Туристік мемлекеттік реттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 1
1 Мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері 4
1.1 Мемлекеттік реттеу түсінігі және әдістері 4
1.2 Туризм саласының мемлекеттік реттеу қажеттілігі 9
2 Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеу 12
2.1 Туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесін талдау 12
2.2 Қазақстанның туристік нарығына экономикалық талдау 20
3 Қазақстан туризмін мемлекеттік реттеу механизмі 32
Қорытынды 38
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 41

Кіріспе

Экономика қоғам дамуының негізі, ал мемлекет сол қоғмның негізгі буыны
болып табылады. Өз кезегінде мемлекет экономиканы реттеуді жүзеге асырады.
Экономиканы ретеу қоғамдық даму мен мемлекеттің экономикалық сипатына
байланысты әр түрлі деңгейде және әр түрлі әдістер қолданылады.
Экономиканы мемлкеттік реттеуде мемлекеттің рөлі оның экономикалық
процестерді реттей алатын қабілеті экономика мен саясатың байланыстыратын
экономикалық саясаттың жасалуына тәуелді болады. Экономикалық саясат
дегеніміз экономикалық реттеудің шоғырланған мағынасын береді. Экономикалық
заңдардың дамуын адамзат қоғамы саясатты қолдану арқылы жүзеге асырады.
Мемлекет қоғамның жемісі болып табылады және ол ылғи да рететуді қажет
етеді.
Қазақстан Рсепубликасының өз егемендігін алып, жаңадан анрықтық
қатынастарға өтіп, дамудың нарықтық жолына түсуіне байланысты елдегі
мемлекеттік ретттеудің мақсаты мен бағыттары өзгеріп, экономиканы
мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін дамытудың қажеттігі
туындады. Атап айтқанда, бастапқы жылдары елдің тұрақтылығын қамтамасыз
ету, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, әлеуметтік саланы қолдау,
экономикалық өсуді қамтамасыз ету болып табылатын.
Ал бүгінгі еліміздің аяғынан нық тұра бастаған кезеңде экономиканы
мемлекеттік рететудің жаңа формалары мен әдістерін жүргізудің маңыздылығы
туындап отыр. Ол әсіресе Қазақстанның алдағы жылдары әлемнің ең дамыған 50
елінің қатарына қосылуға ұмтылған бағдарламалар мен Жолдаулардың негізінде
болып отыр. Сол себепті, Қазақстан үшін экономиканы мемлекеттік реттеу мен
қолдаудың, дамытудың әдіс-шараларын ендігі жерде дамыған елдердің
экономиканы реттеу мен ұлттық экономика үшін маңызды болып отырған салалар
мен даму жолдарын мемлекеттік рететудің рөлі орасан зор болып табылады.
Тақырыпты орындаудағы мақсат пен міндеттеріме келесілер жатады:
экономиканы мемлекеттік рететудің қажеттігін, маңызын және қалыптасқан
реттеу бағыттарын айқындау; экономиканы реттеудің қажеттігі мен
ерекшеліктеріне тоқталу, нарықтық экономика кезіндегі мемлекеттік реттеудің
әдістерін талдау және Қазақстан үшін бүгінгі таңдағы маңызды болып
табылатын экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістерін талдау болып
табылады.
Отандақ туристік нарықтағы қазіргі жағдай маркетинг қағидалары мен
әдістерін қолдануды, жаңа тұтынушының негізгі әлпеттерін оқып-үйренуді,
сонымен қатар туристік қызметті тұтынушылардың мінез-құлықтық
ерекшеліктерін және ынталандыруды қолдануды талап етеді. Туризмді оқып-
үйренумен байланысты мәселелерді жасауға, сондай-ақ экономика мен маркетинг
сұрақтарына байланысты мәселелерді жасауға мынадай ғалымдар өз үлестерін
қосты, олар И.В.Зорина, О.А.Брайнер, Р.Д.Рейд, Л.Л.Николас, Д.Е.Шерри,
Р.Оливье, Ф.Котлер және басқалары.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы мен даму мәселелері және,
жекелеп қарастырғанда, туризм нарығы У.Б.Баймұратов, К.Б.Бердалиев,
Ж.О.Ихданов, Р.А.Қамшыбаев, М.К.Кенжегузин, Н..К.Мамыров сияқты отандық
экономист-ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстанда туризм нарығын дамытудың
экономикалық механизмдерін жетілдіру бойынша теоретикалық және тәжірибелік
ұсыныстарды жасау болып табылады. Зерттеу мақсатын өткізу үшін курстық
жұмыста келесідей негізгі тапсырмалар қойылған:
• Туризмнің қалыптасуы мен дамуының теориялық негіздерін зерттеу;
• Туризм саласын мемлекеттік реттеу жүйесін саралау
• Қазақстанда туризмнің тиімді қызмет етуіне кедергі болатын мәселелерді
ашу және жалпыландыру;
• Туристік саланы инвестициялаудың ерекшеліктерін ашу және оларды
қолданудың негізгі бағыттарын анықтау;
• Қазақстан Республикасында туристік қызметтің тиімділігін жоғарлатуға
бағытталған ұсыныстарды ұсыну.
Зерттеудің теориялық негізі туризм нарығын дамыту мәселелері,
экономикасы мен маркетинг сұрақтары бойынша отандық және шетелдік
ғалымдардың жұмыстары, сонымен қатар туристік қызметтің ұйымды-құқықтық
сұрақтарын реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мен
Президенттің жарлықтары, Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық
актілері болып табылды. Зерттеудің ақпараттық базасы ҚР-сы статистика
агенттігінің статистикалық деректері, Туризм мен спорт бойынша ҚР-сы
агенттігінің нормативті-құқықтық және есептік материалдары, туристік
фирмалардың есептері, әлеуметтік сұрау қортындылары.
Курстық жұмыстың құрылымы мен жазылу тәртібі зерттеудің мақсаттары мен
тапсырмаларына байланысты анықталған. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қортындыдын және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері

1.1 Мемлекеттік реттеу түсінігі және әдістері

Мемлекеттің пайда болуымен қатар оның экономикалық қызмет ететін
сферасыда қалыптасты. Мемлекеттің қандай жағдай болса да, экономикаға
араласуы және реттеуі бүгінгі экономикада объективті қажеттілік.
Тарихи жағынан дамыған елдерде экономиканы реттеу жөніндегі екі
негізгі әдістемелік бағыт қалыптасқан.
Кейнстік мектеп – шаруашылық механизмін мемлекеттік реттеу
концепциясы және мемлекеттің қоға мадық шаруашылық өміріне араласпауы
туралы неокейнстік кездерде консервативті доктриналардың синтезі. Осы
аталған екі теориялық ағымдардың өздеріне тән ортақ негізі бар. Олардың
екеуі де мемлекетті қоғамның стратегиялық мақсаттарына жетуге бағытталған
экономикалық саясат жүргізу үшін белгілі меншіктің формасы мен шаруашылық
қызметтер негізінде қамтамасыз етілген. Ал олардың бір-бірінен негізгі
айырмашылығы мемлекеттік ықпал жасаудың әр түрлі тәсілдері арқылы
айқындалады. Олардың біреулері мемлекеттің экономикалық процестерге мүлдем
араласпауын жақтайды. Оның өкілі Хайек мемлекеттің түнгі күзетші рөлін
атқарғанын дұрыс дейді.
Ал Кейнс және посткейнстік өкілдер нарық параметрлерінің жағдайына
бақылау жасауды мемлекеттің басты қызметі деп есептеді.
А.Смит мемлекеттің үш негізгі міндетін атап көрсетеді:
1. Әскери қауіпсіздікті сақтау;
2. Құқықтық қызметтер;
3. Қоғамдық қатынастарды реттеу;
Ал мемлекеттік экономикалық реттеу туралы Орешин былай деді:
экономиканы мемлекеттік реттеу мемлекеттің құқықтық шаралар жүйесі, реттеу
экономикалық тұрақтылықты және дамуды қамтамасыз етуге және әлеуметтік-
экономикалық жүйенің қызметіне араласу болып табылады.
Қазақстандық экономистер Ихданов пен Мамыров экономиканы мемлекеттік
реттеуді мемлекеттің өзіне негізгі административті экономикалық және
ұйымдық-құқықтық араласуы, әсіресе әлеуметтік-экономикалық процеске, яғни
оның рационалды балансын және макроэкономикалық тұрақтылығын қолдау көрсету
екендігін атап өтті.
Мемлекеттік реттеу экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауға және
дамытуға ынталы болады. Жалпы нарық механизміне тән кемшіліктерді мемлекет
экономикалық реттеу арқылы түзетіп отыруға тиісті.
Мемлекеттік реттеудің келесідей түрлері бар:
• Шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизм;
• Нарықтық және басқа да экономикалық жүйелердің ұштасуының әр түрлі
нұсқасы;
Экономиканы мемлекеттік реттеудің басты үлгілері:
• Адаптациялық үлгі – мысалы, АҚШ экономикасын реттеу үлгісі;
• Белсенділік үлгі, яғни Жапония мысалында.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі әдістеріне тоқталатын болсақ:
1) Құқықтық реттеу – мемлекеттің тарапынан;
2) Өндіруші фирмалар және тұтынушылар үшін экономикалық қызмет тәртібінің
белгіленуі жатады. Бұл жерде заң нормалары және ережелер жүйесі меншік
формалары мен ережелерінің жүйесі меншік құқықтарын келісім-шарт
жасаумен фирманың қызмет ету шарттарын кәсіподақтармен реттеп отыру;
3) Әкімшілік реттеу – лицензиялау, квота белгілеу шаралары жатады.
Қазіргі кезде көбінесе әкімшілік реттеу қоршаған ортаны қорғау
шараларымен айналысады.
4) Экономикалық әдістер нарықтық қатынастардың сипатынажәне ұлттық
экономиканың шеңберінде нарықтық ортаға ықпал жасауға талап етеді. Бұл
жиынтық сұранысқа, жиынтық ұсынысқа, капиталдың шоғырлану дәрежесіне
әсер ету арқылы реттеу шараларын жүргізеді.
Ал экономиканы мемлекеттік реттеудің келесі бағыттардағы қызметтері
кең тараған:
• Ұлттық қорғаныс;
• Фундаменталды ғылым;
• Космостық зерттеулер;
• Денсаулық сақтау;
• Қала құрылысы, заводтар салу;
• Мемлекеттік несиелендірудің пайыз қойылымын, тауарлардың сапасын
реттеу;
• Ресурстарды тиімді бөлу мен ұтымды пайдалану;
• Монополияға қарсы тұру, бәсекені қолдау шаралары;
• Жұмыссыздықтықтың орын алуын, инфляция, сұраныс пен ұсыныстың
тепе-теңдігінің бұзылып отыруын реттеп отыру;
• Әлеуметтік мәселелер мен қоршаған ортаның ластануын реттеу.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары келесідей:
• Жалпы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
• Шаруашылық қызметтің кординациясын дамыту;
• Бәсекелік ортаны барынша қолдау.
Осыдан барып келесі төрт көрсеткіш шығады:
1) Экономикалық өсім;
2) Жұмысбастылықтық жағдайы мен деңгейі;
3) Бағаның тұрақтылығы;
4) Сыртықы экономикалық тепе-теңдік.
Экономиканы мемлекеттік рететуде негізгі субъект мемлекеттің өзі болып
табылады, ал реттеу объектісі экономиканың әлсіз және реттеуді қажет ететін
салалары мен аумақтары.
Экономиканы мемлекеттік реттеуде нарықты реттеудің әдістерін келесідей
жіктеуге болады:

Сурет- 1 – Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері

1-ші суреттен көріп отырғанымыздай тікелей реттеу шаралары неғұрлым
әкімшілік сипат алады да, ал жанама реттеу әдістері экономикалық сипат
алады.
Мемлекет тарапынан экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық
жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып
табылады.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды
реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық
салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге
пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық
жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi. Экономиканы
салықтық және соның негізінде қалыптасатын бюджеттік реттеудегі басты
саясат фискалдық саясат болып табылады. Ол экономиканы салықтық тежеу мен
ынталандыру, бюджеттік қолдау мен реттеу шараларының жиынтығынан тұрады.

Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу – бұл макроэкономикалық тепе-
теңдіке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның
үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер
пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші
субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін
мақсатты және нақты қолдану процесі.
Қаржылық реттеудің түрлері салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-
кредиттік, кедендік-тарифтік, валюталық-қаржылық реттеулерді қамтиды. Осы
аталған экономиканы қаржылық реттеулердің ішінде салықтық реттеудің орны
мен маңыздылығы ерекше болып табылады. Экономиканы салықтық реттеуде тура
және жанама салықтар қолданылады.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық, соның ішінде қаржылық
нысандар мен әдістер арқылы жанама реттеме негізгі қолданыста болады.
Дүниежүзілік тәжірибе салықтық реттеуде келесідей реттеу әдістерін: салық
салуда – салықтардың мөлшерлемелері, салық салу жөніндегі жеңілдіктер мен
санкциялар, салықтық-бюджеттік ынталандыру және тежеу саясаттары, салықтық
бөлу және қайта бөлу, бақылау қызметтері жатады.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен
міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір
бөлігі болып табылады. Салықтар өз кезегінде қаржының бастапқы категориясы.

Салықтардың мәнiн толық түсiну үшiн олардың экономикалық маңызын
түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын
қызметiне тiкелей қатысты.
Сонымен, салықтардың жалпы экономика дамуында атқаратын келесiдей үш
қызметтерi бар:
• Фискалдық;
• Рететушiлiк;
• Бақылаушылық.
Салықтардың экономиканы реттеудегі басты қызметi – фискалдық немесе
бюджеттiк қызмет деп аталады. Бұл салық қызметi арқылы мемлекеттiк
бюджеттiң кiрiс бөлiмi құрылып, салықтардың қоғамдық мiндетi құрылады.
Себебi, салықтар мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiн топтастыра отырып,
әлеуметтiк, әскери, қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да
шаралардың iске асуын қамтамасыз етедi. Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзiн
құрайтын негiзгi қаржылық көздер – салықтар болып табылады.
Қаржылық реттеудің басты мазмұны фискалдық саясатты – бюджет
(мемлекеттің шығыстары) пен салық саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде
затталады. Тікелей қаржылық реттеудің процесін жүргізе отырып, ұлттық
табыстарға кәсіпорындардың, аймақтардың үлесін көбейту немесе азайту арқылы
мемлекет олардың дамуын көтермелеп немесе шектеп отырады.
Мультипликатордың іс-әрекеттерінің жоғары баяндалған мүмкіндіктері
ескеріле отырып экономикалық циклдың сипатына қарай дискредициялық
фискалдық саясаттың нұсқалары тұжырымдалады. Құлдырау кезінде ынталандырушы
фискалдық саясат жүргізіледі. Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық
экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк
құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды
өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген,
құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Аталған ынталандырушы бюджеттік-салық саясаты мыналарды қарастырады:
1) мемлекет шығыстарының көбеюі;
2) салықтардың төмендеуі;
3) мемлекеттің шығыстарының артуының үлкен нәтижесін ескере отырып
фискалдық саясаттың бұл бағыттарының үйлесуі.
Тежеушілік фискалдық саясат бюджет артығына жетуге бағдарлануы тиіс.
Артық сұраныммен және инфляциямен шарттасылған тежеушілік фискалдық саясат
кері бағыттарды қамтиды:
1) мемлекет шығыстарының азаюы;
2) салықтардың көбеюі;
3) бұл бағыттардың өзара үйлесуі.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше
экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып
табылады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың
екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық
арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз
етеді; шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік
қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік рететулердің негізгі
құралдарының бірі болып табылатын мемлекеттік бюджет, мемлекеттік
қаржылардың басқа да қорларының негізгі қайнар көзі салықтық түсімдер болып
табылады. Сондықтан мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастырудың негізгі
көзі – салық жүйесі және оның басты функцияларының бірі болып табылатын
халыққа және шаруашылық қызмет етуші субъектілерге салынатын тура және
жанама салықтардың құрамы мен мөлшері болып табылады.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiндегi
салықтық төлемдердiң үлесiн келесi 1-шi кестеден көре аламыз.
Кестеден көрсетiлген мәлiметтердi қарастыра келе, қазiргi кезде
елiмiздiң бюджетiнiң кiрiс көзiнiң 90%-ы салықтардан тұратыннын көруге
болады. Ел экономикасы дамып, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс көзi ұлғайған
сайын салықтық түсiмдердiң де өсiп отырғаны байқалады. Себебi, салықтың
экономикалық табиғаты өндiрiске байланысты. Өндiрiс бар жерде табыс та бар,
одан алынатын салықтар да бар. Сондықтан салық өндiрiстiң дамуына барынша
өз ықпалын тигiзiп, өндiрушiлердiң ынтасын арттыруға жағдай жасауы қажет.

1.2 Туризм саласының мемлекеттік реттеу қажеттілігі

Қазақастан Республикасы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің
негізгі принциптері келесі топқа бөлінеді.
1. туристік қызметке жәрдемдесу және оның даму үшін қолайлы жағдай жасау.
2. тур қызметінің басым бағытын айқындау және қорғау
3. Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті
қалыптастыру
4. Қазақстан Республикасының туристермен туристік ұйымның және олардың
бірлестіктерінің қауіпсіздіктерін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету,
сондай-ақ олардың мүдделерімен мүлік қорғау.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты келесі
топтарға бөлінеді:
1. азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп тұру
құқықтарын қамтамасыз ету.
2. Қоршаған ортаны қорғау
3. Туристерге тәрбие білім және оларды сауықтыруға бағыттайтын қызмет
үшін жағдайлар жасау
4. Саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін
туристік индустрияны дамыту.
5. Туристік индустрияны дамыту себебін жаңа жұмыс орындарын құру,
мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табысын молайту
6. Халықаралық туристік байланыстарды дамыту болып туады.
Туристік қызметті мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:
1. Туризмді Қазақстан Республикасының жоғары рентабельді саласы ретінде
қалыптастыру
2. Туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау
3. Туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау
4. Қазақстан Республикасының аумағында келу туризммен және ішкі туризммен
айналасатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту.
5. Ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік
қызметтің тиімді жүйесін құру болып табылады.
Туристік мемлекеттік реттеу
1. Туризм индустриясын туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі
саясатты айқындау
2. Туристік қызмет саласындағы қатынастырды жетілдіруге бағытталған
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті
лицензиялау, туристік индустрияны қызмет көрсетулерінің стандарттау
және сертификаттау.
4. Бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік
бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу
5. ТуристікТуристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
6. Отандық туристердің тур операторларымен, турагенттердің және олардың
бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларына қатысуына
жәрдемдесу
7. Ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда өнімді ұсынуға жәрдемдесу.

8. Елдің туристік ресурстары ұтымды және тиімді пайдаларды есепке алумен
қорғауды қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.
Туристік қызметті ұйымдастыру
Туристердің құқықтарымен мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан
Республикасында тур операторлық тур агенттік, экскурсиялық қызмет, туризм
нұсқаушысы көрсететін қызметтер лицензияланады.
Лицензия алу үшін тур операторлар мен тур агенттерге азаматтық
құқықтық жауапкершіліктің сақтандыру шартын жасасу керек, бұл ретте
сақтандыру соммасы 10000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.
Туристік қызмет саласындағы сертификаттау мен стандарттау
Қазақстан Республикасының үкіметі бекіткен тізбегі сәйкес, Қазақстан
Республикасында туристік индустриалда қызмет көрсету міндетті
сертификаттауға жатады.
Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті орган
белгіленген мемлекеттік стандарттаудың міндетті талаптары Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
Стандарттау метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті
орган туристік қызмет саласындағы органның ұсынысы бойынша ұйымдастырудың
туристік қызмет саласындағы сертификаттау жөніндегі жұмыстарын жүргізу
құқығын аккредитациялауды жүзеге асыру.
Туристік қызмет көрсету шарты
І. Туристік қызмет көрсету шарты негізінде жүзеге асырылады. Туристік
қызмет көрсету шартты жазбаша нысанды жаслады және Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес болуға тиіс.
ІІ. Шарттың елеулі талаптарына мыналар жатады:
1. Туристік қызметі жүзеге асыруға берілетін лицензия туралы дерктерді
қоса алғанда тур оператор немесе тур агент туралы ақпараттар, оның
атауы тұрған жері және бактегі деректемелері.
2. Туристік өнімді өткізу үшін қажетті көлемде туристік туралы мәліметтер

3. Барлық болатын пукттерді көрсете отырып, болатын елдегі саяхаттың
бағдарламасымен маршруты туралы, туристердің қауіпсіздігі, жағдайлары
туралы, туристік, туристік қызмет көрсетуге сертификаттың болуы
туралы, ақпаратты қоса алғанда, туристік өнімнің тұтынушылар туралы
дұрыс ақпарат.
4. Саяхаттың басталу және аяқтаулу күні мен уақыты
5. туристерді күтіп алу, шығарып салу және оларға ілесіп жүру тәртібі.
6. Туристік өнімнің бағасы және оны төлеу тәртібі
7. Тараптардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі
8. Шартты өзгерту және бұзу жағдайлары

2 Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеу

2.1 Туризмнің жалпы ішкі өнімдегі үлесін талдау

Туризм әлемдік экономикада басты рольдің бірін атқарады. Дүниежүзілік
туристік ұйымның деректері бойынша, ал әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің 10 %,
халықаралық инвестицияның 11%, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын
қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы бойынша табысы жоғары және серпінді
дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің
бірі болып табылады.
2009 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын
дүниежүзілік табыстың 8% қызмет көрсету секторы экспорттың 37 % құрайды.
Туризммен түскен табыс, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының
табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығумен байланысты болады. Мұның өзі адамдардың демалуына негізгі құқығын
тану болып табылады. Ол жеке адамды және халықтар арасындағы өзара
түсінікті дамытудың факторына айналады.
Дүниежүзілік туристік ұйымдардың туризм жөніндегі мамандарын
халықаралық ұйымдардың зерттеулеріне талдауына мемлекеттің туризмді дамыту
саясатына сәйкес туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Қазіргі туризм бұл әлеуметтік экономиканың құлдырауды білмейтін
саласы. Туризм жалпы алғанда мемлекеттің экономикалық үш оң нәтиже береді.
1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі
мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткішке оң ықпал
жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен
Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша
туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларды
пайда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм
тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал
жасайды.
3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс
істеуі жол көмегін, сауданы коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық
қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы
басқа экономикалық секторлардың көпшілігінен салыстырғанда неғұрлым
пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және
тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен бос уақыты өткізумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, халықтармен олардың әр түрлі
мәдениетінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір
факторы болып туады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға,
экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-уқатына күшті әсерін назарға
ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында
туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осы тұжырымдама туризм
саласында тұтас мемлекеттің саясаттың қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі
заманғы бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушының
және экономикалық негізінде қалыптастыруды көздейді.Қоғамдық қарым-қатынас
пен техника және технологияның қарқында даму кезеңінде – ХХ ғасырдың екінші
жартынсында туризм гүлдене дами түсті. Бүгінде туризм ірі капиталдарды,
негізгі қаражаттарды және еңбек ресурсының ауқымды бөлігін іске қосқан,
әлемдік жалпы өнімнің 11 пайызына дейін орын алып отырған ірі әлемдік сала.
Бұл жаһандану деңгейдегі салмақты саясат, үлкен ақша және ірі бизнес болып
саналады.
Егеменді Қазақстан да туризмнің дамуына мемлекет экономикасы мен
қоғамында дәрежесін көтеруге көңіл бөлуде. Әлемдік нарықта Қазақстанның тур
өнімдерінің қозғалысына әсер ететін туризм индустриясының дамуына және
бұл мәселелерді қалыптастыру жөніндегі зерттеулер, сонымен қатар 1992
жылдан бері көптеген заңдар енгізілді. Қазақстанның қазіргі экономикасында
туризм рөлі үздіксіз өсуде. Тек соңғы 2007 жылы елімізге келген туристер
саны 229 014 адамды құрайды. Өкінішке орай, Қазақстанда туризм саласының
әлі де тиімсіздеу екенін айта кетуге тиіспіз. Шығу туризмі бойынша қызмет
көрсетілген туристердің жалпы саны - 94 692 адамды құрайды. Ішкі туризм –
89332 адам көлемінде. Ең төменгі көрсеткішті келу туризмі құрайды, ондағы
адам саны - 44990. Бұны пайыз тұрғысынан қарасақ, шығу туризмі - 48 % тең,
ал келу туризмі тек 19% ғана көтерілген. Шығу және келу туризмінің арасында
үлкен айырмашылық бар екенін сандар көрсетіп отыр, бұл Қазақстанда келу
туризмін дамытудың қажеттілігін білдіреді. Қазақстан Республикасының
облыстары бойынша туристік қызмет көреткіштерін 1-шы кестеден көруге
болады.

Кесте 1. Қазақстан Республикасының облыстары бойынша қызмет көрсетілген
туристердің саны, адаммен

Облыстар 2007ж. 2008ж. 2009ж.
Қазақстан Республикасы 229014 292738 434943
Ақмола 14125 8861 20081
Ақтөбе 2264 3740 5235
Алматы 21300 61633 41369
Атырау 1624 692 18133
Шығыс Қазақстан 17597 17462 25299
Жамбыл 5630 6127 6797
Батыс Қазақстан 367 3035 10546
Қарағанды 6147 11500 15393
Қостанай 1374 1365 3572
Қызылорда 271 1139 3425
Маңғыстау 7877 4225 10061
Павлодар 4119 6164 5999
Солтүстік Қазақстан 2610 6799 14432
Оңтүстік Қазақстан 4005 3597 4216
Астана қаласы 39499 55067 99512
Алматы қаласы 100205 101332 150913

*Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері, 2010 жыл

Кестеден көріп отырғанымыздай, Қазақстан Республикасында қызмет
көрсетілген туристердің жалпы саны таданып отырғна үш жылда 956695 адамды
құраған, туристік қызмет алушы адамдардың саны жылжан-жылға көбейіп келе
жатыр. Туристерге ең жоғары көлемде қызмет көрсететін орталықтар Алматы
қаласы, Астана қаласы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Ақмола
облысы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қостанай, Қызылорда,
Оңтүстік ҚазақстанАқтөбе және Павлодар облыстарында ұйымдастырылған
туристік фирмалардың санының аздығына байланысты, қызмет көрсетілген
туристердің де саны бұл облыстарда төмен деңгейді көрсетеді.

Сызба 1. Туристік фирмалар қызмет көрсеткен келермендер туризм типтері
бойынша (адам).

1-сызбада Қазақстанға шетел туристерінің келуі және Қазақстан
азаматтарының шетелге шығу динамикасы көрсетілген. Берілген сызбаға сәйкес,
2007 Қазақстанға келген шетел туристерінің саны 44990 адамды құрайды.
Туристердің келуінің ең жоғары көрсеткіші осы жылы байқалды. 2008 жылы
шетел туристерінің біздің елге сапарының күрт төмендеп кеткенін байқаймыз.
Осылайша, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жыл келген туристердің саны
8505 адамға көбейген, ал өз кезегінде 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда
адам саны 13623-ке кеміген. 2007 жыл, керісінше Қазақстанның туризм
саласына жақсы болды, өйткені біздің елімізге келген туристердің ең көп
көлемі осы жылы байқалды. Бұл әлеуметтік-экономикалық деңгейдің
көтерілуімен және саяси жадайдың бір қалыптылығымен байланысты. 2007-2009
жылдардағы Қазақстан Республикасындағы туристік фирмалардың қызмет көрсету
көрсеткіштерін келесі кестеден көруге болады.

Кесте 2. Туристер санын туризм түрлері бойынша бөлу көрсеткіштері

Сатылған Жолдама- Қызмет Қортындысына
Туризм түрлері жолдама- лар құны, көрсетіл-гепайызбен
лар саны, мың теңге н туристер
бірлік саны, адам
Жолда-маТурис-те
лар құныр саны
2007 жыл
Барлығы 86435 2447104,5 229014 100 100
Келу туризмі 3860 110303,8 44990 4,5 19,7
Шығу туризмі 44599 1997854,6 94692 81,6 41,3
Ішкі туризм 37976 338946,1 89332 13,9 39,0
2008 жыл
Барлығы 143548 3472507,0 292738 100 100
Келу туризмі 4099 125408,1 31367 3,6 10,7
Шығу туризмі 90607 3080290,9 154885 88,7 52,9
Ішкі туризм 48842 266808,0 106486 7,7 36,4
2009 жыл
Барлығы 125533 4596021,4 434943 100 100
Келу туризмі 4515 93873,6 39872 2,0 9,2
Шығу туризмі 70698 4091243,6 210692 89,0 48,4
Ішкі туризм 50320 410904,2 184379 9,0 42,4

*Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері, 2010 жыл

Қазақстанға шетел азаматтарының келуі және Қазақстан азаматтарының
шетелге шығуы жөніндегі мәліметтерді қарастыратын болсақ, онда Қазақстан
азаматтарының шетелге шығуы төмендеп, Қазақстанға шетел азаматтарының келуі
жоғарлаған. Шетелге шыққан және шетелден келген туристердің жалпы санының
ішінде негізгі үлесті алатындар жеке сапармен келушілер, транзитпен
өтушілер және қызметтік сапармен келушілер болып табылады.
Осы таңда Қазақстан Республикасында туризм индустриясын өркендету
жөніндегі үлкен проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі
қалыптаспаған кезде бүтін проблема туып отыр. Туризм саласы және жүйесі әлі
қалыптаспаған кезде бүтін индустрия туралы не айтуға болады? Қоғам бұл
мәселені айтып, жоғары деңгейге дейін сұрақ көтеруі тиіс.
Осы заманға туризм индустриалды формасы бар, ұлттық экономиканың
дамуының негізгі катализаторы болып табылатын, жаңа жұмыс оның пайда
болдыратын, ұлттық кірістің өсуіне әсер ететін, жергілікті халықтың
тұрмысын көтеретін экономикалық құбылыс. Туризм саласында алдыңғы қатардағы
шетелдің туризм индустриясын мысалға алсақ, оған салынған инвестициялардың
тез өзін өзі ақтауының ең жоғарғы тиімділігін көреміз. Бұл дегеніміз туризм
өзі жетілген мемлекеттің экономикасына оң ықпалын тигізеді деген сөз.
Қазақстан аумағында мың жылдықтан алатын Ұлы Жібек жолының пайда
болуы мен дамуы тарихи негіз болып табылады. Табиғи климаттық жағдайларына
байланысты, Қазақстан рекреакциялық ресурстарға, ерекше әсем табиғи
ескерткіштерге бай және қазақ даласында ата-бабамыздан келе жатқан жетпес
құнды мәдени мұралы шексіз. Айтарлықтай туристік-ресурстық потенциалы,
түрлі табиғи ортасы және жануарлар әлемі бай елдің экологиялық туризмді
дамытуға үлкен мүмкіншілігі бар. Экотуризмнің дамуы республикадығы барлық
табиғи-шаруашылық кешенінің дамуына, сонымен қатар, елдің әлеуметтік-
экономикалық басты мақсаты тұрғындары салауатты өмір сүру үшін қоршаған
ортаның жақсы жағдайды болуын қамтамасыз етеді. Дәл осы уақытта шетелдерде
туризмніңэкстремалды және экзотикалық бір түрі болып есептелетін ғарыштық
туризм қарқындап дамып келеді. Қазақстан аумағында атақты Байқоңыр
космодромы болғандықтан шетелдің ғарыштық мүмкіндіктерінің еш кем түспейді.
Аталған туризм түріне дұрыс қарап, дамуына жағдай жасаса, Қазақстан өз
байлығын көбейтіп, түскен пайданы экологиялық проблемаларды шешуге және
табиғатты қорғау шараларына жұмсар еді.
Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін, туризм басқа да экономикалық
салалар секілді жоғарыдан қатты шектеулі болатын. Толықтай тарихи
архитектуралық, археологиялық, мәдени және табиғи көз тартар ескерткіштерге
жарнамаланбады және керек болмады. Кеңес одағы кезінде Қазақстанда
туризмнің жоғары рөліне қарамай, идеологиялық қызмет атқаратын, мәдени-
таныту жұмыстары жүйесінің бір ғана элементі болып, экономикалық маңызы жоқ
болып келді. Қазақстанда туризм индустриясының дұрыс дамымауының бір
себебі, онымен мемлекттік дәрежеде, экономиканың бір саласы ретінде
мақсатты түрде ешкім де айналыспады. Туризмді кешенді болжауға, ұзақ
уақытты жобалауға, аумақтық ұйымдастыруға және мемлекеттік емес туристік
құрылымдарға жете көңіл бөлінбеді. Саланың тежелуіне себеп болған жағдайдың
бірі, жергілікті органдардың туристік қызметі, одан түскен қажының үлкен
бөлігі жергілікті бюджетке түсетініне сенбеуі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы
ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқаларына және халықтың
тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз қаланды. Сонымен қатар
қабылданған заңда, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі
тиіс. ҚР туризм туралы заңының көптеген пункттері түбірімен дұрыстауды
талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек
қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің
міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз
бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару-
нормативті базасын қайталауымыз керек. Қазақстанның туристік нарығы әлемдік
нарығы әлемдік және халықаралық стандарттар бойынша бәсекеге қабілетті
емес. Жергілікті рекреакциялық және сауықтыру мекемелерінің,
турагенттіктерінің ұсынатын турөнімі шетелдің орташа қамтамсыз етілген
саяхатшысының сұранысын қанағаттандыра алмайды. Бұл жерде мемлекет
тарапынан, туризм индустриясының дамуы туралы үлкен бағдарламаны енгізіп,
осы бағдарламада қойылған мақсаттарға жету және тапсырмалардың орындалуын
қатаң қадағалануы қажет. Ең бастысы, келу туризімін белсенділендіру үшін
елдің үлкен сеніміне иек артуымыз керек. Бұл туризмнің өн бойын
қалыптастыратын туристік индустриясының Клондайғы болып табылады.
Нақ осы сәтте Қазақстан Республикасында 846 туристік фирмалар мен
агенттіктер жұмыс істейді. 2009 жылдың басынан 434,9 мың туристер мен
экскурсанттарға қызмет көрсетілген. Бұл қызметтен кірген кіріс 6 млд. 307,9
млн. теңгені құрай отырып, өткен жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көбейген.
Қазақстан Республикасында қызмет көрсететін туристік фирмалардың
облыстар бойынша орналасуын қарастырып өтуге болады. Қазақстан Республикасы
бойынша қызмет көрсететін туристік фирмалардың жалпы саны 2009 жылы 846
фирманы құрса, оның негізгі бөлігі Алматы қаласында топтастырылған, яғни
551 фирма, жалпы қызмет көрсететін фирмалардың ішінде 65,1 пайызын алады.
Одан кейінгі үлесті Қарағанды облысы – 46, Шығыс Қазақстан облысы -34,
Алматы облысы-30, Астана қаласы – 28 алады (кесте 3).

Кесте 3. Қазақстан Республикасы және оның облыстары бойынша қызмет
көрсететін туристік фирмалардың саны (бірлікпен)

2007 ж. 2008ж. 2009 ж.
Қазақстан Республикасы 713 751 846
Ақмола 10 19 16
Ақтөбе 11 16 20
Алматы 29 37 30
Атырау 13 18 22
Шығыс Қазақстан 22 24 34
Жамбыл 13 10 11
Батыс Қазақстан 4 5 6
Қарағанды 25 29 46
Қостанай 5 6 10
Қызылорда 3 4 3
Маңғыстау 10 12 15
Павлодар 25 21 23
Солтүстік Қазақстан 7 12 15
Оңтүстік Қазақстан 5 12 16
Астана қаласы 37 26 28
Алматы қаласы 494 500 551

*Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің деректері

Кестеден көріп отырғанымыздай, туристік қызмет көрсететін фирмалардың
саны жылдан-жылға өсіп келеді, соңғы 3 жылдың ішінде олардың саны 133-ке
көбейген. Мұның негізгі себебінің бірі, қазіргі кездегі туризм саласына
мемлекет жағынан көп көңілдің бөлінуі, өйткені туризм ең жоғары кіріс
әкелетін салалардың бірі ретінде қарастырылуда. Қазақстан Республикасы
бойынша туристік қызмет көрсететін фирмалардың санын диаграмма түрінде де
көрсетуге болады. Қазақстандықтардың, көп баратын шет мемлекеттері Қытай
-30 105 адам, Туркия – 21 682 адам, Германия – 11 736 адам, БАӘ -5 465
адам, Литва – 2 879 адам, Тайланд – 1 759 адам, Франция – 1 420 адам,
Египет – 1 046 адам елдері болып табылады.

Диаграмма 1. 2009 жылы Қазақстан Республикасы бойынша қызмет көрсеткен
туристік фирмалардың саны (бірлікпен).

Нақ осы сәтте Қазақстанның туризм саласында алға жылжу байқалғанымен,
туризм дамуының айтарлықтай жақсарғанын көре алмай тұрмыз, жыл сайын шетел
туристерін тарту үшін әр түрлі іс-шаралар мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып
тұрса да, бұл тек теңіздегі тамшыдай ғана. Осы мәселеге жан-жақты және
кешенді түрде қарамауымыз қажет. Туризм дамуына байланысты сұрақтарды
мемлекет дәрежесінде шешіп, оның әрі қарай дамуына барлық жағдай жасалуы
тиіс.
Осы мәселеде, біз, туризм жүйесін дамытуға арналған келесі
критерийлер мен қызметтерді ұсынамыз:
- Мемлекет және үкімет тарапынан туризмнің дамуына көмек және демеу
көрсетуді қамтамасыз ету.
- Осы мақсаттарға жету үшін заңда көрсетілген нормативті құқықтық базаны
нығайту және тапсырманың орныдалуын қатаң қадағалау.
- Аталған саланы ең жоғары дәрежеде қаржыландыру және материалдық-
техникалық базаны көтеру.
- Туризмге инвестиция ағымын көбейту үшін қаржы-несиелік жүйені күшейту.
- Туристік инфрақұрылымдарды халықаралық стандарттар дәрежесіне көтеру.
- Шетелдерге өкілеттіктер мен елшілер көмегімен еліміз туралы олық
ақпаратпен қамталған тур орталықтар ашу.Қазақстанның мәдени-тарихи,
этнографиялықмұраларын, табиғат әсемдігін танытатын БАҚ-та, INTERNET-те
жарнамалар беріп, кеңінен насихаттау
- Болашақта Қазақстан туризмінің сәтті дамуын кепіл болатын жоғары білікті,
кәсіби шебер маман даярлау.
- Осы заманға бәсекеге қабілетті туризм индустриясын қалыптастыру үшін
ұйымдастырушылық және инновациялық негіздерді дамыту.
- Қазақстан туризм индустриясында маркетинг және менеджментін дамыту және
қолдану.
- Экономиканың негізгі секторы ретінде елдің туритік имиджін қалыптастыру.
Осы таңда Қазақстан туризм индустриясы қалыптасу кезеңінде
болғандықтан, көптеген өзгерістерге ұшырау үстінде. Барлық туристік қызмет
салаларында еңбек бөлінуі, туристік фирмалар жұмысының мамандандырылуы
секілді жаңа ұйымдастыру қызметі ізденіс үстінде.
Қазақстан туризмінің дамуы, оның жеке индустрия болып қалыптасыуы
аймақтардағы экономикалық дамудың ырғақтылығы еліміздің экономикалық
жағдайының қалыптылығын көрсететін бір бағыт-валюталық түсімдердің көбеюі-
туризм нарығындағы зерттеу жолдарының жаңа бағыттарын талап етеді.
Сонымен, мемлекеттің сауатты саясаты, туризм дамуының жаңа стратегиясы
елеміздің экономикалық өсуі мен өркендеуінің кепілі болып табылады.

2.2 Қазақстанның туристік нарығына экономикалық талдау

Біздің уақытымызда мемлекеттердің экономикасының дамуы, жеке адамдардың
сұраныстарын қанағаттандыру, елдер арасындағы әлеуметтік қатынастардың
өзара байыту үшін туризмнің мәні мен рөлін қайта бағалау мүмкін емес.
Туризм индустриясы көптеген елдердің экономикасында маңызды орынды алады.
Оның дамуы жұмыс орнының кең нарығын көрсетеді. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ
ғасырдың басында туризм толығымен халықаралық және интерұлттық болды, оған
екі өзара шартталған факторлар мүмкіндік берді: бір жағынан, үлкен табыс
алу, туристік кәсіпорындардың табыстылығын жоғарлату, бүкіл әлем бойынша
саяхаттану жағрафиясын кеңейту үшін; басқа жағынан, рентабельді болуы үшін
туристік бизнес халықаралық деңгейде инвестициялануы керек. Осы екі
фактордың өзара шартталынуының көрсетілімді мысалы ретінде круиздік туризм
әрекет етеді. Круиздер теңіздер мен мұхиттар бойынша, яғни халықаралық
сапардың мәні ретінде бола отырып елдер арасында іске асырылады. Круиздік
турлардың жағрафиясы әрдайым кеңеюде (Аляска, Филиппины, Малайзия, Тынық
мұхиты аудандарында және т.б.). Бірақ осы уақытта, бизнестің бұл түрінде
сәттілікке жету үшін компания туристік нарықтың халықаралық аренасында нық
тұруы керек және әртүрлі елдер мен аймақтарда дамыған материалдық базаға ие
лолуы керек. Мысалы, ірі круиздік туроператорлар P & O и Роял
Кариббеан дәл сондай компаниялар болып табылады. Осындай мысалдарды қонақ
үй корпорациялары сферасынан да көрсетуге болады, және агенттік-операторлық
бизнесте: Холидей Инн, Нур-туристик және т.б.аймақтар бойынша туризм
тең дамып отырған жоқ және жиі келесідей туристік аймақтар бөлініп отыр:
Европа, Америка, Шығыс Азия и Тынық мұхиты аудандары, Африка, Жақын Шығыс,
Оңтүстік Азия. Әлемнің аймақтарға пропорциалы, осы аудандардағы
территориялардың теңсіздігі туралы нақты жауапты беруге мүмкін еместігі
салыстырмалы мінездемені жүргізуге мүмкіндік бермейді, өйткені әртүрлі әлем
бөліктерін дамыту және ресурстар бойынша салыстыру жай ғана мүмкін емес.
Тек қана туристер қозғалысының дамуын салыстыруға болады. Мысалы, соңғы он
жылда туристік пайданың өсімі мен туризмнің өсуі өзгеріссіз және үлкен
сәттілікпен Жақын Шығыс және Оңтүстік Азия аймақтары ғана көрінеді.
Салыстырмалы өзінің кішігірім территориясына қарамастан оларда жеткілікті
туристік қызмет көрсету көлемі бар, ол статистиктердің, туризм бойынша
мамандардың, маркетологтар мен кәсіпкерлердің біршама қызығушылықтарын
туғызады. Тарихи туристік индустрия Еуропада туған деп қарастырылған, және
бүгін неғұрлым жоғары барылатын аймақтардың бірі болып табылады. Тарихи
алғышарттардан басқа бұған әрекет етуге басқа аймақтардағы елдерге
қарағанда, Еуропада туризмнің дамуына әлеуметті-экономикалық жағдайлардың
әрекет етуі себеп болады. Сонымен қатар, еске сақтау керек, туризмнің
массалық дамуы техника мен технологияның, сондай-ақ халықтың өмір сүру
деңгейінің әлеуметті-экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне қоғам
жеткен уақытта ғана мүмкін болады.
Нақты уақытта басқа туристік аймақтар сондай-ақ белсенді дамып отыр
және туристік ағым дамуының жоғары қарқынын көрсетеді. Бүкіләлемдік
туристік ұйымның статистикалық деректеріне сәйкес соңғы он жылдың ішінде
халықаралық туризм көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Орташа әлемдік
туристік бизнес ауқын –ауқын жүріп жатқан әлемдік және аймақтық
дағдарыстардың жүруіне қарамастан, жылына 3-4 %-ға өсіп отыр. ХХ ғасырдың
аяғы мен ХХІ ғасырдың басында әлемде туризмнің өсуі мен толығымен дамуы
тұрақты деп есептеуге болады. Шамамен 1997-1998 жж. Азиялық аймақта жүріп
өткен бірқатар экономикалық дағдарыстармен түсіндірілетін туристік бизнесте
төмендеу байқалды, соған қарамастан туристер саны жылына орташа 4 %-ға
өсті. Соңғы жылдары Еуропада өсімнің жеткілікті төмен қарқындары кезінде,
Африка, Жақын Шығыс, Шығыс Азия және Тынық мұхиты аймақтарында туризмнің
интенсивті дамуы байқалады, бірақ осы кезде Еуропа аймағында барушыладың
саны бойынша бірінші орынды сақтап қалып отыр (2007 жылы 385,9 млн. адам).
Туризм дамуының мұндай тенденциясы аймақ аралық бәсеке деп аталатын
объективті жағдайларды құрайды, оны жыл сайын байқау айқын болып келеді:
жоғарлатылған стандарттық қызмет көрсетумен жаңа курорттар пайда болып
келеді, олар ескі туристік аймақтардың өздерінің көрсететін қызмет сапасын
жетілдіруге, сонымен қатар бәсекелік күрестің жаңа сапалы жолдарын
іздестіруге итермелейді. Осылай, жаңа курорттар пайда болады, ал қызмет
көрсету стандарттары әрдайым өсіп отыр. Қосымша туристік ағымдарды тарту
мақсатында әрбір туристік аймақ туристер үшін демалу мен саяхатқа неғұрлым
жақсы жағдайлар жасауға тырысады, туристер өз үйлерінде сияқты сезіну үшін.
Маңызды рөлді әртүрлі масс-медиа құралдарында, сондай-ақ тікелей демалу
және саяхат жасау орындарында туристік өнім туралы ақпараттарды алу
мүмкіндіктері алады. ХХ ғасырда туризм неғұрлым мәнді әлеуметтік
құбылыстардың біріне айналды. Бірқатар елдерде туристік қызметтерге
халықтың шығыстары тамақтану мен үйге жұмсалатын шығындардан кейінгі үшінші
орынды алады.
Ішке кіру және сыртқа шығу туризмдері сферасында қонақ үй сервисі өзіне
туристер үшін көрсетілетін қызметтердің біртұтас кешенін енгізеді және
туристік бизнестің әлесдік жүйесінде бәсекеқабілетті Қазақстанда туризмнің
даму перспективаларын анықтайтын өзекті фактор болып табылады. Туристік
қызметтер, соның ішінде қонақ үйлік қызмет көрсетуде әлеуметті-мәдени
қызметтерге жатады. Олар қазіргі қонақжайлылық қағидаларына сәйкес
құрылады, олардың отандық туризм дамуындағы рөлін жоғарлатады, сонымен
қатар туристі-қонақ үйлік сервис үшін кадрларды дайындау жүйесінде белгілі
бір тапсырмаларды қояды.
Орналастыру – туризмнің ең маңызды элементі. Қонақ үй индустриясы –
қонақжайлылық жүйесінің мағынасы. Ол адамзат тарихында ежелгі дәстүрлерден
шығады – қонақтарды сыйлау, оларды күту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті
Туристік қызметті мемлекеттік реттеу қағидаттарықағидаттары
Туристік саланы дамыту перспективалары
Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету
Туристік бизнесте баға белгілеу саясаты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Туристік құқықтың жалпы сипаттамасы
Қазақстандағы туризм жағдайы мен даму перспективасы
Қызмет көрсету нарығы
Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары
Пәндер