Сақтандыру нарығын дамыту


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: “Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін жетілдіру бағыттары»
Орындағандар:
Тексерген:
Мазмұны
Кіріспе
Қаржының Қазақстан Республикасында алатын рөлі . . . 3
Негізгі бөлім
1. Қаржының мәні, функциялары және рөлі
1. 1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі . . . 4
2. Қазақстанның қаржы секторы
- Қазақстанның қаржы жүйесі және оның даму бағыттары . . . 6
2. 2 Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы . . . 10
Қорытынды
Қазақстан Республикасында қаржы нарығының тұрақты дамуы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін дамытуда . . . 36
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38
Кіріспе:
Нарықтық қатынастардың құрылымында да мемлекет тарапынынан оларды реттеу механизмінде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекер етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қазақстанда ел экономикасының нақты секторының қарқыны жыл өткен сайын бәсеңдей түссе де, қаржы саласы керісінше бірнеше жыл бойына дамуын үдетіп келеді. Бүгінде бұл саланың майын ішкен мамандарды алаңдатып отырған жайт өсу қарқыны артқан сайын болмай қоймайтын проблемалар алдыдан шығады. Мұны дер кезінде шешпесе, онда нарықтың дамуын тежейді.
Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Жан Лемьердің де бұған қарсы айтар уәжі жоқ. Қазақстанның қарышты қадамын толық мойындайды, көрсеткіштердің елеулі екендігіне де ден қояды, дегенмен, мұның бірқатар проблемаларды қоса-қабат алып жүретіндігін де жоққа шығармайды. Оның ойынша: «Табысқа жету аздық етеді, маңыздысы- осы табысты әрмен қарай басқара білу керек». Бұл ретте ол алдымен Қазақстанның банкілерінің халықаралық рынокқа, әсіресе, бұрынғы ТМД елдеріне ұмтылуының кең ойластырылып барып жүргізілуі керектігін ескертеді. Егер халықаралық стандарттарға сәйкес шаралар жүзеге асып жатса, онда үркудің жолы бола қоймас еді. Бұған қол жеткізілсе, болуы мүмкін дағдарыстарды айналып өтуге негіз бар. Негізі - Қазақстан елінің қаржы жүйесіне халықаралық рыноктың сенімі артуға тиіс. Бұл үшін корпоративтік басқарудың кешенді жүйесін құру, басқа да маңызды компоненттерге көңіл бөлу талап етеледі. Қысқасы, Қазақстанның қаржы секторының түйінді мәселелеріне осы бастан назар аударған жөн. Әйтпесе, уақыттан ұтылу өз алдына, өзекті мәселелер бой бермей кетеді. Капиталды артырудың қажеттілігі, неғұрлым мөлдірлікті қамтамасыз ету мәселесі, корпоративтік басқаруға қатысты өзекті жайттар, банктердің сырттан қаржы алуына, сыртқы рыноктағы бизнестің дамуына орай туындап отырған тәуекелдіктің мән-жайы, өзара сақтандыруды дамытуға күш салыну керектігі мінбелерден аз айтылмайды. Мәселе - осылардың нақты сипат алуында. Жалпы Қазақстан экономкасының дамуына қаржының алар орны ерекше.
1. 1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттілігі.
Қаржы қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипатымен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттік және оның ресурстарға қажеттіліктерін дамуымен тығыз байланысты болды.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарының қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысы мен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Қаржы -ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай тұлғалануы болып табылады. Қаржының басты белгілерінің бірі - оның тұлғалануының ақша нысаны және ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен аңғартып отырады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жасалатын ақша қорлары - бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан тұрады. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорлардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калъ-куляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің тездігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзінше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады. Кез келген ақша қатынастары қаржы ќатынастарын білдіре бермейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша-бұл өз алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады.
Қазіргі уақытта қаржының екі концепсиясы дамып отыр:1. бөлінгіштік 2. ұдайы өндірістік. Бірінші тұжырымдамаға сәйкес қаржы 2 функцияны атқарады:1. бөлінгіштік 2. бақылау
Қаржы арқылы экономиканың барлық құрылымдық бөлімшелерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлу прцесі жүзеге асырылады. Жалпы қоғамдық өнңмнің құны ақша нысанында тағайындалған ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлінгіштік функциясының объектісі болып табылады.
Бақылау функциясы қаржының бөлінгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұллттық және таза табысты тиісті ақша қорлары бойынша бөлуге, оларды мақсатты жұмсауға бақылау жасаудан көрінеді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдаманың өкілдері қаржын ұдайы өндіріс кезеңінің бір категориясы емес оның жалпы категориясы ретінде қарастырады.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
Қаржы капиталдың айналымын тездете' отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің есуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша ќорларын бөлу және қайта бөлу арқылы эконо-микалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану және тұтыну қорларының ұйлесу тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандары-ның және шаруашылық жүргізу нысандарының дамуына мїмкіндік туғызады.
2. 1 Қазақстанның қаржы жүйесі және даму бағыттары .
«Қаржы жүйесі» ұғымы тиісті акша қаражаттарының қорын құру және пайдалану негізіндегі қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ, осы қатынастарды ұйымдастыратын органдарды қамтиды. Қаржы жүйесі үш бөлімнен тұрады:
- қаржы қатынастарының жиынтығы;
- ақша-қаражат қорларының жиынтығы;
- басқарудың қаржылық аппараты.
Қаржы жүйесі 2 қосалқы жүйеден тұрады.
Қ а р ж ы ж ү й е с і
Қ о с а л қ ы ж ү й е л е р
Салық Нормативтік заң-
намалық қамтама-
сыз етілудің
Бюджет Қаржылық
бақылаудың
Сыртқы экономикалық Қаржыны
қатынастардың автоматтандарылған
басқарудың
Қаржы жоспарлар- Кадрмен
ының, есептің қамтамасыз
статистиканың етудің
Негізгі қосалқы жүйелер Қамтамасыз етуші қосалқы
Жүйелер
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің сызбасы.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі.
Жалпымемлекеттік Шаруашылық жүргізуші Халықтың (үй шаруашы-
қаржы субъектілердің қаржысы лығының) қаржысы
Мемле- Арнаулы Мемле Материалдық Өндірістік
кеттік бюджет- кеттік өндіріс сферасы- емес сфераның
бюджет тен тыс кредит ның қаржысы қаржысы
қорлар
Республи Жергі- Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы Тұрғын үй-коммуналдық
калық лікті құрылыс кәсіпорындарының, шаруашылықтың, халыққа
бюджет бюджет жүк көлігі, байланыс, геология- тұрмыстық қызмет көрсе-
лық барлау ұйымдарының, сау- тудің, жолаушылар көлігі-
да, дайындау, жабдықтау мемле- нің, денсаулық сақтау, біл-
кеттік ұйымдарының қаржысы ім беру, мәдениет, ғылым
және ғылыми қызмет көр-
сету, қоғамдық ұйымдар,
Облыстардың, банк-кредит, сақтық, ком-
қалалардың, мерциялық және делдалдық
аудандардың ұйымдардың, мемлекеттік
бюджеттері емес (соның ішінде зейнет-
ақы) және басқа субъекті-
лердің(басқару, қорғаныс,
құқық қорғау органдары-
ның қаржысы
Орталықтандырылған қаржылар Орталықтандырылмаған қаржылар
Бүгін де Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
мемлекеттің бюджет жүйесі;
арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
мемлекеттік несие;
жергілікті қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жапымемлекеттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.
Мемлекеттің қаржысы - қоғамдық өнімнің құнын ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары. Мемлекеттің қаржысы өзіне мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті кіріктіреді.
Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланылатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшалықты нысаны.
Мемлекеттік кредит - мемлекеттік билік органдарының қарамағына уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдырумен байланысты мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен, соның ішінде шетелдіктермен және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланумен байланысты пайда болатын кредит қатынастарының жиынтығы.
Сақтандыру - шаруашылық жүргізуші субъектілерге келтірілген мүмкін болған зиянды немесе болған сақтық жағдайларының салдарына байланысты отбасыларының кірістеріндегі ысыраптарды өтеуге арналған ақша жарналары есебінен мақсатты сақтық қорларын құру туралы оның қатысушылары арасындағы тұйық қайта бөлгіштік қатынастардың жиынтығы.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъек-тілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақтылы өнім- қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы сферасы болып табылады.
Коммерциялық емес сфераның қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді.
Халықтың қаржысы ( үй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық өзінің ақша қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфералармен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда органдарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т. б. ) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақша қатынастарын қоспағанда, қаржы қатынастары болып табылады.
Республиканың қаржы секторы экономиканың неғұрлым серпінді дамып жатқан салаларының бірі болып табылады. Елде нарықтық қайта құрулардың дамуымен және тереңдеуімен экономика салаларымен субъектілерінің ұсынысымен сұранысына сәйкес капитал ағынының тиімді қайта бөлінуін қамтамасыз ететін негізгі нарықтық тетік ретінде қаржы рыногының маңыздылығымен қызмет аясы кеңейе түсуде.
Қаржылық қызмет көрсетулердің сапасын көтеру қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Агенттік Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасын, сондай-ақ ілгеріде айтып өткен бағалы қағаздар рыногын, жинақтаушы зейнетақы жүйесін, сақтандыру рыногын дамыту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда.
Отандық қаржы рыногының және оның реттеу деңгейінің ерекшеліктерін ескере отырып Еуродақ дерективаларын, банкті қадағалау жөніндегі Базель комитетінің халықаралық стандарттарын, Сақтандыруды қадағалау органдары халықаралық қауымдастығының, Бағалы қағаздар жөніндегі халықаралық комиссияның, зейнетақы қадағалау органдары халықаралық ұйымының принциптерін енгізу жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыруда басты бағыттардың бірі болып табылады.
Бәсекелестікті арттыру мақсатында, оның ішінде бағалы қағаздардың қайталама рыногындағы институттық- инвесторлар арасында бәсекелестікті күшейту және бағалы қағаздардың қайталама рыногын жандандару мақсатында мемлекеттік емес бағалы қағаздардың тізімін кеңейту жоспарланған.
Қазіргі уақытта банктік қызмет рыногында, әсіресе, жылжымайтын мүлікке байланысты кредиттеу саласында «кредиттік сепіліс» байқалады, бұл тәуекел деңгейінің көтерілуіне әкеледі деп жорамалдауға болады. Осыған байланысты банктердің коммерциялық жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген займдар беруінің сондай-ақ коммерциялық тұрғын үй және бизнестік құрылыс мкақсаттары үшін берілетін заимдардың өскелең қарқынын бәсеңдету мақсатында ипотекалық займдарға, оның ішінде ипотекалық, коммерциялық займдар мен коммерциялық құрылысқа берілетін займдарға қатысты меншік капиталының жеткіліктілігіне талаптарды көтеру жоспарланып отыр. Сонымен бірге банктердің кредиттік тәуекелін төмендеті мақсатында, бірінші кезекте коммерциялық жылжымайтын мүлік бойынша ипотекалық займдарды бөлек жіктеу тәртібі енгізілмек. Ол ипотекалық тұрғын үй займдары және коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысы мақсатында берілетін займдар бойынша займшының қаржы жағдайын бағалауға қосымша критерийлер белгіленуін көздейді.
Бұған қоса халықаралық тәжірибені оның ішінде Еуроодақ директиваларын ескере отырып, отандық қаржы рыногында брокерлік - дилерлік компаниялар базасында инвестициялық банкті дамыту көзделінеді.
2. 2 Қазақстан Республикасы қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
“Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы”Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 1284 Қаулысы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын іске асырудың негізгі қорытындылары
1. 1. Ақша-кредит саясатының құралдарын жетілдіру жəне оны Еуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату
1. 2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
1. 3. Қаржы нарығына қатысушылардың қызметін қадағалаудың бірыңғай органын құру жəне дамыту
1. 4. Кредиттік мекемелерді дамыту
1. 5. Тұрғын үй ипотекалық кредит беруді оңтайландыру жəне кеңейту
1. 6. Кредиттік бюроны құру
1. 7. Екінші деңгейдегі банктерде жеке тұлғалардың салымдарына, міндетті кепілдік беру жүйесін дамыту
1. 8. Сақтандыру нарығын дамыту
1. 9. Бағалы қағаздар нарығын дамыту
1. 10. Зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігін жəне сапасын арттыру
1. 11. Почталық-жинақ жүйесін дамыту
1. 12. Даму институттары
2 Қаржы. секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған басымдықтары
2. 1. Қазақстанның экономикалық дамуының стратегиялық мақсаттарының контексінде республиканың қаржы секторын дамытудың ұзақ мерзімді көкжиегi
2. 2. Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдар кезеңіне арналған мақсаттары мен міндеттерi
2. 3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту
3. Қазақстан Республикасының қаржы секторын реттеу саласындағы мемлекеттік саясаты
3. 1. Қаржы секторын мемлекеттік басқаруды нығайту жəне оның сапасын арттыру
3. 2. Мемлекеттік органдар мен қаржы секторы институттарының өзара іс-қимылы
3. 3. Теңдестірілген ақша-кредит жəне фискалдық саясаты жəне олардың негізгі құралдарының тиімділігін арттыру
3. 4. Қазақстанда бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесін дамыту жəне жетілдіру.
3. 5. Қаржы нарығына жəне қаржы құралдарына қатысушыларға салық салуды жетілдіру.
3. 6. Төлем жүйелерін дамыту
3. 7. Корпорациялық басқару сапасын арттыру
3. 8. Халықтың қаржы секторының қызметтері туралы хабардар болу деңгейін арттыру жəне олардың қол жетімділігін арттыру
3. 9. Қаржы нарығы үшін кəсіби кадрлар дайындау
3. 10. ЕурАзЭҚ жəне басқа ықпалдасу одақтары шеңберінде Қазақстан қаржы секторының халықаралық қарым-қатынастарын тереңдету
4. Қаржы секторын дамытудың негізгі бағыттары
4. 1. Кредиттік ұйымдарды дамыту
4. 1. 1. Банк секторы
4. 1. 2. Банктік емес ұйымдардың секторы
4. 2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
4. 3. Сақтандыру секторы
4. 4. Валюта нарығы жəне бағалы қағаздар нарығы
4. 4. 1. Валюта нарығы
4. 4. 2. Бағалы қағаздар нарығы
4. 5. Микроқаржыландыру: сектордың Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде міндеттері жəне оны дамыту
5. Қаржы лизингi
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың осы тұжырымдамасы 2007-2011 жылдарға арнап, мыналарды :қаржы секторын мемлекеттік реттеудің бағыттарын жəне тəсілдерін; қаржы секторын дамытудың басым бағыттарын;
оларды іске асыру жөніндегі қажетті шараларды айқындау мақсатында əзірленді жəне қаржы секторын дамытудың негізгі басымдықтарын, сондай-ақ оның жекелеген секторларын мемлекеттік реттеудің бағыттарын жəне тəсілдерін айқындайды.
Осы Тұжырымдаманың шеңберінде айтылған мемлекеттік саясаттың басымдықтары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауында айқындалғанҚазақстан Республикасының əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөніндегі стратегиялық мақсатқа сəйкес қалыптастырылды. Бұл бағыттағы маңызды аспекті экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарындағы қажеттігін қанағаттандыратын жəне еркін бəсекелестік жағдайында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін қаржы жүйесінің жұмыс істеуі шарттарын қалыптастыру арқылы Қазақстан қаржы ұйымдарының жəне қаржы секторының бəсекелестік қабілетін арттыру қажеттілігі болып табылады. Сонымен бірге, Тұжырымдамада қаржы секторын дамыту жəне реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың реттілігі жəне сабақтастығы принципі жəне Қазақстан Республикасы Yкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің жəне Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау агенттігінің бұрын белгілеген бастамашылығы ескерілген.
Тұжырымдаманың мақсаттары мен міндеттеріне сүйене отырып, мынадай негізгі іс-шаралар жүзеге асырылды.
1. 1. Ақша-кредит саясатының аспаптарын жетілдіру жəне оны Еуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мынадай негізгі шараларды іске асырды.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасын тоқсан сайын қайта қарауды жəне белгілеуді іс жүзінде қолданылу енгізілді, ол валюталық өтімділікті, инфляцияны жəне т. б. реттеу жөніндегі негізгі аспаптардың бірі ретінде пайдаланылатын болды.
Осылайша, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасы 9%, екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша 4% деңгейінде қалыптасып отыр. Ұлттық Банктің операциялары бойынша ставкаларды арттыру нəтижесінде банкаралық ақша нарығында жəне банктердің кредиттері бойынша ставкаларды арттыру күтілуде, мұның өзі өз кезегінде кредиттік белсенділіктің жəне ақша агрегаттарының өсу қарқынын баяулатуға əкеп соқтыруға жəне, түпкі
қорытындысында инфляцияның деңгейін төмендетуге тиіс.
1. 2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz