Мемлекеттік несие және борыш


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

І. Мемлекеттік несие және борыш түсінігі

1. 1. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздың мәні . . . 5

1. 2. Халықаралық қаржы несие институттары . . . 11

ІІ. ҚР-ның мемлекеттік несиесі мен қарызын талдау

2. 1. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеудің жалпы сипаттамасы мен сыныптамасы . . . 16

2. 2. Мемлекеттік несиенің нарықтық экономикадағы ролі . . . 20

ІІІ. Қазіргі кездегі ҚР-ның ішкі және сыртқы қарызын өтеу жолдары . . . 23

Қорытынды . . . 29

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 30

Кіріспе

Қазақстан егемендік алғаннан кейін нарықтық экономика жағдайында несие жүйесі маңызды ролді атқаруда. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай-ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын, халықтың жинақ акшалары мен табыстарын белсенді әрекет етуші капиталға айналдырады, көптеген әр алуан несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 201 бабына сәйкес:

Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң борышына немесе мәслихаттардың шешiмдерiмен жергiлiктi атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерiлген) және өтелмеген мемлекеттiк қарыздардың белгiлi бiр күнге, сондай-ақ борыштық мiндеттемелердiң белгiлi бiр күнге сомасы мемлекеттiк борыш болып табылады.

Мемлекеттiк борыш iшкi және сыртқы мемлекеттiк борышты қамтиды.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттерi алдындағы мемлекеттiк iшкi қарыздары мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк iшкi борыш болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасының резидент еместерi алдындағы мемлекеттiк сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық мiндеттемелерi бойынша мемлекеттiк борышының құрамдас бөлiгi мемлекеттiк сыртқы борыш болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Қазақстан Республикасындағы қазіргі таңдағы мемлекеттік несие жүйесін айқындап, талқылау. Осы мақсатқа орай курстық жұмысты жазу барысында мынандай мәселелер қарастырылады:

  • Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздың мәні
  • Халықаралық қаржы-несие институттары
  • Несиелік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің ролі және мемлекеттік борыш
  • Проблемалық несиелермен жұмыс істеу және олардың мемлекеттегі рөлі.

нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономикалық құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтын табысы аз жіктерін қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі.

Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрлымының унитарлық типімен анықталады.

Еліміздің қажетті атрибуты және егемендігміздің нысаны - бюджет. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы-несие саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмұны, мәні мен маңызы несие қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындалды.

Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген.

Осы курстық жұмыс отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне, периодикалық басылымдарға, яғни газет-журналдарға негізделіп жазылған.

І. Мемлекеттік несие және борыш

1. 1. Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздың мәні

Ұдайы өндіріс процесі фазаларының өзара әсері тауарлық шаруашылықтағы несиенің орнын айқындауда және оның мәнін ашуда алаулі мәнге ие. Өндірісте несиелік қатынас тек бірінші жағы - алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатыса алады. Екінші жақ - кредитор өндірістік процестің сыртында қалады. Демек, несие бірегей ұдайы өндіріс процесінің субъектілері арасындағы экономикалық байланысты білдіреді. Сондықтан несиенің мәні ұдайы өндіріс процесінің бір сатысымен ғана байланыстыруға болмайды.

Несие құнының белгіленіп үлгерген қызметіне байланысты болатын қатынастарды білдіреді.

Несие тек өндірісте ғана пайда бола алмайды, өйткені мұндай өнім әлі жасалған ған жоқ, ал оның бөліктері ұдайы өндіріс процесінің сәйкес қатысушыларрының иелігіне түскен жоқ. Сондықтан несиеге бастаманы өндіріс сатысы мен өнімнің қозғалысының келесі сатылары береді. Осы мағынада несиелік қатынастар емес, оның сыртындағы қатынатар болып табылады. [1]

Осылайша өндіріс сферасының айқындайшы мағынасы ойы несиелік қатынастардың түпкі мәнін еспетеуге негіз болмайды, демек соңғысының мағынасын толық бере алмайды. Айырбаспен өзара әрекект процесінде өндірістің белгілі бір мағынасы бар.

Өндірілген өнім мен оның бөліктері индивидумдардың қолдарына тиместен бұрын айырбасты бастауға болмайды Сондықтан айырбас өндіріске кіретін акт, өндірісте тікелей болады немесе онымен анықталады.

Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда өндіріспен және бір-бірімен өзара әрекетте болады, өндіріс осы бөліктермен анықтала алады. Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы, өндіріс көлемі өседі және оның дифференциациясы тереңдей түседі. Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді. Мысалы, капиталдығң шоғырлануымен, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі үлестірумен т. б. үлестіруімен байланысты, бірақ ол үйлестірулер қатынасын білдіреді. Үлестіруге екі маңызды жағдай: 1) үлестіру пропорияны белгілейді, онда әрбір индивидум өндірілген өнімге қатысады; 2) Ол қоғамның келіп шығатын көз ретінде анықталады.

Айырбастың үлестіруден айырмашылығы, біріншіден, ол индивидумға үлестіру кезінде алған бөлінгін айырбастағысы келетін белгілі бір өнімдерге қол жеткізеді, екіншіден, айырбас жекелеген құажеттіліктерге сәйкес бөлініп, қойғанды қайта бөледі, сонымен бірге индивидумнан шығатын кез ретінде анықталады.

Несиенің ұдайы өндіріс процесінде бұлай әсер етуі өнім өндіріліп және ұдайы өндіріс субъектілерінің игілігіне түскен кезде, ал айырбас фазасында субъектілердің біреуінде қозғалысы тоқтаған, ауқытша босаған құн мен басқа субъектінің оны қосымша пайдалану қажеттігі арасында қарама-қайшылық пайда болған кезде мүмкін болады. Несие өндіріс факторы бола келе, өндіріс пен үлестіруден шыға отырып қайта бөлу категориясы ретінде өзінің дербестігін жоғалтпайды, шынында тауарлар айырбасының формасы ретінде болады.

Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Құн қозғалысы несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі түрі мәміленің екі түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу -сату мәмілесіне қарсы қойып салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. [2]

Несие экономикалық категория ретінде қарыз мәмілесі негізінде көрінетін және дамитын өндірістік қатынас арқылы анықтау керек. Қарыз мәмілесі несиені экономикалық категория ретінде өз бетінше сипаттамайды, оны осы мәміле негізінде пайда болатын өндірістік байланыстар немесе жүзеге асу формасы - қарыз мәмілесі болып табылатын өндірістік қатынастар сипаттайды. Қарыз мәмілесі тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларына тән. Экономикалық тарихи дамуымен бұл мәмілелер жиілейді, ұлғаяды, жетілдіріледі және жалпылама мәнге ие болады.

Әр түрлі шаруашылық жүйелерінің ауысуына жағдай жасай отырып, өзі де ауысып отырады. Кез келген халық шаруашылығы жүйесінің алдыңғы жүйені жеңетіні және жоққа шығаратыны сияқты несие де бір шаруашылық байланыстардың типі ретінде алдыңғы шаруашылық жүйесіндегі несие жеңуші және жоққа шығарушы болып табылады. Несие мәміле типі ретінде натуралды шарушылықтан тауар шарушылығына өткен уақыттан бері дамып келеді. Несие айырбас процесінің өндірістік байланысының типі, тауарды өндірістің экономикалық категориясы ретінде ғана емес, тауар шарушылығы шеңберінде диалектикалық дамушы құбылыс ретінде де қарастырылуы қажет. Тауар шаруашылығының әр түрлі сатыларының несиелік қатынастарының өзара айырмашылығы, қолдан-қолға өтуі қарыз келісімі арқылы жүзеге асатын әр түрлі объектілердің айырмашылығынан көрінеді.

Несие түсінігі келесі түрде белгіленеді. Бақыланатын халық шаруашылығы құбылыстарының барлық жиынтығының ішінен бәрінен де бұрын қоғамдық өмірде несие деп аталатындары іріктеліп алынады, сонан соң бұл құбылыстар талданады, төмендегідей белгілерге бөлінеді: біріншіден, олардың барлығына тән белгілері, екіншіден, бұл белгілердің ішінен тек осы іріктеліп алынған құбылыстарға тән белгілер ғана сақталынады. Несие деп алатын әлеуметтік байланыстар: әр түрлі тарихи кезеңдерде, тауар шаруашылығының алғашқы пайда болуы кезінде, дамыған нарықтық шаруашылық дәуірінде де бар болған.

Несие қарыз мәмілесі ретінде ежелгі әлемде де, ортағасырлық қолөнер, крепостнойлық шаруашылықта да және дамыған тауар шаруашылығында да кездеседі. Барлық кезде бір анағұрлым жетілген, бір қарыз мәмілесіне кездесіп отырдық, бірақ осы мәмілелер негізінде ұлғайып отыратын құқықтың хатталуы осы мәмілелер болып табылатын өндірістік қатынастардың әр түрлі шаруашылық жүйелерінде бір-бірінен өте қатты айырмашылықтары болады.

Қоғамның негізгі өндірістік байланыстарына сүйенген несиелік қатынастар жекелеген тұлғалар мен кәсіпорындар мен мелекет, мемлекет пен тұрғындар, адамдар әлеуметтік топтарының арасындағы тауарлар айналысы сферасында пайда болды. Айналыс сферасы немесе тауарлар айналысы өндірістік қатынастармен анықталады.

Осылайша белгілі бір өндіріс, белгілі бір тұтынуға, үлестіруге, айырбасқа және осы әр түрлі жағдайлардың бір-біріне белгілі бір қатынасына себепші болады. Өндіріс жағдайындағы айырбас құнның немесе меншіктің бір иесінен басқаға ауысуы тәрізді әр түрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Мұндай тәсілдердің бірі қарыз деп аталатын тауар айналысының бір формасы болған мәміле типі болып табылады. Тауар айналысының мұндай формасы өндірістің ерекше шарттарымен анықталады, осы себептен тауарлардың неліктен шығарылуы уақыт бойынша олардың бағасының өткізілуінен бөлініп қалады. Бұл шарттар мынаған байланысты: «тауардың бір типі өз өндірісіне көп уақытты, ал басқа түрі анағұрлым аз уақытты талап етеді. Әр түрлі тауардың өндірісі жылдың әр түрлі мерзімімен байланысты. Бір тауар өз нарығында пайда болса, басқасы алыс нарыққа сапар шегуі қажет. Сондықтан әлде бір тауар иеленуші келесі бір сатып алушыдан бұрын сатушы ретінде көрінуі мүмкін. Бірдей мәмілелердің бір тұлғалардың арасында жиі қайталануы кезінде тауарларды сату шарттары олардың өндіріс шарттарымен реттеледі. Екінші жағынан, тауарлардың белгілі бір түрін пайдалану, мысалы, үйді белгілі бір уақыт аралығына сатады. Бұл жағдай сатып алушы тек мерзімі өткеннен кейін ғана шын мәнінде тауардың тұтыну құнын алады. Сондықтан ол тауарды төлемі төленгеннен бұрын алады».

Тауар айналысының ішкі мазмұны ретіндегі құн қозғалысы несиенің қажеттілігі туралы түсінікті тереңдетеді.

Несие ұдайы өндіріс процесінің үзіліссіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен келіп шығады. Несие берілген сайын ол шаруашылық субъектілерінің өндірістік капиталы ақшалай (негізгі және айналым), өндірістік және тауарлық формаларда бола алатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезде олардың міндеті әр түрлі. Шеңбер айналымының бірінші сатысында ақшалай қаражаттардың өндірістік құралдарында айналуы жүреді.

Өндіріс процесінің екінші сатысында ақшалай қаражаттардың тауарға айналуы жүреді, өндірістік форма тауарлық формаға ауысады, өндіріс құралдары құнына жаңадан жасалған құн қосылады. Соңында үшінші сатыда тауар өткізіледі және қайтадан ақшаға айналады.
Несиенің мәнін ашу - бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйесінің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын төлеу болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыдағы айтылғандарға қосымша оның құрылымын, қозғалысының заңдылықтарын қарастырып көрейік.

Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналғанын және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады.

Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді. [3]

Кредитор - несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары, өз кезігінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесін басқа субъектілерінен алынған ресурстар бола алады. Қазіргі уақыттағы шаруашылықта кредитор - банк қарызды тек өз меншігінегі ресурстар есесінен ғана емес, оның шоттарына сақтаулы таратылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар акция және облигацияларды орналастыру арқылы жинақталған қаражаттар есебінен де бере алады.

Қарыз алушы - несиелік қатынастың, несиені алушы және алған қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және қарыз алушы -бір-біріне жақын, бірақ шамасы бірдей түсінік емес. Борыш - міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз алушы туралы айту керек. Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік танытатын жекелеген тұлағлар болды. Бастапқыда олар өз еңбектерімен күн көруші ұстаз шаруалар, қолөнершілер болған еді. Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және мемлекеттің өзі де қарыз алушылар ретінде болады. Кредитор және қарыз алушы несиелік қатынас жасай отырып, өз мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін көрсетеді. Несиелік қатынастар аясында кредитор және қарыз алушының орындары ауысуы мүмкін, кредитор қарыз алушыға, қарыз алушы кредиторға айналад. Кредитор мен қарыз алушының өзара әрекеті қарама-қайшылықтардың бірлігі сипатында болады. Несиелік қатынасқа қатысушылары ретінде кредитор және қарыз алушы оның қарама-қарсы жағында тұрады. Кредитор - қарыз беруші жақ қарыз алушы берілген қарызды қайтарушы жақ. Олардың әрқайсысының ұдайы өндірістегі ерекше жағдайларына байланысты өз мүдделері болады. Кредитор анағұрлым жоғары қыраыз пайызына мүдделі болса, қарыз алушы- анағұрлым арзан несиеге мүдделі. Сондай-ақ несиелік қатынастар құрыымының элементі, яғни кредитордан қарыз алушыға берілетін және қарыз алушыдан несие алуға кері қозғалатын объект болып табылады. Беру объектісін қарыз құн жатады. Ол құнның ерекше бөлігі ретін болады. [4]

Несиелік қатынас ішінде құн - ерекше қосымша тұтыну құнына ие. Шынында, ақшаға немесе тауарға тән тұтыну құнынан басқа құн кредитор мен қарыз алушы арасында қозғалыс жасай отырып, ұдайы өндіріс процесін жылдамдатудың ерекше қасиетін алады.

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемасын шешу үшін таратылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады.

Мемлекеттік несие - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. [5]

Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды. Мемлекеттік қарыз алу және борыш сұрақтарының нормаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі (12-бөлім «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі) ;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26. 02. 2009 жылғы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (12-бөлiм «Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар») .

Мемлекеттік несиенің жекеше несиеден айырмашылығы:

Мемлекеттік кредит:

  1. өндірістік және өндірістік емес мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
  2. төлем және сатып алу қаражаттары жұмылдырылады;
  3. өтеу бюджет кірістерінен (негізінен салықтық түсімдердің есебінен) жүргізіледі;
  4. капиталды қолдану сферасын тарылтады.

Ал жекеше кредит:

  1. өндірістік мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
  2. несие капиталы жұмылдырылады;
  3. өтеу қосымша өнім немесе өндіріс процесінде пайда болатын құннан жүргізіледі;
  4. капиталдың қалдану сферасын (өндірістік сфераны) кеңейтеді.

Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағыттылғандықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мелекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:

  • мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
  • алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің - үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтар қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар «», яғни мерзімнен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады. [6]

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 3 бабына сәйкес:

мемлекет кепілдік берген борыш - мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік емес қарыздар сомасы;

мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз.

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексінің 213 бабына сәйкес:

Қазақстан Республикасының қарыз алушы резидентi одан тиесiлi соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң берешектi толық немесе iшiнара өтеуге қарыз берушiнiң алдындағы мiндеттемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк, егемендi) кепiлдiгi (мемлекеттік кепiлдiк) болып табылады.

Мемлекеттiк кепiлдiктер қарыз берушiлерге Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң өздерi алған мемлекеттiк емес қарыздар бойынша мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етуi ретiнде берiледi.

Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттiк кепiлдiктер берудiң айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкiметi ие болады.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруы бойынша мемлекеттiк кепiлдiктер берудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн шарттармен және тәртiппен жүзеге асырады.

Мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш сұрақтарының нормаларын қамтитын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік кодексі (12-бөлім «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш, мемлекет кепілгерлігі) ;

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 26. 02. 2009 жылғы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесі (12-бөлiм «Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздар және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздар») .

1. 2. Халықаралық қаржы-несие институттары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие, мемлекеттік қаржыдағы оның ролі
Халықаралық мемлекеттік несие
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш
Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы
Мемлекеттік кредиттің теориялық аспектілері
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз туралы
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш
Халықаралық мемлекеттік кредит
Мемлекеттік несие мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz