Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
2. Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... 5-44
2.1.Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы тәрбие және мектеп ... ... ... ... ...5-
8
2.1.1.Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .5
2.1.2.Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика және
мектеп ... ... ... ... ... ... ... . ... ...6-8
2.2.Кеңестік дәуір кезіндегі оқытуды ұйымдастыру
түрлері ... ... ... ... ...9-33
2.2.1.Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің
құрылуы ... ... ... ... ..9-10
2.2.2.Декабристердің Ресейдегі педагогикалық ой-пікірі мен мектептердің
дамуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... .11-12
2.2.3.1917-1941 жылдардағы кеңес мектебі және
педагогика ... ... ... ... ... .13-1 4
2.2.4. Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге
асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ..15-17
2.2.5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқытуды ұйымдастыру түрлерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18-22
2.2.6. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы мектеп және педагогиканың даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .23-26
2.2.7. 1980-1991 жылдардағы мектеп және
педагогика ... ... ... ... ... ... . ... ...27-33
2.3. Егеменді Қазақстанда оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34-44
2.3.1. Білім беру мазмұнын жетілдіру мен оқытудың белсенді әдістерінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34-37
2.3.2.Отандық ғалымдардың ғылыми-педагогикалық зерттеулерінің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38-39
2.3.3. Қазақстанның білім мәселесі кеше, бүгін,
болашақта ... ... ... ... ... ... 40 -44
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 45- 47
4. Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...48-49

Кіріспе

Менің курстық жұмыстың тақырыбы: Оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму
тарихы.
Курстық жұмыс құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және
қолданылған әдебиеттер бөлімдерінен тұрады.
Негізгі бөлім 3 бөлімшеден құралады: Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы
тәрбие және мектеп, Кеңестік дәуір кезіндегі оқытуды ұйымдастыру
түрлері,Егеменді Қазақстанда оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму
тарихы.
Курстық жұмыстың мақсаты: оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму тарихын
зерттеу, ұйымдастыру түрлерінің маңыздылығын ерекше атап өту.
Курстық жұмыстың өзектілігі: курстық жұмысты жазған кезде еліміздің
тарихындағы негізгі кезеңдердегі дамуы жеке-жеке бөліп қарастырылды,
сонымен қатар педагогикада ұйымдастыру түрлерінің даму тарихы жалпы алғанда
өте қызықты әрі зерттеуді қажет ететін мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері: оқытуды ұйымдастыру түрлерінің даму тарихын
кезең бойынша бөліп, сол кезеңге ғана тән ерекшеліктерін қарастыру, олардың
мән-мағынасы ашып, маңыздылығын көрсету.
Курстық жұмыс жазу барысында педагогика, педагогика тарихы бойынша әр түрлі
дерек көздері бойынша көптеген әдебиеттер, дерек көздері қарастырылды.
Сонымен қатар бұл курстық жұмысты жазу үстінде педагогикаға, педагогиканың
қалыптасу тарихына еңбек сіңірген көптеген ғалымдардың, педагогтардың,
ағартушылардың еңбектеріне мән берілді. Сонымен бірге педагогиканың ғылым
ретінде тарихпен өте терең байланысы байқалды. Адам биологиялық тіршілік
иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу
қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды
қалыптастырады. Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы
мекемелер түзілген. Бұл процесті кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие
жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.

Адам тəрбиелеу жөніндегі ғылым педагогика деп аталады. Ол өз атамасын грек
сөздері пайдес- балалар жəне аго -жетектеу дегеннен алған, тікелей
аудармасында педагогика сөзі бала тəрбиесін бағыттау өнері дегенді
аңдатады, ал педагог сөзі бала жетектеуші мəнін білдіреді.
Барша дəуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін
іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға
көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап
жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған
тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық
идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми
білімдерді топтастыру жəне жүйеге келтіру болған тəрбие жөніндегі ғылым
пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман
педагогикасы адам тəрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тəрбиелеу
ерекшеліктері жөніндегі кəсіби білімдермен қаруландырып, əрқилы
жағдайлардағы оқу-тəрбие процесін болжастыруға, жобалауға жəне іске
асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тəрбие процесін ұдайы
жетілдіріп отырып қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі,
ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын
күрделеніп баруда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан
əулетті оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын
құрастырумен жауап береді.
Бұдан бұрынғы мыңдаған жылдардағыдай-ақ баланың өмірлік мектебі оның
алғашқы демімен бірге басталады. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі
проблемалар құрсауында келеді. Баланы адамаралық қатынастар дүниесіне
енгізуді олар өзінің ең басты парызы деп біледі. Алайда, осы уақытқа дейін
тəрбиелік қызмет мұншама қиын, күрделі жəне жауапкерлі болып көрген емес.
Дүние басқаша кейіпте болған, онда бүгінгі балаларға төніп тұрған қауіп-
қатерлердің кейбір түрлері тіпті болмаған. Отбасында, мектепке дейінгі
балалар мекемелерінде, мектепте болашақ азаматқа қандай негіз қаланса,
болашақ өмірі мен бақыты, бүкіл қоғамның берекесі соған тəуелді болып тұр.
Қазіргі заман педагогикасы үлкен қарқынмен дамудағы ғылым. Сол дамуға
байланысты өзгерістердің ізімен асығу қажеттігі пайда болып отыр.
Педагогиканың іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді,
ғылыми-техникалық прогрестің шабандауына соқтырады. Сондықтан да,
педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап баруы
қажет. Педагогиканың дамуына себепші көздер – адамдардың өмір салтында,
дəстүрлерінде, халықтық педагогикада бекіген көп ғасырлық тəрбие
тəжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық жəне
психологиялық еңбектер; əлемде жəне елімізде жүріп жатқан тəрбие
практикасы; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеу деректері; жаңа
идеялар, жаңарған бағыт-бағдарлар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі
дүниедегі тəрбиенің тиімді соны технологиялары.
Сонымен, педагогика - тəрбие жөніндегі ғылым. Оның басты міндеті адам
тəрбиесі жөніндегі ғылыми білімдерді жинақтау жəне жүйелестіру. Педагогика
адамдарды тəрбиелеу, білім беру жəне оқыту заңдылықтарын ашып, соның
негізінде алға қойылған мақсаттарға жетудің ең пайдалы педагогикалық
жолдары мен тəсілдерін көрсетіп отырады.
Осы курстық жұмыс арқылы оқытуды ұйымдастыру түрлері мен оның даму,
қалыптасу тарихы кең түрде мағынасы ашылып, негізгі ерекшеліктері
түсіндіріледі.

2.1.Батыс Еуропадағы орта ғасырдағы тәрбие және мектеп.
2.1.1. Орта ғасырдағы діни мектептердің пайда болуы.
Құлдық қоғамның ыдырауы және құлауы оны жаңа феодальдық құрылыспен
өзгертуге алып келді. Ал, сөзсіз оның алдындағы құлдық қоғаммен
салыстырғанда прогрессивтік сипатта болды (себебі негізгі өндіргіш күш-
шаруаның өз шаруашылығы болды, сондықтан да еңбекте құлдарға қарағанда
кейбір ынталылық танытты), бірақ феодальдық құрылыстың негізіне
феодалдардың, діниелерінің жерге жекеменшігі жатты.
Феодалдық құрылыстың идеологиялық тірегі және ірі саяси күші католиктік
шіркеу болды. Ол орта ғасырлық батысевропалық қоғам өмірінде ерекше роль
атқарды. Шіркеу бұқара халықты басты-даншуды жақтап отырды.
Католиктік діниелері ертедегі мәдениетке қарсы болды: ғылымға, өнерге,
мектепке;
Манастырлардың жанында манастырлық мектептер, шіркеулердің – приходтық
мектептер ашылды. Ең алдымен ол мектептер діни адамдарды дайындады. Бұл
мектептердің мұғалімдері – монахтар мен діниелері оқитын ер балаларды
христиан дінінің және адамгершіліктің рухында тәрбиелеуді, оларды оқуға
және жазуға олар үшін жат латын тілінде оқытты, құдайға құлшылық ету латын
тілінде жүргізілді. Бұл мектептерде оқыту өте қиын, әрі ұзақ болды.
Балаларды үлгермегені және аз-кем тәртіпті бұзғаны үшін шәкірттерді өте
ауыр дене жазасын беріп отырды.
Епископтің соборы мен кафедрасының жанынан кафедралық немесе собор
мепктептері жұмыс істеді. Бұл мектептерде “жеті еркін өнер” деп аталатын
пәндер жүргізілді: грамматика, риторика (шешендік өнері), диалектика (діни
философияның алғашқы негіздері), арифметика, геометрия, астрономия, саз
өнері. Собор мектептерінде жоғары лауазымды діниелері даярланды.
Феодалдар (рыцарлар) ерекше тәрбие мен білім алды, олар жеті “рыцарлық
қасиеттерді” меңгерді: атқа міне білу, суға жүзу, найзалау, садақ ата білу,
аңшылық, шахмет ойнай білу, өлең шығару және орындай білу. Оқып, жаза білу
міндетті болмады.
Феодалдардың қыздары білімді үйде және әйелдер монастырларында алды, оны
оларды діни рухта тәрбиеленді, оқуға, жазуға және қолөнеріне үйретті.
ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. Батыс Еуропада қолөнердің, сауданың дамуы және қаланың өсуі
қалалық, негізінен светский мәдениеттің пайда болуына көмектесті.
Қалалықтар феодальдық езгіге және католиктік шіркеуге қарсы күресті.
Қалаларда қолөнершілер өз балалары үшін цехтық мектептер аша бастады, ал
купецтер – гильдейлік мектептер ұйымдастырды. Қала халқының күшімен ашылған
бұл мектептерде ана тілінде оқуға, санауға және жазуға ерекше мән берілді.

2.1.2. Қайта өрлеу дәуіріндегі педагогика және мектеп.
ХІҮ-ХҮІІ ғасыр тарихқа қайта өрлеу дәуірі деген атаумен енген болатынды.
Бұл кезең феодальдық қоғамның ішінде өндірісті капиталистік тәсілінің
алғашқы қауымдарының пайда болумен мануфактура мен сауданың дамуымен, сол
кездегі прогрессивтік таптық-буржуазияның аренаға шығуымен сипатталады, ол
ертедегі дүниенің мәдениетінің жаңғыруымен, оның ішінде грек мәдениетінің
өрлеу кезеңімен ерекшеленеді. Сонымен қатар бұл кезең ғылым мен өнердің тез
қарқынмен дамуына мүмкіншілік жасады.
Қайта өрлеу дәуірі кезінде өмір туралы діни түсініктерге қарсы жер бетінде
көңілді өмірге адам құқығын жариялады. ХІҮ-ХҮІ ғ.ғ. мәдениетте ең негізгі
көңіл бөлінген адам болғандықтан, ол гуманистік деп аталды (латын тілінен
аударғанда humanus – адамды сүю деген мағынаны білдіреді).
Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизм, сөзсіз, прогрессивтік құбылыс болып
табылады, бірақ ол салыстырмалы түрде тар шеңбердегі оқыған адамдардың
идеологиясы болды және әлеуметтік шектеулі сипатта еді.
Гуманистердің жариялаған “адамға табынуы” адамды сүюі, қастерлеуі тек үстем
таптың өкілдеріне ғана кеңінен тарады және бұқара халықтың өкілдерінің
ондай мүмкіншіліктері болмады, оларды феодалдар және жаңа қалыптасып келе
жатқан буржуазия қатал қанап отырды.
Педагогтар гуманистер дені сау, әртүрлі қызығуларды меңгерген, өмірге
белсенді адамдарды тәрбиелеу мақсатын қойды. Олар балалардың дене және ақыл-
ой тәрбиесіне ерекше мән берді, ол балалардың шығармашылық белсенділігін,
өзіндік іс-әрекетін дамытуға көмектескен болар еді, оларды терең біліммен
қаруландырар еді.
Гуманистер айтуынша, оқыту үрдісі көрнекілікке негізделген болу керек және
оқушылардың білімді саналы меңгеруін қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды.
Гуманистер орта ғасырға тән таяқ тәртібін, жазалауды қатты орынға ала
отырып, қарсылықтарын білдірді, балаларға ерекше көңіл бөлуге, жеке тұлға
ретін сыйлай білуге, құрметтеуге шақырды. Тәрбиенің феодалдық жүйесіне,
догматизмге және салалардың ақыл-ой күш-жігерін басып-жаншуға қарсылық
білдіре отырып, гуманистер педагогтер-гуманистер өз кезеңі үшін алдыңғы
қатарлы педагогикалық талаптар ұсынды. Бірақ гуманистік педагогика, басқа
да қайта өрлеу дәуірі гуманизмнің барлық мәдени қозғалысы сияқты көпшілік
бұқара халықтың мүддесі үшін күресімен байланысты болмады. Оның ықпалы тек
ғана ауқатты, үстем таптың балалары оқитын мектептерде кеңінен тарады.
Қайта өрлеу дәуірінде математика, астрономия, механика, жағырафия,
жаратылыстану ғылымдары жан-жақты дамуға мүмкіншілік алды. Бұл ғылымның
әртүрлі салаларында ұлы жаңалықтарды табу мен ашу кезеңі болды: Еуропада
кітап басып шығаруды ойлап табу, Американы ашу Индияға теңіз ашу т.б. ұлы
жаңалықтаремн ерекшеленеді.
Әртүрлі елдерде қайта өрлеу дәуірі кезінде педагогикалық ой-пікір әртүрлі
дамыды, әр елдің дамуының ерекше белгілерін бейнеледі.
Мәселен, Италияда античный философияның белгілі білгірі, гуманист Витторина
да – Фельтре (1378-1446) “Қуаныш үйі” деп аталатын мектеп ұйымдастырды.
Бұл мектепті ұйымдастырудың негізіне гуманистік педагогиканың қағидалары
жатқызылды.
Мектеп тамаша сарайда, табиғат аясында ашылды. Ғимараттың барлығы мектептің
қажеті үшін Виттаринаның айтуынша арнайы қайта жабдықталған болатын-ды.
Орта ғасырлық мектептерден айырмашылығы жаңа мектепте жарық пен ауа көп
болды. Әсіресе, оқушылардың дене тәрбиесіне ерекше мән берілді. Оқытудың
негізгі пәндері болып табылатын классикалық тілдер және классикалық
әдебиет, балалар математикамен, астрономиямен айналысты, табиғатқа
экскурсия жасады. Балалардың ойындарына, дене және рухани күштерін дамытуға
көңіл бөлінді. [1]
Барлық балаларға тегіне қарамастан, әкелік қамқорлық жасады. “Қуаныш үйі”
үстем тап өкілдерінің балаларына арналғанмен, онда аз мөлшерде болса да,
кедей балалары оқып, білім алды.
Гуманизм идеялары Италиядан Францияға енді.
Қайта өрлеу дәуірі педагогикалық ой-пікірінің көрнекті қайраткерлерінің
бірі француз жазушысы-гуманисі Франсуа Рабле (1494-1553) болды. Өзінің
белгілі “Гаргантра және Пантагрюсель” атты романында орта ғасырлық
схаластикалық тәрбиені қатты сынға алды және оған бала үшін тәртіппен
ойластырылған гуманистік тәрбиені, жан-жақты тәрбие беруді, өз бетімен
ойлауды дамытуды, шығармашылықты және белсенділікті қарсы қоя білді.
Рабле романда кароль қалай өз баласы Гаргантюаны тәрбиелеу үшін ғалым-
схоластыларды шақырғандығы, олар баласын бәрін жаттауды талап еткендігін
әңгімелейді. Ол мүмкіншілігі келгенше кейбір схоластикалық кітаптарды
басынан аяғына дейін, одан керісінше айтып бергендігі, нәтижесінде ештеңе
де білмей шыққандығы айтылады.
Содан кейін әкесі схоласт-мұғалімдерді қуып жіберіп, орнына гуманист-
мұғалімдерді шақырған болатын-ды , олар біршама өзгерістер енгізді.
Гаргантқа көп уақытын дене жаттығуларына арнады, ғылымдарды дұрыс және
бірізді оқып-үйренді. Гаргантқа табиғатты бақылай бастады, табиғатқа
серуенге шығып, өсімдіктерді жинап, гербарий жасады; астрономияны аспандағы
жұлдыздарды бақылау арқылы зерттеді. Оқу үрдісі әңгіме, кітаптарды оқу,
көрнекі құралдарды пайдалану арқылы жүргізілді. Гаргантқа бірнеше саздық
аспаптарды ойнай білуге және ән салуға үйренді. Білімді меңгеру саналы іске
асты. Рабле оқытудың көрнекілік идеясын жақтаушылардың бірі болды. Ол
оқытуды қоршаған ортамен шындықпен байланыстыру туралы кеңестер берді. [2]
Адамзат рухының қайта өрлеуінің тамаша көрінісі болып табылатын жас ұрпақты
еңбек іс-әрекеті үрдісінде тәрбиелеу туралы ойды алғаш рет айтқан ағылшын
ойшылы-гуманисі Томас Мор (1478-1535). Ал теориялық білім беру теориясын
еңбекпен байланыстыру идеясын ұсынған болатынды.
Томас Мор өзінің белгілі “Мемлекеттің дұрыс құрылысы туралы және жаңа қиял
аралы туралы Алтын кітабында” (1516) еуропалық ойшылдардың ішінде алғаш рет
екі негізгі және маңызды қағиданы ұсынды: адамзат қоғамының көркеюі үшін
жеке меншіктің зияны туралы және барлық адамзаттар үшін міндетті өкілді
еңбекке қатысу. Автордың фантазиясымен қиял жасалған Қиял мемлекетінде
барлық азаматтар еңбектенуге міндетті (күні 6 сағаттан), қоғамдық еңбектің
жемісі барлық адамдардың арасында бірдей бөлінеді. Бұл мемлекетте болашақ
азаматтарды оқыту жалпы әрбірдей және міндетті, бұл жерде баланың жынысына
қарамастан толық тең құқықты.
“Барлық ерлер мен әйелдердің бір ғана ортақ ісі бар, - деп жазды Т.Мор,- ол
жер шаруашылығы, одан ешкім де бас тарта алмайды. Оған балалық кезеңнен
бастап оқиды, кейбіреулері мектепте теорияны меңгеру барысында жақында
қалаға жақын далада, оған балаларда ойнау үшін шығарады, онда олар көріп
ғана қоймайды, сонымен қатар дене жаттығулары арқылы және жұмыс істейді”.
Мордың замандастарына өте маңызды идея болған балаларды тек ғана ана
тілінде оқыту идеясы, алынатын білімнің негізінен ғылыми-жаратылыстану
мазмұны туралы. Мор дене тәрбиесіне ерекше мән берді, ал дене тәрбиесінің
афиналық жүйесін ұстанды. [3]
Өте қызықты да, әрі прогрессивті идеяларды ұсыну да өз замандастарынан көш
ілгері болды. Атап айтсақ, оқыту үрдісінде көрнекілікті қолдану және барлық
ересектер үшін олардың айналысатын кәсіьіне қарамастан әруақытта да өзіндік
білім алуан жетілдіріп оытру идеяларын күн тәртібіне қоя білді.
Томазо Капманелланың педагогикалық идеялары оның “Күннің қаласы” деп
аталатын еңбегінде айқын байқалады, бұл еңбек белгілі дәрежеде одан дейінгі
ойшылдардың ойшыл-гуманистердің, оның ішінде Томас Мордың идеяларын одан
әрі дамыту болып табылады.
“Күннің қаласы” – бұл мемлекет қиял мемлекеті сияқты қоғамдық қағидалар
негізінде құрылған, міндетті және жалпыға бірдей еңбек және барлық
азаматтарға ғылым және өнермен айналысуға барлық мүмкіншіліктер жасалған.
Кампонелла Морға қарағанда, жетілген қоғамда бала тәрбиелеу жүйесін толық
қарастырды оның айтуынша, мемлекет жұбайларды іріктерде де мемлекет бақылау
жасап отыруы керек, оның мақсаты “ерлер мен әйелдердің үйлесуі дұрыс тұқым
беруі керек” деген қағиданы ұстанды.
Кампонелла 2 жастан бастап, балаларға қоғамдық тәрбие берілуі керек, ал 3
жастан бастап дұрыс сөйлей білуге және әліппеге үйрету қажеттігін,
көрнекілікті кеңінен қолдануды ұсынды. Осы жас кезінен бастап, балалардың
күшейтілген дене тәрбиесін беру, 8 жастан бастап, әртүрліғылым негіздерін
жүйелі меңгеруге ерекше мән берді. Ғылым негіздерін меңгеруді әртүрлі
шеберханаларға қатысу мен ұштастыру, тәрбиеленушілерге техникалық білім
беру үшін және болашақ мамандықты саналы таңдай білу мүмкіншіліктері үшін
қажеттігін атап өтті. 42 жастан азаматтарға әскери дайындықты бастау
керектігі, оның жынысына қарамастан, соғыс бола қалған жағдайда әйелдер
өздерінің балаларымен қатыса білуі қажеттігін атап көрсетті.
Алғашқы социалистер-утопистердің педагогикалық идеялары прогрессивті
педагогикалық теорияландыру одан гөрі қалыптасуына елеулі әсер етті.
2.2.Кеңестік дәуір кезіндегі оқытуды ұйымдастыру түрлері
2.2.1. Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами
түскен капитализмнің әсерімен крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею
үрдісімен сипатталды. Осыған байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар
шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар толқуының өсуін революциялық
бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал одан кейін әртүрлі тектегі
зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.
Патша үкіметінің қоғамдық пікірге жекеленген, кейбір шектеулі жеңілдіктер
беруі ғасырдың басында декабристер көтерілісінің талқандалғаннан кейін азат
ету және кез-келген прогрессивті қозғалысты басып-жаншу өрескел шаралармен
өзгертілді. Алдыңғы қатарлы қоғамдық пікірге осындай шектеулі жеңілдіктерге
мәжбүрлік еткен 1804 жылғы мектеп реформасы болып есептеледі, бірнеше
қалаларда (Харьков, Казань және т.б) университеттердің және арнаулы орта
және жоғары оқу орындарының ашылуы. Бұл мектеп реформасына француз
буржуазиялық революциясының ағартушылық идеялары ерекше әсер еткен болатын-
ды.
1804 жылғы мектеп жарғысы. 1802 жылы алғаш рет халық ағарту министрлігі
ұйымдастырылды. “Халық ағарту ісінің ережелері” жарияланды. Бұл ережелердің
негізінде Ресейде жаңа мектеп жүйесін енгізу қарастырылды. Барлық Ресей
алты оқу окургіне бөлінді. Әрбір округті мемлекеттік чиновник-оқу округінің
попечителі басқарды. Барлық оқу орындарының мазмұны, приход мектептерінен
басқасы толықтай мемлекеттік есепке алынды. [4]
“Халық ағарту ісінің бастапқы ережелері” негізінде 1804 жылы
“Университеттердің қарамағындағы жоғары оқу орындарының жарғысы”
жарияланды, бұл құжат “1804 жылы мектеп жарғысы” деп аталды. Осы жарғы
бойынша халыққа білім берудің төмендегідей жүйесі ұсынылды:
Приход училищелері жарғысы бойынша әр қалалар мен селоларда ашылған болатын-
ды. Оның негізгі міндеттері: 1) оқушыларды уездік училищелерге түсуге
даярлау; 2) оқушыларға діни тәрбие мен элементарлық сауаттылықты беру. Бұл
училищелерде оқу мерзімі біржылдық.
Оқу жоспарына “құдай заңы” және “дәстүрді үйрету”, оқу, жазу, арифметика
алғашқы төрт амалы, үй шаруашылығы туралы қысқаша түсінік беру, табиғат
шығармалары, адам денесі, денсаулықты сақтау құралдары туралы түсініктер
берілді.
Приход училищелерін халықтың өзінің қаражатына ұстау жоспарланды. Мемлекет
ешқандай қаражат қарастырмады.
Уездік училищелер губерниялық және уездік қалаларда бір-бірден ашылу
жоспарланды. Уездік училищелердің міндеті, біріншіден, оқушыларды
гимназияға түсуге даярлау, екіншіден, әртүрлі сословиялардың балаларына
“өндірістің жағдайына” сәйкес қажетті білім берілді.
Оқу мерзімі уездік училищелерде екіжылдық деп белгіленді. Олардың оқу
жоспарына құдай заңы, “Адамдар мен азаматтардың лауазымдары туралы” кітапты
оқу, “ресей грамматикасы”, жалпы және орыс жағырафиясы, жалпы және орыс
тарихы, арифметика, геометрия, физика, табиғи тарих пен технология
(жергілікті жердің технологиясы, өндірісі). Уездік училищелер гимназияларға
бағынды [5].
Гимназияларды әрбір губерниялық қалаларда ашу жоспарланды, олардың міндеті-
жастарды университеттерге түсуге даярлау. Оқу жоспарына көптеген пәндер
енгізілді: шет тілдері (латын, француз және неміс), жағырафия және тарих,
жалпы және Ресей статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы
(метафизика, логика, дәстүрді үйрету), сөз өнері, поэзия теориясы,
эстетика, математика, физика, коммерция теориясы, технология және сурет
салу. Гимназия университеттерге бағынды.
Гимназияның оқу жоспары құдай заңы енгізілмеді. Бұл 1804 жылғы жарғыға
алдыңғы қатарлы орыс зиялыларының ықпалының нәтижесі болып табылады.
Сонымен қатар гимназияларда орыс тілін оқыту қарастырылмады, оны орыс
халқына деген менсінбеушіліктің бюрократияға тән болғандығынан деп
түсіндіруге болады.
Университеттер халыққа білім беру жүйесінің жоғарғы сатысын құрайды,
университеттерге гимназистік курстың көлемінде білімі барлар түсе алады.
Жарғыны құрастыруға қатысқан ғалымдарға кейбір жеңілдіктер бере отырып,
патша үкіметі университеттерге кейбір автономия берді. Университеттерді
сайланған кеңестер басқарды, профессорлар сол сияқты ректорды, декандарды
сайлады. Оларға ғылыми қоғамдар құруға, типография ұстауға, газеттер,
журналдар, оқу және ғылыми әдебиетті басып шығаруға лұқсат етілді.
Профессорларға студенттерге әсер етудің ізгілік шараларын қолдану ұсынылды
[6].
Бірақ университеттердің негізгі міндеті мемлекеттік қызметтің барлық
түрлеріне чиновниктерді дайындау болып табылады. Бірақ барлық сословиелер
үшін бірдейлігі жарияланғанмен, шын мәнінде білім берудің сословиелік
жүйесі құрылды. Бұл жүйеге буржуазиялық мектепке ұқсас кейбір белгілері тән
болды: мектеп бағдарламаларының сабақтастығы, барлық сатыларында оқытудың
тегіндігі, ерікті сословиеге жататын балалар үшін мектептердің формалдық
түрде бірдейлігі.

2.2.2.Декабристердің Ресейдегі педагогикалық
ой-пікірімен мектептің дамуына әсері
Патша үкіметі мен крепостнойлық құрылысқа қарсы өзінің революциялық
күресінде декабристер халыққа білім беру ісіне ерекше мән берді.
Декабристер қозғаласының бағдарламалық талаптарының бірі халықтың арасында
сауаттылықты тарату болды. Декабристер ғалымдар мен мұғалімдер қызметіне
қойылған бюрократиялық бақылау жүйесін қатты сынға алды.
Жасырын декабристік ұйымдар, сол сияқты жекеленген декабристер,
солдаттардың арасында сауаттылықты таратумен айналысты, әскери – жетімдер
бөлімдердің солдаттар балалары үшін мектептеріне ерекше әсер етті,
өздерінің жерлерінде басы байлы шаруалар балалары үшін мектептер ашты ал
қалаларда – қала кедей балалар үшін. Олар халық мектептерінің жан-жақты
жүйесін құруға қолдары жетті, олардың пікірінше, қоғамдық күштермен ашылуға
тиіс және үкіметтің тарапынан бақылаудан ерікті болуы керек.
Қоғамның дамуы туралы өздерінің көзқарасында дворян революционерлері
идеалистер болды, олар ағарту ісі қоғамдық қатынастарды өзгертудің негізгі
факторы деп есептеді. Бірақ кейбір декабристер (П.Н.Пестель және басқалар)
ағарту ісінің өмір сүріп отырған құрылысқа тәуелді екендігін дұрыс
түсіндіруге дейін көтерілді. Олар ағарту ісін және тәрбиенің дұрыс қойылуы
үшін қажетті шарты патша үкіметі мен крепостнойлық правоны жоюда екендігін
көре білді.
П.И.Пестельдің құрастыруымен жарық көрген “Орыс правдасында” тәрбие
адамдардың материалдық өмір сүруінің жағдайларына тікелей тәуелді екендігін
атап өтті.
Декабристердің айтуынша, деспатизмнен және басы байлылықтан еркін жаңа
Ресейде барлық азаматтардың бірден-бір мәнді құқы білім алуға құқылығы.
Олар жаңа мемлекеттік өкімет барлық жұртшылық үшін мектептердің кең жүйесін
құруға тиіс деп түсіндірді [7].
Жаңа тәрбие өзінің мазмұны жағынан патриоттық, халықтық болуы керек және
өзінің мақсаты – азаматтық жағымды қасиеттерді меңгерген барлық күш-жігерін
отанының гүлденуіне арнаған адамзатты тәрбиелеу. Декабристер орыс тілінде
жүргізілген “отандық тәрбиені” талап етті.
Декабристер жаңа, ерекше әділетті қоғам жағдайында жас ұрпақты өмірге
даярлау алдында тұрған мұғалімдерге ерекше жауапты міндеттер жүктеді.
Дворян революционерлерінің пікірі бойынша, тәрбиешілер болып жұмыс
істейтіндер, “адамгершілік сыннан өткен”, белгілі отанын сүйе білетін,
халықтың мақтанышын бойына сіңірген, шетелдік ықпалды жеккөретін адамдар
болуы керек.
Дворян революционерлері балаларды оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін
қолдады, оқылатын материалды оқушылардың механикалық есте сақтауына, құрғақ
жаттауға қарсы шықты.
Декабристер “еркін одағын” ұйымдастырды – халық үшін мектептер
құрумен, оқу әдебиеттері мен кітаптарын шығарумен, мұғалімдер даярлаумен,
оқушыларға тегін дәрігерлік көмек берумен айналысатын беделді қоғамдық
ұйым. Бұл қоғам декабристердің “Қайырымдылық одағының” педагогикалық
филиалы болды, ол тарағаннан кейін декабристердің “Солтүстік одағымен”
тығыз байланыста болды. Декабристердің әсерімен орыс мұғалімдері бұл
кезеңде Петербургте, Киевте және Москвада сауаттылыққа оқыту үшін
дидактикалық материалдар жасалды, оларда крепостнойлыққа қарсы бағытталған
идеялар айтылды.
Декабристердің көтерілісі жеңілгеннен кейін “Еркін одағы” жабылып қалды,
дворян революционерлерінің ашқан мектептері жойылды.
Николай І өкіметі декабристер көтерілісінің негізгі себептерінің бірі
ағарту ісінің тарауы және осыған байланысты ғылымды және мектепті,
профессорлар мен мұғалімдерді айыптады.
1728 жылы “Университеттер қарамағындағы гимназиялар мен училищелердің
жарғысы” деп аталатын реакциялық сипаттағы жарғы жарық көрді. Мектептің
әрбір түрі аяқталған сипатқа ие болды және белгілі сословиеге жұмыс істеу
үшін белгіленді. Мектеп жүйесінің сословиялық сипатын нығайту мақсатында
1804 жылғы енгізілген оқу орындарының арасындағы сабақтастық байланыс
алынып тасталды, орта және жоғары мектепке кедей балаларының түсуі
қиындатылды.
Приход училищелері төменгі сословиеге арналса, оларды уездік училищелерге
даярлау мүмкіншілігінен айырылды. 1728 жылғы жарғыдан кейін өкімет
тарапынан оқу орындарына бақылау күшейтілді, оларға таяқ тәртібі енгізілді.
Ресейдің шеткі аймақтарында патша саясаты империяның құрамына кірген
халықтарды орыстандыруға болатынды [8].

2.2.3.1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы.
Халық ағарту ісінің барлық жүйесін қайта құру революцияның алғашқы
күндерінен басталады. 1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің
мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа
жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.
Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге
және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы
Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға
бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім
алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру,
жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру.
Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18
маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес
Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды,
ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту
Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық,
уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру
бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің
әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші
органдар болып табылады.
1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін
мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол
қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық
ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін
қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің
“Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет
қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді
жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге
қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды;
әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар
екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен
қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І
Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі
сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы - 5 жыл және ІІ
сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін
орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен
шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және
буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді [9]
Мұғалімдер қауымы революцияға әртүрлі көзқараспен қарады. Көптеген
мұғалімдер, көбіне орта мектептің мұғалімдері революциялық өзгерістерге
дұшпандықпен қарады. Олар Кеңес үкіметіне қарсы шықты, Бүкілресейлік
мұғалімдер одағының (БМО) Контрреволюциялық қызметін қолдады. Бірақ
мұғалімдердің көп бөлігі, әсіресе, халық мектептерінің мұғалімдері
революцияны ерекше көңілмен қарсы алды.
Контрреволюциялық Бүкілресейлік мұғалімдер одағына қарсы интернационалшыл-
мұғалімдердің І Бүкілресейлік съезі ұйымдасты. Съезге қатынасушылар Ағарту
ісі мемлекеттік комиссиясының жұмысын талқылады, олар халыққа қарсы,
Бүкілресейлік мұғалімдер одағының контрреволюциялық қызметін қатты сынға
алып, мұғалімдерді Бүкілресейлік мұғалімдер одағынан шығып,
интернационалист-мұғалімдердің одағына кіру туралы үндеу тастады.
1918 жылдың бойына Ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда
А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен
“Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” және “Бірыңғай еңбек мектебі
туралы ережелері” жасауда қызу жұмыс жүргізілді. 1918 жылдың тамыз айында
“Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер”жобасы Ағарту ісі Бүкілресейлік
съезінде хабарланып, бірауыздан оны мақұлдады. [10]
“Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” педагогика-жұртшылықтың
арасында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы” атымен белгілі. Ол кеңес
педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын
жариялады. Мектептің саясатқа қарсы идеясын насихаттаған буржуазиялық және
ұсақ буржуазиялық педагогикаға қарама-қарсы “Бірыңғай еңбек мектебі туралы
Деклорация” мектептің саясатпен байланысын кеңес педагогикасының негізгі
қағидасы ретінде атап көрсетті. Бірақ “Бірыңғай еңбек мектебі туралы
ережелер” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” уақытпен
байланысты кейбір кемшіліктеріне қарамастан (емтихан және үй тапсырмасын
алып тастау, ақыл-ой білімінің есесінен, еңбек тәрбиесімен ерекше әуестену
және т.б) мектепті революциялық қайта құруда бұл еңбектердің мәні орасан
зор болды.

2.2.4. Жалпыға бірдей орта білім беруді жүзеге асыру
1958 жылы 24 қыркүйекте СССР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған "Мектептің
өмірмен байланысын нығайту және СССР-де халық ағарту жүйесін одан әрі
дамыту туралы” заң жалпыға бірдей міндетті сегіз білім беруді енгізу туралы
шешім қабылдады. 1962 – 1963 оқу жылы барлық жетіжылдық мектептер сегіз
жылдық мектептерге айналды. Халық ағарту органдары мектеп жүйесін қайта
құруды және педагогикалық кадрларды орналастыруда біршама жұмыстар
атқарды.ХХІІ съезде қабылданған партия бағдарламасында бүкіл кеңес халқының
мәдени деңгейі мен ғылыми білім беруді арттыру мақсатында жалпыға бірдей
орта білім берудің қажеттігін жариялады. Бұл талаптар 10 қараша 1966 жылы
қабылданған "Жалпы білім беретін орта мектептің жұмысын одан әрі жақсарту
шаралары туралы”қаулысында көрініс тапты. Бұл қаулыда мектептердің
материалдық-техникалық бағасын нығайту үшін ынталандыратын шараларды
белгіледі (мектеп құрылысы, оқу жабыдықтары, мектеп жиһаздарын және оқу
құралдарын шығару, мектеп бөлмелері мен зертханаларды жабдықтау және т.б.)
Бұл шешімдерді іске асыруда негізгі ұйымдастыру шараларының ішінде РСФСР
Педагогикалық ғылымдар академиясын СССР Педагогикалық ғылымдар академиясына
айналдыру және одақтық-республикалық министрлікті құру болды.Бастауыш
мектепте төртжылдықтан алынатын білімнің деңгейін түсірместен үшжылдық
бастауыш оқытуға көшу іске асырылды.Жетіжылдық толық емес орта мектеп
сегізжылдық жаппай міндетті оқытуға айналды.Сегізжылдық мектеп оқушыларды
ғылыми білімнің, ептіліктің және дағдының жан-жақты көлемімен қаруландыру
және олардың жан-жақты даму мүмкіншілігін қамтамасыз ету болып табысады. Ол
шәкірттерді толық орта мектепте білімін жалғастыруға даярлайды және сонымен
қатар болашақ еңбек іс-әрекетіне дайындық береді. Оқушылар жалпы білім
алумен қатар, политехникалық даярлықты алады, техника саласында кейбір
мәліметтер алады, қарапайым жалпы техникалық дағдыларды және еңбектің
элементарлық мәдениетін меңгерді.
Сонымен, сегізжылдық мектепті бітіргендер төмендегі оқу орындарында
орта білімді жалғастыра алады:
1) Жалпы білім беретін толық орта мектептерде (ІХ-Х сыныптар оның
ішінде кейбір пәндерді тереңдете оқытумен).
2) 3-4 жылдық оқу мерзімді техникумдарда олар жалпы білім беретін
даярықты және техник мамандығын алып шығады.
3) кәсіби және жалпы білім беретін даярлықты ұштастыратын кәсіптік-
техникалық училищелерде
4) жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде өндірісте жұмыс істейтін
жастар оқиды.
Ғылым мен техниканың дамуының өскелең деңгейі, әрбір оқушыға оның
қабілеттілігі мен қызығуын дамытуда жағдайды жасаудың қажеттілігі орта
мектептің ІХ-Х сыныптарында даралап оқытуды енгізу туралы мәселе қойылды.
Кейбір мектептерде жекеленген пәндерді тереңдетіп оқыту енгізілді.Мектеп
туралы заң бойынша елімізде халыққа білім беру жүйесінің жалпы білім
беретін мектептің жаңа құрылымы қалыптасты. Елімізде толық жалпы орта білім
алу үшін онбіржылдық мерзім енгізілді орта білім беру екі кезеңге бөлінді.
Бірінші кезеңде балалар 7-ден 15-16 жасқа дейін сегізжылдық жалпы білім
беретін еңбек политехникалық мектепте толық емес орта білім алады.
Сегізжылдық мектептегі білім беру белгілі дәрежеде аяқталған сипатқа ие
[11].
Екінші кезеңінде 15-16 жастан бастап, жастар толық орта білім алады
және бірінші кезеңнен айырмашылығы бір ғана мектепте емес, мектептердің
бірнеше түрінде білім алады:
а) жұмысшы және ауыл жастарының кешкі (кезекті) орта жалпы білім
беретін мектептері (3 жылдық оқу мерзімі);
ә) өндірістік оқытумен орта жалпы білім беретін еңбек политехникалық
мектептерде. Онда сегізжылдық мектептерді бітіргендер 3 жыл ішінде толық
орта білім мен кәсіби даярлық алады.
б) техникумдарда және орта арнаулы оқу орындарында онда жалпы орта
және арнаулы орта білім алады.
Мектеп туралы заң мектеп-интернаттарды одан әрі жетілдіру және қалалық
және ауылдық жерлерде ұзартылған күн мектептері мен топтарын құру
қарастырылған.Арнаулы білім беру жүйесіне төмендегідей өзгерістер
енгізілді: фабрика-зауыт оқыту мектептері, кәсіптік-техникалық мектептер,
фабрика-зауыт оқушыларының мектептері және басқа да кәсіптік оқу орындары
күндізгі және кешкі қалалық кәсіптік-техникалық училищелерге және ауылдық
кәсіптік-техникалық училищелерге айналды. Кәсіптік-техникалық училищелер өз
жұмысын сегізжылдық мектептердің негізінде құрды.Жалпыға бірдей орта
білімді іске асыру-кеңес үкіметінің ерекше жетістіктерінің бірі: Қоғамның
әрбір мүшесіне жалпы және кәсіптік орта білім берумен қамтамасыз ету үшін
жалпы білім беретін мектептің негізгі буыны білім беру жүйесінде ерекше
орын алатын сегізжылдық мектепті нығайту қажет. Сегізжылдық мектептің
алдына жеткіншектерді ғылым негіздері мен берік қаруландыру, олардың жалпы
еңбек ептіліктері мен дағдыларын меңгеру, көзқарасы мен дүниетанымын,
сенімдерін қалыптастыру бейімділіктері мен қабілеттіліктерін анықтау және
дамыту. Сонымен, барлық жастардың жалпы орта және кәсіптік білім алу үшін
берік негіз қаланды [12].
Мектептердің оқу-материалдық базасын нығайтуда 60 жылдары және  70
жылдардың басында алынған шаралар, атап айтқанда, оқытудың сапасын арттыру,
осының негізінде екінші жылға қалушылықты болдырмау жағымды нәтижелер
берді. Жалпы орта білім беруге көшу сегізжылдық мектепке талаптарды
күшейтті, себебі оның түлектерін даярлаудың сапасына білім берудің кейінгі
сатыларында жастарды оқытудың жетістігі тәуелді болып табылады.60-жылдардың
аяғы мен 70-жылдардың бас кезінде сегізжылдықты бітіргендердің көбі өз
білімдерін жалғастырғандығы өте қажет болды. 1970 жылы, мысалы, сегіз
жылдықты бітірген түлектердің жалпы санының орта мектептің ІХ сыныбына
2555,7 мың адам түсті (60,2 пайыз), күндізгі орта арнаулы оқу орындарына –
495 мың (11,7 пайыз), орта кәсіптік-техникалық училищелерге – 99,5 мың (2,3
пайыз), орта білім бермейтін кәіптік-техникалық оқу орындарына – 552 мың
(13 пайыз), сыртқы және кешкі мектептердің, сырттай арнаулы оқу орындарының
– 305,8 мың (7,2 пайыз)Жалпыға бірдей орта білім беру жастардың арасында
білімнің мәртебесін көтерді. Өзінің білімін жалғастыруға көптеген жастар
ұмтылғандығын аңғару қиын емес. Ленинград социологтарының 50 қала
мектептерінің 5 мың түлектерін 5 жыл бойы өмір жолын зерттеудің нәтижесінде
орта мектепті бітіргеннен кейін 5-6 жылда жұмысқа орналасқандардың
көпшілігі жоғары және арнаулы оқу орындарын бітіргендігін немесе оқуларын
жалғастырғандығын дәлелдеді.
 

2.2.5. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқытуды ұйымдастыру түрлерінің дамуы
Кеңес халқының фашистік Германияға қарсы соғысы көптеген материалдық күшті
керек етті. Еңбекке жарайтын миллиондаған адамдарды бейбіт еңбектен бөлді.
Соғыстың ауыр зардабы еліміздегі халық ағарту ісіне кеңес мектебінің
өміріне әсер етпей қойған жоқ.
Сан мыңдаған жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер мен студенттер Кеңес
Армиясы қатарына, халық жасақшыларына, партизандық күреске аттанды.
Мұғалімдер мен оқушылар, колхоз бен совхоздағы ауыл шаруашылық жұмыстарына,
металл сынықтарын, дәрі-дәрмектер жию ауруханадағы жаралыларға дәрігерлік
жәрдем беру, әскер жанұяларына қамқорлық жасау жұмыстарына белсене
араласты. Соғысқа жақын жерлердегі балалар тылға көшірілді. Жергілікті
жерлерде ол балалар үшін үлкен қамқорлық жасалды. Мектеп-интернаттар
ұйымдастырылды. Немістер уақытша басып алған жерлерде ондаған мың мектептер
қиратылды және тоналды. Тек ғана РСФСР территориясында неміс басқыншылары
17 мыңдай, Украинада 20 мыңға жуық мектеп үйлерін қиратты. Онымен қатар
мектептерде мұғалімдер жетіспеді.
Соғыстың алғашқы айларында мектеп мұғалімдері мен оқушылар қолына қару
алып, өз Отанын қорғауға аттанды, олар өздері тәрбиеленген идеалына
беріктігін, соғыста да, тылда да ержүректік пен ұйымшылдықтың және
тәртіптің үлгісін көрсете білді [14].
Көптеген жасырын жастар ұйымдарды, олардың ішінде ерекше белгілі болған
краснодондық “Жас гвардияны” ерекше атауға болады, олар фашист
басқыншыларына жанқиярлықпен қарсы күресе отырып, ерліктің үлгісін
көрсетті. Ондаған мың мұғалімдер мен оқушылар партизан отрядтарында
күресті. Мысалы, бір ғана Беларуссияның партизан отрядтарында басқыншыларға
қарсы 7 мыңнан астам мұғалімдер мен 30 мыңдай оқушылар қарсы күресті.
Уақытша неміс фашистерінің басып алған жерлерінде Украинаның,
Белоруссияның, Брянск, Псков және басқа облыстардың партизандық
аудандарында мектептер кеңестік оқу бағдарламалары бойынша жұмыс істеуді
жалғастырды.
Соғыстың алғашқы жылдарында шалғай тылдағы республика ретінде Қазақстанға
күнбе-күн дерлік балаларды тиеген эшелондар келіп жатты. Бұлар майдан
шебіндегі аудандардың балалары еді.
Соғыстың және экономикалық жағдайдың қиындығына қарамастан, партия мен
үкімет-мектептер мен тәрбие мекемелерінің дұрыс жұмыс істеуі үшін ерекше
қамқорлық жасалды. Мектеп үйлерінің, оқулықтар мен оқу құралдарының
жетіспеуіне, мұғалімдердің жүктемелерінің ауырлығына байланысты туындаған
көптеген мәселелер шешіліп отырылды. Соғыстың алғашқы жылдары ер
мұғалімдердің негізгі бөлігі әскерге алынды. 1941 жылдың өзінде
Белоруссиядан 10 мың мүғалімдер, Грузиядан 7 мыңнан астам мқғалімдер армия
қатарына алынды. Соғыс астындағы аудандар мен тылдағы көптеген мектептер
госпитальдерге, казармаларға, әскери-шақыру бөлімдеріне айналды.
Соғыс жылдарында ұйымдастыру бағытындағы көптеген кешенді шаралар алынды:
сабақтың ұзақтығы, 35-40 минутқа дейін, үзіліс 5 минут қысқартылды,
көптеген мектептер 3 кезеңмен оқыды.
Партия мен үкімет ата-аналарынан айырылған және еліміздің шығыс аудандарына
көшірілген жүздеген мың балаларға қолайлы жағдайлар жасау, оқыту мен
тәрбиелеуді қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлді.
1942 жылдың басында Халық Комиссарлар Кеңесі панасыз балалармен жұмыс
туралы арнаулы қаулы қабылдады. Қаулы бойынша, облыстық атқару комитетінің
ерекше комиссиялар ұйымдасты, ол аудандық оқу бөлімдерінде панасыз және
бақылаусыз балалармен жұмыспен айналысатын инспекторлар лауазымы енгізілді.
Балаларды қабылдау және балалар үйлерінің жүйесі ұйымдасты, ересек
жеткіншектерді жұмысқа орналастыру шаралары іске асырылды. Елімізде
балаларды жаппай оқыту міндеттері біржүйелі шешіліп отырды. Батыс
аудандардан 63 мың оқушылары бар. 600 ге тарта мектеп көшірілді. Мәселен,
өндірісте жұмыс істейтін жеткіншектері жалпыға бірдей оқытумен қамту үшін
1943 жылы жұмысшылар үшін кешкі-сменалық мектептер, ашу туралы қаулы
қабылданды, ал 1944 жылы ауыл жастарына арналған мектептер ашу туралы қаулы
қабылданды. Бұл тептегі мектептер кейіннен кең өріс алды.
1943 жылы желтоқсан айында Халық Комиссарлары Кеңесінің балаларды 7 жастан
бастап, жалпыға бірдей міндетті оқытуды енгізу туралы өте маңызды қаулысы
қабылданды. Жалпыға бірдей міндетті оқытуды іске асыру мақсатында
мектептерді мұғалімдермен қамтамасыз ету шаралары белгіленді. Мамандығы
бойынша жұмыс істемей, басқа жұмыс істеп жүрген мұғалімдер мектепке
қайтарылды, сырттай педагогикалық білім беру жүйесін дамыту туралы арнаулы
шешім алынды, қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылды [15].
Партия мен үкімет мұғалімдерді материалдық жағынан қамтамасыз етуге
бағытталған әртүрлі шараларды белгіледі. 1943 жылы мұғалімдердің жалақысын
арттыру туралы үкіметтің қаулысы қабылданды. Жоғары Кеңестің Президиумының
жарлығымен 1944 жылы 5 мыңнан астам мұғалімдер мен халыққа білім беру
ісінің басқа да қызметкерлері балаларды оқыту және тәрбилеудегі ерен
еңбектері үшін ордендер мен медальдармен марапатталды.
Соғыс жылдарында мектептің оқу-тәрбие жұмысының мазмұнына кейбір өзгерістер
енгізілді. Әртүрлі оқу пәндеріне әскери-қорғаныс тақырыптары енгізілді:
физика курсында қазіргі әскери техника оқытылды; химия курсында улы заттар
және одан қорғанудың тәсклдері; жағырафиядан “Жастар және карта” тақырыбын
оқыту кеңейтілді; онда карта бойынша және жергілікті жерлер бағдарлай білу
ептілігіне ерекше көңіл бөлінді. Шет тілі және орыс тілі сабақтарында
әскери терминология оқытылды; 1941-42 оқу жылынан бастап, тарих және
әдебиетті оқытуда патриоттық тәрбиеге ерекше мән берілді. Тарих сабағында
біздің халқымыздың қаһармандық өткен тарихына және оның шетел
шапқыншыларына қарсы күресіне ерекше көңіл бөлінді.
Соғыс жыларында тимуровшылар қозғалысы мен госпитальдерге қамқорлық көмек
беру ісі кеңінен дамыды. 1943 жылдың тамыз айында тәрбие жұмысын жақсарту
мақсатында РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі “Оқушыларға арналған ережені”
бекітті, онда оқушылардың мектепке, ұстаздарға, ата-аналарға қатысы туралы
міндеттері анықталды, мектептегі және мектептен тыс жерлердегі мәдени мінез-
құлық ережелері бекітіледі.
Мектептегі оқу жұмысының тиімділігін арттыру және оқушылардың үлгерімін
бағалау үшін бес балдық жүйені енгізудің үлкен мәні болды (қаңтар 1944 ж.(
1943 жылы ер балалар мен қыз балаларды бөлек мектептерде енгізу туралы
шешім қабылданды, балаларды бөлек оқыту 1954 жылы қате шешім ретінде
өзгертілді. 1944 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі “Мектептегі оқу жұмысының
сапасын жаңарту шаралары туралы” қаулы қабылдады. Ол қаулыда орта мектепті
үздік бітіргендерді алтын және күміс медальдармен марапаттау туралы шешім
қабылданды.
Соғыстың қиын жағдайына қарамастан педагогика ғылымы саласында ғылыми-
зерттеу жұмысы бір сәт тоқтаған жоқ. Оқу-тәрбие жұмысының теориялық және
әдістемелік мәселелері талданылды, оның ішінде білім берудің мазмұнын
жетілдіруге, патриоттық, еңбек және интернационалдық тәрбиеге ерекше мән
берілді. Кеңес мектебін одан әрі жетілдіру және дамыту мақсатында
педагогика, психология және жекеленген пәндерді оқыту әдістемесі саласында
ғылыми-зерттеу жұмысына басшылық және реттеп отыру үшін 1943 жылдың қазан
айында үкіметтің қаулысымен Москвада РСФСР педагогика ғылымдарының
акакдемиясы құрылды, Педагогика ғылымдарының академиясы педагогика
ғылымының маман қызметкерлерін біріктіреді [16].
Сонымен, Ұлы Отан соғысы біздің құрылысымыздың мызғымас беріктігімен
халықтар достығына сын болуымен қатар, кеңес мектебіне де сын болды. Бұл
сыннан мүдірмей өтті. Оған кеңес мектебінен тәрбие алған мыңдаған ұл-
қыздарымыздың жанқиярлық өшпес ерлігі дәлел бола алады. Ұлы Отан соғысы
аяқталғалы 60 жылдан астам уаұыт өтсе де, біздің қоғамымыз оның сабақтарын
толық та, терең түсінуге бет алып келеді. Ұлы Жеңіс халқымыздың тарапында
тағылымы мол елеулі оқиғалардың бірі болып табылады.
- мектепте оқыту үшін міндетті оқу материалын іріктеп алудың ғылыми-
теориялық негіздерін жасау, жалпы дидактикалық сипатта екі мәселені шешумен
байланысты: оқу пәндерінің және негізгі меңгеруге тиісті дәйектердің,
ұғымдардың, заңдардың, теориялық анық логикалық құрылымын орнату;
- жалпы білім берудің, еңбек және политехникалық оқытудың және оқушыларды
кәсіптік даярлаудың арақатынасы мен өзара байланысының ғылыми негізделеген
шешімі;
- оқытудың дамытушылық сипатының күшейтілген жолдарын іздестіру және
материалдық және формальдық білім берудің бірлігіне жету;
- оқушылардың оқу жұмысы мен еңбегінің тәрбиелік мәнін арттырудың тиімді
шарттары мен тәсілдерін анықтау.
Үшжылдық бастауыш оқытуға көшу мәселелері өте күрделі және қарама-
қайшылықты болып табылады. Бастауыш мектептің жаңа бағдарламаларға көшуді
тиімді ұйымдастыру мәселесінің шешуші мәні болды.
Халық ағарту органдары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің жүргізген І-ІІІ
сыныптардың жаңа бағдарламаға көшуді талдау бастауыш мектептің курсын
оқытудың теориялық деңгейін арттыру тенденциясымен байланысты елеулі
қиындықтарды анықтаған болатын-ды. Мұғалімдер бұл бағдарламаларды іске
асыруға жеткіліксіз даярланған болды, теориялық материалды ашудың
әдістемесін меңгермеді.
Бағдарламалардың негізгі кемшілігі, әсіресе бірінші сынып оқушыларының оқу
жүктемелерінің ауырлығы болып табылады. Сөзсіз бастауыш оқытудың үшжылдық
циклі қазіргі педагогиканың, психология және әдістеменің мәліметтеріне
негізделді, кіші мектеп оқушыларының таным белсенділігі мен дербестігін
дамытуда белгілі роль атқарды. Бастауыш және орта сыныптардың арасындағы
сабақтастық үшін қолайлы алғышарттар жасалды. 70-жылдардың аяғында
математикадан мектеп бағдарламасы қатты сынға алынды. Ондай сын тек ғана
мұғалімдердің, педагог-әдіскерлердің тарапынан көп айтылып қойған жоқ,
сонымен қатар белгілі ғалымдардың да тарапынан сынға ұшырады.
Оқушылардың таным қызметінің тиімділігін арттырудың, оқытудың әдістері мен
ұйымдастыру түрлерін жетілдірудің теориялық негіздерінің бірі дамыта
оқытудың тұжырымдамасы болып табылады.
Дамыта оқытуға көшу оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін қолданудың
аясы кеңейе түседі, оқушылардың танымдық қызметінің белсенділігін
арттырады.
60-жылдары дидактикаға психологтар негіздеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХІХ ғ. бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен педагогика
Ресейде білім берудің мемлекеттік жүйесінің құрылу жолдары
Ресейде тәрбие, мектеп және педагогикалық ой-пікірдің даму тарихы
Арнайы педагогиканың ғылыми негіздері
Білім нәтижелерін бағалау түрлері. Бағалаудың түрлері. Сандық және сапалық бағалау. Бағалаудың өлшемдері
Ежелгі Русь мәдениеті
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Оқудың дидактикалық негіздері
Оқыту жүйесінде оқушылардың білімін бақылау және бағалау
Пәндер