Атмосфераның негізгі ластану көздері
Мазмұны
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1.1. Қоршаған ортаның қазіргі кезеңдегі жай-күйі.
1.2.Шекті мүмкін концентрация шамасы
II бөлім. Қоршаған ортаны қорғау
2.1. Атмосфералық ауаның ластануы.
2.2. Қатты қалдықтар.
2.3. Топырақты өсімдік жамылғысы.
2.4. Өндірістік-санитарлық талаптар.
III бөлім. Мұнай ластануларынан алдын алу шаралары.
3.1. Батыс Қазақстан аймағының экологиялық ластану
3.2. Қоршаған ортаны қорғау саласының көрсеткіштері
3.3.Мұнай ластануларын жою және жоюға дайындықты қамтамсыз ету
3.4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтердің басқа бағыттары
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Мұнай –газ өндіруші өнеркәсіптер қоршаған ортаны ластайтын негізгі
салалардың қатарына жатады. Мұнай және газ кенорындарын игеру мен
пайдалану барысында оның қоршаған табиғи орта мен жер қойнауына
техногендік әсері өте зор.Қоршаған ортаны және жер қойнауын қорғау
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі заңына сәйкес жүзеге
асырылуы және халықаралық нормалар мен ережелерге сай болуы керек.
Мұнай және газ кен орындарын игеру мен пайдалану кезінде қоршаған
ортаны қорғаудың негізгі талаптары Қазақстан Республикасы заңдарының
негізінде құрылады. Арал өңіріндегі табиғи процестер мен өндіріс
салаларының бұрыннан келе жатқан үйлесімді дамуын осы өлкеде орын
алған экологиялық дағдарыс өзгерте бастады. Соның салдарынан табиғат
өзгеріп, елдің әлеуметтік -экономикалық ахуалы төмендеді. Әйтсе де Арал
өңірінде қауырт өршіген экологиялық дағдарыстың барысы өткен ғасырдың
соңғы он жылдығында біршама бәсеңдеді. Осы жағымды процесті
тұрақтандыру үшін Арал өңірінде экологиялық жобалар жүзеге асырыла
бастады. Бұл жобалардың мақсаты – экологиялық ахуалдың бағытын
бақылаудан шығармай басқару арқылы, өлкенің табиғи қорларын тиімді
пайдаланумен бірге, оның мүмкіндігін молайтуға қол жеткізу болмақ.
Мәселені түбегейлі шешу үшін, өңірде бұрыннан қалыптасқан табиғи
процестер мен өндіріс-шаруашылық салаларының даму жолын және қазіргі
күйін жан-жақты зерттеп, жаңа экологиялық жағдайға орай дамыту
бағытын айқындау мен басқару негізінде табиғи қорларды тиімді
пайдаланудың негізін жасау,өндіріс салаларының даму жағдайында қоршаған
ортаға зиянды әсерді барынша азайту қажет болып отыр.
Мұнай газ кен орындарын игеру барысында топырақ, су және атмосфера
мұнаймен, әртүрлі химиялық заттармен ластанады. Қоршаған ортаны қорғау
мәселесі өте өткір болып отыр. Қазіргі кезеңде экологиялық-аналитикалық
бақылау немесе кешенді зерттеулер жүргізілмейді. Қоршаған ортаның мұнай
барлау барысында ластану мәселесі күрделі экологиялық өзгерістерге
әкелетіні белгілі. Олай болса, қоршаған ортаға өндірістің түрлерінен
болатын әсерге баға беру арқылы зиянды әсерді анықтап, зерттеу арқылы
жағымсыз экологиялық ахуалдың алдын алуға болады.
Мұнай өндіру,мұнай өңдеу және мұнайхимиялық кешенде қоршаған
ортаның ластануын іздеу-барлау газ өндіретін скважиналар құрылысынан
басталады. Көп жағдайларда бұрғылау қондырғыларында топырақ пен су
қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді. Қондырғылар
аймақтары қатты жабынмен жабдықталмаған және құм төгілмеген.Осының
салдарынан жақын жатқан жерлер бұрғылау сұйығымен және мұнай өнімдерімен
ластанады, кейін бұл зиянды заттарды еріген сулар жақын жатқан
жерлерге және су қоймаларына қарай шайып кетеді. Топырақтың, ластану
процесі топырақтарда өнімді қабаттармен сіңіретін горизонттарға қабат
қысымын көтеру мақсатында айдалатын минералдығы жоғары судың
болуымен күрделенеді.

Мұнайды өндіру барысында үстіңгі сулы қабаттар мүнаймен және ілеспе
өндірілетін сулармен ластанады. Мұнай улы қасиеттерге ие, оның аз мөлшерде
суда болуы оны ішуге және шаруашылық-тұрмыстық қажеттілікке
қолдануға жарамсыз етеді. Өндірістік және тұрмыстық ағынды сулардан, сондай-
ақ ыдыстардан, құбырлар мен басқа да құрылымдардан аққан зиянды заттардың
фильтрациялық ағынынан жер асты суларынын ластануы мүмкін.
Мұнаймен бірге өндірілетін ілеспе қабат суы - минерализациясы жоғары су
болып табылады.Оның жер бетіне шығуы, жер үсті және жер асты су көздерінің
тұздануына және олардың ауыз судың сапасын жоғалтуына әкеп соқтырады.
Мұнай-газ кен орындарын игеру барысында топырақ мұнаймен, әртүрлі
химиялық заттармен, минерализациясы жоғары ағынды сулармен ластанады. Мұнай
және оның басқа да компоненттері топыраққа түсе отырып, оның қасиетін
едәуір дәрежеде, ал кейде тіпті қалпына келместей етіп -битумдық сорлардың
түзілуіне, цементтелуіне және т.б өзгертеді. Бұл өзгерістер өсімдік пен
жердің биоқұнарлылық жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады.Топырақ бетінің
бұзылуы нәтижесінде топырақ эрозиясы, дефляция процесі жүреді.
Мұнай топырақ пен өсімдікке өте зиянды әсерін тигізеді. Мұнаймен
ластанған топырақта көмірсутектер мен азоттың арасындағы ара қатынас тез
өседі, бұл топырақтың азоттық режимін нашарлатып және өсімдіктердің
тамырымен қоректенуін бұзады. Сонымен қатар, мұнай жер бетіне төгіліп
топыраққа сіңгенде, топырақты қатты ластайды, нәтижесінде жердің құнарлы
қабаты ұзақ уақыт бойы қалпына келмейді. Адамдар шоғырланған жердегі
атмосфералық ауаға шығарылатын зиянды заттардың шекті мүмкін концентрациясы
(ШМК) төменде келтірілген.
1.2.Шекті мүмкін концентрация шамасы
1.-кесте.
Мұнай мен газ өндіру аудандарында зиянды қалдықтардың қоршаған ортаға
шығуының жалпы мөлшерін, технологиялық процестерді жетілдіру арқылы және
газды толық пайдаға асыру мен оны тазалаудың әр түрлі әдістерін кеңінен
енгізу негізінде төмендетуге болады.
Олардың едәуір тиімдісіне мыналарды жатқызуға болады:
• магистралдық газ құбырларында атмосфераның газбен, конденсатпен,
мұнайдың буланған өнімдерімен ластануын болдырмас үшін конденсат
жинаушы және дренаждау желілерін орнату керек;
• мұнай құбырларын, лақтырма желілерін, ағынды суды таситын
коллекторларды және жинау коллекторларын өз уақытында жөндеп отыру
қажет;
• сұйық көмірсутектерді сақтау үшін артық қысымда немесе изотермиялық
жағдайларда жұмыс істейтін резервуарларды, яғни буланудан үсті
қорғалған резервуарларды қолдану;
• құрамындағы жеңіл компоненттері буланып атмосфераға шығуына жол бермес
үшін шағын ыдыстар мен аппараттарды сүзгі-жұтқыштармен жабдықтау;
• кен орнынан тауарлы өнімді алу барысында газды утилизациялайтын арнайы
қондырғыларды енгізу;
• шығарылған газды пайдаға жарату мен қайтару мүмкін болмаған немесе
тиімсіз болған жағдайда оларды жағып жіберуге факелге бағыттау;
• газдарды жағуға арналған факелдер бар болған кезде, олардың биіктігі
мен орналасуы стандарттарда қарастырылған концентрацияға дейін
атмосфераның жер үсті қабатында зиянды заттардың ыдырап таралып кетуін
қамтамасыз ету қажет.
Күкіртсутегі бар ортада қауіпсіз (апатсыз) жұмыс жағдайын камтамасыз
ету үшін, технологиялық жабдықтар, құбырлық арматуралар және құбырлар
күкіртсутегіне төзімді, берік, арнайы болат маркаларынан жасалуы керек.
Күкіртсутекті ортада жұмыс жасайтын жабдықтардың сенімділігі және апатсыз
пайдаланылуы арнайы ингибиторларды енгізу есебінен қамтамасыз етіледі.
Ингибиторды - сыйымдылықты аппараттан, мөлшерлік сораптан және құбырларға
жалғанған жіңішке түтікше арқылы береді.
Газды күкіртсутегінен тазалап алу, оны тасымалдау барысында құбырлардың
коррозияға ұшырауына жол бермейді және атмосфераға шығарылатын зиянды
заттардың жалпы мөлшерін азайтады.
II бөлім. Қоршаған ортаны қорғау
2.1. Атмосфералық ауаның ластануы.
Атмосфераны ластанудан қорғаудың негізгі шарттарының бірі-ластаушы
қалдықтардың инвентаризациясын жасау, яғни өндірістік қалдықтардың құрамы
мен саны жөніндегі мәліметтерді жинау және жүйелеу, мекеме аумағындағы
ластаушы заттардың көзін орналастыру және зиянды заттарды анықтау мен
зиянсыздандырудың іс-шараларын есепке алу.
Құланды участогында зерттеу жұмысын өткізгенде атмосфералық ауаны
ластаушы тұрақты және қозғалмалы көздер ескеріледі.
Тұрақты көздерге келесі өндірістік объектілер жатады:
дизельді электростанциялар АД-60, АД-30, автокөлік, жанғыш майлағыш
заттардың қоймасы (төгілген зат, құйылған зат, отын сақтау), дәнекерлегіш
агрегат. Қозғалмалы көздерге автокөлік жатады. Тұрақты көздердің барлық
саны-7.
Жобаланған тұрақты көздердің арасында ұйымдастырылған және
ұйымдастырылмаған түрлері бар. Ұйымдастырылған қалдықтардың көзіне:
дизельді электростанция және дәнекерлегіш агрегат жатады.
Ластанудың тұрақты көздерінің Құланды участогында орналасу схемасы 1-
сурет көрсетілген.
Тұрақты көздерден шығатын заттың көлемі: 4,995 тжыл. Тұрақты
көздерден бөлінетін зиянды заттардың құрамындағы 1,2,3,4 қауіптілік
класының зиянды заттары бар.
-жоғары қауіпті-бензапирен, азот диоксиді, марганец оксиді, акролеин;
-қауіпті, күкірт диоксиді, күйе, жүзінді заттар.
-аз қауіпті-көміртек оксиді, көмірсутектер.
Зиянды заттардың негізгі үлесі: азот диоксиді (63%), көміртек оксиді
(17%), көмірсутектер (8%), күкірт диоксиді (7%).
3. кесте. Атмосфераның негізгі ластану көздері.
Ластану көздері Ластаушы заттардың
Дизельді электростанциялар; 4,95
АД-60, АД-30
Автокөлік 0,009
Қойма 0,0356
Дәнекерлегіш агрегат 2,9*10
Барлығы 4,995
Кестеден көрініп тұрғанындай, дизельді электростанция ластану көзі
болып тұр. Төменде атмосфераға тұрақты көздерден шығатын зиянды заттардың
толық есебі келтірілген.
1-сурет
2.2. Қатты қалдықтар.
Құланды участогында мұнай барлау жұмыстарын өткізгенде мынадай қатты
қалдықтар түзіледі:
- тұрмыстық
- өндірістік
Дала лагерінде қатты өндірістік қалдықтарды жинауға арналған орын
қарастырылған. Өндірістік қатты қалдықтарды жинауға контейнерлер
қарастырылған, жұмыс аяқталған соң олар металл сынықтарын қабылдайтын
пункттерге өткізіледі, мұнай өнімдерінің қалдықтары ыдысқа жиналады да,
жақын жердегі қабылдау пунктіне өткізіледі. Тұрмыстық қалдықтардың сандық
құрамы 4.1-кестеде көрсетілген.
4. - кесте. Тұрмыстық қалдықтардың сандық құрамы.
Қалдық түзілетін Орташа тәуліктік Орташа Есептеген
обьектінің атауы норма , бірлікке тәуліктік кезеңге, м3
1м3 жалпы норма
Жатақхана (110орын)0,68 74,8 6732
Асхана (110орын)
Қоймалар және басқа 0,033 3,63 326,7
тұрғын жайлар
Аумақтан смета 6 6 450
( 2650м)
офис (10орын)
барлығы 0,021 55,65 667,8
0,33 3,3 297
8473,5
Барлығы 8473,5 м3 тұрмыстық қалдықтар түзіледі, тоннаға қайта
есептегенде орташа коэффициент ескеріледі : 1т-0,27м3
Сонда қатты қалдықтардың көлемі:
8473,5*0,27=2287.84т.
2.3. Топырақты өсімдік жамылғысы.
Құланды участогында іздеу барлау жұмыстарын өткізудің технологиялық
процесінде тербеліс көзі ретінде арнаулы вибрациялық қондырғылар
қолданылады, олар өздігінен жүретін дөңгелекті шама ретінде қозғалады.
Іздеу–географиялық жұмыстар экожүйеге механикалық әсер туғызады.
Негізгі бұзылулар вибрациялық қондырғының жұмысымен және автотрактор
техникасының көп реттік жүрісімен тығыз байланысты. Мұның әсерінен
өсімдіктердің жекелеген немесе толық жойылуы, топырақ горизонттарының
табиғи қабатының шешілуі, шаң-тозаңдану және тығыздалу жүзеге асады.
Практика көрсеткендей, мұнай барлау жұмысында топырақ өсімдік жамылғысы
техникалық көп реттік жүруімен ұзындығы 100 м тікелей байланысты. Бұзылулар
сипаты жүктеменің дәрежесіне, сондай-ақ экожүйенің қасиеті мен құрамына
тікелей тәуелді. Мұндай бұзылуларды бағалау әсердің транспорттық түрі
тұрғысынан бағаланады. Егер сыртқы әсердің дәрежесі барлық бағытта бірдей
болса, бұзылулардың сипаты экожүйенің ішкі қарсы тұру қабілетімен
анықталады. Бұл белгі бойынша участоктың барлық экожүйесін бірнеше топқа
біріктіруге болады, тұрақтылықтың белгілі тәртіппен өсу ретімен
орналастыруға болады
Экожүйелер марштық және өсімдік( майдатүйірлі тұзданған құмды
экожүйесі (құмды топырақ экожүйесі(зональды эрозияланған топырақ экожүйесі
(зональды құмды және құмды топырақты экожүйелер (кәдімгі және теңіз
маңындағы өсімдіктердің экожүйелері (тақыр тәрізді өсімдік экожүйесі (
зональды суглинді топырақ экожүйесі(тақырлар экожүйесі.
Экожүйелер және оны құрайтын компоненттер жылдың әр түрлі кезеңінде
түрлі күйде болады және олардың антропогендік әсерге реакциясы біркелкі
емес. Мысалы,көктемде шөлейтті экожүйелерде эфемерлер көбейеді. Сондықтан
осы кезеңде жұмыстар өткізу теріс зардаптарға әкеліп соғады.
Көктемде, жазда, гидроморфтық топырақтардан автокөлік өте алмайды, ал
қыста қатқанда бұзылу аз болады. Құм экожүйесіндегі жұмыс көктемде жел
активтілігі жоғары кезеңде дефляция процесінің күшеюімен қатар жүреді.
Экожүйенің негізгі компоненттерінің ерекшеліктерін ескере отырып жыл
мезгілдерінің ауа-райы жағдайына байланысты іздеу геофизикалық жұмыстардың
ыңғайлы схемасын ұсынуға болады:
• суглинді, эрозияланған, зональды топырағы бар экожүйелерде және тақыр
тәрізді өсімдікті топырақта барлау жұмыстарын жылдың кез- келген
уақытында өткізуге болады;
• жеңіл субстратты экожүйелерде жұмыс жасауға қолайсыз уақыт көктем,
себебі бұл уақытта кеңінен тараған эфемерлер белсенді түрде
көбейеді, және ең үлкен желдің белсенділігін сәйкес келеді;
• бұл уақытта экожүйелердегі гидроморфты жағдайда жұмыс істеу тиімсіз.
Тақыр жерлердің бетін қосымша ылғалдау көктемде оны автокөлікке
қолайсыз етеді;
• ылғал өсімдікті экожүйелер жұмыс істеудегі қиын обьектілерге жатады,
сондықтан ең ықтималдығы жоғары уақыт болып қыс мезгілі есептеледі;
• теңіз жағасындағы экожүйелерде және кәдімгі өсімдіктермен жылдың кез
келген уақытында жұмыс істеуге болады, бірақ ылғалдығы жоғары кезеңдер
қолайсыз болып саналады. Жалпы көктемгі мезгіл көптеген шөлейтті
экожүйелер үшін іздеу жұмыстарына қолайсыз уақыт болып табылады.
Ең алдымен көктем барлық өсімдіктер үшін көбеюдің ең белсенді уақыты
болып табылады. Бұдан басқа бұл кезең топырақтың ең ылғалданған және артық
ылғалданған уақыты . Неғұрлым топырақ ылғал болса, соғұрлым бұзылулар
тереңдікке кетеді де, вибро қондырғылармен топырақ тығыздала түседі. Аса
ылғалданған топырақта бұзылулар ұзақ уақытқа сақталады. Оған жатпайтын тек
қана жеңіл механикалық құрамдағы құм мен топырақ, олардың бір біріне
жабысуы ылғалдылықтың артуымен күшейтеді. Бұл кезеңде желдің белсенділігі
артады, ал субстраттар дефляцияға оңай ұшырайды.
2.4. Өндірістік-санитарлық талаптар.
Өндірістік обьектінің ғимаратына арналған аумақты санитарлық
талаптардың бірқатарын ескере отырып таңдайды (балшықтың бармауы, сарқынды
су мен жаңбыр суын ағызып жіберетін шығын иілім, таза ауыз су көзінің болуы
т.б). Мекеменің аумағындағы ғимараттарды табиғи жел соғуы жел жақсы
соғатын жаққа орналастырады.
Атмосфераға көп мөлшерде шаң-тозаң, жағымсыз иіс бөлетін мекемелерді
табиғи нашар желдетін орындарда орналастыруға болмайды (таудың сілемі,
тұйықталған жазық дала, т.б)
Өндірістік-шаруашылық құрылысына қатысты, тұрғын үйлер түтін, шаң, шу
және тағы басқа да зиянды әсерлерін азайту бағытын да орналастырады.
Өндірістік құрылғылар мен бөлмелердің зиянды зат бөлетін және тұрғын
аудандар арасында зиянның сипаты мен мөлшеріне байланысты яғни санитарлық
-қорғау зонасын қарастырады.
Төменде өндірістік обьектілер мен кейбір мекемелердің санитарлық қорғау
зонасының ең аз ені көрсетілген.
1000 м класс 1–ет комбинаттары, мал базасы 1000 басқа арналған. 300м
класс 2- құс фермалары және ірі қараға арналған ферма, қант зауыттары,
теплицалар мен парниктер, ағашқа антисептиктер сіңіру бойынша мекемелер,
сынаппен жұмыс істейтін приборлық т.б 200м –20т сыйымдылығы улы аммиактар
немесе минералды тыңайтқыштар мен ветеринарлық емдеу қоймалары.
100 м класс 4 бетон бұйымдары кірпіш өндірісі, ыстық цехы бар және
литейлі электромашиналар мен приборлар өндірісі, тағам қалдықтарын
пайдаланатын орнан кесу және азық цехы, балық консервілеу және ет қақатау
комбинаттары, автокөлікті жөндеу мен сақтау гараждары және басқа да
мекемелер.
50 м класс 5- жеміс, көккініс, картопты сақтайтын қоймалар, табак, шәй
фабрикалары, т.б зонаның ені санитарлық испекция мен келісе отырып
белгіленеді.
Санитарлық-қорғау зоналарының аумағын ауыл шаруашылығы мекемелерінде
барынша гараж құрылысына, монша, кір жуатын орын, тұқым, көкініс, жеміс
жидек сақтайтын қойма түрінде пайдалану жүзеге асырылады. Санитарлық-
қорғау зонасын тұрғын жай құрылысынан ені 50м болатын жасыл желек аймағы
бөліп тұруы қажет. Өндірістік мекеменің аумағы абаттандырылады және
көгалдандырылады, яғни жаяу жүргізуші жолағы мен жолдар қарастырылуы тиіс,
жарықталыну жүзеге асырылады. Ауылдық жерлерді және жолдарды жарықтандыру
қайғылы 20-30% -ға азайтады.
Өндірістік мекемелер әрбір жұмыс істеушіге 15 м3 көлем 4,5 м2 ауданнан
келуі қажет. Өндірістік мекемелердің ғимаратының биіктігі еденнен төбеге
дейін 3,2 м-ден аз болмауы керек, ал энергетикалық және транспорттық
–қоймалық шаруашылық егер онда адамдар тұрақты тұрмаса 3м-ден аз болмауы
қажет. Өндірістік процестерде кенеттен шығатын шу немесе зиянды газдар
бөлінетін болса, жекелеген бөлмелерде болуы тиіс. Еден тегіс және тайғақ
болмайды. Егер еден цемент т.б болып , суық болса, ағаш тор немесе
кілемшелер төселеді. Кіре берісте сквозняк болмас үшін есігі өз бетінше
жабылатын тамбур болуы тиіс.
Станоктар, т.б қондырғылар бөлмеде орналасқанда жұмыс орындары
арасында ені 7 м болатын өтетін жер қалдырылады және жұмыс орыны үстінен
жүк тасымалданатын болмауы тиіс.
Жұмыс орыны жанында дайын детальдарды орналастыратын арнаулы аумақ
болуы тиіс. Санитарлық тұрмыстық бөлмелер әрбір мекемеде болуы керек. Бұл
бөлмеде – жеке киім және арнаулы киім салатын шкафтар гардеробы, душ, жылы
суы бар қол жуғыш, тамақ ішетін орын қарастырылады. Егер мекемеден 300-ден
аса адам жұмыс істесе, әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме болуы
тиіс. 100-ден аса әйел жұмыс істесе бала емізетін бөлме қарастырылады.
Желдеткіш құрылғылармен айдалған ауаны атмосфераға шығарда шаң мен
улы заттардан тазарту қажет. Адамдар тұрақты отыратын тұрмыстық және
өндірістік мекемелерде жылу қарастырылады, ал жылу жұмыс шарты бойынша
қыста жеткіліксіз. Мысалы, тұтанбайтын және жарылмайтын шаң бөлінгенде
жылудың бу, ауа, немесе сулы жүйесі ұсынылады, жылынатын бөлменің ауданы
500 м2 артық болмас, пеш арқылы жылытылады. Өндірістік мекемелерде
жарықтандырғанда еңбек өнімділігінің артуына ықпал ететіндей, бақытсыз
жағдайлардың мүмкіндігін азайтатындай етіп жобалау керек. Табиғи жарықталу
коэффициентімен сипатталады. Жарық жанынан түсетін бөлмелерде бұл
коэффициенттің минимальды мәні нормаланады, жоғары немесе біріктірілген
жарықталу-орташа мәнге ие болады. Жарықталу тұрғысынан жұмыстың шарты
бойынша өндірістік мекемелердің алты разряды үшін нормаланады.
Шаруашылық және ауыз су мұқтаждығы үшін ішкі су қүбырын орнатуға да
болады, егер ауысында 25 адамға дейін жұмыс істесе, және жергілікті сумен
қамтамасыз ету көзі болса, су құбырларын жобалай отырып, судың шығын
нормасы ауысымдағы әрбір адамға 35 л айтарлықтай жылу бөлінгенде сағаттың
біркелкісіздік пайдалану коэффициенті -2,5, ал аз жылу бөлінетін цехтарда
коэффициент 3 болғанда - 25л су шығыны болады.
Шаруашылық фекальды канализациясыз мекемелердегі су шығыны әр адамға
15л болуы мүмкін. Улы заттарды канализацияға тастау үшін мынадай жағдайды
ескереді, егер сарқынды судың негізгі массасымен араластырғанда, улы
заттардың концентрациясы нормадан аспауы қажет, басқа жағдайда оларды
химиялық жолмен бейтараптандырады. Егер өндірістік сарқынды суда жанғыш
сұйықтар, майлар, жүзінді заттар қоспасы немесе басқа заттар болса, олар
канализацияның қалыпты жұмысын бұзады, ондай жағдайда мекемелерде
бензоаулағыштар, торлар, тұндырғыштар тағы басқа да жергілікті сарқынды
суды тазартатын қондырғыларды орнатады.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан ресми түрде экологиялық апатты
аймаққа жатпайды. Дегенмен, мұнай мен газды көзсіз игеру салдарынан
экология нашарлады, тіпті мүшкіл халге жетті десем, артық айтпағандық
болар. Осы күні түрлі өндірістің көбеюінен Каспий теңізінің деңгейі
көтеріле бастады. Бірқанша кен орындары теңізге жақын орналасқандықтан
тасқын су астында қалу қаупі де жоқ емес. Оның үстіне, кәрі Каспийдің
құшағына бұрғы түскелі теңізден маза кетті. Жыл сайын қаншама аң мен құс
қырылып жатыр. Экологияның зардабынан сан алуан дерт пайда болды.
Мұнай мен газ – еліміздің энергетикалық стратегиясының негізі екені айқын.
Оны игермей, пайдаланбай, қызығын көрмей отыра алмайсың. Дейтұрғанмен,
қоршаған орта мен экология мәселесін ескермесек, түбі опық жейтініміз анық.
Каспийдің мұнайын алуға келген инвесторлар біздің Үкіметпен арадағы
келісімшарттарында атмосфераға қалдық шығармаймыз, яғни нөлдік
көрсеткішпен жұмыс істейміз дегенді айтқан. Соған келісіп, қол қойған.
Қашаған қойнауынан мұнай өндіру бір емес, бірнеше рет шегерілгенін бәріміз
жақсы білеміз. Белгіленген соңғы мерзім – 2013 жыл. Бұған дейін инвесторлар
өнім алудың кейінге ысырылғанын экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру
жобаларымен байланыстырған еді. Естеріңізде болса, оператор-компания
шығынды 136 млрд долларға дейін ұлғайтқан еді. Шығынның дені экологиялық
жобаға жұмсалып отыр дегенге сену, әрине, қиындау. Десек те, инвесторлар
экологиялық қауіпсіздікті желеу ретінде көлденең тартқаны белгілі. Демек,
осы жерде біздің Үкіметтің ұстанымы нығыз, берік болғаны абзал. Өйткені,
қатаң талап, ірі жауапкершілік болмаса, инвестор ойнына келгенін істейді.
Сондықтан мен мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласында
жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Заңына қол қойғанын қуана құптаймын. Үкімет басшысы Кәрім
Мәсімов Астанада өткен энергетикалық басқосуда Қазақстан Каспий теңізінде
жоғары экологиялық стандарттар бойынша жұмыс істейді, – деп мәлімдеді.
Теңіз өндірісінің қауіпсіздігі жөнінде біздің ел Каспиймен көршілес отырған
мемлекеттермен үкіметаралық келісімге келмекші дегенді де Премьер-
министрдің аузынан естідік. Әрине, мұның бәрі дұрыс. Қазынаның қос бүйірін
бұлтитып жатыр деген қағидамен инвестор атаулыны еркінсітуге болмайды.
Өйткені, қоршаған орта мен қоғам арасындағы тепе-теңсіздік салдарынан
келетін залалды ештеңемен теңестіре алмаймыз. Білім және ғылым
министрлігіне қарасты экономикалық зерттеулер институтының мәліметіне
қарағанда, қарт Каспийдің суы минус 26 м көтерілгеннің өзінде келетін шығын
мөлшері – (экономика саласына) 770 млрд теңге. Бұл – аз сома емес.
Соңғы жылдары мұнай өндіру мөлшерінің ұлғаюы – теңіздің ластануына қатты
әсер етті. Алдағы 30 жыл шамасында Каспий қойнауынан 40-60 млрд баррель
өнім алу күтілуде. Теңіз түбін бұрғылау кезінде 2700 химиялық реагент
пайдаланылады. Су астындағы бұрғылау, жөндеу, апатты жұмыстар кезінде түрлі
улы қалдықтар жиналады. Осы жерде теңіз түбінің онсыз да лас екенін
ескерсек, инвестордан барынша ұқыпты, анағұрлым озық технологиямен жұмыс
істеуді талап етуіміз керек. Мысалы, судың фенолмен ластану деңгейі шекті
мөлшерден 9 есе көп екен. Бұл осыдан төрт-бес жылғы зерттеу қорытындысы-
тын. Бүгінге дейін оның мөлшері көбеймесе, азаймағаны анық.
Бұған қоса, бұрғы түскен аймақтың өсімдік пен аң-құс әлеміне аса бай аймақ
екенін білеміз. Оның кейбірі Қызыл кітапқа енгенін де хабардар
боларсыздар. Сондықтан қара алтын өндірісі кезінде басқасы-басқа, теңізге
төгілген мұнай тамшысының залалы орасан зор болмақ. Ал мұнай компаниялары
экологиялық қауіпсіздікті жетілдірудің орнына қоршаған ортаға келтірген
зияны үшін айыппұл төлеп құтыла салады. Мұндай үрдіс тек қана біздің елде
бар шығар. Еуропада, Батыста бұған өте қатал қарайды. Тоқсан ауыз сөздің
тобықтай түйіні: алпауыттарға бізді тек табыс пен пайда ғана емес, ел мен
жердің бүгіні мен болашағы алаңдататынын ұғындыруымыз қажет.

2009 жылы негізгі еншілес ұйымдардың қоршаған ортаға әсерінің
қысқаруға беталысы сақталды. Ластаушы заттардың атмосфераға тасталу көлемі,
алдыңғы жылдың мерзімімен салыстырғанда, 12 516 тоннаға немесе 11,2 пайызға
көбейді, бұл өндіріс көлемінің артуына және жаңа активтерді сатып алуға
байланысты.
Сонымен қатар, соңғы жылдарда өндіріс көлемінің артуына қарамастан, мұнайды
өндіру, қайта өңдеу және мұнай мен газды тасымалдау кезінде тасталымдардың
үлестік көлемі орнықты төмендеп келеді.
Мысалы, ҚазМұнайГаз Барлау және Өндіру АҚ-да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz