Құқықтық әдет ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
І Құқық НЫСАН ҰҒЫМЫ МЕН мазмұны
1.1 Құқық нысандары түсінігі, түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Құқық нысанының мазмұны мен құрылымы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ ҚҰҚЫҚТЫҚ ӘДЕТ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
2.1 Құқықтық әдет түсінігі, мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21
2.2 Құқықтық әдет ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ

... ... ... ... ... . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
ҚОСЫМША

... ... ... ... ... ... . 28
КІРІСПЕ
Құқықтық әдет нормалары – көп рет қайталана отырып, әдетке айналу
нәтижесінде, соған орай, қоғамдық пікірмен сақталатын және қолдау табатын,
тарихи даму процесінде қалыптасатын нормалар. Ол бүкіл халықтың мүддесін
қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың құралы.
Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы
ережелермен реттейді. Құқықтық норма заңда ресмилендірілген
нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген,
қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық
норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды
бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті
қатынастармен қатар, зиянды қатынастар да бейнеленеді.
Қатынастар құқықтық сипатты тек сол кезде алады, егер әңгіме әлеуметтік
маңызы бар актілерді жүргізуге арналса. Ал, оймен сезімге сәйкес олардың
қимылын көрсетпейтін болса, олардың заңды табиғаты туралы айтып та қажеті
жоқ.
Идеологиялық қатынастар адамның санасына байланысты болады. Оның ең
маңыздылары саяси, құқықтық, моральдық, ұлттық, діни т.б. қатынастар.
Құқықтық нормалар арқылы реттелетін қоғамдық қатынастардың барлық
жиынтығы өзара заңды байланысқан реттелген бұлжымас бір ізді жүйелігінде.
Адамдардың және олардың ұйымдарының арасындағы өмірлік қарым-
қатынастардың әр түрлі жақтары және сыртқы көріністерінің өзіндік нысандары
болады. Олар моральдік, саяси, ұлттық, діни, соған қосымша құқықтың болуы
мүмкін. Әрбір қоғамдық қатынастар қиын және көпжақты құбылыстар, оларға
әртүрлі қоғамдық мүдделердің бөлімдері және қажеттіліктері қосылуы ықтимал.
Кейбіреулері құқықтық реттумен қамтылса, басқалары қамтылмайды. Мысалы,
отбасы өмірінде заңды нысандарға көшетін әдеттегідей, материалдық қарым-
қатынастар адамдардың дінге, өзіне қатынасы, құқықтық реттеу аясынан сыртта
болады. Соған байланысты, қоғамдық қатынастардың бәрі бірдей толық көлемде
заңды нысандарға көшпейді. Құқықтық қатынас адамдар арасындағы құқық
нормаларымен белгіленген анық қатынастарды көрсетеді. Барлық қоғамдық
құбылыстар обьективті түрде заңды бола алмайды. Курстық жұмыста құқықтық
әдет пен нормалардың құндылығы, мазмұны, түсінігі, түрлері,
субъектілері, объектілері мен субъективті заңды құқығы мен міндеттері
толық айқындалған.
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Көлемі 30 беттен
тұрады.
І Құқық НЫСАН ҰҒЫМЫ МЕН мазмұны
1. Құқық нысандары түсінігі, түрлері
Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория - "Мазмұн
мен нысанды" жақсы білу қажет. Мазмұн — белгілі бір заттар мен құбылыстарды
құрайтын элементтер мен процестердің жиынтығы. Ал нысан — мазмұнның өмір
сүру тәсілі, оның құрылымы, ішкі түзілісі. Мазмұн мен нысан қандай
құбылысқа болмасын іштей тән. Сондықтан оларды бір-бірінен бөліп алуға
болмайды. Тек қалыптасқан белгілі бір нысаны бар мазмұн ғана болмақ. Сол
сияқты таза, мазмұнсыз нысан деген де болмайды. Нысан әрқашан да мазмұнды,
мазмұн нысанды келеді. Осы екі категорияның өзара қарым-қатынасында басты
ролді мазмұн атқарады. Мазмұн үнемі дамып, өзгеріп отырады. Мазмұнға сәйкес
нысан да өзгерістерге ұшырайды. Мазмұн нысанды белгілейді. Бірақ нысан да
мазмұннан қалыс қалмайды, өз тарапынан мазмұнға белсенді түрде әсер етеді.
Жаңа, өзінің мазмұнына сай келетін нысан оның дамуына, ілгері басуына
жәрдемдеседі. Ал өзінің мазмұнына сай келмейтін ескі нысан оның дамуына
кедергі жасайды. Мазмұн мен нысанның арасындағы сәйкессіздік ескі нысанның
орнын жаңа нысанның басуымен шешіледі.
Құқық осы философиялық категорияның заңдарына сәйкес дамып, өзгеріп
отырады. Құқық әлеуметтік шындықтың объективтік құбылысының сыртқы нысаны.
Ғылым құқықтың ішкі-сыртқы нысаны болады деп түсіндіреді: ішкі нысаны -
құбылыстың құрылымын, жүйелік элементтерін көрсетеді; сыртқы нысаны -
құбылыстарды құқықтық тұрғыдан анықталған заңды негіздердің жиынтығы.
"Құқықтың нысаны" және "құқықтың негізі" бір-бірімен тығыз байланыстағы
ұғым. Бірақ олардың айырмашылығы, ерекшеліктері бар. Нысан - құқықтың
мазмұнының сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Негіз -
құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін, факторларын
көрсетеді.
Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық, идеалдық
заңды. 1) материалдық негізге - қоғамдағы экономикалық базистың,
меншіктердің талаптарына сәйкес қабылданған нормативтік актілер жатады; 2)
идеалдық негізге қоғамдық идеологияның, сананың талаптарына сәйкес
қабылданған құкықтық нормалар; 3) заңды негізге - қоғам жақсы, сапалы
дамуының талаптарына сәйкес қабылданған нормалар, құқықтық жүйелер. Бұл
көрсетілген үш күрделі бағыттан басқа құқықтық негіздерінің тағы
бірнеше түрлері бар: әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, корпоративтік, діни,
нормалар, заң ғылымының қорытынды ұсыныстары т.б.
Құқықтың негіздері құқықтың жақсы, сапалы дамуына зор әсер етеді.
Керісінше, сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен салдарына қолайлы
жағдайлар жасап, қоғамды жаксы реттеп, басқаруды қамтамасыз етеді.
Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады:
қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік, ұлттық даму процесі,
адамдардың рухани сана-сезімі, халықаралық, мемлекетаралық байланыстар т.б.
Бұл процестердің құқыққа әсері іштей де, сырттай да, объективтік және
субъективтік тұрғыдан да болып жатады. Олардың әсері әр түрлі деңгейде
болады және өзгеріп отырады – бірде күшейіп, бірде бәсеңдеп, әсіресе елде
экономикалық, әлеуметтік жағдай төмендесе, нашарланса халықтың қысымы,
айғайы, тұрақсыздығы күшейеді. Осының бәрі құқықтың мазмұнына, негізіне,
нысанына, сапасына көп әсер етеді. Бұл әсерлердің жақсылыққа апаруы
да,жамандыққа ұшыратуы да мүмкін. Құқықтың негіздері мен нысанының
сапасының деңгейіне қарап құқыққа, қоғамға баға беруге болады.
Құқықтың негіздері мен нысандары әр формацияда әр түрлі болады. Құл
иелену формациясындағы құқықтың негіздері мен нысанының түрлері: діни, әдет-
ғұрып, моральдық нормалар, лауазымды тұлғалардың нұсқаулары, доктриналдық
талқылаулар. Феодалдық құқықтың негіздері мен нысандарының түрлері:
күштінің құқығы - деген атақ (праов сильного) берілген, діни нормалардың
үстемдігі және соттың прецеденты, заңгер ғалымның еңбектері. Буржуазиялық
құқықтың негіздері мен нысандары мемлекеттік басқаруды бірте-бірте күшейте
отырып, қарым-қатынастардың басым көпшілігін құқықтық нормалар арқылы
реттеп, басқаруға көшті.
Сонымен, әр елде құқықтың негіздері мен нысандары қалыптасты. Бір елде
– парламенттің, екінші елде – президенттің, үкіметтің, үшінші елде –
соттың, төртінші елде – діннің рөлі күшейіп отырды. Бәрі бірігіп құқықтың,
мемлекеттің қоғамды басқаруын жақсартуға үлес қосты. Өйткені олар өзара
байланыста болып, бір-бірінің жақсы, заңды тәжірибелерін пайдаланып отырды.

Құқық нысаны деген заңды ұғымды бірнеше ғасырлар бойы әлемдегі барлық
мемлекеттер қолданып келеді. Құқықтың мазмұнының негізгі мәні мемлекеттік
билікті іске асыру үшін, оны уақытында, сапалы орындау үшін қоғамның әр
саласында сан қырлы нормативтік актілер қабылданып жатады. Бұл нормалар
мемлекеттік билікке қоса, қоғамның мүдде-мақсатын, саясатын іске асырып
отырады. Құқықтың нысандарының алдында осы күрделі үш мәселенің тұрғанын
барлық халық, барлық қоғам біледі. Сондықтан құқықтық нормаларды
адамдардың, заңды тұлғалардың басым көпшілігі ерікті түрде орындайды. Бұл
барлық мемлекеттердің, әсіресе дамыған елдердің, тәжірибесінен белгілі
болып отыр.
Құқық нысаны - мемлекеттік биліктің заңға, нормаға айналу түрлері. Бұл
пікірді дүниежүзіндегі мемлекеттердің басым көпшілігі қолдайды.
Құқық нысаны туралы бұдан басқа тағы бірнеше пікір бар: бірінші
құқықтың өмірге келу жолдарын нысан дейді; екінші – мемлекеттік органдардың
қабылдаған актілерін нысан дейді; үшінші – қоғамдағы қатынастарды реттеп,
басқаратын нормаларды құқықтың нысаны дейді. Бұлардың бәрінде шындық бар.
Себебі құқықтың маңызы, рөлі, ықпалы сан алуан. Мұның қайсысын алсаң да
құқықтың неше түрлі маңызы, ықпалы, рөлі байқалады. Соның бәрі құқықтың
нысаны.
Құқық нысанының белгі – нышандары, ерекшеліктері:
1. Қоғамның экономикалық базисына сәйкес қалыптасатын мүдде-мақсатты
іске асыратын нормалар;
2. Халықтың саяси, әлеуметтік, мәдениеттік мақсаттарын іске асыратын
нормалар.
3. Бостандықты, теңдікті, әділеттікті қорғайтын нормалар.
4. Заңдылықты, тәртіпті қатаң қорғайтын нормалар.
Құқық нысанының негізгі түрлері:
Құқықтық әдет-ғұрып, бұл құқықтың негізгі қоғам тарихында мемлекеттің
қалыптасу кезеңінде өмірге келген құқық нысаны. Әдет-ғұрып нормалары
адамдардың қарым-қатынасында көп жылдар пайдаланып, өмірде жан-жақты
тексеру, тәжірибе арқылы қалыптасты. Мысалы: Ману заңы, орыс правдасы,
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, т.б. Әдет-ғұрып
нормалары арқылы қазіргі кезеңде де дамушы елдерде біраз қарым-қатынастар
реттеліп, басқарылып жатады.
Прецеденттік құқық нысаны – белгілі бір іске байланысты қабылданған
шешім және бұл шешім кейін соған ұқсас істерді қарағанда басшылыққа алынып
отырады. Оның екі түрі бар: а) соттық прецедент, ә) әкімшілік прецедент
(басқару органдарының шығарған шешімі).
Заң ғылымы – (құқықтық доктрина) – құқықтың жақсы қалыптасуына,
дамуына, орындалуына көп үлес қосады. Құқықтық сана-сезімнің деңгейін
көтеруге зор әсер етеді. Мұсылмандық елдерде бұл доктрина өте кең шеңберде
қолданылады.
Нормативтік шарттар – қоғамдағы қатынастардың негізі бола алады.
Мысалы, ГФР – ГДР бірігу шарты, мемлекеттердің ара қатынасындағы шарттар,
кәсіпшілер одағының ұжымдық шарттары т.б.
Референдумда қабылданған нормативтік актілер заңның бір түрі. Сондықтан
бұл актілер құқықтың ең күрделі, ең басым негізі. Референдумның түрлері:
жалпы мемлекеттік, жергілікті. Референдум өте саяси жауапты жұмыс, ол саяси
күрестің бір түрі.
Нормативтік–құқықтық акт – мемлекеттік органның қабылдаған – бекіткен
актілері. Қоғамдағы қарым-қатынастардың басым көпшілігін осы нормативтік
актілер арқылы реттеліп, басқарылады. Себебі, біріншіден – нормативтік
актілер арқылы ықшамды түрде норманың мазмұнын түсінікті көрсетуге болады,
екіншіден – құқықтық нормаларды уақытында өзгертуге, толықтыруға, жаңартуға
өте ыңғайлы.
Нормативтік-құқықтық актілердің дамып, нығаю бағыттары:
1. Құқық нысаны туралы арнаулы заң қабылдауды тездету керек. Ол заңды
құқық нысанының барлық түрлерінің маңызын, рөлін көтеруге бағыттау.
2. Кеңес Одағының, дамыған елдердің жақсы тәжірибесін пайдалануға көңіл
бөлу. Ол үшін байланысты дамыту.
3. Қоғамды басқаруда құқықтың реттеуші рөлін, Конституцияның маңызын
күшейту. Бұл екі бағыт құқықтық мемлекеттің қалыптасуының ең шешуші күші,
сенімді жолы.
Құқықтың қоғамдағы атқаратын істері сан алуан. Соған сәйкес нысаны да,
оның түрлері де толып жатыр:
➢ құқықтың тарихи ескерткіштері;
➢ тарихи ескі мұралар;
➢ археологиялық қазба деректер;
➢ заң жұмыстарының тәжірибесі;
➢ заңгерлердің еңбектері;
➢ заң бағытындағы ғылыми еңбектер;
➢ құқықтық шарттар;
➢ нормативтік актілер;
➢ заңдар, заңға тәуелді актілер.
Міне осы көрсетілген құқық нысаны түрлерінің қоғамдағы атқаратын
жұмыстары сан алуан. Оларға жеке-жеке тоқталып, рөлін, маңызын түсінуге
болады.
Мемлекеттік органдардың қабылдаған әдет-ғұрып, дәстүр, мораль, діни
нормаларда әрқайсысы жеке-жеке құқық нысаны болады. Қоғамдағы көпшілік
бірлестіктердің, одақтардың, ұйымдардың, ұжымдардың, саяси партиялардың,
кәсіпкерлер одағының нормаларын мемлекет қабылдаса, оларда құқықтың нысаны
болады.
Құқықтың ең күрделі нысандары:
✓ Құқық салаларының нормативтік актілері;
✓ Қоғам салаларының нормативтік актілері;
✓ Парламенттің, Президенттің, Үкіметтің, министрлік-ведомстволардың
актілері;
✓ Жергілікті органдардың актілері;
✓ Сот жүйесінің актілері.
Заң ғылымында норма, нормативтік актілер, құқық деген ұғымдар бар.
олардың өздерінің жеке-жеке мазмұндары бар.
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормативтік
актілер қоғамның салалық қатынастарын реттеп, басқаратын нормалар жиынтығы.
Құқық – қоғамдағы барлық қатынастарды реттейтін, басқаратын нормалардың
жиынтығы.
Қоғам мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас тәртібі, көптеген
нормалармен белгіленеді, оларды ғылымда нормативті жүйе деп атайды. Бұл
жүйе әртүрлі өмір аясындағы адамдардың тәртібін ретке келтіретін
нормалардың жиынтығы.
Нормативті реттеу жүйесінің өзі, аз дегенде екі жүйеден тұрады: а)
техникалық жүйелер б) әлеуметтік нормалар жүйесі ;
Техникалық нормаларға кең көлемде, адам - машина , адам мен еңбек
құралдары, адам және өндіріс, адам- табиғат (субъекті мен объект)
қатынастарын реттейтін нормалар жатады.
Техникалық нормалардың негізгі айырмашылығы сонда, олар адамдар мен
сыртқы дүниенің (табиғат пен техниканың) қатынастарын реттейді, олардың
Субъективтік құралы тек адамдарға ғана қатысты емес.
Өзгешеліктеріне қарамастан, техникалық және әлеуметтік нормалар бір-
бірімен тығыз байланыста болады.
Мысалы, кейбір топтағы техникалық нормалар, өздерінің маңыздылығына
байланысты әлеуметтік нормалардың заңдарында бекітіліп техникалық –
заңдылық сипаттағы нормалар атауына ие болады. Ол дегеніміз – техникалық
жағдайлар, әртүрлі мемлекеттік стандарттар (ГОСТ ылар), әсіресе суды,
темір жолды және әуе жолдарын пайдаланғанда (техникалық қауіпсіздікті
сақтау). Ол тәртіптерді бұзғаны үшін, заңды жауапкершілік тағайындалады:
мүліктік, әкімшілік – құқықтық және қылмыстық –құқықтық.
Тұрмыста пайдаланылатын техникалық нормалар құқықпен жанаспайды,
сондықтан оларды бұзудан жауапкершілік тумайды (мысалы,әртүрлі тұрмыстық
заттарды пайдалану – телевизорды, тоңазытқыштарды, магнитафондарды
пайдалану кезінде, оның тетіктері дұрыс пайдаланбағандықтан бұзылса, оны
жөндеу соның иесіне жүктеледі). Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды
реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі. Ол бүкіл халықтың
мүддесін қорғаудың, мемлекеттің билігін, саясатын іс жүзінде асырудың
құралы. Құқықтық норма қоғам мүшелерінің мінез – құлқын, іс әрекетін арнайы
ережелермен реттейді.
Жеке дара норма немесе нормалардың бір жүйесі құқық бола
алмайды. Құқық деп қоғамның билігін, саясатын, мүддесін іс жүзіне асыруды
толық қамтыған нормативтік актілердің жиынтығын айтамыз. Сонда да жеке дара
құқықтық норманың маңызы зор. Оның мазмұны өте күрделі мәселелерді:
қоғамдық мүддені, саясатты, мемлекеттік билікті, бостандықты, теңдікті,
әділеттікті, адамгершілікті, заңдылықты, тәртіпті, білімді, ғылымды, рухани
сананы, халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын және тағы басқа
демократиялық іс - әрекеттерді біріктіреді.
Заң нормаларында анықтамалар берілуі мүмкін. Қазақстан
Конституциясында құқыққа мынадай анықтама берілген: Республикада
қолданылатын құқық Констетуцияның, соған сай келетін заңдардың, өзгеде
нормативтік – құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық
міндеттемелерінің нормалары болып табылады. Норма принциптері де болады.
Республика қызметінің түбегейлі принциптері – делінген Констетуцияда, ол –
қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін
эканомикалық даму, Қазақстандық патриотизм, мемлекет өмірінің аса маңызды
мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде Республикалық
референдумда немесе парламентте дауыс беру арқылы шешіледі.
Құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол –
жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды
реттейтін билік. Оған мына белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам,
тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада
қоғам, тұлға үшін пайдалы, қажетті қатынастармен қатар, зиянды қатынастар
да бейнеленеді. Заң бұзушылық қоғамға, тұлғаға шексіз зиян келтіруі мүмкін.
Құқықтық норма осындай іс - әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың
екінші белгісі – ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі (моделі) болып
саналады. Үлгі – оң және теріс мінез – құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға
өзіне жүктелген міндетті қалқысыз орындаса, ол оң үлнгіге жатады. Егер адам
заң бұзса, онда ол теріс үлгіге жатады. Құқықтың норманың жалпыға бірдей
сипаты бар. Құқықтық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді. Ол
реттейтін қоғамдық қатынастарға қатысатындардың барлығы құқықтық норманың
талабына бағынуы қажет. Мемлекет, қоғамдық бірлестіктер, жеке адам заң
нормасының талабын мүлтіксіз сақтауға, орындауға міндетті. Заң нормасының
талабын өз еркімен орындамаса, оны бұзған тұлғаға мемлекет тарапынан
мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Демек, заң нормасын мемлекет қорғайды.
- құқықтың нормалар қоғамды реттеп басқарудың құралы, сол арқылы
адамдардың, заңды тұлғалардың қарым – қатынастарына дұрыс бағыт беріп
отырады;
- құқықтың нормалар қоғамдық құрылыс жүйені қорғаудағы ең сапалы
құрал, нормативтік актілер қоғамға зиянды іс - әрекеттерге жауапкершілікті
күшейтіп отырады;
- құқықтың нормалар қоғамның дамуына пайдалы қатынастарды қолдап,
қолайсыздарын қысқартып, эканомиканың әлеуметтік жағдайдың жақсаруына
мүмкіншілік жасап отырады;
- құқықтық нормалар қоғамда әділеттікті, теңдікті, бостандықты және
тағы басқа демократиялық қағидаларды қалыптастырады;
- құқық нормалар халықаралық, мемлекетаралық байланысты, қатынасты
жақсартудығ құралы;
Құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекетпен қамтамасыз етілетін,
қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма –
құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастарының жақсы дамуының үлгісі деуге
болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың
бостандығын және қарым – қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Адамдардың бостандығын реттейтін норма екі тұрғыдан қарастырады:
Біріншісі – адамдардың өздерінің, өз істерін, өз тәртібін жобалау –
жоспарлауы (ішкі бостандық);
Екіншісі - өз мүдде – мақсаттарын өздері анықтап, оны өздерінің жүзеге
асыруы (сыртқы бостандық).
Қоғамдағы барлық прцесс, барлық қарым – қатынастар құқықтық нормалар
арқылы реттеліп, басқарылып жатады. Нормативтік актілер әлеуметтік жеке
мемлекеттік ықпал ету қасиеттерін біріктіріп, қоғамның дұрыс, жағымды
дамуына, жалпы халықтық тәртіптің нығаюына мүмкіншілік жасап отырады.
1. Норма қоғамға, адамдарға ең қажетті, керекті қарым – қатынастарды
реттеп, басқарып отырады. Ол қатынастардың басым көпшілігі бостандықты,
әділеттікті, теңдікті, адамгершілікті және қоғамның эканомикалық, саяси,
әлеуметтік, рухани, мәдени және тағы басқа даму бағыттарын қамтып, реттеп,
басқарады. Бұл басқарудың негізгі бағыттары, қағидалары Констетуцияда және
заңдарда көрсетілген.
2. Норма көп қатынастардың мазмұнын, орындалу бағыттарын, әдіс –
тәсілдерін алдын ала анықтап, көрсетіп отырады, болашақ қатынастың, оны
реттеудің, орындалуының үлгісінәжасайды. Міне осы үлгілерді зерттеу
арқылы ғалымдар мемлекеттердің өткен тарихымен танысып жатады.
3. нормативтік актілердің көпшілігі өзгермей қатынастарды көп жылдар
дұрыс, жақсы реттеп, басқарып тұрақты нормаға айналады. Бұл екі жақты
әлеуметтік тұрақты процессті типизация деп атайды. Мұның маңызы өте зор.
Заңдылықты нығайтуға, құқықтық тәртіпті сақтауға зор үлес қосады.
4. Нормативтік актілер жалпы мемлекеттік норма, оның орындалуы жалпы
қоғамдық міндет, оны халық түсінеді, біледі. Сондықтан олар ол нормалардың
дұрыс орындалуына үлес қосады. Құқықтық норманың жоғарыда көрсетілген
сипаттары, оның мазмұнын, маңызын, қоғамдағы қарым – қатынастарды реттеп,
басқаруын толық түсінуге болады.
Құқықтық нормасыз қоғамда ешқандай дәрежелі заңдылық, тәртіп, жоспар,
мағыналы, сапалы, қарым – қатынас болуға тиіс емес. Құқықтық норманың
мазмұны толық болуы керек. Сонда ғана оны дұрыс орындауға болады. Өмірде
мазмұны толық емес нормалар кездеседі. Бір нормада қатынастың мазмұны
көрсетіледі, екіншісінде – оны қашан, қандай жағдайда қолдануды көрсетеді,
үшіншіде – қолдану нәтижесін көрсетеді. Үшеуін біріктірсе толық норма болып
шығады. Мұндай норманың құрылысы өте сирек кездеседі. Нормалардың басым
көпшілігі толық түрде болады. Егер де толық болмаса, жетіспейтін
елементтерін сілтеме арқылы тауып алуға болады.
Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субъектілерінің құқықтыры
мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекет пен
қамтамасыз етілетін ереже – қағида. Құқықтық норма заңда
ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол – жалпыға міндетті, мемлекеттің
атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік. Оған мына
белгілер тән. Құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет
қоғамдық қатынастарды бейнелейді.
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын
қалаптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы, тізілу қатары, бағыты,
мақсаты нормативтік актілердің түріне байланысты. Құрылымы жөнінде құқықтық
нормалар екі түрге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп
ережелерінің нормасы.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде
немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының
(салық туралы) заңында норманың элементтері 1 – бабында көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік актілердің
баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі. Құқықтық нормалардың элементтері:
диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция – қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
міндеттерін көрсетеді. Диспозиция норманың дінгегі, құқықтық тәртіптің
үлгісі – моделі. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 482-
бабында, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың
міндеттері мен құқықтарының айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі
болады;
- айқын түрі – диспозицияның мазмұны нормада анық көрсетіледі. Мысалы,
қылмыстық кодекстің баптарына диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі;
- сілтеу түрі – диспозицияның мазмұны туралы басқа нормаға сілтеу
жасалады. Мысалы, азаматтық кодекстің бірнеше баптарына сілтеме
қолданады.
Гипотеза – диспозиция қашан басталады, қашан аяқталады, нормативтік
акті қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық
үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Кодексінің 7 – ші бабы). Гипотезаның үш түрі
болады:
- егерде норманың іс - әрекеті бір жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, мұндай гипотезаны жалпылама деп атайды;
- егерде норманың жұмысы бірнеше жағдайдың болуы немесе болмауымен
байланысты болса, ондай гипотезаны – күрделі гипотеза деп атайды;
- егер де норманың, іс - әрекеті бірнеше жағдайдың біреуін таңдау арқылы
басталса, мұндай гипотезаны алтернативтік гипотеза деп атайды.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз
салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы. Санкцияның үш түрі
болады:
- абсалютті айқын санкция; жұмыстан шығару, қызметін төмендету, айып
төлеу және тағы басқалар:
- салыстырмалы айқын санкция; минимум мен максимумның арасындағы
жауапкершілік (қылмыстық кодекстік баптар);
- альтернативтік санкция. Санкцияның көрсетілген түрлерінің қайсысын
қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Осы үш элементтер толық болса ғана нормативтік акті өз міндетін, өз
ролін дұрыс, уақытында, жақсы орындай алады. Егер де нормада бір екі
элементтері жоқ болса, сілтеме арқылы оларды тауып алу керек.
Нормативтік актілердің жеке баптарында норманың элементтері толық
болмайды. Констетуцияның баптарында тек гипотеза мен диспозицияға ғана
болады. Қылмыстық Кодексте тек диспозиция мен санкция ғана болады. Іс
жүзінде норманың элементтері нормативтік актінің әр баптарында болуы мүмкін
немесе бірнеше нормативтік актілердің баптарында болуы мүмкін. Оны тауып
алуға болады.
Құқықтық нормалардың элементтерінің құрылу тәсілдері.
1. Тікелей норманың үш элементін (гипотез, диспозиция, санкция) толық
келтіру. Мұндай тәсіл нормативтік актілердің көбінде қолданылады. Бұл
құқықтық нормалардың іске асуын, орындалуын жеңілдетеді.
2. Сілтеме тәсіл норманың жетіспейтін элементі туралы осы заңның басқа
бөліміне, тарауына, бабына сілтеме жасалады.
3. Бланкеттік тәсіл – норманың жетіспейтін элементі туралы басқа заңға
қаулыға сілтеме жасау.
Сонымен құқықтық норма, заңның немесе нормативтік актілердің баптарында
элементтердің толық болмауы мүмкін.
Оларды міндетті түрде іздестіріп табу қажет.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр саласына қарай өндірістік, ауыл – шаруашылық құрылыс,
мәдениет, эканомика, әлеуметтік, білім, ғылым тағы басқа бағыттағы
нормалар.
2. Құқықтың саласына қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, жанұя,
азаматтық, қылмыстық, азаматтық – пролцессуалдық, қылмыстық – процессуалдық
тағы басқа салалардағы нормалар.
3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар;
қорғаушы нормалар.
4. Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші нормалар; тыйым
салуша нормалар; ерік беруші нормалар.
5. Норма элементтерінің құрылымына қарай нормативтік актілер үшке
бөлінеді: нақты белгілі нормалар – мазмұны толық анық жазылған элементтері
түгел; салыстырмалы нормалар – мазмұны, элементтері түгел емес, мәселені
болған істің жағдайына қарай шешу; балама (альтернативтік) нормалар – істің
орындалуының, норманың жүзеге асыуының бірнеше бағыты, әдісі болуы.
6. Субъектілеріне қарай нормалар екіге бөлінеді: жалпылама нормалар,
арнаулы нормалар.
7. Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының
қарым – қатынасын реттеп, басқратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық,
заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер инженерлер бағыттағы нормалар.
Міне осы көрсетілген бағыттар бойынша құқық өзінің күнделікті қоғам
өмірін реттеп, басқарып отырады. Мазмұны жағынан құқық нормалары заңдылық
пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы мен міндеттері, заңдарды өзгерту,
жетілдіру, толықтыру жөніндегі пікеірлер мен көз қарастарды жинақтап
құқықтың қоғамдағы міндеттерін орындаудағы жұмысын дамытып, жақсартып
отырады. Құқықтық нормалардың мүлтіксіз орындалуы азаматтарды тәрбиелеу,
бақылау әдістері мен қатар әкімшіліә немесе соттық жауапқа тарту арқылы
қамтамасыз етіледі.
Құқықтық норма – қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік
ережелердің ең күрделі түрі.
Әлеуметтік нормалардың жүйесі дегеніміз, адамдардың тәртібін,
әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін реттейтін
белгілі нормалардың жиынтығы.
Әлеуметтік нормалар – қоғам мүшелерінің әлеуметтік маңызды тәртібінің
жолы. Әлеуметтік нормалар динамикалық жүйенің тұтастығы, қоғам өмірінің
қажетті жағдайы, қоғамдық басқару, мемлекттің ұйымдастыруымен қызмет
жасауын, адамдардың бір – бірімен келісуін және адам құқығын қамтамасыз
ететін құрал. Бұл жүйе, экономикалық, әлеуметтік – саяси және қоғамның
рухани дамуын, адамдардың өмірлік сапасын, тарихын, ел өмірінің ұлттық
ерекшелігін және мемлекеттік биліктің сипатын көрсетеді. Қоғамдық
қатынастарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz