Банк қызметінің мәнін сипаттау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа
кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік
институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар
ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Аталған міндеттерді шешу мүмкіндігі қазақстандық, сонымен қатар шетел
банктердің қызмет етуінің практикалық ұғынуын зерттеу және де іс-жүзінде
жұмыстың ең прогрессивті, ұтымды нысандары мен әдістерін ендіру негізінде
ғана жүзеге асады.

Соңғы жылдарда қаржы нарықтарының ақша және капитал нарықтарының
құрылуының қарқынды процесі жүріп жатыр. Капитал нарығының дамуы жинақтарды
шоғырландырудың және қаражаттарды инвестициялаудың екі біріктірілген, өзара
байланысты процесті жетілдіруінсіз мүмкін емес. Жинақ табыстар мен
тұтынудың айырмасын көрсетеді.

Өзінің қызметі барысында банк әр түрлі аудиториялар типтерімен
байланысқа түседі: бәсекелестермен, клиенттермен, мемлекетпен және т.б.
Бұлармен банк пайданы оңтайландыру мақсатымен өзара әрекет етеді.

Бірақ та бұл банктің банктік қызметтер нарығында қызмет атқара отырып,
көздеген жалғыз мақсаты емес. Бұдан басқа, банктер қаржы ресурстарының
өтімділігі мен табыстылығының қолайлы үйлесімділігін, банк атағын құру мен
қолдауын және т.б. қамтамасыз етуге ұмтылады. Өз кезегінде, банктің жақсы
атағы тек осы банкке келетін клиенттердің санына әсер етеді.

Банктің клиенттерімен қарым-қатынасы банк өнімдерін сатып алу-сату
процесінде пайда болды. Оларға мыналар жатады: несие беру, депозиттік
шоттарды ашу, бағалы қағаздарды шығару, сатып алу және сату бойынша
операциялар, валюталық қатынастар, есеп-айырысу операциялар табылады [1].

Бұл курстық жұмыс банк қызметтері, соның ішінде депозит, депозиттік
шоттарды ашу қызметтерінің түсінігі, оның қызмет ету жағдайына талдау
жасауға және жетілдірудегі кейбір мәселелерге арналған. Осыған байланысты
бұл жұмыстың басты мақсаты – Қазақстан Республикасының банк депозит
қызметтерін, оның аспектілерін, мәнін, депозит қызметінің жіктелуін және
депозиттер қызметтерін талдау болып табылады. Сонымен қатар банк депозит
қызметтерінің қазіргі жағдайы мен перспективаларына талдау жасау.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы депозит
қызметтерінің дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына баға беру. Көрсетілген
мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылған:

1. Банк қызметінің мәнін сипаттау;
2. Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлін зерттеу;
3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорларын зерттеу;
4. Қазақстан Республикасы депозит нарығының құрылымына бақылау жасау;
5. Қазақстан Республикасы банктерінің қазіргі жағдайына талдау жасау;
6. Альянс Банктің депозит нарығына талдау жүргізу.
Қойылған міндеттер кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен құралған Курстық жұмыстың құрылымын кесіндеді.

Қолданылған Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет
туралы Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995г.; Жуков Е.Ф. Банки и
банковские операции: Учеб. для ВУЗов. - М.:Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997г.;
Лаврушин О.И. Банковское дело. М, 2000 г.; Сейткасымов Г.С. Банковское
дело. Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998ж. әдебиеттер тізімінен басты, маңызды
дерек көздері алынды.

Берілген жұмыстың теориялық маңыздылығы сонда, ол Қазақстандағы
депозит нарығының, оның пайда болуынан қазіргі кездегі жағдайына дейінгі
дамуының процессі толығырақ қарастырылған, яғни ҚР-дағы депозиттік жайында.

Жұмыстың маңыздылығы, оны осы тақырыпты кейінгі зерттеу үшін
қолдануға, сонымен қатар жасалған жұмыстың барысында алынған білімдер
келешектегі кәсіби қызметінде қажет болуы мүмкін болатындығында жатыр.

1 тарау. Банк қызметі

1. Банк қызметінің мәні

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының
экономикалық мүддерлерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді,
ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген
қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық
өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді.

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын саларалық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне тоқталып кеттік, ал енді
банктің қызметтері деген түсінікке анықтама беріп кетейік.

Экономикалық кітаптарда бұл терминге әр түрлі көзқарас тұрғыдан
талқылау жасалынады.

Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметі туралы
заңында мынадай анықтама беріледі: Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-
ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк
қызметі болып табылады. Ғ.С.Сейітқасымовтың Ақша, Несие, Банктер
кітабында Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-
әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің

негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
делінген.

"Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін қанағаттандыру нысаны, банк
клиентіне қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк өнімі - банк клиентіне кызмет
көрсету әдісі, клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай технологиясымен
біріктірілген операцияларды орындаудың құжаттандырылған регламенті
(ережелердің тәртіпке келтірілген жиынтығы). Банк операциясы - клиенттің
үшінші тұлғалармен немесе банктің өзімен жасасқан мәмілені (трансакция)
іске асырудың мақсаттары, орны және уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген
банктегі персоналдар әрекеттерінің жиынтығы. Осы түсініктердің өзара
байланысы банк технологиясының мазмұнын анықтайды.

Аталған қызметтерді тек өзіне ғана тән ерекшелігі бар арнайы қаржылық
мекеме атқарады. Осы мекеменің өзіне тоқтала кетсек [5].

Банк - заңды және жеке тұлғаларда шоғырландырылған ақша ағымдарының
қозғалысымен байланысты ерекше өнімді өндіретін, осы қаржы құралдарының
есебінен банк қызметтерін көрсететін арнайы экономикалық институт.

Банк кызметінің қорытынды нәтижесін анықтау үшін банк түсінігінің
мәні және клиент - банк - клиент схемасы қарастырылған болатын.

Егер материалдық өндіріс сферасында қызмет нәтижесі дайын өнім
болса,банк сферасында қызмет нәтижесі банк қызметі болып табылады.

Экономикалық ғылымда қызметтер деп материалдық игіліктерді
өндірмейтін, бірақ тек процесс ретінде пайдалы еңбектің өзгеше әсері
түсіндіріледі. Қызмет - бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған
материалдық-заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы
өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет бұл еңбек нәтижелерінің
немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни,
бұндай кызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары - бұл
клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның
қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды.

Клиенттің ниетіне байланысты банк клиент пайдасына өзінің операциясын
жүргізе отырып, оған белгілі бір қызметті ұсынады. Клиенттің банкте
орналастырылған ақша қаражаттарының рөлі, әрине, банк үшін маңызды болса
да, клиенттің өзінің пассивтік операцияларға қатысу дәрежесі үлкен емес.
Банктер активтік операциялар кезінде клиенттерге ұсынатын қызметтерге, яғни
несие беруден басқа өзінің жеке саясаты шеңберінде және де клиент
тапсырмасы бойынша және шоты есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен
операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады. Іс-жүзінде
келесідей банк операцияларының тобында клиенттің толық қатысуы орын алады:
клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін
сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар
клиент банк - клиент схемасына жауап береді және банктік қызмет
түсінігіне тең мағыналы.

Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты тек тікелей пайда табу
емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті қызметін орындай отырып,
болашақта пайдалану мақсатымен берілген қаражаттарды шоғырландыру
мүмкіндігі болып табылады.

Операцияларды орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін
банк , әдетте, сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады:
банк - бұл банк қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде
клиенттің тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем
үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады [7].

2. Депозит нарығының экономикалық мәні мен рөлі

Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде кез келген қаржы институты өзінің
жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын, яғни ғимаратты,
техника мен технологияны сатып алу; айналыс капиталын қалыптастыру,
резервтер құру, еңбекақы төлеу, бюджетке аударымдарды аудару және т.б. үшін
қаражат көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар өз қаражат есебінен де,
негізгі бөлігін әр түрлі жеке және заңды тұлғалардың салым ақшалары немесе
депозиттері құрайтын қарыз есебінен де қаржыландырылады.

Депозиттік операциялар алғашқыда алтын тиынды сақтаудың формалары
түрінде, яғни оларды ақша сарайларында, менялдарда (айырбастауларда) және
т.б. көбірек жинақтау мақсаттарында пайда болды. Сақталғаны үшін иесі
белгілі бір сыйақы төлеуі қажет болатын. Клиенттің тілегі бойынша
менялдарда өзіне сеніп тапсырылған тиынның нақ өзін сақтауға кепілдік
беретін. Мұндай жағдайда олар алынған тиындармен ссудалық операцияларды
жүзеге асыра алмайтын, олар иелеріне ақша пайызын төлейтіндей пайда ала
алмайтын. Уақыт өте келе олардан нақ сол тиындарды қайтару талап етілмей,
орналастырылған ақшаның сомасы ғана қайтарылатын. Сақтау мерзімі де
ұзартылатын. Егер осыған дейін менялдар несиені тек өз капиталына қарай
беріп келген болса, ендігі жерде несие ұсыну, ссудаға пайыз алу және ақша
иелеріне өз сомасының бір бөлігін төлеу үшін қарыз қаражатын пайдаланудың
мүмкіндіктеріне ие болды.

Бүгінгі таңда депозиттік операциялардың сан алуан түрлері мен
формалары бар. Олар елдер бойынша айтарлықтай сараланған. Алайда, әрбір
қаржы институтының артықшылықты міндеттерінің біріне — бұрынғыша несиелік
ресурстардың негізгі көзі ретіндегі депозиттік базаларды кеңейтіп,
салымшыларды көптеп тарту жатады.

Ақша — жинақтау функциясын атқара отырып, халықтың, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің және т.б. жинақтар секілді депозиттерге
түрлендіреді. Клиенттердің барлық салым ақшалары депозит деп түсіндіреді.
Оған орналастырылған қаражат көздері әр түрлі. Бұл корпорациялық
клиенттердің, мемлекеттік мекемелердің және кәсіпорындардың шоттарындағы
қаражат және уақытша пайдаланылмайтын жұмысшылар мен қызметкерлердің
еңбекақысы [8].

Депозиттік операциялар — бұл заңды және жеке тұлғалардың тартылған
қаржылары бойынша белгiлi бір мерзімге немесе талап ету салымы бойынша
банктердің операциялары.

Депозиттік операцияларды жүргізу кезiнде кез келген банк өздері
дайындаған депозиттік саясатты ұстанады және олар өз кезегiнде келесi
ережелерге негiзделедi:

— депозиттік операциялар банктің пайда табуына немесе болашақта пайда
табуға мүмкіндік жасауға негiзделiп ұсынылады;

— депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде депозиттік
операциялар субъектiсiнiң ар түрлiлiгiне және депозиттердің әр түрлi
нысандардың үйлесiмдiлiгiне ұмтылыс болады;

— депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы және депозиттер
мен несиелiк салымдардың мерзiмдерi мен сомалары бойынша несие ұсыну
операциялары арасындағы өзара байланыс пен өзара келісімділіктің болуын
қамтамасыз ету қажет;

— депозиттік операцияларды ұйымдастыру үдерiсiнде банк балансының
өтiмдiлiгiн жоғары деңгейде қамтамасыз ететiн мерзiмдiк депозиттерге ерекше
назар аударған жөн;

— депозиттік операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозиттік
шоттардағы бос қаржы резервтерінің ең аз болуына талпынуы керек;

— депозиттердi тартуға әсер ететiн банктiк қызметтерді дамыту және
қызмет керсету сапасы мен мәдениетiн жоғарылату шараларын қарастырған жөн.

Көптеген ұсақ және шағын банктер үшін депозиттер ақша қаржыларының
басты көзi болып табылады. Банктер қаржы нарығында қаржылық делдал ретiнде
басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, тұрғындардың уақытша бос ақша
қаражаттарының iрi сомасын орналастырады. Банктер бұл қаржыларды тиiмдi
пайдаланып, олардың сақталуын қамтамасыз етедi және қарыз алушыларға
табысты негiзде ұсынады. Көптеген жеке тұлғалар, iскер фирмалар,
акционерлiк компаниялар, және кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар,
үкiмет мекемелерi, мемлекеттiк кәсіпорындар, жергiлiктi органдар өз
қаржыларын коммерциялық банктерге салады.

Халықаралық банктiк тәжірибеде барлық депозиттер төрт топқа бөлiнедi:

— мерзiмдi депозиттер;

— талап етiлмелі депозиттер;

— жинақ салымдары;

— бағалы қағаздар.

Бiрiншi топ — талап етiлмелi депозиттер, олар сондай-ақ чектiк
депозиттер деп те аталады. Талап ету депозитi түрiнде қаржы тарту кезiнде
банк пен салымшы арасында келiсiмшарт жасалады .Чектiк депозит — бұл
міндетті түрде өтелуге тиiстi, салымшыға чек жазуға құқық беретiн шот.
Чектiк депозиттердің ыңғайлылығы олардың қауiпсiздiгiмен және чек жазу
арқылы төлем жүргізу қарапайымдылығымен түсiндiрiледi. Сонымен катар олар
бiрiншi талап бойынша накты ақша алуға мүмкiндiк бередi. Чектiк
депозиттерді жүзеге асыру үшін есеп операциялары мен өткізбелерінің
айтарлықтай көлемi керек, көптеген банктер осы шарттарды қолданғаны үшін
төлем белгiлейдi. Бұл кезде төлем мөлшерi бiр ай көлемiнде жазылатын чектер
саны мен депозиттер мөлшерінің өзгеруiмен өзгертiледi. Егер салымшы бiр ай
көлемінде шотта банктің өзінің коммерциялық мақсаттары үшін қолданылатын
жеткiлiктi баланстық қалдықты сақтаса, банктер кейбiр кездерде бұл
төлемдердi алудан бас тартады.

Талап ету депозиттік шотының ерекшелiктерiне мыналарды жатқызуға
болады:

— ақшаны салуға немесе алуға шектеудiң болмауы;

— ақша шоттан қолма-қол түрде, сондай-ақ чектер көмегiмен алынуы
мүмкiн;

— шот иесi банкке тұрақты айлық мөлшерде немесе әрбiр жазылған чек
үшін коммисия төлеуі;

— Ұлттық банкке ең аз резервтің мерзiмдiк депозиттермен салыстырғанда
үлкен үлесінің сақталуы.

Талап ету депозитінің бір түрі банктің клиентпен барлық операциялары
есептелетiн контокоррент — бірыңғай шот болып табылады. Контокоррентте банк
қарыздары, сондай-ақ шоттан клиент тапсырысы бойынша барлық төлемдер және
де шотқа салым, аударым және т.б. түрде түсетін барлық қаржы көрсетіледі.
Контокорренттi шот ерекше сенiмдiлiк белгiсi ретiнде тек сенiмдi
клиенттерге және бiрiншi сыныпты қарызшыларға ашылады. Шот иесi шығындардың
түсiмдерден артуы кезiнде әрбiр жеке жағдайда, арнайы рәсімдеусіз-ақ
банкпен жасалған келiсiмге сәйкес анықталған сома шегiнде несие алуға
мүмкiндiгi бар.

Талап ету депозитiне сондай-ақ ағымды овердрафт шотын жатқызуға
болады, овердрафт — банк пен клиент арасындағы келісiмге сәйкес, банк
анықтаған мөлшерде шотта бар қаржы көлемiнен артық соманы алуға мүмкіндік
беретін шот, бұл да несие алмасуды бiлдiредi Овердрафтың контокорренттен
айырмашылығы кездейсоқ сипатты болуында. Атап өтетiн жайт, овердрафт шоты
қосымша депозиттік шоттар ашу мүмкiндiгiн шектемейдi. Овердрафт ағымды шоты
жеке және заңды тұлғалардың уақытша шығындарын жабу үшін ашылады.

Талап ету депозитінің басқа бiр түрі — нау-шоттар — пайыздық
мөлшерінің жоғары шегі жоқ шоттар, яғни ол қалқымалы болуы мүмкін. Супернау-
шоттар — бұл қолма -қол ақшаны қолдану шоттары оларды ашу кызметтер кешенiн
ұсынады [4].

Депозиттік шоттардың келесi түрі — автоматтық аудару шоттары (АТS-
шоттар). Жинақ шоттарынан ақша қаржыларын автоматты түрде аударуға
мүмкіндік беретiн, чектердi жабу үшін чектiк депозиттерге пайыз әкелетiн
депозиттің түрі. Банктер салымшының келiсiмiн жетекшiлiкке ала отырып пайыз
әкелетiн шоттарды талап етуге несиенің артуын жабу немесе чектiк шоттардағы
ең аз балансты көтеру талабы туыдаған кезде автоматты түрде қосады. Мұндай
тәжірибе салымшыға өте аз соманы салымда талап етуге дейiн сақтауға және
бiр мезетте шоттар бойынша автоматты түрде аударылған пайыздар алуға
мүмкіндік бередi.

Бұл депозиттерден тыс көптеген банктердің баланстық есеп берулерiне
банк қызметкерi жазған чектер және куәландыратын чектер деп аталатын
шағын баптар енгiзiлiп жүр. Куәландырылған чектер — банк қызметкерлерi
беретiн төлемi кепiлденген чектер. Банктер чектi куәландыру кезiнде,
куәландырылған чекте керсетiлген соманы салымшы шотынан алады және оны жеке
шотта ұстайды. Сонымен қатар, чектi банк қызметкерлерiнің бiрi немесе
банктің меншiктi шығындарын төлеу үшін кассир жазған жағдайда, соңғысы ол
бойынша төлемдердің жүргiзiлуiн күте отырып, қызметкерлер жазған чек
сомасына теңестiрiп депозит құрайды. Талап ету депозиттерi бойынша
эксплициттiк пайыздың кiрiстер төленбеуiне байланысты банктің көтеген
клиентттсрi осы типтес депозиттердегi қаржыларының мөлшерін төмендетуге
тырысады. Шығынды азайтудың осы тұрғыдағы әдістерiнің бiрi автоматты
тазалау шоттары қолданылатын мүмкіндіктердi пайдалану. Мұндай шоттармен
ағымдағы операцияларды жүргiзе отырып, банк клиентпен келiсiлген аз шектен
асатын кез келген ақша сомасынан шотты “тазартады” немесе оларды аударады,
оларды пайыздық кiрiс әкелетін қаржылық құралдарға орналастырады, мысалы,
қайта сатьш алу туралы мәмiлеге, яғни операцияны банк күнде iскерлiк күн
соңында орындайды. Мұндай жағдайларда, банкке бұл операцияны өткізуге
қажеттi чектер төлемге түскенде, қаржылар қайтадан талап ету депозитiне
аударылады.

Көптеген банктер өзінің клиенттерiнен компенсациялық балансты ұстануды
талап өтедi, бұл талап ету салымдары бойынша пайыздық кiрiс әкелмейтiн
нысанды, яғни банктерге банктiк қызметтердi төлеу үшін қажет.
Компенсациялық баланс яғни ақша корларын тартуға орташа шығындарды азайту
жолымен қорлардың орташа құнын төмендету айтарлықтай тиiмдiлiк бередi.
Кейбiр жағдайларда компенсациялық баланс неие ұсыну, сондай-ақ банктiк
карыз бойынша пайыздық төлемдер туралы келiсiмдi ұстану қызметтерi үшін
төлемдi ұсынады.

Депозиттің келесi тобы — жинақ салымдары. Жинақ депозит туралы келiсiм
(1 -қосымша) негiзiнде ашылады. Қазiргi кезде жинақ депозиттерiнің басты
типi жинақ кiтапшаларындағы шоттар, жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы
бар шоттар, сондай-ақ ақша нарығының депозиттік шоттары болып табылады.

Жинақ кітапшаларындағы шоттар — бұл жедел алуға болатын, пайыз
әкелетiн чектiк емес депозиттер.

Олардың ерекшелiктерiне мыналар жатады:

— кiтапшалы жинақ салымында тұрақты мерзiмiнің болмауы;

— банктер салымшылардан ақша қаржысын алу туралы алдын ала хабарлауды
талап етуге құқылы болса да, бұл шоттардан ақша қаржыларын алуда банктер ол
талапты аз қояды;

— шоттың жоғары шегiн белгiлеу мүмкіндiгi;

— салым иесiнің шоттан ақша алу немесе салу үшін жүргiзiлген
операциялардың барысы жазылатын жинақ кiтапшасын ұсыну міндеттемесi;

— шоттағы міндетті ең аз баланстық қалдық мазмұны туралы талаптардың
болмауы.

Жинақ салымының жағдайы туралы жазбасы бар шотттар жинақ
кiтапшаларындағы шоттарға ұқсас, алайда олар үшін шот жағдайы туралы
кезеңдiк жазбалар жазбаның жүргiзiлу тұрғысынан жинақ кiтапшаны ауыстырады.
Олар бойынша осындай пайыз төленедi және олар осындай функцияны орындайды.

Ақша нарығының депозиттік шоттары алғаш рет 1982 жылы енгiзілген жинақ
салымдарының бiр түрін ұсынады. Қазiргi кезде оларда жинақ кiтапшасындағы
шоттармен салыстырғанда, ол бойынша пайыз мөлшерi нарықтың пайыздық
мөлшерлерiнiң өзгеруiмен реттелетiндiгiн және бұл шоттарды қолдану кезiнде
операцияларды тiркеу үшін жинақ кiтапшасының тосылмайтындығын
есептемегенде,көптеген ұқсас сипаттары бар.

Жинақ салымдарының ерекшелiгi мынадай:

— бұл шоттардың анықталған мерзiмдерi жоқ;

— салымда ақша нарығының депозиттік шотынан қаржыларды бiрдей ала
алады;

— бастапқыда бұл шоттар бойынша ең аз баланстық қалдық талап етiлген,
қазiр банктер оны сақтауды талап етпеуге құқылы;

— осы шоттар бойынша салымшы чектердің тек санаулы шектелген санын
жазуға құқылы;

— бұл шоттар қызмет жасау мақсатында емес, жинақ мақсатында
қолданылады;

— банк шығындарын өтеу мақсатында шот иесiнен белгiленген төлем
алынады;

— егер салымшылар — корпорация болса, банктер осы шоттар бойынша
белгiленген резервтi сақтауға мiндеттi.

Кең тараған топтардың бiрi — мерзiмдiк салымдар, оған мерзiмдiк
салымдар және салымды алу туралы алдын ала хабарлауы бар салымдар кiредi.
Бұл салымдар неғұрлым ұзақ мерзiмге, яғни бiр айдан кем емес мерзiмге
салынады. Салымшылар басқа депозиттерге қарағанда неғұрлым үлкен пайыз
алады және салым салымшыға алдын ада келiсiмде көрсетiлген мерзiмде
қайтарылады. Банктер салымды өз жарауы бойынша келiсілген мерзiм ағымында
толық пайдалана алады. Депозиттің бұл типiн ашу үшін мерзiмдiк депозит
туралы келiсiм жасалынады. Бұл салымдар қабылданатын мерзiм 4 топқа
бөлiнедi:

— 30 күннен 89 күнге дейiн;

— 90 күннен 179 күнге дейiн;

— 180 күннен 359 күнге дейiн;

— 360 күннен жоғары.

Мерзiмдi салымнан қаржы алу үшін банкке күнi бұрын хабарланған
салымшының арнайы өтiнiшiнiң түсуi талап етiледi, оның мерзiмi келiсiмде
көрсетiледi. Бұл мерзмге сәйкес пайыздық мөлшер белгiленедi. Егер клиент
банктi қаржы алу туралы хабардар етсе, банк болатын өзгерістердi ескере
отырып, өзінің активті операцияларын басқа көз есебiнен қайта
қаржыландырады, қаржыларды алу кейбiр шығындармен байланысты, сол себептi
банк клиент кiрiсiн азайтуға құқылы.

Депозиттердің төртiншi тобы — бағалы кағаздар, депозиттер түрі ретiнде
былайша бөлінедi:

— аталған банкке тиесiлi кәсіпорындар мен ұйымдардын, кооперативтің,
акционерлiк қоғамдар мен компаниялардың акциялары және облигациялары;

— сақтаудағы және қарызды қамтуға қабылданған акциялар мен
облигациялар;

— шетел операциялары бойынша құндылықтар мен құжаттар;

— Депозиттік сертертификаттар.

Депозиттік сертертификаттар қаржылық құралдардың ең бір кең тараған
түрі.

Депозиттік сертификат — эмитент банктің ақша қаржыларының салымы
туралы,салымшы немесе оның құқық кабылдаушының мерзiмi аякталғанда салым
бойынша салым сомасын және ол бойынша пайыз алу құқын куәландыратын жазбаша
куәлiк.

Депозиттік сертификат — кiрiстi бағалы қағаздың бiр түрі, сол себептi
ол сатылған тауар немесе көрсетiлген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем
құжаты болып саналмайды. Сондай-ақ оларды бiр заңды тұлғадан екiншiсiне
жолдауда шектеулер болады. Талап ету құқын ұсыну — цессия, ол Депозиттік
сертификаттың сырткы бетінде екi жақта мәмілемен ресiмделедi: өз құқын
ұсынушы тұлға — цедент пен құқық алушы цессионарий. Сертификатты қайтару
мерзiмi жеткенде, банк сертификатты және қаржы түсетiн шот көрсетiлген
салымшы өтінішіне қарсы төлем жасайды. Банк талап ету құқын ұсыну туралы
келiсiмнің үздіксіз орындалуын, сондай-ақ өкiлеттi тұлғалар аты-жөнiн,
мөрінің және қолдарының сәйкестiгiн тексередi.

Депозиттік сертификаттардың екi түрі болады:

— жолданбайтын — салымшыда сақталады және төлем мерзiмi жеткенде
банкке ұсынылады;

— жолданатын — екiншi нарықта сатылуы немесе басқа тұлғаға өтуi
мүмкін.

Жолданатын депозиттік серсертификаттар капиталды кез келген мерзiмге
тиiмді инвестициялауға көмектеседi ал қажет болған жағдайда
сертификаттардыды тез қолма-қол ақшаға ауыстыруға болады.

Сертификаттар келесі белгiлерi бойынша бөлінедi:

• Шығарылуы бойынша:

— бiр рет;

— сериямен шығарылатын.

• Ресiмдеу тәсілі бойынша:

— арнайы;

— ұсынушыға.

• Төленіп тұратын сертификаттар:

— сертификатты өтеу кунi пайызы төленетiн сертификаттар.

Депозиттік сертификаттарды жаңа шығарымдармен, салымның басқа
түрлерiне немесе талап етiлмелi депозиттерiне қолма-қол емес аударымдармен
және нақты ақшалармен (жеке тұлғалар үшін) өтеле алады.

Банкте шығарылатын сертификаттарды баспалық тәсілмен шығарылуы және
осы сияқты бағалы қағаздарға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.

Сертификаттарда мiндеттi түрде келесi деректемелер болуы тиiс:

— аты;

— сертификатты ұсыну себебi;

— ұсыну күні;

— салым сомасы;

— депозитке енгiзiлген соманы қайтаруға банктің сөзсiз мiндеттемесi;

— сертификат сомасын талап ету күнi;

— пайыз мөлшерi және есептелетiн пайыз сомасы;
— эмитент банктiң аты және мекен-жайы;
— банк мөрiмен бекiтiлген осындай мiндеттемелерге қол қоюға өкiлеттi
екi тұлғаның қолы.
Банк сертификаттар шығарады және меншiктi сертификаттарды шығару мен
орналастыру шарттарын еркін дайынайды. Өз сертификаттардын тиiмдi
орналастыру үшін банктер келесi мiндеттемелерді назарға алады:

— инвесторлар үшін тартымды пайыздық мөлшерлеме деңгейі;

—салымшыға ыңғайлы сертификаттың ең аз шегін;

— пайыздық мөлшер қайта қараудың икемді механизмі;

— шығарымды стандартты шарттарын ;
— номинал құны және қосылған пайыздарды төлеудің сенімді кепілдігі;
— кең жарнаманы.

Жай депозиттiк сертификаттармен рәсімделген мерзімдік салымдармен
салыстырғанда, сертификаттар бірнеше артықшылықтарға ие:
— сертификаттарды тарату айналымындағы мүмкіндік қаржылық делдалдардың
үлкен санына сәйкес әлеуетті инвесторлар ауқымы кеңейеді;
— екiшi нарық аркылы сертификат иесі үшінші тұлғаға,сақтаған мерзімі
үшін кiрiс ала отырып, банк ресурстарының көлемiн өзгертпей-ақ жедел сатуы
мүмкін.
Сертификаттар бойынша табыстарға, азаматтардың талап етілмелi шоттары
мен мерзiмдiк салымдардағы кірістерге сияқты табыс салығы салынбайды.

Мерзiмдiк салымдармен салыстырғанда сертификаттардың жетiспеушiлiгi
оның эмиссиясымен байланысты банктің жоғары шығындарының болуы [9].

3. Депозиттерді сақтандыру жүйесі мен қорлары

Депозиттерді қорғау жүйесіне Ұлттық банк тарапынан коммерциялық
банктердің қызметін лицензиялау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол
мемлекеттік жеке сақтандырулармен толықтырылуы мүмкін. Жалпы әлемдік
тәжірибедегі сақтандыру институттарына 601 жыл. Салымдарыды кепілдеу қоры
әлемнің 70 елінде, соның ішінде АҚШ,Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания
елдерінде табысты жұмыс істейді.

Салымдарды сақтандыру негізінде банктердің депозиттерді жалпылама
қайтарып алуға байланысты қорғау қағидасы жатыр. Яғни, егер депозиттер
сақтандырылса, онда салымшыларда өздерінің ақша қаржыларын қайтарып
алуларына себеп болмайды. Тіптен банк күйзеліске ұшыраған жағдайда да,
үкімет клиенттерге олардың ақшаларын қайтарады немесе клиенттермен олардың
салымдарын басқа төлем қабілеттілігі жоғары банкке аудару туралы келіседі.
Осындай жолмен депозиттерді жалпылама қайтарудан құтылуға болады, бір
немесе бірнеше банктерде проблемалық жағдай болғанның өзінде, банктік
жүйеге түгелдей қауіпті шудан құтылуға болады.

Бұл кезде банктердiң мiндетiне сақтандыру қорларында белгiленген
көлемдегi депозиттердi сақтау бойынша төлемдердi жасау кiредi. Шығындарды
жабу үшін сақтандыру жарналары жетiспеген жағдайда мемлекеттiк бюджет
қаржылары қолданылады. Салымшыларға банктерде орналастырылған депозиттерiн
қайтару кепiлдiгiн беру банктiк жүйе тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты
әдістерінің бiрi болып табылады. Банк жүйесіне деген сенiмдi арттыру
мақсатында Қазақстанда депозиттердi мiндеттi сақтандыру жүйесін енгiзу
жұмысы жүргiзiлдi. 1999 жылы қарашада екiншi деңгейлi банктердегi жеке
тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк беру немесе сақтандыру
ережесi, ал 1999 жылы ЖАҚ “Қазақстан Республикасының екiншi деңгейлi”
банктерiндегi жеке тұлғалардың салымдарына мiндеттi ұжымдық кепiлдiк
берудің қазақстандық қоры құрылды. Жарғылық капиталы 1 миллиард теңге
құрайтын бұл қор коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор құрылтайшысы
-Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі,ал оның мақсаты — депозиттерді
сақтандыру жүйесіне қатысатын екiнші деңгейлі банктерге салнған жеке
тұлғалардың мерзімдiк салымдарының қайтаруын қамтамасыз ету. Тор жұмысының
ең басында қатысушылар болып Қазақстанның ең iрi және тұрақты банктерi
тұрды. Бұл халықаралық стандартқа өткен 16 банк, қаржылық жағдайы қауiп
тудырмайтын, активтерi күн сайын ұлттық банктің банктiк қадағалауымен
бақыланатын жүйелi банктер.

Қор Ұлттық банк атынан, мемлекет атынан салымдарды орналастыруға
негізгі кепiлшi болып табылады және егер банктердің қызметi соңғы есеппен
табыс iздеуге әкелсе, онда қор қызметi өзінің жақсы гуманитарлық
қағидаларын ұстанғаны. Осы қағидалар басында Қазақстан Республикасының
екiншi деңгейлi банктерiнде жеке тұлғалардың салымдарына мiндетті ұжымдық
кепiлдiк беру ережесiне негіз болған.

Қор қаржылары ұжымдық сақтандыру жүйесінің салымдарынан жинақталады.
Салым үш валютаның бiрiнде жүзеге асырылуы мүмкін: теңгеде, АҚШ долларында
және еурода. Кепiлдеу объектiсi болып, сыйақы мөлшерi бекiтiлген, мөлшерден
артық емес салымдар бойынша келесi сыйақы мөлшерi белгіленiп, қайтару
мiндеттемесiн қор кепiлдеген:

2001 жылдың 1 шiлдесiнен:
— теңгеде жылдық есеппен 16 пайыз;
— доллар және еурода жылдық есеппен 9 пайыз.
— 2001 жылдың 1 қазанынан:
— теңгеде жылдық есеппен 14 пайыз;
— доллар және еурода жылдық есеппен 8 пайыз.
Салымдар және олар бойынша есептелген сыйақы сомалары мiндеттi түрде
салым қай валютада болса, сол валютада толық қайтарылады.

Қор әрбiр салымшыға қайтарылуы мiндетті салым мөлшерін төлеп отырады,
олар келесiдей көлемде:

Мерзiмдi салымдар (депозиттер) бойынша:

Теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы, бiрақ 400 мың тенгеден
артық емес, сондай-ақ қатысушы банктің Ұлттық банктің ресми қайта
қаржыландыру мөлшерлемесiнің 50% шегінде банктiк операцияны жүргізуге
лицензияны қайтарып алғанға дейiн есептелген сыйақы мөлшерi.

АҚШ доллары және еурода — салынған салымның (депозиттің) 90%
сыйақысыз, бiрақ 360мың теңге шетел валютасына балама сомасынан артық болса
[13].

Талап ету салымы бойынша теңгеде — салынған салым (депозит) сомасы
қайтарылады.

Бiр салымшы әр түрлi валютада салынған мерзiмдi салымдар (депозиттер)
бiр салым түрі ретiнде қарастырылып, аныкталған ережелерге сәйкес төленедi.
Сонымен қатар, қайтару есебi салынған мерзiмдi салым сомасының 400 мың
теңгеден аспайтын көлемінде жүзеге асырылады.

Салымшы өзінің әр түрлi валютада салған мерзiмдi салымы бойынша
төлемдердi қайтару кезегін өзi анықтауға құқылы.

Жинақталған резервтер салымдар бойынша жетiспеген соманы қалпына
келтiруге жеткiлiксiз болса, қатысушы банктердің қосымша жарнасы есебiнен
төленедi, ал қалғаны қор есебiнен қарызға алынады. Қор өз несиесiн
таратылушы банкке қойылатын регрестiк талаптар арқылы, қатысушылардың
шектен тыс жарнасы есебiнен қайтарып алады. Қор мен қатысушы банк мiндетін
күнтiзбелiк және басқа да жарналар енгізу тәртiбi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк балансын құрылымдық талдау
Коммерциялық банктің активтері мен пассивтерін басқару
Банктің нарықтық мүмкіндіктерін талдау
Коммерциялық банктің автоматтандырылған анықтамасы туралы
Заңды тұлға және оның ұғымы
Банктік несие
Халық банк акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Қазақстан Републикасының банк және несие жүйесі
Коммерциялық банктің несиелік саясатының экономикалық мәні
Пәндер