Тауарлардың айналымға қабілеттілігі
ЖОСПАР
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 2
1 АҚША АҒЫМДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2 Ресурстар, тауарлар ағымдары және олардың балансын қамтамасыз
етудегі мемлекеттік рөлі
2.1 Тауар өндірісінің қолдану
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 "Тауар" ұғымының қарапайым және ғылыми мәні...17
2.3 Тауарларды көтермелеп сату формалары және оларды қолдану
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...21
2.4 Тауарлардың айналымға
қабілеттілігі ... ... ... ... ... .. ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Ақша-дегенiмiз тауарлардың тауары. Халықаралық эканомикалық
қатнастарда есеп айырысу әр елдiң ұлттйқ валютасы, түрiнде кездеседi. Ақша
жалпыға бiрдей эквивалент ерекше тауар, онда барлық басқа тауарлардың құны
бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменен тауар өндiрушiлер
арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үдiксiз жасала бередi.
Ақша өндiру мен бөлу процесiнде белгiлi бiр адамдар арасындағы
болатын қарым қатынасты көрсететiн тарихи даму үстiндегi эканомикалық
категория болып табылады. Ақша саясаты орталық банктiң жиынтық сұранысты
реттеу мақсатында ақшамен несие айналымына, жоспарлы түрде ықпал ету үшiн
қабылданған өзара байланысты шаралардың кешенi фискальдық саясат дегенiмiз
– мемлекеттiк шығындар мен салықтарға жоспарлы ықпал ету ақылы жиынтық
сұранысты реттеу. Ақша саясатының көмегiмен инфляцияға қарсы тиiмдi
күресуге, сонымен қатар ақша құлдырауын тежеуге болады.
Нарықтық қатынастар ретiнде ақша нарығында белгiлi бiр пропорциялар
болады. Олардың iшiндегi ең бастысы ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың
теңдiгi. Ақшаға сұранысты арнайы iспен қарастырғысы келетiн, бiрақ қолында
жетерлiктей қаржысы жоқ адамдар жасайды. Ақшаға ұсынысты ақша қаражаттарын
сақтайтын және қажет еткен адамдарға беретiн банк мекемелерi жасайды.
Ақшаның өмір сүруіндегі обьективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір – бірінен бөлінбейді.
Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1516 ж.) утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томос Мор өзеннің “Жаңа утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап” деген еңбегінде: “Алдау, ұрлау, тонау... кісі
өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл
жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай,
олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді.
Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен
туған кедейліктің өзі де жойылар еді.”
Ол аздай Т. Мор тағы былай деді: “Қай жерде болсын барлық нәрсені
ақша өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемлекеттік істердің табысты
және дұрыс ағысының болуы мүмкін емес”.
XIX ғ. Социолог утопистері – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар
ақшаға теріс көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны
жоюдың жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан ревалюциясынан (1917) кейін,
азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны
жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда
бола бастады.
Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнімдерін өнеркәсіп өнімдеріне тікелей
айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды.
С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері – тредаларды, ал ағылшын
эканомисті Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайдалануды
ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (коммунизмде) болуымыз мүмкін немесе
ең төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша
дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және
бола береді.
1 АҚША АҒЫМДАРЫ
Ақша тауардан дами отырып, тауар болып қала береді, бірақ тауар
ерекше жалпылама эквивалент.
Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр
экономикалық қарым қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi
экономикалық категория болып табылады. Эканомикалық категория ретiнде
ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады.
Жалпыға тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн
көрсетедi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тiк
қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi .
Кәсiпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып
алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процестерiнiң жүруiмен байланысты,
жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр
кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды
тiкелей өткiзуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу
мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк
емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктiң несиелiк ресурстарды басқа
банктерге сатуы және т.б.
Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi тауарды өндiругежұмсалған еңбектiң
олардың ақша көмегiмен өлшенуi мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ғалым – эканомисттердiң арасында алтынның ақшалай тауар ретiндегi
ролi туралы әр түрлi көзқарас бар. Бiреулер алтынның демонетизациялануы
аяқталып, ол жалпыға бiрдей эквивалент және ақша қызметтерiн атқару ролiн
орындауды толығымен тоқтатты дейдi. Құнның ақшалай формасынан жалпылама
немесе жайылыңқы формасына қайтып келдi. Несие ақшалар жалпыға бiрдей
эквивалент ретiнде жүрдi. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерiн атқару
жалғастыруда дейдi екiншi бiреулер. Ал, ендi үшiншi бiреулер, алтынның
жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бiрдей эквивалент
ролiн орындаушы, ерекше тауар ретiндегi өзiнiң қасиеттерiн сақтап қалды
дейдi. Жекелеген елдердiң iшiнде алтын айналысы жоқ. Төлем, айналыс және
қорлану құралы болып, алтын белгiлерi – (қағаздай белгiлерi)
қағаз және несие ақшалар қызмет атқарады. Бiрақ та алтын дүниежүзiлiк ақша
болып қалып отыр десек, онда ол жалпыға бiрдей эквиваленттi бiлдiредi.
Ақша құн өлшемi ретiнде. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi
жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi
қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң
жекеқұны бар тауар ғана, құн өлшемi бола алады. Мұндай тауар болып
өндiруiне қоғамдық еңбек жұмсалған,құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл
қызметтi толық құнды ақшалар атқарады.Ақша еңбек өлшемi – ол жұмыс уақытын
емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды
өткiзудегi делдал болып табылады.
Тауарлар бiр қолдан екiншi ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға
дейiн ақша үздiксiз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi
сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай
келмейдi. Сатушы, тауарын сатқаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сатуы, ал басқа нарыққа сатуы
мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара
сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алупроцусiне қызмет етедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты.
Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғалысымен бiр уақытта тоғысуы
тиiс емес.Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өткiзу процесiн еркiн
аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш журуi
мумкiн.

Ақшалар ешқашанда алтынға ауыстырылмаған. Бірақ кейбір жағдайларда
мемлекет айналысқа шығарылған қағаз ақшаларды толық номиналдық бағасы
бойынша алтынға ауыстырған кездері болған.
Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз эканомикаға
тән нәрсе.
Сөйтiп, ақшалар ертеден адамзаттың пайда болуымен қатар өмiр сүрiп
келедi десе болады. Ғасырлар бойы ақша өзгерiп отырған жне бүгiнде олардың
жағдайы аяқталған, соңғы фраза болып табыламайды.
Тауар айналысының тарихи дамуы процесiнде жалпыға бiрдей эквивалент
формасында әр алуан тауарлар болған: мал, терi, бақалшақ, метал бұйымдары
және т.б. Мұның барлығы тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына
негiзделген ақша қажеттiгiнiң себептерiн түсiндiредi.
Эканомикалық категория ретiнде ақшалар өндiрiс және бөлу процесiнде
адамдар арасындағы зканомикалық қатынастарды бейнелейдi. Бұл жерде ақша бес
турлi қызмет атқарады: құн өлшемi, айналыс құралы, төлем құралы, қазына
жинау, және қорлану құралы, дүниежүзiлiк ақшалар.
Ақшаның өзiнде, сондай- ақ олардыңқызметтерiнде жылдар бойы
өзгерiстер болды. Егерде бұрындары сатып алу- сату процесi жалпыға бiрдей
эквивалентпен алтынмен жүргiзiлсе, бұл күндерi қағаз және несие ақшалармен
жузеге асуда.
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады.
Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам
еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын
тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның
пайда болуындағы объективті алғышарт-тарды құрайды. Бірақ кез келген зат
тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып
алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға
кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес,
өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну
құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас
құны ретінде көрінеді. "Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және
олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша".
Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның
құны жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауарлар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір-бірін табады және өзара бір-
біріне ауысады.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір
тауарға кездейсок айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе
кездейсоқ формалары қолданылады (1 балта = 5 құмыра, 1 қой = 1 қап бвдай
және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысьшда кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы
тауар массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардын бөлініп
шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды
етке, майға, жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды. Тауар өндірісінін
есуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар - барлық басқа
тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан
келіп, құнның толық немесе кең келемдегі формасынан жалпы құндық формасына
жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық бекітілмеген
еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір тауарлар көптеп
атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды.Тауар айналысының тарихи
эволюциялық даму процесінде жалпы құндық эквивалент немесе ресімделінбеген
ақша формасын, әр түрлі тауарлар қабылдады. Әрбір тауарлы-шаруашылық уклад
өз эквивалентін алға тартады. Бір халықтың езінде әр түрлі уақыттарда және
әр түрлі халықтарда бір мезгілде әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен,
бірінші, ірі еңбек бөлшісінің нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен
мал (ірі қара) айырбас құралына айналды. Олардьщ белгілі түрлері табиғи-
климаттық жағдайларға байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды.
Шалғынды аудандарда - жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда -
түйе; тундрада - бұғы жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды
жалпы эквивалент ретінде пайдаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі
қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда,
поэзияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында
өгізді қүн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда
металдан жасалынған ақшаларда "өгіз" деген атау ойып өрнектелініп жазылып
жүрді. Латынның сөзі "пекуния" (ақша) "пекус" ("мал") сөзінен шыққан,
"Рупа" ("мал") сөзі үнділердің ақшабірлігінің атауы "рупия" негізінде
жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін де "мал"
деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж. былай деген "біздің жинаған
малдарымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18
гривенен тұрады". Ол кездегі қазынашы "малшы", қазына, қазына жинау орны -
"мал ұстайтын орын" деп аталынды."Капитал" сөзінің шығуы да малменен
байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін
білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетгі.Солтүстік халықтары ең
бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар
көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында құстардың, аңдардың
жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.). Құс жүндері Солтүстік Сібір
халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халықтарында жалпы құндық
эквивалент ретінде қолданылды. Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир
аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі Русьтардың арабтармен,
хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы барысында жүн ең басты
құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып
саналды. 1610 жылы жаулап алынан орыстардың әскери кассасында 5450 руб.
күміс пен 7000 руб. жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б.
Көлемі түймедей ақшыл-кызғылт бақалшак Кари көптеп таралды. Безендірулер
түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда,
Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралдарына алғашқы
акшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бакалшақ
ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет кескінін көрсете өрнектеліп,
былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшактарды Солтүстік Американың Тынық
мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және Соломон
аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып
табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай
өзгеріске ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон
аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде
бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны - қара түсті (курила), ақ түсті (галиа),
аса кымбат - қызыл түсті (ронго) пайдаланылды. Әлемде әр түрлі
"экзотикалык," ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яваралында
осы күнге дейін феи ақша айналысында кызмет етеді. Олардың формасы
дөңгелекше тае түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай
"монеталардың" диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді.
Сауда мәмілесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін
өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір кұлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушілердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік міне-здемелері бар эквиваленттер
пайда болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері - зәйтүн майы, күріш, кофе,
какао, құйма түріндегі тұздар, т.б. Жалпы эквивалент ретінде металдар да
пайдалана бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш,
қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланылды. Рим императоры
Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылшын корольдары мырыш ақшаларды
құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс акша ретінде пайдаланылды. ХҮІІ ғасыр
Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге корғасын
дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар - біркелкі, төзімді,
үсакталынады, және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің
салмақтық жүйесі нақтылана түсті.Кейін келе металдардың арасында басты роль
алтын мен күміске өте бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса
қажетті сапаға ие.Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден
ығыстырып шығарып тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар
формасын сақтап келді. Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б.
формаларда ұзақ уақыт бойына сакталынды. Грек ақшасының атауы "драхма" "бір
уыс шеге" деген мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан
түрлерінде айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік
түрінде пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген кұймалар пайда бола
бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт
стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен
аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін
келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра
бастады.
Монеталардың пайда болуы - ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы еңбекке байланысты. Тауар
өндірушінің тауарға сіңірген еңбегінің екі жақты сипаты бар. Бірінші
жағынан, ол нақты (тұтыну құнын жасаушы) түрінде көрінсе, екінші жағынан
абстракты еңбек (құн жасаушы) түрінде көрінеді. Нақты еңбек падамның жұмыс
күшін ерекше бір тиімді жұмсау. Ол тұтыну құнын жасайды. Нақты еңбектің
әрбір түрі өз мақсатымен, белгілі бір өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы
материалды пайдаланумен, қызметкерлердің белгілі бір дәрежедегі
ептілігімен,и тапқырлығымен, шеберлігімен, адамның өнімді өндіру процесінде
атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзіндік өндірістік қызметінің
түпкі нәтижесімен сипатталады. Нақты еңбек тұтыну құнының бірден-бір көзі
бола отырып, құнның негізі бола алмайды. Таурлардың құнын жасайтын
абстракты еңбек. Абстракты еңбек – физиологиялық мағынада адам күшін
жұмсау. Біз ілгері атап өткенедей, құн дегеніміз тауарға сіңген абстракты
еңбек. Олай болса құн мөлшері тауар өндірушінің жұмсаған жұмыс уақытының
санымен анықталады. Сонымен тауардың құнының мөлшері оны өндіруге жұмсалған
қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен анықталады. Ақша дегеніміз тауарлардың
тауары, оның өз бойында жасырын түрде барлық басқа тауарлар болады, егер
керек болса, қызығарлық және тілеген заттың қандайында болса да айнала
алатын сиқырлы құрал. Құнның ақшалай нысанының бекуімен байланысты баға
пайда болады. Баға құннің ақшалай көрінісі. Оның құннан жоғары да, төменде,
тең де болуы мүмкін. Бұл өз алдына талдауды талап етеді. табиғат өздігінен
ақшаны да, банкирді де туғызған емес. Экономикалық қатынастардың дамуымен
байланысты алтынға осындай қасиетті қоғам берген. Адамдардың алтынды ақша
ретінде пайдалануы оның осы қасиетімен түсіндіріледі. Сонымен, ақша ерекше
тауар, ол тауарлар дүниесінен жеке дара бөлініп шығып жалпы эквивалент
рөлін атқарады. Ақшаның алпыға бірдей эквивалент ретінде мынадай
ерекшеліктері бар:
1) ол нақты бір заттың, қоғамдық тұтыну құнының болатындығын;
2) онда абстракты еңбек бейнелейтін құнның да болатындығын;
3) тауар өндірушінің жеке еңбегі қоғамдық еңбектің бір бөлшегі болып
табылатындығын көрсетеді. Тауар
мен ақша арасындағы бірлік те, қарама-қарсылық қайшылық та тұтыну құны
арқылы көрінеді. Мысалы, өндіруші қоғамға бір қажетсіз тауарды шығарса, ол
сатылмайды, оны ақшаға айналдыра алмайды. Өйткені ол тұтыну құны тұрғысынан
қоғамдық қажетті де, оның мүшелерінің қажетін де қанағаттандыра алмағаны.
Егер тауар жеке қажеттілікті қанағаттандырса, ол тез арада өтіп кетеді,
ақшаға айналады. Міне, тауар мен ақша арасындағы әрі бірлік, әрі қарама-
қарсылық осылай түсіндіріледі. Қазіргі рынок қатынасында бұл заңдылықты
қатаң ескерген жөн. Ақша тауарлы шаруашылықта адамдардың, қоғамдық
қатынасын бейнелейді. Яғни ақша зат емес, адамдардың арасындағы өндірістік
қатынас. Ақшаның қызметі: құн өлшеуші; айналыс құралы; төлем құралы; қазына
жинау; дүниежүзілік ақшалар. Ақшаның ең бірінші және басты қызметі – құн
өлшеуші. Мұнда ол жалпы эквивалент рөлін атқарды. Оның мәні барлық
тауарлардың құны ақша арқылы анықталады. Мұндай қызметті өзіндік құны бар
тауар ғана атқара алады. Бұдан шығатын қорытынды, барлық жағдайда құн
өлшеуші қызметін алтын ғана атқарады.
Ақшаның пайда болуымен байланысты бір тауардың екінші бір
таурға тікелей айырбасталуы (Т - А - Т ), яғни ақша арқылы тауар
айырбасына орын береді. Ақша тауар айырбасында аралық, яғни айырбас
құралының қызметін атқарады. Мұндай қызметті атқару үшін нақты ақша немесе
ақша белгісі қажет, өйткені тауар тек нақты ақшаға, ал ақша тауарға тікелей
айырбасқа түседі. Тауарды сатып алу, сату процесінде қолма-қол ақшаның орын
алмауы да мүмкін. Оған себеп, тауарды өндірудегі өндіріс процесінің,
сатудағы айәналыс процесінің ұзақтықтары түрліше. Ал кейбір тауарларды
өндіру процесі белгілі бір маусымға т. б.байланысты жағдайда болады.
2 ресурстар, тауарлар ағымдары және олардың балансын қамтамасыз
етудегі мемлекеттік рөлі
2.1 Тауар өндірісінің қолдану шарттары
Тауар өндірісінің тарихи пайда болуына негізгі үш алғы шарт қажет.
тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі
еңбек бөлінісі мал шаруашылығы мен егіншілердің бөлінуі нәтижесінде осы
тайпалар арасындағы айырбастың дамуын тездетті. Екінші күрделі еңбек
бөлінісі ауыл шаруашылығынан қол өнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі
еңбек бөлінісі жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана
шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуы. Осы көрсетілген күрделі қоғамдық
еңбек бөлінісі қазіргі замаңғы ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал,
құрылыс және сауда салаларының негізі екені айқын. Бірақ өндіргіш күштердің
алғашқы қауыммен салыстырғанда орасан зор дамығанын еске алсақ, қоғамдың
еңбек бөлінісі, мамандандыру саласының мыңдаған тармаққа бөлініп, кең етек
жайғанын байқаймыз. Демек, тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық
еңбек бөлінісі. Ол болмаса тауар өндірісі де, рынок те болмас еді.
Тауар өндірісінің екінші алғы шарты
тауар өндірушінің жеке меншігі болуы. Басқа сөзбен айтқанда, тауар өндіруші
өз мүлкін еркін сатуға, басқа жерге апарып өткізуіне ерікті болуы қажет.
Меншік қатынасы негізінен бірнеше тарихи сатылардан өтті. Алғашқы адамзат
қоғамына белгілі қауымдық, тайпалық меншік болды. Бұл меншіктің пайда болуы
алғашқы қауымдағы адамдардың табиғаттың дүлей күштеріне тәуелді болуынан,
күн көрудің ауыртпалығынан туған қажеттілік. қоғамдық қауымның меншігі
өндіргіш күштердің нашар дамуының салдары. Алғашқы адамдар аң аулау үшін,
жыртқыштардан сақтану үшін, тағы басқа жеке адамның қолынан келмейтін
(мысалы ауыр заттарды, үлкен тасты орнынан ауыстыру тәрізді) жұмыстарды
атқару үшін өзара бірігіп еңбек еткен де, оның нәтижесін ортаға салып, ол
өнімдерді тайпа басшылары бөліп отырған. Алғашқы қауымдық меншікке
негізделген қоғамдық құрылысты алғашқы қауымдық коммунизм деп те айтады.
Алғашқы қауымдық формацияда тауар-ақша рыноктық қатынас болмаған. Бұл
қатынастар осы формацияның ыдырау сатысында пайда болды. Өндіргіш күштердің
дамуы, бірігіп еңбек атқару, құрал-саймандарды жетілдіру (мысалы, тас, ағаш
құралдарының орнына темір, қалайы, мыс тәрізді металдарды пайдалану, ағаш
соқа орнына темір соқа, тырма т. с. құралдарды игеру), сол сияқты отпен
пайдаланатын тағам пісіру, қорған, үй салу сияқты еңбекке бейісмделу арқылы
алғашқы қауымда өмір сүрген адамдардың күнделікті тұтынуынан артық қосымша
өнімі пайда болды. Ал қосымша өнімнің болуын тауар айырбасының, рынок
қатынасының дамуына қажет үшінші алғы шарт деу керек.
Айырбас, рынок қатынасындағы негізгі тұлға – тауар. Экономикалық
қатынастың өзі тауардан басталады. Тауар – еңбектің өнімі, ол екінші бір
затқа, тауарға айырбастау үшін шығарылады. Ілгеріде атап көрсеткендей,
тауардың екі түрлі сипаты бар:
1) адамның белгілі бір қажетсінуін өтеу қабілеті;
2) екінші бір тауарға айырбастау қасиеті. Тауар қоғамға пайдалы зат
болуы қажет. Экономикалық теория тауардың қоғамдың қажетсінуді
қанағаттандыру қабілетін тұтыну құны деп атайды.
Тұтыну құны – тұтылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.
Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті – оның басқа
қажетті материалдық игіліктерге айырбасталу сипаты. Экономикалық теорияда
тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты айырбас
құны деп аталады.
Айырбас құн – тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат
екенін білдіреді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынас орнаған жерде
оларды өндірген адамдар арасындағы қатынас та бүркемеленіп көрінетінін
байқауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz