Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІНІҢ МӘНІ ... ... ... ... ... ... .5

1. Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқарудың маңызы мен
рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің құрамы және оларды қаржыландыру
көздерін жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2 Crocus Multimedia Services ЖШС-нің ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері
және оларды басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

2.1. Crocus Multimedia Services ЖШС-нің техника экономикалық
көрсеткіштерін және ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін талдау
... ... ... ..21
2.2 Жаңа технологияларды игерудегі және инновациялы өндірісті дамытудағы
корпорациялардықаржыландыру саясатының рөлі ... ... ... ... ... 31

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...36

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
8

КІРІСПЕ

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта
құрылымдау, кеңейту, қайта қаруландыру және жанама индустрияландыру уақыт
талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп
қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-
инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге
мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге
назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу
байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып
отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi
бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп
кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы
елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған
елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей
байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ
мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын өзекті мәселенің бірі болып отырған
Ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін жетілдіру деп алдық.
Бұл тақырыптың өзектілігі Қазақстан өнеркәсібіндегі қызмет ететін
кәсіпорындарды қайта құрудың, техникалық қайта қаруландырудың қажеттігі
жоғары шамада туындап отырған ол ұлттық машина жасау өнеркәсіп орындарының
жағдайы болып табылады. Өйткені бүгінгі таңдағы машина жасау өнеркәсібі
біздің елімізде ғана емес, сондай-ақ дамыған шетелдердің өзінде де өте
күрделі, қайта қаруландыру мен жаңа технологияларды енгізуді қажет ететін
басты салалардың бірі болып табылады.
Жұмысты орындау барысындағы негізгі мақсат болып экономиканың нақты
секторын инвестициялау, қайта құру мен жаңа технологиялармен қаруландырудың
экономикалық тиімділігін, оның жүргізілу барысын және қайта қаруландыруға
инвестиция мен инновацияның маңыздылығын ашу, осы аталғандардың
Қазақстандағы жүргізілу барысы мен мәселелерін, жетілдіру жолдарын талдау
мен ұсыну болып табылады.
Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қарастырылады:
• Ұлттық нақты секторды қайта құру мен кеңейтудің қажеттігі мен
жүргізілу кезеңдерін талдау мен жанжақты зерттеу;
• Өнеркәсіп саласында қызмет ететін кәсіпорындардың бүгінгі таңдағы
жағдайы мен шешуді қажет ететін мәселелерін анықтау;
• Инновация мен инвестициялық саясат өнеркәсіпті тиімді қайта құрудың
және түбегейлі дамуға апаратын құрылымдау формалары ретінде қарастырып
өту;
• Қазақстан өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың жағдайы мен оларды
құрылымдау барысын, орын алып отырған мәселелерді талдау болып
табылады.
Жұмыстың құрылымына келетін болсақ, бірінші бөлімде өнеркәсіпті қайта
құрудың, кеңейтудің маңыздылығы және оны іске асырудағы инновацияның
маңыздығы қарастырылса, ал екінші бөлімде Қазақстанның бүгінгі өнеркәсіптік
жағдайы, даму мәселелері мен шешеу жолдары және өнеркәсіптік
корпорацияларды қаржыландыру мен инвестициялау саясатын талдау Мақтарал
АҚ мысалында қарастырылды.

1 ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРІНІҢ МӘНІ

1.1 Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқарудың маңызы мен рөлі

Ұзақ мерзімді активтер деп – кәсіпорынның шаруашылық қызметінде бір
жылдан артық мерзімге пайдаланылатын және қайта сатып-өткізуге жатпайтын
құралдарды айтады. Егер қандай да бір құндылықтар қайта сатып-өткізуге
арналған болса, оларды тауарлы-материалдық босалқыларға, яғни айналым
құралдарына жатқызу қажет. Ұзақ мерзімді активтерге: Ұзақ мерзімді қаржылық
инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық берешек, жылжымайтын мүлікке
инвестициялар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, өзге ұзақ
мерзімді активтер жатады.
Мысалы, сатып-өткізу үшін жасалынған жазу столы оны жасаушы кәсіпорын
үшін айналым құралы болып табылады, ал оны өзінің шаруашылық қызметіне
пайдалану үшін сатып алған кәсіпорынның негізгі құралдарының бір бөлігін
құрайды.
Ұзақ мерзімді активтерді мынадай категорияларға жіктеуге болады:
● Материалдық активтер (негізгі құралдар, табиғи ресурстар)
● Материалдық емес активтер.
Материалдық активтердің табиғи натуралдық нысаны бар. Мысалы, оларға
жерді жатқызуға болады. Жердің пайдалану мерзімі шексіз болғандықтан, оған
амортизация (тозу) есептелінбейді. Ғимараттар, құрал-жабдықтар, құрылғылар
амортизациялауға жатады, яғни пайдалану мерзімі ішінде олардың құнын бөліп-
тарату үшін тозу есептелінеді. Тозудың есебі бағалау процессі емес, бөліп
тарату процессі болып табылатындығын есте сақтау қажет. Бұл мәселелердің
барлығы осы тауардың келесі параграфында егжей-тегжейлі қарастырылады.

Кесте 1 - Шоттар жұмыс жоспарынан үзінді

2010 Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар
Ұзақ мерзімді қаржылық қарыздар
2020 Өтеуге дейін ұсталатын ұзақ мерзімді инвестициялар
2040 Өзге ұзақ мерзімді қаржылық активтер
2110 Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
Сатып алушылар мен тапсырушылардың ұзақ мерзімді берешегі
2150 Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі
2160 Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2170 Алуға арналған ұзақ мерзімді сыйақылар
2180 Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек
2310 Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
Жылжымайтын мүлікке инвестициялар
2320 Инвестициялардың амортизациясы және құнсыздануы
2410 Негізгі құралдар
2411 Жер
2412 Ғимараттар
2413 Машиналар мен жабдықтар
2414 Көлік құралдары
2415 Компьютерлер, перифериалық қондырғалар және деректі өңдеу
жөніндегі жабдық
2416 Кеңсе жиһазы
2417 Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтар
2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
2421 Тозуы
2422 Ғимараттардың құнсыздануы
2423 Машиналар мен жабдықтардың тозуы
2424 Машиналар мен жабдықтардың құнсыздануы
2425 Көлік құралдарының тозуы
2426 Көлік құралдарының құнсыздануы
2427 Компьютерлер мен перифериалық қондырғылардың тозуы
2428 Кеңсе жиһазының тозуы
2429 Өндірістік құрал-саймандар мен керек-жарақтардың тозуы
2730 Материалдық емес активтер
Өзге материалдық емес активтер
2740 Өзге материалдық емес активтердің тозуы
2741 Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануы
2810 Корпорациялық табыс салығы бойынша кейінге қалдырылған салықтық
активтер
2910 Өзге ұзақ мерзімді активтер
Берілген ұзақ мерзімді аванстар
2920 Алдағы кезеңдердің шығыстары
2930 Алынбаған құрылыс
2940 Өзге ұзақ мерзімді активтер

Бухгалтерлік есептің 28 Матреиалдық емес активтердің есебі
стандарттарына сәйкес материалдық емес актив осы анықтамаға және төмендегі
талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады (есепке алынады):
● Егер субъектінің келешекте тікелей осы объектіге байланысты
экономикалық пайда табуының ықтималдығы жоғары болса;
● Егер активтің құны дұрыс анықталса.
Егер де материалдық емес активтің келешек экономикалық табыстың
көбеюіндегі рөлі анықталған болса, активтің бұл түрін субъектінің пайдалану
қабілеті және ниеті бар болса, сондай-ақ субъектіге келешек экономикалық
табыс алуға мүмкіндік беретін техникалық, қаржы және басқа да ресурстары
бар болса, ондай жағдайларда бұл материалдық емес актив пен тікелей
байланысты келешек экономикалық табыстар алынады.
Материалдық емес активтерге ғылыми, әдеби, көркем шығармаларға және
шектес құқықтар объектілеріне, электрондық есептеу машиналарының
бағдарламаларына және тағы басқаларға авторлық басқа келісім-шарттардан
туындайтын құқықтар, патенттер, өндірістік үлгілер, белгілері (таңбалары),
лицензиялық келісімдер, ноу-хау, ұйымдастыру шығындары, гудвилл (фирма
бағасы), жекелеген табиғи объектілерді (жер учаскелерін, табиғат
ресурстарын, су, қазба байлықтар және т.б.) пайдалану құқықтары жатады.
Төменде материалдық емес активтердің кейбір түрлерінің анықтамасын
келтіремін.
Материалдық емес активтердің негізгі айрықша ерекшелігі болып олардың
материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі (материалдық емес
деген сөз латын тілінен шыққан, тигізу, сезіну мағынасын білдіреді). Осы
аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуде қиындықтар тудырады, яғни
материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы – оларды
бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды
пайдалану арқылы болашақ экокномикалық пайданы анықтауды біршама
қиындатады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер
дегеніміз – нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен
тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әкімшілік
мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер.
Материалдық емес активтердің есебі материалдар есебінің ұстамдары
сияқты ұстамдарға негізделіп жүргізіледі.
Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды
сатып алудың тәртіптері (анықтамалығы), жекеше есеп бірлігіне
бөлінетіндегі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі
саналады.
Авторлық құқық - әдебиет, музыка, өнер саласындағы шығармалар үшін
авторларға берілген және заңмен қорғалатын құқықтық нысан. Авторлық құқық
иелеріне - өздерінің жұмыстарын басып шығаруға, қайтадан басып шығаруға,
көбейтуге және сатуға, сондай-ақ өнерлерін орындауға, жазуға ерекше құқық
беріледі. Авторлық құқық сату және сатып алудың объектілері болып саналады.
Авторлық құқық бухгалтерлік есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты
шығындардың деңгейінде мойындалады. Мысалы, шығарушы (издатель) бірнеше жыл
бойы тек өзінің баспасында әдеби кітапты басып шығару құқығын алу үшін,
оның авторына 1 млн немесе одан да жоғары теңге төлеуі мүмкін. Авторлық
құқықтың бастапқы құны нақты жұмсалған шығындар бойынша анықталады.
Авторлық құқықтың амортизациясы оның заңды қызмет ету мерзімімен, не
болмаса бухгалтерлік бағалауға сәйкес анықталады.
Тауар таңбалары және (немесе) тауар атаулары – бұл басқа ұйымдардың
заңсыз пайдалануынан қорғайтын және олардың біртектес тауарлары мен
қызметтерінен айыра алатын қабілеті бар атауларды, таңбаларды немесе басқа
да анықтаушы белгілерді атаймыз. Олар иелік етуді негіздеу үшін тіркелуі
мүмкін. Тіркелген тауар таңбалары немесе атаулары олардың қызмет ету
мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту мақсатында қайтадан жаңартылуы мүмкін.
Сатып алынған тауар белгілерінің бастапқы құны оларды сатып алуға
байланысты шығындар негізінде, ал ұйымның өз күшімен жасалған болса, онда
өңдеу, тарату және оларды қорғау шығындарының негізінде анықталады.
Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандырулар -пайдалануға,
сатуға, жалға беруге немесе сатудың басқа түрлері арқылы өткізуге арналған
мәліметтерді өңдеу және бағдарламалық құжаттамалар жүйесінің жиынтығы.
Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандыру-ларды материалдық емес
активтер ретінде мойындау үшін олар айрықша болып, өндірісте не болмаса
әкімшілік мақсатта пайдалаланылуы керек немесе басқа тұлғаларға жалға
берілуі керек.
Франчайзинг – бұл бір ұйымның өз меншігіндегі негізгі құралдарын,
тауар таңбаларын сондай-ақ басқа да материалдық және материалдық емес
активтерін олардың пайдалану бағытын, белгілі бір сапалық стандарттарын
жоймай пайдалану үшін екінші бір ұйымға беру құқығы. Бұл құқықты сатып
алуға байланысты ұйымның шығындары капиталданып, берілген уақыт аралығында
амортизациланады немесе қызмет етіп отырған нормативтік-құқықтық актілерге
сәйкес пайдаланылуы шектеледі. Франшиза осы құқықты кәуландыратын құжат
болып есептеледі.
Гудвилл – ұйымдарды қосу немесе біріктіру кезінде сатып алынған ұйым үшін
төленген баға мен оның жекеше есеп бірілігі болып саналатын таза активтерін
бағалаған құны арасындағы айырма болып саналады. Гудвилл ұйымның барлық
қызмет ету мерзімінде болады, бірақ ұйымды бүтіндей (толықтай) сату және
сатып алу кезінде де тағайындалуы мүмкін. Гудвилл жеке есеп бірлігі болып
бөліне алмайды, ол тек ұйымның басқа да материалдық және материалдық емес
активтерімен бірге қызмет істейді. Гудвиллдің пайда болу себептері әр түрлі
болады. Солардың ішінде ереше сипатқа ие болатындар – жабдықтау мен
сатудың ерекше жүйелерінің қызмет етуі және айрықша тиімді жарнама,
белгісіз бәсекелестердің өндірістік құпияларын (технологияларын) пайдалану,
еңбекті тиімді ұйымдастыру, жоғары дәрежелі мамандардың, соның ішінде топ
менеджерлердің бар болуы, белгісіз табиғи ресурстарды ашу және т.б. болып
саналады.
Тауар белгілері (таңбалары) – белгілі бір субъектінің өндірістік
өнімдерін немесе көрсететін қызметтерін басқа субъектілердегі біртекті
тауарлар мен қызметтерден айыру үшін қолданылатын белгілер. Тауар белгісі
оны иемденуші кәсіпорынға өндіретін өнімдері мен көрсететін қызметін сол
таңбамен белгілеу үшін ерекше құқық береді. Әдетте, тауар белгісі
өндірістік немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы заңды тұлғаның атына
тіркеледі.
Лицензиялық келісімдер – патент иесінің өзінің контрагентіне патенттік
құқықтарының белгілі бір пайдалануға, қандай да бір өнімдерді сатып-
өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты жасалынатын келісім-
шарт. Яғни, лицензиялық келісімдерге лицензиялық келісім-шартпне өндірістік
меншік объектісінің өзі емес тек оны пайдалану құқығы беріледі.
Өндірістік меншік объектісін пайдалану құқығын лицензиат белгілі бір
мөлшерде төлем жасау арқылы сатып алады. Лицензиялық төлем-заңды немесе
жеке тұлғаның меншік иесіне немесе бір нәрсені жасаушыға осы меншікті
коммерциялық мақсаттарға пайдалану құқығы үшін жасайтын төлемі.
Бағдарламалық жабдықтауға электрондық есептеу машиналарына арналған
бағдарламаларға авторлық құқықтар жатады. Бағдарламаға авторлық құқықпен
жеке тұлға болып табылатын авторлық шығармашылық қызметінің нәтижесі
бекітіледі. Материалдық емес активтердің бұл тобына мүліктік құқығы
авторлық келісім-шартпен рәсімделген бағдарламалық өнімдерді жатқызу керек.
Бағдарламалардың сауда орындарынан немесе таратушылардан сатылып алынған
(дискеттегі) данасына шығарылған шығындар және оларды орнатуға байланысты
шығындар материалдық емес активтер құрамына есепке алынбайды, ондай
шығындар кезеңдік шығындарға жатады.

1.2 Кәсіпорынның ұзақ мерзімді активтерінің құрамы және оларды қаржыландыру
көздерін жетілдіру

Мүліктік авторлық құқық авторлық келісім-шарт жасау арқылы
тапсырылады, сондықтан материалдық емес активтердің бұл түрін есепке алу
келісім-шартпен расталуға тиісті.
Ноу-хау – субъектінің практикалық (тәжірибелік) қызметінде
пайдаланылатын, бірақ әлі жалпы игілікке айналмаған ғылыми, техникалық,
өндірістік, коммерциялық немесе басқадай сипаттағы әртүрлі білімдердің
жиынтығы. Көп жағдайда ноу-хауды субъектінің құрылтайшылары мен
қатысушылары оның жарғылық капиталына қосқан үлес ретінде береді.
Гудвилл (фирма бағасы) – фирманың іскерлік репутациясы. Фирма бағасы
жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды тұтасымен немесе оның құрылымдық бөлімшесін
сатып алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтерінің
баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады. Нарықтың құн
деңгейі кәсіпорынның табыстылығымен, өндіретін өнімнің базардағы
мәртебесімен, салық төлеудегі жеңілдіктермен, басқару персоналының және
қатардағы мамандардың квалификациялық деңгейімен және басқа да факторлармен
байланысты болады. Кәсіпорынның сатып алу бағасының оның барлық
активтерінің баланстық құнынан асып түскен айырмасы-фирма бағасы болып
табылады.
Ұйымдастыру шығындары – субъектінің құрылуымен байланысты (мемлекеттік
тіркеуден өту сәтіне дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру шығындарына тіркеуден
өту үшін қажетті құжаттарды дайындау шығындары; құжаттарды дайындау және
тіркеуден өткізу процесіндегі кеңесші қызметінің төлемі бойынша шығындар;
мемлекеттік тіркеуден өту үшін төленетін төлемдер; субъектінің шаруашылық
қызметінің қандай болмасын түрлеріне әртүрлі рұқсаттар алу үшін төленетін
алымдар; акциялар шығару бойынша шығындар; міндетті ұйымдастыру төлемдері
(құжаттарды нотариалдық растау, мөрлерді, штамптарды дайындау, банкте шот
ашу, құрылтай құжаттарын көбейтіп алу және тағы басқалар); басқадай
шығындар жатады.
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
қаржылық есеп беру стандартына сәйкес негізгі құралдар дегеніміз –
кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін,
басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін
пайдаланылатын және бір кезеңнен (бір жылдан) артық мерзім ішінде
пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.
Негізгі құралдарға қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу
аспаптар мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың
бағдарламалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік
және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп жылдық екпе
ағаштар, шаруашылықтың ішкі жолы, тағыда басқалар жатқызылады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шарттарға сай келгенде ғана актив
ретінде танылуға (есепке алынуға) тиісті:
● егер кәсіпорынның активпен байланысты келешек экономикалық пайда
алатындығына аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса;
● егер кәсіпорын үшін активтің өзіндік (бастапқы) құнын сенімді түрде
бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдар есебін ойдағыдай жүргізу үшін алдымен оларды жүйелеп
топтастыру қажет. Бұл жүйелеп топтастырудың экономиканың барлық салаларында
бірыңғай болғаны жөн.
Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірістік
және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар
– деп өндіріске қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды
айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіш тетіктер,
құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар,
двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары
жатқызылады. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады.
Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау,
әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында
пайдаланылатын негізгі құралдар тағы да басқа негізгі құралдар жатады.
Экономиканың салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне қарай барлық
негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы,
тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық – техникалық жабдықтау және сату-
өткізу кәсіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік
сақтандыру, ғылыми және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағыда басқа
салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құралдарды экономиканың салаларына қарай топтастырған кезде
олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен
қызметтердің шаруашылықтың қай түрінде жататындығы негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет көрсететін болса,
онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол шаруашылық
субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады.
Мысалы: өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін
өндіру процесіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы өнеркәсіп
саласына жатқызылады.
Егер кәсіпорынның балансында оның негізгі қызметінен басқа салаларында
қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен
өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына сәйкес келетін экономика саласы
қызметі түріндегі топқа жатқызылады.
Негізгі құралдар пайдалану мақсатында және атқаратын міндетті
қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
1. Жер (кәсіпорында пайдаланылатын барлық жер);
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар (астық қоймасы, мал
қоралары, мұнай қоймалары, автомобиль гараждары, мал азығын
сүрлейтін аралар, суландыру жүйелері, кең қоймалары);
3. Машиналар мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер (тракторлар, күш
бергіш қондырғылар, электр двигательдер, бумен жұмыс істейтін
двигательдер, топырақ өңдейтін, егін салатын, тұқым себетін және
егін жинайтын машиналар мен құралдар, жем-шөп әзірлейтін
машиналар, мал фермасының жабдықтары, электр жүйелері, жылу
энергиясын немесе газ тәрізді заттарды өткізуге арналған
құралдар, телефон және радио жүйелер);
4. Көлік құралдар (автокөліктердің барлық түрлері, автоприцептер,
қайық және катерлер, мотоциклдер, велосипедтер, арба және
шаналар);
5. Басқадай негізгі құралдар (құрал-саймандар, шаруашылық құрал-
жабдықтар, өндірістік құрал-жабдықтар, өнім малы, көпжылдық екпе
ағаштар, тағы басқалар).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншікті, яғни кәсіпорынның өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып
екіге бөлінеді. Қазіргі кезде пайдалану барысында қарай негізгі құралдар
жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған – деп үш топқа
бөлінеді.
Жұмыс істейтіндерге өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.

Кәсіпорындарда негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін
оларды бағалау қағидалары үлкен рөл атқарады.
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандартында негізгі
құралдарды бағалаудың мынадай түрлері белгіленген: өзіндік (бастапқы) құн,
жойылу құны, амортизацияланушы (тозушы) құн, әділетті (сатып-өткізу) құн,
баланстық құн.
Өзіндік құн – төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаттарының
эквиваленттері не болмаса активті сатып алу немесе салу сәтінде оны алуға
берілген басқадай төлемдер әділетті құны.
Амортизациялық құн – жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі активтің
өзіндік құны немесе өзіндік құнының орнына қаржылық қорытынды есепте
көрсетілетін басқа сома.
Жойылу құны – негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімінің
аяғындағы оны кәсіпорыннан шығаруға байланысты жұмсалатын шығындарды алып
тастағаннан кейінгі алынады деп күтілетін таза сома.
Әділетті құн – бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз жақтардың арасында
операцияны жүзеге асыру кезінде активті айырбастауға болатын сома.
Құнды төмендетуден шеккен зиян – активтің (негізгі құралдың) баланстық
құнының оның төленген құнынан артық сомасы.
Бухгалтерлік есептің 16-ші Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
стандартына сәйкес актив ретінде танылуы (есепке алыну) мүмкін негізгі
құралдар объектісі ең алғаш өзіндік (бастапқы) құны бойынша бағалануға
тиісті.
Негізгі құралдар объектісінің өзіндік (бастапқы) құнына сатып алу
бағасы, оның ішінде импорттық алым, сатып алуға байланысты орны
толтырылмайтын салықтар, сондай-ақ активті белгілі бір мақсатқа пайдалану
үшін оны жұмыс істейтін жағдайда жеткізуге байланысты тікелей шығындар
кіреді; сатып алу бағасын анықтау кезінде кез-келген сауда жеңілдіктері
алынып тасталынады.
Тікелей шығындарға төмендегідей шығындар жатады:
● Алаңды (құрылыс жүргізуге арналған участокты) дайындау шығындары;
● Тасымалдау және түсірумен байланысты бастапқы шығындар;
● Орнатуға байланысты шығындар;
● Архитектуралардың және инженерлердің жұмыстары сияқты кәсіби қызмет
көрсетудің құны;
Кәсіпорынның өзінде шығарылған (жасалынған) негізгі құралдардың құны
активтерді сатып алу кезіндегі қағидалардың негізінде анықталады. Егер
кәсіпорын тура сондай активтерді өзінің шаруашылық қызметі барысында сатып-
өткізу үшін өндіретін болса, онда активтің құны, әдетте, оның өзіндік
құнына тең болады. Сөйтіп, кез-келген ішкі таза табыс (пайда) ондай негізгі
құралдардың құнын есептеу кезінде есепке алынбайды.
Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік (бастапқы)
құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
● негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай
немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі
қаржы жұмсағанда (кеңейткенде, жаңартқанда т.б.) немесе ішінара бұзғанда,
жойғанда және бөлшектегенде;
● негізгі құралдардың қайта бағаланғанда.
Негізгі құралдар алғаш есепке алынған кезде оның өзіндік (бастапқы)
құны мен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны есепке алған уақыт пен
қайта бағалау уақытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі
құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын материалдың бағасы және ол үшін
қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбек ақысы жалпы негізгі
құралды өндіру, салу жағдайы белгілі – бір себептермен
өзгеріп отырады.
Осыған байланысты есепті мерзімге негізгі құралдардың баланстық
құнының әділетті (нарықтық) құннан елеулі айырмашылығы болмау үшін
кәсіпорында негізгі құралдарды қайта бағалау түрі қажет. Негізгі құралдарды
қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі әділетті құны анықталады. Егер
машиналар мен жабдықтардың ерекше сипатының болуына байланысты олардың
нарықтық құны жөніндегі ақпараттар болмаса, не болмаса бұл активтер сирек
сатылатын болса, онда олар тозуды алып тастағаннан кейінгі жаңғырту құны
бойынша бағаланады.

1 сызба. Негізгі құралдардың жіктелу сызбасы

Мүлікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар жатады.
Мүліктік еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары жатады.
Кәсіпорында негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды
бағалау принципі үлкен роль атқарады.
Бухгалтерлік есептің жоғарыда аталған халықаралық стандарттарында
негізгі құралдарды бағалаудың түрлері келесі 2 кестеде көрсетілген.

2 кесте
Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
№ Атауы Мазмұны
1. Өзіндік (бастапқы) құн Төленген ақша қаражаттарының немесе
ақша қаражаттарының эквиваленттері не
болмаса активті сатып алу немесе салу
сәтінде оны алуға берілген басқадай
төлемдердің әділетті құны.
2. Амортизацияланушы (тозушы) Жойылу құнын алып тастағаннан кейінгі
құн активтің өзіндік құны немесе өзіндік
құнның орнына қаржылық қорытынды есепте
көрсетілетін басқа сома.
3. Жойылу құны Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету
мерзімінің аяғында оны кәсіпорыннан
шығаруға байланысты жұмсалатын
шығындарды алып тастағаннан кейінгі
алынады деп күтілетін таза сома.
4. Әділетті (сатып-өткізу) құн Бір-бірінен жақсы хабардар тәуелсіз
жақтардың арасында операцияны жүзеге
асыру кезінде активті айырбастауға
болатын сома.
5. Баланстық құн Жинақталған тозу мен құнды төмендетуден
шеккен зиянды алып тастағаннан кейінгі
актив (негізгі құралдар (баланста
есепке алынатын сома.

Негізгі құралдар бухгалтерлік есепте бастапқы құны бойынша кіріске алу
сәтінде көрсетіледі. Оған барлық қажетті нақты өндірістік шығындар, негізгі
құралдарды орнату және сатып алу шығындары, соның ішінде:
- Сатып алу кезінде төленген өтелмейтін салықтар мен алымдар;
- Жеткізу, монтаждау, орнату, пайдалануға қосу жөніндегі шығындар;
- Құрылыс мерзіміне берілген несие үшін проценттер;
- Активті жұмыс жағдайына келтіруге байланысты басқа да шығындар
жатады.
Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдардың өзіндік құнының өсуі
шоттар жұмыс жоспарындағы 2410 Негізгі құралдар бөлімшесінің тиісті
шоттарының дебетіне және 5321 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан резерв
шотының кредитіне жазылады.
Қайта бағалау жүргізілген күні кәсіпорында негізгі құралдарға
есептелінген тозу сомасы олардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі.
Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай
субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне
сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген табысқа апарылып отырылады. Қайта
бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив есептен шығарылған сәтте
ғана ауыстырылады.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар бүтіндей теңгеге айналдырылған
сомада әрбір инвентарлық объект бойынша көрсетіледі.
Негізгі құралдардың есебін жүргізуде екі маңызды міндет айқындалады.

Бірінші – ағымдағы есеп беру мерзімінде негізгі құралдар құнының
қандай бөлігі шығынға жатқызылатындығы айқындалады.
Екінші – баланста көрсетілетін қалдық (баланстық) құнды есептеу.
Негізгі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдермен (жолдармен) алынуы
мүмкін:
● Нақты ақша қаражаттарына сатылып алынады;
● Несиеге алынады;

● Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына
айырбастау жолымен) алынады;
● Басқа кәсіпорындардың, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретінде
(тегін) алынады;
● Салу (кұру), жасау арқылы алынады;
● Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар Негізгі құралдарды қабылдау –
тапсыру актісін (№ НҚ-1 нысанындағы) толтыру арқылы кіріске алынады. Бұл
актіде кіріске қабылданып отырған негізгі құралдар туралы мәліметтер түгел
көрсетіледі. Мысалы, құрылысы біткен ғимараттарды қабылдағанда мына
мәліметтер: ғимараттардың жалпы ауданы, фундаменті, қабырғасы мен
едендерінің, салынған жылы, көзге түскен кемшіліктері көрсетіледі.
Қабылданған объектілердің әрқайсысына жеке инвентарлық нөмер бекітіледі.
Акт тиісті комиссиямен толтырылады. Кәсіпорында негізгі құралдың есебін
дұрыс жүргізу және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін
негізгі құралдың әрбір түріне инвентарлық нөмір беріледі. Олар тұрақты
түрде белгіленеді. Инвентарлық нөмір негізгі құралға бекітілген жетонға
немесе құралдың өзіне бояумен жазылады.
Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық
объектілері бойынша есебі типтік нысандағы мүліктік (инвентарлық)
карточкаларда жүргізіледі (№ НҚ-6 нысанындағы).
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар шоттар жұмыс жоспарының
Негізгі құралдар бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттарының дебеті
бойынша кіріске алынады.
Жерді сатып алу кезінде оның құнының басқа төленетін қосымша шығындар
жиі пайда болып отырады. Бұл шығындарды жердің құны сияқты Жер шотының
дебетінде көрсету керек. Ондай шығындарға: агенттерге төленетін ақы,
адвокаттар қызметінің төлемі, сатып алушы төлейтін салық сомасы, жерді
құрғату, тазалау, тегістеу шығындары жатады.
Дайын ғимараттарды сатып алу кезінде оның өзіндік құнына сатып алу
бағасы жөндеуге және басқада ғимаратты жұмыс істейтін жағдайда жеткізу үшін
жұмсалған шығындар кіреді. Егер фирма ғимаратты өзі салатын болса, онда
оның өзіндік (бастапқы) құнына барлық қажетті шығындар (материалдар, еңбек
ақы, сәулетші қызметінің ақысы, құрылыс жүргізу мерзіміндегі сақтандыру
шығындары, құрылыс жүргізу мерзімі ішіндегі объектіге берілген несие
бойынша процент (үстеме), құрылыс жүргізуге берілген рұқсаттың құны)
кіреді. Егер ғимаратты салу кезінде мердігерлердің қызметті қажет болса,
онда оның өзіндік (бастапқы) құнына келісім бағасымен бірге салынып жатқан
объектіні пайдалануға беруге қажетті шығындар да кіргізіледі.
Құрал-жабдықтардың құны оны сатып алуға және жұмысқа дайындауға
байланысты барлық шығындар (шот-фактура бойынша құны, сақтандыру шығындары,
салық сомасы, сатып алуға байланысты шығындар, монтаждау құны және құрал-
жабдықтың жарамдылығын тексеру мақсатында жүргізілетін сынақтың бағасы)
кіреді.
Кейде жер және басқа объектілер сома бойынша сатып алынады. Қандайда
болмасын жеке объект үшін емес, олардың жиынтығы үшін төленетін сома. Жерге
амортизациялық аударым сомасының есептелінбеуіне байанысты, ол бухгалтерлік
есепте жеке синтетикалық шотта көрсетіледі. Осы себептен сатып алудың
бағасы жермен онда тұрған ғимараттың арасында пропорционалды түрде бөлінуге
тиісті.
Шаруашылық жүргізуші субъектідегі негізгі құралдардың барлық түрі
шаруашылық процесіне қатыса отырып, бірте-бірте тозады, яғни бастапқы
сапасын жоғалтады. Сөйтіп белгілі бір уақыт өткеннен кейін жұмыс істеуге
жарамай қалады да оларды жарнамен алмастыруға тура келеді.
Тозу дегеніміз – негізгі құралдардың табиғи және сапалық сипатын
(қасиетін) жоғалтуы.
Негізгі құралдардың тозуы табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі.
Негізгі құралдардың табиғи тозуы материалдық жағынан тозуы болып табылады.
Жұмыс процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектері қажалады. Үйлер
мен құрылыстар тозығы жетіп құлауға айналады. Негізгі құралдардың табиғи
тозуы олардың барынша көп пайдалануға ғана байланысты емес, сонымен қатар
басқа табиғи факторлардың әсерінен де болады. Негізгі құралдардың сапалық
тозуы машиналармен құралдардың толық табиғи тозығы жетпей-ақ құнсызданып,
өндіріс процессінен шығып қалатындығы болып табылады. Бұл ең алдымен
техникалық процесінің нәтижесі. Техникалық процестің нәтижесінде біршама
арзан және өнімді машиналар пайда болып жұмысты арзан, шапшаң және сапалы
орындауға мүмкіндік береді. Мұның өзі бұрын қолданып келген машиналарды
табиғи тозығы жетпей-ақ ескеріп, құнсыздануына әкеліп соқтырады.
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын халықаралық
стандартына сәйкес, тозу деп – негізгі құралдың тозушы (тозған бөлігінің)
құнын оның тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде бөліп таратуды
айтады. Яғни, негізгі құралдар объектісінің тозған бөліндінің сомасы оның
тиімді қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде есептен шығарылуға тиісті.
Негізгі құралдардың тиімді қызмет ету мерзімі дегеніміз – актив
кәсіпорында пайдаланылады деп күтілетін кезең не болмаса активті
пайдаланудан алынады деп күтілетін өнім бірліктерінің немесе сол сияқты
көрсеткіштердің саны.
Негізгі құралдар объектісінің тиімді қызмет ету мерзімі кезең сайын
қайта қаралып отыруға тиісті және де егер болжамдардың бұрынғы
бағалаулардан елеулі айырмашылығы болса, ағымдағы және алдағы кезеңдерде
тоуға жасалынатын аударым сомасы түзетілуге тиісті.
Барлық кәсіпорындар өздерінің негізгі құраладрының тозу дәрежесін
анықтап және оны есептеп шығарып отырады.
Негізгі құралдар (ғимараттар, машиналар, көлік құралдары, т.б.)
шаруашылық процесінде пайдалану нәтижесінде бірте-бірте тозуына байланысты
құндарын өздерінің көмегімен өндірілетін өнімдерге біртіндеп ауыстырып
отырады. Бұл процесс амортизация - деп аталады.
Бухгалтерлік есептің №6 Негізгі құралдардың есебі деп аталатын
ұлттық стандартына және №16-Негізгі құралдар деп аталатын қаржылық есеп
беру халықаралық стандартына сәйкес амортизация дегеніміз – активтердің
амортизацияланған құнын олардың пайдалану мерзімі ішінде тұрақты таратып
отыратын тозудың ақшалай көрінісі.
Негізгі құралдардың қайта қалпына келтіру үшін олардың тозған
бөлігінің құны дайын өнімнің өзіндік құнына амортизациялық аударымдар
ретінде қосылады.
Амортизациялық аударымдар дегеніміз – негізгі құралдардың
амортизацияланушы құнынан есептеп шығарылған амортизацияның жылдық сомасы.
Жоғарыда аталған бухгалтерлік есеп стандартында амортизацияны
есептеудің төмендегі әдістері ұсынылған:
1. Негізгі құралдардың құнын бірқалыпты есептен шығару әдісі, яғни
объектінің құны оның қызмет ету мерзімі ішінде өндіріс шығындарына
біркелкі апарылады. Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы оның қызмет
ету мерзімінің ұзақтығына байланысты деп пайымдауға негізделген және
ол бухгалтерлік есептің отандық тәжірибесінде қолданылып жүрген әдіс.
Әрбір мерзім үшін амортизациялық жарна сомасы амортизацияланушы құнды
(объектінің бастапқы құнынан оның жойылу құнынан алып тастағандағы)
объектіні пайдалану мерзіміне бөлу арқылы есептелінеді.
Амортизациялау нормасы тұрақты болады.
Бастапқы құны-жойылу құныпайдалану мерзімі
2. Амортизацияны орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде
есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
Бұл әдіс негізгі құралдардың тозуы (амортизациясы) тек пайдалану
нәтижесі болып табылады және оны есептеу процессінде уақыт бөліктері
ешқандай рөл атқармайды деген пайымдауға негізделген.
Бастапқы құн – жойылу құны орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері
3. Негізгі құралдардың құнын жеделдетіп есептен шығару әдістері.
Бұл әдістер өндірістік мақсатта пайдаланылатын негізгі құралдардың көптеген
түрлері пайдаланудың алғашқы жылдарында тиімдірек жұмыс істейді немесе
жоғары өнімділік қабілетін көрсетеді деген пайымдауға негізделген.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдетілген әдістері:
А) Кумулятивтік әдіс.
В) Азайып отыратын қалдық әдісі.
Кумулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген
мағынаны білдіреді, яғни сандары қосу бойынша тозуды есептеу тәсілі есептеу
коэффициентінің бөлімі болып табылатын, объектінің қызмет ету мерзіміндегі
жылдар санын қосу арқылы анықталады.
Азайып отыратын қалдық әдісі кумулятивтік әдістің принциптеріне
негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын қолдану арқылы
азайып отыратын қалдық әдісі деп те атайды.
Екі еселенген нормамен есептелінген, азайып отыратын қалдық әдісінде
амортизациялау нормасы 20 пайыз (10%*2) болады. Бұл белгіленген мөлшер 20 %
қалдық құнға әрбір жылдың соңында апарылады.
Қалдық құнды азайту үшін қажетті шамамен шектелетін соңғы жылды
қоспағанда, тозуды есептеген кезде жойылу құны есепке алынбайды деп
саналады.
Жеделдетілген амортизация әдістері негізгі құралдардың сапалық
тозуынан болатын зияндарды тез азайтуға мүмкіндік береді, экономиканың
барлық салаларында тездетіп қайта жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Отандық тәжірибеде негізгі құралдардың мынадай түрлері бойынша
амортизация есептелінбейді:
- жер;
- кітапхана қорлары;
- фильм қорлары;
- архитектура және өнер ескерткіштері;
- музейлік құндылықтар;
- өнім беретін малдар;
- жалпы мақсатта пайдаланылатын көлік жолдары.
Сонымен қатар, амортизациялық аударым жаңарту және техникалық қайта
құру жұмыстарын жүргізген кезде, сондай-ақ негізгі құралдарды уақытша
тоқтатып қойған мерзімде есептелінбейді.
Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің бас шоттар
жоспарына сәйкес субъект меншігіндегі және ұзақ мерзімге жалға алынған
негізгі құралдардың тозу сомасын жинақтау үшін 2420 Негізгі құралдардың
амортизациясы және құнсыздануы бөлімшесінің тиісті синтетикалық шоттары
пайдаланылады.
Негізгі өндірісте пайдаланылатын меншік және ұзақ мерзімге жалға
алынған негізгі құралдар бойынша есептелінген тозу сомасына:
Дт 8045 Негізгі құралдардың тозуы
Кт 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
бөлімшесінің тиісті шоттары
Жалпы шаруашылық мақсатқа пайдаланылатын меншікті және ұзақ мерзімге
жалға алынған негізгі құралдарға есептелген тозу сомасына:
Дт 7210 Әкімшілік шығыстар
Кт 2420 Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы
бөлімшесінің тиісті шоттары
Кәсіпорындағы негізгі құрал-жабдықтар шаруашылық процессіне қатынасып
отыру нәтижесінде тозады, ал кей жерлері жөндеуді қажет етеді. Оларды үнемі
жұмысқа жарамды күйінде сақтап отыру үшін жөндеу жүргізіледі. Жөндеу
жұмыстары көлеміне байланысты қарапайым және күрделі жөндеуге бөлінеді.
Қарапайым жөндеу деп - әдетте негізгі құралдарды күнделікті
пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады.
Күрделі жөндеу деп – үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың
тозығы жеткен бөлшектері мен деталдарының бәрін ауыстыруға байланысты
болатын ірі жөндеу түрін, айтады.
Бухгалтерлік есептің 16 Негізгі құралдар деп аталатын қаржылық
есептіліктің халықаралық стандартына сәйкес шығындары актив өнімділігінің
алғашқы есептелінген нормативтеріне сәйкес кәсіпорын күте алатын келешек
экономикалық пайданың сақталуы немесе қалпына келтірілуі үшін жүзеге
асырылады. Мұндай сапада олар әдетте туындауына қарай кәсіпорынның шығыны
ретінде танылады (есепке алынады).
Кәсіпорын өндірістік негізгі құралдарды жөндеуге жұмсалған шығындарды
өндіріс шығындарына жатқызады.
Кәсіпорында жөндеу шығындарын өндірістік шығындарға біркелкі енгізіп
отыру үшін жөндеу қорын құруына болады. Бұл қорға кәсіпорынның өзіне
бекітілген нормативтер бойынша жарналар есептелініп, өнімнің өзіндік құнына
енгізіліп отырады.
Субъектіде жөндеу жұмыстары мердігерлік әдіспен және шаруашылық
әдіспен орындалуы мүмкін.
Жөндеу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстар
шаруашылықтың өз күшімен орындалады.
Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс және
жөндеу мекемелері орындайды.
Жөндеу жұмыстарының бухгалтерлік есебін жүргізу олардың қандай әдіспен
орындалғандығына байланысты.
Кәсіпорындағы негізгі құралдарды жөндеудің есебін жүргізу үшін шоттар
жұмыс жоспарының 8040 Үстеме шығыстар бөлімшесінде 8044 Негізгі
құралдарды жөндеу шоты қаралған. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралдарды
жөндеу бойынша нақты шығындардың сомасы көрсетіледі.
Негізгі құралдарды жөндеу шоты қаралған. Бұл шоттың дебетінде негізгі
құралдарды жөндеу бойынша нақты шығындардың сомасы көрсетіледі. Негізгі
құралдар кәсіпорыннан мынадай жағдайларда есептен шығу мүмкін:
● Тозығы жетіп, іске жарамай қалған негізгі құралдарды есептен шығару;
● Жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде басқа кәсіпорындарға беру;
● Ұзақ мерзімге жалға беру;
● Басқа заңды және жеке тұлғаларға сыйға тарту;
● Ересек малдардың тұқымдық не өнім беру қасиетін жоғалтқандарын басқа
топқа ауыстыру, сатуға не союға жұмсау;
● Әр түрлі апаттардан (су тасқыны, өрт, жер сілкіну) шеккен зиян;
● Ұрлану немесе жоғалту нәтижесінде болған жетіспеушілік;
● Өндіріске қажеті жоқ құрал-жабдықтарды сату және тағы басқалар.
Солардың ішіндегі негізгілер: жойылғанда, сатып-өткізілгенде және
басқадай активтерге айырбасталғанда есептен шығу.
Негізгі құралдар кәсіпорыннан қандай себептермен (жолдармен) есептен
шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша тозу (амортизация)
есептелінеді. Содан кейін барып, олардың бастапқы құнымен жинақталған тозу
сомасы тиісті шоттардан есептен шығарылады.
Кәсіпорындағы негізгі құралдардың тозу дәрежесін анықтау үшін тұрақты
комиссия құрылады. Оның құрамына кәсіпорын басшысының орынбасары, бас
мамандар, бас бухгалтер тағы басқалар кіреді. Комиссия іске жарамай қалған
құралдардың тозу дәрежесін, оның себептерін анықтамайды. Негізгі құралдарды
есептен шығару жөнінде шешім қабылдағаннан кейін олардың түріне қарай акт
толтырылады.
Қазіргі кезде бұл мақсаттарға Негізгі құралдарды есептен шығару
актісі (№ НҚ-3 нысанындағы) пайдалынады.
Тұрғын-үй, қора-жайлар есептен шыққандар олардың бастапқы құны қанша
рет және қанша сомға жөндеу жүргізілгені, не себепті істен шығарылатыны
көрсетіледі.
Құрал-жабдықтар, көлік құралдар есептен шығарылғанда актіге мына
мәліметтер тіркеледі: машина маркасы, заводтың номері, шаруашылыққа
қабылданған мерзімі, пайдалану кезінде орындаған жұмыс көлемі, баланстық
құны, жүргізілген күрделі жөндеу саны және оған кеткен шығын мөлшері. Сатып-
өткізілген, жойылған негізгі құралдардың тозу құны 2420 Негізгі
құралдардың амортизациясы және құнсыздануы бөлімшесінің тиісті шоттарының
дебеті, 2410 Негізгі құралдар бөлімшесі шоттарының кредиті бойынша
есептен шығарылады.
Нақты жағдайларға байланысты сатып-өткізудің нәтижесі таза табыс
(пайда) немесе зиян болуы мүмкін. Егер актив белгіленген мерзімнен ұзағырақ
жұмыс істейтін болса және толық амортизацияланған болса, онда оған тозу
есептелінбейді, және де кәсіпорыннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машиналар мен құрал-жабдықтарды бағалаудың табыстық әдісі:таза табысты дисконттау әдісі,тең нәтижелі аналог әдісі
Машина және құралдарды бағалау
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Ұзақ мерзімді активтер есебі туралы
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Транспорттық құралдарды бағалау
Негізгі құралдардың тозу аудиті
Қылмыстық іс жүргізуде дәлелдеудің мақсаты ақиқатты анықтау
Негізгі құралдарды есептен шығару
Негізгі құралдар есебінің инвентарлық карточкасының жазбасы
Пәндер