Гумеров шығармалары өшпес мұра



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Машһар Гумеров шығармашылындағы балалар мәселесі

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
ХХ ғ. Қазақ балалар әдебиетінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
Тарау І. М. Гумеров шығармаларында қолданылған көріктеу тәсілдері ... .6-17
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Ата-ана баланың рухани
тірегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-19
2.2. Бала өмірінің айнасы -ұстаз
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-2 0
2.3.Сынып- баланы тәрбиелейтін орта
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21-22
2.4. Ерегіс әңгімесіндегі балалар бала тәрбиесі жөініндегі
негізгі
бағыттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 22-25
ІІІ. Практикалық жұмыс
3- сыныптың ана-тілі Гумеров Орысша да білмейді әңгімесінен сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-29
Гумеров шығармалары өшпес
мұра ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-29
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30-
31

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар әдебиеті - өз даму кезеңінде
өзіндік тарихы бар сала. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау
ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік
жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан үлкен белеске көтерілді.
Көркем әдебиеттердегі баланың, яғни кейіпкердің тілдік ерекшелігі мен
сөз қолданысы, эстетикалық таным деңгейіне сай символдық таңбалардың
қалыптасуының өзіндік ерекшелігі де бар. Осы орайда, жекелеген ақын-
жазушылардың тілдік тұлғасын қарастырған зерттеу еңбектері болғанымен
белгілі бір кезеңге тән балалар тақырыбына жазылған шығармалардағы
кейіпкердің тілдік ерекшелігін, ой-танымы мен болмыс-бітімін салыстыра
отырып, оны антропоцентристік аспектіде, жас ерекшелік психологиясына сай
бала танымын этностың танымдық дүниесімен тығыз байланыстыра зерттеу осы
кезге дейін қазақ тіл біліміндегі когнитивтік лингвистикада арнайы
қарастырылмағаны белгілі. Осыған байланысты таным – мәдениет – тіл
үштігінің принциптері негізінде, балалар шығармаларындағы кейіпкерлердің
танымдық ерекшелігін тілдік фактілер арқылы когнитивтік құрылым тұрғысында
ғылыми талдау қай кезде болса өзекті мәселе болып табылады.
Қазіргі қазақ тіл білімі өзінің дамуында жаңа бағытты басынан өткеріп
отыр. Тілді психолингвистикалық, когнитивтік тұрғыдан қарастыру арқылы
тілші ғалымдар тілдік бірліктердің антропоцентристік сипатын ашуға
мүмкіндік алды. Бұл орайда ономаст ғалым Б.Тілеубердиев Когнитивтік
лингвистика жалқы есімдерді зерттеуде жаңа бағыттарға жол ашады, бұл
дегеніміз бұған дейінгі этнолингвистикалық, дәстүрлі, жүйелі-құрылымдық,
лингвомәдениеттанымдық, әлеуметтік лингвистикалық парадигмаларды жоққа
шығармайды, қайта керісінше ономастикалық процестерді жаңа тұрғыдан көрсету
мен ұғынуға ұмтылыс жасайды. Осыған орай, біздің мақсатымыз қазақ балалар
әдебиетінің ономастикалық кеңістігіндегі жалқы есімдерді тану, ондағы бала
санасы арқылы дүниені тану мен қабылдаудың мәнін ашу болып табылады.
М.Гумеров қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлғалар.
Аталмыш жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлер мен олардың лақап аттары,
жер-су атауларының мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға
негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен повестерінде дүниені
танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы
көрінісі айрықша рең беріп тұрады. Ұлттың болмысына қатысты мұндай құбылыс
Ортаншы ұл шығармасында былай суреттеледі: Тақыр бас бала тақылдап біраз
сөйледі. Алмастың ұққаны: Өлместің шын аты Өлкебай екен. Көршісіндегі бір
келіншек қайынағасының атын атамау үшін, оны ойнап жүрген балалардың
көзінше ылғи Өлмес дей беріпті. Бұл сөз бірте-бірте балалардың құлағына
сіңіп, ақыры олар оны Өлмес деп атай бастапты. Мұндағы бір көрініс, қазақ
халқындағы отбасына келіп түскен келіндердің жаңа түскен үйдегі адамдардың
атын атамай, астарлап жеткізудің әсерінен болғанын байқатса, халқымыздығы
ырым-тыйым сөздердің әсері де болғанын көрсетеді. Мұның өзі адамзаттың,
оның ішінде қазақ халқы, қай кезеңде өмір сүрсе де ұлттық таным мен
ойлаудың ежелгі дәстүрлі тәжірибесіне сүйенетінін байқатады. Жалпы, жалқы
есімдер өз бойында белгілі бір кезеңге, тіпті тұтас бір елдің тарихына
қатысты ақпараттарды жинақтай отырып, көркем мәтіндегі қолданыста ерекше
маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Бала санасында қалыптасқан және баланың физиологиялық, психологиялық
мүмкіншілігін көрсететін дүние – ойынқұмарлығы. Бала қай жаста болмасын,
қандай жағдайда болмасын ойынға деген ынтасы ерекше болады. Сондықтан
халқымызда балаға арналып айтылған ойын баласы деген тіркес қалыптасқан.
Осыған орай тілімізде асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар тұрақты
тіркесінің жиі айтылатыны тағы бар. Айта берсе, балалар ойнайтын ойын
түрлері де көп. Осы ойын түрлеріне қатысты тілдік бірліктер қоры балалар
әдебиетіндегі Ойын баласы микроконцептісінің тірек таңбалар қатарын
толықтырады. Бұл концептілік құрылым М.Гумеров шығармаларында бала танымын
сипаттауда ерекше рөл атқарады. Мысалы, Жетпісбай атайдың әңгімелері атты
әңгімесінде: Бір жерде жігіттер городки ойнап жатыр екен. Ол – ұзындығы
бір сүйемдей кеспелтек ағаштарды неше түрлі етіп тігіп, соларды көздей таяқ
лақтырып, арнаулы сызықтан соғып шығаратын ойын; Күні бойы футбол ойнап,
әбден қалжырадым. Ойын үстінде шаршағаның онша аңғарылмайды. Енді міне, дел-
сал болып, өзімді өзім әрең сүйреп келе жатырмын; Құйылған мол сәуле қыз
көзіне дереу ақ шүберек тарта салып еді, бірер секундқа түк көрмей, ауа
қармалып қалды. Ұйқысы шайдай ашылып, балбырап жатқан қыз бала алма кезек
қуаласқан бұл соқыртеке ойынға ынта-шынтымен араласып кетті деген
мысалдарындағы футбол, соқыртеке, городки тәрізді ойын түрлеріне қатысты
бала қабылдауындағы ақпараттарды индивидтің өзі өмір сүретін ортасына әрі
тәуелділігін білдіріп, әрі оның интеллектуальды, рухани дүниесін
сипаттайды. Балалар тақырыбына жазылған шығармаларда авторлар өз
кейіпкерінің дүниетанымы мен болмысын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын,
жеке қасиеттерін шынайы түрде бейнелеуге ерекше мән берген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің негізгі мақсаты – қазіргі балалар әдебиетіндегі Машқар
Гумеров шығармалары мен әңгімелеріндегі қозғалған балалар мәселесін қамту.
Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
-
балалар әдебиетіндегі кейіпкерлердің тілдік құралдарды – фразеологизмдер,
мақал-мәтелдер, диалект сөздер, өзге де көріктеуіш тәсілдерді қолдану
аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;
- М.Гумеров шығармаларының ұлттық мазмұны негізінде көркем тілінің
концептуалдық құрылымын анықтау;
- балалар әдебиеті кейіпкерлерінің санасындағы эстетикалық танымға сәйкес
символдық ұғымдардың қалыптасуын нақты дәйектеу;
- М.Гумеров шығармаларындағы кейіпкердің сөйлеу мәдениетіне тілдік тұлға
тұрғысынан сипаттама беру;
- шығармада қолданылған онимдерді қазақ тілінің ономастикалық
концептосферасындағы құрылымдармен сәйкестендіре қарастыру;
- балалар тақырыбына арналған шығармалар тілінің бала танымының
психолингвистикалық ерекшелігін айқындаудағы мәнін ашу.
Зерттеу жұмысының нысаны ретінде тіл біліміндегі лингвокогнитивтік,
психолингвистикалық зерттеудің жаңа бағыттарында анықталған танымға сәйкес
балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы алынды.
Жұмыстың кіріспесінде тақырыптың өзектілігі негізделіп, зерттеу
нысаны, мақсат-міндеттері, қолданылған әдіс-тәсілдер, жұмыстың ғылыми
жаңалығы мен нәтижелері, теориялық маңыздылығы мен практикалық құндылығы,
қорғауға ұсынылатын тұжырымдар жинақталып баяндалды. Әр тараудың соңында
және қорытындыда тұжырымдар беріледі.

Тарау І. М. Гумеров шығармаларында қолданылған көріктеу тәсілдері
Жазушы шығармаларындағы жалқы есімдер қаламгердің өскен ортасы мен
дүниетанымы тұрғысынан ұлттық болмысқа негізделген.
Машқар Гумеров өз шығармаларында ономастикалық атауларды талғаммен
қолдана отырып, оған тән мәдени ақпараттарды бала санасында қалыптастыруға
ерекше көңіл бөлген. Яғни, әрбір атауды бере отырып, оның шығу тарихына
тоқтала кетуді мақсат еткен. Әсіресе, қаламгердің Шұңқыртомар, Қорасал
атауларына берген түсініктемелері осыған дәлел. Мысалы: Ауылдың шығыс
жағындағы осы бір үлкен көлдің аты Қорасал. Бұлай аталған себебі: көлдің
орта тұсына таман екі арал бар. Тұрмысқа қолайлы көлді жағалай үш ауыл
қоныс тепкен. Соның бірі- осы Қорасал, екіншісі- теріскей жақта, бір жарым
шақырым жердегі Жалтыр. Колхоз орталығы да жеті жылдық мектеп те сонда [.
Бала қай жаста болмасын, қандай жағдайда болмасын ойынға деген ынтасы
ерекше болады. Сондықтан халқымызда балаға арналып айтылған ойын баласы
деген тіркес қалыптасқан. Осыған орай тілімізде асық ойнаған азар, доп
ойнаған тозар тұрақты тіркесінің жиі айтылатыны тағы бар. Айта берсе,
балалар ойнайтын ойын түрлері де көп. Осы ойын түрлеріне қатысты тілдік
бірліктер қоры балалар әдебиетіндегі Ойын баласы микроконцептісінің тірек
таңбалар қатарын толықтырады. Бұл концептілік құрылым М.Гумеров
шығармаларында бала танымын сипаттауда ерекше рөл атқарады. Мысалы,
Жетпісбай атайдың әңгімелері атты әңгімесінде: Бір жерде жігіттер
городки ойнап жатыр екен. Ол – ұзындығы бір сүйемдей кеспелтек ағаштарды
неше түрлі етіп тігіп, соларды көздей таяқ лақтырып, арнаулы сызықтан соғып
шығаратын ойын деген мысалдарындағы городки тәрізді ойын түрлеріне қатысты
бала қабылдауындағы ақпараттарды индивидтің өзі өмір сүретін ортасына әрі
тәуелділігін білдіріп, әрі оның интеллектуальды, рухани дүниесін
сипаттайды. Балалар тақырыбына жазылған шығармаларда авторлар өз
кейіпкерінің дүниетанымы мен болмысын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын,
жеке қасиеттерін шынайы түрде бейнелеуге ерекше мән берген [2].
Кез келген халықтың мәдениеті сол ұлттың дүниетанымы мен талғамына
тікелей байланысты болып келеді. Халық эстетикалық талғамның нәтижесінде
қоршаған ортадан мол ақпарат жинақтайды. Мұның барлығы ұлттық танымның
жүйесін құрайтыны анық. Соның бірі жас ерекшеліктің деңгейіне байланысты
қоршаған ортаны, дүниені эстетикалық танудың мектеп оқушылары санасында
объективтенуі болып табылады. Жалпы, балалар әдебиеті кейіпкерлерінің
тілінде жалқы есімдердің қолданылуында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ.
Себебі, балалар әдебиетінің негізгі кейіпкері де, оқырманы да – бала. Сол
үшін автор әрбір жалқы есімдерді қолдануда оған байланысты мәдени
ақпараттарды – аңыз-әңгімелер, тарихи оқиғалар, қоршаған ортаға тән
белгілерді балаға ұғынықты, қабылдауға ыңғайлы етіп қолданады.
Қазіргі кезде лингвостилистикалық зерттеулерді жазушының таза тілдік
ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану
ерекшеліктері т.б. сипатта қарастырумен ғана шектеуге болмайды. Мысалы,
көркем мәтіндегі тұрақты тіркестер сөздің эмоциялық – экспрессиялық мәнін
арттырады. Мұндай тұрақты тіркестер арқылы жазушы шығармаларында ұлттық
болмыс пен танымның белгісі айқын аңғарылады. Мысалы: Жоламан тез-тез
адымдап, үй орнындай жерге топтала өскен доланаға таянғанда, Кәрішалдың
даусы пышақ кесті тына қалды деген сөйлемдердегі тұрақты тіркестер арқылы
ақпаратты ықшам, бейнелі түрде берудің өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.
Тұрақты тіркестердің бұл қырының жарқын көрінісін сөз шеберлерінің
тезінен өтіп, шығармашылық көрігінде шыңдалған көркем туындылардан
кездестіруге болады. М.Гумеров те мұндай тәсілдерді өте сәтті қолдана
білген. Мысалы: Шал да, Мұқамеди де, әйелдері де, тіпті кішкентай Садық та
мал емес, ең бір аяулы жақын адамдары өлгендей көздерінің жасы көл болып,
еңіреп жүр деген сөйлемдерден екі қаламгердің кейіпкер психологиясы мен
танымын тұрақты тіркестер арқылы шебер суреттеуін айқын аңғарамыз.
Тілдегі дағдылы қолданыстан тыс құбылысты және көркем шығармадағы
қолданысына қатысты авторлық шығармашылық, стиль табиғатын тануға
көмектесетін, негіз болатын ерекше мәнді бір заңдылық бар. Ол –
окказионализм құбылысы. М.Гумеров шығармаларына талдау жасай отырып,
қаламгерлердің осы дәстүрді шебер пайдалана білгеніне айқын көзіміз жетті.
Мысалы: Отқа тақау үлкен қара табаға жабылған тәрелкенің астынан
құймақтардың құлағы қылтияды. т.б мысалдардағы құймақтың құлағы қылтиды
т.б. авторлық қолданыстардың сәтті пайдаланылғанын байқаймыз [3].
Көркем әдебиетте көп қолданылатын тілдің көріктеуіш тәсілдерінің бірі –
мақал-мәтелдер. Балалар әдебиетіндегі кейіпкер тілінде де мазмұн мен ойды
беруде қолданылған мақал-мәтелдердің қызметі ерекше. Бұл турасында
зерттеуші Ш.Қарсыбекова: Мақал-мәтелдер – қазақ этносына тән дүниетаным
мен сананың айқын айғағы, халық даналығы мен философиялық толғанысының,
эстетикалық танымы мен тағлым-тәлімінің, өркениеті мен мәдениетінің – барша
болмысының айғағы деген пайымдау айтады.
Мұндай орнымен үйлесімді қолданылған мақал-мәтелдер көріктеуіш құрал
ретінде мәтін тілін жандандыра әсерлендіруге қызмет етіп, белгілі бір
құбылыстың негізін дәл бейнелеуде өзіндік ерекшеліктермен жұмсалады. Мысалы
М.Гумеров шығармасындағы: Жаңыл ұлына: - Е, жындымысың? – деп елеусіз
жымың қағып, - Сезікті секірер деген. Ел құлағы елу деген емес пе. Жұрт
кеңседегі шешім жайынан әп-сәтте хабарланып та үлгеріпті тәрізді мақал-
мәтелдерде атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық этникалық көзқарас
пен салт санасы нақты беріліпген және бұл мақал-мәтелдерден халықтың бағзы
замандардан келе жатқан этносқа тән өмір тәжірибесінің көрінісін байқауға
болады [4].
Көркем әдебиет тілі туралы сөз болғанда, әдетте оны құрайтын екі
компонентті ескермесе болмайды. Олардың бірі – авторлық баяндаудағы тіл де,
екіншісі – кейіпкер тілі.
Көркем шығармада кейіпкер табиғатын, болмысын ашуға маңызды көріктеуіш
құралдарының бірі – диалог. Бұл жазушының когнитивтік танымы мен талғамына,
шеберлігіне байланысты. Мысалы, Үш күн, үш түн әңгімесінде бала
психологиясындағы қымсыну, сөзге сараңдықтың белгілерін былай береді:
-Немене, поездан қалып қойдың ба?
-Иә.
- Түу-у, ашықауыз-ай, Мына аязда вагонда отырсаң болмады ма? – Билетің
бар ма?
- Жоқ.
- Түу-у! Поезға қайдан отырып ең?
-Қызылжардан деген үзіндіде диалогтың құрылымдық қызметі тиімді
пайдаланылған. Диалог ауызекі сөйлеу тіліне жататын қарапайым сөздердің
қатысуымен жасалған. Қаламгер кейіпкер аузына түрлі сөз орамдарын салу
арқылы мінезін, атқаратын қызметін, өскен ортасын және қарым-қатынас
жасайтын адамдарды әр қырынан көрсетіп тұр.
Көркем шығармадағы кейіпкер тілінің жасалуы туралы академик Р.Сыздық:
Көркем шығарма тілін талдағанда жазушының суреткерлік шеберлігі мен
эстетикалық мүмкіндігін тануға болады. Жазушының өз шығармасының поэтикалық
деңгейіне сай етіп тілдік құралдарға жүк арта алады ма, әр сөздің, фразаның
құдіретін дұрыс танып, олардың барша потенциалды қабілетін жарата білді ме
деген жайттар осы әңгімеден туындайды деген пікір білдіреді Прозалық
шығармаларда автор диалогты түрлі сипатта қолдана отырып стильдік мақсатта
құрады.
М.Гумеров та монологты беруде кейіпкер тілінің ерекшелігіне аса мән
берген секілді. Ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі
тұрғысынан берілген. Берілу тәсілінің өзі де ішкі монологтың табиғатына тән
қасиетпен, яғни эстетикалық таным арқылы келген.
Шығармада бала ойының монолог арқылы берілу құбылысы Қала және қыз
бала әңгімесіндегі басты кейіпкер Айгүлдің: Аспандап ұшқан ақ құстар-ау,
білесіңдер-білмейсіңдер, бойыма біткен бар ақтығым мен пәктігімді сендерге
сыйладым, ол аз болса, күміс қоңыраудай сыңғырлаған ән-үнімді қоса ұсынып,
асыл мен жасыл қасиетімнің бәрін қарымта тілемей құрбан еттім. Аяққа
жығылып сұрайтыным – айналып кеп, алақаныма бір қонып кетіңдер, асыл мен
жасылдың бодауы, қайтқан қаруы сол болғай! Көп кергімей қонып кетіңдер
деген монологы арқылы бала психологиясының тағы бір қырын аша түскен [5].
Көркем прозадағы бейнелеу тәсілдерінің бірі – мінездеу. Шығармада
кейіпкер характерін сомдау, оның кескін-келбетін, сөйлеу мәнері мен
психологиялық көріністерін, мимикасын бейнелеу шығарманың желісі мен
композициялық құрылымын жетілдіруде маңызы зор. Мысалы, Мен болсам ағайыма
тартпағанмын, тез ысып, тез суимын. Ыза болсам, күйіп-жанып дызақтап кетем.
Ойланбай істеп, ойланбай сөйлеп, өкінетін кездерім көп болады. Соңынан сол
үшін өзімді өзім жек көріп жүрем. Ал Саматтың жүріс-тұрысы, жаратылыс, бас
терісі басқа жаратылған бала. Қазан бас сары, бұйығы, тік мінез. Жүрісі
сылбыр, сөзі аз т.б. мысалдардан шығармадағы кейіпкердің шынайы мінез-
құлқын, психологиялық ахуалын, көзқарасын анық байқауға болады [6].
Көркем шығармада жиі кездесетін көріктеу тәсілдерінің бірі – суреттеу.
Оқиға құбылыс жайын, кейіпкердің сыртқы бейнесін, мінез-құлқын
беруде болсын жазушы суреттеуге көп барады. Суреттеу арқылы қаламгерлер өз
кейіпкерінің нақты образын, түрін, болмысын дәл беруге тырысады. Мысалы:
Бойы менің бойымнан мұншалық ұзын, жуан мойын, сом денелі, қарынды кісі
екен. Түсі сұрлау, көздері кішілеу адам екен. Құлақ-мұрны, ерні жырым-
жырым, беттерінің әр жері тыртық, саусақтарына қарасам, бір саусағының өзі
менің мына үш саусағымдай екен. Қап-қалың еріндері сөйлегенде икемге
келмей, сөзді добалдап бұзыңқырап сөйлейді тәрізді суреттеуде М. Гумеровтың
көркемдік әлемінде кейіпкер әрекеті мен болмысына, өмір сүру ортасына тән
психологиялық мән жатыр. Былай берілген: Біздің ауылда Жетпісбай атты бір
атай бар.Әр кезде түрлі себептермен оның жеті мүшесі зақымдалған екен. Атап
айтқанда:1. Оң көзі жоқ, орнында тек ағараңдаған без сияқты ет бұлтиып
тұрады. 2.Сол құлағы жұлынған, содан түп жағы шұнтия түрісіп қалған. 3.
Мұрны сол жағына қарай қисық, сол себепті оң жақ танауы үңірейіп көрінеді.
4. Аяғы ақсақ. 5. Сол қолы шолақ, шынтағына дейін жоқ.
Қазіргі кезеңде қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметінің
өрістеп, дамуымен байланысты әдеби тілдің функционалдық-стильдік жақтан
саралану үрдісі тереңдей түсті. Осыған байланысты диалектизмдерді де әдеби
тілдің нормасымен сыйыспайды деген қауіптен гөрі жергілікті тіл
ерекшеліктері ұлттық әдеби тілді байытудың қайнар көзі деген пікірлер де
көп айтыла бастады. Бұл құбылыс көркем шығармалардағы балалар тақырыбына
жазылған әдебиеттердің тілінде жергілікті тілдің ерекшеліктеріне орай
шынайы берілген. Мысалы, қаламгерлер өз шығармаларында диалект сөздерді
бала тілінің қолданысына сай былайша береді: Арық тізесі ағаштай сорайып,
иегін тіреген аурушаң шешем жез шәугімнен ақ су құйып отыр. Жарты сағаттай
әуреленіп, бір құшақ шөпті зорға жұлдым. Шіркін, шотаяқ болса! – деймін
өзіміздің қораны еске алып. –Онда мына маяны оп-оңай үңгіп кірер едім .
Электр шамдары сонау аумақта ауланың дарбазасынан басталды да, сонсын
сенекке кіре берісте, сенектің ішінде, коридорда, бөлмелерде бірден-бір
жарқырап тұр деген мысалдардағы шәугім, шотаяқ, сенек т.б. тілдік
бірліктер белгілі бір аймақта айтылатын сөз сол өңірдегі тұрғындардың
кәсібіне, шаруашылығы мен мәдениетіне, өнер мен салт-дәстүріне т.б.
байланысты этнолингвистикалық лексиканың құрамында әдеби тілді байытуда
пайдасы орасан зор [7].
Көріктеуіш құралдар – шығарманың өңін кіргізетін ең ұтымды тәсіл. Оның
ішінде теңеулердің мәні ерекше зор. Сондай-ақ автор тілінде теңеулер
өңдеуден өтіп, жаңаша қырынан көрініс береді. Мысалы: Оның ақ шаршысының
шетінен көрінген шашы қабырғадағы кішкене әйнектен түскен күн сәулесімен
шағылысып, аққудың мамығындай ағара үлпілдейді. т.б. Бұл тілдік
тәсілдердің барлығы да көркем шығармада белгілі бір стильдік мақсаттарға
орай қолданылатынын байқаймыз. Көріктеуіш құралдар кейіпкердің мінез-
құлқын, психологиялық ахуалын, эмоциясын дәл беруге жағдай жасайды. Бұл
айтылған мәселелер балалар әдебиетінің кейіпкерлерімен тығыз байланысты.
Себебі, бала тілінде де ұлттың рухани құндылығы ретінде ана тілінің бейнелі
сөз оралымдары жиі қолданылады.
Көркем әдебиеттерде кездесетін кісі есімдерінің ендігі бір түрі –
лақап аттар. Алдын-ала анықталмай, таңдау нәтижесінде пайда болған
есімдердің қатарына осы лақап аттарды жатқызуға болатын тәрізді. Себебі,
көркем шығармадағы лақап аттар автордың шығарма тақырыбы мен мазмұнына сай,
ондағы кейіпкерлердің жас ерекшелігіне байланысты әдейі таңдап алынған
есімдер болып келеді. Бұл - балалар әдебиетінің кейіпкерлеріне тән дүние.
Біз өз жұмысымызда профессор Т.Жанұзақовтың: Лақап есімдердің табиғатын,
оның әртүрлі қасиет-сипаттарын социолингвистикалық тұрғыдан зерттеудің мәні
айтарлықтай. Лақап есімдердің түрлері, әрбір адамның мінез-құлқы, жүріс-
тұрысы, адамдармен өзара қатысына т.б. байланысына тағылған лақап есімдер
тілімізде аз емес. ...Әсіресе мектеп оқушыларының лақап есімдерін
социолингвистикалық тұрғыдан зерттеу өте қызықты да, ғылыми тұрғыдан
салиқалы болары сөзсіз деген пікірін басшылыққа алдық .
Көркем әдебиеттегі балалар тақырыбына жазылған шығармаларда кейіпкерге
лақап есім қоюдың өзіндік ерекшелігі де бар. Ол шығармадағы кейіпкерлердің
жас ерекшелігі, іс-әрекеті, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, келбетіне байланысты
лақап есімдерді дәл тауып қоюы.. Мысалы, Сабаз бен Нөкербек
әңгімесіндегі: Құдықтың суын төге бастағанда, бала-шаға қаптап кетті. Уақ
балаларды былай қойғанда, үлкендеулерінен Сабаз, Нөкербек, Өміртай, Кетік
Кетебек, Шұнақ Шотбай, Тағай таз, Дөңмұрын – бәрі сонда деген мысалдардан
шығарма кейіпкерлерінің есімдері осыны аңғартады. Бұл сонымен бірге балалар
арасында кез келген есімге лақап ат беруде объектіге қатысты физиологиялық,
психологиялық фактілерді қалт жібермей, дәл қоя білетінін көрсетеді [8].
Бала ұғымына қатысты білімдердің концептуалдық жүйесін сонау ауыз
әдебиеті үлгілерінен бері қарай топтастырсақ, онда халқымыздағы бесік жыры,
ертегілер, аңыздар, батырлар жырынан бастау алып, бүгінгі біз сөз етіп
отырған ақын-жазушылардың шығармаларымен тығыз байланысып жатыр. Оның
ішінде поэтикалық мәтіндер мен прозалық шығармалардың тілдік тұлғасындағы
бірегейлік пен концептуалдық ұқсастық анық байқалып тұрады. Ал біз
қарастырып отырған қаламгерлердің шығармаларындағы Жалғыздық концептісі
де ұлттық таным тұрғысынан айқын көрсетілген. Біз зерттеу нысаны етіп алып
отырған қаламгерлердің қайсысын алып қарасақ та бір ерекшелігі сол,
шығармаларындағы кейіпкерлердің негізі ата-анасының жалғызы болуында.
Балалар тақырыбына жазылған шығармаларда жазушының танымдық білімдер
жүйесін зерделейтін концептінің бірі – Бала концептісі. Аталған
концептілік құрылым жоғарыда айтылған үш қаламгердің тілінде ерекше сипатқа
ие. Мысалы, Қала және қыз бала әңгімесінде Кіріп барсам, өңкей үпір-
шүпір ұсақ бала бөлмені басына көтеріп, у да шу. Кейбірі асыр салып, қым-
қуат ойнап жүр. Екеу-үшеуі шекісіп үлгерген бе, ұрттары салбырап, бұрыш-
бұрышта томсырайып отыр деген мысалдан, Мен... Менікі...Маған!
әңгімесіндегі. Баланы ұрсып-зекіп немесе ұрып-соғып тәрбиелеу Тоты әжейдің
әдетінде жоқ-ты. Өйтіп қорқытып тәрбиелеген бала өсе келе жасқаншақ,
жағымпаз адамға айналады, әйтпесе, керісінше, кектеніп жауыз болып өседі
деген мысалдарда берілген көркем әдебиет стилін қай тұрғыдан қарасақ та
автордың айтпақ ойын, сезімін, санадағы түсінігін таныту үшін
қолданылып тұрғаны белгілі.
Балалар тақырыбына жазылған көркем шығармалардағы кейіпкердің тілдік
тұлғасын қарастыра отырып, жазушылардың тақырыптық, мазмұндық және
концептілік жүйенің құрылымы жағынан стилі бір-біріне өте жақын екенін
байқадық. Мысалы, Достық концептісінің вербалдануын мына мысалдардан
көруге болады: Осы тектес сауал Сабаздың өзін де мазалап келе жатқан-ды.
Досы мұның ойының үстінен түсіп отыр. Егер өстетін болса, бұлар өздерінен
бірер жасы кіші Тоғайдың обалына қалады ғой.
Балалар әдебиетіндегі кейіпкердің таным мәселесін концепт тұрғысынан
қарастыру арқылы ұлттық болмыстың тілдегі көрінісін, тіл фактілері мен
ұлттық құндылықтар жүйесін, халықтың танымдық, этика-эстетикалық
категорияларын, рухани мәдениетін тану, олардың қызметі мен орнын анықтау
деп түйіндеуге болады. Осы орайда когнитивтік лингвистика пәнінің зерттеу
объектісінің ауқымы ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтардың тілдегі
көрінісі көркем шығармаларда берілуі арқылы кеңейе түсетіні байқалады.
Мысалы, Достық концептісін құрайтын Ел құлағы елу, Отыз тістен шыққан
сөз отыз рулы елге тарайды дейді халық. Әркімнің-ақ сырын ашатын үш-төрт
жақын адамы, сендерше айтқанда досы болады. Ол достарының да сыр шешетін үш-
төрт досы бар емес пе?. деген сөйлемдерде достық туралы тілдік ақпараттар
берілгенімен, негізгі мазмұн толық көрсетілмеген. Оның себебі шығарма
толықтай достық тақырыбына құрылмаған, тек кейбір фрагменттер беріліп
отырған.
Мектеп жасындағы бала танымында екі, үш - жаман деген мәнді, төрт
пен бес - жақсы деген ұғымды жинақтайды. Біз жұмысымызда мұны Баға
концептісі деп қарастырдық. Бұл жас ерекшелік психологиясына сай, бала
санасындағы жақсы, жаман ұғымын қоса білдіреді [8].
- Үш дейсің, ә? Сабағың мәз емес-ау, балам. Бүркітбай шал баласын
дұрыстап баға алмады,- дейді ғой жұрт
Баға - экономика саласының термині ретінде белгілі. Баға алыс-
берістің нәтижесін белгілейді. Бұл атау мектеп оқушысының ой-танымында
білім деңгейін жаман, орта, жақсы, өте жақсы деп бағалайтын ұғым ретінде
қалыптасқан.
Мектеп оқушысындағы танымдық білімдер жүйесі ең бірінші өзін қоршаған
ортамен, күнделікті қарым-қатынас дәрежесімен тығыз байланысты. Мысалы,
бала санасына ең жақын ұғымдарға – мектеп, оқулық, күнделік, класс, сабақ
тәрізді сөздерді жатқызсақ, мектеп оқушысының күнделікті іс-әрекеті осы
ұғымдармен тығыз байланысты және осы ұғымдар туралы белгілі бір деңгейдегі
әлеуметтік, мәдени ақпараттардың жиынтығы Мектеп концептісінің
ассоциативтік өрісін құрайды. Бірақ бала танымындағы концептілік құрылымның
барлығы бір деңгейде болмайды. Мектеп концептісін алсақ, қоршаған ортаның
әлеуметтік жағдайына сай түрлі сипатта объективтенетінін байқаймыз.
Балалар! Біз бұрын отряд жиынына әр салада жұмыс істейтін адамдарды
шақырып, мамандық таңдау туралы екі-үш рет әңгімелесіп едік. Биылғы оқу
жылының аяғында осы ауылдағы клубта жалпы мектеп бойынша мамандық таңдау
кеші өткізіледі т.б. сөйлемдерде берілген концептілік құрылымның мазмұнында
ауыл мектебінің бала танымындағы сипатын аңғарамыз.
Осы мысалдардан баланың әлеуметтік ортасына байланысты ауыл мен қала
мектептерінің ерекшелігін айқын аңғаруға болады [9].
Бала санасында қалыптасқан және баланың физиологиялық, психологиялық
мүмкіншілігін көрсететін дүние – ойынқұмарлығы. Бала қай жаста болмасын,
қандай жағдайда болмасын ойынға деген ынтасы ерекше болады. Сондықтан
халқымызда балаға арналып айтылған ойын баласы деген тіркес қалыптасқан.
Осыған орай тілімізде асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар тұрақты
тіркесінің жиі айтылатыны тағы бар. Айта берсе, балалар ойнайтын ойын
түрлері де көп. Осы ойын түрлеріне қатысты тілдік бірліктер қоры балалар
әдебиетіндегі Ойын баласы микроконцептісінің тірек таңбалар қатарын
толықтырады. Бұл концептілік құрылым М.Гумеров шығармаларында бала танымын
сипаттауда ерекше рөл атқарады. Мысалы, Жетпісбай атайдың әңгімелері атты
әңгімесінде: Бір жерде жігіттер городки ойнап жатыр екен. Ол – ұзындығы
бір сүйемдей кеспелтек ағаштарды неше түрлі етіп тігіп, соларды көздей таяқ
лақтырып, арнаулы сызықтан соғып шығаратын ойын деген мысалдарындағы
городки тәрізді ойын түрлеріне қатысты бала қабылдауындағы ақпараттарды
индивидтің өзі өмір сүретін ортасына әрі тәуелділігін білдіріп, әрі оның
интеллектуальды, рухани дүниесін сипаттайды. Балалар тақырыбына жазылған
шығармаларда авторлар өз кейіпкерінің дүниетанымы мен болмысын, қоршаған
ортамен қарым-қатынасын, жеке қасиеттерін шынайы түрде бейнелеуге ерекше
мән берген.
Кез келген халықтың мәдениеті сол ұлттың дүниетанымы мен талғамына
тікелей байланысты болып келеді. Халық эстетикалық талғамның нәтижесінде
қоршаған ортадан мол ақпарат жинақтайды. Мұның барлығы ұлттық танымның
жүйесін құрайтыны анық. Соның бірі жас ерекшеліктің деңгейіне байланысты
қоршаған ортаны, дүниені эстетикалық танудың мектеп оқушылары санасында
объективтенуі болып табылады. Бұлай бөліп қарастыратын себебіміз, ересек
адамдарға қарағанда дүниені танудың санадағы мотивтері бала санасында
бастапқы деңгейде, қарапайым үлгіде қалыптасатындығында. Бала сонымен
қатар, үлкендерден естіген ғажайып дүниелерді, оқыған кітаптардан алған
көркем қиялын өзін қоршаған ортада іске асыру үшін еліктеу әрекетіне де жиі
барады. Бұл құбылысты М.Гумеров та өз шығармаларында шеберлікпен көрсете
білген.
Бала психологиясын зерттеушілердің тұжырымынша әрбір баланың тілдік
қорының дамуы, сөздік қорының жан-жақты жетілуі, оны қоршаған ортамен тығыз
байланысты. Әсіресе мектеп оқушыларының ойлау мен таным дүниесі өзара
тығыз қарым-қатынастағы ортамен нақты байланыста болады. Баланың
дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның
алғашқысы - машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене
қайталау. Балалардың кез келген нәрсеге ерекше әуес болатындығы, әр нәрсені
білуге, көруге, ұстауға, естуге, тіпті, дәмін татуға әуес болатындығы да
сондықтан. Екіншіден, бала жан дүниесі эмоцияға бай, әсершіл болып келеді.
Бұл, әсіресе, жеткіншек жаста ерекше байқалады. Олар ересек адамның ойына
келмейтін қисындар тауып, сол ойларын жүзеге асыруға талпынады. Бұл құбылыс
біздің зерттеу нысанымыз болып отырған М.Гумеровтың да балалар тақырыбына
жазылған шығармаларындағы кейіпкерлердің психологиясы мен мінез-құлқынан,
дүниетанымы мен болмысынан айқын аңғарылады. Бұл қаламгердің қай-қайсысында
да бала психологиясына тән ерекшеліктердің дәл берілуі шығарма тілінің
шынайылығын танытады [10].
Қазіргі таңда психолингвистикада ғалымдар сөздің коммуникантқа әсерін,
ақпараттардың қабылдануы мен жадта сақталуын жан-жақты зерттей отырып, тіл
ғылымында синэргетика терминін қолданып жүр. Синэргетика – бұл сөздің
қуатын, адам мен тілдің арасындағы байланысты қарастыратын сала деп
түсінеміз. Синэргетика – құрылым элементтері мен қоршаған орта энергиясының
арасындағы байланысты зерттейтін ғылыми бағыт. Синэргетика
лингвомәдениеттанымдық зерттеудің әдістемелік құрылысы және тұспалдай айту
белгілерінің бейнелілігін туындатудың көзі болып табылады. Синэргетика
тұспалдай айту белгілерінің поэтикалық энергиясын лингвомәдениеттанымдық
зерттеу әдістемесі (ментальдік сұлба және эвристикалық көзқарас)
философиялық аспектісінің аса маңызды элементі болып табылады. Осыған
байланысты бейнелі сөз синэргетикасын тану оның қалыптасуы мен сөйлемде
қолданылу факторларын кең ауқымда қарастыруды топшылайды. Көркем шығармада
кездесетін синэргетикалық тілдік бірліктерді үш топқа бөліп қарастыруға
болады: 1. Жағымды энергиялық қуатты сөздер; 2. Жағымсыз энергиялық қуатты
сөздер; 3. Тілек ұғымды беруші қуатты сөздер.
Жағымды энергиялық қуаты бар тілдік бірліктер көркем шығармада,
әсіресе, балалар әдебиетінде жиі қолданысқа ие болады. Мұндай тілдік
бірліктердің бағалауыштық сипаты басым болып келеді. Мысалы, Оқтаулы
мылтық әңгімесінде берілген: -Е, айналайын-ай, сәби кезіңді сағынған
екенсің. Ал, ала ғой. Айнымай маған тартқансың. Мен де атаң отауының
табалдырығын аттағанша еркекшора атанған едім. – Жадырап сала беремін. Әжем
аузынан: айнымай маған тартқансың, - деген сөз шықса, бітті, қалағаныңды
алады тәрізді мысалдағы Е, айналайын-ай, айнымай маған тартқансың
тіркестерінің семантикасы бала санасында еркелету, өзімсіну, жақсы
көру ұғымдарын бейнелейді. Мұндай сөздердің қуаты бала санасына жылдам
әсер етеді.
Ал тілек ұғымды беруші қуатты сөздер көбіне жасы үлкен ересектер
тарапынан бала санасына дайын код түрінде берілетін мәдени ақпараттар.
Мұндай тілдік бірліктерде жағымсыз тірліктерден аулақ болу, үлкенді
құрметтеу, адамдық қасиетті жоғалтпау тәрізді ұғымдардың тілдік
семантикасы объективтенеді. Мысалы: -Аймаған, Қанат, бері қараңдар, - деді
әжей. – Қыз бала - өмірдің гүлі. Өздерің қараңдаршы, Дәрігүл шынында да гүл
сияқты ғой. Сен екеуің де Дәрігүлді құрметтеп, қорғап жүріңдер. Оған сыпайы
сөйлеңдер. Сонда ол да сендерді жақсы көретін болады.Әжей осы тәріздес
сөздерді күнде дерлік қайталап, күтіміндегі екі ұлдың құлағына құя береді.
қарағым, ылғи тату болыңдар, сыпайы сөйлеңдер тәрізді тілдік бірліктерден
осы құбылысты айқын аңғарамыз.
Кез келген адамның өзін-өзі ұстауы, сөйлеуі әр ортада әртүрлі болады.
Мысалы, адам өзімен-өзі қалғанда өзін ұстауы бір бөлек те, ал белгілі
ортада өзін ұстауы мүлдем басқаша болуы мүмкін. Осы тұрғыда оның тәртібі,
жүріс-тұрысы, сөйлеуі, қимыл-қозғалысы ортаға байланысты болады.
Танымайтын, бөгде адамдармен қарым-қатынас жасауда өзін ұстауы бір басқа
да, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар әдебиеті тілінің танымдық құрылымы
Қазақ кеңес балалар әдебиетінің бала тәрбиесіндегі маңызы
Балалар әдебиеті тілінің когнитивтік негіздері
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы (Б. Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың шығармалары бойынша)
Балалар әдебиетінің үлгілері
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы
ХIХ ғасырдағы қазақ- татар әдеби байланыстары
Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрасы
Бердібек Соқпақбаев прозасы
Балалар поэзиясы мен драматургиясы
Пәндер