Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері
Тақырыбы: Қорғаншылық пен қамқоршылық ұғымы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
Негізгі бөлім
1. Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы
1.1.Қорғаншылық туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-9
1.2. Қамқоршылық туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-17
2.1 Қорғаншылық пен қамқоршылықтың құқықтық жағдайы ... ... ... ... ...17-
23
2.2. Қорғаншылық пен қамқоршылық бойынша нормативтік құқықтық
актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-29
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..30-31
Кіріспе
Қорғаншы (қамқоршы) - қорғаншылық пен қамқоршылық жөніндегі міндеттерді
жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған адам (Неке
және отбасы туралы 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-І ҚРЗ 1-бап)
Қорғаншылық - он торт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесін
қорғаудың құқықтық нысаны (ҚР баланың құқықтары туралы 2002 жылғы 8
тамыздағы № 345-ІІ ҚРЗ 1-бап)
Қорғаншылық (қамқоршылық) - кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке
қабілетсіз (әрекет қабілеттілігі шектеулі) деп таныған адамдардың құқықтары
мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны (Неке және отбасы туралы 1998
жылғы 17 желтоқсандағы № 321-I ҚРЗ 1-бап).
Қорғаншылар мен қамқоршылардың құқықтары мен міндеттері. Жоғарыда
айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және
міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарын
қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? — деген сұрақ
туады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі.
Бұның мәні мынада: қорғаншы өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және
міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет
жасайды. Қамқоршылықтың мәні қамқоршы адамдар ішінара әрекет қабілеттілігі
бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына
алатындығында, сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қиянаттардан
қорғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен
(мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және
қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп
танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде
қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жүзеге
асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке
толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық
жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі
мүлікке билік етуді қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе
мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін
қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды
қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады ("Неке және
отбасы туралы" Заңның 113-бабы).
Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті
болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен
бірге қамқорлықтағы адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай
ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның
кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін,
қамқоршылыққа алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін
қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы
мен қамқоршы органның алдын ала рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы
жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз,
қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен
қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-
аулақ шығындар жасауға құқылы.
Қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз қорғаншының
иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға
келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға
немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға
(жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге, қамқорлыққа
алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі
құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауға, оның мүлкін
бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін
азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ.
Аталған мәмілелер нәтижесінде қорғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға
тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді.
Курстық жұмыстың мақсаты-қорғаныштылық пен қамқоршылық терминіне
түсініктеме бере отырып, Қазақстан Республикасындағы қорғаныштылық және
қамқоршылық жұмыстарына бағытталған ұйымдар мен мекемелерге және олардың
құқықтық маңыздылығына тоқталу.
Курстық жұмыстың міндеттері-
-қорғаншылық пен қамқоршылық туралы жалпы түсінік
-Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды
халықаралық асырап алу рәсімі
-Қамқорлық пен қорғаныштыллыққа алынғандардың құқықтары мен мүдделерін
қорғауға арналған ұйымдар
-Қазақстан Республикасындағы ерекше қамқорлық пен қорғаныштыллыққа
алынғандардың құқықтары мен мүдделерін қорғау түсінігі
- Қазақстан Республикасындағы қорғаныштылық және қамқорлық мақсатында
ұйымдастырылған ұйымдар, мекемелер мен қамқоршылыққа бағытталған іс-шаралар
Негізгі бөлім
1. Қорғаншылық және қамқоршылық ұғымы
1.1.Қорғаншылық туралы жалпы түсінік
Жетім баланы отбасына тәрбиелеуге берудің ең көп таралған нысандары
қамқоршылық пен қорғаншылық болып отыр. Қамқоршылық отбасы баланың
қамқоршысымен туыстық байланыстарын жорамалдайды. Қамқоршылыққа, әдетте,
ата-ана жағындағы біреуінің тарапынан тікелей туысқандары бар балалар
беріледі. Қамқоршының міндетіне баланы тәрбиелеу мен дамыту, оның
құқықтарын қорғау кіреді. Қамқоршы кәмелетке толмаған баланың өзі
иелігіндегі жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сақтауын және пайдалануын
бақылауды жүзеге асырады, бірақ өзінің осы мүлікке иелік етуіне құқығы жоқ
[1].
Қорғаншылық ұғымы да қамқоршылыққа жақын. Олардың айырмашылығы
мынада: қамқоршылық 14 жасқа дейінгі балалардың санатына, ал қорғаншылық
14-18 жас аралығындағы балалар санатына белгіленеді. Балалар мен
ересектердің неғұрлым көп саны қамқоршылыққа қарағанда қорғаншылыққа
алынады екен. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі әр
түрлі уақытта пайда болады. Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттілігінің анықтамасы Азаматтық кодексте берілген. Құқық
қабілеттілігі дегеніміз – ол азаматтың құқықтарға ие болып, міндеттерді
атқару қабілеті. Ол барлық азаматтарда бірдей болады, туғанда пайда болып,
қайтыс болғанда тоқтатылады (ҚР АК 13 б.). Бірде бір адамды құқық
қабілеттілігінен айыруға немесе шектеуге болмайды, тек ғана кейбір
жағдайларда құқық бұзушылық (қылмыс) жасағаны үшін сот үкімімен (шешімімен)
құқық қабілеттілігі шектелүі мүмкін. Құқық қабілеттілігін шектеуге
бағытталған мәмілелер жарамсыз болып танылады. Және де азаматтардың
өздерінің өз құқықтарынан бас тартуы, олардың тоқтатылуына әкелдірмейді (ҚР
АК 8, 18 баптары). Азаматтың құқық қабілеттілігінің мазмұны – ол мүлікке,
меншік құқығына ие болу, тұрғылықты жерін таңдау, кәсіпкерлікпен айналысу,
заңды тұлғалар құру, заң тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасау,
мүлікке өсиет қалдыру, мұрагер болу, өз міндеттемелері бойынша жауап
қайтару және т. б. құқықтар мен міндеттерден тұрады (ҚР АК 14 б.).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің Халықаралық жеке құқық
7-бөлімінің 9-параграф Қорғаншылық және қамқоршылық атты бабына тоқтала
кетейік [2].
1124-бап. Қорғаншылық және қамқоршылық
1. Кәмелетке толмағандарға, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке
қабiлетi шектеулi кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық пен қамқоршылық
белгiленедi және олардың күшi өзiне қатысты қорғаншылық пен қамқоршылық
белгiленетiн немесе алып тасталатын адамның жеке заңы бойынша жойылады.
2. Қорғаншының (қамқоршының) қорғаншылықты қамқоршылықты) қабылдау
мiндетi қорғаншы (қамқоршы) болып тағайындалатын адамның жеке заңы бойынша
белгiленедi.
3. Қорғаншы (қамқоршы) мен қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) адамның
арасындағы құқықтық қатынастар мекемесi қорғаншыны (қамқоршыны)
тағайындаған елдiң құқығы бойынша белгiленедi. Алайда қорғаншылықтағы
(қамқоршылықтағы) осы адам Қазақстан Республикасында тұратын болса, егер
осы адам үшiн бұл неғұрлым қолайлы болса, Қазақстан Республикасының құқығы
қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс тұратын Қазақстан
Республикасы азаматтарына белгiленген қорғаншылық (қамқоршылық), егер
Қазақстан Республикасының тиiстi консулдық мекемесiнiң қорғаншылық
(қамқоршылық) белгiлеуге қарсы немесе оны тануға қарсы заңға негiзделген
қарсылықтары болмаса, Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.
Құқық қабілеттілігін жүзеге асыру, яғни азаматтық құқық қатынастарына
қатысу қабілеті, ол азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты болады.
Әрекет қабілеттілігі – ол өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу,
оларды жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау
қабілеті болады. Бұл қабілет азаматтарда толық мөлшерде кәмелетке толғанда
ғана пайда болады (ҚР АК 17 б.). 18 жасқа толған азаматтар өз бетімен заң
тиым салмаған кез келген мәмілелерді жасауға, өз міндеттемелері бойынша
мүліктік жауаптылық шегуге қабілетті болады. Бұл әрекет қабілеттілігінің
мазмұны болып танылады. Бірақта, егер жеке тұлға жүйке ауруымен ауыратын
болса, немесе оның ес ақылы кем болса, сол себептен өз әрекеттерінің мәнін
түсіне алмай, не істегенін білмесе, онда ол мүдделі тұлғалардың өтінішімен,
сот шешімі арқылы әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылады. Оған қорғаншы
тағайындалады (ҚР АК 26 б.). Ал 14 жасқа толмаған жас өспірімдер сот
шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке қабілетсіз деп танылады (ҚР АК 23
б.). Олар өз бетімен, тек қана жасай салып орындалатын, өздерінің жасына
лайықты орындалатын, тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауға құқылы болады. Ал
олардың мүліктік жауаптылығы ата аналары мен қамқоршыларына жүктеледі. 14
пен 18 жас аралығындағылар сот шешімімен емес, заң бойынша, әрекетке
жартылай қабілетті деп танылады. Олар өз бетімен өз жастарына сай,
кішігірім тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы болады, ал қалған
мәмілелерді тек өз табыстарының (кірістерінің) мөлшерінде ғана жасай
алады. Өзге мәмілелерді олар ата аналарының, қорғаншыларының келісімімен
жасайды. Ол келісімнің нысаны, мәміленің нысанына байланысты болады. Бұл
жасөспірімдер, жауапты өз бетімен, табыстары (кірістері) мөлшерінде ғана
атқаратын болады, ол болмаған жағдайда, немесе жеткіліксіз болган жағдайда,
олармен бірге ата аналары, қорғаншылары атқаратын болады, егер зиян
келтірілуде олардың кінәсі жоқ екендігін дәлелдей алмайтын болса (ҚР АК 22
б.) [3].
1.2. Қамқоршылық туралы жалпы түсінік
1) Қорғаншы (қамқоршы)-қорғаншылық пен камқоршылық жөніндегі
міндеттерді жүзеге асыру үшін заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған
адам;
2) Қорғаншылық (қамқоршылық)-кәмелетке толмағандардың және сот әрекетке

мен мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
3) Қорғаншы және қамқоршы орган –республикалық мәні бар қаланың,
астананың, ауданның (облыстық мәні бар қаланың) жергілікті атқарушы органы.
ҚФБ- құрылымдық-функционалдық бірліктер – уәкілетті органдардың жауапты
тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік
органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың кіші жүйелері.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қантарындағы №
148-11ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 35 бабы, Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Отбасы және неке
туралы Заңының 106 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
қаулысымен бекітілген 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 "Қазақстан
Рспубликасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және патронат
туралы Ережелерді және ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған балаларды
орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру Ережесі" негізінде көрсетіледі.
Енді, қамқоршылық түсінігін қалыптастыру үшін қамқоршылықты қажет
ететін қоғам мүшелеріне тоқталайық. Олар жетімдер, қариялар мен мүгедектер.
Елімізде 5 миллионға жуық бала бар екен. Oсылардың 46 мыңнан астамы
жетім балалар деп саналғaнмен, оларды 80 пайызы - тірі жетім. Мүдделi
мекемелeр тарапынан олардың құқығын қорғау қалай жүруде?
- 2007 жылдың желтоқсанында Yкiмет 2007-2011 жылға арналған Қазақстан
балалары деген бағдарламаны бекiтi. Maқcaт - балаларды әлеуметтік және
құқықтық жағынан қолдай, қорғай отырып, олардың толыққанды өмip cүpyiнe
жағдай жасау.
Бүгінгi таңда алаңдатып отырғaн басты мәселенiң бiрi – осы тipi
жетiмдер жәйi. Мониторинг жүргiзiп қарағанымызда, елiмiзде 12 мың
берекетсiз отбасында 18 мыңға жуық бала бары анықталды. 1300 баланың әке-
шешесі ата-аналық құқығынан айырылған. Әр түрлі науқасына байланысты
мүмкіндігі шектеулі 148 мыңнан астам бала бар. Ал 12 мыңнан астам отбасы
және 27 мыңнан астам бала ішкі істер органдарында есепте тұp. Осындай
деректердi сараптай келе, бiз әлеуметтiк жетiмдер санын азайту, яғни
қамқорлыққа зеру балаларды ерте жастан анықтауды және aтa-ананың
қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыруды қолға алдық. Қазiр елiмiздегi
қалалық және ayдaндық бiлiм бөлiмдерiнде 578 маман осы жұмыстарды
жургiзуде.
Елде жалпы 3,5 миллионнан астам отбасы бар. Олардың миллионнан астамы
көп балалы болса, толық емес отбасы саны 600 мыңға жуық. Жалпы, бала асырап
алғысы келетiн мейiрiмдi адамдар баршылық. Олар үшiн балалар үйлерiнде ашық
eciк күндерi өткiзiлeдi. Аймақтарда жетiм балаларды асырап алуға ниет
еткендермен алты мектепте жұмыс жүргiзiледi. Өткен жылы қорғаныштық және
қамқорлаушыларға 4870 бала берiлдi. 2005 бала патронаттық тәрбиеге алынды.
2773 баланы бiздiң елдiң азаматары асырап алды. Бала асырап алсам деген
1127 адамнан өтiнiш түскен. Алайда олардың бәрi дерлiк тек бiр жасқа
дейiнгi, өздерiне ұқcaғaн дeндepi сау сәбидiң болғанын қалайды. Ал әр кез
олай болуы мүмкін емес қой.
Eң алдымен, баланың құқығын қopғay жұмыстары ойдағыдай жолға қойылды.
Cоның нәтижесiнде елiмiз бойынша балалар үйлерiнде тәрбиеленушiлер саны
азайды. Атап айтсам, 2008 жылмен салыстырғанда өткен жылы ондай балаларсаны
1478-ге азайып, қазiр 204 балалар үйiнде 16 мың тәрбиеленушi қалды [4].
Әр түрлi YEҰ-мeн 14 дaғдapыc орталығы ашылды. еткен жылы он бip
ведомствоаралық топ құрылды. Олар жалпыға бiлiм беруде және құқық
бұзушылықтың алдын алуда бiраз жұмыс aтқapды. Нәтижесiнде кәмелетке
толмағандар apacындағы қылмыс – 11,8 пайызға, есепте тұратындар саны – 3,1
берекетсіз отбасылар саны – 2,5 ата-ананың құқығынан айырылғандар саны
6,8, ішімдікке әуес жасөспірімдер саны 39 пайызға қысқapды.
Бүгінгі таңда республикада сәби жастан кәмелетке толғанға дейінгі жас
аралығында 5 миллионға жуық бала өмір сүреді (0 -18 жас). Оның ішінде: 1
млн. 508 мыңы - мектеп жасына дейінгі балалар, 3 миллионға жуығы — мектеп
жасындағы балалар, олардың әрқайсысы түрлі деңгейдегі мемлекеттің
қамқорлығына мұқтаж.
Республикада балалық шақ мәселесімен айналысатын 9 министрлік пен
ведомство, әр түрлі үкіметтік емес ұйымдар бар, олар өз құзіреті шегінде
қызметтерін атқарады.
Қамқорлықты қажет ететіндердің бірі-қариялар.
Егде адамдарды әлеуметтік қорғау проблемалары 1948 жылдан бастап БҰҰ-да
бірнеше рет қаралуда, онда егде адамдардың құқықтары туралы декларация
дайындалды. Кейінірек: Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы (1948
жылғы 10 желтоқсандағы БҰҰ бас Ассамблеясының 217 А (III) қарары),
еуропалық әлеуметтік хартия (еуропа Кеңесі 1961 жылы 18 қазанда туринда
қабылдаған), Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
халықаралық пакті тәрізді халықаралық құжаттар қабылданған болатын. Алайда
Жалпыға бiрдей декларация және Халықаралық Пакт егде адамдарға ерекше
мәртебе бөлмеді және сонымен бірге арнайы құқытарды көздемеген [5].
Бұл ретте 1996 жылғы 3 мамырда Страсбургте қайта қаралған Еуропалық
әлеуметтік хартияда егде адамдардың құқықтарына қатысты бір норма (23-бап)
бекітілді.айталық қартайған адамдардың әрқайсысының әлеуметтік қорғауға
құқығы бар. Осы мақсатта егде адамдарға егде адамдарға оларға лайықты өмір
сүруге және жариялы, әлеуметтік және мәдени өмірде белсенді роль атқаруға
мүмкіндік беретін барабар ресурстар ұсынылуы, олардың жеке басына қол
сұғылмаушылықты құрметтеу және мұндай қарттарға қарттар үйінлегі өмір
жағдайына қатысты шешімдерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етуі, қарттар
үшін құрылған қызметтер туралы ақпаратты беруі тиіс.
Әлем халқының өсіп келе жатқан бөлігін алаңдататын қартаю
проблемаларына аса назар бөліну қажеттігін сезіне отырып, БҰҰ бас
Ассамблеясы 1978 жылғы 14 желтоқсандағы 3352 қарада 1982 жылы Қартаю
проблемалары бойынша Әлемдік ассамблея өткізуге шешім қабылдады. Әлемдік
Ассамблеяның мақсаты форумды егде жастағы адамдарға экономикалық және
әлеуметтік қамтамасыз етуге кепілдіктер беруге бағытталған әрекеттердің
халықаралық бағдарламасын әзірлеу үшін, сондай-ақ ұлттық дамуға үлес үшін
мүмкіндіктер қамтамасыз ету болды.
Бас Ассамблея 1980 жылғы 11 желтоқсандағы өзінің 35129 қарарында
Дүниежүзілік Ассамблея халық қартаюының әлеуметтік-экономикалық
салдарларын және егде жастағы адамдардың нақты қажеттілігін неғұрлым толық
түрде ескеретін қоғам құруға ықпал етуінеә тілек білдірді.
1982 жылы қартаю проблемары жөніндегі Дүниежүзілік Ассамблея қартаю
проблемалары жөніндегі іс-әрекеттердің ВЕна халықаралық жоспарын (бұдан әрі
– Вена Жоспары) қабылдады. Бұл маңызды құжатты Бас Ассамблея мақұлдады және
Адам құқықтары жөніндегі Халықаралық пакта бекітілген құқықтармен
байланыста егде адамдар құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында қатысушы-
мемлекеттер қабылдауы тиіс шараларға қатысты өте пайдалы басшылықты
білдіреді. Ол 62 ұсынымды қамтиды, олардың көбі Экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті ережелерімен тікелей
байланысты [6].
Қартаю проблемалары бойынша халықаралық әрекет жоспарын және онымен
байланысты іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі 1990 жылы
14 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 45106 қарарымен 1 қазан
Халықаралық қарттар күні болып жарияланды.
1991 жылы Қартаю жөніндегі Дүниежүзілік Ассамблеядан соң БҰҰ-да бар
қартаю мәселесі бойынша ұсынымдармен жаңа белестер алынды. Бас Ассамблея
егде адамдарға қатысты БҰҰ Қағидаттарын қабылдады, ол өзінің бағдарламалық
сипаты жағынан біз қараған байланыста маңызды құжат болып табылады. Негізгі
қағидат былайша тұжырымдалуда: егде жастағы адамдардың өмірін толыққанды
жасау. Құжаттың негізгі мақсаты –айтарлықтай айырмашылықтарға қарамастан
егде адамдардың жай-күйін елдер арасында ғана емес, сонымен қатар жекелеген
елдер ауқымында және жекелеген адамдар арасында қамтамасыз ету, ұлттық
заңнамаға (бағдарламаларға) енгізу және егде адамдарға қатысты белгілі бір
стандарттарды (қағидаттарды) сақтау.
Күтім. Бұл қағидатты сақтау үшін мынадай жағдайлар жиынтығы әрекет етуі
тиіс: егде адамдарды күтіммен және қорғаумен қамтамасыз ету; дене,
психикалық және эмоционалды игіліктер деңгейін қолдауға және қалпына
келтіруге мүмкіндік беретін медициналық қызмет көрсетуге қол жеткізу;
ізгілік және қауіпсіз жағдайларда қорғауды және оңалтуды қамтамасыз ететін
қамқоршы мекемелердің қызметін пайдалану мүмкіндігі; адам құқықтарын және
негізгі бостандықтарды, қадір-қасиет, нанымды, қажеттіліктер мен жеке
өмірді толық сыйлауды қоса, пайдалану мүмкіндігі [7].
1992 жылы БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бас Ассамблеяға Қартаюға қатысты 2001
жылға арналған ғаламдық міндеттер: практикалық стратегия баяндамасын
ұсынды. БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің қарауына ұсынылған әрекеттер Қартаюға
қатысты іс-әрекеттердің халықаралық жоспарының басымдық салаларына сәйкес
келді және ұлттық инфрақұрылымның, денсаулық пен тамақтанудың, тұрғын-үй
мен өмір сүру ортасының, отбасының, білім беру мен бұқаралық ақпарат
құралдарының, әлеуметтік игілік пен жұмыспен және демалыспен қамтамасыз
етудің негіздеріне бағытталды [8].
Қамқоршылық ұғымын толық түсіндіру үшін төмендегідей мысалға
тоқталайық: Бородулиха ауданындағы қамқоршылыққа бағытталған ережеге
тоқталсақ.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – ішінара автоматтандырылған.
4. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қантарындағы
№ 148-11ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 35 бабы,
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321-1 Отбасы және
неке туралы Заңының 106 бабының 2 тармағы, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қаулысымен бекітілген 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346
"Қазақстан Рспубликасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы
және патронат туралы Ережелерді және ата-анасының қамқоршылығынсыз қалған
балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру Ережесі" негізінде
көрсетіледі.
5. Мемлекеттік қызметті осы регламентке арналған №1 қосымшаға сәйкес
Селолық және кенттік әкімінің аппараты мемлекеттік мекемелері және ШҚО
Бородулиха ауданының білім беру бөлімі мемлекеттік мекемесі ұсынады
6.Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бойынша тұтынушы алады [9]:
1). Селолық және кенттік округінің әкімдігінен анықтама
2). Аудан әкімдігінің Қаулысы.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ең ұзақ мерзімі:
1) Тұтыныушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап, электрондық сұрау
салған уақыттан бастап мемлекеттік қызметті көрсету үшін мерзімі- 30 минут;
2) Электрондық сұраудың қалыптасуы, қажетті құжаттарды тапсырғанда кезекті
күтудің ең аз уақыты- 30 минут;
3) Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі, файлдың шектеулі көлемі
құжаттарды алғанда кезекті күту уақыты,– 30 минут, білім беру бөлімінде- 30
күн ішінде
8. Мемлекеттік қызмет көрсету аудан әкімдігі аппаратымен келісіледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету аудан әкімдігі аппаратымен келісіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процессіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл)
тәртібін сипаттау
10. Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеумекттік
қамсыздандыруға құжаттар ресімдеуіне арызды кіріс хат-хабарды ресімдеу
журналына тіркеледі
11. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізімі:
1) Болашақ қорғаншының (қамқоршының) Бородулиха ауданы білім беру
бөлімінің бастығының атына жазған арыз;
2) егер қоғаншылық ерлі зайыптылардың біреуінің атынан ресімделсе,
екіншісінің арыз-келісімі ;
3) баланың ата-анасының жоқ екендігін дәлелдейтін құжаттар (қайтыс
болғаны туралы куәлігінің көшірмесі, сот шешімі, немесе үкімі, ауруы туралы
анықтама, ата-анасының бала тәрбиелеу мен асыраудан бас тартқанын
дәлелдейтін және ата-аналарына іздеу салынғаны туралы және т.б құжаттар)
немесе ата-анасының қорғаншылықты (қамқоршылықты) ресімдеуге келісім;
4) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) үміткердің неке туралы куәлігінің
көшірмесі;
5) жұмыс орнынан атқаратын қызметі мен еңбекақысы көрсетілген
анықтама;
6) облыстық прокуратурадан сотталмағаны туралы анықтама;
7) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) үміткердің және онымен бірге тұратын
отбасының басқа мүшелерінің денсаулығы туралы анықтама (Бородулиха
ауданының білім беру бөлімінің жолдамасы бойынша);
8) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
9) 10 жастан жоғары жастағы баланың оқу орнында куәландырылған арыз-
келісім;
10) баланың денсаулығы туралы анықтама;
11) бала оқитын мекетептен (мектепке дейінгі мекемеден, КМ, КЛ және
т.б) анықтама;
12) баланың тұрғылықты жерінен анықтама және тұрғын үйдің құжаттары;
13) қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) үміткердің және ерлі-зайыптылардың
екіншісінің жеке куәлігінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz