Мердігерлік шартының түсінігі
Кіріспе
1. Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.1 Мердігерлік шартының түсінігі.
1.2 Мердігерлік шартының элементтері.
1.3 Мердігерлік шартындағы тараптардың құқықтары мен міндеттері.
2. Мердігерлік шартының жекелеген түрлері.
2.1 Мердігерлік шартының түрлері.
2.2 Мердігерлік шарт түрлерінің жалпы сипаттамасы.
2.3 Тараптардың жауапкершiлiгi.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау
бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның
(тұлғалардың) жұмысының нәтижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәтижесi заттай
мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын
жұмыстардың өзге де (зат емес) нәтижелерi болуы мүмкiн, бiрақ бұл
мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол
жететiн нәтижемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды
болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пайдалы) қызмет деп
мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге
қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызметте реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол
тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұмыстың толық орындалуына
жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта
болса, тұлғаның қызметiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де
қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан
көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерекшеленсе де,
жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары туралы айтсақ, онда
мердiгерлiк шартының тараптардың құқықтары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-
сату шартымен ортақтығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн.
Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың
жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды сатып
алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың
әрқайсыларының қатысушыларының құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын
шарттардың мазмұнынан айқын көрiнедi.
1.Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы.
1.1 Мердігерлік шартының түсінігі.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың
(тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және
белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал
тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың
бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау
үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердiгерлiк шарт бойынша шарт жасалу
кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға
тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi.
Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы
мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен
байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша
қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының
себептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып келедi. Одан басқа Қазақстан
Республикасында халыққа тұрмыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №97-қаулысымен бекiтiлген, құнды және
антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн
құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан
Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен
бекiтiлген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк
шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс
Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекiтiлген, бас мердiгерлердiң
ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының
ережелерi күшiн жойды.
1.2 Мердігерлік шартының элементтері.
Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып
табылады. Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген
белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде
азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады.
Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен
белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-
нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұмыстары
жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйымдастыру және өткiзу
тәртiбiнiң ережелерi.
Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiндеттенетiн тұлға,
көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, жеке тұлға немесе жеке
кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде
мердiгерлiк жұмысты кез келген әрекет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара
алады. Кейбiр жағдайларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан
Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және
толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-
iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет.
Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жалпы жасап, шартты орындауға басқа
тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де
тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.
Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жасаған және басқа
тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп аталады (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға
(тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында
тапсырысшы болады. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жасауға
тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының
алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыстарды орындауға
үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс
орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын талап
етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе
жанама зиян шегуi мүмкiн. Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға
тапсырысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борышкерлер болып
келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерiне (орындаған жұмыстарына)
жұмыстың ақырғы нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине,
олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес құқықтық қатынастардың
субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк
шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы
жағдайда тұлғалардың көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық
қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбiр
айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып
мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 ба-бының 1
тармағы), сондықтан мердiгерлiк, кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы
себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер
болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 287 бабы,
2 тармағы).
Бiрнеше мердiгерлер өзара қосымша (акцессорлық) келiсiмдер жасауы мүмкiн
және олардың мәнi де төмен емес, өйткенi оларсыз жұмыстарды орындау
тәртiбiнде түсiнiспеушiлiктер пайда болуы мүмкiн. Басқа жағынан,
акцессорлық (қосымша) келiсiмдер, олар аталғандай мәселелердi шешуге
көмектесетiнiне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердiң пайда болуына
әкелуi мүмкiн. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтiредi: Төрелiк сот тә-
жiрибесiнде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшiн ортақ төлем ақыны алып, бiр
жұмысты орындауға келiскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы
(негiзгi) шартты жасасқан соң мердiгерлер алынатын ақыны өзара бөлуге
байланысты келiсiм жасасқан болатын. Көп кешiкпей, тапсырысшы
мердiгерлердiң бiреуiнiң қызметiнен бас тартқан, бiрақ сол мердiгер басқа
мердiгерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесiн берудi талап еткен.
Бұны ол ақыны бөлу туралы мердiгерлердiң өзара келiсiмiне сүйенiп жасаған
және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келiсiмде сол шарттың бiреуге
қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сiлтенген.
Келтiрген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы
акцессорлық келiсiмге негiзделген соң негiзгi шарт тиiстi бөлiгiнде
тоқтатылғасын негiздi деп тануға болады.1 Қосымша мердiгерлер өзара
келiсiмдермен тапсырысшының құқықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы
қорытынды жасай аламыз.
Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орындаған жұмыстың
нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн
белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн
табады.
Мысалы, бұл мүлiктiң құнын көбейтетiн күрделi жөндеу, тек заттың
тиiстi халiн қалпына келтiретiн ағымды жөндеу болуы мүмкiн. Сол сияқты
кейбiр өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киiмдердi химиялық
тазалау, мүлiктiң тиiстi күйiн қалыпқа келтiруге және оны күтiп ұстауға
бағытталған.
1.3 Мердігерлік шартындағы тараптардың
құқықтары мен міндеттері.
Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға
мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның
жұмысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi.
Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез
құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгертiлуi мүмкiн. Оған жұмысты
орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi
жауапкершiлiктен босататын жағдайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен
орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiлсе, ол тапсырысшының алдында
материалдардың сатушысы болып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн
жауапты болады. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады
және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек.
Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұмыс заттарды сериялық жасауға
жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде
тапсырысшының нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк
стандарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтауға және
нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптарды сақтауға мiндеттi.
Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын
мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң
632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде
мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi
талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды
жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қатысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта белгiленбесе немесе
толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар
негiз ретiнде алынады. Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен
салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн
жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын
қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының
оның күнделiктi шаруашылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта
өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпалығы жоқ
материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.
Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де
орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен
пайдалануына мiндеттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн
жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған
материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары
болса, мердiгер оларды тапсырысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының
келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыстың
бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол материалдарды
сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген
жабдықтарды, техникалық құжаттарды және өңдеуге берiлген заттың өзiнде
қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды
және тағы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби
тәжiрибесiне байланысты бағалайды.
Мердiгер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, техникалық құжаттаманың
немесе өңдеуге берiлген заттың жарамсыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқаулармен орындаудан тапсырысшы үшiн
болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп
туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты
емес өзге де мән-жайлар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп,
одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап
алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпестен немесе жұмысты тоқтата тұру
туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған
мердiгердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-
жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы
норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мердiгердiң хабарлауына байланысты
жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.
Егер мердiгер белгiленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген
сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшiлiктерiн тиiстi
қабылдау кезiнде анықтау мүмкiн болмаған ретте ғана жауапкершiлiктен
босатылуы мүмкiн. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиiстi
бағаламауда мердiгердiң кiнәсi болуы керек. Осыған байланысты, жұмыс
мердiгердiң материалынан орындалса, мердiгерлiк шартында тапсырысшының
кепiлдiгi көбiрек болады, себебi материалдарды қамтамасыз еткен мердiгер
олардың сапасы үшiн кiнәсi барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты
болады.
Мердiгер тапсырысшы берген мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi
және мердiгерлiк шартты орындауға байланысты мердiгердiң иелiгiне өткен
заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүлiктiң жабдықтардың
сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. Бұл жауапкершiлiк мердiгерлiк
шартының орындауына арналған мүлiкке ғана емес мердiгердiң иелiгiне түскен
басқа да мүлiкке де қатысты болады. Мысал қылып мердiгерге (оның
жұмысшыларына) тынығу үшiн бөлiнiп берiлген бөлмелердi, жөндеу кезiнде оны
алып кету қажеттiлiгi болмаған жиһазды және т.б. осындай мүлiктi айтуға
болады. Осындай мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етудiң өлшемi болып, әдетте
орын алатын меншiк иесiнiң өзiнiң шаруашылық ұқыптылығы келедi, бiрақ
жұмыстарды орындау үшiн арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын
болсақ, онда бұл жағдайда мердiгердiң кәсiби субъект ретiнде қараушылық
дәрежесi жоғары болуы керек екенiн танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлiк
сақтауды қамтамасыз ететiн барлық шараларды қолданбаса, мердiгер кiнәлi
болып табылады.
Мердiгерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қатысты норма
заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болмаған едi. Оны кiрiстiру
мердiгердiң тиымды шаруашылық жүргiзуiн қолдайды, себебi онда оның
қолданылуына байланысты үнемдеуге тiкелей мүлiктiк мүддесi пайда болады.
Үнемдеу материалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзiнiң құнын
азайтуда болып келедi. Үнемдеу әдеттегiге қарағанда шығындарды азайтатын,
жаңа технологияларды енгiзетiн мердi-гердiң жоғары дәрежелi кәсiпқойлығының
салдарынан болады. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау)
кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер
алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса,
мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын
сақтайды.
Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi
мүмкiн (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша
төленетiн баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуi орын
алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келедi. Басқа
жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердiгердiң қызме-тiн пайдалану
үшiн, оның тұрақты iскерлiк атағы пайда болу үшiн, үнемдеу туралы норманы
қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкiн.
Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, шарттың нысанасын
пайдалану немесе өзгеше iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi.
Осы мiндеттi қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келедi.
Мердiгердiң осы мiндетi тағы шартты да көрсетiлуi тиiс. Кейбiр жағдайларда,
осы жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттарда пайдалану тиiстi
ақпаратсыз мүмкiн болмаса, онда сондай сипаттағы ақпарат мердiгердiң осы
жөнiндегi мiндетi шартта бекiтiлмей-ақ берiлуге тиiс болады. (ҚР АК 637-
б.). Осындай ақпараттарда белгiлi технологиялық схемалар, нұсқаулар,
түсiнiктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердiгердiң ақпарат беру бойынша
мiндетi мердiгерлiк нәтижесiнiң ерекшелiгiне, жасалған бұйым арнайы күтiмдi
талап ететiнiне және т.б. себептерге байланысты болып келедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбiр тарапқа қарсы
тараптың оның ақпаратпен азаматтық құқықтардың мүлiктiк объектiсiмен1
сияқты иеленуiне байланысты мүдделердiң (құқықтарын) қамтамасыз ету мiндетi
жүктеледi. Бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқасында
басқа тараптан жаңа техникалық шешiмдер мен бiлiмдер туралы ақпарат алса,
сол ақпаратты үшiншi тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келiсiмiнсiз бере
алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсiптiк меншiктiң
барлық түрлерi туралы ақпарат кiре алады). Мердiгерлiк шарты бойынша жалпы
тәртiбiне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың бiреуiнiң
коммерциялық құпиясы болып келетiн ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты
(барлық түрлерiн) жарияламау мiндетi тараптар оны шартта бекiткенiне,
бекiтпегенiне байланысты болып келедi, бiрақ ақпараттарды пайдалану
тараптары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен анықталады (ҚР АК 638 бап).
Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен талаптары тараптардың келiсiмiмен
белгiленедi.
Мердiгер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшiн берген
құралдарды қайтаруға мiндеттi. Сол сияқты тапсырысшы мердiгер жұмысты
орындауға кiрiспегенi немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған
жұмыста елеулi және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz