ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..3
1.ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ...4
1.1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ
МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...7
1.2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ
ПРИНЦИПТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..8
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ ҰҒЫМЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН
МАҚСАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
3. ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ
ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
4 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ УАҚЫТ ЖӘНЕ КЕҢІСТІК БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛУЫ...15
5. ҚЫЛМЫС. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ
БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .31
КІРІСПЕ
Қазіргі Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР құқықтық
жүйесіне кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер
орындамаса, өзінін жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және
санкциялаған, белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын ережелердің
жиынтығын құрайды.
Қылмыстық құқық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауаптылықты
қоғамдық әкімшілік шаралармен алмастыру мәселелері қомақты орын алады. Осы
орайда тек қылмыстық заң ғана емес, сонымен қатар, оны қолдану тәжірибесі
де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құқық колданудағы кемшін тұстары
анықталып, оны дамытуға бағытталған ұсыныстар жасалады.
Қылмыстық құқық ғылымы өз пәнін зерттеу барысында диалектиканың
негізгі әдістеріне ғана емес, сондай-ақ, жүйелік, логикалық-құрылымдық,
салыстырмалы құқықтанушылық, нақты әлеуметтік сипатты жеке зерттеу
әдістеріне жүгінеді.
1. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы — ҚР құқықтық жүйесіне
кіретін өз алдына жеке құқық саласы. Ол негізінен, мемлекет, егер
орындамаса, өзінің жазалайтындығын алға тарта отырып, бекіткен және

Қылмыстық құқықтың реттеу аясына мемлекеттік және қоғамдық құрылыс
меншік, жеке адам, құқықтық тәртіп, коршаған орта және т. б. сияқты сан-
саналы қоғамдық қатынастар, соньң ішінде, басқа құқық, салаларымен
реттелетіндері де кіреді.
Қылмыстық құқықты иіндескен құқық салаларынан даралап алуға оның
реттеу пәні, яғни қылмыс жасауға және оған белгілі бір жазалар қолдануға
байланысты туатын қоғамдық, қатынастар негіз болады.
Қылмыстық заң қоғамға қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып
табылатынын анықтап, оларға жаза бекітеді.
Қылмыстық құқық қылмыстық жауаптылықтың жауаптылықпен жазадан
босатудың талаптары мен негіздерін, қылмыстық жазаны іске асыруда, қылмысқа
қарсы күрес пен оның алдын алуда қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің
қатысу нысандарын реттейді.
Қылмыстық құқық пәнінің үш түрлі бағытта шоғырланғандығын байқауға
болады: реттеуші, қорғаушы, қылмыстың алдын алушы коғамдық қатынастар.
Қылмыстық құқықтық қатынастар қылмыс жасаған уақытта оны жасаушы адам
мен мемлекет атынан әрекет ететін оның органдары (анықтау, тергеу, сот,
прокуратура органдары) арасында пайда болып, қылмыстық жауаптылықты
толығымен іске асырған сәтінде аяқталады.
Қылмыстық құқықтың реттеу әдісі қылмыстық құқықтық нормаларды бұзғаны
үшін міндетті түрде қылмыстық жаза қолданылатындығымен сипатталады.
Қылмыстық құқықтың барлық нормалары екіге: Жалпы және Ерекше бөлімге
бөлінеді.
Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен
прициптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау
тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық
жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды
реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды
түзеу ісіне қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын
көрсететін нормалардан тұрады.
Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен
оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары
да Жалпы бөліммен реттеледі.
Жалпы бөлімнің нормалары өзара да, Ерекше бөлімнің нормаларымен де
тығыз байланысты.
Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның
қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.
Құқық саласы ретіндегі қылмыстық құқықтан қылмыстық құқық ғылымы
өзгеше. Ол — қылмыстық құқықтық идеялар мен көзқарастардың, қылмыс пен жаза
және олармен байланысты институттар хақындағы пікірлер мен ойлардың жүйесі,
Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстық жауаптылықтың негіздері мен белгілерін,
мазмұнын аша түседі, қылмыс құрамыньң, сондай-ақ істің қоғамға қауіптілігі
мен заңға қайшылығын жоятын мән-жайлардың түсінігін беріп, белгілерін
зерттейді, алдын ала жасалған қылмыстық әрекеттер үшін, қылмысқа
қатысушылық үшін жауапкершіліктің теориялық негізін жасайды, қылмыстың
көптігіне түсінік беріп, оны топтастырады.
Қылмыстық жазаны реттей отырып, оның мазмұны мен мақсатын анықтайды,
жазаньң жекелеген түрлеріне, оларды тағайындау тәртібі мен негіздеріне
талдау жасайды.
Қылмыстық құқық ғылымында жазадан босату және жаза мен жауапкершілікті

де зерттеледі. Қылмыстық заң мен құқық қолданудағы кемшін тұстары

1..1. Қылмыстық құқықтың міндеттері
Қылмыстық құқықтың міндеттерін оның пайда болуымен тікелей байланысты,
бағзыдан келе жатқан қорғау міндетінен бастауға болады. ҚР Қылмыстық
кодексінің 2-бабында: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен
заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардьң құқықтары мен заңды мүдделерін,
қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Казақстан
Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау,
бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау... міндеттері көрсетілген.
Қылмыстық құқықтың қорғау міндеті туралы сөз қозғағанда екі тұрғыдан
келген ләзім. Алғашқысы, қылмыстық заңның жалпылама ескертпесі (қылмыстың
жалпылама алдын алу міндеті), яғни азаматтарды қылмыс жасаудан тыйым салу
арқылы сақтандыру. Тек қана тыйым салатын нормалар емес, сонымен қатар
кейбір істерді жасауға жол беретін әрекеттермен де (мысалы, қажетті қорғану
мен аса қажеттілік туралы) жалпылама ескертпе жасалады. Өйткені мұндай
нормалардың да қылмыстың алдын алуда өз үлесі бар.
Екіншісі, қылмыстың жеке дара алдын алу міндеті (арнайы ескертпе). Ол
бұған дейін қылмыс жасаған адамдарға қылмыстық жаза медициналық және
тәрбиелік сипаттағы мәжбүрлеу, шартты соттау сияқты шараларды қолдану
арқылы жана қылмыс жасаудан сақтандырады.
Бұлар қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері. Бұдан басқа да
міндеттерді (мысалы, тәрбиелеу) айтуға болады
1.2. Қылмыстық құқықтың принциптері.
Қылмыстық құқықтың принциптері — қылмыстық құқық басшылыққа алатын
оның институттары мен нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын
бастаулар. Олардың бірқатарын санап шығуға болады, бірақ соның, ішінде
төмендегі он принцип: қылмыстық құқықтың басты-басты қағидалары:
1. Заңдылық принципі. Ол қылмыспен күресуді заң шеңберіндегі оның
талаптарын мүлтіксіз орындай отырып, жүргізуге иек артады. Ешкім де соттың
үкімінсіз, яғни заңға қайшы жолмен кінәлі болып табылмайды. Сондықтан да
қылмыстық заң қылмыстардың нақты тізімін көрсетеді. Қылмыстық заң нормасын
ұқсастығы бойынша (аналогия) қолдануға тыйым салынады.
2. Заң алдында азаматтардың теңдігі принципі. Ол адамның тегіне,
әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,
тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне қарамай қылмыстық
заң алдында бірдей жауап беретіндігін көрсетеді. ҚР Конституциясының 14-
бабында Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең,—делінген.
3. Қылмыстық құқық принциптерінің енді бірі — қылмыс жасағаны үшін
қылмыстық жауапкершіліктің тумай қоймайтындығы. Әрбір қылмыс жасаушы
қолымен істегенді мойнымен көтеретінін біліп жүруге тиіс. Бұл принципті
жүзеге асыру нысандары болып мемлекет атынан оның органдарының қылмыстық
істі қозғауы, айып тағуы, соттауы, жаза тағайындауы мен орындауы табылады.
4. Жеке жауапкершілік принципі. Қылмыс жасағаны үшін заңды
тұлғалардың емес, тек қана жеке тұлғалардың (адамдардың) қылмыстық
жауаптылығын көрсетеді.
5. Айыпты жауаптылық принципі қылмыстық әрекет үшін басқа адамдар
(баласы, ата-анасы т. б.) емес нақ сол әрекетті жасаушы адамды жауапқа
тартуды ғана білдірмейді, сонымен қоса оны айыпты түрде жасаған адам айыпты
екенін көрсетеді. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін
(қапылыста, жәбірленушінің кінәсінен т. б.) қылмыстық жауаптылыққа жол
берілмейді.
6. Әділдік принципі объективті, жеткілікті, заңға сөйкес мәліметтерге
сүйене отырып қана қылмыстық жауапқа тартуға болатынын айыптының жасаған
ісі мен тартқан жазасының сәйкес болуын, бір қылмыс үшін қайталап жауапқа
тартуға болмайтынын білдіреді.
7. Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру барысында істі
қатысушылар мен сол ауданның басым бөлігі білетін тілде жүргізу,
сотталушыларды егер қажет етсе, аудармашының қорғаушының көмегімен
камтамасыз ету демократизм принципінің көрінісі болып табылады.
8. Гуманизм принципінің мәні кішігірім қылмыстарды алғаш жасаған
адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза тағайындап, кейде әкімшілік
жауапкершілікпен ауыстыра отырып, қылмыстық жауапкершіліктен толығымен
босатудан, керісінше ауыр қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, ұйымдасқан
құрылымдардың мүшелеріне неғұрлым ауыр жаза қолданудан тұрады.
9. Қылмыстық қудалау шараларын орынды қалдану принципі. Мемлекет
қылмыстық қудалауды (жазаны) қылмыс жасаушының түзеудің басқа жолы
қалмағанда қолдануға шарасыздан барады. Аталмыш принциптің көрінісін
жазаның көлемі мен салмағын қысқартудан, бас бостандығынан айырмайтын
шаралар салмағының өсуінен, орынды жерде оларды әкімшілік немесе қоғамдық
ықпал ету нысандарымен ауыстырудан, кейбір қылмыстарды әкімшілік кұкық
бұзушылық санаттары қатарына қосудан көрінеді.
10. Интернационализм принципі ұлттық теңдікті бұзғаны үшін басқа
мемлекеттің мүддесіне, халықаралық қауіпсіздікке, ұлттар арасындағы
бейбітшілікке қарсы қылмыстар үшін жауапкершілік белгілейтін нормалардан
көрініс табады.
2. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢ ҰҒЫМЫ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН МАҚСАТЫ
Қылмыстық заң — халықтың басым бөлігінің еркі мен құқықтық санасының
көрінісі есебінде ҚР Парламенті қабылдайтын нормативтік актілердің бірегейі
болып табылады. Бұл акт қандай әрекеттер (іс-әрекет немесе әрекетсіздіктер)
қылмыс болып табылатынын оларды жасаушылар қандай жаза қолдану керектігін,
қылмыстық жауапкершіліктің маңызды принциптері мен жалпы ережелерін
анықтайды.
Қылмыстық заң (Қылмыстық кодекс) Қылмыстық кодекстің 1-бабында шегелеп
тұрып көрсетілгендей, қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі болып
табылады. Ешқандай да сот президенті әдет-ғұрып т.б. да актілер қылмыстық
құқықтың қайнар көзі бола алмайды. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге
заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін ғана қолданылуы тиіс, — дейді
ҚР ҚК 1-бабы.
Жалпы заңды, соның ішінде қылмыстық заңды да ҚР Парламенті қабылдайды
дедік. Дегенмен, Конституцияның 53-бабынан Палаталардың бірлескен
отырысында Парламент: ...Президентке оның бастамасы бойынша әр Палата
депутаттары жалпы санының үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын
мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге хақылы,— деген жолдарды оқимыз.
Конституиияның 61-бабының 2-тармағына сәйкес Президенттің заңдар жобаларын
қараудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп
жариялауға құқығы бар. Егер Парламент аталмыш заңды бір ай ішінде
қабылдамаса, Президент жаңа заң қабылданғанға дейін қолданылатын заң күші
бар Жарлық шығаруға хақылы. Осындай Президенттің заң не заң күші бар Жарлық
шығаруға өкілеттігі бар уақыттарда ол қылмыстық зандарды да қабылдауы
мүмкін.
Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауаптылықтың
талаптары мен принциптерін, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама
белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шеңберін,
қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау
арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.
Қылмыстық заң әртүрлі мазмұнда болуы мүмкін. Ол көлеміне байланысты
жеке нормалардан тұратын, біркатар нормалардан тұратын, қылмыстық құқықтық
нормалардың аяқталған жүйесінен тұратын қылмыстық заң болып үшке бөлінеді.
3. ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қылмыстық құқықтық норма үш элементтен: гипотеза, диспозиция және
санкциядан тұрады. Ерекше бөлімнің ережелері, тек диспозиция мен санкцияны
құрайды.
Диспозиция мінез-құлық ережелерін немесе соған байланысты белгіленген
талаптарды бейнелейді.
Гипотеза — норманы іске асыру үшін қойылатын талап.
Санкция — диспозицияда көрсетілген талаптарды орындамаудан туатын
салдар.
Орайы келгенде, гипотеза — егер, диспозиция — онда, санкция —
әйтпесе дегеңді білдіретінін айта кетелік.
Ерекше бөлімнің баптарында нақты қылмыс құрамы қарастырылып, оған
тағайындалатын жаза көрсетіледі. Көпшілік баптар екі немесе бірнеше
бөліктерден тұрады. Диспозиция норманың қылмыстық іс-әрекет немесе
әрекетсіздіктің анықтамасы немесе сипаттамасы берілетін бөлігі. Оның төрт
түрі бар:
1. Қарапайьм түрінде қылмыс белгілері көрсетілмейді (мысалы, 125-баптың 1-
бөлігі. Адамды ұрлау).
2. Сипаттаушы диспозицияда қылмыстық әрекеттің белгілері, көрініс табады
(мысалы, 103-бап. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру).
3. Сілтемелі түрінде сол қылмыстың белгілерін сипаттаған басқа бапқа не
оның бір бөлігіне сілтеме жасайды (мысалы, 106-бап. Ұрып-соғу).
4. Бланкетті түрі, яғни Қылмыстық кодекстің құрамына кірмейтін басқа
ереже, нұсқаулардың нормаларына сілтеме жасайтьш диспозиция (мысалы, 295-
бап. Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану
кауіпсіздігінің ережелерін бұзу).
Санкцияның да төрт түрі бар:
1. Барынша айқын (абсолютті);
2. Біршама айқын;
3. Альтернативті;
4. Сілтемелі.
Санкцияның барынша айқын түрі оң-солына қаратпай тек айқын жазаны
(мысалы, ату жазасы), не нақты мөлшерді көрсетеді (мысалы, тек он бес жыл
бас бостандығынан айыруға). Санкцияның мұндай түрі демократиялық
принциптерге, жаза даралығына қайшы келетіндіктен ҚР ҚК қолданылмайды.
Біршама айқын түрі жазаның төменгі және жоғарғы мөлшерін көрсетеді.
Кейбір Ерекше бөлімнің баптары тек қана жоғарғы шегін көрсетеді де төменгі
мөлшерді атаусыз қалдырады. Ондай жағдайда Жалпы бөлімнен сол жазаның
төменгі мөлшерін білу керек (мысалы, 98-баптың 2-тармағы: бес жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыру; 48-бап. Бас бостандығынан айыру. Алты
айдан он бес жылға дейін...).
Альтернативалы жазада бірнеше жаза түрі мен мөлшері қатар тізбектеліп
беріледі.
4. ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ УАҚЫТ ЖӘНЕ КЕҢІСТІК БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қылмыстық заң қабылданған соң, егер заңның өзінде күшіне енетін уақыты
көрсетілмесе, баспасөз бетінде ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң
заңды күшіне енеді.
Қылмыстық заң жаңа заң қабылданып, ескі заңның күші жойылды деп
танылғанда, не заңда жаңасының ескісінің орнына қабылданғандығы жөнінде
ескертпе болғанда немесе қолданылып жүрген занның онда көрсетілген уақыты
етуіне байланысты заңдық күшін жояды.
Қабылданған жана заңның екі жағдайда:
1) Егер әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятьш болса;
2) Егер жауаптылықты жеңілдететін болса, кері күші болады. Қылмыстық
заңның кері күші жазасын өтеп жүргендерге де, соттағы ісі барларға да
(жазасын өтеп болғандар) қолданылады.
Қылмыстық заңның кері күші деген не? Мысалға, адам 1997 жылдың 2-
желтоксан күні ескі Қылмыстық кодекстің сәйкес бабында көрсетілген қылмыс
жасады да, 1998 жылы 7-қаңтарында ұсталды делік. Дәл осы әрекетті 1998
жылдын 1-қаңтарынан күшіне енген ҚК қылмыс деп таппаса, айыпты жазадан
босатылады. Егер керісінше ескі ҚК қылмыс болып табылмайтын, бірақ жаңа ҚК
қылмыс деп көрсетілген әрекетті жаңа кодекс күшіне енгенге дейінгі уақытта
жасаушы жауаптылыққа тартылмайды. ҚР Конституциясының 77-бабында
жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлатқыш заңдардың кері
күші болмайды, — деп қадап көрсетілген. ҚР аумағында қылмыс жасаған
адамдарға ҚР ҚК қолданылады. ҚР аумағында басталған немесе жалғастырылған
не аяқталған әрекет ҚР аумағында жасалған деп танылады. Жасалған жеріне
байланысты жауапқа тарту қылмыстық жауаптылықтың аумақтық принципі деп
аталады. Мемлекеттік аумақ принципі халықаралык және мемлекеттік құқық
нормаларымен бекітіледі.
ҚР КК 6-бабының 3-бөлігінде: Қазақстан Республикасының портына
тіркелген, ҚР шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде
қылмыс жасаған адам, егер ҚР халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы
Кодекс бойынша қылмыстық жауаптьлыққа тартылады.
ҚР әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам
да, оның қай жерде болуына қарамастан, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа
тартылады делінген.
ҚР ҚК күші республиканың құрлықтық шелфі мен ерекше экономикалық
аймағында жасаған қылмыстарға да қолданылады.
ҚР азаматы немесе азаматтығы жоқ адам республика аумағьнан тыс жерде
қылмыс жасап, жауапқа тартылмаған жағдайда К,Р ҚК бойынша жауапты болады
жөне жаза мөлшері, ол қылмыс жасаған мемлекеттің Қылмыстық кодексінде
көрсетілген жазаның ең жоғарғы шегінен аспауға тиіс.
ҚР аумағынан тыс жерде орналасқан ҚР әскери бөлімінің қызметкері басқа
елде қылмыс жасаған жағдайда, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,
ҚР ҚК бойынша жауапқа тартылады.
Республика аумағынан тыс жерде шет ел азаматы ҚР мүддесіне қарсы
немесе халықаралық шарттарда көрсетілген қылмыс жасағаны үшін (әрине, ол
үшін сотталмаған болса) ҚР КК бойынша ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz