Көк азық
Жоспар
Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
I. Аумақты жемшөп 6
1.1. Көк азық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Шырынды азық 7

... ... ... ...
1.3. Ірі жемшөп ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
II. Құнарлы азық 16
2.1. Астықтұқымдастар дәндері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Бұршақтұқымдастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
Пайдаланылған әдебиеттер 20
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..
Кіріспе
Өсімдік шаруашылығы - адамды азық-түлікпен, малды жемшөппен, ал
өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі көздердің бірі. Өсімдік
шаруашылығы адамның жерді алғаш рет өңдеп, өзіне керекті екпе өсімдікті
өсірумен шұғылдануынан басталады. Археологтардың дәлелдеулеріне қарағанда
алғашқы екпе өсімдіктер бұдан 10-12 мың жыл бұрын (неолиттің бас кезінде)
тас дәуірінде пайда болған.
Өте ертедегі егін шаруашылығының жақсы дамыған орталықтарына Қытай,
Сирия, Египет, Мексика, Перу, Боливия, ал біздің елімізде Орта Азия және
Закавказье аймақтары жатады.
Жер шарындағы құрлық 149 млн км2 болса, ондағы айдалған жердің көлемі
тек кана 12% мөлшерінде, шалғын және жайылым жерлер 20%, орман 30% жуық
[1].
Адамзаттың пайдалану үшін өсіретін екпе өсімдіктерінің жалпы түрі 20
мыңнан астам. Академик Н. И. Вавиловтың айтуынша оның маңызды түрлері 640
жуық, ал Ф. X. Бахтеевтің мәліметтері бойынша олар 190 ғана. Оның ішінде
маңызды түрлер қатарында дәнді және дәнді-бұршақ тұқымдастардың 78, майлы
және талшықты дақылдардың 53, тамыр-түйнек жемістілердің және т. б. екпе
өсімдіктердің 60-қа жуық түрлері бар.
Ал, жоғары білім беретін арнаулы оқу орындарында өсімдік шаруашылығы
курсы көлемінде екпе дақылдарының 90-ға жуық түрлері оқытылады.
Жер бетіндегі екпе дақылдарының 80%-ға жуығы Европа мен Азияда, Америка
құрлығында олардың 100-ге жуығы өсіріледі. Европа мен Азиядан дүние жүзіне
бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш, ас бұршақ, көкнәр, беде, атқонақ
дақылдары апарылып, кең таратылған болса, Америкадан Европа, Азия және
Африка құрлықтарына картоп, күнбағыс, жүгері, мақта, бадана, қара темекі,
жер жаңғағы, асқабақ және басқа да дақылдар тұқымдары тараған.
Қытай және Үндістан әлемдік егін шаруашылығына күріш, ноқат, май
бұршақ, сора, джут, кенеп дақылдары тұқымын берсе, Африка қарбыз,
қонақтары, күнжіт, майкене, судан шөбі дәндерінің тарауына себепші болған.
Европалық дақылдарға қант қызылшасы, ақ қыша, жоңышқа, еркекшөп, сиыр
жоңышқа да жатады.
Бірқатар бидай түрлері, арпаның, қышаның, арыштың, зығырдың,
атқонақтың, жоңышқаның кейбір түрлері, қылтанақсыз арпабас, еркекшөп, тағы
басқа да дақылдар әлемге қазіргі біздің еліміздің территориясынан тараған.
Біздің еліміз майлы дақыл - күнбағыстың екінші отаны болып саналады [1].
Өсімдік түрлерінің пайда болуы, негізінен Ч. Дарвиннің әлем дамуының
эволюциялық теориясы арқылы түсіндіріледі. Адам өзіне қажетті жабайы
өсімдіктерді мыңдаған жылдар бойы өсіре отырып, олардың маңыздыларын
сұрыптап тандауының нәтижесінде казіргі кездесетін екпе түрлерін шығарады.
Мысалы, қант қызылшасының салмақты (1000 г, одан да артық), қанттылығы
жоғары (20%, одан да жоғары) түрі - жіңішке, кіші, қанттылығы төмен жабайы
қант кызылшасынан сұрыптау және селекцияның басқа да тәсілдерін пайдалану
арқылы алынып отыр.
Алайда екпе өсімдіктер өзінің жабайы туыстарынан артықшылық қасиеттерін
- жоғары өнімділігін, тіршілікке бейімділігін, тек қана айдалып жыртылған.
тыңайтқыштар берілген жерге егілгенде, өсіп-өнулеріне қажетті жағдайлар
туғызылғанда ғана көрсете алады [1].
Өсімдік тектес жемшөп. Өсімдік тектес жемшөпке табиғи және екпе
(мәдени) өсімдіктердің мал азығына тікелей жегізіліп (жайылып) немесе шауып
туралып берілетін бөліктері (жапырағы, сабағы, тамыры, түйнегі, қылқаны,
бұтағы, т. б.) жатады. Физикалық жағдайы мен қоректік заттардың шоғырлану
дәрежесіне сәйкес өсімдік тектес жемшөп аумақты (объемистые) және құнарлы
(концентрированные) топқа бөлінеді.
Аумақты жемшөпке 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттары 0,5
кг-нан төмен, сондықтан да қуаттылығы 0,65 азық өлшемінен (7,3 МДжден)
аспайтын ылғалды (шырынды) немесе жасунықты азықтар жатады. Аумақты азыққа
барлық көк шөп (зеленый корм), ірі шөп (грубый корм) пен шырынды (сочный
корм) кіретіндіктен, бұл азық тобы шаруашылық азық қорының (кормовая база)
негізін құрайды. Бойында өсімдік шырыны сақталатындықтан көк шөп пен
шырынды азықты ылғалды, ал кептіріліп, іріленген ірі шөпті (грубые корма)
жасунықты аумақты жемшөп тобына жатқызады.
Ылғалды азыққа құрамындағы 40%-дан астам ылғалы, негізінен, протоплазма
мен өсімдік сөліндегі химиялық байланыстағы су түрінде болатын шырынды
жемшөппен қатар ылғалдылығы өңдеу барысындағы судан тұратын техникалық
өндіріс қалдықтары жатады. Оларды сулы (водянистые) азықтық қалдықтар деп
атайды. Шырынды азықтарға көкшөп (балауса), тамыр-түйнек жемістілер,
сүрлем, пішендеме (біздің жіктеуімізше), химиялық жолмен консервіленген көк
азық жатса, сулы азықтарға спирт (ашыту), қант, крахмал, сыра өндірісінің
барда (қойыртпақ), жом (сығынды), мезта, сыра бөртпесі секілді техникалық
азықтық қалдықтары жатады.
Ірі азыққа құрғақ затындағы қиын ерітіліп, қиын қорытылатын жасунығы
19%-дан астам пішен (сено), сабан (солома) мен топан (мякина, полова)
жатады. Малға жегізер алдында оларды желінуі мен қорытылуын арттыратын
арнайы өндеуден өткізген жөн.
Құнарлы азыққа 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттары 0,5 кг-
нан жоғары, сондықтан да қуаттылығы 0,65 азық өлшемінен (7,3 МДжден) жоғары
азықтар жатады. Құрғақ затының жасунығы 19%-дан, ал ылғалдылығы 22%-дан
аспайтын бұл азық тобына дөн мен ұн өндірісінің қалдығы кебек пен май
өндірісінің қалдығы күнжара мен шрот жатады. Солармен қатар құнарлы азыққа
техникалық өндірістің кептірілген азықтық қалдықтары да кіреді. Химиялық
құрамы бойынша дәнді азықты (жемді) энергетикалық (көмірсулары басым астық
тұқымдастар дәні) және протеиндік (белогы басым бұршақ тұқымдастар дәні)
топқа бөледі. Соңғысына күнжара мен шрот кіреді. Кебек, әсіресе, бидай
кебегі малға жұғымды диеталық азыққа жатады [2].
I. Аумақты жемшөп
Аумақты жемшөп тобына 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттар
қосындысы 0,5 кг-нан аспайтын, энергетикалық қоректілігі 0,65 азық
өлшемінен (7,3 МДж-ден) төмен көк азық, шырынды азық пен ірі азық кіреді
[2].
1. Көк азық
Көк шөп. Ылғалды (шырынды) келетін аумақты жемшөптің ең ұлкен тобын көк
азыққа (зеленый корм) жататын көк шөп құрайды. Көк шөпке табиғи және қолдан
еккен өсімдіктердің жер бетіндегі жапырағы мен әлі көк, өсуі тоқталмаған
кезеңдегі сабағымен бірге желінетін гүлі мен дәні кіреді. Көк шөпті малға
жайып (жайылым оты) немесе шауып, турап (зеленка) береді. Көк шөп құрамында
мал тіршілігіне қажетті барлық қоректік заттар жеңіл қорытылып, жақсы
сіңірілетін түрде болатындықтан, ол малдың сүйсініп жейтін жұғымды азығы
болып табылады.
Табиғаттың өзі өндіретін осы азыққа эволюция барысында мал түлігі әбден
бейімделіп, қоректік заттарын өте жоғары қорытып игеретіндіктен, мал
азықтандыруда көк шөптің алатын орны ерекше. Жоғары құнарлылығы,
жұғымдығымен қоса мал шаруашылығы азықтық қорының ең арзан азығы
болғандықтан, оны жыл бойында мал қорегіне мейлінше мол пайдаланудың
физиологиялық та, экологиялық та, экономикалық та маңызы зор.
Көк шөп құрамында, орташа есеппен, 65-85% су, 15-35% құрғақ зат болады.
Құрғақ затының 20-25% шикі протеин, 45% шикі жасунық, 35-50% азотсыз
экстрактивті заттар, 9-11% шикі күл үлесіне тиеді. Олардың қорытылымы мен
қоректілік құндылығы өте жоғары келеді. Ортаникалық затының қорытылуы 70%-
ға, шикі протеинінің қорытылуы 80%-ға жететін 1 кг көк шөп құрғақ затының
энергетикалық қуаттылығы 0,7-0,8 азық өлшемін құрап, табиғи
ылғалдылығындағы (натуральная влажность) жалпы қоректілігі 0,15-0,25 азық
өлшеміне теңеседі [2].
Көк азық құрамындағы қоректік заттары жоғары биологиялық құндылығымен
және мал ас қорытуына аса жұғымдылығымен сипатталады. Басқа жемшөппен
салыстырғанда көк балаусаның жедел өсуіне байланысты орын алатын көп
пептидтік белок түзуге енбеген азоттық қосындыларының үлесі жоғары болады.
Олардың 45-50% аминдерден, 9-13% амидтерден, 68% пуриндерден, 48%
нитраттардан, 24% аммоний тұздарынан, 12% бетаин мен 0,82% холиннен тұрады
[2].
Биологиялық тұрғыдан аминқышқылдық құрамы өте құнды да малға жұғымды
болып келетін көк шөп протеині өсімдік түріне, өсу мерзіміне байланысты
өзгереді. Оның протеинінің құрамындағы бос аминқышқылдарынан, аспарагин мен
глутамин амидтерінен, нитраттар мен нитриттерден тұратын белоктан тыс
азотты қосындылары (амидтері) да мал қорегінде маңызды қызмет атқарады. Көк
шөп майымен мал қорегіне қажеттілігі жоғарьг қанықпаған май қышқылдары
көптеп жеткізіледі.
Көк шөп көмірсуларының жеңіл қорытылатын бөлігі малға жұғымды крахмал
мен қанттардан тұратын азотсыз экстрактивті заттардан құралады да, күлінің
минералдық элементтері ас қорыту барысында жылдам еріп, жоғары сіңіріледі.
Бұршақ тұқымдастар көгінің күлінде астық тұқымдастардікімен салыстырғанда
кальций көп болатын болса, соңғыларында натрий көп болады.
Көк шөп жоғары витаминді мал азығы. Барлық дерлік өсімдіктерде А
витаминінің алғашқы түрі (провитамині) каротин көптеп жиналады.
Түтікшеленіп-масақтана бастаған кезеңіндегі астық тұқымдастарда каротин
мөлшері 30-50 мгкг болса, бүршіктеніп-гүлдей бастаған бұршақ тұқымдастар
көгіндегі оның мөлшері 45-60 мгкг болады [2].
Мал өніміндегі, айталық сүттегі каротин мен А витаминінің көлемі
желінген жемшөбіндегі каротин мөлшеріне тікелей тәуелді түрде өзгереді.
Каротиннің ортанизм қажеттілігінен тыс мөлшері бауырда, ал мүйізді ірі қара
мал мен құстың тері асты майында жиналады
Осылайша жазғы мал азығына пайдаланылатын көк азықты шауып даиындау
арқылы қыста да мал азықтандыруға кеңінен жұмсайды. Ол үшін шабылған көкте
өрістейтін түрлі микробиологиялық құбылыстарды тежеп, тоқтатуға, яғни
сақталатын шикізатты (сырье) консервілеуге бағытталған түрлі әдіс-тәсілдері
қолданады. Ол әдістерді үшке бөлуге болады:
Кептіру, қатыру, жоғары қысым және температурамен өңдеу, иондық
сәулелендіру секілді физикалық әдістер;
Малға зиянсыз қосывдылар ерітіндісімен өндеу арқылы өтетін химиялық
әдістер;
Консервілеуге салынған жемшөпте өтетін табиғи микробиологиялық өзгерістерге
негізделген биологиялық әдістер [2].
1.2. Шырынды азықтар
Сүрлем, тамыржемістілер, түйнекжемістілер, бақшалық және жапырақты
дақылдардың шырынды жемістері, көкөністер сияқты сулы азықтар өздерінің
құрамындағы судың көптігімен (90%-ға дейін) ерекшеленеді, жеңіл сіңірілетін
көмірсулардың жақсы көздері (сүрлемнен басқалары) болып табылады, сүт
шығару қасиеті бар, қарын азықтың корытылуына оң әсерін тигізеді, мерзімдік
азық үлесіндегі қоректік заттардың тиімділігін арттырады.
Бұл азықтарда ылғал көп болғандықтан, қуаттық жұғымдылығы жоғары емес.
Олардағы алмасатын қуат 1,2-3,5 МДждан аспайды, протеин мен талшық та аз.
Алайда, жеңіл қорытылатын және сүт шығаратын азықтар ретінде, олар
(әсіресе, тамыржемістілер) төлдер мен сүттенген сиырлардың мерзімдік азық
үлестері үшін таптырмайтын жемшөптер [2].
Тамыр-түйнек жемістілер. Шырынды мал азығына азықтық және қант
қызылшасы, сәбіз, топинамбур (жер алмұрты), турнепс секілді тамыр
жемістілер, картоп секілді түйнек жемістілер жатады. Олардың құрамында 70-
90% су болып, 10-30% құрғақ затының басым бөлігі жеңіл қорытылатын қанттар
мен крахмалдан тұрады. Протеиннің жартысына жуығы белок, ал қалғанын одан
тыс амидтық азотты қосындылар құрайды. Жасунығы мен липидтері аз мөлшерде
болады. Тамыр-түйнек жемістілердің өнімділігі жоғары болатындығынан егіс
көлемінен алынатын қоректік заттар өнімі бойынша көкшөп пен дәнді
дақылдардан қалыспайды. 1 кг құрғақ затының жалпы қоректілігі 1 азық
өлшеміне шамалас келеді. Малдың тәбетін ашып, сүттілігін арттыратын тәтті
де жеңіл қорытылып тез сіңірілетін құнды қысқы азығы.
Мал азығына жұмсалатын азықтық тамыр-түйнек жемістілердің химиялық
құрамы 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. Азықтық тамыр-түйнек жемістілер құрамы, %
Азық түрі Су Протеин Май Жасунық АЭЗ Күл
Азықтық қызылша 84,4 1,49 0,12 1,06 11,86 1,04
Қант қызылшасы 75,5 1,77 0,16 1,38 20,33 0,85
Қызыл сәбіз 84,9 1,34 0,29 1,96 10,15 1,38
Картоп 77,3 2,51 0,12 0,54 18,14 1,44
Азықтық қызылша. Құрамындағы 7-12% құрғақ затының негізін тез еріп,
жеңіл ыдырайтын қанттар және пектиндік заттар құрайды. Жасунығы 1%
аспайтындықтан, құрғақ заты өте жоғары 85-87% қорытылады. Мүйізді ірі қара
мал, жылқы, қойға азықтық қызылшаны тазартып, бүтін күйінде немесе турап
береді. Шошқаларға пісіріп не буландырып берген жөн. Бірақ пісірген
қызылшаны салқындатқан кезде селитрадан пайда болатын нитраттар мен
нитриттерден малдың уланбауын бақылау керек. 1 кг-да 0,14 а.ө., 9,8 г
қорытылатын протеин, 0,33 г Са, 0,33 г Р болатын азықтық қызылшаны
тәулігіне сүтті сиырға 20-30 кг, жылқыға 10-15 кг, шошқаға 57 кг немесе
әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда - 45 кг, қойға 35 кг жегізуге болады.
Қант қызылшасы. Құрғақ заты азықтық қызылшанікінен жоғары 20-25% қант
қызылшасын қант өндірісімен қатар мал азығына да жұмсайды. 70% қанттан
тұратын ортаникалық заттарының қорытылымы да жоғары 80-85%. Қантының
молдығынан мал азығының оңтайлы қантпротеиндік қатынасын қалыптастыруға
жұмсалады. Сонымен қатар қант қызылшасының құрамында қымыздық қышқылы мен
оның тұздары, нитраттар, сапониндер жиналатынын да ескеру қажет.
Сапониндердің аз мөлшері қоректік заттардың сіңімділігін артгырса, көп
мөлшері ортанизмді уландырады.
Қызылша жапырағында 25% көлемінде жиналатын қымыздық қышқылы көп
желінсе (тәулігіне 20 кг қызылшамен), малға зиянын тигізетіндігін және де
бірден көп көлемде жегізілген қызылша қанты месқарындағы ашытуды қатты
үдететіндігін ескеріп, оның мал басына жегізілетін тәуліктік мөлшерін
бірнеше бөліп, бір бергендегі көлемін 5-6 кг-нан асырмай жегізеді. 1 кг
қант қызылшасында 0,24 а.ө., 14 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,5 г Р
болады. Азоттық тыңайтқыштар көп қолданылған жерде өсірілген қызылшада
нитраттардың да көп жиналатынын ескеру керек.
Картоп. Түйнек жемісті дақыл. Шырынды азық ретінде мал азығына
пайдалануға болады. 25-30% құрғақ затының 80% крахмалдан тұрады. 12%
көлеміндегі картоп протеині негізінен биологиялық құндылығы жоғары туберин
белогынан тұрады. Егіс көлемінің бірлігіне шаққандағы картоп өнімі
протеинді дәнді дақылдармен бірдей, ал энергияны олардан екі есе артық
өндіреді. Картоптың ортаникалық затын күйісті мал 85-87%, жылқы мен шошқа
90-93% қорытады. Картоп құрамында С витаминінің мол мөлшерімен қатар В1
және В2 витаминдері де болады.
Тазартылған картопты малға турап шикі түрінде немесе пісіріп бүтін
беруге болады. Пісірілген картоптың тез ашитындығын ескеріп малға сол арада
жегізу керек. 1 кг-да 0,3 а.ө., 12-16 г қорытылатын протеин, 0,14 г Са, 0,6
г Р болатын картопты тәулігіне сауын сиырға 10-15 кг, бордақылаудағы
мүйізді ірі қара малға 15-20 кг, жылқыға 56 кг, шошқаға 6-12 кг, қойға 12
кг жегізуге болады [2].
Картоптың өзінен немесе оған сабан, кебек қосып сүрлем дайындауға
болады. Картопты мал азығына жұмсағанда оның құрамында 10 мг%, ал қабығында
60 мг% көлемінде жиналатын улы сапонин глюкозидінің әсерінен сақтандыру
қажет. Сапонин әсіресе көгеріп, өнген картопта көптеп жиналады (картоптың
өнген көздерінде 700 мг% дейін жетеді). Көгеріп, өнген картоптың өнген
көздерін тазартып, буға бөктіріп, бөктірілген суын төгіп тастап барып малға
жегізеді.
Пісірілген картоптың тез қышқылданатындығын ескеріп, 56 сағатта малға
жегізіп тауысу керек. Шошқаға жегізілген шикі картоп қорытылуы 80-83%
болса, буға бөктірген картоптікі 88-90%, пісірілген картоптікі 94-96%
болады. Мал азығына жұмсағанда картоптың жануар майын нығыздайтын
(уплотнение жиров, сала) қасиетін ескеру керек. Бұл шошқа майының тағамдық
сапасын арттырады, ал сиыр сүтінен өндірілетін сары май дәмі мен
консистенциясын бұзып, сапасыздандырады.
Азыктық сәбіз. Азықтық сәбіздің сары және қызыл сорттарыңда 12-13%
негізінен қанттардан тұратын құрғақ зат болады. Каротин мөлшері 60-80 мгкг
болғандықтан сәбізді қыста мал азығындағы каротин көзі ретінде жұмсайды.
Осы қасиетіне байланысты ол тұқымдық малдың ұрық сапасы мен ұрықтандыру
қабілетін арттыратын азық болып есептелінеді. Сақтау барысында каротині
ыдырап, азаятындықтан (5-6 айда екі есеге жуық), ұзақ мерзім сақталатын
сәбізді ұсақтап, химиялық қосындылармен консервілеуге болады [2].
Жуылып тазартылған сәбізді салмағының 58% көлемінде тұздап барып, 30 см
сабан, 30 см шашағы мен жиналған сәбіз қабаттарын таптап сүрлемдеуге
болады. Мұндай сүрлемді сиыр басына 1-3 кг жегізеді. Каротинді азық ретінде
сәбізді барлық мал азығына қосуға болады. Ол сүттің, одан дайындалған
майдың дәмі мен түсіне, жұмыртқа сарысының, құс ұшасы терісінің боялуына
(сарғыштануына) оң ықпал етіп, олардың тауарлық түрін жақсартады. Азықтық
сәбіздің қызыл сорттарының 1 кг-да 0,15 а.ө., 9 г қорытылатын протеин, 35 г
қант, 0,9 г Са, 0,6 г Р болады.
Топинамбур. Химиялық құрамы мен энергетикалық куаттылығы жағынан картоп
тәріздес дақыл. Топинамбурды күздік азықтық дақылдар шабылғаннан кейін
сепсе, гектарына 1 кг-да 0,27 а.ө., 15 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,4
г Р бар 600-700 ц өнім береді. Топинамбурды тәулігіне сиыр басына 20-25 кг,
қой басына 4-5 кг жегізуге болады. Топинамбур нашар сақталатындықтан қыстың
басынанақ малға жегізіп тауысады. Болмаса оны күзде жинамай қыста жерде қар
астында қалдырып көктемде қазып алады. Көгі шабылған топинамбур өскен жерге
шошқа жаюға болады.
Турнепс. Тамыржемістілердің ішіндегі ең сулысы (91%) және жылдам
пісетіні. Күздік дақылдарды көк конвейерге шапқан жерге әсірсе, гектарына 1
кг-да 0,1 а.ө., 6 г қорытылатын протеин, 0,5 г Са, 0,4 г Р бар 600- 900 кг
тамыр өнімін береді. Турнепсті тәулігіне сиыр басына 20-25 кг, қой басына
4-5 кг жегізуге болады. Көп мөлшерде жегізсе, оның дәмінің сүтке
берілетінін ескереді. Нашар сақталатындықтан қыс басында малға жегізіп
тастайды.
Барлық тамыр-түйнек жемістілер ылғалдылығы жоғары болғандықтан,
сақтауға шыдамсыз, тез арада бұзылғыш келеді. Олардың бұзылғыштығы сақтауда
тамыр-түйнектердің тыныстануынан орын алатын ферментациялық өзгерістермен
байланысты. Сондықтан оларды сақтайтын жердің ауасының температурасы мен
ылғалдылығын төмендету арқылы шикізат тыныстануын тежеуге тырысады. Бірақ
турнепстің 1°С, қызылша мен сәбіздің 1,5°С үситінін ескеріп оларды сақтау
температурасын 0-2°С шамасында ұстайды. Температураның +3-4°С дейін
жоғарылауы тамыр-түйнектердің тыныстануы мен ылғалының булануын өсіріп,
көгеріп-өнуіне, тіпті шіруіне соқтырады. Ұсақ тамыр-түйнектермен
салыстырғанда сулы келетін ірі тамыр-түйнектер жылдам бұзылады. Сондықтан
оларды мал азғына алдымен жұмсайды [2].
Басқа шырынды азықтар. Тамыр-түйнек жемістілерден басқа шырынды
азықтарға азықтық асқабақ, азықтық қарбыз, азықтық әңгелек (кабачки) пен
азықтық қырыққабат (капуста) жатады.
Азықтық, асқабақ. Құрамында каротині мол (сары сорттарында 40-70
мгкг), 8% құрғақ затының жартысынан астамы малға жағымды да жұғымды
азотсыз экстрактивті заттардан тұратын шырынды азық. Ортаникалық заты 70-
75% қорытылады. Малға шикі түрінде турап жеке немесе басқа азықтармен
араластырып береді. 1 кг-да 0,14 а.ө., 10 г қорытылатын протеин болатын
асқабақты тәулігіне сиырға 8-10 кг, танаторпаққа 56 кг жегізуге болады.
Сиырға 12 кг-нан астам жегізілген асқабақ сүт дәміне шығады. Шошқа мен
құсқа әсіресе каротинге бай асқабақтың сары сорттары пайдалы. Асқабақты
олардың азығына арнайы салынатын құрама сүрлемнің көмірсулық және
витаминдік қоректілігін жоғарылату үшін шартты түрде қосады. Басқа құрғақ
жемшөптің (сабанның) 1 бөлігіне асқабақтың 23 бөлігін қосып сүрлемдейді.
Азытық қырыққабат (капуста). Құрамывда 50-70 мгкг каротин және 5 мгкг
В2 витамині, С витамині болатын шырынды азық.
Тамыр-түйнек жемістілер бастаған осы шырынды азықтарға химиялық құрамы
және қоректілігі жағынан бақшалық өнімдер (шырынды жемістер) жақын. Олардан
мал азығына азықтық қарбыз, әңгелектер жұмсалады.
Азықтық қарбыз. Азықтық қарбыз құрамындағы 5-8% құрғақ заты 0,9-1,2%
протеиннен, 0,2-0,7% майдан, 1,6-2,2% жасунықтан, 3,3-4,2% азотсыз
экстрактивті заттардан, 0,4-0,6% күлден тұрады. Ортаникалық заты 70-80%
қорытылады. 1 кг-да 0,09 а.ө., 6 г қорытылатын протеин болатын азықтық
қарбызды мүйізді ірі қара мал азығына күзде ұсақтап басқа азықтармен
араластырылып береді. Құрамында жеңіл еритін қанттар көп болғандықтан,
құрама сүрлем дайындауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz