Қаржылық бақылауды ұйымдастыру



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау түсінігі
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні және қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қаржылық бақылаудың мазмұны, міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3. Бақылау типтері, түрлері және оны жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ...10
II бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.
2.1Қаржылық бақылауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3.Ішкі бақылауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Қаржылық бақылауды ұйымдастыру».Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық элементтерінің бірі.Ол басқарудың қаржылық жоспарлау,қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп отырады.Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде:бақылаудың айрықша органдарын құрғанда,оларды білікті мамандармен толықтырғанда, бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде шындыққа айналады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты – жалпы қаржылық бақылаудың мәнін ашу,оны ұйымдастыру жолдары мен түрлерін сыртқы және ішкі бақылауды ұйымдастыруға жан-жақты сипаттама беру.
.Баймұратов «Қазақстанның қаржы нарығы» Алматы,2007.
2.Дробзина Л.А. «Финансы», «Юнити»,Москва,2000.
3.Дүйсенбаев К.Ш,Төлегенов Э.Т, Жұмағалиева Г.Н «Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау».Алматы,2001
4.Ковалева А.М. «Финансы».Москва, « Финансы и статистика»,2000.
5.Құлпыбаев С. «Қаржы»,Алматы «Мерей»2000.
6.Құлпыбаев С. «Қаржы»,Алматы 2006.
7.Мельников В.Д «Основы финансов» Алматы,2005.
8.Өтебаев Б.С. «Мемлекеттік бюджет»,Алматы 2006.
9.Ілиясов Қ.Қ, Қүлпыбаев С. «Қаржы»,Алматы,2005.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I бөлім. Мемлекеттік қаржылық бақылау түсінігі
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні және
қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Қаржылық бақылаудың мазмұны,
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...8
1.3. Бақылау типтері, түрлері және оны жүргізу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... 10
II бөлім. Қаржылық бақылауды ұйымдастыру.
2.1Қаржылық бақылауды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2. Сыртқы бақылауды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.3.Ішкі бақылауды
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .26

Кіріспе.

Бұл курстық жұмыстың тақырыбы Қаржылық бақылауды
ұйымдастыру.Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функциялық
элементтерінің бірі.Ол басқарудың қаржылық жоспарлау,қаржыны
оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және
бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі
қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде
шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған
үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері,
пайдаланылуы туралы ескертіп отырады.Қаржының бақылау функциясы
материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну
процесіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға
мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана
адамдардың қатысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың
кезінде:бақылаудың айрықша органдарын құрғанда,оларды білікті
мамандармен толықтырғанда, бұл органдардың құқықтарын реттемелегенде
шындыққа айналады.
Осы курстық жұмыстың мақсаты – жалпы қаржылық бақылаудың мәнін
ашу,оны ұйымдастыру жолдары мен түрлерін сыртқы және ішкі бақылауды
ұйымдастыруға жан-жақты сипаттама беру.

I бөлім Мемлекеттік қаржылық бақылау түсінігі
1.1. Қаржылық бақылаудың мәні және қажеттілігі.
Экономикалық категория ретіндегі қаржыларға бақылау фунциясы
іштей тән.Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау
нысанында жүзеге асырылады,бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге
болмайды.Бақылау функциясы-қаржының ішкі қасиеті,ал қаржылық бақылау
қаржыға тән объективті мазмұн ретінде бақылау функциясын практикалық
қолдану болып табылады.
Қаржылық бақылау деп әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық
жалпы өнімді құндықбөлу мен оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың
дәлелдігін тексеруге бағытталған өзгеше қызметті
айтады.Сөйтіп,қаржылық бақылау шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржы қатынастарын жүзеге асырудың белгіленген нысандары мен
әдістерін орындауын қамтамасыз ету,олардың тиімділігін талдау және
оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау жөнірдегі өкілетті
органдардың мақсатты қызметі болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін
қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылау-қаржыны басқарудың функционалдық элементтерінің
бірі.Ол басқарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару
сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір уақытта жүзеге
асырылады.
Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы жоспарларының
орындалуы,қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы
тексеріледі.Басқа жағынан қаржылық бақылаудың нәтижелері қаржылық
жоспарлауда,оперативті басқаруда пайдаланылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі-оның ақша нысанында жүзеге
асырылатындығында.Табыстар мен жиналымдардың қалыптасу процесі оның
тікелей объектісі болып табылады.
Қаржылық бақылау мыналарды тексереді:экономикалық заңдар
талабының сақталуы;жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың құнын бөлу
және қайта бөлу үйлесімдерінің оңтайлылығы; бюджетті жасау және оның
атқарылуы;шаруашылық жүргізуші субъектілердің,мемлекеттік
мекемелердің , қоғамдық ұйымдар мен қорлардың,басқа заңды тұлғалардың
еңбек,материал және қаржы ресурстарының қаржылық жай-күйі және
оларды тиімді пайдалану.Қаржылық бақылау сонымен бірге салықтық
бақылауды да кіріктіреді.
Қаржылық бақылаудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа
түрлерімен:әкімшілік,құқықтық,әлеум еттік,техникалық,саяси бақылаумен
жиі тура келуі мүмкін.Шаруашылық ұйымдардың қаржы жағы шаруашылық
қызметпен тығыз байланысты болатындықтан қаржылық бақылауды
шаруашылық бақылаудан бөліп алу қиынға түседі,ал кейде мүмкін
болмайды,өйткені қаржы операцияларының көбінде шаруашылық қызметтің
басқа процестері қамтып көрсетіледі.
Қаржылық бақылаудың функциялары:
1)қаражаттардың жұмсалуын тексеру (шығыстардың сұралған сомаларға
сәйкестігі және мемлекет қаражаттарының тиімділігі);
2)қаржы жүйесінің барлық буындары бойынша мемлекеттік ресурстарға
қаражажаттарды жұмылдырудың уақыттылығы мен толымдылығын тексеру;
3)есеп және есептеме қағидаларының сақталуын тексеру.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып
табылады:
бақылаудың реттілігі,жаппайлылығы,әмбебаптылығ ы;
бақылаудың превентивтілігі,яғни оның алдын алу сипаты;
әрекеттілік,нақтылық,жариялылық-бұл арға бақылау жұмысын дұрыс
ұйымдастырғанда, негізделген әдістерді қолданғанда, ұқыпты
зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
бақылаудың алаламаушылығы;
бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық тәртіп-бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің,
оның шаруашылық жүргізуші субъектілерінің ақша қорларын жасаудың,
бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын анықтау.
Қаржылық бақылаудың міндеттерін, олардың түрлерін, нысандары мен
әдістерін, субъектілері мен объектілерін бақылауды жүзеге асырудың
деңгейіне қарай қарастырған жөн, яғни ол микро-немесе макродеңгейде
жүргізіледі.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау-бұл бүкіл мемлекет ауқымында
қаржыны ұйымдастыру мен оның іс- әрекет етуінбақылау.Оның міндеттері
мыналар болып табылады:
ақшалай қаражаттардың орталықтандырылған қорларын
қалыптастырып, тиімді пайдалану процесін қамтамассыз ету;
қаржы қатынастарын іске асырудың қолданылып жүрген нысандары
мен әдістерінің объективті қажеттіліктеріне нысандар мен әдістердің
сай келуін бақылау;
қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді пайдалану, салалар мен
аймпқтардың қаржы ресурстарына деген қажеттілігін оңтайлы түрде және
саралай отырып қанағаттандыру, азаматтардың әлеуметтік –мәдени
сферасының қызметтеріне деген қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру
мақсатында оларды салалар мен аумақтар бойынша бөлудің алшақтықтарын
анықтап, жою және басқалары.
Бұл деңгейде мемлекеттік қаржылар бақылаудың объектісі болып
көрінеді.
Жиынтық қаржы жоспарлары, аумақтық, салалық тұрғыда олардың
атқарылуы туралы есептер бақылаудың предметі болып табылады.Әр түрлі
қаржылық көрсеткіштер және жоспарлардың және есептердің бірқатар
өндіргіштік көрсеткіштері талданады, жинақтап қорытылады және осының
негізінде қаржы қатынастарының нысандары мен әдістерін жетілдіру
жөнінде ұсыныстар жасалады.
Биліктің заң шығарушы органдары мен басқарудың мемлекеттік
органдары бұл деңгейде бақылау субъектілері болып келеді.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау-меншіктің барлық нысанындағы
шаруашылық жүргізуші субъектілер деңгейіндегі бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылаудың міндеттері:
Кәсіпорындарының қаржы саласында қолданылып жүрген заңдардың
сақталуын қамтамассыз ету;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің бюджет алдындағы
міндеттемелерін орындауының дер кездігі мен толымдылығын қамтамассыз
ету;
қаржы ресурстары өсуінің ішкі өндірістік резервтерін табу;
ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануға, бухалтерлік
есепті дұрыс жүргізуге, есептеме жасауға және басқаларға жәрдемдесу.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бұл
деңгейде бақылаудың объектісі,ал қаржылық көрсеткіштар(табыс
,пайда,өзіндік құн,аударымдар,салықтар және басқалары) оның предметі
болып табылады. Қаржылық бақылаудың
кәсіпорындардың экономикалық службасы, оның жеке мамандары
жүзеге асырады.

1.2. Қаржылық бақылаудың мазмұны,мәні және міндеттері.
Мемлекеттің ақша ресурстарының жасалуы,бөлісуі және пайдаланылуы
бойынша іс-әрекет норметивті-құқықтық актілерге негізделеді және
олармен реттеледі. Осы іс-әрекеттің заңдылығын қамтамассыз етудің
маңызды және қажетті құралы болып мемлекеттік бақылау және оның
құрылымдық бөлігі баржылық бақылау болып табылады.Қаржылық бақылаудың
маңызы мен қажет болуы негізінде ақша құралдары қорын жасалуы,
бөлісуі мен пайдалануына байланысты экономикалық қатынастарды
әлпеттейтін және экономикалық категория болатын қаржыларын бақылау
функциясымен дәйектеледі.
Бюджеттік кодексте қаржылық бақылауға мынадай түсінік
беріледі:Мемлекеттік қаржылық бақылау(сыртқы және ішкі)-ол
мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және
жергілікті бюджеттерді атқару, есебі мен атқару жөнінде есептілік
жүргізу, оларды атқаруын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін,
мемлекеттің кепіліндегі заемдарды, мемлекеттік мекемелердің
тауарлар(жұмыстар, қызметтер)сатудан түскен және олардың билігінде
қалатын ақшаларды пайдалану бойынша іс-әрекетін Қазақстан
Республикасының заңнамаларына сәйкестігін тексеру Мемлекеттік
қаржылық бақылау объектісі ұғымына ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы
органдар, бюджет түсімдерін төлету мен бақылауына жауапты мемлекеттік
органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер, олардың ведомстволық
ұйымдары, бюджет құралдарын алушылар, мемлекеттік гранттарды,
активтерді, мемлекеттің кепіліндегі заемдарды пайдаланылатын жеке
және заңды тұлғалар жатады.
Негізінде қаржылық бақылауды іске асыру, біріншіден, барлық
шаруашылық субъектілердің қаржылық заңнамалар мен қаржылық тәртіпті
сақтауларын бақылау жөніндегі арнайы құрылған органдардың заңнамалы
реттелген іс-әрекетін маңыздайды.Екіншіден, қаржылық бақылау-ол
қажеттілігі қоғамдық дамудың объективтік мұқтаждарымен дәйектелген
қаржылық процестерді басқарудың міндетті элементі және маңызды
функцияларының бірі, себебі қоғамдық қаржы құралдарын басқару
қоғамның алдында өзінің жауапкершілігін құштар етеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі мақсаты-бюджетке ақша құралдарының
түсуін максималдау, олрдың ашық түрде пайдалануын қамтамассыз ету
және мақсатсыз жұмсамауды жібермеу.Осы негізгі мақсатты және қаржылық
бақылаудың мазмұнын келесі мәселелерді шешу ашып көрсетеді:
-бюджетке құралдардың толық және өз уақытында түсуін тексеру;
-бюджет құралдарын тиімді, мақсатты және үнемді пайдалануын
тексеру және талдау;
-қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық міндеттемелерін
орындауды тексеру;
-қаржылық бақылау объектілерінің қаржылық тәртіп пен қаржы
операциялар тәртібінің, ақша құралдардың есептемелері мен сақтауының
орындалуларын тексеру.
Қаржылық бақылаудың маңызы, бір жағынан қаржылық бақылау
объектілерінің қаржылық іс-әрекетте заңнамалы белгіленген тәртіпті
сақтауды тексерумен, екінші жағынан осы объектілердің жүргізіп жатқан
қаржы операцияларының тиімділігі мен экономикалық
қажеттілігін,олардың қоғам, жалпы мемлекетмақсаттарына сәйкестігін
тексерумен дәйектелінеді.
Басқару жүйесінің қажетті бөлігі болып табылатын қаржылық
бақылауды жүргізу-бақылау объектілерінің нақты ахуалы жөнінде толық
ақпарат алуға мүмкіншілік береді.Ал мұндай ақпарат арқылы
объектілердің іс-әрекет нәтижелерін бағалауға, жіберілген ауытқулар
мен олардың салдарын, жалпы айтқанда басқарушылық шешімдердің
тиімділігін анықтауға болады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесінің дамуы мен жетілдіруі
республикада халықаралық тәртіптерге сәйкес, бірақ ұлттық
экономиканың даму ерекшеліктері мен әр түрлі деңгейдегі мемлекеттік
органдардың іс-әрекеттерін есептей отырып және әрекеттегі әдіс-
тәсілдерді, құралдар мен әдістемелік шешімдерді сақтаумен іске
асырылады.
1.3 Қаржылық бақылаудың типтері, түрлері және жүргізу
әдістері.
Мемлекеттік қаржылық бақылау өз алды билік пен басқарудың
арнайы органдарының мемлекеттік қаржы ресурстарын қалыптастыруына
байланысты ақша құралдарының қозғалысын, олардың толық және өз
уақытында түсуі мен мақсатты пайдалануын тексеруді іске асыру үшін
экономикалы-құқықтық барлығы әрекеттерін көрсетеді.Мемлекеттік
қаржылық бақылаудың заңнамалық негіздері Конституцияда бекітілген
және Бюджеттік кодекстің арнайы ережелерімен реттелген.
Мемлекеттік қаржылық бақылау келесі типтерге жіктеледі:
-сәйкестікті бақылау, яғни бақылау объектілері қызметтерінің
әрекеттегі заңнамалар талаптарына сәйкестігін тексеру және бағалау;
-қаржылық есептілікті бақылау, яғни бақылау объектілерінің
қаржылық есептіліктерін өз уақытында құру мен ұсынуды және олардың
сенімділігі мен дәйектілігін тексеру, бағалау;
-тиімділігін бақылау, яғнибақылау объектілерінің республикалық
немесе жергілікті бюджеттердің құралдарын, мемлекеттің активтері мен
мемлекеттің кепіліндегі заемдарды, мемлекеттік мекемелердің
тауарлар,қызметтер мен жұмыстарды атқарудан түскен ақшаларды,
гранттарды пайдалануының үнемділігін, нәтижелігін және өнімділігін
тексеру мен бағалау.
Мемлекеттік қаржылық бақылау тексерілетін мәселілердің арнауы
мен көлеміне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
-кешендік бақылау,мұнда жаппай әдіспен бақылау объективтінің
белгіленген уақыт мезгіліндегі барлық іс-әрекеттері тексеріледі және
бағаланады.
- тақырыпьық бағалау, мұнда жаппай әдіспен бақылау объектінің
белгіленген уақыт мезгіліндегі әрбір мәселелері бойынша іс әрекеті
тексеріледі және бағаланады.
- қарама-қарсылық бақылау, мұнда операциялар бірлігімен өзара
байланысты құжаттар салыстыру негізінде үшінші тұлғалардың тексеріліп
жатқан мәселе шегіндегі бақылау объектісінің өңкей ара қатынастары
тексеріледі және бағаланады.
Бақылаудың критерийлер бойынша жіктелген келесі формалары
анықталады:
• Жүргізу регламенттері бойынша – сыртқы (міндетті), ішкі (ынталы);
• Жүргізу уақыты бойынша – алдын-ала, ағымдағы (оперативтік), кейінгі;
• Бақылау субъектілері бойынша – президенттік, биліктің өкілдік
органдарын,биліктің атқарушы органдарын, қаржы
органдарын,ведомстволық,ішкі фирмалық,аудиторлық;
• Бақылау объектілері бойынша-
бюджеттік,салықтық,валюталық,несиел ік,сақтандырушылық,инвестициялық,ке
дендік,ақша массасын бақылау.
Бақылау объектілерінің қаржылық әрекеттерін сыртқы (міндетті)
бақылау заңнамаға сәйкес іске асырылады, ал ішкі (ынталы)бақылау
заңмен реттелмейді, бірақ қаржыларды басқарудың қажетті механизмі
болып табылады.Бюджеттік кодекс бойынша сыртқы бақылау ретінде Есеп
комитеті мен маслихаттардың ревизиялық комиссияларының іске асыратын
мемлекеттік қаржылық бақылау, ал ішкі бақылау болып орталық өкілетті
орган мен жергілікті тиісті органдардың, сондай-ақ мемлекетік басқару
органдарының ішкі бақылау қызметтерімен іске асырылатын мемлекеттік
қаржылық бақылау табылады.
Бақылаудың алдын ала формасы бюджеттік құралдар арқылы ұсталатын
мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ
субсидиялар, несиелер, Үкіметтің кепілін алушылардың республикалық
және жергілікті бюджеттер құралдарын пайдалану жобаларын жасау мен
қарау сатыларында іске асырылады.
Бақылаудың ағымдағы формасы бақылау объектілердің бюджеттен
бөлінген құралдарды пайдалану бойынша қаржы операцияларын жүргізу
сатысында қолданылады.Бақылау объектілерінің республикалық және
жергілікті бюджет құралдарын өз уақытында, мақсатты және тиімді
пайдалануын, сондай-ақ пайдалану жөніндегі есептер сенімділігінің
кейінгі бақылауы осы құралдармен қаржы операциялар жүргізу қортындысы
бойынша іске іске асырылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістер пайдалану арқылы жүргізіледі.
Солардың ішіндегі ең көп тараған әдістің бірі-ол ревизия, тексеріс,
қайта қарау атты әдіс, яғни бақылау объектісінің қаржы-шаруашылық
әрекетін толық тексеру. Ревизия жүргізу процесінің мақсаты-бақылау
объектісінің қаржылық іс-әрекетінің заңдылығын, дұрыстығын,
мақсаттылығын және соның нәтижесінің тиімділігін дәлелдеу.
Тексерілетін мәселелердің мақсаты мен көлеміне байланысты
ревизиялар жоспаплы және жоспарлы емес, толық және бірен-сарандаған,
кешенді және тақырыптық түрлерде болуы мүмкін.Ревизияларды негізінде
мемлекеттік бақылаушы органдар жүргізеді, бірақ оны ведомстволық ішкі
бақылаушы қызметтер мен мемлекеттік емес бақылаушы органдар жүргізуі
мүмкін.
Деректі және камералді тексеру әдісі бақылау объектісі ұсынған
есептік құжаттарды оқып-білу негізінде қаржылық іс-әрекеттің жеке
мәселелерін қарастыру мен соның нәтижесі бойынша анықталған
кемшіліктерді жою үшін шаралар қабылдауға қолданылады.Бақылау әдісі
ретінде сондай-ақ бақылау объектісінің қаржылық жағдайын талдау
әдістері де пайдаланады.Бұл арада қаржылық және бухгалтерлік
есептілік мәліметтерін талдай отырып, бақылау объектісі қаржылық
әрекетінің нәтижелері, меншікті капиталмен қамтамассыз ету мен оны
тиімді пайдалануына баға беріледі.
Бақылау объектісінің қаржылық жағдайынанықтау мен оның даму
бағыттарына баға беру үшін бірсыпыра қаржылық және экономикалық
көрсеткіштер арқылы жүргізілетін тексерілу әдісі пайдаланды. Тағы бір
бақылаудың әдісі- қадағалау атты әдісті бақылаушы органдар қаржылық
әрекеттің белгілі бір түрін іске асыру үшін лицензия алған бақылау
объектінің сол іс-әрекеті тағайындалған тәртіптер мен нормативтерге
сәйкестігін тексеру мақсатпен пайдаланады.Бақылау объектілердің
бюджет құралдарын пайдалану мен олардың қаржылық жағдайларына тұрақты
бақылау мониторинг әдісін қолдану арқылы іске асырылады.
Ел президенті мен Парламенті жағынан мемлекеттік қаржылық
бақылау қаржылық іс-әрекетке жататын заңдар қабылдағанда,
республикалық бюджет жобасын қарау мен бекітуде және оны атқару
жөніндегі есепті бекітуде іске асырылады.Республикалық деңгейде
қаржылық бақылауды өкілдік биліктің тиісті құрылымдары-Сенатпен
Мәжілістің комитеттері мен комиссиялары, ал жергілікті деңгейде-
маслихаттардың тиісті ревизиялық комиссиялары жүргізеді.
Мемлекеттік бақылаушы органдардың іс-әректтерінің тиімділігін
қамтамассыз ету мақсатпен республикада республикалық және жергілікті
бюджеттерді атқаруын бақылау жүйесінің Даму тұжырымдамасы
қабылданған.Тұжырымдаманы қабылдау республикалық және жергілікті
бюджеттерді атқаруын бақылау түсінігін халықаралық талаптарға сәйкес
анықтаудың объективтік қажеттілігі, нормативтік құқықтық актілерді
жасау мен бекіту, құқықтық актілердің әрекеттеріне байланысты
объектілер мен салаларды бөлу мәселелерімен дәйектеледі.
Тұжырымдамаға келесі негізгі мақсаттарды шешуге бағытталған:
-республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарудың бақылау
жүйесінің әрі қарай дамуы, оның нормативтік базасын қалыптастыруына
мемлекеттік реттеуді тағайындау, ең алдымен халықаралық нормаларға
сәйкес бақылаудың негізгі принциптері мен стандарттарын және жалпы
әдістемелік жұмысты ұйымдастыру;
-республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруды бақылау
жүйесін жетілдіру арқылы мемлекеттік меншіктегі мүліктерді тиімді
пайдалану мен экономика саласындағы құқықты бұзумен күресу үшін алдын
ала шаралар қабылдау;
-республикалық және жергілікті бюджеттерді атқаруды бақылаудың
ақпараттық жүйесін жетілдіру мен біріңғай әдістемелік база құру;
-республикалық және жергілікті бюджеттерді атқарудың бақылау
жүйесін іске асырудағымемлекеттік органдардың уәкілеттілігін айқын
бөлу және қосарланушылықты жою;
-республикалық және жергілікті бюджеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық қызметінің аудиті
Қаржылық бақылау түсінігі
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Қаржылық бақылау әдістерімен қаржылық бақылаудың органдары
Қазақтан Республикасында қаржылық бақылауды ұйымдастыру ерекшеліктерінің теориялық негіздері
Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
Қаржы жұмыстарының әдістері
Қаржылық бақылаудың функциялары
Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы туралы
Пәндер