Оқушылар мен ұстаз - тәрбиешілер


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Қоғамның пайдалы іс-әрекеттен ұйымдастыру арқылы оқушыларды жағымды дағдыларын қалыптастыру

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3-5

Тарау І. Орта мектеп оқушыларына жағымды дағдыларды қалыптастыру мен тәрбиелеуде қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың маңыздылығы

  1. Қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың қоғам мен тәрбие берудегі маңыздылығы . . . 6-9
  2. Оқушыларға жағымды дағдыларды қалыптастыру мен тәрбиелеуде қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың маңыздылығы . . . 9-15

Тарау ІІ. Қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері мен пайдалы іс-шараларды ұйымдастыру

2. 1. Қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері . . . 15-24

2. 2. Орта мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен жағымды дағдыларын қалыптастыруда пайдалы іс-шараларды ұйымдастыру . . . 24-32

Қорытынды . . . 33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34-35

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Егемен еліміздің болашағы үшін жастарға өркениеттің даму деңгейіне лайықты білім және тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасы негізінде жүзеге асыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Қазақ этнопедагогикасы республикамыздағы саяси, әлеуметтік, экономикалық қайта құрудың шеңберінде білім беру жүйесін ұлттық талап тұрғысынан өзгертуге негіз болуы керектігі қарастырылуда. Бүгінгі мектеп түлектерін ұлттық сипатта тәрбиелеудегі құралдар жүйесі этнопедагогикалық тұрғыдан сұрыпталып, жалпы педагогикалық тәжірибеге енгізілуі керектігі баса назарға алынуда.

Тәрбиенің негізгі бағыттары (еңбек, ақыл-ой, т. б. тәрбие) халқымыздың ғасырлар бойына жинақтаған құнды қасиеттерін жастардың бойына сіңіруді және мәдениетіне, мәдени іс-әрекетіне баулуды жүзеге асырып келген. Егеменді еліміздің алғашқы жылдарының өзінде жарық көрген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасында: “ . . . еңбекке дайындау ісіндегі тағы бір өзекті кемшілік қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы көркем өнерін, халық зергерлерінің мұрасын, малшаруашылығын үйрету кеңінен өріс алған жоқ” - деп біздің мектеп өміріндегі білім берудегі кемшіл тұстарымызды көрсеткен болатын. Бұл мәселе жастарымызды мектептің еңбекке дайындау бағытында қазіргі таңда да жеткілікті шешімін таппай жатуы, осы бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Қоғамның рухани-адамгершілік тұрғыдан жандануы, ұлтымыздың ішкі әлеуеттік мүмкіндігі ұлттық мәдени дәстүрлерді зерделеп заман талабына қарай пайдалануға, жеке тұлғаға әлемдік және этнопедагогикалық білім беруді нәтижелі ұштастыруды жүзеге асыруға байланысты, елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан-2030” стратегиясында: “Ұлт мәселесіне қатысты жалпы үрдісті танып-түсіну, сөз жоқ, қажет. Мұнсыз мемлекеттік дамудың жалпы логикасын бажайлау мүмкін емес”, - деп тұжырым айтқан. Осыған байланысты еліміздің егемендігін өміршең етуде, ұрпақ тәрбиесінде сабақтастықты сақтауда көптеген жұмыстар атқарылуда.

Халықтың тәлім-тәрбиелік тәжірибелерін, өміршең идеяларын және өнегелі дәстүрлерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану арқылы жастарымыздың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруды жүзеге асыру бүгінгі күннің мақсаты. Халықтың рухани мәдениетінің мөлдір бастау бұлағынан жас кезден нәр алып өсу сан ғасырлық қалыптасу, даму тарихы бар қазақ этнопедагогикасы идеяларын ертерек бойға сіңіруге, ондағы жалпы адамдық құндылықтарды көре білуге үйретеді. Ұлттық тәрбие тағылымдары материалдарын халық даналығының сарқылмас қайнары ретінде жеке адамды қалыптастыру ісінде пайдаланудың қажеттілігін қазақ даласының ойшылдары (Қорқыт-ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Ахмет Ясауи, педагогтар мен ағартушылары (Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Дулатов, Ж. Аймауытов т. б. ) өз еңбектерінде дәлелді сипаттама бергені мәлім.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру міндеті уақыт талабы екендігі және білім беруде басшылыққа алатын нормативтік құжаттар арқылы қолдау табуы заңдылық. Қазақстан Республикасы “Білім туралы” заңында: “ . . . азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру” - деп көрсетілген. Аталған міндет білім беру жүйесінде халық дәстүрлерін, дәстүрлі мәдениетті оқушыларға зерделетуді және оларға баулуды меңзейді. Демек, білім беру жүйесіне халықтың тәрбие тағылымдарын енгізу ғылыми-педагогикалық зерттеулерді талап етеді.

Осы тұрғыдан қарастырғанда С. Қалиев, Қ. Б. Жарықбаев, С. А. Ұзақбаева, Ж. Ж. Наурызбай, К. Ж. Қожахметова, Ш. Б. Құлманова, Р. Қ. Дүйсембінова, Қ. Бөлеев, Ж. Асанов, т. б. ғалым-педагогтар қазақ этнопедагогикасы саласы бойынша іргелі педагогикалық зерттеулер жүргізді. Педагог-ғалымдар өз зерттеу объектісіне сәйкес қарастырылып отырған мәселенің теориялық, әдіснамалық аспектілерін дәлелді негіздеген. Зерттеу тұжырымдамалары ғылыми дәлелдемелермен тиянақталған. Зерттеу нәтижелерін білім беру практикасында пайдалану үшін қолданбалы әдістемелік ұсыныстар жасаған.

ХҮ ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Лекки «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді» - деген болатын.

Сондықтан да ақ қағаз бетін қайта өшіре алмайтындай шимай-шатпақ түспесін десек нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.

Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды, мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Қазақ халқында келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмірге дайындау, сол халықтың арман-мүддесінен, тәрбие дәстүрімен байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.

Демек, бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.

Бүгінгі күннің басты талабы жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолдарында оқушылардың ұлттық рухани білім алып шығуы. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету керек.

Өйткені қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.

Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушыларының мінез-құлқының сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелігінде көрінеді. Бірінші сынып оқушылары мектептің тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Оқушылардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілігімен, адалдығымен, эмоционалдық бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады.

Бірінші сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгілі бір табысқа қол жеткізетіндей жағдай жасау керек.

Курстық жұмыстың мақсаты : Қоғамның пайдалы іс-шаралары мен осы іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған қоғамдық ұйымдарға тоқтала отырып, оқушыны тәрбиелеу ерекшеліктерін тоқталу. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді қойдым:

-Қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың қоғам мен тәрбие берудегі маңыздылығына;

-Оқушыларға жағымды дағдыларды қалыптастыру мен тәрбиелеуде қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың маңыздылығына;

- Қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы оқушыларды тәрбиелеудің әдіс-тәсілдеріне;

-Орта мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен жағымды дағдыларын қалыптастыруда пайдалы іс-шараларды ұйымдастыруларға тоқталу.

Тарау І. Орта мектеп оқушыларына жағымды дағдыларды қалыптастыру мен тәрбиелеуде қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың маңыздылығы

  1. Қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың қоғам мен тәрбие берудегі маңыздылығы

Қоғамның пайдалы іс-әрекеттері дегеніміз-оқушыны тәрбиелеуде маңызды рол атқаратын іс-әрекеттерді мектеп қабырғасында немесе ата-анамен бірлесе отырып ұйымдастырылатын іс-шараларды атаймыз. Қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың басты принциптерінің бірі-баланы еңбекке баулу. Еңбекке мектепте баулудың негізгі түсініктеріне тоқталайық.

Мектеп оқушыларын қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастыруда еңбекке дайындау кең мағынада қарастырылып, ол мектепте технология (еңбекке баулу) пәнін оқу, ғылым негіздерін зерделеу, қоғамға пайдалы, өнімді еңбек, оқушылардың техникалық шығармашылығы және басқада еңбекке дайындайтын психологиялық және практикалық іс-әрекеттерді қамтиды.

“Еңбекке тәрбиелеу” және “еңбекке баулу” ұғымдары анықталды. Мектептің “еңбекке дайындау жүйесі”, “еңбекке дайындық бағыты” және “еңбекке баулу бағыты” деген ұғымдар педагог ғалымдарымыздың (П. Л. Атутов, В. А. Поляков, В. Симоненко, Д. А. Тхоржевский, т. б. ) педагогикалық әдебиеттерінде кездеседі. Еңбекке дайындау жүйесі деп, біздер “ мектептегі оқу пәндері мен сыныптан және мектептен тыс оқушылардың шұғылданыстары арқылы жүзеге асырылатын іс-әрекет бағыттарын айтамыз ”. Ал “еңбекке дайындау бағыты дегеніміз оқушыларды мамандық деңгейіне дейін нақты еңбек түріне оқыту” деп, оқушыларды “ еңбекке баулу бағыты деп бастауыш және орта білім беретін мектепте еңбектің белгілі анықталған түріне баулу іс-әрекеттерін ” айтамыз [1] .

Мектептің еңбекке дайындау бағыты мен жүйесінің негізі оқу пәні -“Технология”. Сол себепті де аталған пәннің мазмұны толықтырылды. Бағдарламалардың мазмұнына енген оқу материалдары (элементтері) (оның ішінде қыздар үшін) : маталарды және мата емес материалдарды, теріні және мехты өңдеу; ауыл шаруашылық өнімдерін және тағамдық жартылай фабрикаттарды өңдеу; өсімдіктерді өсіру; тұрмыстық қызмет; қолданбалы көркем шығармашылық.

Технология бағдарламасының мазмұны өндірістің жаңаланған еңбек іс-әрекеті саласын қамтитыны белгілі. Сол себепті де мәдениет, этностық мәдениет анықтамалары тұрғысынан “ еңбекке дайындық бағытындағы оқушы-қыздардың этностық мәдениеті - тұрмыстық өмір тіршілігіне тән еңбек іс-әрекетін технологиялық аса шеберлікпен орындауды салт пен дәстүр тұрғысынан жүзеге асыру; таңдап алынған іс-әрекет үстінде сапалық қасиеттерді меңгеру және ұлттық тұрпаттық қалыптасу үдерісі ” - деп білеміз.

Оқушыларды тәрбиелеуде іс-шараларға тоқталудан алдын іс-шараларды ұйымдастыратын қоғамдық ұйымдар мен осы ұйымдар өткізетін іс-шараларға тоқталайық:

Республикада 252 балалар қоғамдық ұйымдары қызмет көрсетеді, олар өз қатарында 7 жастан 17 жасқа дейінгі 65 мың оқушыны біріктіреді. Білім беру ұйымдарының тәрбиелік жұмысында балалар ұйымдарының жұмысы кең пайдаланылады. Балалар ұйымдары мен қозғалыстарын, сайып келгенде, білім беру ұйымдарының жетекшілері мен әдіскерлері басқарады.

Қазақстан Республикасының бүкіл қалаларында жалпы білім беру мектептері мен мектептен тыс ұйымдар, қосымша білім беру мекемелері және т. б. қызмет етеді. Ауылда хал-ахуал біраз басқаша, онда балалар, жасөспірім және жастармен жұмыс жүргізу негізгі орталығы жалпы білім беру мектептері болып табылады, және мектептен тыс ұйымдар, қосымша білім беретін мекемелер аз немесе тіптен жоқ.

Аталмыш мәселе бойынша ғылыми әдебиетті талдау кезінде тұрғындардың бос уақыт саласында селқостық көрсеткені, бос уақытты үйде өткізу беталысы көбейгені, мәдени мекемелер, сауықтыру және басқа да орталықтардың қызметі коммерцияландырылуы, ал жастар ортасында «көшеде өткізген бос уақыт» таралғындығы айқындалды. Өз зерттеулерінде Ю. А. Стрельцов жалпы «көшені ырыққа көндіру» мәселесін көтереді. Яғни ұйымдастырылмаған дем алу және сауық құру жерлерін халықтың түрлі топтарымен (балалар, жастар, жас отаулар және т. б. ) жүргізілетін клубтық іс-әрекет жүйесіне қосу қажет. Б. А. Трегубов «оқушы жастар факторлар жиынтығы әсерінен дем алу және сауық құру уақыты жағынан тікелей жоғары қауіпті топтарға ауысып барады» деп белгілеген. Бұған себепші болып тұрған әлеуметтік нормаларға сай келе бермейтін мәдени дем алу мен сауық құру уақыт - өз қалауы бойынша өткізетін уақыт, ғалым жастардың «әлеуметтік жауапкершілігіне» ерекше назар аударады.

Астана қаласында 80 мемлекеттік және жеке меншік жалпы білім беру мектептері бар находятся, 10 мектептен тыс білім беру ұйымдары: «Балалар көркемөнер мектебі», «Балалар музыкалық мектебі № 2, 3, 4», «Көркемөнер мектебі», «Оқушылар сарайы», "Техникалық шығармашылық орталығы", "Жас туристер бекеті", ""Арман" сауықтыру-спорттық лагері. Бүгінгі күні елордада 3000 балаға ықылас салынып, назарымен қамтылған 17 клуб қызмет етеді, оның ішінде: 11 мектеп негізінде, 6 ПИК негізінде. Оқушылардың дем алу және сауық құру уақытын ұйымдастыруда Павлодар облысының тәжірибесі өнеге тұтарлық (№1 Қосымша), облыста 38 мектептен тыс ұйымдар, (13 мың оқушы қамтылған ), 84 аулалық клуб (7 мың бала қамтылған), 27 спорттық мектеп (15, 6 мың бала), 319 балалар бірлестігі (50 мың бала), 2, 5 мың спорт секциялары (40 мың оқушы) өз қызметін іске асыруда [2] .

Қарағанды қаласында сабақтан тыс уақытта балалар дем алу және сауық құру уақытын ұйымдастыру бойынша жоба іске асырылуда (№2 Қосымша) . Мектептердің әлеуметтік төлқұжаттары, әр ауланың сипаттамасы жасалған, сабақтан тыс уақытта шұғылдануы бойынша мәліметтер жинақталған және басқа да т. т. Алдын ала жобалау тәжірибесі 2008-2009 оқу жылы басынан қаланың 80 мектебінде қолдануға енгізілген.

Қазақстанда әр түрлі жылдары БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының бірқатар жобалары жүзеге асырылған: « Балаға қамқоршы қала» (2006 жылдан Өскемен қ., Семей қ. ), «Балаға тілектестік қарым-қатынасты мектеп» (2005 жылдан Семей қ. ), «Жастарға қамқорлық ету клиникасы» (2003 жылдан Астана қ., Өскемен қ., Семей қ. ), және де басқа да баланың құқықтары туралы Конвенциядағы балалар құқықтарын іске асыруға бағытталған жобалар. Жұртышылық жағынан - ересек адамдар жағынан - аталмыш уақытты ұйымдастыру амалдарына және олардың осыған ерекше назар аударуына байланысты барлық жобалардың ерекшелігі оқушылардың бос уақытын мағыналы дем алу мен сауық құру алуан түрлерімен толтыру болып табылады (№ 3, № 4, № 5 Қосымшалар) .

Бірқатар елдерде әлеуметтік институттар және оқушылар арасындағы тұлғаны нәтижелі түрде әлеуметтендіру үшін жағдай жасау бойынша айтарлықтай ортақ жұмыс тәжірибесі жинақталған (АҚШ «Гайденс» қызметі», Ресей Федерациясы «ВНИКтың эксперименттік алаңдары, «Мектеп-шағынаудан»» және т. б. ) . (№ 6, № 7 Қосымшалар) .

Тәрбиенің кешенді бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттері қосымша білім беру желісін дамыту, жергілікті органдардың мүдделігі бойынша клубтар ашу, «Өзіңді таны», «Қоғамға қызмет» білім алу курстарын енгізу, «Қазақстанды балалар мен жастардың ізгілікті - жыныстық тәрбиесі», «ҚР жалпы орта білім беретін мектептерінде зиянды заттардың алдын алу», «СПИД проблемалары және оның алдын алу», «Нашақорлық және наркобизнеспен күрес жөніндегі 2004-2005 жылдар іске асыру», мектеп жасындағы және жасөспірімдерді, әскер қатарына шақыру жасына дейінгі жастарды балалар ұйымдары мен жастар қозғалысы арқылы сауықтыру бағдарламасын орындау арқылы іске асыру көзделеді. Сонымен қатар, «Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім берудің зиялылық сипаттық принциптерін сақтау туралы», «Білім беру ұйымдарында ҚР мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау туралы», «Ауылдық жерлердегі мектептен тыс шараларды ұйымдастыру туралы», «ҚР Конституциясы күніне арналған шараларды өткізу туралы» әдістемелік нұсқаулар басшылыққа алынды.

Қалалар бойынша мектептен тыс тәрбие ұйымдарын қалпына келтіріп қайта ашу қолға алына бастады. Мысалы, Пригородный ОМ «Қоғамға қызмет» бағдарламасы ауқымында - «Мейірімділік» кіші бағдарламасы жасалынып, «Қайырлы істер отаны» деп аталатын мектептік мемлекет құрылды. Мақсаты: мектеп оқушыларының өзін-өзі басқаруын, балалар қоғамдық ұйымдарының белсенділігін арттыру, әлсіздердің мұңы мен мұқтажына көңіл бөліп, жүрек қайырымдылығын сезінуге бағытталған.

Ата-аналар қатысынсыз адамгершілік, руханилық тәрбиенің жоғары нәтижесіне жету мүмкін емес. Ата-ана қауымдастығын мектептер өміріне қатысуға тарту, оқушылардың тұрақтарында тәрбие жұмыстарын жүргізуге қатыстыру мақсатында ата-аналардың аймақтық қоғамдық кеңесі 2005 жылы құрылып, жұмыстануда. Бұған Ақтөбе қаласындағы кеңес мүшелерінің қатысуымен ата-аналар жиналыстары өткізіліп, мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеудің маңызды проблемалары талқыланды.

Құқықтық тәрбие мен білім беру мектеп оқушыларына да, ата-аналарына да жаппай құқықтық білім беру ауқымында өткізілді. 1-11 класс оқушыларын құқықтық мәдениетке, құқықтық оқыту мен тәрбиелеуге қалыптастыру туралы бағдарлама жасалды.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмысқа қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында құрамында жеті адам бар кеңес құрылып, ережесі бекітіліп, жұмыс жоспары құрылды. Кеңестің алғашқы отырысы 2005 жылдың 30 маусымында өткізіліп, Ақтөбе қаласы білім беру бөлімінің және Ақтөбе қаласы мектептерінің оқушылары арасындағы қылмыстың алдын алу жұмысы тыңдалды.

Облыстық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта дайындау институтында жүргізілген құқықтық білім беру жүйесін енгізудегі сараптамалық жұмыс қорытындысы ретінде 1-4 кластарда азаматтану жөнінде «Мектепте құқықтық білім беру», «Мен және менің әлемім», «Құқықтануды енгізу курсы», әдістемелік нұсқаулық ұсыныстар жинағы шығарылды.

Білім мекемелерінде оқушыларды демократия мәдениетіне баулу мектептегі өзін-өзі басқару органы арқылы жүргізілуде. Сабақтан тыс уақытта оқушыларды өмірлік істерге баулуда балалар ұйымдарының атқарар міндеттері орасан зор. Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарыны тіркеуден өтіп, заңды рұқсат алған 4 балалар мен жасөспірімдер ұйымы бар. Олар: «Шұғыла», «Жас ұлан», «Ассоцация юных лидеров», «Союз мальчишек и девчонок» бірлестігі. 2005 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес «Союз мальчишек и девчонок» бірлестігі «Балдәурен» республикалық сауықтыру - демалыс базасында өзінің тұсаукесерін өткізді. Қазір бұл бірлестік құрамында 2700-ден астам оқушылар бар. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда бұл ұйымның оңды жұмысы көріне бастады.

Балалар ұйымының қызметінде әлі де болса қоғамдық - пайдалы бағытталуы баяу жүргізіліп отырғандығын атап көрсеткен абзал. Сонымен қатар, мектеп директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына балалар ұйымы арқылы олардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру қиындықтар келтіруде. Бұның басты себебі оқуышылар ұйымының жұмысын бақылауп, бағыттаудың кейбір кезеңдері кем-кетті сипат алатыны да болып отыр [3] .

  1. Оқушыларға жағымды дағдыларды қалыптастыру мен тәрбиелеуде қоғамның пайдалы іс-әрекеттерін ұйымдастырудың маңыздылығы

Бүгінгі жаңа Қазақстан жағдайында - республика мектептері мен қосымша білім мен тәрбие беретін мекемелерде, басқа тәрбие ошақтарында жоғарыда аталған ғылыми еңбектердi талдай және оған негiздей отырып, бiз мектептегi оқушылар ұйымында ұлттық тәрбие құндылықтарын әлемдік өркениетті озық мәдениетпен кіріктіре іске асырудың жолдарын қарастыратын оқушылар ұйымының жаңа моделі қажет деп санаймыз.

Бұл модельдің өзіндік ерекшелігіне тоқталсақ: біріншіден оқушылар ұйымының төменнен жоғарыға дейін жеті демократиялық принципке негізделген құрылымының қалыптасып, нәтижесінде педагогикалық шарттың ұйытқысы болғанын айғақтаймыз. Аталмыш демократиялық принциптің педагогикалық шарттарына:

- ұжым мүшелерінің тең құқылығы;

- ұжымның басқару органының төменнен жоғарыға дейін сайлануы;

- басқару органдарының өзін сайлаушылар алдында есеп беріп отыруы;

- ұжымға мүше болудың еріктілігі мен бір-біріне тәуелділігі;

- ұжым мүшелерінің ұжым жұмысын жақсартуға ұсыныс беруге құқықтылығы;

- қабылданған шешімдердің орындалуын бақылап отыруға құқықтылығы және басқа алғышарттар жатады.

Оқушылар ұйымының моделінде ұйымдастыру жұмыстарының түрлері мен оны іске асырудың әдіс-тәсілдері де көрініс тапқан. Мәселен бастауыш ұйымның жұмысы оқушылар жиыны (конференция, құрылтай, слет т. б) және дәстүрлі ұйымдастыру формалары және техникалық-коммуникациялық құралдардың көмегімен өткізілетін кешенді іс шаралар арқылы жүргізіледі. Оқушылар ұйымының бастауыш ұйымтоптары Қазақстан балалар ұйымдары Одағының І Республикалық Слеті шешімімен қабылданған «Атамекен» ұлттық тәрбие бағдарламасының бағыттары бойынша қызмет етеді.

«Атамекен» бағдарламасында оқушылардың ақыл-ойын, еріктік-сезімдік ұлттық адами қасиеттерін өркениеттік және ұлттық адами қасиеттерін өркениеттік және халықтық тәрбие түрлерінің кіріктірілген 11 Бағыты бойынша жас ұрпақтың бойына сіңірілу көзделеді.

Біз көтеріп отырған педагогикалық проблемаға жақын зерттеулер жүргізген (Байсарина С. С., Сайдахметов Б. С., Пенева Л. Д., Сыздықов М, Е., Дүйсенбаев А. Қ. ) ғалымдардың еңбектеріне жүргізілген талдау біздің алға қойған мақсатымыздың дұрыс бағытта өрбігенін растайды. Аталған ғалымдар тәрбие үрдісінің белгілі ортада қалыптасуы, жоспарлануы, қабылдануы және жүзеге асырылуы педагогикалық шарттарға негізделуі керек деп санайды. Аталған тұжырымдар біздің алдағы уақытта өз зерттеу жұмысымыздығы ғылыми бағытты анықтауға мүмкіндік берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие әдістерін таңдау
Тәрбиенің ғылыми педагогикалық негіздері
Педагогтық әдеп мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі
ОҚУШЫЛАР ҰЖЫМЫМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУ ТӘСІЛДЕРІ
«Жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие жұмысының әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Оқушылар ұжымының даму кезеңдері мен ерекшеліктері
Педагогикалық процестің заңдылықтары
Тәрбие мен оқыту бірлігінің маңыздылығы
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz