Қазақстан Республикасының туристік зоналарына қысқашы сипаттама


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1. Туризм дамуының қазiргi жай-күйiн талдау7

1. 1. Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асырудың қорытындылары7

1. 2. Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi
шараларды iске асыру12

1. 3. Туризм инфрақұрылымының жетілдіру жолдары15

2. Қазақстан Республикасының туристік зоналарына қысқашы сипаттама19

2. 1. Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы туристік зоналар19

2. 2 Батыс және Шығыс Қазақстандағы туристік зоналар27

3. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
мен тетiгi31

3. 1. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
және оның көрсеткiштерi31

3. 2. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiн
дамыту38

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы № 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес әзiрлендi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi №712-1 қаулысымен бекiтiлген.

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.

Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру.

Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.

Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеттері. Сырттан келушiлер туризмi және iшкi туризм көлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халық кiрiсiнiң тұрақты өсуiн, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құру болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарламаны бiрiншi кезектегi мiндеттері мыналар болып табылады:

  • туризм инфрақұрылымын дамыту;
  • туризмдi мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың
  • тиiмдi тетiгiн жасау;
  • елдiң тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру;
  • туристiк әлеуеттi арттыру;
  • рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру;

Зерттеу пәні (заты) - Туризмнің қызмет ету процессіндегі пайда болған нарықтық экономикалық қатынастардың дамуы.

1. Туризм дамуының қазiргi жай-күйiн талдау

1. 1. Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асырудың қорытындылары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1445 қаулысымен бекiтiлген Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында Қазақстанның туристiк имиджiн қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, заңнамалық нормативтiк актiлер әзiрлеу, туризм инфрақұрылымын қалыптастыру, статистиканы, кадр, бiлiм беру және өңiрлiк саясатты жетiлдiру, туризм саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi мiндеттер қойылды.

Бағдарламаны iске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы №450 қаулысы, "Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен объектiлердi құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер үшiн жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы №240 қаулысы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 806 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген жаңа Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбi туралы нұсқаулық қабылданды, онда елiмiздiң бұрынғы азаматтарын қоса есептегенде, 54 мемлекеттiң шетелдiк азаматтары үшiн визалық рәсiмдердi оңайлату көзделген, "Туристерге медициналық қызмет көрсету және шұғыл көмек көрсетудi ұйымдастыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 14 қазандағы № 746 бұйрығы шығарылды.
Туристiк сала үшiн кадрлар даярлау жүйесiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттiгiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 06-2-2/89 бұйрығымен Туристiк ұйымдар қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристiк кадрлардың әр түрлi санаттарын даярлау ережесi бекiтiлдi. [2]

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туризм саласындағы қызметтер мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң статистикалық номенклатурасын (ТҚҚСН), одан әрi ұлттық шоттар жүйесiне Туризмнiң қосымша шотын (ТҚШ) енгiзу жобасын iске асыру үшiн қосымша талдамалы зерттеулер жүргiзiлетiн сауалнамалар мен кестелер әзiрледi.
Туризмнiң қарышты және тұрақты дамуына сырттан келушiлер мен iшкi туризм көлемiнiң өсу қарқыны мен туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу жүйесiнiң құрылуы куә бола алады.

Бұл ретте елдiң туристiк имиджiн қалыптастыруға және ұлттық туристiк өнiмдi туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына шығаруға айрықша назар аударылды: 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Берлин (ГФР), Лондон (Ұлыбритания), Мадрид (Испания), Мәскеу (РФ) қалаларында, ал 2006 жылғы қаңтардан бастап Утрехт (Голландия) қаласында өткiзiлетiн iрi халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етiлiп келедi.

Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристiк ұйымдарының өкiлдiктерi кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнiмнiң сапасы артуда. Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгiнде (Лондон қ. ) 2004 жылғы қарашада Қазақстанның бiрiншi туристiк өкiлдiгi ашылды.
Бүкiләлемдiк туристiк ұйымның Іс-шаралар күнтiзбесiне енгiзiлген КIТF - Қазақстан халықаралық туристiк жәрмеңкесi Алматы қаласында, "Белуха" халықаралық туристiк фестивалi Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткiзiледi. 2005 жылы KITF жәрмеңкесiне әлемнiң 23 елiнен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттерi 30 елден 450 компания болды. Сонымен қатар негiзгi мақсаты туристер ағынын елдiң орталық және солтүстiк өңiрлерiне тарту, ел ордасы - Астананың үшiншi мыңжылдық қаласы ретiнде имиджiн қалыптастыру болып табылатын "Астана-Демалыс" халықаралық қазақстандық туристiк көрме жыл сайын өткiзiлiп тұрады.
Туристiк бизнес кәсiпкерлерi үшiн гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткiзу қамтамасыз етiлген. Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерiн шетелде көрсету үшiн инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткiзушiлердегi басқа да жарнамалық-ақпараттық өнiм шығарылды.
Қазақстанның оң туристiк имиджiн қалыптастыруға және туристiк индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемiн тигiзедi, оның шеңберiнде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделi мүшелерi қатарынан туризм жөнiндегi шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан бастап ШИК веб-сайтында "Қазақстандағы туризм" Интернет-парағын ашу туралы шешiм қабылданды.
Бүгiнде республика iс жүзiнде туризмнiң қолданыстағы барлық түрiн ұсынып отыр. Туристiк кластердi дамыту шеңберiнде республикада туризмдi дамытудың iскерлiк, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлерi сияқты басым бағыттары айқындалды. [2]

Туристiк қызмет көрсетулердiң негiзгi жеткiзушiсi туристiк ұйымдар болып табылады, оларды туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар 846 туристiк ұйым мен 30 жеке кәсiпкер ұсынады. Әрекет етушi туристiк фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсiпорындарының басым көпшiлiгi Алматы қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71) облыстарында және Астана қаласында (79) (1-қосымша) . Қазақстанның туристiк қызмет көрсетулер нарығында 3, 2 мыңға жуық адам, 1, 5 мың кәсiби гид пен экскурсияшы жұмыс iстейдi. Туристiк нарықтың барлық ұйымдарының 98, 3 %-iн шағын кәсiпорындар (жұмыс iстейтiндердiң саны 50 адамға дейiн) бiлдiредi. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсiпорындар 1, 3%-тi, ал iрiлер 0, 4%-тi құрайды. Талдауға қарағанда, туристiк ұйымдардың көпшiлiгiн шағын және орта кәсiпорындар құрайды, олар әлем елдерiнiң көбiнде инновацияларға негiзделген экономикалық өсiмнiң тиiмдi генераторы болып табылады. Қазақстанның туристiк ұйымдары әлемнiң жетпiс елiмен ынтымақтаса жұмыс iстейдi.

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне қарағанда 2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379, 3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003 жылға қарағанда 17, 8 процентке артық.

Жоғарыда көрсетiлгендермен қатар, ұлттық туристiк нарықта шетелдер қатысатын 37 туристiк ұйым қызметiн жүзеге асырады.

Тек қана туристiк ұйымдардың қызметiнен Қазақстан Республикасының кiрiсi 2005 жылы 5902, 6 млн. теңгенi құрады.

Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристiк индустрия кәсiпорындарының кiрiсi 16, 8 процентке көбейiп, 30553, 4 млн. теңгенi құрады, сонымен қатар бюджетке 6526, 5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен салыстырғанда 37, 6 процентке артық (2-қосымша) . Көрсетiлген қызметтердiң жалпы көлемi де 43, 3 процентке артып, 24516, 8 млн. теңгенi құрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң төлем теңгерiмiнiң деректерi ("Сапарлар" бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер көлемi 2005 жылы 684, 5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент еместерден алған қызмет көрсетулер көлемi 667, 1 млн. АҚШ долларын құрады (3-қосымша) . 2005 жылы елдiң IЖӨ-ге туризмнiң салымы 1, 3 проценттi құрады. [7]

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң және Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша сырттан келушiлер туризмi көлемiнiң 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы 4365 мың туристке дейiн тұрақты арту үрдiсi байқалады. Iшкi туризм бойынша көрсеткiштер 2004 жылғы 2793, 8 мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке дейiн өсуде (4-қосымша) . Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерiн талдау сырттан келушiлер туризмi географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылы 161 елге дейiн кеңейгенiн көрсетедi.

Сырттан келушiлер туризмiн талдау көрсеткендей, туристердiң 58, 4 процентiнiң бiздiң елге iскерлiк және кәсiби мақсаттармен келгенiн көрсеттi. Елiмiзде демалу мақсатында 12017 турист (30, 1 %), таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша 10, 2 процент коммерциялық мақсатпен - 1, 2 процент турист келген.

Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмiнiң көлемi артуда. Егер 2000 жылы туристiк фирмалар шетелге 67360 туристi жiберсе, ал 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристi құрады. Алыс шетел мемлекеттерiнiң iшiнде Түркия - 63, 1 мың адам (30%), Қытай - 48, 6 мың адам (23, 1%), Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi - 23, 8 мың адам (1 1, 3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып табылады.

Сыртқа шығушылар туризмiнде бос уақыт, рекреация және демалыс (44, 7%) мақсатымен шығу басым болып келедi. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық - шоп-турлар (29 %), iскерлiк және кәсiби (18, 7%) болып табылады.

Елде әр түрлi туристiк қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдiк азаматтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға кең мүмкiндiктi қамтамасыз ететiн қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк кешеннiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасалуда, ұлттық туристiк өнiмнiң сапасын қамтамасыз ету үшiн стандарттар әзiрленiп, қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнiң материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшiн жағдайлар айқындалды.

Туризмдi дамыту көлiк инфрақұрылымын дамытумен тiкелей байланысты. Елiмiзге туристер негiзiнен әуе көлiгiмен келедi. Iшкi туризм мақсатында көбiнесе автожол көлiгi пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тiзбесi толықтырылып, олардың құрамында iрi туристiк объектiлерге апаратын жолдар бар.
Сырттан келушiлер туризмi мен iшкi туризм көлемiн ұлғайтудың негiзгi факторлары тармақталған көлiк желiсiн дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерiнiң географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк қоғамы мен "Жолаушылар тасымалы" акционерлiк қоғамы туризм саласындағы уәкiлеттi органның қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарқанд - Үргенiш - Бiшкек - Рыбачье - Алматы бағыты бойынша "Жiбек жолы меруертi" мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөнiндегi жобаның бiрiншi кезеңiн iске асырады.

Болашақта Тегеранға дейiн екiншi кезеңдi, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы Пекинге дейiн үшiншi кезеңдi жүзеге асыру жоспарланып отыр.

2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтiк құқықтық базасы кеңейдi. Қазiргi кезде туризм саласында 26 келiсiм қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен, Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен, Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келiсiм жобалары контрагенттерге келiсу үшiн жiберiлдi. Қазiргi уақытта Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесi болып табылатын Дүниежүзiлiк туристiк ұйыммен және Дүниежyзiлiк туристiк ұйымға мүше елдердiң ұлттық туристiк әкiмшiлiктерiмен ынтымақтастық нығайтылды.
Резидент еместерден ел экономикасына шетелдiк валюта ағынының тұрақты артуы есебiнен елдiң төлем теңгерiмi жақсарып отырғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесi шешiлуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлемiндегi қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу мен республикада халықаралық туристiк жәрмеңкелер өткiзудi қоса алғанда, туристiк қызмет жөнiнде ic-шаралар ұйымдастыруға бөлiндi. 2003 жылдан бастап туристiк iс-шараларды қаржыландыру көлемi Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы - 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлiнген қаржы қаражат сомасы 39, 5 млн. теңгенi құрады. [5]

1. 2. Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi
шараларды iске асыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Маркетингтiк-талдамалы зерттеулер орталығы және "J. E. Austin Associates Inc. " америкалық консалтингтiк компания "Қазақстан экономикасының қолданыстағы және әлеуеттi болашағы бар секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды дамыту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау" жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты елдiң экономикалық өсiмi үшiн әлеуетi бар Қазақстан экономикасының шикiзаттық емес салаларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады. Қорытындысында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн және әртараптылығын арттырудың индустриалдық негiзiн құру үшiн шикiзаттық емес жетi басым саланың iшiнде алғашқылардың бiрi болып туризм айқындалды.
Сарапшылардың пiкiрiнше, Қазақстанның бәсекелiк артықшылығы бiрегей мәдениетiнде (мәдени-танымдық туризм), бай табиғи әлеуетiнде (экологиялық туризм), өсiп келе жатқан iскерлiк белсендiлiгiнде (iскерлiк туризм), сондай-ақ спорт және хикаялы (шұғыл) туризм сияқты демалыстың белсендi түрлерiмен шұғылдану мүмкiндiгiнде.

Италия, АҚШ, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi мен Түркиядағы туристiк орталықтар дамуының тәжiрибесi айтарлықтай.

Аталған елдердiң туризм индустриясын дамыту негiзiнде туристiк сала инфрақұрылымын, көлiктi және қызмет көрсетулер салаларын дамыту жатты.

Туристiк орталықтардың белсендi дамуы Италияда (Рим, Венеция), Түркияда (Бодрум, Мармарис, Анталья), AҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай аралдары), Египетте (Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок) байқалды. [4]

Осы әлемдiк туристiк орталықтар туризмi инфрақұрылымының негiзiн қазiргi заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар аталған туристiк орталықтардың дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи-климаттық жағдайлардың рөлi маңызды болды.

Осы өңiрлердiң туризм индустриясының тиiмдi дамуына мемлекеттiң бизнестiң кәсiпкерлiк бастамаларына қолдау көрсетуi, сондай-ақ туризм инфрақұрылымын қалыптастыруда мемлекеттiк-жеке әрiптестiк ықпал еттi.

Шетелдердiң мысалы көрсеткендей, ұлттық парктерге келетiн туристер (мысалы, Кенияда, Америкада, Қытайда) онда жыл сайын 1 млн. -ға дейiн АҚШ долларын қалдырып кетедi. Қорықтарға, ұлттық парктерге тауарларды сату және ақылы қызмет көрсетулер есебiнен өз бетiнше ақша табуға рұқсат берiлген. Ұлттық парктер табатын қаржылық қаражат оларды дамытуға, сондай-ақ қорғау мен қалпына келтiру ic-шараларын жүргiзуге жұмсалады.

Осыдан шыға отырып, "Экономиканың басым секторларында пилоттық кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысымен Алматы қаласы мен Алматы облысында "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен дамыту жөнiндегi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлдi.

Туристiк кластер жасаудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi туристiк индустрияны одан әрi дамыту стратегиясын айқындау мақсатында Қазақстан өңiрлерiнiң туристiк әлеуетiне маркетингтiк зерттеулер жүргiзу үшiн 65 млн. теңге көлемiнде қаржылай қаражат бөлдi. Аталған зерттеулердi жүргiзу үшiн стратегиялар әзiрлеуде және туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына туристiк өнiмдi жылжытуда көшбасылық орынды иеленушi "International consulting group оп tourism "IРК" (бұдан әрi - "IРК International") компаниясы тартылды.

Жүргiзiлген зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанның бәсекелiк артықшылықтары мен ұзақ мерзiмге арналған кластерлiк бастамалар ескерiле отырып, елдiң туристiк индустриясын дамыту стратегиясы жөнiнде ұсынымдар тұжырымдалды, бiрқатар жобаларды iске асыру көзделдi, олардың бiрi осы Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу болып табылады.
Жоғарыда аталған Жоспарды iске асыру шеңберiнде мынадай жұмыстар жүргiзiлдi:

Туристiк сала Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17 қыркүйектегi № 925 қаулысымен бекiтiлген экономикалық қызметтiң басым түрлерi тiзбесiне енгiзiлдi, бұл әлеуеттi инвесторларға Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген жеңiлдiктер мен артықшылықтарды пайдалануға мүмкiндiк бередi;

Бұрын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 ақпандағы №196 қаулысымен Қазақстан Республикасының резидент еместерi мен резиденттерiне арналып республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн 0, 1 - 0, 2 ең төмен есептiк көрсеткiш көлемiнде бiрыңғай төлем ставкалары белгiленедi;

Қазақстандық-ресейлiк үкiметаралық комиссиясының кезектi отырысында (2005 жылғы 18-19 қазан) хаттамалық шешiмге "Байқоңыр" ғарыш айлағында iшкi және сырттан келушiлер туризмiн дамыту жөнiндегi iс-шаралар енгiзiлдi;

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi 2004 жылдан бастап Туризмнiң қосалқы шотын құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзiп келедi, сондай-ақ экономикалық қызмет түрлерi бойынша (ЭҚТЖ) және экономикалық қызмет түрлерi бойынша өнiмдер жөнiндегi (ЭҚТӨЖ) қолданыстағы жiктегiштерге өзгерiстер енгiзу туралы мәселе де пысықталуда;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның және Еуропа үшiн Дүниежүзiлiк туристiк ұйым комиссиясына мүше-елдердiң ұлттық туристiк әкiмшiлiктерiнiң қолдауымен 2006 жылғы 25-27 сәуiрде Алматы қаласында Тұрақты туризмдi дамыту мәселелерi жөнiндегi Еурокомиссияның 45-отырысы өткiзiлдi;

Дакар (Сенегал) қаласында 2005 жылы 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткен Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Бас ассамблеясының XVI отырысында 2007 жылы Қазақстанды Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Атқарушы Кеңесiнiң құрамына ұсыну туралы мәселе енгiзiлдi;

Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2005 жылғы 20 маусымдағы N 220 бұйрығымен туризм саласындағы уәкiлеттi органның жанындағы туризм жөнiндегi сараптама кеңесi бекiтiлдi. [7]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экотуризм
Оқушылардың әлеуметтік және туристік таңдауы
Қазақстандағы экотуризмнің дамуы
Қазақстан биоресурстары. Өсімдіктер әлемі туралы ақпарат
Экологиялық туризмнің негізгі міндеті – табиғатты сырттай бақылау
Туризмнің мәдениетке әсері
Берікқара шатқалы
Туристік инфрақұрылымды жақсарту бағдарламасы
Әлеуметтік инфрақұрылым салалары
Гастрономиялық туризмнің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz