақ, қоғамдық сана-сезімді қазыналық тұрғыдан қайта
бағдарлаумен де байланысты, ал ол экономикалық және әлеуметтік жағынан
неғұрлым белсенді жаңа ұрпақ келмейінше мүмкін емес[6]. Міне, сондықтан да
әлеуметтік саясатты айқындағанда саяси биліктен жан-жақтылықтың,
кешенділіктің талап етілуі заңды құбылыс. Әлеуметтік саясат тиімді жүзеге
асырылуы үшін бірінші кезекте халықты масылдық психологиядан арылту аса
күрделі іс-шара болып табылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қайнар көзі - әлеуметтік саясаттан
басталады. Мәселен, дамыған Еуропа елдерінде әлеуметтік саясаттың екі
үлгісі кеңінен қолданылады. Біріншісі бисмарктық әлеуметтік саясат үлгісі
(неміс канцлері Бисмарктың есіміне байланысты аталған, өйткені ол осы
үлгінің негізін салған болатын), екіншісі беверидждік үлгі.
Бисмарктық әлеуметтік саясат үлгісі бойынша әлеуметтік көмек пен
белсенді еңбек қызметі арасында тығыз байланыс орнатылады. Жеке адам өзінің
белсенді еңбек қызметі барысында келісім - шарт негізінде әлеуметтік қорға
мөлшерлі аудармаларын жасап отырады. Кейін бұл аудармалардан сақтандырушы
қорлар құрылып, одан әртүрлі әлеуметтік көмек көрсетіліп отырады. Мұндай
қорларға мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді. Ал, еңбек белсенділігі
төмен отбасылар үшін ұлттық ынтымақтастық ұстанымы бойынша мемлекеттік
органдар арқылы әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Беверидждік әлеуметтік саясат үлгісі бойынша кез келген қоғам мүшесі
әл-ауқаты мен экономикалық белсенділігінің деңгейіне қарамастан денсаулық
сақтау, зейнеткерлік т.б. белгілер бойынша мемлекеттен минималды әлеуметтік
көмек алуға құқылы. Бұл үлгіні ұстанатын елдердегі (Ұлыбритания, Швеция
т.б.) зейнетақы жүйесінде зейнетақы алатын жасқа жеткен әрбір азаматқа
белгіленген зейнетақы төленеді, ал денсаулық сақтау саласы бойынша әрбір
азамат медициналық сақтандыру жүйесіне автоматты түрде тіркеледі. Бұл
үлгіде де ұлттық ынтымақтастық ұстанымы негізінде ұлттық байлықты әділетті
бөлудің тұжырымдамасы қолданылады. Ал Қазақстанның өзіндік әлеуметтік
саясатының үлгісі мен тұжырымдамасы қалыптасу үстінде екенін ескерсек, онда
бұл екі үлгінің басты жетістіктері мен тиімді тетіктері нысанаға алынып
отырғандығына көз жеткізуге болады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының нәтижелі көрсеткіштері халықтың өмір
сүру деңгейін сипаттайды, яғни халықтың өмір сүру деңгейінен әлеуметтік
саясаттың қандай деңгейде екенін байқауға болады. Халықтың
қажеттіліктеріне көңіл аудармау, еңбек, тұрмыс, демалыс, денсаулық сақтау
сияқты әлеуметтік аспектілеріне деген көзқарастың бәсеңдеуі, яғни халықтың
әлеуметтік құқықтарын шектеу әлеуметтік әділеттілік қағидасына қарама-қайшы
келіп, соңында өндірістің төмендеуіне және қоғамда әлеуметтік
қақтығыстардың пайда болуына негіз болуы мүмкін.
Әрбір мемлекет әлеуметтік саясатты жүзеге асыруы барысында әлеуметтік
әділеттілік принциптеріне бағынуы қажет. Сондай-ақ, мемлекеттік билік
азаматтардың лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін саясатты жүзеге
асыруы және барлық әлеуметтік топтардың өмірлік қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс. Осындай әлеуметтік мемлекет қалыптасқанда ғана өз
азаматтарының жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуге, халықтың әлсіз
топтарына әлеуметтік қолдау көрсетуге, қоғам өмірінде әлеуметтік ақиқаттың
орнауына бағытталған саясат жүргізе алады.
Әлеуметтік саясат – мемлекет пен өзге де саяси-әлеуметтік
институттардың қоғамның әлеуметтік өмірін прогрессивті дамытуға,
азаматтардың өмір сүру деңгейін, сапасын жетілдіруге, олардың өмірлік
қажеттіліктерін қамтамасыз етуге, оларға қажетті әлеуметтік қолдау
көрсетуге, осы бағытта тиісті қаржылық институттар мен басқа да қоғамдық
потенциалды қолдануға бағытталған іс-әрекеті. Сондай-ақ, әлеуметтік
саясаттың ең басты қызметтерінің бірі, біздің ойымызша, ол стратегиялық
қызмет. Өйткені, әлеуметтік саясаттың оңтайлы ұйымдастырылуы қоғам дамуының
тұрақтылығы мен прогрессивті дамуының кепілі болып табылады. Қазақстан
жағдайында, әлеуметтік саясаттың басты стратегиялық бағыттарының бірі
қоғамда орта тапты қалыптастыру және орта таптың әлеуметтік-саяси
белсенділігін арттыру арқылы мемлекеттік саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
болмақ. Сондықтан да, Қазақстан Республикасының қазіргі әлеуметтік
саясатындағы өте маңызды мәселе – орта таптың экономикалық белсенділігін
ғана емес, олардың әлеуметтік-саяси белсенділігін де арттыруға ерекше көңіл
бөлу қажет.
Кең мағынасында әлеуметтік саясат – мемлекеттік және мемлекеттік емес
органдардың, ұйымдар мен мекемелердің өмір сүруге қажетті жағдай жасауға,
халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, қоғамдық ортада
қолайлы әлеуметтік атмосфера туғызуға бағытталған теориялық ұстанымдар мен
тәжірибелік шаралардың жиынтығы. Ал, тар мағынасындағы әлеуметтік саясат –
мемлекет пен басқа да саяси және әлеуметтік институттардың қоғамның
әлеуметтік саласының дамуына, адамдардың өмір сүру салты мен сапасын
жетілдіруге, олардың өмірлік қажеттіліктерінің белгілі бір бөлігін
қамтамасыз етуге, азаматтарға тиісті әлеуметтік қолдау, көмек көрсетуге
және ол үшін қаржылық немесе өзге де қоғамдық әлеуетті қолдануға
бағытталған іс-әрекеті.
Сол себепті әлеуметтік саясат мемлекеттің әлеуметтік мақсаттарының
қызметі мен міндеттерінің жүйесіне қызмет ететіндіктен, бұл жүйені тиімді
басқару мемлекеттің табиғаты, әлеуметтік саясат үлгілері мен оларды жүзеге
асырудың тетіктері туралы ғылыми негізделген білімді талап етеді. Ғылыми
тұрғыда негізделген білім өз кезегінде әлеуметтік саясатты барлық деңгейде
- мемлекеттік, аймақтық, жергілікті және жекелеген өндіріс орындарында
ұтымды жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.
1.2Әлеуметтік саясаттың саяси институттар мен үрдістерде алатын орны:
әдіснамалық талдау деп аталатын екінші тараушада мемлекеттік саясатты
жүргізу құрылымындағы өзгерістерге, материалдық және рухани
қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты топтар арасындағы қоғам
мен оның мүшелерінің өзара арақатынасына қатысты мемлекеттің жалпы
саясатының ажырамас бөлігі ретінде әлеуметтік саясатқа әдіснамалық талдау
жасалады.
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты – ынтымақтастық қағидаларын жеке
жауапкершілік қағидаларымен толықтыруды, оларды біріктіруді ұсынады.
Орталық және аймақтық билік органдары өзара көмек көрсету мен қорғау,
әлеуметтік қамсыздандырудың қажетті құрылымын құруға қабілетті әлеуметтік
топтарды қолдауға өз күшін жұмсауға міндетті. Мұндай топтар кәсіби
құрылымдарды, жергілікті қауымдарды, кәсіподақтарды, аймақтық ұйымдарды,
қоғамдық бірлестіктерді және тағы да басқаларын біріктіреді. Практикалық
тұрғыда, мемлекет ең алдымен жеке жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал
етуге тиіс. Жекеменшікті тануға негізделген экономикалық салада адамдардың
іскерлік белсенділігін арттыруға қажетті жағдай жасау керек.
Әлеуметтік салада мемлекет негізінен өзін-өзі реттейтін, өзара көмек
көрсететін және ынтымақтастық танытатын институттарды - әлеуметтік
сақтандыру серіктестігін, кәсіби қауіп-қатерден қорғау ұйымдарын, өзін-өзі
басқарудың, өзара көмек көрсетудің және ынтымақтастықтың еңбек, аймақтық
және басқа да жергілікті органдарын құру арқылы дамиды.
Мемлекеттік билік органдары әлеуметтік саясатты негіздегенде жеке адам
өзі өмір сүріп отырған қоғам мүдделеріне, онда орын алатын кейбір
проблемаларына немқұрайды қарай алмайтындай етіп жасауы қажет. Қазақстан
жағдайында әлеуметтік саясат мемлекеттік биліктің барлық деңгейінде өзара
тығыз байланыста жүзеге асырылуы және әрбір билік органы мемлекет алдындағы
әлеуметтік-саяси жауапкершілігін терең сезінуі шарт. Сонымен, мемлекеттік
заң шығарушы билік әлеуметтік саясаттың басым бағыттары мен құқықтық
негізін айқындап, тиімді әрі орнықты жұмыс істейтін заңдар қабылдауы керек.
Сонымен бірге, экономикалық даму деңгейіне орай мемлекеттік әлеуметтік
кепілдік базасын жасап, оны экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктеріне
байланысты нормативтік құжаттар қабылдау арқылы жәрдемақылардың көлемін,
тегін немесе жеңілдікпен берілетін әлеуметтік көмек түрлерін белгілеуі
керек. Әсіресе, мемлекеттік бюджетті қабылдаған кезде оның әлеуметтік
бағдарлануын ерекше қадағалауы тиіс. Өйткені, әлеуметтік саясаттың қаржылық
бастауларын да негіздейтін осы заң шығарушы билік болып табылады. Ал,
атқарушы билік мемлекеттік әлеуметтік саясат бойынша қабылданған заңдардың
шеңберінде негізгі іс-шараларды жүзеге асырады, әлеуметтік саланың
экономикалық тетіктерін реттеп отырады және әлеуметтік төлемдерді жүзеге
асырудың тәртібі мен тиімді жолдарын анықтайды. Сондай-ақ, мемлекеттік
атқарушы биліктің аса жауапты қызметі ол институционалдық құрылымдардың
жұмыс бағытын тиімді әрі оңтайлы ұйымдастыру болып табылады.
Келесі деңгейде жергілікті әкімшілік билік органдары мемлекеттік
әлеуметтік саясаттың нақты іс-шараларын жергілікті жерлердің ерекшеліктерін
ескере отырып жүзеге асырады. Сонымен бірге, аймақтың экономикалық
мүмкіндіктері жоғары болған жағдайда халыққа берілетін әлеуметтік көмек
түрлерін көбейтуге тиісті.
Жұмыс беруші ұйымдар мен өндіріс орындарынан мемлекеттік әлеуметтік
саясатқа қатысты қабылданған заңдардың қатаң орындалуы, еңбек нарығының
талаптарын орындау, еңбек ақысының деңгейінің төмен болмауы, сақтандыру
шараларын жүзеге асыру талап етіледі.
Кәсіподақтар, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, үкіметтік емес
ұйымдар халықтың белгілі бір әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғайды,
яғни олар идеологиялық қызмет атқарады. Үкімет пен жұмыс берушілер
арасындағы диалогқа арқау болады. Бұл жерде үлкен саяси іс-шаралар алдында
саяси партиялардың саяси-әлеуметтік ролі артатынын ерекше атап кеткен жөн.
Мәселен, Президент немесе парламент сайлаулары қарсаңында саяси
партиялардың бағдарламаларында әлеуметтік саясатқа қатысты ұстаным алдыңғы
қатарға шығып, электоратты өз жағына тартудың саяси технологиялары іске
қосылады.
Осы ретте өркениетті дамыған елдерде әлеуметтік мемлекеттік
құрылыстағы жаңа қадам деген тұжырымдама қалыптасып келе жатқандығына көңіл
аударған орынды деп білеміз. Әлеуметтік мемлекет жоғарыда айтқанымыздай өз
азаматтарының өмір сүруін лайықты жағдаймен қамтамасыз етуге, әлеуметтік
жағдайының қорғалуына, материалдық және рухани қажеттіліктерін
қанағаттандыруға, өндірісті басқаруға, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара
ықпалды күшейтуге ұмтылатын мемлекет. Бұл мәселе – әлеуметтік жағдайы
төмен топтардың пайдасына, ұлттық табысты қайта бөлудің көмегімен, халықты
жұмыспен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау, білім алу, денсаулық сақтауды,
бүкіл қоғамның саяси мәдениетін тағы да басқаларын дамыту саясатын жүзеге
асыру барысында қол жеткізіліп, орындалады. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет
қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, рухани теңсіздіктерді бәсеңдетуге және
оны оңтайландыруға бар күш-жігерін жұмсайды.
Бұндай дамудың жалпы үлгісі әлеуметтік саяси институттарда,
экономикалық заңнамаларда және мемлекеттің халықаралық келісім-шарттарында
көрініс табуы қажет.
Мемлекеттің әлеуметтік әрекеті оның құрамындағы үш бөлігі –
экономикалық тиімділік, әлеуметтік саясат, биліктің құзыреттілігі және
қоғамдық институттар әрдайым бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болған
жағдайда ғана жүзеге асады. Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік қорғау
саласындағы саясаттың мақсаты – кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес,
әлеуметтік қазіргі талапқа сай инфрақұрылымды дамыту және сақтау, халықтың
әлеуметтік-экономикалық шашыраңқылығын төмендету, экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету.
Мемлекет өзінің әлеуметтік саясатында еңбек қатынастары
салаларына араласпай, тек қоғамдық тәртіпті орнатумен шектеліп отыруы өзін-
өзі ақтай алмады. Ал, индустриалды елдердегі саяси билік әлеуметтік
мәселелердің өзектілігіне негізгі басымдықтар беріп отыр. Осыдан кейін
алдыңғы қатарлы саяси партиялар көпшіліктің, қарапайым азаматтардың көңіл-
күйлері мен мүдделеріне назар аудара бастады. Сөйтіп, көптеген елдердің
қоғамдық саяси үрдістерінде және үлкен саясатта социал-демократиялық
бағыттағы партиялардың белсенділігі арта бастады. Олар ең алдымен
кәсіподақтардың көмегіне жүгінеді. Партиялар кәсіподақ мүшелерінің
мүдделерін қорғауын қамтамасыз ететін, жаңадан әлеуметтік қатынастарды
реттейтін заңнамалардың қабылдануына қол жеткізіп отырады. Ал, бұл
мәселелерді Қазақстан жағдайында алып қарастыратын болсақ, әлеуметтік
саясаттың ортақ мүддеге бағытталған қызметін жақсарту үшін саяси билік пен
кәсіподақтар әлеуметтік серіктестік ұстанымына ерекше маңыз беруде. Бұл
біздің ойымызша Қазақстандағы саяси институттардың әлеуметтік саясаттың
өзекті мәселелері бойынша шешімдер қабылдауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы біртұтас, зайырлы мемлекет
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесіндегі Конституциялық құқық жүйесің орны
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Қазақстан Республикасы үкіметінің билікті бөлу принципімен сәйкес конституциялық-құқықтық уәкілеттігі
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Қазақстан Республикасы - егемен, тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет
Қазқстанның зайырлы мемлекет ретінде дамуы
Пәндер