Франчайзер үшін артықшылықтар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауында
елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының
маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және
пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы
Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген
мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін
толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын
кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Осы тұжырымдар
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Жолдауында да өзінің ары
қарай дамытылуымен сипатталады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының
бірі – өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ
өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше
нысаны – франчайзинг.
Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы
тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының,
шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі – франчайзинг болып
табылады.
Франчайзинг – ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел
дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті
ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану
тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне
жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі
қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа
кәсіпкерлерге – табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін
ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы
қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті
қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120
франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың
қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы
қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде
франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар
жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға
мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған
факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік
жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық
қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі,
франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі
де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік
дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен
дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы
және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты – франчайзингтің теориялық және практикалық
аспектілерін кешенді талдау арқылы оның Қазақстан Республикасының қызмет
көрсету саласындағы дамуы жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау
болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер анықталды және шешімін
тапты:
– франчайзингтің теориялық негіздерін, нарықтық тұжырымдамасын жан-
жақты зерттеу және жүйелендіру;
– франчайзингтің қалыптасуы және дамуының Қазақстан экономикасындағы
артықшылықтары мен кемшіліктерін жалпылау;
– Қазақстандағы франчайзингтің дамуына әсер ететін факторларды
талдау;
– франчайзинг түрлерінің салалық аспектілердегі ерекшеліктерін
шетелдік тәжірибе тұрғысынан айқындау;
– қоғамдық тамақтану кәсіпорындары тұтынушыларының талғам-талаптарын,
қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап,
жүргізу;
– франчайзингтік қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметін
ұйымдастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.
Франчайзингтің көп аспектілі сипаты мен өзектілігі ғалымдардың оған
деген қызығушылығын арттырады.
Франчайзинг мәселесін зерттеген шетелдік авторлардың ішінен оның жан-
жақты дамуына өз үлесін қосқандар: М. Мендельсон, Я. Мюррей,
Дж. Стэнворд, Б. Смит, Н.К. Сирополис және т.б.
Франчайзингтің теориялық және ғылыми тәжірибелік аспектілері ТМД ғалымдары
– В.В. Довгань, Д.Н. Земляков, Д.Н. Колесников, А.З. Майлер, М.О.
Макашев, С.В. Поворин, И.В. Рыкова, С.А .Силинг, Л.Б. Сульповар,
А.В. Цират және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының жекелеген аспектілерін отандық
ғалымдар Ә.Ә. Әбішев, О.Б. Баймұратов, Ж.О. Ихданов,
М.Б. Кенжеғозин, А.Қ. Қошанов, Қ.О. Оқаев, Х.Н. Сансызбаева,
Т.С. Сатқалиева, Ә.Ә. Сатыбалдин және т.б. қарастырған.

Зерттеу пәні. Қазақстандағы франчайзинг жүйесінің қалыптасуы және даму
үрдісінде пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы зерттеу пәні
болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласының
франчайзингтік кәсіпорындары алынды.
Курстық жұмыстың қайнар көздері:
✓ www.rosinter.ru
✓ www.google.kz
✓ бұқаралы ақпарат құралдары

1 ФРАНЧАЙЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Франчайзингтің мәні мен даму тарихы
Франчайзинг термині француздың franchise - жеңілдік, артықшылық,
сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған.
Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің
мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген.
Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені – АҚШ-та ол тауарлар мен
қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету
қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және
жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі Зингер,
Форд, MC Donald,s сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде
дамыған.
Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі
кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік
белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:
– бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;
– ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;
– кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;
– жеңілдікті кәсіпкерлік.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен
тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс
орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып,
франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: Франчайзинг
–келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық
алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа
коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті
құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны[16,19-25б].
Франчайзинг – көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың
жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес. Франчайзингтік
жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның
бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды
сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады,
осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары тұрғысынан
қарастырамыз (1-сурет).

1-сурет - Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың
өзара байланысы

1-суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары
болатындар:
Франчайзер – франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп
жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты
сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың
топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын
пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте
франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір
өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер
үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару
шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін
көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің
артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді.
Франчайзи – франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза
ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен
технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға,
компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде
– франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша
құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи
үшін франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі
франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере
отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді.
Франчайзинг компоненттерінің бірі – франшиза – белгілі бір шарттарға және
сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның
өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін
құқық[16,156-160б].
Франшиза – франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті
жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы
немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама.
Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және
франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның
келесідей құрамдас бөліктері бар:
– Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна – франчайзердің бизнес-
тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін
алғашқы төлем мөлшері;
– Роялти – франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде
франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің
мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану
үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти);
– Жарнамалық қорға төленетін төлемдер – бизнестің тиімді
жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр
түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық
мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның
мөлшері алдын-ала белгілейді.
Жетістіктің негізгі элементтерінің бірі кәсіпкердің франчайзингтің мәні,
оның түрлері, құрылымы, артықшылықтары мен оны жүргізудегі мүмкін болатын
тәуекелділіктер туралы нақты, әрі толық білу[22,58-65б].
Франчайзинг тән белгілер келесілер жатады:
• Тауар маркасы, фирманың қызметі, идеясы, технологиялық процесс, патент
немесе арнаулы құрылғылар, сонымен қатар, іскерлік байланыстар мен ноу-
хау, фирмның беделі сияқты франчайзердің меншік құқығына ие болуы;
• Тауар маркасы, фирманың қызметін, идеясын қолдануды рұқсат ететін
франшизаны(лицензиясы) франчайзердің франчайзиге сату;
• Франчайзердің реттеу мен бақылау құқығын сатылатын франшиза келісім-
шартына енгізу;
• Франчайзермен ұсынылатын қызметтер мен құқықтарын франчайзидің иелік
етуі үшін, айырбас ретінде әртүрлі формадағы төлемақы жасау;
• Франчайзер мен франчайзи арасындағы тұрақты түрдегі қарым-қатынасты
орнату. Франчайзи үшін көптеген мәселелерін шешудегі бұл қарым-қатынас
үлкен рөл атқарады;
• Ұзақ мерзімдік сипаттағы байланыс;
• Заңи дербестік(көптеген жүйелерде).
1851 жылы АҚШ-та Зингердің тігін машиналарын(Singer Sewing machine
company) жасау компаниясында алғаш рет франчайзинг қолданыла бастады.АҚШ-
та азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін, ХІХ ғ. ортасында Зингер сериялық
өндіруді жандандырды. Бірақ, тігін машиналарын жөндеу орталығының бір жерде
орналасуы өте тиімсіз болған. Осы жөндеуді барлық аймақта жүргізу үшін
Зингер жөндеу орталықтарын құру үшін қаржы жағынан тәуелсіз фирмаларға
франшизалар сата бастады. 1898 жылы осындай жүйе Дженерал Моторс (General
Motors) компаниясымен жасалған болатын. Дилерлер осы компанияның ғана
машиналарын сатуға құқылы және фирманың беделін көтеру және қызмет
көрсетудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету үшін өз капиталын салуға тиісті
болды.
Дженерал Моторс сияқты Рексол (Rexall) өзінің дәріханаларын
ұйымдастыру үшін франшизалар сатты.
20-жылдары АҚШ-та франчайзингті бизнесті жүргізудің бір формасы ретінде
түсіну ығыстырылып, көтерме- бөлшек сатушы деген қатынастар пайда
болды.Ұлыбританияда бұл франчайзингтің типі Спар (Spar) және бакалеялық
дүкендерімен ВГ (VG grocery stores) қоданылған.
1930 жылдан бастап дағдарыстан кейін АҚШ-та мұнай өңдейтін компаниялар
өзінің жанар май құйып алу станцияларын франчайзингтің бірлігі ретінде
қарастырған. Олар станцияларды франчайзиге жалға беріп, өз пайдасын рента
алу ретінде көтерген. Сонымен қатар, компания беделін көтере алды. Ал,
франчайзи жанар майдың бағасын жергілікті орнына байланысты өзі белгілеу
құқығын алған болатын.
40-жылдардың аяғында жол бойындағы кафенің иелері Макдональд
ағайындылары өз кафесінің пайдасын өсіру мен қызметін жақсарту үшін
мәзірдегі тағамдарды 3-ке дейін қысқартты және асты дайындау технологиясы
стандарттады. Сол арқылы олар жаңа тұтынушыларды өзіне тарта алды.
1950ж. дейін көптеген компаниялар франчайзингті тауар мен қызметтерді
орналастыратын әдіс ретінде қарастырған болатын. Бұл дәстүрлі
франчайзингтің мысалдары болып табылады.
50-жылдардың негізгі серпілісі жаңа түрдегі франшизалардың, яғни
Бизнес-форматтағы франшизалар(Business format franchise). пайда болды.
Бұл әдістің негізгі ерекшелігі- франчайзер коммерциялық қызметтен қосымша
пайда тауып, аз тәуекелі бар фирма болуы, ал франчайзи тұрақты түрде табыс
алуы[23,92-96б].
Франчайзингтің ең жоғарғы даму деңгейі келесі онжылдықтарда, 80-
жылдардың аяғына дейін шарықтады. 1984 жылы сату көлемінің 13 бөлігі (500
млрд.$ шамасында) франчайзингтік фирмалар арқылы жүзеге асты.
Р. Рейган АҚШ-тың президенті болған уақытта, әр 6,5 минут сайын жаңа
франчайзингтік кәсіпорындар құрыла бастады.
Американдық франчайзинг ішкі тәжірибені өз бойына сіңіріп алғаннан
кейін, басқа елдерде өз франчайзингтік қатынастарды орната бастады.

2. Франчайзингтің түрлері мен франчайзингтік жүйенің формалары

Франчайзингтің түрлерін мен олардың сипаттамаларын келесі суретте
ықшамдалған түрде қарастыруға болады(2-сурет):

2-сурет – Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары

2-суреттегі франчайзингтің негізгі түрлерінен келесілер ажыратылады:
✓ Тауарлық франчайзинг – сауда саласындағы тараптардың қызметі,
мұнда франчайзер франчайзиге өз тауар белгісінде тауарларды
шығару құқығын береді.
АҚШ-та алғаш рет франчайзинг машина мен жағар майларды сату тәсілі
ретінде әйгілі болды. Осы уақытта франчайзинг
орналастырушылар(дистрибьюторлар) деңгейінде құрылды.
✓ Өндірістік франчайзинг – келісім-шарт негізіндегі тараптардың қарым-
қатынасы, мұнда франчайзердің шикізат, материал, технологиямен
қамтамасыз етіп, франчайзиге өндіру мен тауарлық белгісін пайдалануға
құқық береді.
Алькогольсіз сусындарды өндіруде бұл франчайзинг түрі кеңінен дамыған.
Әр жергілікті немесе аймақтық құятын және орамдайтын зауыттар негізгі
компанияның франчайзиі болып табылады. Coca Cola, Pepsi және т.б. әлемге
танымал компаниялар концентраттар және т.б. тауарларды құю процесімен
айналысатын жергілікті компанияларға сатады. Олар өз кезегінде осы
концентраттарды басқа құраушылармен араластырып, бөтелкелерге құяды. Одан
бұл тауарлар жергілікті дилерлерге тапсырылады. Нью-Йорктегі тауар Сан-
Францискодағы тауарынан ерекшеленбейді.
✓ Іскерлік франчайзинг (бизнес-форматағы франчайзинг)– қызмет көрсету
саласында тараптардың іс-әрекеттері, мұнда франчайзи өз бизнес моделін
франчайзердің технолгиясы, ноу-хау, тауар белгісі мен кәсіпкерліктегі
тәжірибесін қолдана отырып, дамытады[10, 105-108б].
Іскерлік франчайзинг ең танымал франчайзингтің түрі. Мұндай әдісте
франчайзер дүкен, дүңгіршек, дүкен желісін ашуға лицензияны жеке тұлғаларға
немесе компанияларға сатады. Соңғы жылдары франчайзингтің классикалық
моделі франчайзердің аз шығын жұмсап, өз бизнес өрлету бағытына ауысқан.
Қазіргі таңда франшизаның алғашқы капиталына байланысты бизнес-форматты
келесі топтарға бөледі:
Жұмыс орнының франшизасы — жұмыс франшизасы (Job franchise), франчайзер
кәсіпкер үшін жақсы ұйымдастырылған жұмыс орнын құрады, негізгі
инвестициясы - фургон-дүңгіршекті сатып алу;
Кәсіпорын-франшиза— коммерциялық франшиза (Business franchise), өндірістік
құрылғыларға қажетті үлкен инвестицияларды салу,жұмыс орындарының болуы,
қосымша жалдамалы еңбек күші;
инвестициялық франшиза (Investment franchise), негізгі мақсаты-
инвестицияның бастапқа сомасын.
Іскерлік франчайзингтің басқаларынан негізгі айырмашылықтары:
1) франчайзер мен франчайзи арасындаға қарым-қатынастың ұзақтығы;
2) франчайзиде франчайзер тарапынан қолдаудың болуы
3) белгіленген соманың франчайзерге төлеуі[24,26].
Франчайзингтік қатынастардың үш типі бар:
1. Франчайзер- өнім өндіретін немесе қызмет көрсететін фирма, өзінің
франчайзине өнім өндіру немесе қызмет көрсету құқығын береді.
2. Франчайзер- өнімнің негізгі өндірушісі, өзінің франчайзине көтерме
сауданы жүргізу құқығын береді.
3. Франчайзер- көтерме саудагер, франчайзи- фирмасына бөлшек сауданы
жүргізу құқығын береді[11,240-250б].

3. Франчайзингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

Франчайзингтің артықшылығы
Қатысушылардың жетістікке жету үшін қолданылатын франчайзингтің мәні мен
қолданысы басқа бизнес тұжырымдамаларынан оны ерекшелейді.Оны тек қана бір
сөзбен сипаттауға болады: әртүрлі қосымша қызметтер мен жеңілдіктер
қарастыратын жүйе.Франшизаның негізгі айырықшалық белгісі тауар немесе
қызмет емес, жүйенің сапасы болап табылады.
Франчайзер мен франчайзи үшін бұл бизнес түрінің қандай артықшылықтары мен
кемшіліктернің бар екендігін қосымша А-дан ықшамдаулы түрде көруге болады.
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзер – бизнесті қалықтата алған адам. Бизнес оған көп пайда
әкеледі. Мұндай бизнес моделі қайталанып ашылуы тиіс. Мұның мәнісінде,
ондай бизнес түріне байланысты көптеген кәсіпорындар ашуға болады, ондай
кәсіпорында жұмыс бас модельмен жүзеге асады.
• Бизнесті кеңейту үшін франчайзинг қосымша пайда әкеледі. Егер де
компания аймақтық, ұлттық, хлықаралық деңгейде дамуды таңдаса, онда
бұл даму бағдарламасына қосымша қаражат керек. Мұндай қаражат қорын
франчайзи арқылы құруға болады. Франчайзи алғашқы жарнаны төлейді, сол
арқылы франчайзингтік пакетті сатып алады. Тағы франчайзимен қосымша
келісім-шартқа отырғанда, басқару бойынша басқа да қызметтерді сата
алады.
Франчайзи қызметтерді қолдау үшін қосымша төлемақыларды төлейді. Барлық
жұмыс атқарып жатқан франчайзилер ай сайын франчайзердің берген қызметтері
үшін төлемдер жасайды.
Франчайзинг жаңа нарыққа тездетіп енуді және өз беделін нығайту үшін үлкен
мүмкіндік алады. Төленген жарналардың көбеюі франчайзерге басқа нарықта
шапшаң, әрі тиімді жұмыс жасауын қастамасыз етеді. Тек қана франчайзилер
белгілі фирманың атын басқа нарықтарда дамытады. Әр франчайзер басқа
нарықтарда өркендеу артықшылығына ие болады, өйткені франчайзилер басқа
нарықта тезірек дамып, жаңа қаларда бизнестің өркендеуіне көптеген
инвестициялар салып, бизнестің кеңейген жүйесін құрады.
Франчайзинг тұтынушылар үшін осы тауар немесе қызмет туралы көптеп мағлұмат
алуға мүмкіндік туғызады. Жаңа кәсіпорының ашылуымен тұтынушылар
өндірілетін тауар туралы көптеген ақпарат ала алады. Өзінің көрсететін
қызметтердің шамасында франшиза нарықта атақты, белгілі болады. Сондықтан,
франчайзерлер өз тауарын жылжыту үшін жіне франчайзиге көмек ретінде арнайы
жарнамаға қаражат бөледі, сол арқылы франчайзи жаңа нарықта танымал болады.

Жаңа бизнес концепциясын құрудағы франчайзингтік жүйенің табыстылығы.
Франчайзингтік компанияның жетістікке жетуі оның бизнес концепциясының
тұрақтылығы мен пайдалылығына байланысты[20].
Франчайзи үшін артықшылықтар
Жеке франчайзиге берілген барлық материалдар мен қолдау франшизаны қолдау
мен күшейту үшін қолданады. Бұл артықшылықтар тізімінде келесілерді атауға
болады: ақпарат, оқыту және консалтинг. Кеңейе қараған уақытта, ең үлкен
артықшылық - франчайзер мен франчайзи арасындағы қарым-қатынас.
Франчайзинг өзінің жеке бизнесін бар деп түсіндіріледі, бірақ ол бүкіл
проблемалар мен тәуекелдермен өзін жалғыз қаласын деген мағынада емес.
Франчайзи франчайзингтік кәсіпорынға ақша салуға келіссе, ол бәрібір
тәуелсіз бизнестің иесі болып қала береді. Бұндай тәуелсіздік оны ешкім
жұмыстан босатпайды деген сөз. Франчайзи франчайзерден кәсіби қолдау
табады. Бұл қолдау бизнестегі кездесетін қателіктерді жасаудан аулақ болуды
көздейді.
Франчайзинг – бұл бизнестің тез, әрі тиімді басталуы. Франчайзингтік жүйе
тиісті ақпаратты беріп, франчайзи сол ақпарат негізніде тиісті кәспорынның
орнын таңдайды. Франчайзиге алғашында пайда болатын қиындықтардан қорықпау
керек, себебі алда осы қиындықтан өткен франчайзердің тәжірибесі бар.
Франчайзинг франчайзиге ашылу барысында көмек көрсетеді. Франчайзи әрқашан
жаңа бизнестегі маман болуға мүмкіндігі бар, оған жылдар бойы бизнес
мектептерінде оқу немесе бір кәсіпорынның қарамағында жұмыс жасау қажет
емес. Мұндай білім франчайзердің әр жаңа франчайзиге арнайы бағдарлама
арқылы табыс етіледі.Жаңа бизнестің ашылуы алдында франчайзер мен франчайзи
бір-бірімен жұмыс жасау керек. Олар бірге бизнестің табысты жүргізілуі үшін
белгілі бір тәжірибені алмасады.
Франчайзинг тұрақты түрде қолдау көрсету деп түсінуге болады.
Франчайзингтік бизнес ашылғаннан кейін франчайзи күнде маркетинг және
кәсіби қызметтер бойынша франчайзерден қолдау ала алады. Егер де қандай да
бір қиындық туындаса, берілген барлық материалдар мен бағдарламаларды
қарастыруды бастайды.
Франчайзинг франчайзердің тауар белгісі мен беделін қолдануға мүмкіндік
береді.
Франчайзинг бизнесті жүргізудің нақты шекараларын белгілейді. Франчайзер
франчайзиге бизнесті жүргізудің шекарасын белгілейді. Шекаралар
франчайзингтік келісім-шартта көрсетіледі. Шекараны айқындағаннан кейін,
франчайзи анықталған территорияда өз бизнесін жүргізуді бастайды. Бұл тура
сондай франшизаға иелік еткен кәсіпкерлер арасында жанжалдың болмауын
қамтамасыз етеді[3,368-373б].
Франчайзингтің артықшылықтарының біріне- франчайзерден дайындық пен
білім алу мүмкіндігі жатады. Франчайзер оқыту процесін ұйымдастырғанда, ол
тек өндіріске  қатысты сұрақтармен шектелмейді, ол сонымен қатар
франчайзиді бухгалтерлік есепке, тауар-материалды құндылықтарды бақылауға,
еңбек ресурстарын басқаруға үйретеді. Оқу процесі бір-екі күннен бірнеше
жұмаға дейін жалғасуы мүмкін. Осы мақсатта арнайы оқыту орталықтары
қалыптасады. Мысалы, әлемге әйгілі Макдональдс  фирмасының қарамағында
университет бар, 1961 жылдан бұл жоғарғы оқу орнын 40000 бизнесмен,
менеджерлер бітіріп шыққан. Университетте жақсы жабдықталған 30 дәрісхана
бар және бұл жоғарғы оқу орнында отыздан астам профессор жұмыс істейді.  
  Франчайзингтік қатынастардың келесі маңызды артықшылықтардың бірі-
франчайзердің қаржылық көмек көрсетуі.  Маркетингтік көмек франчайзер сауда
маркасын және атын пайдалану құқығына негізделген. Көптеген зерттеулердің
нәтижесінде соңғы 5 жылдың ішінде қалыптасқан франчайзингтік фирмалардың
97%-ы әлі күнге дейін жақсы дамып отыр. 1970 жылдан 1990 жылға дейін
франчайзингтік фирмалар арқылы жүргізілген сауданың көлемі 10%- дан  15%-
ға дейін өсті. Франчайзинг жүйесі арқылы АҚШ-та сауда көлемі 758 миллиард
долларға дейін жетті, франчайзерлердің көлемі- 2177, ал франчайзи саны-
542000. АҚШ-та 374 франчайзерлердің  қарамағында шетелде 35000 франчайзи
бар, оның 75%-ы Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және
Австралияда[18,26б].
Франчайзер үшін кемшіліктер
Жүйенің ережелеріне сәйкес келмейтін франчайзимен қарым-қатынасты тоқтату
мүмкін еместігі.
Франчайзи франчайзердің жұмысшылары болып табылмайды. Франчайзи тәуелсіз
бизнес иелері болып табылады.
Дұрыс жұмыс атқара алмайтын франчайзингтік кәсіпорындардың әсері. Көптеген
тұтынушылар франчайзингтік кәсіпорынды жалпы жүйенің бір элементі ретінде
санайды. Егер де бір франчайзи өз жұмысын дұрыс атқырмаса, ол бүкіл
бизнеске өз әсерін тигізеді.
Уақытында жарналарды төлемеу. Франчайзер төлем құрылымын анықтайды, ал
франчайзи түскен барлық пайдасынан белгілі бір пайызды жарнаны төлеу үшін
аударады. Бірақ, кейбір франчайзилер франчайзерге жалпы пайда сомасы туралы
есепті дұрыс бермейді. Содан, көптеген қиыншылықтар туындайды.
Коммерциялық құпияы сақтау қиыншылығы.
Табысты жұмыс атқарып отырған франчайзилердің франчайзингтік жүйеден шығып
кетуі.
Мұндай қиыншылықтардың алдын алу үшін франчайзер франшизаны сатып
алатын кәсіпкерлерді дұрыс таңдап алуы керек[20].
Франчайзи үшін кемшіліктер
Франчайзингтік келісім-шартты орындамау. Франчайзи келісім-шарттағы барлық
ережелерді орындауы тиіс. Ол өзінің ұсынытарын ұсына алады, бірақ бүкіл
жүйені өзгертуге құқығы жоқ.
Франчайзидің өз идеясын жүзеге асырудың шектеу бар деген көзқараста болуы.
Франчайзингтік келісім-шарттың қосымшасы ретінде франчайзи күнделікті түрде
жүзеге асырылатын операциялар туралы да ережелерді ескерілуі керек. Келісім-
шарттағы ережелер жұмыс уақыттары, аймақтың шекарасы, тауар мен қызметтер
ассортименті бойынша шектеулер болуы мүмкін. Франчайзингтік келісім-шарттың
өз күшіне енбестен бұрын, франчайзи бұл келісім-шартты талдап, өз келісімін
беруі тиіс.
Барлық франчайзилер арасында қажетті ынтымақтастықты құру.
Франчайзер тарапынан қолдаудың болмауы.
Франчайзердің қаржылық мүмкіндігін анықтау.
франчайзинг құны, фирма өсуінің шектелуі, франчайзерге тәуелді болуы.
Франчайзингтік келісім-шартқа қол қоймастан бұрын, франчайзи
франчайзермен табыс етілген барлық құжаттармен толық танысуы қажет.
Франчайзи осы бизнесте жұмыс жасап жатқан басқа франчайзилермен кездесіп,
франчайзер туралы ақпарат алуы керек. Франчайзи франчайзердің жергілікті
франчайзинг ассоциациясына мүше екенін айқындау қажет. Егер де ол
ассоциациясының мүшесі болып табылса, онда франчайзер Ассоциацияның
Этикалық Кодексінің ережелерін орындауы тиіс[22,195-207б].

1. РОСТИНТЕР РЕСТОРАНТС ХОЛДИНГ ААҚ ФРАНЧАЙЗИНГТІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

2.1 Ростинтер Ресторантс Холдинг ААҚ қызметі

РосИнтер компаниясының франчайзингтік желілерді дамытуда жоғары
жетістіктерге қол жеткізуі – оның әлеуетті франчайзиді таңдап, оларды
оқыту, бизнесті регламенттеу және желіні кеңейтуді қамтитын барлық
мәселелерді табысты шешуімен айқындалады.
РосИнтер – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары
желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық
мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Росинтер Ресторантс
Холдинг (Росинтер) – Ресей мен ТМД елдерінің нарықтарында отбасылық
мейрамханалар жүйесі сегментіндегі алдыңғы қатарлы компания болып табылады.
Ростинтер акциялары қор биржасында сатылатын алғашқы, әрі жалғыз ресейлік
компания болып табылады.
Компанияның артықшылықтары
Холдингтің үлкен жетістіктерге жетуі мен болашақта табысты дамуы үшін
компанияның стратегиясы мен қаржылық көрсеткіштерін жақсартуына әсер ететін
келесі факторларына негізделген:
- Ресей және ТМД елдерінде отбасылық мейрамханалар сегментіндегі
көшбасшылық;
- тез дамитын нарықтарда жақсы ұстанымның болуы;
- аймақтарда әрі қарай дамудағы тұрақты платформаның болуы;
- бизнес модельдің жеңіл жаңғыртылуы;
- нарықта брендтердің ең жақсы жинағы мен жаңа, табысты тауар маркаларын
құру потенциалы;
- бірін-бірі толтыратын брендтер кешені негізінде бизнестің тиімділікке
жетуі;
- тәжірибелі және кәсіби басқарушы команданың болуы және бизнесті
жүргізудің халықаралық стандарттарын енгізу.
Холдингтің стратегиялық мақсаты – Ресей мен ТМД елдерінде көшбасшы
компания болу. Бұл стратегиялық мақсатқа жету үшін аудиторияның
қажеттіліктерін қанағаттандыру, сонымен қатар холдингтің түсімін жоғарылату
арқылы фирманың максималды пайдаға жетуін қамтамасыз ету.
Холдинг стратегиясын 5 негізгі құраушылары:
1. игерілген нарық сегментерінде негізгі брендтерді көбейту және жаңа
аймақтарды ашу;
2. мейрамханалар форматтары мен жаңа брендтерді дамыту;
3. тұтынушылардың брендтерді тану ниеттестіктерін жоғарылату;
4. кәсіпорындардың әкімшілік шығыстарды отимизациялау есебінен тұрақты
түрде табыстылығы мен тиімділігін жоғарылату, мейрамханалар кешенін
ашу, сонымен қатар, лицензиялау жүйесін қолдану мен адами ресурстарды
басқару саясатын дұрыс жүргізу;
5. бизнесті дамыту үшін объектердің жақсы орналасу орны бар мейрамханалар
жүйесін сатып алу.
Компанияның негізгі брендтері:
- IL Патио - итальяндық асхананың отбасылық мейрамханалар желісі, онда
әрбір мейрамхана Италияның белгілі бір қаласына тән;
- 2004 жылы Патио Пицца жүйесінің ребрендингі нәтижесінде пайда болған
концепция;

- Планета Суши - жапондық асхананың отбасылық мерамханалар желісі;
- 2006 жылы бұл брендтің қайта құрылу
процесі өтті, соның нәтижесінде жаңа дизайны, мейрамханаларды жаңартып,
логтипін өзгертті.
- T.G.I. Friday’s – әлемге әйгілі халықаралық мейрамханалар желісі;
- эксклюзивті құқығы негізінде Ростинтер T.G.I. Friday’s брендін бөледі,
сол брендтер Орталық және Шығыс Еуропаның 19 еліне таралған;
- желінің аты ағылшын жаңылтпашының танымал қысқартпасы болып табылады.
Thanks God It’s Friday – Аллаға шүкір жұма күні келді.
- 1-2-3 кафе - алғашқы ресейлік мейрамхана жүйесі;
- орыстың дәстүрлі түрде тамақтануды бөледі – 1,
2, 3.
- кофе түрлерінің желісі, британдық Whitbread компаниясымен келісіп,
жүргізілетін бизнес түрі;
- тұтынушылар мен эксперттердің пайымдауынша,
Costa Coffee әлемдегі ең танымал брендтің бірі және халықаралық кофе
желісінің 5-тігіне кіреді.
- Сибирская Корона мейрамханалар желісі Sun InBev компаниясының
лицензиялық келісім-шарты негізінде дамып келеді[12].

2. Ростинтер Алматы ЖШС франчайзингті жүргізудің талаптары мен
ерекшеліктері

Ростинтер Алматы ЖШС бірікке қазақстандық-ресейлік компания болып
табылады. Компания Қазақстан нарығында 2001 жылдан бастап жұмыс жасап
келеді. 1 ақпан 2008 жылдың мәліметтері бойынша компания Алматы қаласындағы
13 мейрамхана желісін басқарып отыр:
- Американдық бар мен гриль
- 5 IL Патио мейрамханасы
- 4 Планета Суши мейрамханасы
- Мока Лока кофе үйі
- 2 Ростик`с фудкорт кәсіпорны
Қазақстан нарығындағы франчайзинг негізінде қызмет ететін жылдам
тамақтандыру саласындағы көшбасшы РосИнтер Алматы кәсіпорынының
Ростик`с, IL Патио мейрамханалары және English First компаниясы
франшизаларының сипаттамалары 1- кестеде қарастырылған[7,226-229б].

1-кесте Ростик`с фудкорт, IL Патио мейрамханалары және English
First компаниясы франшизаларының сипаттамалары

Көрсеткіштер Ростик`с IL Патио English
фудкорт, First
Мейрамхананыкомпанияны ашуға
қажетті алғашқы жарна (АҚШ 25000 40000 30000
доллары)
Инвестиция мөлшері (АҚШ доллары) 170000-25000500000 160000
0
Роялти мөлшері (жалпы табыстан %) 7 6 10
Жарнамалық қорға төленетін 2 2-4 10
мерзімдік төлемдер (%)
Мейрамханакомпанияны ашуға 90 300 200-300
қажетті алаң мөлшері (шаршы метр)

Кесте мәліметтері бойынша, Алматы қаласындағы Рамстор сауда кешенінде
орналасқан Ростик’с мейрамханасын ашу үшін қажетті алғашқы жарна 25000
АҚШ долларын, ал инвестиция мөлшері 170-250 мың АҚШ долларын құрайды.
Роялти ай сайынғы жалпы табыстың 7 %-нан тұрады. IL Патио мейрамханасының
алғашқы жарнасы 40 мың АҚШ доллары және инвестиция мөлшері 500 мың АҚШ
долларын құрайды. Бұл жағдай, яғни, бір компанияның франшиза құнының әр
түрлі болуы әрбір мейрамхана тұжырымдамаларының өзіне тән ерекшеліктеріне
байланысты.
РосИнтер – бұл тамақтандыру кәсіпорындарының пайдалылығы жоғары
желісі. Қазір осы марка атауымен ТМД және Еуропа елдерінде 250-ге жуық
мейрамхана бар, олардың 22-і Қазақстанда қызмет етеді. Тамақтандыру
кәсіпорындарындағы шаруашылық қызметтің франчайзингтік үлгісін ұйымдастыру
ерекшеліктері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының франшизасы екі негізгі
құрамдастан, яғни санаткерлік меншік объектілері мен көрсетілетін қызметтен
тұратындығымен түсіндіріледі (3-сурет).
Қоғамдық тамақтандыру саласындағы франчайзингтік жүйені құруға қажетті
ең басты фактор – технологиялық деңгейді қалыптастыру. Осы мақсатпен
РосИнтер Алматы компаниясы келесідей іс-шараларды жүзеге асырады:
франчайзингтік кәсіпорын тұжырымдамасы тиімділігін дәлелдеу, оның беделінің
параметрлерін анықтау, әзірлейтін тағамдар мен ұсынатын қызметтер сапасын
талдау, жұмыс әдістерін, қолда бар жүйесін басқа кәсіпорындарға ұсыну
мүмкіндігін айқындау, роялтиді өтеуі, еңбек ақыны, франчайзердің құрылған
жүйеден алатын пайдасын есептеу[4,96-98б].

3- сурет - РосИнтер Алматы компаниясы франшизасының компоненттері
Франчайзингтік қатынастар бойынша франчайзер қолданыстағы ноу-хаудың
күрделі пакетін сататындықтан оған франчайзингтік жүйе құрылғанға дейін осы
пакеттің өткізу қабілеттілігін дәлелдеу қажет, себебі франчайзи роялти
төлеу және нарықтағы өзіндік қызмет стилін сақтау қажеттілігінен
франчайзерге тәуелді болады.

2.3 Ростинтер Алматы ЖШС франчайзи ретінде Қазақстандағы қызметін талдау

Франчайзингтік жүйенің сәтті дамуында маркетингтің рөлі зор. Осыған
байланысты қоғамдық тамақтандыру нарығындағы тұтынушылардың талғам
талаптарын анықтау үшін пікір сұрау арқылы маркетингтік зерттеулер
жүргізілді. Мақсаты – 18-65 жас аралығындағы Алматы қаласы тұрғындарының
қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары қызметтерін тұтынудағы талғамдарын
айқындау. Оның әдістемелік негізі ретінде зерттеу жүргізудің әдістері,
кезеңдері, тәсілдері алынды. Зерттеудің репрезентативтілігі іріктеме
мөлшерімен анықталып, 385 адамды қамтыды. Қоғамдық тамақтандыру
кәсіпорындарына тұтынушылардың келу жиілігін; респонденттердің
мейрамханаларды таңдауына теріс ықпал ететін факторлар белгілеу; қызмет
көрсетудің тартымды әдістері мен түрлерін айқындау зерттеудің негізгі
міндеттері ретінде қарастырылды. Мәліметтерді жинау пікір сұрау әдісі
арқылы жүзеге асырылды. Респонденттерді жынысына байланысты рангтерге бөлу
негізінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франчайзингтік қатынастар жүйесі талдау
Франчайзингтік төлем
Франчайзинг туралы түсінік
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Франчайзинг түсінігі
Қазақстандағы франчайзинг
Франчайзинг жүйесі
Франчайзингтің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Франчайзингтік келісім - шарт
Пәндер