Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

І. ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Ұлтжандылық және оны ұйымдастырудың принциптері туралы
түсінік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6-11
1.2 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық

негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11-17

ІІ. ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ЖОЛДАРЫ
2.1 Сабақта оқушылардың ұлтжандылық сезімін, түсінігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18-21
2.2 Сабақтан тыс уақытта дамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы
оқушыларды ұлтжандылыққа
тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .21 -25

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .26-27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-29

ТІРКЕМЕ

КІРІСПЕ

Өзектілігі. Елеміздің тәуелсіздік алғалы Отансүйгіштік, Қазақстандық
патриотизм, Ұлтжандылық деген сөздер жиі қолданыла бастады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына ұлтжандылық тәрбие берудің 2006
– 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ел өміріндегі бірқатар
мәселелерді шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғарғы
ұлтжандылық сананың қалыптасуына, өз отанына, еліне, тіліне, деген мақтаныш
сезімге, Отанның мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға
дайындығын тірбиелеуге байланысты дәл көрсетілген.
Ұлтжандылық тәрбие үрдісінің ұстанымдары, формалары, әдістерінде
түбегейлі өзгеріс жоқ. Мәселен білім мен тәрбие жұмысының мазмұнында болып
отыр. Ондағы жадығаттар Қазақстанды егеменді мемлекет ретінде оң көзқарасты
қалыптастыру қажет. Ол үшін білім мазмұнына елдің тарихи ақиқаттары,
мәдени–рухани төлтума болмысы енуге тиіс. Осындай білімді жастарға дамытуда
әсіресе, қоғамдық ғылым пәндерінің мүмкіншіліктері мол.
Қазақстандық ұлтжандылықты жоғарғы деңгейде қалыптастырудың негізгі
шарттарының бірі - өмірдің әлеуметтік–экономикалық жағдайын көтеру, елді
өркендету. Тәуелсіздік жылдары еліміз қай жағынан да үлкен жетістіктерге
жетті. Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі
жөніндегі стратегиялық мақсатқа ұмтылып отыр.
Оқушыларды ұлтжандылыққа шақырып, оларды жан–жақты зерттеген ғалымдар
өте көп. Солардың ішінен атап айтатын болсақ: А.А. Люблинская, В.С. Мухина,
С.А. Козлова, Л.Н. Павлова, А.М. Виноградова, ал қазақ ақын педагогтардан
А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Т. Тәжібаев, Т. Ергенбайқызы және тағы да
басқа көптеген мамандар зерттеп қарастырған.
Қазақстан Республикасы көп ұлтты, ал өз кезегінде діни
конференциялардың көп болуына жол ашты. Осы орайда, кезінде Елбасы
Н.Назарбаев ұсынған идея өз мәнін жойған жоқ Көп ұлтты Қазақстанда жалпы
ұлттық мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар екені айдан анық. Ол
қазақ ұлтының біріктіруші рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін
қамтамасыз ету деп жазды. Қазақстаннның болашағы – қоғамның идеялық
бірлігінде еңбегінде.
Жастардың алған білімдерін олардың бойында саналы азаматтық бірлік пен
қатыстылық, этносаралық және жеке адамдар арасындағы өзара түсіністік
сезімін қалыптастыруға ықпал етуі тиіс. Сөйтіп, Н. Назарбаев айтқан
Қазақстан – біздің ортақ үйіміз идеясы орындалуы керек.
Оқыту мен тәрбиелеудің маңызды міндеттерінің бірі – жастарда ұлттық
нышандарға: Туға, Елтаңбаға, Әнұранға, ұлттық мерекелерге ұлтжандылық
сезімді, оларға құрметпен қарауды мақсатты түрде қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының азаматтарына ұлтжандылық тәрбие берудің 2006
– 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін отбасы, оқу
орындары, жастардың қоғамдық қозғалыстары мен ұйымдары, бұқаралық ақпарат
құралдары мен білім беру әлеуметтік институттардың бірлескен іс - әрекеті
қажет – ақ. Міне, осы мәселелерден кейін біз курстық жұмысымыздың тақырыбын
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу деп алуымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеуді теориялық
тұрғыда анықтау.

Зерттеу пәні: Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі

Зерттеу объектісі: Мектептегі орта буын оқушылары

Зерттеу міндеттері:
- оқушыларға ұлтжандылық туралы жалпы мағлұмат беру;
- оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеудің принциптерін анықтау;
- оқушыларға ұлтжандылық тәрбие берудің педагогикалық негізін ашу;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ұлтжандылық сезімін
қалыптастыру;

Зерттеу болжамы: Егер, мұғалім сабақта немесе сабақтан тыс уақытта
ұлтының тіліне, діліне, дәстүріне, мәдениетіне, әдебиетіне байланысты
қажетті мағлұматтарды беріп отырса, сонда ғана ұлтжанды, ұлтын сүйетін
тұлға қалыптасар еді.

І. ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Ұлтжандылық және оны ұйымдастырудың принциптері туралы
түсінік
Ұлтжандылық - өз ұлтының тілін, ділін, дәстүрін сүюдің белгісі.
Ұлтжандылық өз ұлтының мәдениетін, әдебиетін, дәстүрін қадірлейтін, ұлттық
намысты қорғай білетін адамның қасиеті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – көп ұлт мекендейтін ілгері
мемлекеттердің қатарында жататын қонақжай халықпыз. Түрлі ұлт өкілдерін
бауырымызға ала отырып, тату – тәтті өмір сүру біздің қанға дарыған
қасиеттеріміздің біріне айналуда. Бұл жөнінде елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Біз
құрып жатқан қоғамның ең құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол
үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың заң жүзінде құқытары мен
бостандықтарының кепілдігі қаматамсыз етілген топтасу адамгершілік,
ұлтаралық келісім, барлық ұлттар мен ұлыстардың теңдігі идеялары
негізделген - деп, жазды өзінің Қазақстан болашағы – қоғамдық идеялық
бірлігінде атты еңбегінде.
Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы - өз ұрпағымызға сана – сезім мен
рухани дүниені адамдардың бір – біріне бауырмашылдық қадір – қасиетін
бойына дарытқанда ғана қазақ елінің, дүние жүзі халықтарының достастық
шаңырағы берік бола алатындығына кәміл сене аламыз. Ұлтжандылық адам
баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс білгенде ғана пайда
болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәрсете дүниеге келгенде
мейірімділік пен шыншылдықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен
әділетсіздікті, пайдакүнемділікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді
ғана қалыптасқан баланы ненің жақсы – жаман қасиет екенін тани білуге
тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе.
Баланы ұлтжандылықты рухта тәрбиелеудің алғашқы кезі мектеп жасынан
басталып әрі қарай жан – жақты жүзеге асатын үрдіс. Ол мектепте білім беру
мен тәрбиелеу бағдарламасының іс – тәжірибесінде оқушының бастапқы
ұлтжандылық сезімінің негізгі қаланды деуге болады.
Мектеп біздің елімізде ұлттық жүйеде алғашқы білім беру мен
тәрбиелеуді, айналадағы әлемнің қарапайым түсінігін қалыптасруға және
оқушының өз Отанының сүйкімді азаматы екендігін сезіне білуге мүмкіндігін
туғызатын қоғамдық орын.
Оқушылардың айнала қоршаған әлемді танып, олардың өз Атамекендерінің
мүшесі ретінде сезіне білу мүмкіндігін мектепте білім беру мен тәрбиелеу
үрдісінде жүргізілетін айналамен таныстыру пәні.
Мектепте баланың ұлтжандылық сезімі танымдық іс - әрекетімен тығыз
байланыста болғанда дамытудың мүмкіндіктерін А.А. Люблинская, в.С. Мухина,
С.А. Козлова, А.Г. Усова, Д.Б. Эльконин, А.В. Запорожец, К.А. Оразбекова,
К.Т. Шерьязданова және т.б. психологтар еңбектерінде сөз қылады. Психолог
А.А. Люблинская өзінің Детская психология оқулығында Балалардың ортаны
қабылдау барысында қалыптаса бастайтын адамгершілік сезімінің ішінде,
отангерлік сезімнің ерекшелігі айырықша орын алады - деп, оқушының
ұлтжандылық сезімінің психикалық қалыптасуы және оның даму кезеңдеріне
анықтама береді. С.А. Козлова: Көп қырлы отангерлік тәрбие қоршаған өмір
мен тәрбиенің әсері балалық шақта біртіндеп қалыптасып отырады десе
Оқушыларды айналамен таныстыру кезінде ақыл – ой дамыуына ілгерілеу
байқалады, жалпы түсініктер мен үғымдар қалыптасады, маңызды ойлау
операциялары – талдау, салыстыру, қорыту т.б. секілді қабілеттер
қалыптсады - деп жазды, профессор А.П. Усова.
Ғалымдар ұлтжандылық рухта дамытуға болатын сезімнің бірнеше түрлерін
төмендегідей бөліп қарастырды:
Адамгершілік (моральдық) сезімді жеке адамның өздерімен қарым –
қатынасөа түскен басқа адамдарға, өзіне деген эмоциялық қатынас және
Отанға, достыққа, намыс – борышқа деген көзқарасы.
Интеллектуалдық (сенсорлық) сезімді ақыл – ой процесінде пайда болған
адамның жеке дара сезімін, терең, ішкі толқыныстардың қанағат, жаңалыққа
ұмтылуы.
Эстетикалық сезім - әсемдікті қабылдау мен жасау пайда болған рахатты,
Отанға сүйіспеншілік, ұлтжандылық сезімін жатқызады.
Оқушыларды ұлтжандылық рухта дамытуда айналамен таныстыру – бұл
әлеуметтік орта жөнінде мағлұмат беру болып табылады.
Кешенді ұлтжандылық тәрбиенің ұйымдастыру принциптері – тәрбиені
басқаруды ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Кез – келген әлеуметтік жүйе
секілді, ұлтжандылық тәрбие жүйесі де басқаруды қажет етеді.
Басқару ұйымдарының құрылымы, олардың қызметі, құқытары мен міндеттері
ұлтжандылық тәрбие жүйесібасқару бөлімінің құрлымы мен атқаратын
қызметтерімен және оның негізгі бағыттарымен айқындалады.
Ұлтжандылық тәрбиенің жүйелілігі, оның құрылымдығы мен біртұтастығы
барлық деңгейде және барлық буындарда тиімді басқару мүмкіндігін қамтамасыз
етеді, бүкіл тәрбиелеуші факторларды ескеруге мүмкіндік береді.
Ұлтжандылық тәрбие жүйесін басқару ұйымдары қызметтің мынандай түрлерін
өзіне қамтиды:
- жоспарлау;
- тәрбиешілер қызметі мен кіші жүйелердің өз міндеттерін атқаруын
үйлестіру;
- тәрбиеде дербес негіздерді дамыту және пайдалану;
- ұлтжандылық тәрбие нәтижелерін зерттеу және түзету;
Басқару объектілеріне – оқытушылар, оқушылар, ұлтжандылық тәрбиенің
негізгі түрлері, қызметі, мазмұны, бағыты, құралдары, түрлері мен әдістері
жатады. Кешенді көзқарас тұрғысынан басқаруды жетілдіру, сонымен бірге
ұлтжандылық тәрбиені дамытудың және оның тиімділігін арттырудың аса маңызды
факторы болып табылады.
Ұлтжандылық тәрбиені жоспарлаудағы нысаналы көзқарас принципі Президент
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан – 2030 стратегиясының ережелеріне негізделеді,
әрі ағымдық және болашақтық жоспарлауды жетілдіру, тіимді ұлтжандылық
тәрбиені күшейтудің құралы болып табылады.
Болашақтық жоспарлау ұлтжандылық тәрбиеде кешенді көзқарасты жүзеге
асыруда маңызды болып табылады және оның кешендік сипаты болуы тиіс.
Кешенді жоспарлау, ең алдымен тәрбие ықпалын дұрыс бағдарлауға, ұлтжандылық
тәрбиенің барлық күштері мен құралдарын , бағыттарын, нысандары мен
әдістерін ұтымды пайдалануға бағытталған. Жоспарлаудың бірнеше түрі бар:
болашақтық, ағымдағы, нысаналы деп аталатын.
Жоспарлау деп – ұлтжандылық тәрбие жүйесін басқарудың ұйымдастырушы
бастамасы мен негізін айтамыз.
Жоспарлауға нысаналы көзқарас тәрбиенің барлық негізгі бағыттарында
ұлтжандылық тәрбие бірлігін, болашақтық және ағымдық жоспарлау бірлігін
қаматамасыз етеді, барлық тәрбиеленуші бөлімшелердің күш – жігерін
үйлестіруді жеңілдетеді. Нысаналы жоспарлаудың артықшылығы мынада:
жоспарларда ұлтжандылық тәрбиенің жалпы мазмұны, бағыты және барлық
бағыттарының, нысандарының өзара байланысы ғана емес, сонымен қатар олардың
нақты өткірлігі, нақты міндеттерді шешуге бел шешуі көрінуі тиіс.
Ұлтжандылық тәрбиені нысаналы жоспарлау принципін іске асыру:
1. Ортақ мақсатқа жету үшін ұлтжандылық тәрбиенің барлқ күш жүйелерінің
қызметін үйлестіруге;
2. барлық бөлімшелердің, оқушылар мен оқытушылардың күш – жігерін
ұлтжандылық тәрбиенің негізгі түрлерін барынша жұмылдыруға;
3. ұлтжандылық тәрбиенің барлық субъектілерінің қызметін үйлестіруге;
4. ұлтжандылық тәрбие құралдарын, нысандары мен әдістерін олардың
бірлігінде мақсатты түрде қолдануды қамтамасыз етуге мүмкіндік бередіү
Ұлтжандылық тәрбиені нысаналы жоспарлау тәрбиенің барлық бағыттарында
оларды іске асыру үшін мақсаттарды, міндеттер мен негізгі тарауларды
айқындауды, тәрбиенің болжанып отырған нәтижелері мен оларды бағалу
өлшемдерін айқындай отырып оқушылардың өмірі мен қызметінің барлық
салаларында ұстаздармен тәрбиелік ықпалдың тиімді құралдары мен әдістерін
таңдауды көздейді.
Барлық қалыптастырушы факторлардың келісілген қпал ету принципі бүкіл
тәрбие субъектілері қызметін үйлестіруді, сыртқы орта, ұлтжандылық
тәрбиенің барлық кіші жүйелері, түрлері, нысандары, құралдары мен әдістері
атқаратын қызметті ретке келтіруді және теңдестіруді білдіреді. Ұлтжандылық
тәрбиенің әрбір субъектісі мен құралдырының атқаратын қызметтерін үнемі
келісіп отыру. Көлбеу сызық бойымен де жүзеге асырылады. Мұндай көзқарас
Қазақстанның бірқатар мектептерінде жүзеге асырылуда және шаралардың
қосарласа қайталануын болдырмауға, оқушылар өмірі мен қызметінің барлық
сапаларын тәрбие жұмысымен қамтуға, қолда бар мүмкіндіктерді жан – жақты
пайдалануға септігін тигізеді.
Принцип сондай – ақ ұлтжандылық тәрбие жүйесіндегі атқаратын қызметін
сыртқы факторлармен, жүйелермен үйлестіруді көздейді.
Қалыптастырушы факторлардың үйлесімді ықпалы принципі тәрбиені жүзеге
асырушы мамандармен тұрақты жұмыс жүргізуді, ұлтжандылық тәрбие жүйесінің
жұмысын мұқият талдауды талап етеді. Мұндай талдау өткізілген шаралардың
сапасын және ұлтжандылық тәрбие жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге
асыруды, оның тиімділігін зерттеуді, кері әсер ететін арналарды жолға
қояды.
Ұлтжандылық тәрбие жүйесінің нақты және дұрыс жұмыс істеуі көп жағдайда
оқытушылардың шығармашылықтарына, шеберліктеріне, жеке тұлғалық
қасиеттеріне, ұйымдастырушылық қабілеттеріне байланысты.
Оқытудың барлық салаларында оқушыларды ұлтжандылық тәрбиемен қамту
принципі арнайы қарауды қажет етпейді, бірақ ұлтжандылық тәрбие
мақсаттарына жету үшін айтарлықтай маңызды.
Ұлтжандылық тәрбиеде істі бірде бір адам одан тыс қалмайтындай етіп
ұйымдастыру маңызды.
Осы принцип адамдар қызметінің барлық салаларында: оқу, еңбек, өзіне -
өзі қызмет көрсету салаларында ұлтжандылық тәрбиені жүзеге асыруды
көздейді.

1.2 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің педагогикалық негізі
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің оқытушыларының, болашық ұрпақтарының
сана – сезімін, ұлтжандылық тәрбиесін қалыптастыру бүгіннен басталатынын
ескерсек, оқушыларды өмір ағымында кездесетін сан қилы жағдайларда өмір
сүруге қабілетті, ақыл – парасаты мол, ой - өрісі кең азамат етіп тәрбиелеу
бүгінгі қоғамның назарындағы басты мәселенің бірі. Ел тағдырының беріктігін
сақтайтын да, оны асақақтатын да жастар. Олардың білімді, тәрбиелі, ілін,
жерін, халқын сүйетін азамат болып өсуіне олар өмір сүретін қоғамдық
ортаның әсері зор.
Елімізде болып жатқан әлеуметтік – экономикалық рухани өзгерістердің
балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарының педагогикалық үрдістерінде,
оның ішінде ұлтжандылық тәлім – тірбие беру саласында өзіндік ықпал жасауы
заңды құбылыс.
Ұрпаққа тәрбие беру, оқыту саласындағы халық бұқарасының білім,
іскерлік, дағыдаларының жиынтығы болып табылатын халықтық педагогиканың
мақсаты – жас ұрпақты, оқушыларды ата – бабалар тәжірибесінің ең жақсы
ұстанымдары негізінде тәрбиелеу болып табылады. Әр халық өзінің салт –
дәстүрімен, әдет – ғұрпымен, мәдениетімен асқақ. Бұл рухани құндылықтар
ұрпақтан – ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып келеді. бүгінгі ұрпақ өз халқының
осы бір рухани байлығын біліп, оны өзінен кейінгіерге үйретін кетуі керек.
Әр халықты өзге халықтардан ерекшелеп отыратын өзіндік тұрақты құндылықтар
мен дәстүрлердің жүйесі болады.
Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім –
тәрбиесі болатыны белгілі. Халқымыздың ғасырлар бойғы сындардан өтіп, бізге
жеткен тарихын, мәдениетін, салт – дәстүрін, ұлттық ерекшеліктерін терең
білуге, құрметтеуге міндеттіміз. Оқушыларымыздың ұлтжандылық тәрбиесін
қалыптастырудағы халық педагогикасының атқаратын ролі ерекше. Бұл туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан - 2030 Жолдауының
Қазақстан мұраты бөлімінде Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады. Оның
саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасының дамуына қамқор жасайды. Олар
балалардың дәстүрлерін нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр
болады. Олар күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің ұлтжанды азаматтары
болады деген.
Халық педагогикасында ұлтжандылық қасиеттерді қастерлеу тәрбиенің басты
принципі болып саналады. Осыны басты нысана ретінде ұстанған ата – бабамыз
тәрбиелік маңызы бар тыйымдық, жақсылық нышандармен оқушылардың бойына
жасынан – ақ қалыптастыру көздеген, аса жоғары бағаланған.
Еліміздің өркениеттендіру – жастар еншісінде десек, қоғамды
қалыптастыру міндетін жүзеге асыруда экономикалық және мемлекеттік
мәселелерге дейін кең көлемді қамтитын күрделі, көпқырлы ұлттық құбылыс
құралы болып табылатын білімнің, ғылымның жетістіктерін әлемге паш ететін
де жастар екені хақ. Ол үшін бүгінгі оқушылар тәрбиесіне назар аударып,
оқушыларды халықтық педагогика қағидаларында айтылған әдеппен, ибамен,
имандылықпен, ұлтжандылықпен, ұлтжүзділіпен сусындатып отыру ұлттық
тәрбиенің басты шарттарының бірі болуы заңды құбылыс.
Бүгінгі таңда бойында ұлтжандылық сана мен ұлттық келбеті қалыптасқан
ұрпақ тәрбиелеп өсіру – отбасыны, мектептің, барша халықтың міндеті.
Ұлтжандылық тәрбие дегенді көп адамдар адам бойында болатын қасиет, оны
тәрбиелеу қажет емес деп түсінеді. Ал шын мәнінде ұлтжандылық тәрбиенің мән
– мағынасы өте кең, ауқымды. Ең маңыздысы – тәрбиелікке адамның дүниеге
келген сәтінен бастап, оған бүкіл халықтық, бұқаралық сипат беруіміз керек.
Оны үздіксіз жүйелі мақсатпен жүргізіп отыруымыз қажет. Бұл проблеманың
көкейкестілігі күмән тудырмайды, қайта кең көлемде зерттеуді талап ететін
өзекті мәселе. Сондықтан халықтық педагогкасының құндылықтары, соның ішінде
салт – дәстүрлері, даналық ойлары, ұлттық ойындары, тілі, діні, ділі,
айтыс, шешендік өнерлеріне т .б. баса назар аудару оқушыларға ұлтжандылық
келбет қалыптастыруда ықпал ететін негізгі факторлардың бірі деп түсінеміз.
Кез – келген ұлт мәдениетінің өзге ұлт рухының негізі – халықтың салт –
дәстүрі екені белгілі. Ұзақ жылдар бойы тілінен де, дінінен де айырылып,
жандүниесі жұтандаған жастарымыздың осы ұлтжандылық тәрбиеден қол үзіп,
халықтық дәстүрден шет қалйында жатыр. Осы орайда халқымыздың тәрбие
–тәжірибесімен педагогикалық ойлары көрініс беретін салт – дәстүрлер, халық
шығармашылығының түрлі жанрлары, ұлжандылық келбеттілікке тәрбиелеуде
тәрбие құралы бола алады.
Оқушылардың ұлтжандылық өзіндік келбетін қалыптастыру халқымыздың
тұрмыс – тіршілігіне негізделген халық педагогикасының қағидалармен
сабақтастықты жалғастыру, жандандыру арқылы жүргізілуі тиіс.
Қазақ қоғамының ұлттық идеясы болып табылатын халықтық педагогикасының
көп арнайы, қыр – сыры мол күрделі ғылым, қазақ халқының ұлттық тәжірибесі
мен тағылымынан туған бай қазына. Оның ұрпаққа берер үлгысы, тәлім –
тәрбиесі көп. Ол жастардың рухани – материалдық мәдениетін толық
меңгерген, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – сана, дәстүр, тәлім – тәрбие,
имандылық, ұлтжандылық сияқты қасиеттерін бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін
азамат болып өсуіне қаматамасыз етеді.
Жастардың ұлтжандылық келбетін қалыптастыру барысында олардың бойына
тарихымызды, дінімізді, тілімізді, әдет – ғұрыпымызды, салт – дәстүірімізді
терең бойлатып, халықтық педагогика арқылы ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
асыл қазыналарымызбен сусындатып, трихи тұлғаларымызды үлгі тұтіп
бағалауымыз қажет.
Әр халықтың өзінің ұлттық салт – дәстүрі, әдіт – ғұрпы, мәдениетімен
асқақ. Бұл рухани құндылықтар үрпақтан – ұрпаққа ғасырлар бойы жалғасып
келеді. бүгінгі ұрпақ та өз халқының осы бір рухани байлығын ібілп, оны
өзінен кейінгілерге үйретуі тиіс.
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы,
жақсы ұстаздан басталады деп ұлы Абай айтқандай жас ұрпақтың ұлтжанды,
өрелі болып өсуіне бүкіл аға ұрпақ болып үлес қосу баршамыздың парызымыз.
Қазіргі қазақ қоғамында өмір бірте – бірте күрделене түсуде. Осыған
байланысты бұл процестердің субъектісі ретінде әрбір адамның, әлеуметтік
қауымдастық пен топтардың ролі артып, жауапкершілігі күшейе түсуі тиіс. Бұл
ретте тйрбие қызметтінің мән – маңызы одан сайын артып, басымдылыққа ие
болады. Жас ұрпақты рухани – адамгершілік, ұлтжандылық тәрбие беру, оларды
азаматтық белсенділікке баулу осы процестің түпкі мәнінен туындайды.
Бүгінде қоғамымызда аса маңызды рухани адамгершілік және әлекметтік
құндылық ретінде шынайы ұлтжандылық сезімді қайта жаңғырту, жас адамның
бойында азаматтық белсенділікті, әлеуметтік маңызды қасиеттерді
қалыптастыру басты міндет болып отыр. Бұл қасиеттер жастар қоғамындағы
жасампаздық үрдістерді ілгері апаруда, оның негізін нағайту мен
жетілдіруде, еліміздің шебін қорғауға байланысты қызметтерде көрсетіп, іске
асырады.
Ұлтжандылық тәрбиенің бүгінгі міндеті оның тиімділігін арттыру, әсересе
оны жастардың жоғарғы азаматтық және әлеуметтік белсенділік рухында
тәрбиелеуді мақсатты түрде жолға қою арқылы арттыру болып табылады.
Бұл міндеттерді орындау мынандай шарттарды сақтағанда ғана мүмкін
болады:
1. жастарды әлеуметтік, мәдени, рухани, адамгершілік, дене тәрбиесі
тұрғысынан дамытуға мүмкіндік туғызуға мемлекеттік саясат жүргізу;
2. жастарды толық түрде әлеуметтендіруге мүмкіндік туғызу, оларды
әлеуметтік – экономикалық, мәдени, ғылыми, экологиялық және басқа
да проблемаларды шешуге белсенді қатыстыру
3. қоғамда, жастардың санасында ұлттық – ұлтжандылық құндылықтарды,
көзқарастар мен сенімдерді, халқымыздың мәдениеті мен тарихи
мұраларына, елімізде мекендейтін ұлттар мен олардың діни сеніміне,
дәстүріне құрмет сезіміне орнықтыру
4. мемлекеттік қызметтің, әсіресе әскери қызметтің мәртбесін арттыра
түсу.
Ұлтжандылық тәрбие жүйесін, оның қызметін ұйымдастыру, тиімділігін және
соңғы нәтижесін бақылауды қамтамасыз ететін негізгі институт Қазақстан
мемлекеті болуы тиіс. Институттық емес деңгейде мұндай тәжірибе жастарды
түрлі қозғалыстар, акциялар, бастамалар, шаралар шеңберіндегі ұлтжандылық
бағыттағы түрлі ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы жүзеге асады.
Қазақстан жастарына ұлтжандылық тәрбие беруді былайша тұжырымдауға
болады.
1. Ұлтжандылық тәрбиені институттық және ақпараттық тұрғыда
қамтамасыз ету, жастардың сана – сезімінде аса маңызды
құндылықтардың бірі ретінде ұлтжандылықты орнықтыру.
2. Ұлтжандылық тәрбиенің нормативті – құқықтық статусын анықтау,
негіздерін құру
3. Ұлтжандылық тәрбиенің ғылыми – теориялық негізін жасап, әзірлеу.
4. Ұлтжандылық тәрбие беруді педагогикалық және әдістемелік тұрғыда
қаматамасыз ету.
Жастардың жоғарғы рухани байлығы, белсенді азаматтық позициясы,
ұлтжандылық сезімі Қазақстанның жаңғырып, өркендеуіне, оның қазіргі
қиыншылықтарын жоюдағы міндеттерді шешуіне мейлінше мүмкіндік береді.
Ұлтжандылық тұрғыда тәрбиеленген жастар арқылы бүгінгі қоғамымыз аса құнды
жасампаздық әлеуетке ие болары сөзсіз. Бұл ең алдымен жастардың
Қазақстанның болашыға деген жауапкершілікті өз мойнына алуға әзірлігімен
айқындалады. Жас ұрпаққа Қазақ мемлекетінің өткені мен бүгінгі тағдыры
тәрбие беру идеясын жақтаушылардың қатары қанат жайып келе жатқаны анық.
Ұлтжандылық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздық өтелер өлшемі –
Отан. Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның табиғат ескерткіштері,
трихы жасаған өлкедегі киелі орындары. Олардың оқушы санасына жылылық,
жақындық, туыстық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына
айналуы – ұлтжандылыққа тәрбиелеудің арқауы. Ә. Қылмырзаев : Бұл сезім
әркімде , әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып,
тәжірибемен, жаспен, уақыпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен,
мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың әсерімен қалыптасады
деп жазды.
Бала бойында ұлтжандылық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен
балабақша, мектептен бастау алатыны айқын. Оқушыны отбасында ұлтжандылыққа
тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық салт – дәстүрлерді сақтауға баулы,
шыққан ата – тегін білуді таныту – ата – ана парызы. Халықна құрмет, тарихи
дәстүрлерге адалдық, сондай – ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік
сияқты перзенттік борыш тұлға бойында сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер
өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалім-басты тұлға
Басатуыш мектепте әдебиеттік оқу сабағында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу
Сын есімді оқыту барысында ұлт жандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Сын есімді оқытуда ата дәстүр мен әдептілікті дарыту жолдары
Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің жолдарын анықтау
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізі
Тарихты оқудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық шарттары
Ұлы ойшылдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әлеуметтік - педагогикалық мәні
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Пәндер