Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І бөлім. Инфляция туралы жалпы түсінік
1. 1 Инфляция және пайда болу себептері . . . 6
1. 2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары . . . 8
1. 3 Инфляцияға қарсы саясат . . . 11
II бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері
2. 1 Өтпелі экономика кезеңдегі Қазақстан Республикасының инфляциялық процестердің дамуы . . . 14
2. 2 Республикадағы бағаларды либеризациялаудың инфляцияға әсері . . . 19
III бөлім. Қазіргі Қазақстанның инфляция деңгейі мен оған қарсы күресу жолдары
3. 1 2010 жылдағы Қазақстан Республикасының инфляция қарқынын талдау . . . 23
3. 2 Қазақстан Республикасының 2010 жылға арналған инфляцияға қарсы ақша-несие саясаты . . . 26
Қорытынды . . . 29
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 32
Қосымша . . . 33
Кіріспе
“Қазақстандағы инфляциялық мәселелер, олардың себептері мен оған қарсы күресу жолдары ” тақырыбындағы курстық жұмыстың өзектілігі - инфляция болып табылады. Қазіргі таңда инфляция барлық дамыған, дамушы мемлекеттердің ең өзекті мәселе мен ең өзекті проблемалардың бірі болып табылады. Осы курстық жұмыста инфляция анықтамасы, түрлері, одан пайда болатын зардаптары мен инфляцияға қарсы саясаты туралы айтылады. .
Осы курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы пайда болатын себептерді толығымен анықтап, оған баға беріп, одан туатын әдеуметтік және экономикалық салдарларымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның не екенін түсіну;
- инфляцияның әлеуметтік экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- Қазақстандағы инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляцияға қарсы саясаттағы жаңа перспективаларды қарастыру.
Инфляция - бағалардың орта деңгейінің көтерілу үрдісі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция - бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасындағы теңгерімнен шығаруға әсер беретінақшалай нарықтың құбылысы. Инфляция - көпфакторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы бейнеленеді. Жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады. Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп аталады
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсу қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрлерге бөлуге болады:
- Баяу немесе сұлама инфляция;
- Қарқынды инфляция;
- Ұшқыр инфляция.
Баяу инфляция саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де (жылына 10 %-тен аз) ақша негізінде өз құнын сақтап қалады
Қарқынды инфляция - экономика үшін едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп, оған икемделе береді. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, жылына 20%-тен 200%-ке дейін өседі.
Ұшқыр инфляцияда бағалардың жалпы деңгейі мыңдаған процентке артқан жағдаймен сипатталады. Ұшқыр инфляция кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп есе артып кетеді. Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен (1000%-дан жоғары) өседі.
Нарықтық инфляциялық тепе-теңдігінің қандай түрді қабылдауына, сыртқы көрінісіне байланысты инфляция типтерін ашық және басылыңқы деп айырамыз.
Ашық инфляция еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Ашық инфляция жағдайында бағалардың өсуі және өсу қарқыны айқын байқалады және ресми түрде есепке алынады.
Басылыңқы инфляция өнім сапасының төмендеуімен, ақшаның амалсыз жиналуымен, астыртын экономиканың, бартерлік келісімнің дамуымен көрінеді. Басылыңқы инфляция мемлекет тауар бағасын сұраныс пен ұсыныс теңдігі бағасынан төмендеуін қолдау әсерінен туады, онда ақшалар жалпы төлем құралы және тауарларды бөлу өлшемі ретінде қызметін атқарудан қалады.
Сонымен қатар осы еңбегімде Қазақстан Респупликасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып, сосын ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260 % құраса, 1994-те - 1258 %, ал 1995-тің аяғында “теңге” тұрақтана бастап, инфляция төмендеді және 60, 3 %-ға қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28, 7 %-тың маңында болса, 1997-ші - 11, 2 %, 1998-ші жылы - 1, 9 % құраса, ал 2003 жылдың аяғында 5, 9 %-ға тұрақталғандығы туралы атап көрсеттім.
Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық салдарының әр алуан, өзара қайшылықта болатындығын және оның қандай элеуметтік-экономикалық зардаптар тудыратындығы туралы мысалдар келтіру арқылы дәлелдедім.
Инфляцияның шаруашылық тәртіпті бұзып, ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіретіндігін және қарқынды инфляция кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасатындығын: нарықты болжау мүмкін емес болғандықтан бизнесте тәуекелдік жоғарылап, іскерлік әрекеттер күрт қысқаратындығы жайында атап өттім. Инфляцияның тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайтындығы және оған қоса бағалардың әр түрлі өсуі экономикадағы салааралық сәйкессіздіктерді ұлғайтып, тұтынушылық сұраным құрылымын бұрмалайтындығы жайлы қарастырдым.
Инфляция зардаптарын бейтараптандыру мақсатымен мемлекет инфляцияға қарсы саясат жүргізеді. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясатын экономиканы тұрақтандыру, бағамен жалақыны реттеу, қаржыны сауықтандыру, несие экспансиясын тежеу, ақшаны эмиссиялауды қатал бақылауға алу сияқты жалпы экономикалық шараларды іске асыру арқылы жүргізеді.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: кез келген нарықтық экономикаға тән үлкен мәселердің бірі - инфляция табиғаты, түрлері, пайда болу себептері мен салдары, Қазақстандағы инфляция жағдайы мен онымен күресу жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі: Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляция қарқыны.
Курстық жұмыстың қайнар көздері: курстық жұмысты жазу барысында барысында Қазақстан Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық мәліметтер, нормативті актілер, мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік жіне отандық әдебиеттер, сонымен қатар www. stat. kz, www. nationalbank. kz, www. interfax. kz сайттары қолданылды.
Осылайша аталған ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жазған курстық жұмысымдағы берілген, келтірілген ғылыми теориялық пікірлер сенімді, дәлелді, нақты деп ойлаймын.
І бөлім. Инфляция туралы жалпы түсінік
1. 1 Инфляция және пайда болу себептері
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі - inflation - (вздутие) - қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзіліс соғыстан кейін жиі колданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді. /1, 405б. /
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы - айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұллым өсуіне алып әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тін «ғажайып» құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рыок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рынгында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы - 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюнктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т. б. байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады. /1, 406б. /
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын айтайық.
Біріншіден , мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда «ақша станогы» белсенді пайдаланылса, онда айланыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін МV=PO еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы ашық.
Екіншіден , осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсу болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар - олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден , баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономиканың ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар қсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның ьөмендеуін болдырмау үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуі көмектеседі. /1, 407б. /
Төртіншіден , елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы «энергетикалық дағдарыс» сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттуына әкелді. «Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарылату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден , инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. /1, 408б. /
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлар комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық, Батыс Еуропада ІІ дүниежүзілік соғыс біткеннен кейін соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарды инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатынасы, инфляцияның басқа елдерден келуі және т. б. факторлар себепші болады. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҰӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т. б. ерекшеліктер. /1, 409б. /
1. 2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляцияның салдары әр алуан, өзара қайшылықта болады және мынадай жағдайларға әкеп соғады. Біріншіден , ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және элеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.
Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылықтарынан) мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Инфляция факторының біреуі болып табылатын мемлекет бюджетінің тапшылығы, инфляциялық салықпен өтеледі. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі, автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша қалдығы құнының төмендегенін көрсетеді. /2, 312б. /
Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол - ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады. Қосымша басылып шыққан банкноттар номиналдарының сомасы мен оларды басып шығаруға жұмсалған шығындардың айырмасы сеньораж деп аталады. Ол мемлекеттің басып шығарған ақша үшін алатын нақты ресурстарының санына тең болады.
Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінденақты табыстардың төмендеуінен шығанға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табыстарды индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше инфляциядан қорғана алады. Нарықта монополиялық жағдайға ие болушылар өздерінің нақты табысын өсіре алады.
Нақты активтер иелерінің (қозғалмайтын мүліктің, антиквариаттың, өнер туындыларының, асыл заттардың) инфляциядан қорғанысы молырақ болады, өйткені осы тауарлар бағасының өсуі елдегі инфляцияның жалпы дәрежесінен артық болып отырады.
Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляцияның нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз процентінің ставкасын жоғарылатады. Осы жағдай өндіріске жасалатын инвестиция көлемін азайтады және инфляцияны жандандыра түседі.
Салық салудың прогрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарының қаражаттар алынуын шапшаңдатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған қаражаттың құнының төмендеуіне байланысты, жинақталған табыстар қағамның кәрі мүшелерінен алынып, оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.
Екіншіден , инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылықтарының жоспарлауын (әсіресе ұзақмерзімдік) қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қатер-қауіп өсе түседі. Осының төлемі ретінде процент ставкасы мен пайда өседі. Инвестициялар қысқамерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін. /313б. /
Үшіншіден , қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.
Төртіншіден , экономиканың “ашық” секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Бұның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырайды.
Бесіншіден , тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.
Алтыншыдан , ақша формасында жасалған жинақтың нақтықұны төмендейді, нақты активтерге сұраныс өседі. Бұның нәтижесінде осы тауарлардың бағасы, бағаның жалпы дәрежесінің өзгеруінен шаншаң өсіп отырады. Инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан “қашуға” жол ашады. Фирмалар мен үй шаруашылықтары нақты активтер сатып алу үшін қосымша шығындар жасауға мәжбүр болады.
Жетіншіден , мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді және оның нақты табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осаларды ұдайы өндіру механизмі іске кіріседі.
Сегізіншіден , жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайға қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп, оның (халықтың) көбірек және бұрынғыдан да дақсы еңбек етуін талап етеді. Нәтижесінде жылжымалы инфляция бір мезгілде экономикалық өсудің “төлемі” және оның стимулы болып табылады. Дефляция, керісінше, жұмыспен қамтуды және өндірістік қуаттардың пайдалануын төмендетеді.
Тоғызыншыдан , стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, инфляциямен, бір жақтан, өндіріс көлемі және жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды.
Оныншыдан , әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.
Ұзақ мерзімді уақыт интервалында, “инфляцияның шапшаңдауы” теориясы бойынша, жылдан-жылға инфляцияның қарқынының өсуі, өндірістің нақты көлемін оның өзінің табиғи дәрежесінен жоғары ұстап отыруға көмек береді. /314б. /
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдаяттың уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Қарқынды инфляция шаруашылық тәртіпті бұзады, ірі корпорацияларға да, кіші бизнеске де айтарлықтай экономикалық зиян келтіреді. Қарқынды инфляция кезінде конъюнктура екі ұшты болып қалыптасады: нарықты болжау мүмкін емес болғандықтан бизнесте тәуекелдік жоғарылайды, іскерлік әрекеттер күрт қысқарады. Инфляция тиімді макроэкономикалық саясат жүргізуге де кедергі жасайды. Оған қоса бағалардың әр түрлі өсуі экономикадағы салааралық сәйкессіздіктерді ұлғайтады, тұтынушылық сұраным құрылымын бұрмалайды. Баға өзінің негізгі қызметін - нарықтың объективті өлшем құралы болу қызметін дұрыс атқармайды.
Инфляция қоғамда ақшадан қашу белсенділігін арттырады, бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) туындап кеңейеді.
Баға деңгейінің қарқынды өсуі фискал (қазына) жүйесіне де теріс әсер етеді, экономикада “Танзи - Оливер әсері” деп аталатын нәтиже қалыптасады. Бұл әсерді ХХ ғасырдың 70-жылдары Латын Америкасы экономистері ашып зерттеген еді. Инфляция салықтан түскен табысты (түсімді) құнсыздандырады. Мысалы, егер салықтар жылдың үшінші ширегінде (кварталында) есептеліп осы жылдың төртінші ширегінде төленген болса, онда гиперинфляция жағдайында бюджетке түскен түсімдер құнсызданады, яғни бюджет түсімінің нақты мөлшері азаяды. Инфляция жағдайында тұрғындардың қолында сақталған ақша қоры құнсызданады, несие беруші мекемелер мен банктер шығын шегеді.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады.
Инфляцияның әлеуметтік салдары да бар, ол ұлттық табыстың қайта бөлінуіне әкеледі, тұрғындар үшін инфляция қосымша салық сияқты, бағалардың өсу қарқыны номиналды (ақшалай) табыстың өсуінен жоғары болады, сондықтан нақты (реалды) табыс азаяды. Инфляцияның зардабы әсіресе табысы шектеулі әлеуметтік топтар үшін ауыр болады. /1, 412б. /
Қорыта айтқанда, инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленістерді тереңдетеді.
1. 3 Инфляцияға қарсы саясат
Инфляцияға қарсы саясат - бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады. /2, 318б. /
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz