Қысқа мерзімді актив
Жоспары.
Кіріспе
1 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен тоқтатылған қызмет түсінігі
мен регламенттенуі
1.1 ХҚЕС 5 бойынша түсініктер регламенттенуі
1.2 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтердің жіктелуі
1.3 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерді өлшеу
2 Ұзақ мерзімді активтерді қызметтің тоқтатылуындағы есебі және есепте
көрсетілуі
2.1 Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе
шығаруға арналған топтың есебі
2.2. Тоқтатылған қызмет есебі
2.3. Сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті немесе
шығаруға арналған топты тоқтатылған қызметті есепте көрсету
3 Қаржылық есеп беру бойынша ұсыныстар мен жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған қайнар көздер тізімі
Кіріспе
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси
демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазақстан жаһандық
экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел . Әлемдегі жасалған
жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да
болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам
бейімделуге қабілетті ел болу жолында.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып
келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономикалық
қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан-жақты
талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде
бухгалтерлік есептің атқаратын ролі зор. Қаржылық есеп беру – бұл
кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін
белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.[6]
Қаржылық есеп – бұл шаруашылық қызметтің нәтижелерін сипаттайтын
көрсеткіштердің тәртіпке келтірілген жүйесі, ол ағымдағы бухгалтерлік есеп
ақпаратына негізделген.
Қаржылық есептің мақсаты – тұтынушыларды қандай да бір құрылымдағы
қажетті ақпараттармен қамтамасыз ететін қаржылық жағдайдың шынайы көрінісін
бейнелеу.
Қаржылық есеп субъект (кәсіпорын, ұйым) қызметіндегі жасалған
жұмыстар мен шаруашылық операцияларының түпкілікті қаржылық нәтижесін
көрсетеді. Субъектінің қаржылық жағдайын сипаттайтын элементтердің
активтері, міндеттемелерге және жеке меншіккапиталға топтастыруға болады.
Топтастырылған ақпараттар қолда бар экономикалық ресурстарды, субъектінің
оларды өркендеуге және бақылауға қабілеті жететінін ашып көрсетеді.[9]
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық
қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы
және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның
көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және
қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп
беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық
бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,
мекеменің қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына
сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
нәтижелері көрсетіледі.
Сонымен, бұл курстық жұмыста Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттары ішінен 5Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер мен
тоқтатылған қызмет есебі қарастырылады. Осы Стандарттың мақсаты сатуға
арналған активтерді есепке алуды анықтау және тоқтатылған қызмет туралы
ақпаратты ұсыну әрі ашып көрсету болып табылады. Атап айтқанда, осы
Стандарт:
(а) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын
активтердің ең аз баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнмен
өлшенуін және бұл активтерге амортизация есептеудің тоқтатылуын;
(b) сатуға арналған ретінде жіктеу критерийлерін қанағаттандыратын
активтерді баланстың өзінде бөлек ұсынуды және тоқтатылған қызмет
нәтижелерін пайда және залал туралы есепте бөлек ұсынуды талап етеді.
Осы Стандартта көзделген деректерді жіктеуге және ұсынуға қойылатын
талаптар барлық танылған ұзақ мерзімді активтергі және кәсіпорынның
шығаруға арналған топтарына қолданылады.
Кейде кәсіпорын активтер тобын шығаруды кейбір тікелей байланысты
жағдайлармен бірге мүмкін бір операциямен жүзеге асырады. Мұндай шығаруға
арналған топ ақша қаражатын құрайтын бірліктер тобы, ақша қаражатын
құрайтын жеке бірлік немесе оның бір бөлігі болуы мүмкін. Топқа қысқа
мерзімді активтер және осы Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарынан 5-
параграфпен алынып тасталған кәсіпорынның кез келген активтері мен
міндеттемелері кіруі мүмкін. Егер өлшемге қойылатын осы Стандарттың
талаптары шеңберіндегі ұзақ мерзімді актив шығаруға арналған топтың бір
бөлігі болып табылса, онда осы Стандарттың өлшемге қоятын талаптары топқа,
жалпы алғанда, топ баланстық және сату шығындарын шегергендегі әділ құнның
ең азы бойынша өлшенетіндей болып қолданылады. Шығаруға арналған топтың бір
бөлігі болып табылатын жекелеген активтер мен міндеттемелер болады.
Қорытынды
Ұзақ мерзімді активтер айнымалы активтерге (қысқа мерзімді) ХҚЕС 5
бойынша сатуға арналған активтер шарттарына сәйкес келсе жатқызылады. Бұл
жағдай қайта сатуға арналған ұзақ мерзімді активтерге де талап етіледі.
Компания бухгалтері бұл стандартты тәжірибиеде қолдану үшін ол бұл
стандарттың негізгі түсініктерінде дұрыс араласу керек.
Ұзақ мерзімді активтің (немесе шығаруға арналған топтың) баланстық
құнының оны пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату
есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.
Кәсіпорын сатуға арналған ретінде жіктелген ұзақ мерзімді активті
(немесе шығаруға арналған топты) сату шығындарын шегере отырып, ең аз
баланстық немесе әділ құны бойынша өлшеуге тиіс.
Егер таяу арада сатып алынған актив (немесе шығаруға арналған топ)
сатуға арналған ретіндегі жіктеу критерийлеріне жауап берсе, онда активті
(немесе шығаруға арналған топты) бастапқы таныған кезде, егер ол осылайша
(мысалы, өзіндік құны бойынша) жіктелмеген болса, баланстық құнның және
сату шығындарын шегергендегі әділ құнның ең азымен өлшеуге әкеледі. Сөйтіп,
егер актив (немесе шығаруға арналған топ) бизнесті біріктірудің бір бөлігі
ретінде сатып алынса, онда ол сату шығындарын шегергендегі әділ құн бойынша
өлшенуге тиіс.
Сату бір жыл өткен соң орын алады деп күтілсе, онда кәсіпорын сату
шығындарын келтірілген құн бойынша өлшеуге тиіс. Сату шығындарының
келтірілген құнын уақыт ағынымен кез келген ұлғайту пайданың немесе
залалдың құрамында қаржыландыру шығындары ретінде көрсетілуге тиіс.
Активті (немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде
тікелей бастапқы жіктеу алдында активтің (немесе топтағы барлық активтер
мен міндеттемелердің) баланстық құны қолданылып жүрген ХҚЕС-ына сәйкес
өлшенуге тиіс.
Шығаруға арналған топты бұдан әрі қайта өлшеген кезде осы
Стандарттың өлшеуге қоятын талаптарының қолданылу аясына кірмейтін, бірақ
сатуға арналған ретінде жіктелген шығаруға арналған топқа кіретін кез
келген активтің немесе міндеттеменің баланстық құны қолданылып жүрген ХҚЕС-
на сәйкес сату шығындарын шегергендегі шығаруға арналған топтың әділ құнын
қайта өлшегенге дейін өлшенуге тиіс.
Тоқтатылған қызметке жататын талаптар аналитикке жалғасатын қызметті
және басшылық жалғастыруды жоспарлайтын операциялар негізіндегі болашақ
пайда айырып тануға көмектеседі.
ХҚЕС сатуға арналған активтер шығуынан шығындар немесе пайда пайда мен
шығындар есебінде көрсетілуін талап етеді. Бірақ егер бизнес операциялары
сатылды, тоқтатылды, компаниядан бөлінді немесе басқа жағдаймен есептен
шығарылды, онда бұл ХҚЕС бизнестің негізгі бөлімдерін ыңғайлы талдау үшін
жалғастырылатын қызмет нәтижелері тоқтатылған қызметтен бөлек көрсетілуін
талап етеді.
Пайдалылықты ыңғайлы талдау үшін кез келген шығудан табыс не шығын
жалғастырылатын қызметтен кейін бөлек бап болып, пайда мен шығын есебінде
көрсетілуі керек.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай
бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі
жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін
ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы
табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы
алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті
жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық
жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем
қабілетіне кепілдік береді.
ҚР-нда енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша
халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келеді.
ҚР-ның заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық
пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік
принциптеріне сай жүзеге асырылады.
Қаржылық есепті жасау үшін есептік уақыт болып есепті кезеңдегі
календерлық соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық
есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап
31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр
жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей тапсырылуы керек.
Қолданылған қайнар көздер тізімі
1. 28 ақпан 2007 жылндағы Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп туралы
ҚР Заңы, № 234-111. Астана-2007
2. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары. 1 қаңтар 2009 жыл
жағдайында қызмет ететін ХҚЕС-тің толық ресми аударылымы – ИД БИКО,
Алматы, 2008.-511с.
3. Гершун А.М. және б. Халықаралық стандарттар бойынша есеп: оқу құралы.
-3 бас.М.:-Бухгалтерлік есеп даму қоры, 2006.
4. Александер Д., Бриттон А., Йориссен Э. Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттары.-М.:Вершина, 2005.
5. Қаржылық есеп-оқу құралы, 2 бөлім, Энтони Джофре басшылығымен,
USAIDKARANA Corporation, Алматы:1999,-432с.
6. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп
- Алматы, Экономика 2005
7. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И.
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп - Алматы, 2003ж.
8. Тулешева Г.К. Халықаралық стандарттар бойынша есеп және есеп беру.
Алматы, 2005.
9. Нурсеитов Э.О. Национальный бухгалтерский учет и МСФО. – Практическое
пособие, Алматы.ТОО СОЮЗЭКСПЕРТ ИНФО.- 2008.-302с.
10. Сейдахметова Ф., Сейдахметова З. и др. Международные стандарты
финансовой отчетности ( общий обзор и разъяснения) под общей
редакцией Ф.С. Сейдахметовой, Алматы, Издательство LEM, 2003.- 68с.
11. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә.
Қаржылық есеп - Алматы, Экономика, 2005ж.
12. Ертісбаев Е.Қ. Сауда кәсіпорынның экономикасы - Қарағанды, 2003ж.
13. К.Ә. Китебаева Бухгалтерлік есеп принциптері - Қарағанды 2002ж.
14. Кривогузова Н.А. Экономикалық талдау - Қарағанды, 2004
15. Бухгалтер бюллетені журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., БИКО баспа үйі
16. Нормативные акты - №12 (192),Қаржы-қаражат, 2003
17. Библиотека бухгалтера и предпринимателя - №7 (156), шілде 2003ж.,
БИКО баспа үйі

1. ХҚЕС 5 бойынша түсініктер регламенттенуі
Ақша қаражатын құрайтын бірлік-Басқа активтерден немесе активтер
тобынан түскен ақша қаражатының ағындарынан едәуір деңгейде тәуелсіз ақша
қаражатының ағындарын құрайтын ең аз сәйкестендірілетін активтер тобы.
Кәсіпорын компоненті-Операциялық жағынан және қаржы есептілігінің
мақсаттары үшін кәсіпорынның қалған бөлігінен айқын оңашалауға болатын ақша
қаражатының қызметі және ағыны.
Сату шығындары-қаржыландыруға жұмсалатын шығындарды және пайдаға
салынатын салық бойынша шығыстарды қоспағанда, активтің (немесе шығаруға
арналған топтың) шығарылуына тікелей байланысты қосымша шығындар.
Қысқа мерзімді актив.Мына критерийлердің біріне жауап беретін актив:
a) сатылады деп болжанады не ол сатуға немесе кәсіпорынның қалыпты
операциялық айналымы барысында пайдалануға арналған;
b) ол негізінен сауда мақсаттары үшін ұсталады;
c) ол есепті күннен кейін он екі ай ішінде сатылады деп болжанады;
d) егер тек есепті күннен кейін кем дегенде он екі ай ішінде
міндеттемелерді өтеу үшін оны ауыстыруға немесе пайдалануға шек
қойылмаған болса, ақша қаражаты немесе ақша қаражатына балама актив болып
табылады.
Тоқтатылған қызмет, не шығарылған, не сатуға арналған ретінде
жіктелген кәсіпорын компоненті:
a) және жеке маңызды қызмет түрін немесе операциялар жүргізудің
географиялық ауданын білдіреді;
b) жеке маңызды қызмет түрінің немесе операциялар жүргізудің географиялық
ауданының үйлестірілген біртұтас шығару жоспарының бір бөлігі болып
табылады немесе
c) тек қана кейіннен қайта сату мақсатымен сатып алынған еншілес кәсіпорын
болып табылады.
Шығаруға арналған топ-осы операцияда берілетін осы активтермен
тікелей байланысты бір операцияның немесе міндеттеменің нәтижесінде сату
арқылы немесе өзгеше жолмен қосылып топ ретінде шығаруға жататын активтер
тобы. Егерде топ 36-Активтердің құнсыздануы IAS Халықаралық стандартының
80-87-параграфтарының талаптарына сәйкес (2004 ж. редакциясында) іскерлік
бедел бөлінген ақша қаражатын құрайтын бірлік немесе егерде бұл ақша
қаражатын құрайтын осы бірлік ішіндегі қызмет болып табылса, бизнес
біріктірілген кезде сатып алынған іскерлік бедел топқа кіреді.
Әділ құн-мәміле жасауды қалайтын, жақсы хабары бар тәуелсіз тараптар
арасында осындай мәміле жасалған кезде активті айырбастауға немесе
міндеттемені орындауға болатын сома.
Қатаң сатып алу міндеттемесі-байланыспаған тараппен жасалған, екі
тарапты да міндеттейтін және әдетте заңдық жағынан бекітілген,
(а) операцияның бағасын және уақытын қоса алғанда барлық маңызды
шарттарды айқындайтын,
(b) және орындамауға жеткізетін амалды тосқауылдайтын, міндеттемені
орындауды барынша ықтимал етуге айтарлықтай жеткілікті келісім.
Ықтималдығы жоғары-жай ғана ықтимал емес, ықтималдығы мейлінше
жоғары.
Ықтимал-мүмкін емеске қарағанда, мейлінше мүмкінірек
Өтелетін сома-Екі шаманың: сату шығындарын шегергендегі әділ құнның
және пайдалану құнының үлкенірегі.
Пайдалану құны-Активті пайдалануды жалғастырудан және тиімді
пайдалану мерзімінің соңында оның шығарылуынан күтілетін ақша қаражатының
есептелетін болашақ ағындарының келтірілген құны.
1.2 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІ (НЕМЕСЕ ШЫҒАРУҒА АРНАЛҒАН ТОПТАРДЫ)
САТУҒА АРНАЛҒАН РЕТІНДЕ ЖІКТЕУ

есебінен толтырылса, кәсіпорын оны сатуға арналған ретінде жіктеуі тиіс.[2]
Мысалы: Компаниямен электродвгателі 11л.с. 4,5 м. LT15EII
бөлшектеу станогын сату туралы шешім қабылданды. Оның баланстық құны оны
пайдалануды жалғастыра беру арқылы емес, негізінен сату есебінен толтырыла
алады, өйткені компания ағаш өңдеумен енді айналыспайтын болды. Сату туралы
хабарлама газетте жарық көрді. Бұл жабдық сатуға арналған ұзақ мерзімді
актив деп ауыстырылуы тиіс және компания бухгалтері бұл актив керекті
бухгалтерлі жазулар мен бағалау процедуралаын жүргізу тиіс.
Тану шарттары:
• Актив не шығаруға арналған топ қазіргі жағдайда сатуға дайын
болу керек және сату мүмкіндігі жоғары болу керек.
Мысалы: Сатуда баланстық құнының орнын толтыру
Ұйым жабдықтарын сатуды шешеді. Оның балланстық құны үлкен
дәрежелерде сатудан түсіммен орны толтырылады. Ұйымда жұмыс істегенінің
жалғасының нәтижесінде емес.
• Ол үшін актив (немесе шығаруға арналған топ) қазіргі күйінде
және осындай активтерді (немесе шығаруға арналған топтарды)
сатқанда қоса жүретін әдеттегі талаптармен дереу сатуда болуы
тиіс, және де сату ықтималдығы жоғары болуы тиіс.
Мысалы:Ұйым қазба алуға арналған шахтада орналасқан қызмет етуі
тоқтатылған жабдықты сатуды шешеді. Сатуға дайындау үшін оны жер үстіне
жеткізу керек.
• Сату ықтималдығы жоғары болу үшін, тиісті басшылық деңгейі
активті (немесе шығаруға арналған топты) сату жөнінде жоспар
қабылдауы тиіс және сатып алушыны іздеу әрі жоспарды орындау
жөнінде қарқынды бағдарлама басталуға тиіс.
Мысалы: Активті сату жоспары
Сіздің компания басшылығы өндірістік бөлімшені сату туралы шешім
қабылдады. Сату жоспарын дайындауға кеңес берушілер шақырылды. Бөлімше сату
жоспары әлі басшылықпен қабылданбағандықтан сатуға арналған ретінде
жіктелмейді
• Оның үстіне, активті (немесе шығаруға арналған топты) оның
ағымдағы әділ құнымен салыстырғанда негізделген бағамен сату
жөнінде қарқынды жұмыс жүргізілуі тиіс.
• Сатып алушыны іздеумен байланысты жұмыстар қарқынды түрде
жүргізілуі керек
• Бұған қоса, сату жіктеу күнінен бастап бір жыл ішіндегі
аяқталған сату деп тануға арналған талаптарды
қанағаттандырады деп күтілуге тиіс және сату жөніндегі
жоспарды орындау үшін талап етілетін іс-әрекеттер жоспарда
маңызды өзгерістер болуының немесе жоспарды болдырмай
тастаудың тіпті де мүмкін емес екендігін көрсетуге тиіс.
Мысалы: Операцияны бір жыл ішінде жүргізу
Сіздің компания басшылығыңыз өндірістік бөлімшені сатуды шешті.
Тауарлы нарықтар дағдарыстық жағдайда болып тұрғаннан бөлімше тек минималды
төлем алуға мүмкіндік болуда ғана сатыла алады.Бұндай жағдай болмағанша,
бөлімше сатуға арналған ретінде жіктеле алмайды.
• Сату жоспарын орындау үшін әрекеттер оған өзгерістер енгізуге
не одан бас тартуға ықтималсыз, болуын көрсетеді.
Еншілес ұйымды басқарудан айрылумен бірге жүретін сату жоспарына
енгізілген кәсіпорын, кәсіпорын өзінің бұрынғы еншілес ұйымындағы
басқарылмайтын пайызын сатылғаннан кейін сақтау-сақтамауына қарамастан,
барлық активтерін және міндеттемелерін сатуға арналған ретінде жіктеуі
тиіс.
Оқиғалардың немесе жағдайлардың ықпалымен сатуды аяқтау кезеңі бір
жылдан асуы мүмкін. Егер кешіктірілу себебі кәсіпорын бақыламайтын оқиғалар
немесе жағдайлар болып табылса әрі кәсіпорынның активті (немесе шығаруға
арналған топты) сату жөніндегі жоспарды орындауды жалғастыратыны жеткілікті
расталып тұрса, сатуды аяқтау үшін қажет кезеңді ұлғайту активті (немесе
шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктеуге кедергі
келтірмейді.
Айырбастаудың 16-Негізгі құралдар IAS Халықаралық стандартына
сәйкес коммерциялық мәні болған жағдайда, ұзақ мерзімді активтерді басқа
ұзақ мерзімді активтерге айырбастау сату операцияларына жатады.
Мысалы: Активтер айырбастау
Сендер жаңа тракторды сатып аласындар да, сатып алудың бөлімі
ретінде ескі тракторды ұсынасындар. Ескі трактор сатуға арналған ретінде
қарастыруға болады.
Компания айырбасты операция ішінде коммерциялық мазмұнды осы
операцияны жүзеге асыру нәтижесінде өзінің болашақ ақша қаражаттарының
өзгеру мүмкіндігінің дәрежесімен анықтайды. Айырбастау операциясы
коммерциялық мазмұны болады егер:
• Алынған ақша қаражаттары ағынының конфигурациясы (тәуекел,
мерзімі не соммасы) берілген ақша қаражаттар ағынынан өзгеше
болса;
• Бұл операция әсер ететін қызмет бөлігі компанияға ерекше баға
айырбас нәтижесінде өзгерсе.
Кәсіпорын ұзақ мерзімді активті (немесе шығаруға арналған топты)
тек кейіннен шығару мақсатында сатып алғанда ғана ол ұзақ мерзімді активті
(немесе шығаруға арналған топты) көзделген кезеңді бір жылмен шектеу
бойынша талап орындалса ғана сатып алу күні сатуға арналған ретінде жіктеуі
тиіс, сатып алғаннан кейін қысқа кезең ішінде (әдетте үш ай ішінде)
қанағаттандырылуы әбден мүмкін.
Мысалы: А компаниясының қаржылық жылы 31 желтоқсанда аяқталады.
Келесі жылдың ақпанында сауда орталығын сату туралы шешім қабылданды. Бұл
жағдайда сатуға арналған ретінде активті жіктеу шарты есеп беру уақытынан
кейін жасалды?бірақ қаржылық есеп бекіту күніне дейін. Бұл ХҚЕС 10
Қаржылық есеп беру күнінен кейінгі оқиғалар бойынша өзгере алмайтын
оқиға ретінде қаралу керек және есеп беру периоды бойынша қаржылық есеп
түсіндірмесінде көрсетілуі керек.
Сатылмай тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активтер
Кәсіпорын пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс ұзақ мерзімді активті
(немесе шығаруға арналған топты) сатуға арналған ретінде жіктемеуі тиіс,
өйткені оның баланстық құны негізінен алғанда пайдалануды жалғастыру арқылы
өтеледі. Алайда, егер пайдаланылуы тоқтатылуға тиіс шығаруға арналған топ
32(а)-(с)-параграфта көрсетілген критерийлерге жауап берсе, онда кәсіпорын
шығаруға арналған топтың ақша қаражатының нәтижелері мен ағындарын
пайдалану тоқтатылған күні 33 және 34-параграфтарға сәйкес тоқтатылған
қызмет ретінде көрсетуі тиіс. Пайдаланылуы тоқтатылатын ұзақ мерзімді
активтерге (немесе шығаруға арналған топтарға) экономикалық қызметінің
мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер (немесе
шығаруға арналған топтар) және жабылатын, бірақ сатылмайтын ұзақ мерзімді
активтер (немесе шығаруға арналған топтар) кіреді.
Кәсіпорын пайдаланудан уақытша алынып тасталған активті (немесе
шығаруға арналған топты) оның пайдаланылуы тоқтатылған ретінде есепке
алмауға тиіс.
Консервацияға аударылатын активтер
Консервацияға аударылуға тиісті ұзақ мерзімді активтер – бұл
сатудан гөрі жағымды қолдану бітпегенше дейін пайдаланатын және
бөлшектеуге тапсыруға тезірек есептелетін активтер. Пайдалануы уақытша
тоқтатылған ұзақ мерзімді актив консервацияланатын деп есептелмейді.[7]
Мысалы.
Сіздің шахтаңыз бар. Сiз көмбелер жүдеулерден кейiн шахталарыңызды
консервацияға ауыстырыңыз. Актив "сатуға арналған" болып табылмайды.
Консервацияланатын ұзақ мерзімді актив немесе шығарылуға арналған
топ сатуға арналған деп жіктелмейді. Олардың баланстық құны ұйымда
қолдануды жалғастырумен онын толтырады.
Консервацияланатын деп шешілген шығаруға арналған топ:
- бизнестің жеке үлкен бөлімшесі немесе ұйымның геогарфикалық сегменті
болып көрінеді;
- бизнестің жеке үлкен бөлімшесі немесе ұйымның геогарфикалық
сегментінің шығару үшін ойлап табылған үйлестiрiлген жоспар бөлімі
болады
- қайта сатуға ғана арналған еншелес кәсіпорын.
Шығаруға арналған топқа кіретін ақша қаражаттар ағыны мен іс-әрекет
нәтижелері қаржылық есептілікте тоқтатылған қызмет деп, шығаруға арналған
топқа кіртін құралдарды қолдануы тоқтатылған күнде көрсетіледі
Консервация – өкілетті орган шешімімен банктің қаржылық жағдайын
жақсарту мақсатында әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық
жұмыстары кешенін жүзеге асыру. Мақсат – банктің өз міндеттемелерін дер
кезінде төлеу мүмкіндігін қалпына келтіру.
1.3 САТУҒА АРНАЛҒАН ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІ (НЕМЕСЕ ШЫҒАРУҒА
АРНАЛҒАН ТОПТАРДЫ) ӨЛШЕУ

Шығаруға арналған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz