Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Халықаралық туристік ұйымдар

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ----------------------------5

1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері------------------------- ----
----5
1.2 Бүкіләлемдік Туристік Ұйымының Статистика комиссиясының қызметі---------
----------------------------------- ----------------------------------- ------
---------------10

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ--------------------
----------------------------------- ---------------------------------

2.1 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардың дамуы және табысы------------12
2.2 Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер
қызметтері------------------------- -----------------------------------------
-----------------14
2.3 Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері----------------------------
-17

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
--------22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ----------------------------------- 25

КІРІСПЕ
Бүкіләлемдік туристік ұйымдар ( БТҰ ) туризм саласында халықаралық
ұйымдардың бастауышы болып келеді. 2002 жылы БТҰ құрамына 139 мемлекет, 6
шекаралық аумақ және 350 уақытша секторлар, оқу бөлімшелері, туристік
ассоциациилер кірген.
Соңғы 20 жыл ішінде шетел туристерінің көші-қоны өсуінің қарқыны жылына
5,1%-ті құраса, олардан түскен валюта құны 14%-ті құраған. Туризм қазіргі
қоғамдағы бүкіл инфрақұрылымның дамуын ынталандырады: экономика, мәдениет,
әлеуметтік сала және коммуникациялар. Туризм индустриясының қалыптасуына
әсер ететін бірден-бір фактор — туристік өнімді насихаттауға жұмсалған
шығындар. Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) мәліметтері бойынша ұлттық
туристік өнімді насихаттауға жұмсалатын шығындар ұлттық туристік бюджеттің
орташа алғанда 56%-ін құрайды, мәселен Израиль мемлекеті 203 млн. долларды,
Испания — 135 млн. долларды, Таиланд — 92 млн. долларды жұмсайды. Ұлттық
туристік өнімді насихаттау барысы кең етек жайып, әр салынған долларға
шаққанда табыс көлемі - Францияда 375 долларға, Испанияда 319 долларға,
Австралияда 78 долларға тең болады. Ал Қазақстанда мұндай шараларды жүзеге
асыруға аз сома бөлінеді.
Мамандардың есептеуі бойынша бір туристің келуінен түсетін табыс
мөлшері біздің елден әлемдік нарыққа 9 тонна көмір, не болмаса 15 тонна
мұнай немесе жоғары сапалы бидайдың 2 тоннасын шығарғанмен парапар. Бірақ
көмір мен мұнайды өндіру таусылатын байлықтарымыздың азаюына, экологиялық
ахуалдың нашарлауына әкелсе, туризм индустриясы қалпына келетін ресурстар
негізінде жұмыс жасайды.
Мысалы, ТМД елдеріндегі туризмнің даму қарқынына тоқталатын болсақ:
✓ Қырғызстанда туризм үлкен қарқынмен дамып келе жатыр. Бұл елде
шетел туризмнің құндық көрсеткіштерінің тұрақты өсімі байқалады.
Оған бүкіл табыс көлемінің 62,8%-ті тиесілі (туристердің барлық
санының 43%-ті келеді). Бауырлас республикада туристік қызмет
құрылымында ішкі туризм — 38,1%, ал одан түскен табыс — 32,2%
құраған. Шығу туризмнен түскен табыс 4% болса, туристердің саны
18,3% тең.
✓ Өзбекстанда қызметтің сапасы мен номенклатурасына, туристік-
экскурсиялық қызмет көрсетудің формалары мен әдістерінің
түрлілігіне жаңа талаптар қойылып жатыр.
✓ Түрікменстанда туризмнің материалдық-техникалық базасын құру
және дамытуға көңіл бөлінуде. Бұл процестің өрбуі инвестициялық
әлеуетті екі бағыт бойынша қолдану арқылы жүзеге асуы мүмкін:
1.Қазір іс-әрекет жасап тұрған материалдық-техникалық база негізінде
туристік-экскурсиялық қызметтің сапасы мен көлемін жоғарылату.
2. Материалдық-техникалық базаны одан әрі қарай дамыту, туристік мекемелер
торабын кеңейту және қосымша туристік ресурстарды игеру.
✓ Қазақстанда аталған мемлекеттермен салыстыра отырып, туризмнің
дамуы бәсеңдеу қарқынмен жүріп жатқанын айтуға болады. Алматы
қаласының АҚШ-тың Аризона штатындағы бауырлас Тусон қаласы, тек
туризм арқасында өз бюджетін жыл сайын 3 млрд. 800 млн. АҚШ
долларына байытып отырады.. Бұл сома Қазақстанға түсетін шетел
инвестицияларының көлеміне тең.
Жұмыстың өзектілігі:
- Халықаралық туристік ұйымдарды, олардың қызметтерін, мақсаттарын және
міндеттерін зерттеу;
- әлемдік экономикадағы мәнін, туризм ұғымы мен түсінігін анықтап,
зерттеу.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: халықаралық туризмнің дамуына әсер етуші
факторларды ашып көрсету, халықаралық туристік ұйымдар, яғни фирмалардың
жұмыс істеу нәтижелерін қарастыру және оның негізгілерін анықтау.
Жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және
қолданылған әдебиеттерден тұрады.

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМНІҢ МӘНІ, ДАМУЫ
1.1 Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері

Қазақстанның дербес елдер қатарына қосылып, көк байрағымызды
желбіреткеніне жеті жыл болып қалды. Экономикамыздың өтпелі кезеңнен батыл
қадамдармен шығып кетуінің бірден-бір амалы - туризм индустриясын құрып,
дамыту қажеттігі туып отыр. Жалпы "туризм"' ұғымын екі тұрғыдан,
біріншіден, адамдардың" дүниетанымын саяхат жасау арқылы кеңейту,
екіншіден, экономиканың тиімді саласы тұрғысынан қарастыру керек. Дүние
жүзі елдері тәжірибесіне жүгінсек, Малайзия 1996 жылы 8 миллион турист
қабылдап, қыруар ақша пайда тапты. Азияның қуыршақтай ғана Бахрейн, Кувейт
секілді елдері туризмді экономиканың ажырамас және маңызды саласы ретінде
өрістету үстінде.
Қазақстанда туризм индустриясының өркендеуі шетел валютасының ағылуына,
бюджеттің өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне,
халықтың өмір деңгейі мен кірістің ұлғайюына әкеліп соқпақ.
Тәуелсіз Қазақстанда көптеген туристік фирмалардың жұмысы кең етек
жайды. Олар алуан түрлі қызмет көрсету арқылы ұсыныстарды молайтады.
Бүгінгі күнде фирмалардың басым көпшілігі Қазақстан Республикасы
азаматтарын алыс шет елдерге аттандырады және де олардың дені негізінде шоп-
туризммен айналысуда. Бұл құбылыстың белгілі себептері көп, солардың
бастысына өтпелі кезеңдегі экономикалық дағдарыс нәтижесінде жеңіл һәм
тамақ өнеркәсібі мен өңдеу салаларының құлдырауы жатады. Шоп-туризм
арқасында халық тұтынатын тауарлардың бізге толық мөлшерде импортталуы
байқалуда және базардың арзан өнімдерге толуы өріс алуда. Кіру туризміне
көз жүгіртсек, оның өте баяу дамып отырғанын көреміз.
Жалпы туристік ағынның 69,2%-і шығу туризмі, 11%-і кіру туризмі, ал
19,8%-ін ішкі туризм құрайды. Бір қызық жайт, шығу туризмінде алыс шет
елдердің үлес-салмағы үстем (96,1%), ТМД-ға 3,9% ғана. Кіру туризмінде де
ТМД-дан келушілер 26,2% қана.
Сатылған жолдамалар құны шығатын туристерге шаққанда 95% болса, кіру
мен ішкі туризмге 3,5% пен 1,5% сәйкес келеді. Осы мәліметтерді
қорытындылар болсақ, алыс шетжақ Еліміздегі туризмнің қазіргі халі: мәз
емес. Ескірген материалдық-техникалық база мен ыңғайластырылмаған көлік
инфрақұрылымы халықаралық деңгейге жете қоймаған. Сол себептермен Қазақстан
өзірше әлемдегі мемлекеттер арасында тартымды туристік аудандар қатарына
қосылған жоқ. Бірақ қайталанбас," сұлу табиғат жағдайларына: бай жеріміз,
дүнім дүние туристерін өзіне тартып, қомақты пайда түүсіруі әбден мүмкін.
Азаматтарға сапар шегу әрі қолайлы, әрі арзанға түседі. Резидент емес
және өз азаматтарымыздың келуі мен республика ішінде қозғалуы айтарлықтай
пайда әкелмейді.
Ал Қазақстан экономикасында туризм әлі сауда байлансының теріс жағын
көрсетуде.
Халықаралық туристік ұйымның (ХТҰ) анықтауынша, елдер ең алдымен
туристерді жеткізіп беруші және қабылдаушы болып екіге бөлінеді. Қазақстан
осының алғашқы тобына жатады (1-кестедегі мәліметтер). Күллі әлемде
"жеткізіп беруші елдерге" жоғары дамыған, ірі өнеркәсіп әлеуетіне ие
мемлекеттер енеді. Біздің республикамыз "қабылдаушы елдер" санатына кіруі
керек еді (Марокко, Непал, Оман, Түркия сияқты). Алайда өндірісіміздің
құлдырауы, тұрақты дәстүрлі қатынастардың үзілуі, сонымен қатар адамдардың
арзан тауар кездерін іздеп, шет жақтарға ағылуы нәтижесінде "шоп-туризмнің"
құрт өсуі бәсеңсір емес.
Ал туристер мен экскурсанттарға 1998 жылғы қызмет көрсету кестесін
Қазақстан Республикасының 5 экономикалық ауданына бөліп құрастырғанда (1-
кесте), жағдай былай боп шығады.
Қазақстанның 5 экономикалық ауданындағы туристерге қызмет көрсету
мөлшерін қарастыра отырып (1-кесте), мынандай қорытынды жасауға болады:
резидент еместер (ҚР азаматтары емес) мен резиденттердің (ҚР азаматтары)
көп бөлігіне Алматы қаласында туристік қызмет көрсету деңгейі тиісінше 77
һәм 69 процент екен. Түсімнің де қомақты бөлігі Алматы қаласы үлесіне
тиген, яғни резидент еместерден 93%, ал резиденттерден 54%. Тек аз ғана
сыбағасы (28%) Орталық Қазақстан экономикалық ауданының резиденттеріне
(7,3%) келсе, Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының бір Ақмола
облысының өзі 5,9% резиденттерді қамтыды. Бұл ауданның барша резиденттер
санының жартысы болып тұр. Шетел туристерінің Алматыдан кейінгі ат басын
көбірек тіреген жері Шығыс Қазақстан өңірі (15%). Осыдан ұғынарымыз,
шетелдіктердің басымы оңтүстік астанамызда шоғырланса, өз азаматтарымыздың
дені "шоп-туризмді" солтүстік астанаға қарай өрістетіп, дамытып жатыр.
Қазақстанның табиғат ерекшеліктері кез келген туристі бейжай
қалдырмайтынына біз кәміл сенеміз. Ендігі ой-мақсатымыз жоғары тиімді
түризм индустриясын дұрыс жолға қойып, дамытудың кейбір міндеттерін ашып
көрсету. Олар:
- республикадағы бүкіл туризм инфрақұрылымын жүйеге келтіріп, болашаққа
бағыт-бағдарын анықтау қажет;
- туризм объектілеріне көлік пөн коммуникация байланысының қолайлылығын
жақсарту;
- қонақ үйлер, кемпингтер, мотельдерді салу кезінде маусымдық
ерекшеліктеріне көңіл бөлу; :
- туризмдегі жарнама мен үгіт-насихат жұмысын озық технологиялық
әдістерді пайдалана отырып жүргізу;

1 – кесте. Қазақстан бойынша туристік қызмет көрсеткіші.

Қазақстанның туристерді жеткізіп беруші еддерден қашық орналасуы әуе
көлігін өркендетіп, дамытудың маңыздылығыи дәлелдей түспек. Болашақта
әлемдік деңгейдегі әуе порттарын республикамыздың барлық облыс
орталықтарында салып, ұйымдастырылуына шүбә келтірмейміз.
Туристік байланыс жүргізу барысында автомобиль магистральдары
дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Бүгінгі таңда Қазақстанда бүкіл
жолдар ұзындығы 87,7 мың километрге тең немесе аумағымыздың 1000
километріне шаққанда 32,2 км келіп түр, Олардың 17,4 мың шақырымы
республикалық маңызы бар автотрассалар, ал бүның 11,8 мың километр жолы
халықаралық жағдайға жетпек.
Сыртқы экономикалық байланыстарымыздың өсуі нәтижесінде туризмнің
қапыптасу кезінде басымдық бағыттардың ішінде теңіз қатынасының
өрлеуі айқындалуда, Қазақстанның әзірге жалғыз Ақтау теңіз портының
реконструкциясы мен кеңейтілуі жүргізіліп жатыр. Оның жаңа мәнге
бетбұрысы круизді туризмнің өркендеуіне мүмкіндік берері хақ. Бұл
тұрғыда әуе көлігі туризм инфрақұрылымының ең жаңа элементі ретінде
туризм индустриясының ажырамас әрі жылдамдығы жағынан елеулі бөлігі
болып саналады. Туристік компаниялар, фирмалар әуе компанияларымен
көлтеген шарт жасасып, екі жаққа да түсімнің ортақ үлесін бөліседі.
Аталған көлік жүйесімен қатар, туристік инфрақұрылымның ішіне
орналастыру мен тамақтану базалары жатады. Қонақ үйлер, кемпингтер,
мотельдер жаңадан бой көтеріп келе жатыр. Оларды халықаралық деңгейге
жеткізу болашақта тұрған күрделі мәселелердің бірі. ДТҰ-ның мәліметі
бойынша, әлемдегі қонақ үй қорының 49%-і Еуропада орналасқан, Ресейдің
қонақ үй қоры (4878 қонақ үй) Европаға шаққанда 3%-ін ғана құрайды. Ал
Қазақстанда әзірше орналастыру объектілерінің саны 25 болса, олардағы орын
саны 4040 болып белгіленген. Сонымен бірге, қонақ үйлер, мотельдер мен
пансионаттар басқа, қосымша орналастыру мекемелері қалыптасу шағында.
Оларға жастар турбазалары, отбасы демалысына арналған рекреациялық
орталықтар, тау лашықтары және жалға берілетін пәтерлер, саяжай үйлері,
фирмалар, т.б. қосылады.
Тамақтану базасы салыстырмалы түрде жақсы дамыған. Бірақ жалпы туристік
қызмет көрсету дәрежесіне толық жетпеген. Жаңа әдістерді пайдалану арқылы
туристерге қолайлы ресторан, кафе, бар тәрізді мекемелерді жол бойында,
шалғай аудандарда да салып, ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар
негізінде бой түзеген тамақтану орындарын көбейте берген абзал.
Қазіргі кезде "Туризм индустриясын дамытудың ұлттық бағдарламасы" ,
"Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың тұжырымдамасы", Қазақстан
Республикасының "Туризм туралы Заңы" сияқты Үкімет қаулылары бар. Оларға
жүгіне отырып, болашаққа арналған Қазақстандағы туризм дамуының басымдық
бағыттарын анықтаған едік:
- туризмді экономиканың басқа салалары деңгейіне теңдестіріп, оның
бір қалыпты өрістеуін бақылау;
- туристік инфрақұрылымды қайта жабдықтау және жаңа талаптағы
объектілерді салу;
- шет елдің алдыңғы дамыған туристік компанияларымен, корпорацияларымен
қоян-қолтық қатынас жасап, тәжірибе алмасу;
- туризмдегі көлік пен коммуникациялар жүйесін әлемдік стандарттарға
жеткізу;
- халықаралық туризм үшін кадрлар даярлап, олардың кәсіптік
біліктілігін арттыру;
- ғылым мен техникадағы жетістіктерді туризмді басқару мен үйлестіру
мақсатында пайдалану;
- туризмге жанама қатынасты кешендердің барлығын аталмыш саланы дамыту
ойымен жұмылдыру.
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға
арналған іс-қимыл бағдарламасы дер кезінде жарияланды. Үкімет шетелдік және
отандық инвестицияларды салаға тарту жөніндегі жұмыстарды күшейтеді, сондай-
ақ ел туралы кешенді туристік ақпарат дайындауға және оны кең таратуға
кіріседі.
Бұл бағдарлама Қазақстанда туризм индустриясын құрып, дамытуға септігін
тигізеді деп біз кәміл сенеміз.

1.2 Бүкіләлемдік туристік ұйымының Статистика комиссиясының қызметі

Туризм ұғымы мен түсінігіне тоқталу үшін, алдымен туризм анықтамасын
үш топқа топтастырып алайық. Бірінші топқа- туризмді рекреация түрі, бос
уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның
мәдениетін және білім деңгейін жоғарылатуды үйлестірген қызмет көрсету
саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық
күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.
Туризм анықтамасының екінші тобы – оны халық миграциясының бір түрі
ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен, кеңістікті жеңумен
туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.
Анықтаманың үшінші тобы –туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық
құбылыс ретінде сипаттайды, оның түрлері қасиеттер мен қатынастарының
бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады.
Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен
байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады.
Туризм басында адамдардың өз тұрақты мекен – жайынан басқа жерде қозғалысы
және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен
мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы
қабылданған анықтамасы бойынша, туризм - бұл денсаулықты нығайтуға,
адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты мекен – жайдан тыс
жерлерге барумен байланысты активті демалыс.
Бұл ұғымның кең сипаттамасын ХХ ғасырда Монте – Карлодағы туризм
Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу
мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін
немесе кәсіби – іскерлік мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен
байланысты емес жалпы түсінік.
1993 жылы БҰҰ Статистика комиссиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ)
мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын
мерзімде, дем алу, іскерлік және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты
ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды.
Осы анықтамаға сәйкес туризмге тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:
- тұрғылықты ортадан тысқары шығу:
- қозғалудың уақытша сипаты;
- сапардың мақсаттылығы;
Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы.
Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен
– жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.
БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен
сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі
баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта
элементіне жатады. Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші
мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.
Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан
орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.
Сапар мақсаты туризмге жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды
сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған
жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның
себебіне жатады. Адамның мінез – құлық әрекеті себепті болады. Туристік
себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ МӘНІ
2.1 Қазақстандағы туристік кәсіпорындардың дамуы және табысы

Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса
да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған
сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ
тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар
туризмге тікелей қатысы бар "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет
туралы заңы" және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді
өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен
туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму
үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап
отыр.
2002 жылы Қазақстан туризмнен 1690289,3 мың теңге мен 29,8 мың АҚШ
доллар бар сома табыс алды (2 кесте). 2000 жылы туристік фирмалар
қызметінен түскен табыс мөлшері 1882684,7 мың теңге және 623,4 мың АҚШ
долларын құрады. Келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 14,3%-тш және АҚШ
долларында табыстың 46,5%-тін құрады. Шығу туризмі теңгеде 74,4%, ал АҚШ
долларында 53,5%-ті құрады. Ішкі туризмнен түскен табыс көлемі 11,3%-ті
қамтыды.
2002 жылы келу туризмі бүкіл теңгедегі табыстың 11,8%-тін және АҚШ
долларында табыстың 100%-тін құраса, шығу туризмі тенгеде 66,5%-тін, ал
ішкі туризм 21,7%-ті құрады. Бұдан шығатын қорытынды: туризмнен түскен
табыс 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10%-ке төмен болды. 2002 жылы
келу туризмнен түскен табыс мөлшері теңгеде 2000 жылдың көрсеткіштерімен
салыстырғанда 2,1%-ке кем болды, ал доллардағы пайда 2002 жылы 100%-ке тең
болса, 2000 жылы бұл көрсеткіш 46.5%-ті құрады. Шығу туризмі 2002 жылғы
теңгедегі табысы 2000 жылдан 7,9%-ке кем болды, ішкі туризмнің дамуынан
табыс мөлшері 2002 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 10,4%-ке артты.
Келтірілген мәліметтер Қазақстандағы туризмнің толық қарқынмен дамуына
мүмкіндіктерінің тапшылығына, өз орнын таба алмай жүргеніне куә болып
отырмыз.
2000-2002 жылдар аралығында Қазақстанға әлемнің жүзден астам елдің
өкілі келіп кетті. Біз жүргізген зерттеу негізінде 300-ден артық туристерді
жіберетін елдерді ранжирлеу әдісімен бөліп-жарған едік. Басты мақсатымыз
Қазақстанға келетін туристерді елдік санаты бойынша айыру және туристік
саясатымызды қандай мемлекеттерге қарай жүргізу және дамыту шараларын
жүзеге асыру қажеттігін бағдарлау. 2000-2002 жылдар аралығын өзімізге арқау
етіп, резидент емес туристер келген елдерді сурет ретінде сипаттадық (сурет
2). 2000 жылы дамыған елдер ішінде Ұлыбритания. Германия, АҚШ, Франция,
Жапония, Италия басым болса, 2001 жылы Ресей мен Германия ғана 300-ден аса
турист аттандырған еді. 2002 жылы аталмыш мемлекеттерге Израиль, Литва,
Иран сынды даму үстіндегі елдер легі қосылды. Осы ретте Қазақстанға көз
тігіп отырған мемлекеттердің біразы іскерлік ниетпен келетін туристерді
жіберіп жатқанын айтқан жөн.
2001 жылы Ресей мен Германияның туристерді ең көп жібергенінін бірден-
бір себебі — аталмыш елдердің Қазақстанда ірі этникалық диаспораларының
қоныстануы мен, әсіресе Ресейдің байырғы дәстүрлі, көршілес
жатқандығымыздың әсері болса керек. 2002 жылы Израиль, Иран, Литва
мемлекеттері азаматтарының республикамызға ат басын бүруы, біздің ойымызша,
бизнеспен және аз ғана бөлігінің танымдық мақсатпен байланысты екендігін
тұжырымдаған дұрыс шығар.
2.2 Қазақстан Республикасында туристік фирмалар және агенттіктер
қызметтері

2003 жылы туристерге көрсетілген қызметтің жалпы көлемі —16599,9 млн.
теңгені құрады. Соның ішінде туристік ұйымдардың көрсеткен қызметінің
соммасы — 1093,7 млн. теңге, қонак үйлер мен басқа да орналастыру
орындарының қызметі — 2675,7 млн. теңге, санаторий- курорттық мекемелер
қызметі — 4729,6 млн. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
21 – ғасырдағы туристік фирмалардың қызметі
Туристік мемлекеттік реттеу
Туристік сақтандыру қызметтері нарығындағы қалыптасқан жағдайлары
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
ЖАРНАМА- ТУРИСТІК НАРЫҚТА ӨНІМДІ ӨТКІЗУДЕГІ НЕГІЗГІ ЫНТАЛАНДЫРУШЫ КҮШ
Туристік қызметті басқарудың шетел тәжірибесі
Туристік фирманың бәсеке қабілеттілігі мен бәсекелестік артықшылығын қалыптастыру
Туристік фирмалардағы жарнамалық қызмет
Қазақстан Республикасындағы туристік рыноктағы маркетингтің даму деңгейі мен оның болашағы
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
Пәндер