Бухгалтерлік шығындар нақты шығындар
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
РМҚК Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі
Қаржылық есеп пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сатылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетулердің) өзіндік
құнының есебі
Семей қаласы
2009 – 2010 оқу жылы
Мазмұны
Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
1 Өндіріс шығындары және өзіндік құн 4 – 13
... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Ұйым шығындары түсінігі және олардың түрлері ... 4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және 6
мәні ... .
1.3 Сатылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет 10
көрсетулердің) өзіндік құнын калькуляциялау
жөніндегі жалпы ереже
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
2 Сатылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетулердің) 14 – 18
өзіндік құнының есебі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
...
2.1 Сатылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет 14
көрсетулердің) өзіндік құнының есебі
... ... ... ... ... ... .
2.2 Тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетулердің) өзіндік15
құнын есепке алудың әдістері
... ... ... ... ... ... ...
3 Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары 19 – 24
... ... ... ... ... ... ...
3.1 Өнімнің өзіндік құнын есепке алуда шет елдердің 19
тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
3.2 Өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары 23
... ... ... ... ...
Қорытынды 25

... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
Қосымшалар 27 – 30

Кіріспе
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол
қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік
шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы
анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың,
қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс,
қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі
қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге
шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар
қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет
етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде
өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған,
өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі.
Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен
қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын
көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген
өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік
құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге
жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс
шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама;
өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары
бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу;
өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары.
1 Өндіріс шығындары және өзіндік құн
1.1 Ұйым шығындары түсінігі және олардың түрлері
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар
арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын
тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің
шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді.
Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін
нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация,
салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады.
Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын
өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен
экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы
шығындары анықталады.
Жалпы шығындар – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және
тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
Тұрақты шығындар – өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты
өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер,
сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін
шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа,
материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа
және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары
өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл
шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі.
Орташа жалпы шығындарды 2 түрге бөлуге болады:
а) орташа тұрақты шығындар;
б) орташа айнымалы шығындар.
Өндірістің шекті шығыны жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің
өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын
шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар өзгермейді.
Сондықтан жалпы шығындардың өсуі айнымалы шығындардың өсуіне тең
болады.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар
құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын
тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау
уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі
аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға
беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері
пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен
байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.

қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім
бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным
мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық
баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-
дайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе
төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне
шығындар-өндіріс шығындары басқаша түрде болады. Олар тұтынылатын
еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне,
өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі
немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың
көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару
қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың,

шығындарды бағалық тадау болып табылады.
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге
байланысты шығындар қосылады:
- ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде
өндірістің ұйымдастырылуы;
- табиғи шикізаттарды қолдану;
- өндірісті дайындау және үйрену;
- өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар
өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну
және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес
сипаттағы шығындар);
- рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу,
моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық
сыйақы төлеу және т.б;
- өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал,
жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек
құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік
қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигие-
налық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
- қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз
ету;
- өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты
қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-
сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және
аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың
коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және
т.б.
- кадрларды дайындау және қайта дайындау;
- мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға
аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын)
өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның
негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес
операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының
азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
2. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні

Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі
болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім
өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық
өндіріс тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта
өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның
өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған
материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып
табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге
асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз
төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға
аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын
құрайды.
Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын
толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса
немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе
бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына
қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің
басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын
қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің
өзіндік құны немесе пайда.
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі 2
түрлі факторға байланысты болады: бағаның өсуі және өнімнің өзіндік
құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны –синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық
жағын бірлікте және өзарабайланыста сипаттайтын жалпылама көрсеткіш болып
табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік – шаруашылық қызметінің сапалы
көрсеткіші. Оның деңгейі мен динамикасы бойынша өндірістің басқару,
жоспарлау, еңбек пен еңбекақының ұйымдастырылуы, техника мен технология
деңгейін анықтауға болады. Өзіндік құнның мағынасы сонымен қатар оның
атқаратын қызметтерімен де анықталады:
1) Өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 54 бөлігі
шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс
құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі.
2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады,
оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды.
3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі ,
яғни олардың өндіру мақсаттылығы есептелінеді.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер
бойынша жіктеледі:
1. Шығындардың алғашқы элементтері бойынша.
2. Пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндірі шығындары
сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір
элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда
біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен
қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем
шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға
жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары
қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға
мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға,
материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза
өнімді есептеуді қажет етеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына
өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу
орны және өнімді өткізуді көрсетеді.
Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей
шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері
шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар
бабында көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және
технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; өндіріс жұмысшыларына
негізгі және қосымша еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және
энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар;
Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.
Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі
өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді. Ол өндірістің
әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге
мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын
шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген
өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне
жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.
Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі
критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің
кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:
а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);
б)жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша;
c)өнім өндірісімен байланысты барлық шығындар жиынтығы екі негізгі
элементтерге бөлінеді:
- материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия,
қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);
- тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік
сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге төлемдер және т.б. );
д) шығындарды басқаша топтастыру оларды мүмкін болатын өнім
өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары
бойынша бөлістірілуі мүмкін:
- материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау
шығындары);
- еңбекақыға тікелей шығындар(өндіріс процесінде жұмысбасты
жұмысшылардың еңбекақысы );
- жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;
- құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;
- цехтық (өндірістік) шығындар;
- жалпышаруашылық шығындар;
е) дайын өнім шығындар құнын аудару әдісі бойынша:
- тікелей шығындар;
- жанама шығындар;
f) қалыптасу уақыты бойынша:
- ағымдық шығындар;
- болашақ кезең шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға
арналған ағымдық кезеңдегі өндіру );
Қазақстан экономикасындағы барлық салалары
бойынша
кәсіпорындардағы жұмыс пен қызметке қосылатын өзіндік құнына қосылатын
шығындарды бірегей анықтау мақсатында 1992 жылдың 30 шілдесінде
Министрлер Кабинетінің Нұсқауы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанда
өзіндік құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және
соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап
кәсіпорындар бухгалтерлік есептің жаңа басты есептеу жоспарына көше
бастады.
3. Сатылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын
калькуляциялау жөніндегі жалпы ереже
Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген
қызметтердің бір өлшемге есептелінген бір өлшемге есептелінген өзіндік құны
болып табылады. ОЛ ұйым жұмысын жедел басқару үшін маңызды рөл атқарады
және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік құнын
жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды
негіздеуге пайдаланылады.
Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты
өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляцияладуың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі
салаларындағы ұйымдарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын
жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне
сәйкес алдын ала жасалатын калькуляция белгіленеді.
Калькуляциялауды жаса мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе
кезектегі) болып екіге бөлінеді.
Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске
қажетті дейгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық
және нормативтік калькуляция жатады.
Жоспарлы калькуляция – өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне
мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының
, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы,
сондай-ақ резервтері ескеріледі.
Сметалық (болжамдық) калькуляция – бұл жоспарлы калькуляцияның бір
түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады.
Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.
Нормативтік калькуляция – ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі
болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін
және ұйымның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының
калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін
сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.
Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі
анағұрлым жоғарылау болып келеді.
Кейінгі (немесе кезектегі) калькуляция өнім шығарылғаннан соң
бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.
Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы)
және шамаланған калькуляция жатады.
Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты
шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан ұйымға байланысты себептері
бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар
түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері
бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың
нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер
енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.
Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің
негізінде дайындалады.
Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғыз айдың ішінде алынған
өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.
Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін
алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнынынң калькуляциясые және
шығындарды есепеу объектсін дұрыс белгілеу өте үлкен рөл атқарады.
Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардың өндірістегі
аналитикалық есебі саналады. Калькуляцияның объектісі болып өнім түрлері,
жұмыстар, қызметтер саналады. Өнеркәсіпте есеп объектісі өте жиі
калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді.
Есеп объектісі мен калькуляциялаудан басқа клькуляциялық бірлік
тізімін белгілеу қажет. Калькуляциялық бірлік, әдетте, тиісті өнім түрінің
техникалық жағдайына немесе қабылданған стандарттық өлшем бірлігіне және
өндірілегн өнімнің натралды көрінісіне сәйкес келуі тиіс. Егер де жоспарлау
өлшем бірлігі ретінде екі көрсеткішті пайдаланса (т және м2 ), онда
калькуляциялық бірлік осы екі бірліктің бірін ғана пайдаланады.
Сонымен іс, жүзінде пайдаланатын калькуляциялық өлшем бірлігін келесі
топқа біріктіруге болады:
- натуралыд бірліктері – дана, метр, килограмм, тонна, литр және т.б.;
- ірілендірілген (иесіздендірілген) бірлігі – тігін бұйымының
прейскуранттық номері, белгілі бір артикулдағыжүз жұп аяқкиімі және
т.б.
- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін пайдаланылатыншартты
натуралды бірлік, ондағы пайдалы заттың құрамы әртүрлі тербелісте
болуы мүмкін;
- құндық бірлігі;
- еңбек бірлігі (норма-сағаты);
- орындалған жұмыс бірлігі;
- пайдалы нәтиженің бірлігі – қуаты, өнімділігі және т.б.
Кешендік өндірісте бір шикізаттан бір технологиялық процесте екі
немесе бірнеше түрлі өнімді алса, онда оларды шығару үшін жұмсалған жалпы
шығынды өнімдердің арасына таратуға болмайды.
Кешендік өндіріс шығындарын тарату кезінде келесі әдістерді қолданады:
- шығындарды шегеру. Бұл әдіс кезінде өндірісте алынатын өнімдердің бірі
негізгі өнім болып саналады, ал қалғандары ілеспе ретінде
қарастырылады. Өндірісе кеткен барлық шығыннан ілеспе өнім жоспарлы
өзіндің құны бойынша шегеріледі және осыдан кейін алынған деңгейін
негізгі өнімнің өзіндік құны деп санауға болады. Бұл әдісті негізгі
өнімнің деңгейі айқын болған кезде ғана және ілеспе өнімнің үлес
салмағы аса көп болмаса ғана пайдаланады. Өнімнің өзіндің құнын
есптеген кезде ондағы шығындарды тарату коэффициенттік жолмен жүзеге
асады.
- аралас (қиыстыру) әдісі. Бұл әдісті кешендік өндірісте бірнеше негізгі
және ілеспе өнімдерді өндірген кезде пайдаланылады. Бұл әдісте шегеріп
тастауда, шығындарды тарату да қатар әрі үйлесімді тұрғыда
пайдаланылады. Бұл кезде шығынның жалпы сомасынан ілеспе өнімнің құны
шегеріліп, қалған бөлігі негізгі өнімдердің арасына белгіленген
коэффициенттер бойынша таратылады.
Олар келесі жұмыс кезеңінен тұрады: жалып кешендік шығыннан ілеспе
өнімнің өзіндік құны шегеріледі; шығынның қалған қалдығы негізгі өнімдердің
арасына белгіленген коэффициенттерге сәйкес таратылады; ең соңында, тікелей
өнімнің өзіндік құнына жатқызылатын және таратылатын соманың мөлшері
анықталынады.
Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты
өнімнің өзіндік құны калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің
бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау және
өндіріске кеткен шығындарын есептеудің әдісі деп, ұйымның шығынын бақылау
үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы
ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды.
Өнімнің өзіндік құнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде
мыналарды атауға болады:
- Өндіріс типі;
- Өндірістің күрделілігі;
- Шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты;
- Өндіріс циклының ұзақтығы;
- Аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі
Өнеркәсіп салаларында өнімнің өзіндік құнына бұл факторлардың
тигізетін әсері бірдей емес, сондықтан өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың әр түрлі әдісін қолдануға тура келеді. Өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау әдістемесінде шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен
сипаты басты рөл атқарады. Әдетте, өнімдер жай және күрделі болып бөлінеді.
Калькуляциялау әдістемесін анықтауда өндіріс циклының ұзақтығы басты
рол атқарады. Кейбір салаларда оның ұзақтығы бірнеше сағат құраса, ал
басқаларында бірнеше күн, ал үшіншілерінде ол бірнеше айларға созылуы
мүмкін, ал төртіншісінде тұтас маусымға созылуы мүмкін.
Өндірістік циклы ұзақ өнеркәсіп салаларында өзіндік құнын
калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы
мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер құрайтын сомалар мен
салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен,
үлкен аяқталмаған өндірістің шығыста тарату мәселесінің және басқа да
арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін.
1. Сатылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнының
есебі
2.1 Сатылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнының
есебі
Сатылған тауарлардың, қызметтердің және жұмыстардыңөзіндік құнын
есепке алуға 7010 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік
құны деп аталатын шот арналған.
Бұл шот өнім өндіретін, жұмыс істейтінжәне қызметтер көрсететін
материалдық өндіріс салалларында қолданылады және босатылған (жөнелтілген)
өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің нақты өзіндік
құнын есепке алуға арналған.
7010 Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны
шотына сатылатын дайын өнім түрі бойынша субшоттар ашылуы мүмкін, бірақ
бұндай шешімдер есеп саясатында көрініс табуы тиіс. Бұл шот негізінен
сауда, жабдықтау-сату, делдалдық және сыртқы сауда ұйымдарында қолданылады.
Сатып алынған тауарларды сатуды жүзеге асыратын экономиканың басқа
салаларындағы ұйымда да пайдаланылуы мүмкін.
Сонымен қатар осы шотта сауда, жабдықтау-сату, делдалдық және сыртқы
сауда ұйымдарында қолданылады. Сатылған тауарлардың өзіндік құнына 7010
шоты дебеттеліп 1330 Тауарлар шоты кредиттеледі. Орындалған құрылыс-
монтаждау, жобалау-зерттеу, геологиялық барлау, ғылыми-зерттеу жұмыстардың
өзіндік құны, көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушыларды тасымалдау жөнінде
көрсеткен қызметтің өзіндік құны, сақтандыру ұйымның (компаниясының)
көрсеткен қызметтердің өзіндік құны 7010 шотта көрініс табады және
экономиканың тиісті салаларында қолданылады.
8110 Негізгі өндіріс, 8310 Көмекші өндіріс шоттарында орындалған
жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны есепке алынып, сол
жұмыстар мен қызметтердің сатылуына (тапсырыс берушілердің қабылдауларына)
қарай 7010 шотының дебетіне жазылып отырады.

шоты бойынша жасалатын талдау есебі сатылған бұйымдардың (тауарлардың),
жұмыстардың және қызметтердің атаулары, не түрлері (топтары) бойынша
ұйымдастырылады, ал бұл сату нәтижелерін талдау үшін қажет. Талдау есебі
үшін тізімдемелер (ведомостар) пайдаланылады, оларды ай ішіндегі және жыл
басынан бері сатылған (жөнелтілген, босатылған) өнімнің, жұмстардың және
қызметтердің саны мен өзіндік құны көрсетілуі тиіс.
Есепті кезеңнің соңында 7110 шотында өзіндік құн бойынша шығындар
кредиттеліп, 5610 қорытынды табыс (зала) шотының дебетіне жазылады. Осы
жазудан кейін 7110 шоты жабылады.
2.2. Тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетулердің) өзіндік құнын
есепке алудың әдістері
Өнімнің өзіндік құнын есепке алудың келесідей әдістері бар:
- Қарапайым әдіс;
- Тапсырыстық әдіс;
- Бөлістік әдіс;
- Нормативтік. (Қосымша №1)
Өндірістегі өнімнің өзіндік құнын есепке алудың қарапайым әдісі
біртекті өнңм шығаратын ұйымда (су электр станциялары, кен, көмір мұнай мен
газ өндіретін ұйымдар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аяқталмаған өндіріс
болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және
шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де ұйым өзінің есептік саясатында
қарастырса, онда бұл әдісті қолдануға рұқсат етілуі мүмкін. Бұл әдістің
мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім
бірлігінің өзіндік құнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын
деңгейін өндірістің натуралды көрсеткішіне жай бөлу арқылы табады. Кейбір
салаларда шығындар (мысалға көмір өндіріснде) әрбір технологиялық процесс
бойынша есептелінуі мүмкін.
Көптеген ұйымдар жұмыс тәжірибесінде өндірістің қарапайым әдісінің
дұрыстығын және прогресшілдігін дәлелдеп берді. Өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың қарапайым әдісінің 4 нұсқасы бар.
Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіол өнімді
шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады.
Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлық өндірістік шығындарды дайын
өнімнің санына бөлумен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр санциялары,
құм, сазбалшық дайынау) аяқталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің
құрамдас бөліктері болмайды.
Екінші нұсқаны аяқталмаған өндіріс бар ұйымдар қолданады. Бұл арада
дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі
туындайды. Бұл нұсқа 1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау
кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті,
әдетте, инвентарилық әдісін пайдалана отырып, бағалайды.
Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе
өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін,
балық аулайтын ұйымдарда қолданылады. Мұндай жағдайда өнімнің өзіндік құны
үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады.
Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай-ақ
шығындар есебін бөлістік немесе процесстік бойынша жүргізетін ұйымдар
пайдаланады. Бұл нұсқаны химия мен құрылыс материалдарын шығаратын
өнеркәсіп қолданады. Бұл арада шығындарды есепке алудың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz