Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары


Мемлекеттік құпия саласындағы қатынастарды
құқықтық реттеу
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Мемлекеттік құпия туралы түсінік
II. Негізгі бөлім
2. 1 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары
2. 2 Әскери саладағы мемлекеттік құпиялар
2. 3 Экономика, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік құпиялар
2. 4Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мемлекеттiк құпиялар
III. Қорытынды
Қолдынылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мемлекеттiк құпиялар
- таратылуын мемлекет жалпы қабылданған халықаралық құқық нормаларына қайшы келмейтiн әскери, экономикалық, ғылыми-техникалық, сыртқы экономикалық, сыртқы саяси, барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-iздестiрушiлiк және өзге де қызметтi тиiмдi жүзеге асыру мақсатымен шектейтiн, мемлекет қорғайтын мемлекеттiк және қызметтiк құпияларды құрайтын мәлiметтер;
мемлекеттiк құпия
- жарияланған немесе жоғалған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне нұқсан келтiретiн немесе нұқсан келтiруi мүмкiн әскери, экономикалық, саяси және өзге де сипаттағы мәлiметтер;
қызметтiк құпия
- мемлекеттiк құпияның құрамына кiруi мүмкiн, жарияланған немесе жоғалған жағдайда мемлекеттiң ұлттық мүдделерiне, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн жекелеген деректер сипаты бар мәлiметтер;
құпиялылық белгiсi
- беру көзiнiң өзiнде және (немесе) оған iлеспе құжаттамада көрсетiлетiн, беру көздерiнде қамтылған мәлiметтердiң құпиялылық дәрежесiн куәландыратын деректемелер;
мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерге рұқсат ету
- өкiлеттi лауазымды адамның рұқсатымен нақты адамды мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтермен таныстыру;
мемлекеттiк құпияларға рұқсат ету
- азаматтарға мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерге рұқсат етiлу, ал ұйымдарға - осындай мәлiметтердi пайдалану арқылы жұмыс жүргiзу құқығын ресiмдеу рәсiмi;
мәлiметтер мен олардың көздерiн құпияландыру
-
мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүдделерiн көздеп, мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтер таратуды және олардың көздерiне рұқсат етудi шектеу жөнiндегi шаралардың жиынтығы;
мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтер көздерi
- мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiмет нышандар, үлгiлер, белгiлер, техникалық шешiмдер және процестер түрiнде өз көрiнiсiн табатын материалдық объектiлер, оның iшiнде физикалық өрiстер;
мәлiметтердi құпиясыздандыру
- мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгi мүдделерiн көздеп, мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi таратуға және олардың көздерiне рұқсат етуге белгiленген шектеулердi алып тастау жөнiндегi шаралардың жиынтығы;
мемлекеттiк құпияларды қорғау жүйесi
- мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарының, олардың мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi және солардың көздерiн қорғауда пайдаланатын құралдары мен әдiстерiнiң, сондай-ақ осы мақсатта жүргiзiлетiн шаралардың жиынтығы;
мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қорғау құралдары
- мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қорғауға арналған техникалық, криптографиялық, бағдарламалық және басқа да құралдар, олар iске асырылған құралдар, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғаудың тиiмдiлiгiне бақылау жасау құралдары;
мемлекеттiк құпияларды жария ету
- мемлекеттiк құпияларды олармен танысуға құқық берiлмеген заңды және жеке тұлғаларға хабарлау, беру, табыс ету, жiберу, жариялау немесе кез-келген басқа әдiстермен жеткiзу;
мемлекеттiк құпияларды жоғалту
- мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердiң жоғалтылуы не ұрлануы салдарынан заңды иеленуден немесе пайдаланудан шығып қалуы, соның iшiнде уақытша да шығып қалуы.
2. 1 Мемлекеттік құпияларды қорғау органдары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға негiзделедi және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Мемлекеттiк құпиялар мен мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтердiң көздерi Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылады.
1. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарына:
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен оның органдары;
мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, олардың мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi құрылымдық бөлiмшелерi жатады.
2. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес және өз құзыреттерi шегiнде мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердiң қорғалуын ұйымдастыру үшiн жауапкершiлiк олардың басшыларына жүктеледi. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың басшылары мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтер пайдаланылатын жұмыстардың көлемiне қарай мiндеттерi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес және олар жүргiзетiн жұмыстардың ерекшелiктерiн ескере отырып, аталған басшылар белгiлейтiн мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiнде құрылымдық бөлiмшелер құрады.
3. Мемлекеттiк құпияларды қорғау мемлекеттiк орган мен ұйымның негiзгi қызметiнiң бiр түрi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентi:
1) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай саясатты белгiлеп, мемлекеттiк бағдарламаны бекiтедi;
2) мемлекеттiк құпияларды қорғау жүйесiнiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
3) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органды құрады, таратады және қайта ұйымдастырады;
4) Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi мемлекеттiк құпияларға жатқызу жөнiнде өкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарының тiзбесiн бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе әскери жағдай енгiзген жағдайларда лауазымды адамдар мен азаматтарға мемлекеттiк құпияларға рұқсат ету тәртiбi осы кезеңге өзгертiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Парламентi өз өкiлеттiгi шегiнде:
1) мемлекеттiк құпиялар саласындағы заңдарды қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
2) мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету мәселелерi бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;
3) Үкiмет мүшесiнiң мемлекеттiк құпияларды қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi есебiн тыңдау нәтижелерi бойынша оны қызметiнен босату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне өтiнiш қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi;
2) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның құрамы, құрылымы туралы ұсыныстарды табыс етедi;
3) Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi нұсқаулықты бекiтедi;
4) құпияландырылуға тиiстi мәлiметтердiң ведомостволық тiзбелерiн әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу мен орындауды ұйымдастырады;
6) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға бағытталатын бюджеттiк қаржыны көздейдi, мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмыстарды материалдық-техникалық жағынан және қаржымен қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;
7) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлерi санатына жатқызу тәртiбiн бекiтедi, сондай-ақ шетелдiктердiң болуы үшiн уақытша жабық аумақтардың тiзбесiн бекiтедi;
8) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшелердi ұйымдастыру, олардың жұмыс iстеу және таратылу тәртiбiн белгiлейдi;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi бiрлесiп пайдалану мен қорғау туралы үкiметаралық келiсiмдерiн жасайды, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етедi, шет мемлекеттерге мемлекеттiк құпиялар мен олардың көздерiн беру туралы шешiм қабылдайды және оларды беру тәртiбiн белгiлейдi;
10) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның, сондай-ақ мәлiметтердiң құпияландырылуы салдарынан олардың көздерi иесiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау тәртiбiн белгiлейдi;
11) Қазақстан Республикасының азаматтарына оларға мемлекеттiк құпияларға рұқсат етуге байланысты арнаулы тексеру жүргiзу тәртiбiн бекiтедi;
12) осы Заңда көзделген өзге де өкiлеттiктерге ие болады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы бiрыңғай саясатты жүзеге асырады және мынадай негiзгi мiндеттердi атқарады:
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмыстарды үйлестiредi;
2) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi құқықтық, әкiмшiлiк, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесiн әзiрлейдi, олардың Қазақстан Республикасы аумағында орындалуын бақылайды;
3) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны, нормативтiк және әдiстемелiк актiлердi әзiрлеу мен орындау мүдделерiн көздеп мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарының қызметiн үйлестiрiп отырады;
4) Мемлекеттiк органдардың мәлiметтердi мемлекеттiк құпияларға жатқызу жөнiнде өкiлеттiк берiлген лауазымды адамдарының тiзбесiн әзiрлеп, оны бекiтуге бередi;
5) Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде нұсқаулық әзiрлейдi;
6) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қорғаудың техникалық құралдарын сертификаттау тәртiбiн әзiрлейдi;
7) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi жария етудiң немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның, сондай-ақ мәлiметтердiң құпияландырылуы салдарынан олардың көздерi иесiне келтiрiлген зиянның мөлшерiн айқындау тәртiбiн әзiрлейдi;
8) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарды Қазақстан Республикасының айрықша режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлерiнiң санатына жатқызу тәртiбiн әзiрлейдi;
9) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарлама мен мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн әзiрлейдi;
10) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшелердiң кадрларын даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырады;
11) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қорғау мәселелерi жөнiнде практикалық және әдiстемелiк көмек көрсетедi;
12) Қазақстан Республикасының азаматтарына оларға мемлекеттiк құпияларға рұқсат етуге байланысты арнаулы тексеру жүргiзу тәртiбiн әзiрлеп, оны бекiтуге табыс етедi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен оның органдары:
1) мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қарсы барлаудан қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметiн бақылап отырады;
2) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерге рұқсат етуге ресiмделетiн (қайта ресiмделетiн) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргiзедi;
3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары мен жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдар саласындағы қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қорғаудың техникалық, оның iшiнде криптографиялық құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;
5) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi пайдаланып жұмыс жүргiзуге белгiленген тәртiппен рұқсат бередi;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялар туралы заңдарын бұзуға байланысты қылмыстарды анықтайды, оларды тыяды, ашады және тергеу жүргiзедi.
Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар мемлекеттiк құпияларды қорғау органдарымен өзара iс-қимылда:
1) құпияландырылуға тиiстi мәлiметтердiң ведомостволық тiзбесiн әзiрлейдi;
2) олар әзiрлеген мемлекеттiк құпиялардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның iшiнде ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз етедi;
3) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi жария етудiң немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуi мүмкiн зиянның мөлшерiн анықтау тәртiбiн әзiрлеуге қатысады;
4) өздерiне басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар берген мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердiң, сондай-ақ өздерi құпияландырған мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз етедi;
5) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi пайдалану арқылы жұмыс жүргiзуге белгiленген тәртiппен рұқсат алады;
6) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтердi қорғау құралдарына сертификаттар алады;
7) мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшелердiң жұмыс iстеуi мен олардың уақтылы таратылуын ұйымдастырады;
8) мемлекеттiк құпияларды қорғау саласындағы мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеу мен орындауға, мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржы жағынан қамтамасыз етуге қатысады;
9) айрықша режимдi, режимдi және ерекше қорғалатын объектiлердiң санаттарын және оларды уақтылы қайта қарауды белгiлейдi;
10) мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтер алуға рұқсат етiлетiн азаматтарға қатысты тексеру шараларын жүргiзудi өз құзыретi шегiнде қамтамасыз етедi;
11) мемлекеттiк құпияларды қорғау жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
12) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын қорғау саласындағы басқа да мәселелердi шешедi.
Әскери салада мемлекеттiк құпияларға мына мәлiметтер жатқызылады:
1) әскерлердi қолданудың жоспарларын, жедел жоспарларды, жауынгерлiк басқару құжаттарын, әскерлердi жауынгерлiк даярлықтың әртүрлi дәрежесiне келтiру жөнiндегi құжаттарды ашатын мәлiметтер;
2) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң стратегиялық өрiстетiлуi туралы мәлiметтер;
3) әскерлердiң дамуы, саны, жауынгерлiк құрамы немесе мөлшерi, олардың жауынгерлiк даярлығы, сондай-ақ әскери-саяси және (немесе) жедел жағдайлары туралы мәлiметтер;
4) әскерлердiң жедел (жауынгерлiк) даярлығының, қызметiнiң қамтамасыз етiлуiнiң жай-күйiн, әскерлердi басқару жүйесiнiң құрамын және (немесе) жай-күйiн ашатын мәлiметтер;
5) әскерлердiң жұмылдырушылық өрiстетiлуi, адам және көлiк ресурстарын жұмылдыруды жүргiзу, жұмылдырушылық өрiстетiлудi басқару жүйесi туралы және (немесе) әскерлердi жеке құраммен жасақтаудың, қару-жарақпен, әскери техникамен және басқа да материалдық, қаржы қаражатымен, сондай-ақ әскери тасымалдаумен қамтамасыз етудiң мүмкiндiктерi туралы мәлiметтер;
6) қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың бағыттарын, ұзақ мерзiмдi болжамдарын немесе жоспарларын, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгiлерiн жасау немесе жаңғырту жөнiндегi мақсатты бағдарламаларды зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын немесе нәтижелерiн, олардың тактикалық-техникалық сипаттамаларын ашып көрсететiн мәлiметтер;
7) қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеудiң бағыттарын, оларды даярлаудың конструкциясын, технологиясын, изотоптық құрамын, жауынгерлiк, физикалық, химиялық, немесе ядролық қасиеттерiн қолдану немесе пайдалану тәртiбiн ашып көрсететiн мәлiметтер;
8) бактериялық немесе медициналық қорғау құралдарын (заттай түрде) шығару және (немесе) жеткiзу жөнiндегi өндiрiстiк қуаттарды, жоспарлы немесе iс жүзiндегi деректердi ашатын мәлiметтер;
9) қорғаныстық және экономикалық маңызы зор атом ғылымы мен техникасының немесе қару-жарақ пен әскери техниканың және (немесе) принципiнде жаңа бұйымдар мен технологиялар жасау мүмкiндiктерiнiң сапасы жөнiнен жаңа деңгейiн анықтайтын жетiстiктерiн ашатын мәлiметтер;
10) ракеталық отын, баллистикалық оқ-дәрi, әскери мақсаттағы жарылғыш заттар немесе жару құралдары, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техникаға арналған жаңа құймалар, арнайы сұйықтар, отын өндiрудiң қасиеттерiн, рецептурасын немесе технологиясын ашатын мәлiметтер;
11) Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне сәйкес ашық жариялауға жататын объектiлердiң тiзбесiне кiргiзiлмеген әскерлердiң орналасқан жерiн, шынайы атауын, ұйымдық құрылымын, қару-жарағын, санын ашатын мәлiметтер;
12) Қазақстан Республикасының инфрақұрылымын оның қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде пайдалану туралы мәлiметтер;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар бойынша мiндеттемелерiне кiрмейтiн режимдi объектiлердiң орналасқан жерi, мақсаты, даярлық дәрежесi немесе қорғалуы туралы, аталған объектiлердi салу үшiн жер учаскелерiн, жер қойнауларын немесе айдындарды таңдау, бөлу туралы, сондай-ақ бұл объектiлердi жасау жөнiнде жоспарланып немесе жүргiзiлiп отырған iздестiру, жобалау және өзге де жұмыстар туралы мәлiметтер. Мемлекеттiк өкiмет органдарының арнаулы объектiлерiне қатысты нақ сондай мәлiметтер;
14) мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде Қазақстан Республикасының өзара ұштастырылған байланыс желiлерiн пайдалану немесе оларды дамытудың болашағы туралы мәлiметтер;
15) магистралды қалааралық байланыс желiлерiнiң, оның iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қорғаныс Министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және Iшкi iстер министрлiгi жалға алатын запастағы байланыс тораптарының географиялық координаттарын қамтитын схемалары мен сипаттаулары бар олардың қуаттары туралы деректер көрсетiлген жиынтық мәлiметтер;
16) әскери немесе арнаулы мақсаттағы радиоэлектронды құралдармен радиожиiлiктерi белдеулерiнiң бөлiнуiн немесе пайдаланылуын ашатын мәлiметтер;
17) байланыстың барлық түрлерiнiң, әскерлердi радиолокациялық, радиотехникалық қамтамасыз етудiң ұйымдастырылуын немесе олардың жұмыс iстеуiн ашатын мәлiметтер;
18) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң негiзгi қызмет түрлерiн ұстауды, ұйымдастыруды немесе олардың нәтижелерiн ашатын мәлiметтер;
19) қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды дамытудың бағыттарын, бұл құралдарды, технологияларды жасау немесе жаңғырту жөнiндегi нысаналы бағдарламаларды, ғылыми-зерттеу және (немесе) тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды орындаудың мазмұнын, нәтижелерiн ашатын мәлiметтер;
20) қос мақсаттағы құралдарды, технологияларды әскери мақсаттарда қолдану туралы мәлiметтер;
21) Қазақстан Республикасының ғарыштық инфрақұрылымдарын оның қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мүддесiнде дамытудың перспективалары туралы және (немесе) оларды пайдалану туралы мәлiметтер;
22) мемлекеттiң қорғанысы мен оның қауiпсiздiгi мүдделерiнде гидронавтиканы дамытудың жай-күйiн және (немесе) бағыттарын ашып көрсететiн мәлiметтер
2. 2 Экономикалық, білім және ғылым саласындағы мемлекеттік құпиялар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz