Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудің тілінің дамуына әсері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Тарау. Ересек тобындағы балалардың картинамен байланыстыра сөйлеуді
үйретудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 5
1.1 Ересек тобындағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудің әсері.5
1.2 Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудің тілінің
дамуына
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..9
II Тарау. Ересек топтағы балалардың тілінің дамуындағы коғамдык жайларды,
заттарды картинамен түсіндірудің ерекшеліктері ... ... ... ... ... 12
2.1 Ересек топтағы балаларға картинамен түсіндірудегі тәрбиешінің
атқаратын
кызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..12
2.2 Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеуді үйретудің
тәжірибелік
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .18
Корытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе
Жұмыстың көкейкестілігі:Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған Қазақстан-
2030 стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық
моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі мен білігі жағынан
өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық,
отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі
баса айтылған [1].
Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру
стандартының жобасында: Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан
Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде
маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен
ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі... деп
көрсетілген [2] . Оның ішінде аса назар аударатын жайт ол ересек топтағы
балалардың түрлі картиналар арқылы тілін дамыту болып табылады.
Жұмыстың өзектілігі: Адам бала кезінен қалыптасады. Ересек топтағы
баладан бастап баланың болашақ тұлға, өз елінің азаматы ретінде негізі
қаланады. Ұстаздардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі —
Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу
болып табылады. Баланы тәрбиелеу ол балабақшадан басталады деп айтсақ
болады.Ересек топтағы балалар суретті қабылдау үш бағытта өтеді: бірішіден,
болмыстың бейнесі ретіндегі суретке деген көзқарас өзгереді, екіншіден,
суреттің болмыспен арақатынасын дұрыс белгілей білуі, яғни суретте не
бейнелеснсе соны көре білуі дами бастайды, ақырында, суретті талдай білуі,
яғни оның мазмұнын түсінуі жетіле бастайды.
Дегенмен сәбилік шақтағы балалар, әсересе ересек топтағы балалар ,
таныс заттардың, адамдардың, жағдайлардың бейнелерін жақсы біле тұрса да
олар суретке үлкендерше қарамайды. Мектепке дейінгі кішкентайлар үшін сурет
бейнелеуден гөрі болмысты, оның ерекше түрін қайталау. Балалар көбіне
суретте салынған адамдар, заттар кәдімгі солардың дәл өздеріндей
қасиеттерге ие болады деп санайды. Тусыртын қаратып тұрған адам бейнеленген
суретті балаға көрсетіп оның беті қайда деп сұрағанда қағаздың екінші
бетінен адамның бетін көрмекші болып суретті аударады. Бала лақтың суретін
қасықырдың суретінен тасалай бастайды, бейнелердің өзгеріссіз және
қозғалыссыз қалғандарына таң қалады. Бірде төрт жасар бала өзі танитын қыз
баланың үйіне кірсе, қысқы көрініс және үлкен үйге беттеп бара жатқан
адамдар бейнеленген суретті жаңа ғана қолына алған екен. Келесі жолы осы
үйге тағы келді, суретке біраз қарап тұрды да былай деді Неліктен мына
адамдар әлі үйлеріне барып жетпеген?. Балалар біртіндеп заттардың қандай
сипаты бейнелетінін, қайсылары бейнелеленбейтінін біле бастайды. Өз
тәжірибесі арқылы суретте салынған заттарды кәдімгі заттарға ұқсатып, іс-
әрекет жасауға болмайтынына көздері жете бастайды. Ересек топтағы балалар
көбінесе суреті салынған алманы жеу, көбелектің бейнесін жайлап сипау,
сонаның суретіне қауіптене қарау сияқты ойындарды ойнай бастайды, бірақ
олар мұның ойын екенін тамаша түсінеді, қағазға салынған алманы жеуге
болмайтынын да жақсы біледі. Егер үлкен адам байыпты пішінмен ересек
топтағы балаға суреттегі доппен ойнауды, суреттегі итті қуып жіберуді
ұсынса, онда төртке аяқ басқан баланың өзі- ақ мұны орындаудан бас тартып,
табанды түрде мына сөздерді қайталай береді Бұл сурет қой, Салынған
сурет, Бұл шын өзі емес. [ 11-14б]
Жұмыстың мақсаты: Ересек топтағы балаларға картина арқылы тілін дамыту
ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, отанға деген сүйіспеншілігін
арттыру
Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен түрлі картиналар
арқылы таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы ересек топтағы
балаларды жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын,
зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде ересек топтағы
балағы картиналар арқылы тілін дамыту, ойын қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы ересек топтағы балаларды оқыту, тілін
дамыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма
зор көмегі бар

І ТАРАУ. Ересек тобындағы балалардың картинамен байланыстыра сөйлеуді
уйретудің жолдары
1.1 Ересек тобындағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудің әсері
Нақтылы заттардың қасиеттерін бейнелердің қасиеттерімен
шатыстырмағанмен балалар оларды бейнелер ретінде түсінуге көше алмайды.
Ересек топтағы кішкентайлар суреті салынған заттарға нақтылы заттардың
ерекшеліктеріне ие болмаса да оларға өзіндік болмысы бар заттар ретінде
қарайды. Үш жастағы балаларға алдыңғы жағынды ауылдық жердің бір қатарлы
үйі, ал кейініректе қаланың көп қатарлы үйі белгіленген перспективті
суретті көрсетіп, мына үйлердің қайсысы үлкен деп сұрағанда, балалар
әрдайым алдыңғы үйдің үлкен екендігін, айтады, өйткені оның суретте алып
тұрған орны үлкен. Үлкендермен әңгімелесу барысында олардың сұрағына жауап
жауап бере отырып есіне түсірген ауылдық жердегі бір қатарлы үйдің кішкене,
қаладағы көп қатарлы үйдің үлкен екендігі жайындағы қосымша әңгіме де бұған
септігін тигізе алмайды. Әңгімеден кейін балалар суреттегі алдыңғы үйдің
үлкендігін қуаттауды жалғастыра береді. Суреттегі заттардың арақатынасы
олардың нақтылы қарым- қатынастарына байланыссыз өздігінен қабылданды. [ 7-
8б]
Ересек топтағы естиярлар сурет пен болмыстың байланысын бірқатар
дәрежеде игеріп алады. Атап айтқанда, таныс заттардың перспективалық
бейнелерінің салыстырмалы шамасын дұрыс анықтауды, көп қатарлы үйдің бір
қатарлы үйден үлкен екендігін айтып береді. Бірақ, бұл тек таныс заттарға
ғана қатысты. Бейнеленген заттардың қасиеттері мен олардың арақатынастарын
дұрыс қабылдай білу үшін тек қана суреттің болмысқа қатынасын түсініп жою
жеткіліксіз. Суретті сәйкестендіре салатын бейнелеу өнерінің нормалары мен
ережелерін балалар әлі білмейді. Олар үшін әсіресе перспективаны меңгеру
қиынға түседі. Егере суретте балаға бейтаныс заттар немесе формасы мен
шамасы түрліше болып келетін заттар (оғаштау т.б) бала бұларды бейнелердің
өздерінің абсоюттік шамасы мен формаларына байланысты қабылдайды. Мәселен,
олар алыстатылған шыршаны ең кішкене деп, төңкерілген тарелканы сопақша
ыдыс деп бағалайды. Балалар суреттердің өзге ерекшеліктерін де бұлжыптай
қабылдайды; жарықтың көлеңкесі жұққан кір, кейінірек орналасқан және
басқалардың тасасында қалған заттар олардың сынығы ретінде бағаланады. [12-
13б ]
Тек ересек топтағы балалардың балалар перспективтік бейнелерді дұрыс
бағалай бастайды, бірақ бұл кездің өзінде де бұл баға көбіне үлкендерден
үйренген сол бейненің ережелерін білуге негізделеді (не алыста болса,
суретте кішкене сияқты, ал не жақын болса, сол үлкен секілді болып
көрінеді), бірақ бұл перспективтік қатынастарды тікелей қабылдаудың
нәтижесі емес. Суретте бейнеленген алыстатылған зат балаға кішкене сияқты
болып көрінеді, бірақ бала шынында оның үлкен екенін шамалайды.
Сурет ешбір қосымша пікірсіз дұрыс қабылданатын сатыға ересек топтағы
балалық шақтан өткен соң қол жетеді. Сюжетті суреттерді талдай білу, онда
бейнеленген жағдайларды, оқиғаларды түсіну қабылдаудың дұрыстығына да,
бейнеленген тақырыптың сипатына да, оның күрделігіне де, балаға белгіңлі
екендігіне де, оның түсінуге жеңілдігіне де байланысты. Балалар суретке
әдетте ынтала қарайды, ондағы бейнеленген заттарға ой жүгіртуге тырысады.
Мұны салынған суретке қатысты сұрақтардан, болжаулардан, пікірлерден
байқауға болады. [ 191-197б]
Егер суреттің сюжеті балаға таныс, түсінікті болса, сурет жөнінде ол
егжей- тегжей әңгәмелеп береді, егер түсініксіз болса, жекелеген
фигураларды, заттарды санап шығуға кіріседі. Суретті талдап түсіндіру оның
компазициясының күрделігіне байланысты. Ересек топтағы балалар кішкентай
көптеген фигуралар, заттар енгізілген компазицияны қамтып, ой елегінен
өткізе алмайды. Ұқсас жағдайда ол мазмұннан аулақтап жеке бір нәрсені іліп
алып, қиялдай бастайды. Ересек топтағы баланың алған білімдерінің, оның
өмір тәжірибесінің ересек балалар компазициясы бойынша біршама күрделі
суреттерге талдау жасайтын, оларды жүйелі де егжей- тегжей салыстырып
қарайтын, егер картинканың сюжеті бала білімінің, оның өмірлік
тәжірибесінің шегінен шықпаса дұрыс түсіндірулер беретін жағдайда болады.
Сюжеттік бейнелерге талдау жасау үлкендер берген картинкалар бойынша
әңгімелеп беру үлгілерінің балаларға суреттерді қарауға және түсіндіруге
ықпал етуі арқылы жетіле түседі. Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында
балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете
отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі
күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге
жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Ересек топтағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың
негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. [ 169-177б]
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін
және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Ересек топтағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын,
тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, Ойында озган,
өмірде де озады деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі
жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық
көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала
өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері
сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін
байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін
жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік,
мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен
екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын
ашады. [ 9-14б]
Ересек топтағы тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында
баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды
мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар
баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз
пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың
білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері
қарастырылады.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-
күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін,
әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,
байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға,
өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің
дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой
жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер
туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн
бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы
қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз. [ 24-27б]
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар
мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды,
ағаштарды т.б көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде
бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының
нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының
ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Сәбилік шақта баланың ойлауын- дамытудың негізгі қалатынын, біз
көрдік. Балалар сияқты бағдарлау іс- әрекетінің көмегімен заттар мен
құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар орнатуды талап ететін
мәселелерді шешуден бейнелерді пайдалана отырып қарапайым ойлау іс-
әрекетерінің көмегімен ойша шешуге көшеді. Басқаша айтқанда, ойлаудың
көрнекі іс- әркет формасы қалыптаса бастайды. Сонымен бірге балалардың
практикалық іс- әрекеті тәжріибесіне негізделген және сөз арқылы тұрақтанып
бекіген алғашқы қорытындылар қалыптасады. Сәбилік шақтың аяғында бала
заттар мен бейнелерді өзге заттардың белгілері, баламалары ретінде
қолдануын игере бастаған кезде сана- сезімнің белгілік функциясын игерудің
бастамасы жататынын біз айтып өткенбіз.
Ересек топтағы балалық шақтағы заттардың, суреттердің, құбылыстардың
іс- әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен
пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді, баланың шешуіне
тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрыстыруда, жапсыруда, оқу және еңбек
тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс- әрекетерді жай ғана
пайдаланып қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың тұрақты түрін
өзгертеді. Балалар саздық ылғалдық дәрежесі мен оның жапсыруға
бейімділігін, құрылым формасы мен оның орнықтылығын, допты соққан күш пен
оның еденнен жоғары секіру күшінің дәрежесі арасындағы т.б. байланыстарды
табады және пайдаланады. Дамып отыратын ала көріп, жоспарлауға мүмкіндік
береді. [ 9-12б]
Ойлаудың әуесітілігі, танымдық ынталары дамыған сайын балалар
өздерінің практикалық іс- әрекеттерінен шығатын міндеттердің аумағынан
аспайтын қоршаған дүниені тану үшін кеңірек пайдаланылады.
Бала алдына танымдық міндеттер қоя бастайды. Ересек топтағы балалар
өздерін қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға
кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып қорытындылар
жасайды. Балалар өз тәжірибелерімен байланыс жоқ құбылыстар жөнінде, олар
туралы үлкендердің әңгімелерінен де, өздері берген суреттерден пікірлесу
мүмкіндігін алады.
Әрине, балалардың пайымдаулары үнемі қатесіз болып шыға бермейді.
Бұған олардың білімі мен тәжірбесі жетпейді. Ересек топтағы балалар
өздерінің ойда жоқ жерден жасалған теңеулермен және қорытындылар мен
үлкендердің күлкісін келтіреді.
Ересек топтағы балалар заттардың ең қарапайым көзге анық көрінетін
байланыстары мен қатынастарын ажыратудан біртіндеп анағұрлым күрделі және
жасырын байланыстарды түсіне білуге көшеді. Осындай байланыстардың басты
түрінің бірі- себептер мен салдарлар қатынастары. Мектепге дейіні түрлі
жастағылар өздерінің көз алдынада өтіп жатқан құбылыстардың себептерін
қалай анықтайтынын зерттеу үш жасар балалар затқа тиетін белгілі бір
әсердің тек себептерін табатындығын (үстелшені қозғағанда, ол құлап қалды)
көрсетті. Ал мектепге дейінгі төрт жастағылар құбылыстардың себептері
заттардың өздерінің қасиеттерімен байланыстылығын түсіне бастайық (үстелше
құлау себебі оның тек жалғыз аяғы ғана болғандықтан). Мектепге дейінге
ересек балалар құбылыстардың себебі ретінде заттардың көзге бірден
шалынатын ерекшеліктерін ғана емес, олардың тұрақты қасиеттерін де көрсете
бастайды (үстелше құлап қалды, өйткені оның тек жалғыз ғана аяғы бар
болатын және оның ернеулері көп, оның үстіне өзі ауыр және тіреу жоқ). [
16-19б]
Қайсыбір құбылыстардың қалай өтетіндігін бақылаулар заттармен іс-
әрекет жасаудың өзіндік тәжірибесі ересек топтағы балалар құбылыстар
себептері жөніндегі ұғымдарды нақтылауға, пайымдау арқылы сол себептерді
дұрысырақ түсінуге мүмкіндік береді.

1.2Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеудіңтілінің
дамуына әсері
Ересек топтағы балалардың қарым- қатынас шеңбері кеңи түседі. Балалар
біраз есейе түскен соң шағын семьялық байланыстар шегінен шығып, адамдардың
аумақты тобымен, әсіресе қатар құрбыларымен араласа бастайды. Сөйлесетін
адамдардың көбеюі абалдан ең бастысы тіл болып табылатын қарым- қатынас
құралын толық меңгеруді талап етеді. Баланың күрделене түсетін әрекеті
тілдің дамуына да жоғары талаптар қояды. Тілдің дамуы бірнеше бағытта
жүреді басқа адамдармен араласу кезінде оны іш жүзінде қолдану жетіле
түседі, сонымен бірге тіл психикалық процестерді қайта қараудың негізі,
ойлау құралы болып табылады. Ересек топтағы балаларды тәрбиелеудің белгілі
бір жағдайда сауаттылықты меңгеру үшін үлкен маңызы бар, тілді тек
пайдаланып қана қоймай, оның құрылысын да ұғына бастайды. Ересек топтағы
тілдің сөздік құрамы өсе түседі. Сәбилік кездегімен салыстырғанда ересек
топтағы баланың сөздік қоры үш есе өседі. Мұнда сөз қорының өсуі тұрмыс
және тәрбие жайларына тікелей байланысты; психикалық дамудың басқа кез
келген салаларына қарағанда мұнда жеке түр өзгерістері басымырақ. Балаға
білім беру, дамыту және тәрбиелеу жаңа заман талабына сәйкес іске асырып,
жүйелі ұйымдастыру әрбір педагогтың міндеті. Баланы жан – жақты дамытуға
жол салатын төмендегі оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың картасы, осының
бірден – бір айғағы. [ 51-53б]
Коммуникативтік тілдік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін және
саусақ бұлшық еттерін дамыту. Жағымды көңіл – күйі, ынтасы, қызығушылық
белсенділігі артып, еңбектене білуге, қамқорлық және жанашырлыққа
тәрбиеленеді. Әсіресе зерттеу әрекетін аса қызығушылықпен зейінді мұқият
жасай білуге дағдыланып төселеді. Бала өзін еркін ұстай біледі. Керекті
құралдарды, заттарды таңдай білу икемділігі артады. Өз тәжірибесін қолдана,
іс - әрекетті ретімен жүйелі айта біледі. Жетістікке жету жолын, тәсілін
іздей біледі. Мәселелік сұрақтарды шеше және қортынды тұжырым жасай алады.

Ересек топтағы балалардың суреттер арқылы тілін дамыту үшін. Оларға
түрлі мақалардар арқылы картиналар көрсету арқылы жүргізуге болады.
Мәселен, ересек топтағы балаларға мақалдарды пайдалана отырып балалардың
құқын бейнелейтін сурет салу бойынша тапсырма беруге болады. Сурет 1.Мысал
ретінде төмендегі балалар суретін беруге болады:



Үйіміз біздің панамыз, ортамызда Ынтымақтын түбі – игілік,
анамыз тірліктін түбі - бірлік

Ересек топтағы балалардың тілін дамуы тек каритналар арқылы ғана емес
сонмен бірге қарым- қатынас арқылы да дами түседі.Ересек топтағы кезеңде
дамитын тілдің негізгі қызметерінің бірі- қарым- қатынас жасау қызметі.
Тіпті сәбилік шақтың өзінде бала тілді қарым- қатынас жасау құралы ретінде
пайланады. Әйтсе де, ол тек жақын немесе жақсы таныс адамдармен ғана қарым-
қатынаста болады. Бұл жағдайдағы қарым- қатынас ересектер мен бала
қатысатын нақтылы жағдайдың себебінен пайда болады. Қайсыбір әрекеттер мен
заттарға байланысты нақтылы жағдайдағы қарым- қатынас жасау ситуациялық
сөйлеудің жәрдемі арқылы іске асырылады. Бұл сөйлеу әрекетке байланысты
пайда болған немесе жаңа заттармен құбылыстармен танысқандағы сұраулар
берліген жауаптар, немесе белгілі бір талаптар түрінде болады. Қарым-
қатынас жасау тілдің атқаратын басты, бірақ бірден- бір қызметі емес.
Ересек топтағы жаста баланың тілі оның күнделікті мінез- құлқын бағыттау
мен реттеу құралына айналатынын біз білеміз. Сөздің екінші қызметі, міне
осында. Тіл баланың ойлауымен біріккенде ол өзінің осы екінші қызметін
атқаруын бастайды. [ 17б]
Сәбилік шақтағы баланың ойлауы оның іс жүзіндегі заттық әркетіне
кіреді. Ал тілге келер болсақ, ол қойылған міндеттерді орындау процесінде
үлкендерден жәрдем күту түрінде байқалады. Сәбилік шақтың соңына таман
белгілі міндетті орындауға кіріскен балалар тілінде ешкімге арналмаған
сияқты көптеген сөз пайда болады. Бұл ішінара баланың өтіп жатқан оқиғаға
көзқараспен білдіретін лебізі, ішінара әрекет пен оның нәтижелерін
көрсететін сөз түрінде болады. (мысалы, қолына балғаны алып тоқылдатып,
бала өз әркетін былайша түсіндіреді. Тық- тық, шеге қақтым! Вова шеге
қақты). Баланың үстінде пайда болатын және өзіне қарата айтылған сөзі
эгоцентрикалық сөз деп аталады. Ересек топтағы балалар эгоцентикалық сөз
игеріп отырады. Бұл айтылуға баланың не істеп жатқанын ғана емес, оның іс
жүзіндеге алдын ала ескертуші мен бағыттаушы сөздер пайда болады. Мұндай
сөздер баланың іс- жүзіндегі мінез-құлқынан озық жүретін бейнелі ойын
көрсетеді. Ересек топтағы балалар ересек жасқа жеткенде эгоцентрикалық сөзі
кеми түседі. Бала бұл кезде қасында ешікм болмаса, көбіне жұмысын үндемей
істейді. Бұл оның сөз негізінде олауының болмайтындығын көрсетпейді.
Эгоцентрикалық сөз ішкі сөзге айналады және осы түрде өзінің жоспарлаушы
қызметін атқарады. Сонымен, эгоцентрикалық сөз баланың сыртқы және ішкі
сөзінің арасындағы баспалдақ болып табылады. [ 21б]

II ТАРАУ. Ересек топтағы балалардың тілінің дамуындағы коғамдык жайларды,
заттарды картинамен түсіндірудің ерекшеліктері
2.1 Балаларға картинамен түсіндірудегі тәрбиешінің атқаратын кызметі
Бала бақша тәрбиешілерінің ересек топтағы балаларға ықпалы өте зор
болып табылады. Олар түрліше ойындар және бейнелер арқылы олардың тілінің
дамуын қадағалайды.Балабақша тәрбиешісіне арналған Өзіміз оқып үйренеміз,
Суретті қазақ тілі атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік
беретін сабақ жоспарлары, тілін дамыту,ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері
берілген. [ 3-5б]
Балабақша, мектеп сахнасына арналған Ә. Табылдиев, А. Меңжановалардың
Әр қашан күн сөнбесін (1977), Әдеби музыкалық кеш ұйымдастыру
тәжірибесінен (1967) атты еңбектерінде балаларға табиғат құбылыстары,
өсімдік - жануарларға арналған өлең - тақпақ , жұмбақтар берілген.
Жас бала өмірінің образы табиғат аясында (серуен, саяхат, еңбек
негізінде) өтеді. Бала табиғатпен еріксіз тілдесіп, оның сырларын ұғынады.
Ол бала үшін зор таным, дүниетанудың тұңғыш баспалдағы деп қарайды
тәлімгер. Баланың тілін ұстартып, ақыл-ойын, адамгершілік талғамын дамытуда
әсіресе жұмбақтарды пайдаланудың мәні ерекше. Жұмбақ - ой гимнастикасы
дейді педагог.
Шакура Майғаранованың Алты жастағы ересек топтағы балаларды
ұзартылған күн тобында тәрбиелеу методикасы (1988 ж.) кітабында
тәрбиешілер мен ата-аналарға кеңестер, балаларды табиғатпен таныстыру
жоспарлары, ойын, еңбек, әңгіме үлгілері берілген. Мысалы Тиын мен кірпі,
Кемпірқосақ, Жауын, Араның ұясы, т. б. Тіл дамыту, еңбек, ән,
бейнелеу өнері сабақтары ашық аспан аясында, табиғатпен таныстыру сабағымен
тығыз байланыста болуы керек. Алты жастағы баланы табиғат сырымен (жұпар
иісі аңқыған гүл, жасыл желек жамылған ағаш, қалықтап ұшкан құс) таныстыру
арқылы олардың бойында туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін
оятады. Табиғаттың сан алуан сырларын түсіндіру арқылы бала сұлулықты көріп-
біліп оған қуанады, адамгершілік, мейірбандылық сезімдері қалыпасады.
Сондықтан да табиғат құбылыстарына бақылауды жүйелі түрде серуен, саяхат,
сабақ кезінде жиі ұйымдастырып тұру қажет. [ 11-14б]
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту,
сөздік қорларын дамыту ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі
тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән
беріледі.
Ересек топтағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі – тіл дамытудың
негізгі бір міндеттері.
Ересек топтағы балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды
айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен
сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы
түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде
тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
Ересек топтағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің
міндеттері:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байыту.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын,
тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын
тірлігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, тандап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз. Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі
орын алады. Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және
құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік
қорларын дамытады.
Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы
ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен
салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге
үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті
меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды
ойнай білуге, ойын ережісін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға
бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады,
ойынға қызықтыра отырып, зейінін, қиялын дамытады.
Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым-
қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да
ойын-тапсырмаларды тандауда және іріктеуде балалардың жас және жеке
ерекшелігін ескерген жөн. [71-72б ]
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын)
үш түрлі етіп өткізуіне болады.
Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы
өтіледі. Мысалы: Ғажайып қапшық, Дәл осындайды тауып ал, Салыстыр да,
атын ата, Қай ағаштың жапырағы, Бірдей ойыншықты тап, Қайсысы
көп,қайсысы аз т.б.
Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады.
Мысалы: Суретті құрастыр, Қандай затқа ұқсайды?, Қай сурет тығылды?,
Бір сөзбен ата, Кім байқағыш, Қиылған суреттер, Ұқсасын тап, 4-ші
не артық?, Есінде сақта.
Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға,
сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: Сөз ойла, Сөз
құра, Жұмбақ ойла, Жақсы-жаман, Жалғастыр, Үш сөз ата.
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды
қолданумен қатар, Пішіндер көрмесі, Өрнекті есіңде сақта, Қиын
жолдар, Суретті жалғастыр, Биші адамдар, Көңілді таяқшылар, тәрізді
жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған
жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным
белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады.
Жалпы ойынды ұйымдастыру:
-өткізуге әзірлік;
-ойынды өткізу;
- ойынды талдау
сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құралдар, заттарды
даярлау кезі - ойынды өткізуге әзірлік болып табылады.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру кезі - ойынды өткізу болып
табылады. Ойынды талдау - бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың
белсенділігі және олардың іс- әрекеті болып табылады.
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Балаға білім беру, дамыту және тәрбиелеу жаңа заман талабына сәйкес
іске асырып, жүйелі ұйымдастыру әрбір педагогтың міндеті. Баланы жан –
жақты дамытуға жол салатын төмендегі оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың
картасы, осының бірден – бір айғағы.
Атап айтсақ: Коммуникативтік тілдік, танымдық, шығармашылық
қабілеттерін және саусақ бұлшық еттерін дамыту. Жағымды көңіл – күйі,
ынтасы, қызығушылық белсенділігі артып, еңбектене білуге, қамқорлық және
жанашырлыққа тәрбиеленеді. Әсіресе зерттеу әрекетін аса қызығушылықпен
зейінді мұқият жасай білуге дағдыланып төселеді. Бала өзін еркін ұстай
біледі. Керекті құралдарды, заттарды таңдай білу икемділігі артады. Өз
тәжірибесін қолдана, іс - әрекетті ретімен жүйелі айта біледі. Жетістікке
жету жолын, тәсілін іздей біледі. Мәселелік сұрақтарды шеше және қортынды
тұжырым жасай алады. [ 31-33б]
Осының дәлелі ретінде келесі оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың
технологиялық карта үлгісін ұсынамын.
Мейірімді қой
(ересек тобы)
Білім аумағы : "Таным "
"Шығармашылық"
Білім бөлімі: "Қоршаған ортамен таныстыру"
"Бейнелеу өнері" арқылы ересек топтағы
балалардың тілін дамыту
Тақырыбы : "Мейірімді қой"
Мақсаты : үй жануары қой туралы түсінік беру.
Міндеттері:
─ қой жүніне бақылау жасау.
─ қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
─ қорытынды тұжырым жасай білуге дағдыландыру.
─ қамқорлыққа, жанашылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үй жануарларының үлгі суреттері, схемалар, қой жүні,
мұз, қағаз, ақ, қоңыр жіптер, құм, желім, кеспе суреттер, үн таспа, шөп,
су, жем, тұзды қамыр, ұршық, су бояу.
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: жануарлар туралы түсінік беру,
мақал­мәтелдер, тыйым сөздер, тақпақ жаттау. Дәстүрден тыс тәсілмен
жапсыру, мүсіндеу.
Инклюзивтік әлеумет: Іс - әрекетті орындағанда қиналған балалардың
зейінін, тілінің дамуын,есте сақтауын арттыру, жеке дара жұмыс жаса
Кесте 1. Тәрбиешенің тәрбиелік жұмыстары.
Әрекет Тәрбиешінің іс­әрекеті Балалардың іс­әрекеті
кезеңдері
Мотивациялық "Тілек шеңбері" Тілек шеңбері арқылы
қозғаушы "Еркелетіп ата" балалар бір­біріне көңіл­
күй, жылылық сыйлайды.
Ұйымдастыру­ Дидактикалық ойын: "Дұрыс Суреттерге қызығушы-нықпен
ізденушілік тап (Үй жануарларын сурет қарап, тапсырма-ны
бойынша топтап, бөліп дұрыс орындауға құлшына
таба білу). кіріседі.
Енді олардың даусын тыңдап
көрейік. (үн таспаға жазылған
үй жануарларының, төлдерінің
даусы)
Сөзді ойын: "Айырмашылығы мен
ұқсастығын тап"
Балалар енді біз үй жануары Естілген дыбысқа таңдана
қойға ерекше назар аударайық. қарап, дауысты табады.
Қой бізге ет, сүттен басқа жүн
береді. Ол өте мейірімді, жүнді
өңдеп неше түрлі киімдер
жасайды. Мына жүнді қойдың Балалар тапсырманы мұқият
үстінен қырқып алып, жуып, тыңдап, орындай-ды. Схема
түтіп, сабап, оны иіріп, жіп арқылы тез жауап бере
жасап қолғап, шұлық, текемет біледі.
т.б. заттар тоқиды дей келе
балаларды белсенді ортада
жұмыс жасауға шақыру.
(орталықтағы белгі бойынша,
текшелерді өз қалауларымен Белсенді орталықтарда
алып, сәйкес үстелге орналасу. жұмыс жасауға отырады.
*“Шығармашылық орталық”.
Жапсыру. Балалар алдарындағы Жапсыру тәсілдерін еске
екі түсті (қоңыр, ақ) жіп, түсіріп, өз бетінше жұмыс
құм, желіммен дайын қойдың үлгіжасау.
суретін контур арқылы қиып
жіппен құммен (өз қалауынша
таңдап алып) жапсыру.
* “Шығармашылық орталық”.
Мүсіндеу. Тұзды қамырдан
домалату, созу, шымшу тәсіліменМүсіндеу тәсілдерін еске
қойды мүсіндеу. түсіріп, өз бетінше жұмыс
* “Ғылыми­бақылау орталы-ғында”жасау.
сабақтың басталар алдында мұзды
жүнге, қағазға орап қою. Ал Балалар ұстап, сипап сезу
енді балалар алдарыңдағы жүндіарқылы тапсырманы аса
ұстап көрейік. Қандай? Жұмсақ, қызығушылықпен орын-дап
жылы (бақылап, ұстап белсенділік көрсете
көрген-дегі жүннің сипаттауды біледі.
схема арқылы көрсетіп отыру.
Жүннің жылуын мұзды тез
ерітетінін бақылау, салыстыру,
қорытынды, тұжырым жасату.
(жүннің жылулық қасиеті
болғандықтан, мұзды қағаздан
қарағанда тез ерітті т.б), Зеттеу­бақылау арқылы өз
жүнді бояу. ойларын айта біледі.
Қорытынды жасай біледі.
Жетекші Үнтаспадан қойдың маңыраған Өз жұмыстарын мақта-нышпен
­жөндеуші даусы, естіледі. Жұмсақ ойыншықкөрсетеді. Айтып береді.
(үлкен) қой көрсе-тіледі. Күтпеген сәтке қуанып,
Балалар оған су, жем, шөп шаттанады өздерінің
беріп, қамқорлық жасайды. қамқорлық жасағандарына
Балалар қойға пайдасының көп риза болады.
ененін, мейірімді ененін
айта-ды. Қойда оларға үнтаспа
арқылы алғыс айтады.
Бала-лардың жұмысын қарауын
ұйымдастыру.

Күтілетін нәтиже.
Білуі қажет: Үй жануарларының төлдері туралы, қойға жалпы сипаттама
бере білу. Жіппен, құммен қойдың жүнін жапсыра және тұзды қамырмен жұмыс
істей қорытынды, тұжырым жасай білулері керек.
Қалыптасқан түсініктер: Бір­ біріне кез­ келген уақытта көмектесуге
дайын. Қой туралы оның пайдасы туралы түсініктер қалыптасты, өз беттерінше
жұмыс істей отырып өз еңбегін бағалай біледі.
Орындаушылық қабілеттері : Қағазбен, құммен тұзды қамырмен, ұсақ
жіптермен, жүнмен жұмыс істей білді, қызығушылықтары, белсенділіктері
артып, қорытынды жасай білді.
Сонымен бірге, ересек топтағы балаларға тілін түрлі каритналармен
дамытумен бірге, түрлі ойындар арқылы дамыту қажет. Мысалы:
Қарым-қатынас жасауды үйренеміз ойыны
Қарым-қатынас жасау қызықты және көңілді. Өз сұрақтарды құрастырып,
олар келесі кейіпкерлерге ұсынылады:
- Алдар-Көсеге;
- Қамбақ шалға;
- мультфильм режиссеріне;
- Ы.Алтынсаринге;
- Аяз атаға және т.б. [ 21-23б]
Сен білесің бе... ойыны
Сен 01, 02, 03, 09 телефон нөмерлерін білесің бе? Олар не үшін кереқ?
Бұл нөмерлер бойынша қоңырау соқсаң, не айту керек?
Ақпаратты-коммуникативті ойындар
Танысу
Мақсат: Балаларды бір-бірімен таныстыру. Мен деген белгімен
таныстыру және практикада қолдану.
Материалдар: Қоңырау, карточкалар, фломастер мен қарындаштар, Мен
белгісі.
Әрекетті бірге жасайтын алгоритмі .
- Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің ата-жөнім ...Бүгін біз бірінші рет
кездестік және де ешкім бір-бірін білмейді. Енді бізге не стеу керек?
- Дұрыс. Бізге танысу керек. Правильно, давайте познакомимся. Мен 1-2-
3 сандардан кейін әркім өз атын айтады, ал егер мен тыныш деген сөзді
айтсам бәріміз ауыздарымызды алақанмен жауып қоямыз.
- Сендерге барлық аттар естілді ме? Неліктен? (барлығы шулады)
- Ал енді бізге не істеу керек? Біз қалай танысамыз? (бір-бірден)
- Барлық балалар өз атарын бір-бірден айтады. Кім бастайды? Сендер
қазір үндемей кім бірінші болады таңдап аласыз. (Пантомима.)
(Тәрбиеші балалардың артынан жүріп, ақырындап бір баланы көрсетеді.
Бұл баланың атың кім есте сақтады, сол қолды көтеріп айтады және де сол
жақта және оң жақта тұрған көршелердің аттарын айтады.. Барлық балалар
хормен қайталайды.) [ 41-43б]

2.2 Ересек топтағы балаларға картинамен байланыстыра сөйлеуді үйретудің
тәжірибелік деңгейі
Тіл дамыту қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді.
Тілді дамытудың соңғы нәтижесі, ол – ең кереметтің, күштінің және қиынның
көрінісі, яғни адам өз тілінің, өзінің байланыстырып сөйлеу тілінің жемісі
болып саналады.Балабақшада балаға білім берудің жетістігі ретінде ең
маңызды және ең алғашқы жағдай ол – баланың байланыстырып сөйлеу тілін
дамыту. Бала байланыстырып сөйлеуді жақсы меңгерсе ғана кез келген сұраққа
толық, мәнді жауап бере алады.Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен
тілдескенде айналасындағы адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі
жастағы балалардың жалпы психикасы мен тілінің дамуына кері әсерін
тигізеді. Ал ата – аналар мен тәрбиешілердің балаларға үлгі болатындай
дұрыс бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты болып
табылады.
Балалармен оқып – талдайтын әдеби шығармаларды іріктеуде де белгілі
бір мақсатты көздеу керек. Шығармалар мазмұны негізінде әсерлі, ойнақы,
танымдық дүниелер және балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас
тәжірибесін байыта түсетін мағлұматтар болуы назарға алынған. Шығарма
мазмұны арқылы әр баланың тілдік белсенділігін қолдап, сабақта бала өзінің
неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп, өзінің тілдік тәжірибесін
жасауына жағдай туғызу қажет.
Бүлдіршіндерді өзіндік тілдік тәжірибе жинау мақсатында біз картинаны
қарастыруды және сол картина бойынша шығармашылықты әңгіме құруды алдық. [9-
11б ]
Картина бойынша әңгіме құру – бір көзбен қарағанда оп – оңай сияқты.
Мәнісіне келгенде педагог өз тарапынан көп айтып, ал баланың аузын ашты,
бірақ не дегені естілмеді деген сахналық көрініске ие болады. Ендеше,
бұл мәселеде балаға келіп тиетін тастың бір қиыршығы бар сияқты. Егер де
оны жеңіп өтіп, сол қиыршықты қағытпаса, бала өз жолында көп қиындыққа
ұшырайды. Бұл мәселені біз тек осы картинаны қарастырумен ғана
байланыстырып отырған жоқпыз. Байланыстырып сөйлеу бар сабақта да қажет
екенін білеміз. Жалпыға міндетті білім беру стандартында мынадай мақсат
көзделген – балаларды өз ойларын және сезімдерін саналы түрде әрбір
тыңдаушы мен баға берушіге ұғынықты болатындай, олардың ой мен сезім –
ықыластарын көрсете алатындай жағдай жасау. Ендеше картина бойынша әңгіме
құру әр баланың аузынан мүдірмей шығуына қалай әкеліп соғады екен деген
сауал туындайды. Жалпы бұл әдістеме ТРИЗ әдістерінің негізінде
құрылған.     И.Н.Мурашковска, Н.П.Валюмс әдістемелерін қолдана отырып
суреттер бойынша мектепке дейінгі балаларды әңгіме құруға үйрету атты өз
білімін жетілдіру тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Әдістеме бойынша жеті
сиқыршы ойлап табылды. Олар Бәрін бөл, Бәрін қос, Уақыт көлігі,
Бәрін естіп тұрмын, Иістерді сеземін, Бәрін қолыммен  сипаймын,
Дәмін татамын деп аталады. Жеті сиқыршы қасиетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу дағдысын дамыту
Балалардың сөйлеу тілі дамуының тежелу себептері мен сипаты
БАЛАЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Сұрақтарға жауап беру
Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің әдістері мен түрлері
Баланың сөйлеу жүйесінің қалыптасуы
Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың маңызы
Балалар бақшасында тілді дамыту жөніндегі жұмыстың мазмұны мен ұйымдастырылуы
Мектепке дейінгі білім беру мекемеде түзету логопедиялық жұмысының жетілдіру жолдары
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың сөйлеуінің морфологиялық жағын дамыту құралы ретінде ойындардың тиімділігін теориялық негіздеу және эксперименталды түрде тексеру
Пәндер