Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Тіл сабақтарында грамматикалық ережелерді меңгертудің жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3-4

ІІ. Негізгі бөлім

1. 1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін өткізудің жаңа инновациялық технологияларды қолдану . . . 5-13

1. 2. Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдері . . . 14-17

1. 3. Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын жаңа технологиялық сабақтар . . . 17-20

1. 4. Қазақ тілі сабақтарында ережені меңгертудің басты талаптары . . . 20-23

1. 5. Қазақ тіл сабақтарында грамматикалық ережелерді меңгертудің жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері . . . 23-25

ІІІ. Практикалық бөлім

3 - сынып. Ана тілі сабағынан «Менің досым» атты ашық сабағы . . . 26-29

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі : ХХІ ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл - уақыт талабы», - деген еді. Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттық және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді. Озық технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Қазіргі таңдағы мектептердің іс-тәжірибелеріне дамыта оқыту жүйесі біртіндеп енгізіліп, жатыр. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Сондықтан да жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін ең негізгі басшылыққа алатын нысана деп білеміз.

Еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу барысында білім беруді реформалау жүзеге асырылып жатқаны белгілі. Осыған орай әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мұғалімдердің тәжірибесінде енгізілуде. Осыған орай, өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген технологияларының бірі - саралап - даралап оқыту технологиясы. Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей, танымдық әрекетін арттырады және ойлау қабілетін, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Тәжірибенің жаңашылығы: компьютерлік технологияны қолдану арқылы оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, интерактивтік тақталарының мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру.

Тәжірибенің тиімділігі: пәнге деген қызығушылығын арттырады, оқытуда саралау және жіктеуді қамтамасыз етеді, оқушылардың танымдық процестері мен танымдық қабілеттерін дамытады, оқушылардың сауаттылығын ашуға септігін тигізеді, оқушылардың оқу әрекетінде жетістіктерге жетуіне жағдай туғызады, оқушылардың рухани бай жеке тұлға болуына қалыптасады.

Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой- пікірін дамыту.

Саралай оқыту әрекеті - білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т. б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т. б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Оқушы дамуының негізгі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну керек. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы бала ақыл -ой деңгейі мен белсенді әрекеті арқасында репродуктивті емес өнімді нәтижеге жетеді.

Оқушылардың дербес ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім алдымен олардың ықылас-жігерін, еске сақтау мен ойлау қабілеттерін, ынтасын жалпы білім деңгейін зерттеу қажет. Бұл ерешеліктерді айқындау үшін білімді менгеру денгейін анықтауға арналған тапсырмалар дайындау, оқушы біліміне диагностика жүргізу, оқушыларға сауалдама., психологиялық тәжірибе жасау ата-аналарымен әнгіме жүргізу керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктері сабақтың сұрақ беру, кіріспе әнгіме, оқыған материалды, тағы да басқа тиянақтау сатыларында ескерілуі тиіс. Мәселен, үлгерімі жақсы оқушыларға берілген сұраққа тікелей жауап беру талап етілсе, орташаларына ойланып, қажетті есептеулер жасауға, суреттерін салуға уақыт беріледі, ал үлгірімдері төмендеріне нақты сұрақтың тізімі, жауап берудін жоспар үлгісі ұсынылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • бастауыш сыныпта қазақ тілін өткізудің жаңа инновациялық технологияларды қолдану;
  • Қазақ тілі сабақтарында ережелерді ұғындырудың жолдары мен тәсілдерін зерттеу;
  • Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын жаңа технологиялық сабақтар өткізу;
  • Қазақ тілі сабақтарында ережені меңгертудің басты талаптарын анықтау;
  • Қазақ тіл сабақтарында грамматикалық ережелерді меңгертудің жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерін зерттеу;

ІІ . Негізгі бөлім

1. 1. Бастауыш сыныпта қазақ тілін өткізудің жаңа инновациялық технологияларды қолдану

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім берудегі инновациялар - қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды.

Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Жаңа ақпараттық технологияны қолданудың басты талабы - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.

Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді.

Мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады.

Оқушынын ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін, жаңаша оқытудың бір түрі - модульдік технология. Бұл білім мазмұны мен оған меңгеру технологиясын біріктірген тұтастай жүйе.

Технология - гректік өнер, шеберлік ғылым деген сөзінен шыққан, яғни, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

Ал технологиялық оқыту түсінігі педагогика саласында 1995 жылдан бастап пайдалана басталды.

Қазақстанда осындай технология үлгісін М. М. Жанпейісова ұсынады.

Модульдің ерекшелігі мен басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол үшін жағдай жасау. Ол үшін тіл үйрену, оқушыны қызықтыру, белсенді сөздік қорын жасау және тіл ортасын ұйымдастыру [1] .

М. М. Жанпейісованың модульдік технологиясында ерекше орын алатыны - ойын. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді жұмыс түрлерін (топтық, жеке және жұппен, ұжыммен жүргізілетін жұмыстар, пікірталастар, диспуттар) қолдану оқытудын міндетті шарты болып табылады. Сондықтан сабақтарымда ойын түрлерін жиі қолданамын. Өз іс-тәжірибемде бастауыш сыныптарда өтетін сабақтар көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын, тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып, алдын-ала дайындауға тырысамын. Оған бейімделген оқушы сабақтын қызықты түрде өткенінің нәтижесінде тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы арта түсіп, оқуға ынтасы артады.

Сабақта диалогтік бөлімінің оқу модуліндегі қазір кеңінен қолданыла бастаған ойын түрлері: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Даналық ағашы», «Бақытты сәт», т. б. ойындар оқушылардын қызығушылығын арттырады.

Мысалы «Табиғат», «Еңбек» тақырыптарында, «Даналық ағашы» ойынын жиі қолдансам, «Тазалық», «Денсаулық» тақырыптарына «Аквариум техникасы» деген ойынды өткізу тиімді деп білемін. Себебі, үш топқа бөлінген оқушылар өз көз қарасын ортаға салып, қорғауға тырысады, мұғалімнің берген проблемалық тапсырмаларын орындау үстінде оқушы «Өзім» «Мен»деген сезімін, қабілетін қалыптастырады.

Мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар орындауда «Қатесін тап» ойынын қолданамын. Ойын шарты: берілген тапсырманың қатесін табу. Қателер тақырыпқа байланысты әртүрлі болады. Бұл жағдайда оқушы тақырыппен толық танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді, өз ой-пікірін ортаға салып, өз көзқарасын қорғайды [2] .

Мәтінмен жұмыс «Ұшқырлар», «Сиқырлы сандық», «Қызықты шеңбер», «Сурет арқылы мәтін құрастыр», «Сөз тіркестерінен ситуация құра», «Мені дұрыс түсін», «Даналық ағашы» ойындары арқылы өтеді.

Бұл ойындардын барлығы сайыс түрінде өтеді, ұпай сандары арқылы бағаланады. Ойын қызық және тартымды болуы үшін ойынға керекті материалдарды көрнекі, түрлі-түсті түрде дайындаған дұрыс. Бағалау парақтары, топтардың нөмірлері, жетондар, фишкалар т. б. ойынға керекті заттар түрлі-түсті қағаздардан дайындалады. Әрине, оқыту технологияларының қайсысын болмасын қолдану, оқушыны осындай ойындарға бейімдеу, қызықтыру оңай іс емес. Ал оқытушыдан білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол дайындықты қажет етеді. Оқушылардың қызығушылықпен ойнайтын ойындарының бірі - рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар кез келген оқу процесінде оқушыларды жаттықтыруда, игеру қабілетін арттыруды ұтымды қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынастағы жаттығуларды одан әрі қалыптастыруда рөлдік ойындардың қосар үлесі қомақты. Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Әсіресе бастауыш сыныптарда қолданылатын рольдік ойындар: «Телефон арқылы сөйлесу», «Дәрігердің қабылдауында», «Танысу», «Кітапханада», «Қонақта», тағы да оқушылардың сүйіп ойнайтын ойыны- мұғалімнің рөлі [3] .

Білім берудің жаңа парадигмасының пайда болуы өркениеттің дамуының негізгі аспектісі болып табылады. Білім берудің жаңа парадигмасын өмірде жүзеге асыру үшін мұғалімнің инновациялық дайындығын қалыптастыру - уақыт талабы. Мұғалгмнің инновациялық дайындығын қалыптастыру дегеніміз - әлемдік бәсекеге қабілетті білім беруді жүзеге асыратын жаңа парадигманың қоғамды дамытудағы үлесін арттыру; жалпы орта білім беретін мектептердегі инновациялық реформалардьі жүзеге асыруды жеделдету; білім беру жүйесінде инновациялық өзгерістерді, оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық, коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану және т. б.

Бастауыш сынып мұғалімдердің кәсіптік біліктілігін интернет жүйесі және электронды оқулықтар арқылы дамыту жолдарында көрнекі құралдарды пайдалану арқылы ғана сабақтың тиімділігін арттырамыз. Біріншіден, материалды түсіндіруде мұғалім қатты қиналмайды. Екіншіден, оқушыға жаңа материалды меңгеруде жеңілдік туғызады. Үшіншіден, оқушының оқуға деген ынтасын, танымдық қызығуын арттырады. Төртіншіден, оқушының есте сақтау, көру сезімдерін жетілдіреді. Мұны әсіресе, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асырып, мұғалім өз сөзі мен көрнекілікті ұштастыра білуі қазақ тілінің теориялық материалын оқушылардың сапалы да білгір меңгеруінің, өмірлік дағдыларды игерудің негізгі шарты екендігін компьютерлік көрнекілік арқылы ұғындырады.

Сонымен қатар, сабақ үстінде оқушыларды қызықтырып жүрген бар мәселелерді қамтамасыз ете алмайды, сол себепті балалардың танымдық қызығуларын арттыру мақсатын сыныптан тыс жұмыс арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім тек қана күнделікті сабақ берумен ғана шектеліп қоймай, оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, елдің тарихына, салт-дәстүріне, өнеріне деген сүйіспеншілікті туғызу үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Оның ең тиімді жолы - сайыс, интеллектуалды-шоу ойындары. Бұл арқылы оқушыларға күнделікті жүз рет сөзбен айтқан ұғымдарды бір рет көрсету арқылы естерінде мәңгі қалдыруға мүмкіндік туады. Осыған байланысты біздің мектепте «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны» сайыстары, «Менің Отаным» интеллектуалды-шоу ойыны да компьютердің көмегімен өткізіледі.

Өзінің оқушысын өз бетінше оқып үйренуге, білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайды. Осыған байланысты мектепте оқушылар арасынан шығармашылық топ құрылған. Жаңа тәсілдермен оқытуда оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес, жетекші бағытты ұстанады. Әлемді тануға, белгісізді анықтауға жауапты интернет браузерлерден табуды үйретіп, өзіндік ізденіске жетелеуге болады. Оқушылардың шығармашылық жұмысын ұйымдастыруды төрт кезеңге бөлуге болады.

Оқушы жұмысты бастамас бұрын оның негізгі мақсатын айқындап алуы керек. Мақсаты - сабақта алған білімін тереңдете отырып берілген тақырып бойынша ізденіс жұмысын жүргізу [4] .

Оқушы интернеттен таңдап алған материалын сұрыптап алуды үйренеді.

Оқушы өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.

Оқушы өзінің іздеп тапқан материалын слайд түрінде қорғауға дайындалады.

Ең үздік слайд оқушылардың арасында өтетін әр түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұсынылады.

Оқыту технологиясының бір түрі - модульдік технология. Модульді оқыту - педагогикалық технологияның барлық талаптарына жауап бере алатын оқытудың жаңа технологиясы, оқушының оқу арқылы өсу, алға жылжу мәселесінің шешімін табудағы ең тиімді жол. Қазақ тілін сапалы оқыту бағытын айқындайтын бірден-бір жаңа жол - қазақ тілін модуль арқылы оқыту әдістемесі делініп бағаланған оқытудың бұл түрінің басты ерекшеліктері мынадай: оқытудың мақсатының, нәтижесінің айқындылығы; оқу материалы тұтастай емес, бөліктерге бөлініп берілетіндігі, әр бөліктің мазмұны, құрылымдық элементтерінің болатындығы; оқытушы кеңесші, бағыт беруші қызметін атқаратындығы; студенттер өз мүмкіндіктеріне қарай жұмыс істейтіндігі; оқытушы мен студенттің арасында субъект-субъектілік қатынастың болатындығы; модуль мазмұны толықтыруға, өзгертуге икемді құрылатындығы; оқыту модуль бағдарламасына негізделетіндігі, маман дайындауға кәсіби бағыттылығы, т. б.

Қазақ тілін оқытуда үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда сапалы деңгейге шығаратын оқыту технологияларының бірі - дамыта оқыту технологиясы.

Дамыта оқыту идеясы бойынша студентке оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау және жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде болады. Шешім табылған кезде студент өз еңбегінің дұрыс, бұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйренеді. Сондай-ақ оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік береді.

Қазақ тілін интерактивтік жүйеде оқыту технологиясы - сабақта барлық білім алушының белсенді қатысуымен ұйымдастырылатын оқу үдерісі. Бұл ретте оқытушы мен студенттің «субъект-субъектілік» қатынасқа негізделген ынтымақтастығы бір сәтке де болса өзгермей сақталуы талап етіледі. Бұл технологияны қолдану арқылы қазақ тілі сабақтарында жаттығу жұмыстарын орындауға көп мүмкіндік беріледі [5] .

«Инновация » деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың енбегінде «Инновация дегеніміз - жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі.

Зерттеулер бойынша, «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық : жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс- тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.

Қазіргі кезде бүкіл әлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойылатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемнің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру және оқу-тәрбие орындарының іс-әрекет қағидаларын қайта қарау, мұның бәрі мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру технологияларын пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім берудегі инновациялар - қоғамның тұрақты өзгеріп отыратын мұқтаждықтарына сәйкес оның дамуының қажетті және табиғи шарты. Бір жағынан құндылықтардың сақталуына ықпал етсе, екінші жағынан, олар барлық екі нәрседен бас тартып, әлеуметтік қайта жасалымдардың негізін өздері алады. Осыдан келіп, оқу үрдісін қазіргі деңгейде жүргізуге талпынғандарға арналған ерекше талаптар туындайды [6] .

Инновациялық іс-әрекет-дәстүрлі іс-әрекеттен түбірлі түрде ерекшеленіп тұратын индивид қызметінің негізгі түрлерінің бірі. Ол барлық уақытта қарама-қайшылықтар болған жағдайда іске асырылады.

Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады.

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Технология мен әдіс-тәсілдің ара-жігін ажырату да қарапайым мұғалім үшін кейде қиын болып жатады.

Бастауыш сыныптарының басты талабы - сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу. Осы мақсатта бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өту әдістерін толықтырып, әр уақытта ізденісте болады. Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып, өзіндік тың ізденістерге талпынып отырамын.

Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп, оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып, сабақ беру әдісінің тиімді түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнын, мақсатына, жүру барысына қарай дамытпалы саяхат сабақ, ертегі сайыс сабақ, ойын, жарыс сабағы, аралас сабағы, тест әдісімен өткізіліп келеді [7] .

Күнделікті жоспардағы сабақтан гөрі мұндай сабақтар оқушының есінде ұзақ сақталады, ой-өрісі кеңейеді. Ойлау қабілеті дамиды, сабаққа қызығуы, белсенділігі артады. Мысалы, математика пәнінен өзім өткізген «Дамытпалы саяхат сабақ», «Математика әлемінде» сабағын алайын. Мұнда оқушылардың ойлау қабілетін дамыту барысында ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын меңгерту көзделеді. Сабақ қосу, азайту, көбейту, бөлу тәсіліне арналады.

Математикалық фокус, викториналар, ребустар, логикалық есептер, қызықты шаршы құрастыру, сөзжұмбақтар шешу баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелейді. Оқушының қиялын дамытып, өз бетімен жұмыс істеудің нәтижесін, оның қызық та қиын екендігін, көп іздену керектігін дәлелдейді. Оңайдан қиынға, ауырдан жеңілге ұстанымын сақтап, алдымен жеңіл ребус, сөзжұмбақтар, т. б. құрастырып, бірітіндеп күрделендіре түсемін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
ОҚЫТУ ОРЫС ТІЛІНДЕГІ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ЖАҢАША ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазақ әдебиеті сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту
Қазіргі бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық технологияларды ендіру мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Бастауыш сынып математикасын оқыту барысында ақпараттық технологияларды қолдану
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz