Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мемлекеттік мекемелердегі кассалық операцияларды жүргізу тәртібі

ЖОСПАР

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------3

 І. Мемлекеттік мекемелердегі кассалық операциялар туралы мәліметтер
1.1 Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар жүргізу--------------------
6
1.2 Кассалық кітапты, ақшаны пайдалану кітабын жүргізу тәртібі және ақшаны
сақтау ережесі---------------------------- ----------------------------------
-------7

2. Мемлекеттік мекемелердегі кассалық операцияларды жүргізу тәртібі
2.1 Кассалық операциялар жүргiзу, мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы
және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн анықтау -----------
----------------------------------- ----------------------------10
2.2 Қолма-қол ақшаны алу және кассаға кiрiске алу тәртiбi-------------------
--13
2.3 Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беружәне кассалық құжаттарды ресiмдеу
тәртiбi---------------------------- ----------------------------------- ------
------15
2.4 Кассалық кiтапты, ақшаны пайдалану кiтабын жүргiзу
тәртiбi және ақшаны сақтау ережесi---------------------------- --------------
--------18

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
---------24-26
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------28
Қосымша---------------------------- ----------------------------------- ------
----------27-30

КІРІСПЕ
Мемлекеттік мекемелерде кассир кассалық кітапта әрбір кассалық ордер
немесе оны ауыстыратын басқа да құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе
бергеннен кейін жазба жасайды. Кассир жұмыс күнінің аяғында күн сайын бір
күнгі операцияның қорытындыларын есептейді, кассадағы келесі күнге
қалдырылған ақша қалдығын шығарады және кассалық кітапта қолхатпен кіріс
және шығыс құжаттарымен бірге кассирдің есеп беру ретінде жыртылатын
парақты (бір күнгі кассалық кітаптағы жазбалардың көшірмесін) бухгалтерияға
өткізеді. Сонымен бірге кассир кассадағы нақты ақшалардың қалдығын нақты
ақшалардың бар-жоғымен салыстырады.
Кәсіпорынның, ұйымның немесе мекемелердің кассадағы шетелдік валюта
түріндегі нақты ақшаларының есебі үшін өз алдына бөлек кассалық кітап
ашылады. Сонымен қатар бұл жағдайда салық операциялар бойынша толтырылатын
барлық құжаттарда кіріске алынған яғни келіп түскен және де шығыс
кассадан етілген, төленген ақша қаражаттарының сомасы шетел валютасымен
де және сол күнгі бағам (курс) бойынш ұлттық валютаға (теңгеге)
айналдырылып та жазылады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектілердің кассадағы
ұлттық валюта түріндегі (теңге түріндегі) нақты ақша қаражатының кірісі мен
шығысының (қозғалысының) есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық банк мекемесі
бекіткен кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібіне сәйкес жүргізілуі
тиіс.
Шаруашылық жүргізудің бүгінгі жағдайларында бухгалтерия субъектінің
қаржы стратегаясын анықтайтын және оның шаруашылық қызметінің дамуына әсер
ететін маңызды бөлімшелердің біріне айналып отыр. Сондықтан да,
бухгалтерияны ұйымдастыруды және қызметін ұдайы жетілдіріп, оның кадрлық
құрамын үнемі жақсартып, ақпарат өңдеудің алдыңғы қатарлы технологияларын
үздіксіз енгізіп отыру қажет. Бухгалтерия қызметкерлері еңбегінің жемісі -
ол қаржылык, есеп айырысу-ақша құжаттары, бастапқы, есептік-статистикалық,
ұйымдық-өкімгерлік және басқа да құжаттарынан шаруашылық жүргізуші
субъектінің өміршендігі және бұдан былайғы қызмет ету мүмкіндіктері
көрінеді.
Бухгалтерия жұмысын жақсартудың маңызды бағыты ұйымдастыруды жетілдіру
және іс қағаздарын жүргізу болып табылады.
Іс қағаздарын жүргізу — субъектінің құжаттармен жұмыс істеудегі
басқарушылық қызметімен байланысты ерекше саласы.
Барлық құжаттар сипатына және маңыздылығына қарай бөлінеді. Олар
айғақтама құралы болып табылады, оны жеке тұлғалар да, сондай-ақ заңды
тұлға субъектілері де пайдаланады.
Қызмет бабындағы құжаттармен қатар, шаруашылық жүргізуші субъектіге
азаматтардың ұсыныстары, арыздары мен шағымдары да келіп түседі.
Кәсіпорындар қызметі өкімшілік те, сондай-ақ арнайы құжаттама жүйесінде
де көрінеді.
Әкімшілік құжаттамада - басқарушылық қызметінен, ал арнайы құжаттамада
- бухгалтерлік және статистикалық есеп, жоспарлау және басқа да субъект
қызметінің атқарымдық жағынан көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепті және іс
қағаздарын жүргізуді ұйымдастыруы мынадай нормативті құжаттардың көмегімен
анықталады:
- Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы 1995 жылғы 26
желтоқсандағы № 2732 Заңы;
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық
комиссиясының 1996 жылғы 13, 14, 15 қарашадағы № 3, 4, 5 қаулыларымен
бекітілген бухгалтерлік есеп стандарттары;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен
аудит әдістемесі департаментінің 1997 жылғы 31 желтоқсандағы №455
бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік қызмегті ұйымдастыру 24 бухгалтерлік
есеп стандарты,
- Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық
комиесиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы №6 қаулысымен бекітілген
Субъектілердің қаржы-шаруашылық әрекетінің бухгалтерлік есеп шоттарының Бас
жоспары;
- Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызмегінің бухгалтерлік есеп
шоттарьшың Бас жоспарын пайдалануға нұсқау;
- бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік нұсқаулар;
- Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп
шоттарының Бас жоспары принциптері негізінде жасалған шоттардың жұмыс
жоспары, нормативтік актілер,
- жоғарыда аталған құжаттарға әдістемелік ұсыныстар,
- нұсқаулар және бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша басқа да
нормативгік актілер;
- шарушылық жүргізуші субъектінің есеп саясаты.
Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру"
туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі
принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын
бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге
міндетті.

 І. Мемлекеттік мекемелердегі кассалық операциялар туралы мәліметтер
1.1 Мемлекеттік мекемелерде кассалық операциялар
жүргізу

 Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы және басқа да ақшалай
төлемдерді төлеу, сондай-ақ қаржыландыру көзіне қарамай Қазақстан
Республикасының заңнамасында көзделген жеке тұлғаларға іссапар шығыстарын,
стипендиялар, төлемдерді төлеу олардың сомасын ақшаны алушылардың таңдауы
бойынша банкте ашылған карт-шоттарға немесе жинақ шоттарына есепке алу
жолымен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20
наурыздағы №  225 қаулысымен бекітілген Республикалық және жергілікті
бюджеттердің атқарылу ережесінің 142-тармағында көзделген жағдайларда
мемлекеттік мекеменің кассасы арқылы осы тармақта көзделген төлемдерді
жүзеге асыру үшін аумақтық қазынашылық бөлімшелерінің чектері бойынша қолма-
қол ақшаны алуға жол беріледі.
Іссапар шығыстары төлеу үшін кассаға мемлекеттік мекеменің карт-шотынан
корпоративтік төлем карточкасы бойынша  қолма-қол ақшаны алуға жол
беріледі. Бұл ретте, корпоративтік төлем карточкасы бойынша алынған қолма-
қол ақша кіріске алу кассалық ордері бойынша мемлекеттік мекеменің
кассасына кіріске алынады, (№ КО-1 нысаны), осы ақшаны кассаға алдын ала
кіріске алынбай пайдалануға жол берілмейді.
ҚР  Қаржы министрінің 2007.04.07  № 234 Бұйрығымен 2- 1-тармақпен
 толықтырылды   Мемлекеттік мекеменің мұқтажына арналған шығыстар бюджет
қаражатының және мемлекеттік мекеменің иелігінде қалған тауарларды
 (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алынатын ақшаның есебінен корпоративтік
төлем карточкасын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің тізбесі және
 корпоративтік төлем карточкасын қолдана отырып есеп айырысуды жүзеге
асыруға жол берілетін мөлшері осы ережеге 3-қосымшада белгіленген.
Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері бойынша төлем  карточкаларына
қызмет көрсету жөнінде пункттер мен қондырғылар болмаған кезде, сондай-ақ
төлем карточкаларын дайындау кезеңінде қазынашылықтың аумақтық
бөлімшелерінің чектері бойынша қолма-қол бюджет ақшасын және мемлекеттік
мекеменің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан
алынатын ақшаны алуға жол беріледі. Бұл ретте мемлекеттік мекеменің
мұқтаждарына қолма-қол ақшаны алу корпоративтік төлем карточкалары үшін
белгіленген көлемде және шығыстардың экономикалық сыныптамасының
ерекшеліктері бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының күн сайынғы
лимиті осы Ереженің 2, 2-1, 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларда, 151
Ел ішіндегі іссапарлар мен қызметтік сапарлар және 152 Елден тыс
жерлерге іссапарлар мен қызметтік сапарлар ерекшеліктері бойынша
мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспарының бекітілген жылдық
сомасын ескере отырып, мынадай шекте белгіленеді:
5 млн. теңгеге дейін - 50 айлық есептік көрсеткіш;
5 млн. теңгеден 20 млн. теңгеге дейін - 150 айлық есептік көрсеткіш;
20 млн. теңгеден жоғары - 500 айлық есептік көрсеткіш.
Ағымдағы қаржы жылы бюджет шотына есептеуге тапсырылмаған мемлекеттік
мекеменің кассасындағы қолма-қол ақшаның қалдығы жаңа қаржы жылында 206106
Бұрын республикалық бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражатты қайтару
және 206107 Бұрын жергілікті бюджеттен алынған, пайдаланылмаған
қаражаттардың қайтарылуы кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодтары
бойынша міндетті түрде қайтарылады.
Мемлекеттiк мекемелер өздерiнің кассаларында екiншi деңгейдегi банктен
чек бойынша алынған қолма-қол ақшаны қызмет көрсететiн банктен ақша алған
күндi қоспағанда, кемiнде 3 жұмыс күн сақтауға құқығы бар.
ҚР Қаржы министрлігінің 2007.03.04. № 103 бұйрығымен 7-тармақ өзгертілді
(бұр. ред. қара) 1.2 Кассалық кітапты, ақшаны пайдалану кітабын жүргізу
тәртібі

және ақшаны сақтау ережесі

Қолма-қол ақшамен есеп айырысу үшiн әрбiр мемлекеттiк мекеме, егер
мемлекеттiк мекемеде бюджеттiк қаражат және тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілетін қызметтерді) сатудан, демеушiлiк және қайырымдылық көмек
түрiнде алынатын қаражат бойынша ақшалай операциялары бар болса,
белгiленген N КО-4 нысаны немесе N 440 нысаны бойынша кассалық кiтап
жүргiзуге тиiс.
Әрбiр мемлекеттiк мекеме нөмiрленген, жiппен қайымдалған және сүргiштi
немесе мастикалық мөр басылған тек бiр ғана кассалық кiтапты жүргiзедi.
Кассалық кiтаптағы парақтардың саны басшының, бас бухгалтердің немесе осы
мемлекеттiк мекеменің бухгалтерлiк есебiн қамтамасыз ететiн бөлiмшенi
басқаратын тұлғаның қолымен расталады.
Кассалық кiтаптағы жазу өшiргi қағаз арқылы шариктi қаламсаппен немесе
сиямен 2 дана етiп жазылады. Парақтардың екiншi даналары жыртылмалы болуға
тиiс және кассирдің есеп беруiне керек болады. Парақтардың бiрiншi даналары
кассалық кiтапта қалады. Парақтардың бiрiншi және екiншi даналары бiрдей
нөмiрлермен нөмiрленедi.
Кассалық кiтапта өшiруге және ескертiлмеген түзету енгiзуге тыйым
салынады. Кiтапта қатенi түзету, түзетудің күнi көрсетіле отырып,
"Түзетiлдi" деген жазумен ескертiлуге және мемлекеттiк мекеменің кассирi
мен бас бухгалтерiнің немесе оны ауыстыратын тұлғаның қойылған қолымен
расталуға тиiс.
ҚР Қаржы министрлігінің 2007.03.04. № 103 бұйрығымен 29-тармақ өзгертілді
(бұр. ред. қара) Кассалық кiтапқа жазуды кассир немесе оны ауыстыратын
тұлға әрбiр ордер немесе оны ауыстыратын құжат бойынша қолма-қол ақшаны
алғаннан кейiн немесе бергеннен кейiн жазуға тиiс. Күн сайын, жұмыс күнiнiң
аяғында кассир бiр күнге операциялардың қорытындысын есептеп, келесi күнге
кассадағы қолма-қол ақша қалдығын шығарады, сөйтiп екiншi жыртылмалы
парақты (кассалық кiтаптағы бiр күнгi жазбалардың көшiрмесiн) кассалық
кiрiс және шығыс құжаттарымен бiрге есеп ретiнде бухгалтерлiк қызметке
берiп, кассалық кiтапқа қол қояды. Сонымен бiрге кассадағы қолма-қол ақша
қалдығын iс жүзiндегi қолма-қол ақшамен салыстырады.
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
туралы заңнаманы сақтаған және кіріс және шығыс кассалық құжаттарының толық
сақталуын қамтамасыз еткен жағдайда, кассалық кітап электрондық түрде
жүргізіле алады.
Кассир компьютерлік басылымдарды алғаннан кейін құжаттардың дұрыс
жасалғандығын тексереді, кіріс және шығыс кассалық құжаттармен бірге кассир
есебінің бірінші данасына қол қояды және бухгалтерияға береді, есептің
екінші данасы кассирде қалады.
Қаржы жылы аяқталғаннан кейін кассир есептің екінші данасының негізінде
касса кітабын қалыптастырады, ол тігінделуі және мемлекеттік мекеменің
мөрімен расталуы тиіс. Парақтар саны басшы мен бас бухгалтердің қолдарымен
расталады.
Кассалық шығыс ордерiнде немесе оны ауыстыратын құжатта алушының
қойылған қолымен расталмайынша кассадан қолма-қол ақша беру кассадағы қолма-
қол ақша қалдығын растау үшiн қабылданбайды. Бұл сома кемалым болып
саналады және кассирден өндiріп алынады. Кассалық кiрiс ордерiмен
расталмаған қолма-қол ақша кассаның артық ақшасы деп саналып,
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын
басқа да айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар, Жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелермен алынатын басқа да
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түсімдердің бюджеттік
сыныптамасының кодтары бойынша тиісті бюджеттің кiрiсiне есепке алынады.

2. Мемлекеттік мекемелердегі кассалық операцияларды жүргізу тәртібі
2.1 Кассалық операциялар жүргiзу, мемлекеттiк мекемелердiң
кассаларындағы және карт-шоттарындағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн
анықтау

"Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiн
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 25
сәуiрдегi N 195 бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу
тiзiлiмiнде 2000 жылғы 23 мамырда N 1135 болып тiркелген).
      "Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiн
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25
сәуiрдегi N 195 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2001 жылғы 19 наурыздағы N 146
бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2001
жылғы 28 сәуiрде N 1483 болып тiркелген, Қазақстан Республикасы орталық
атқарушы органдарының және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң 2001 жылғы N 24 бюллетенiнде жарияланған, 426-құжат).
      "Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiн
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25
сәуiрдегi N 195 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2007 жылғы 3 сәуiрдегi N 103
бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2007
жылғы 26 сәуiрде N 4637 болып тiркелген, Заң газетiнде" 2007 жылғы 18
мамырдағы N 74 (1277) жарияланған, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы
органдарының және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң 2007 жылғы наурыз-сәуiр жарияланған).
     "Мемлекеттiк мекемелерде кассалық операциялар жүргiзудiң ережесiн
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 25
сәуiрдегi N 195 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2007 жылғы 4 шiлдедегi N 234
бұйрығы (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2007
жылғы 11 шiлде N 4799 болып тiркелген, Заң газетiнде" 2007 жылғы 24
тамыздағы N 130 (1333) жарияланған.
   Мемлекеттік мекемелерде кассалық операцияларды жүргiзудiң,
мемлекеттiк мекемелердiң кассаларындағы және карт-шоттарындағы (бұдан әрi –
Ереже) кассалық операцияларды жүргiзудiң, мемлекеттiк мекеменiң
корпоративтiк төлем карточкасын қолдану арқылы есеп айырысуға рұқсат
етiлгендердiң кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимитiн, сондай-ақ, қолма-
қол ақшаның және кассалық тәртiптiң сақталуын бақылауды қамтамасыз етуге
қажет талаптарды айқындаудың тәртiбiн белгiлейдi.
      Мемлекеттiк мекемелердiң қолма-қол ақшаны екiншi деңгейдегi
банктерден немесе банк операцияларының тиiстi түрлерiн (бұдан әрi - Банк)
жүзеге асырушы ұйымдардан алу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы
26 ақпандағы N 220 қаулысымен бекiтiлген, Бюджеттiң атқарылуы және оған
кассалық қызмет көрсету ережесiнде анықталған тәртiппен және чектер бойынша
және (немесе) корпоративтiк төлем карточкасын қолдана отырып жүзеге
асырылады.
Қолма-қол ақшаны алу мемлекеттiк мекеменiң кассалық операцияларды
жүргiзу бойынша уәкiлеттi тұлғамен жүзеге асырылады. Мемлекеттiк мекеменiң
кассалық операцияларды жүргiзу бойынша уәкiлеттi тұлға – мемлекеттiң мекеме
бастығының бұйрығына сәйкес чектер бойынша және (немесе) корпоративтiк
төлем карточкасын қолдана отырып, кассалық операцияларды жүргiзудi және
кассадағы қолма-қол ақшаның сақталуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын
қызметкер.
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 26 ақпандағы N 220
қаулысымен бекiтiлген, Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет
көрсету ережесiнiң 203-тармағында қарастырылған жағдайда, банктiң чектерi
бойынша мемлекеттiк мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да
ақшалай төлемақыларды, сондай-ақ жеке тұлғаларға стипендиялар және басқа да
төлемдердi төлеуге қолма-қол ақшаны алуға рұқсат етiледi.
      Корпоративтiк төлем карточкасын қолдану арқылы мемлекеттiк
мекемелердiң шығыстары:
      1) осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес, шығыстардың экономикалық
сыныптамасы ерекшелiктерiнiң мөлшерiнде бюджет қаражатының және мемлекеттiк
мекеменiң иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан
алынатын ақша;
      2) айына 20 айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мемлекеттiк мекемелер
үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақша;
     3) мемлекеттiк мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу
немесе белгiлi бiр жағдайлар басталғанда тиiстi бюджетке немесе үшiншi
тұлғаларға шектеусiз (ақшаны уақытша орналастыру шоты) аудару шартымен
беретiн ақша есебiнен жүзеге асырылады.
      Мемлекеттiк мекеменiң кассасындағы қолма-қол ақша қалдығының күн
сайынғы лимитi мемлекеттiк мекеменi қаржыландырудың жеке жоспарының
бекiтiлген жылдық сомасын ескере отырып, 151 "Ел iшiндегi iссапарлар мен
қызметтiк сапарлар" және 152 "Елден тыс жерлерге iссапарлар мен қызметтiк
сапарлар" ерекшелiктерi бойынша, мынадай шекте белгiленедi:
5 млн. теңгеге дейiн - 50 айлық есептiк көрсеткiш;
5 млн.теңгеден 20 млн.теңгеге дейiн - 150 айлық есептiк көрсеткiш;
20 млн.теңгеден жоғары - 500 айлық есептiк көрсеткiш.
Ағымдағы қаржы жылы мемлекеттiк мекеменiң кодына есептеуге
тапсырылмаған мемлекеттiк мекеменiң кассасындағы бюджеттiк қолма-қол
ақшаның қалдығы кезектi қаржы жылында 206106 "Бұрын республикалық бюджеттен
алынған, пайдаланылмаған қаражатты қайтару" және 206107 "Бұрын жергiлiктi
бюджеттен алынған, пайдаланылмаған қаражаттардың қайтарылуы" кiрiстердiң
бюджеттiк сыныптамасының кодтары бойынша тиiстi бюджетке мiндеттi түрде
қайтарылады.
Мемлекеттiк мекемелер өздерiнiң кассаларында банктен чек бойынша және
корпоративтiк төлем карточкасын пайдалану арқылы алынған қолма-қол ақшаны
қызмет көрсететiн банктен ақша алған күндi қоспағанда, 3 жұмыс күннен артық
емес сақтайды.
Мемлекеттiк мекеме кассаға қабылдаған қолма-қол ақшаны Банкке
қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күннен кешiктiрмей қолма-қол ақшаның
тиiстi бақылау шоттарына:
1) республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсiмдердi есептеумен және
шығыстарды жүргiзумен
2) мемлекеттiк мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есептеумен және олардың есебiнен
шығыстарды жүргiзумен;
3) олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес алған
мемлекеттiк мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн ақшаны
есептеумен және жұмсаумен;
      4) тиiстi бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға белгiлi бiр жағдайлар
басталған кезде олардың қайтарымдылық негiзiнде не аудару шарттарында жеке
және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық
актiлерiне сәйкес мемлекеттiк мекемеге берiлетiн ақшаны аударумен
байланысты операцияларды есепке алу үшiн тапсырылады.
      Ақшаны, оларды алдын ала тиiстi қолма-қол ақшаның бақылау шоттарына
тапсырмастан, пайдалануға рұқсат етiлмейдi.

2.2 Қолма-қол ақшаны алу және кассаға кiрiске алу тәртiбi
     Қолма-қол ақшаны банктен чек бойынша алу үшiн кассалық
операцияларды жүргiзу бойынша мемлекеттiк мекеменiң уәкiлеттi тұлғасы
банктен чек кiтапшасын сатып алады. Чектердi пайдалану туралы шартты жасау
тәртiбi және оның мiндеттi талаптары Қазақстан Республикасының банктiк
заңнамасына сәйкес белгiленедi.
Чек кiтапшалары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазынашылық
департаментi директорының 1998 жылғы 1 желтоқсандағы N 548 бұйрығымен
бекiтiлген, нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде
N 677 болып тiркелген, мемлекеттiк мекемелерге арналған бухгалтерлiк құжат
нысандарының альбомында (бұдан әрi - Альбом) қарастырылған N 448 нысан
бойынша қатаң есептiлiк бланкiсiн есепке алу жөнiндегi кiрiс-шығыс
кiтабында тiркеледi. Мемлекеттiк мекемелердiң чектi пайдалануы чек
бланктерiнiң нөмiрлерiнiң реттiлiгiн сақтай отырып қамтамасыз етiледi, бұл
ретте чек кiтапшасы мемлекеттiк мекеменiң кассасынан тыс шығарылмайды.
Банктен чек бойынша қолма-қол ақша алған кезде мемлекеттiк мекеменiң
кассалық операцияларды жүргiзу бойынша уәкiлеттi тұлғасы банктiң
бақылаушысының қатысуымен алынған жалпы соманы парақтап санайды және чекте
көрсетiлген сомаға сәйкес екендiгiне көзiн жеткiзедi. Егер мемлекеттiк
мекеменiң кассалық операцияларды жүргiзу бойынша уәкiлеттi тұлғасы банктiң
бақылаушысының қатысуымен алынған соманы парақтап санамаған болса, онда
кейiннен жетiспеушiлiк болған жағдайда, толық материалдық жауапкершiлiк
туралы шартта қарастырылған жауапкершiлiк жүктеледi.
Уәкiлеттi банктен чек бойынша және карт шот бойынша алынған қолма-қол
ақша дәл сол күнi мемлекеттiк мекеменiң кассасына кiрiске алынады, сол үшiн
мемлекеттiк мекеменiң кассалық операцияларды жүргiзу бойынша уәкiлеттi
тұлғасы кассалық кiрiс ордерiн жазып бередi (N КО-1 нысаны). Кассалық кiрiс
ордерi кассаға берiлгенге дейiн кассалық кiрiс және шығыс ордерлерiн тiркеу
журналына тiркейдi (Альбомның N КО-3а).
Бұдан басқа, бас бухгалтердiң немесе оны ауыстырушы қол қойылған кiрiс
ордерiнiң нөмiрi мен күнi көрсетiле отырып, чек кiтапшасы түбiртегенiң арғы
бетiнде қолма-қол ақшаның кассаға кiрiске алынғаны туралы жазба жасалады.

2.3 Қолма-қол ақшаны қабылдау мен беру және кассалық құжаттарды
ресiмдеу тәртiбi
Банкнот пен тиынды төлемге қабылдау кезiнде мемлекеттiк мекеменiң
кассалық операцияларды жүргiзу бойынша уәкiлеттi тұлғасы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ақша белгiлерiнiң төлемдiлiгiн
анықтау белгiлерi мен тәртiбiн басшылыққа алады.
Қолма-қол ақшаны қабылдау кезiнде бас бухгалтер немесе оны уақытша
ауыстырушы тұлға және мемлекеттiк мекеменiң кассалық операцияларды жүргiзу
бойынша уәкiлеттi тұлғасы қол қойылған кассалық кiрiс ордерiне квитанция
берiледi.
Мемлекеттiк мекеменiң кассасынан қолма-қол ақша беру кассалық шығыс
ордерлерi (Альбомдағы N КО-2 нысаны) немесе төлем тiзiмдемесi N 49 нысаны
төлем (есептесу- төлеу) және Альбомның N 389 нысаны (бұдан әрi-
тiзiмдемесi) бойынша жүргiзiледi, бұл құжаттарға мөртабан басылып, кассалық
шығыс ордерiнiң деректемелерi толтырылуы керек. Қолма-қол ақшаны беруге
арналған құжаттарға мемлекеттiк мекеменiң басшысы мен бас бухгалтерi немесе
оларды уақытша ауыстырушы тұлға және мемлекеттiк мекеменiң кассалық
операцияларды жүргiзу бойынша уәкiлеттi тұлғасы қол қоюға тиiс.
Мемлекеттiк мекемелерге қызмет көрсететiн орталықтандырылған
бухгалтерияда берiлген жалақының жалпы сомасына бiр кассалық шығыс ордерi
толтырылады, оның күнi мен нөмiрi әрбiр тiзiмдемесiне қойылады.
Жекелеген тұлғаға кассалық шығыс ордерi немесе тiзiмдеме бойынша
мемлекеттiк мекеменiң кассалық операцияларды жүргiзу бойынша уәкiлеттi
тұлғасы ақша беру кезiнде алушының жеке басын куәландыратын құжат ұсынуды
талап етедi, құжаттың атауы мен нөмiрiн, оны кiм және қашан бергенiн жазып
алады. Бұл ретте тiзiмдемеде жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер
"Ескерту" бағанында көрсетiледi.
      Қолма-қол ақшаны алушы ақшаны алғанына қол қояды, қолхат алынған
сомасын жазумен көрсете отырып, тек шариктi қаламсаптың пастасымен өз
қолымен жазылады. Қолма-қол ақшаны тiзiмдеме бойынша алған кезде жазумен
сомасы көрсетiлмейдi.
Мемлекеттiк мекеменiң штаттық санында жоқ тұлғаларға қолма-қол ақша әр
тұлғаға жеке-жеке жазылатын кассалық шығыс ордерi бойынша немесе жасалған
шарттар негiзiнде жеке тiзiмдеме бойынша берiледi.
Қолма-қол ақшаны мемлекеттiк мекеменiң кассалық операцияларды жүргiзу
бойынша уәкiлеттi тұлға тек кассалық шығыс ордерiнде немесе тiзiмдемеде
көрсетiлген тұлғаға ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мекемелердің бюджеттік шоттарындағы қазынашылдық
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Есеп айырысу - кассалық қызметтің ұйымдық - құқықтық негізі
Кассаға ақшаларды қабылдау және беру есебі
Кассадағы нақты ақшаның есебі (Access)
Міндеттемелер есебін бақылау
Бюджеттік мекеменің қаржыландыру жоспарын орындау бойынша қаржылық бақылаудың мақсаты мен міндеттері
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің қазіргі жағдайын зерттеу, бюджеттік ұйымдардың бухгалтерлік есебінің басымды объектілерін анықтау
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін ұйымдастыру ерекшеліктері
Мемлекеттік мекемелердің қазынашылық комитетімен есеп айырысу тәртібі
Пәндер