Республикалық бюджет деңгейіндегі ақша қаражаттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
-------------------3

І-бөлім. Республикалық және жергілікті бюджеттің ақша қаражаттарының мәні
1.1 Мемлекеттік мекемелер ақша қаражаттарының мәні-------------------------
-5
1.2 Бюджет ақшасын басқару тәртiбi---------------------------- --------------
---------8
1.3 Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру
тәртiбi---------------------------- -----------------------------------------
-------------------10
1.4 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелер ақша қаражаттарының
жағдайы---------------------------- ----------------------------------1 1
1.5 Ақша қаражаттарымен есеп айырысу нысандары-------------------------- ---
13

ІІ-бөлім. Республикалық және жергілікті бюджеттің ақша қаражаттарының есебі
2.1 Бюджет бойынша ашылған лимиттер шоты------------------------------- -----
-16
2.2 Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарды
қаржыландырудың тәртібі---------------------------- -------------------------
----------19
2.3 Басқа да ақшалай қаражаттар шоты------------------------------- -------
------22
2.4 Республикалық бюджет деңгейіндегі ақша қаражаттары---------------------
23

Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------27
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
---------29
Қосымшалар------------------------- ----------------------------------- ------
----------30-33

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін республикалық бюджет
шығыстарының кестесіне сәйкес, сондай-ақ қолда бар қаржылық ресурстардың
шегінде ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылғы 18
қыркүйектегі N 239 "Қаржылық жоспарды жасау және қолма-қол ақшаның ағысын
болжау жөніндегі" Нұсқаулығында айқындалған және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 130 бұйрығымен енгізілген
өзгерістердің тәртібімен ұйымдарға қазынашылық рұқсаттар береді.
Республикалық бюджет бойынша шығыстарға арналған қазынашылық
рұқсаттарды ұйымдарға беру Бірыңғай қазынашылық шоттағы бос қаражаттардың
қалдығын және пайдаланылмаған лимиттердің қалдығын ескере отырып
жүргізіледі.
Қазынашылық – мемлекеттік бюджеттің кассалық қызметтерін атқаратын
арнаулы қаржы органы. Ол Қаржы министрлігінің құрамында құрылады немесе
оның құрамына кіреді. Қаржы қызметіне мемлекеттік бюджеттің жобасын жасау
және оның орындалуын ұйымдастыру, мемлекеттік борышты басқару, сондай – ақ,
мемлекеттік бағалы қағаздар шығару жатады. Қаржы салықтардың, алымдардың,
баж салығының, бюджетке түсетін басқа да төлемдердің жиналуын қадағалайды,
бюджеттік несиелерді ашады, бюджетте көзделген шығыстарға қаражат бөледі.
Бірқатар елдерде қағаз ақша шығарумен де айналасады. АҚШ-та Қазынашылық-
Қаржы министрлігінің басқармасы, Ұлыбританияда дербес мекеме, Ресейде
федералдық құрылым. Қазақстанда Қазынашылық Қаржы министрлігінің құрамында.
Қазынашылықтың басты міндеті – республикалық бюджеттің құрылуын
ұйымдастыру, атқарылуын бақылау, осы бюджеттің кірістері мен шығыстарын
қадағалау.
Бухгалтерлік есеп мемлекеттік мекемелердің қаражаттарының құрамындағы
және оларды жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шарушылық
процестерін және олардың нәтижесін толық және кезінде көрсетуге арналған.
Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың
объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды
пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын, әсіресе
бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Зертеу жұмысының өзектілігі. Республикалық және жергілікті бюджеттердің
қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі
нұсқаулықтың Ақшалай қаржылар бөлімінің шоттарында мелекеттік мекемелер,
яғни бюджеттік ұйымдар:
- Республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен
ұсталатын бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық бойынша іздену;
- бюджеттік және бюджеттен тыс шоттардағы;
- кассадағы қаржылардың;
- өзге да ақшалай құжаттардың қозғалысын есептей отырып, зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
- мемлекеттік мекемелердегі ақша қаражаттарының қозғалысын зерттеу;
- бюджеттік ұйымдардағы ақша қаражаттарының атқарылуына тоқталу;
- бюджет бойынша ашылған лимиттер шоттарын;
- жергілікті бюджеттер бойынша лимиттер шотын;
- бюджеттен тыс валюта шоттарын;
- мемлекеттік мекемелердегі касса шоттарын;
- бюджеттік ұйымдардағы басқа да ақшалай қаражаттар шотын қарастыру
болып табылады.
І-бөлім. Республикалық және жергілікті бюджеттің ақша қаражаттарының мәні
1.1 Мемлекеттік мекемелер ақша қаражаттарының мәні
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін
елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика
мен социумдағы сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік
сектордьң өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен
байланыстыру.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның
кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды
мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін
қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта
бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке
кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы
ақша қатынастарының субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары
көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып
табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономисі — Вагнердің заңы —
"Өспелі мемлекеттік белсендік заңы "ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес
өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне
қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін
үш фактормен байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен
және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және
ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың
қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті
қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар
акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете
алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар
бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға
төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет
белсенділікті күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір -
шектеулілігін және экономикалық процестерді мемлекетгік реттеудің
қажеттігін дәлелдейді.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық
сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын
құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн, бұл:
1) орналастыру;
2) қайта бөлгіштік;
3) тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және
қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін
еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін
ресурстарды бөлуі және орналастыруы кажет екендігінде көрінеді. Мәселе
шектеулі экономикалық ресурстарды "жекеше" және "қоғамдық" тауарлар
арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып
отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен
қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктік тауарларды өндірудің мүмкіндіктері
шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып
көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық құралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар
арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға
үдемелі салық салумен үштастыратын салықтық-трансферттік тәсім арқылы;
2) баламалы түрдегі бөлініс жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын
үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын үдемелі
салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа
тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып
алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе
өндірушілердің таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін
ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық-
трансфертгік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік
тандауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем
балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға,
бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз
етуге сияды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық
салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып,
мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды.
Мемлекет мекемемелері қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес:
олардың құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы
өзгеше функцияларды орындайды. Мемлекеттің қаржысы республикалық және
жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етедІ және мемлекеттік бюджетті, бюджет-
тен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық
кәсіпорындар мен ұйьмдардың қаржыларын қамтиды. Аталған буындардың түрлі
функционалдық арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік,
саяси процестердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды
шешуге ықпал етеді.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді.
Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің қаражаттары;
2) мемлекеттің алтын-валюта қаражатттары;
3) мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі (жер, оның қойнауы,
өсімдік және жануарлар әлемі, басқа табиғи ресурстар);
4) республикалық меншікке жататын бөлектелмеген мүлік иесі талап
ететін иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану қүқығы бойынша мемлекетке
берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке — қазынаға
өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды қамтиды:
1) жергілікті бюджеттің қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын бөлектенбеген мүлік Меншікті
пайдаланудың ұқсас сан алуан нысандары мемлекетке икемді және атаулы
экономикалық және қаржы саясатын жүргізуге, экономикалық және әлеуметтік
процестерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ықпал етудің қаржы
механизмін белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге үкіметтң
экономикалық функцияларын орындаудың қоғамның өмір сүруінің әр кезінде оның
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың негіздері ретінде мемлекеттің
қаржы категориясының рөлі мен маңызы білінеді.
1.2 Бюджет ақшасын басқару тәртiбi
     Бюджет ақшасын басқаруды бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi
орган жүзеге асырады. Төлемдi уақтылы және толық жүргiзудi қамтамасыз ету
үшiн бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган қолма-қол ақша көлемiн
болжамдау жјне бюджет ақшасын тиiмдi басқару мақсатында бюджетке тїсетiн
түсiмдер көлемiн және жоспарлы кезеңге арналған шығыстарды күтiлетiн
орындауды анықтау жөнiндегi шешiмдi әзiрлеу болып табылатын қолма-қол ақша
ағымына болжам жасайды. Болжам Бюджет кодексiне сәйкес мынадай деректер
негiзiнде жасалады:
- тиiстi қаржы жылына арналєан бекiтiлген немесе нақтыланєан бюджет;
- түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары;
- тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасының бақылау шотындаєы қаражат қалдықтары
туралы;
- ағымдағы жылдың өткен айларының түсiмдер серпiнiн (төлеу мерзiмдерiн)
және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңiндегi тїсiмдерге салыстырмалы талдау
жүргiзудi есепке ала отырып тиiстi бюджеттерге тїсетiн ақшаның күтiлетiн
көлемi;
- төлемдер бойынша қаржыландыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңiнде
бюджеттiк бағдарламалардың (кiшi баєдарламалардың) iске асырылуын
салыстырмалы талдау жүргiзу жоспарларына сәйкес бюджеттiк бағдарламаларды
(кiшi баєдарламаларды) iске асыру.
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттiк
органдармен бiрлесiп:
- бюджетке түсетiн ақшаның күтiлетiн көлемiн ай сайын нақтылайды;
- ағымдағы жылдың аяғында келесi айда жүргiзiлетiн төлемдер көлемiн
нақтылайды.
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган:
      бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының
мониторингiн жїргізедi;
      бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы
қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
      уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
Бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган болжам, қолма-қол ақшаны
бақылау шотындаєы ақша қалдыєының негiзiнде алдағы айға күтiлетiн орындауға
талдау жүргiзедi және болжамды кезеңінiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау
шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды.
      Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша кезең соңына тиiстi бюджеттiң
қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, терiс те сальдо болжамдала алады.
1.3 Уақытша бос бюджет ақшасын салымдарға (депозиттерге) орналастыру
тәртiбi
      Республикалық және облыстық бюджеттердi, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың бюджеттерiн атқару жөнiндегi уәкiлеттi органдар ҚР ҰБ-
ның салымдарына (депозиттерiне) (бұдан әрi - ҚР ҰБ-дағы салымдар)
орналастыру їшiн уақытша бос бюджет ақшасының көлемiн анықтайды.
      Республикалық және облыстық бюджеттердiң, Астана және Алматы қалалары
бюджеттерiнiң уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру
оларды оңтайлы пайдалану және тиiстi бюджетке кiрiс түсiру мақсатында
жүзеге асырылады.
      Орналастыру және қайтару бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге
асыру кезiнде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы бас келiсiм негiзiнде
жүзеге асырылады.
      Уаќытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшiн
бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi бюджеттi
атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган арасында Уақытша бос бюджет ақшасын
аударуға арналған бас келiсiм (бұдан әрi - Келiсiм) жасалады.
      Келiсiм нысанын, оған қосымшаны бюджеттi атқару жөнiндегi орталық
уәкiлеттi орган белгілейдi.
      Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару)
жөнiндегi әрбiр операция мәмiле паспортымен ресiмделедi, ол салымды
орналастыру жөнiндегi барлық деректердi қамтуы тиiс: сомасы, орналастыру
мерзiмi, орналастыруды бастау және аяқтау күнi, сыйақы ставкасы, сыйақы
сомасы, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасы, салымды
мерзiмiнен бұрын талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы ставкасы. Сыйақы
ставкасын ҚР ҰБ белгiлейдi.
      Республикалық бюджеттiң уақытша бос ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшiн
бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган мәмiле паспортының
негiзiнде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн
нысан бойынша қорытынды және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкiлеттi
тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресiмделген төлем құжатын
дайындайды.
      ҚР ҰБ салымдарына орналастырылған республикалық бюджеттiң уақытша бос
ақшасы бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бюджеттi
атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгiлейтiн нысан бойынша
талдамалы есеп жїргiзедi.

1.4 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелер ақша қаражаттарының
жағдайы
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес.
Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінін арасында алдыңгы
орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы
оның рөлі айқындаушы болып табылады. Қаржы жүйесінде мұндай элемент (сфера)
болып бірінші кезекте мемлекеггік бюджетаен көрінетін метекеттіқ қар-жысы
болып саналады.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
қаржысы қаржылардың негізін қалайды, материал-дық өндірісте нақтылы өнім —
коғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатывдықтан ол қаржы
жүйесінің бастапқы сфе-расы болып табылады.
Халықтың (уй шаруашылығының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше болігі
болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақша қаражаттарымен
жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарынын
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес
сфераларымен қарым-қатынас жасайды.
Каржы қатыиастарының буындарына тән болып келетін тиісті
ортапықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы
жүйесінің екінші бөлігін қүрайды.
Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және
мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, амортизация,
айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын
қамтиды. Бір қорлар едәуір дәрежеде, біреулері аз дәрежеде
орталықтандырылған, бір қорлар үнемі жұмсалынады (тұтыну қоры), басқалары
уақытша сақталынады (резервтік капитал), үшіншісі қорланады (амортизациялық
аударымдар).
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы-кредит жүйесінің жалтылама ұғымы да
бар, оған каржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ, кредит жүйесі де
қамтылады. Қаржы-кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс
сферасында қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес сфераға
жатқанымен өндірістік емес сферада несие қатынастары шектелінген.
Өзінің ортақ кағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржы қатынастарын
ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада
қаржы құрамы туралы айтуға болады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы — бұл қаржы қатынастарының әр түрлі
сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша
қорлары құрылып, пайдаланылады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл
экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара
тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесінің құрамын
құрайды. Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге
асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы
жүйесінен ажырата білген жөн.
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы, жоғарыда атап өтілгендей,
қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады:
▪ мемлекеттік бюджет жүйесі;
▪ арнаулы бюджеттен тыс қорлар;
▪ мемлекеттік кредит;
▪ жергілікті қаржы;
▪ шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы;
▪ халықтың қаржысы.
Қаржы қатынастарының алғашқы үш бөлігі жалпы мемлекеттік, яғни
орталықтандырылған қаржыларға жатады және макродеңгейдегі экономика мен
әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

4. Ақша қаражаттарымен есеп айырысу нысандары

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,
келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы
көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем акшасыз тәртіпте орындалуы
керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-
тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және занды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары — бұл банк мен клиентгер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
олерация түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол
сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататың
субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын
және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын окшаулап сақтау үшін және
тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінін әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы каражатты есептен шығаруға
соттың мемлекетгік салық кызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
зандарда көзделген баска жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан тәлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді:
➢ Қолма-қол ақшаны аударуды;
➢ төлем тапсырманы ұсынуды;
➢ чектерді беруді;
➢ вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді;
➢ төлем карточкасын пайдалануды;
➢ тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды;
➢ тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды;
➢ инкассалық жарлығың ұсынуды республиканың заң актілерімен
белгіленген басқа да әдістерің пайдаланады.
➢ Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары:
➢ төлем тапсырма;
➢ чек- вексель-тапсырма-талап төлемдері;
➢ кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары
болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт
негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

ІІ-бөлім. Республикалық және жергілікті бюджеттің ақша қаражаттарының есебі
2.1 Бюджет бойынша ашылған лимиттер шоты

09 Бұл бөлімнің шоттарында бюджеттік ұйымдар бюджеттік бюджеттен тыс
шоттардағы, кассадағы қаржылардың, сондай-ақ өзге ақшалай құжаттардың
қозғалысын есептейді.
09 "Бюджет бойынша ашылған лимиттер" шоты
110 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық
департаменті Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін
республикалық бюджет шығыстарының кескіне сәйкес, сондай-ақ қолда бар
қаржылық ресурстардың шегінде ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің 1995 жылғы 18 қыркүйектегі N 239 "Қаржылық жоспарды жасау
және қолма-қол ақшаның ағысын болжау жөніндегі" нұқаулығында айқындалған
және Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N
130 бұйрығын енгізілген өзгерістердің тәртібімен ұйымдарға қазынашық
рұқсаттар береді.
Республикалық бюджет бойынша шығыстарға арналған қазынашылылық
рұқсаттарды ұйымдарға беру Бірыңғай қазынашылық қаражаттағы бос
қаражаттардың қалдығын және пайдаланылмаған лимиттердің қалдығын ескере
отырып жургізіледі.
111. Қазынашылық ұйымдарында министрліктің 2-үлгідегі шешімнің және
төменде тұрған бюджеттік қаржыларды басқарушының 2-үлгідегі шешімінің
негізінде ұйымдардың шығыстарға және орталықтандырылған шараларға бір
бюджеттік шот ашылады.
112. Бюджеттік шоттардан шығыс операцияларын жүзеге асыратын қаржылық
жыл үшін ашылған, лимиттердің шегінде ресурстардың экономикалық сыныпталу
ерекшеліктері бойынша органдары жүргізеді.
Республикалық бюджеттің қаржыларын пайдалану қатаң арнаулы мақсат
бойынша жүзеге асырылады.
113.09 Бюджет бойынша ашылған лимиттер" шоты бойынша қалдықтардың
бюджеттік шоты бойынша лимиттердің сәйкес келуі керек.
09 шоты бойынша бухгалтерлік жазбалардың салыстыру үшін бюджеттік ұйым
айдың соңғы күні үшін және қазынашылық органдарының келісімі бойынша
мерзімінде бет шоттың және н. 044-а көшірмесін алады.
114.Ұйымдардың бюджеттік шоттарындағы қаржш қозғалысы жөніндегі
операциялардың есебі н.381 жиная домосында (2-мемориалдық ордер)
жүргізіледі. Жазулар тұлғалық шоттардан алынған көшірмелердің және оларға
қоса тең құжаттардың негізінде жазылады.
Алынған қаржылардың талдау есебін орталықтандырғын галтерияларда
бағдарламаларға және ішкі бағдарламаларға бөлініп н.294-а талдау есеп
карточкаларында жүргізіледі. "Алынғаны барлығы" бағаны бойынша карточкаға
алынған лимиі жалпы сомасы, "Оның ішінде ерекшеліктер бойынша" бағандарында
шығыстардың экономикалық сыныпталуының ерептері бойынша рүқсат етілген
лимиттердің сомасы жай қорытындылар ай сайын және жыл басынан есептеледі.
Шығыстардың сметаларын орындау есебін дербес және орталықтандырылған
бухгалтерияларда жүзеге асыратын бюджеттік ұйымдарда бір үлгідегі ұйымдар
бойынша шығыстардың сметаларын жасаған кезде, ашық лимиттердің, кассалық;
жүзіндегі шығыстардың талдау есебі лимиттерді (қаржыландыруларды) және
н.294 шығыстарды есептеу кітабында бағдарламалар, ішкі бағдарламалар және
бюджеттік сыныптаудың ерекшелік тері бойынша жүргізіледі.
1
Бұл ретте "Үзінді көшірме күні" бағаны бойынша рұқсаттардың реттік
нөмірі және бюджеттік ұйымның шотынан жасалған үзінді көшірменің күні,
мемориалдық ордерді қолданған кезде — мемориалдық ордердің күні мен нөмірі
жазылады. 4 "Ашылған лимиттер" бағаны бойынша алынған лимиттер (1,2,2а,2-б-
нысаңдары), 5-бағаны бойынша кассалық шығыстардың орнын толтыруға түскен
сомалары, 6 "Жабылған лимиттер" (қаржыландырудың кемітілуі) бағаны бойынша
жабылған лимиттердің сомалары, 7 "Кассалық шығыстың бағаны бойынша —
ұйымдардың бюджеттік шоттардан түскен шығыстары, 8 баған бойынша
лимиттердің қалдығы, 9 бағаны бойынша — бюджеттік ұйымдардың жасаған
нақтылы шоттары көрсетіледі.

115. 09 "Бюджет бойынша ашылған лимиттер" шоты мынадай қосалқы
шоттарға бөлінеді:
090 "Ведомостволық ұйымдарға аудару және басқа шаралар үшін ұйымдардың
жұмсауына арналған ашық лимиттер;
091 "Жол үстіндегі ашық лимиттер";
093 "Күрделі салымдарға арналған ашық лимиттер";
094 Өзара берешектерді өтеу туралы келісім бойьшша лимиттер;
095 Қайтарып алынған (төлеттірілген) мақсатсыз пайдаланылған
қаржылардың лимиттері;
096 "Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер".
Бұл косалқы шоттардың дебетінде бөлінген лимиттердің сомалар, сондай-ақ
кассалық шығыстарды қалпына келтіруге арналған сомалар, ал кредитінде
арнаулы мақсат бойынша бюджеттік сыныптау кодтарына сәйкес жұмсалтан
қаржылар, қайтарылған (төлеттірілген) сомалар көрсетіледі.
Ашық лимиттердің сомаларында лимиттерді басқарушылар 10
091,093,094,095,096 қосалқы шоттарының дебетіне және 23 немесе 14 шоттардың
тиісті қосалқы шоттарының кредитіне жазулар жазады. Кассалық шығыстарды
қалпына келтіруге түскен сомалар 090,093,094,095,096 қосалқы шоттардың
дебетіне және 120, 160 және басқа шоттардың тиісті қосалқы шоттарының
кредитіне жазылады. Чектер мен төлем амантаттары бойынша сомалар
090,093,094,095,096 қосалқы шоттардың кредитіне және 1.12,15 және басқа
шоттардың тиісті қосалқы шоттарының дебетіне жазылады.
116. 090 "Ведомостволық ұйымдарға аудару және басқа шаралар үшін
ұйымдардың жұмсауына арналған ашық лимиттер" қосалқы шотында аппаратты
ұстауға, ведомостволық ұйымдарға аудараруға және ұйымның басқа да
шараларына арналған ашық лимиттердің сомалар есептеледі.
117. 091 "Жол үстіндегі ашық лимиттер" қосалқы шотында лимиттердің
бас басқарушысы бөлген, бірақ төмендегі лимиттерді басқарушылар келесі айда
алған лимиттер есептеледі. Аталған Қосалқы шот республикалық және
жергілікті бюджеттерде ұсталатын ұйымдардыңесебінде қолданылады.
118. 093 Күрделі салымдарға арналған ашық лимиттер" қосалқы шотында
шығыстарды экономикалық сыныптаудың 420 бөлінген капиталды құру"
санаптамасы бойынша бюджеттен бөлінген күрделі салымдарды қаржыландыруға
арналған бюджеттік қаражаттың түсуі және жұмсалуы есептеледі.
119. 094 Өзара берешектерді өтеу туралы келісім бойынша лимиттер
қосалқы шотында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес
борыштарды өзара есептемелеу тәртібімен жүргізілген сомалар көрсетіледі.
120. 095 Қайтарып алынған (төлеттірілген) мақсатсыз пайдаланылған
қаржылардың лимиттері" қосалқы шотында арнаулы мақсатта пайдаланылмаған,
бюджетке қайтарып алынған (төлеттірілген) қаржылардың нәтижелері
көрсетіледі.

2.2 Жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдарды
қаржыландырудың тәртібі
121. Бұл шотта жергілікті бюджеттердің қаражаты ең ұсталатын бюджеттік
ұйымдарға бөлінген лимиттердің қозғалысы есептеледі.
Жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің ақшалай кірістері
Мемлекеттің қаржылық жүйесі және қаржылық қызметі
Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі
Ресейдің қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесі және бюджеттік қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қаржы салсындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні туралы ақпарат
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі
Пәндер