Ерте балалық шақтағы баланы түрлі ойындар арқылы бала тілін дамыту
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5
І. Ерте балалық шақтағы баланың тілінің дамуы туралы жалпы сипаттама...6
1.1 Ерте балалық шақтағы баланың тілінің дамуына әсер ететін факторлар.6-7
1.2 Ұсақ мотроиканы дамыту арқылы сөйлеу тілін
жетілдіру ... ... ... ... ... 7-9
1.3 Ерте балалық шақтағы баланы түрлі ойындар арқылы бала тілін
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-18
ІІ. Ерте балалық шақтағы бала тілін дамытудың психологиялық әдістері мен
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.1 Ерте балалық шақтағы бала тілінің дамуына ата- ананың тигізетін
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19-21
2.2 Ерте балалық шақтағы бала бақшадағы баланың жалпы дамуына
психологиялық әдістерді қолдану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22-27
2.3 Ерте балалық шақтағы бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру
деңгейіне
байланыстылығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...27-2 9
ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.31
Кіріспе
Ерте балалық шақтағы баланың аса маызды жетістіктері (бір жастан үш
жасқа дейінгі). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан
әр түрлі қашықтықтан өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын
сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның
туған сәтінен есейгенге дейінгі психикалық дамуының орта жолы қайсы деп
ойланған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды. Үш жасар бала
өзін- өзі күтуге қабілетті, айналысындағы адамдармен өзара қарым- қатынас
жасай алады. Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес,
мінез- құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір
белсенді, айналадағыларына түсінік тәуелсіз болады. Бір жастан үш жасқа
дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Баланың
психикалық дамуына тік жүруді үйрену әдәуір ықпал жасайды. Ерте балалақ
шақтағы баланың сөздік коры тек зат есімдердің және шылау сөздердің
есебінен де тез өседі. Егер бала граммтика заңдары бойынша сөйлеудегі
сөздерді тіркестіре білуді қатар меңгеремесе, сөздік құрамының өз бетінше
өсуінің онша үлкен мәні болмаған болар еді. Ерте балалық шақтағы баланың
ана тілінің морфологиялық жүйесі игеріледі, бала жүзінде жалпы сипаттама
септеу мен жіктеудің типтерін үйренеді. Сонымен бірге балалар құрмалас
сөйлемдерді жалғаулық, шылауларды, сондай- ақ оның үстіне кең тараған
жұрнақтардың (жынысты білдіретін жұрнақтар, кішілікті білдіретін жұрнақтар
тағы басқалары) басым көпшілігін үйреніп алады. Ерте балалық шақтағы
балалар сөздерді айтарлықтай құрады, әр түрлі жұрнақтар жалғау арқылы
олардың мәнін өзгертеді.(11-14б). Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы
жолдауында білімге аса назар аудара кетті ол Өмір бойы білім алу әрбір
қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс деп айтып өтті. Білім алу ол
бесіктегі баладан басталады. Ол негізі оның тілінің дамуы болып табылады.
Сол үшінде баланың тілін жақсы дамуына атсалысуымыз қажет.(2)
Тілді үйрену баланың өзінің тілге деген ерекше белсенділігімен
анықталады. Бұл белсенділік баланың қолда бар үлгіден шығаратын сөз
құраулары мен сөз өзгертулерінен көрінеді. Ерте шақтағы балалардың жас тіл
құбылыстарына деген аса сергектіктің байқалатын кезі болып табылады.
Сөздің мәніне, сөздердің көрсететін шындығына бағдар ұстаумен қатар
ерте балалық шақтағы балалар мәнінің қандай екендігінен қарамастан сөздің
дыбыстық түріне үлкен ынта қоятындығы байқалады. Олар көбіне сөздің түрін
әдейі өзгертеді, жаңа сөздер ойлап табады, сөз ырғағын құрастыруға беріле
жаттығады. Мысалы, үш жасар бала мынған ұқсас ырғақтарды шаттана тізеді:
Сабақ, қабақ, табақ, қала, дала, сала. Құрасытырлып отырған тақпақтың
мазмұны баланың назарынан тыс қалады, өйткені ол үшін бастысы- өзінің бар
ынтасы ауған ырғақ. Ырғақ құрастыруды ол ойынға айналдырып жібереді.(15б)
Баланың тілге деген активтілігі тек өлеңмен жазылған түрге ауысады
бірақы бұл шынында ақындық творчестводан әлі әлде қайда. Сөздердің дыбыстық
түріне бағдар ұстау тек өлең құрылысына ғана білініп қоймайды. Ерте балалық
шақтағы баланың кіші жастағылар сөздердің бастапқы түрлерін ескере отырып
оларды өзгерте алады. Бала сөзді атау күйінде қалай айтуына байланысты
қалған септіктерде де осы сөзді өзгертетін болады. Мысалы, бала шарбақ
деген сөзді айта отырып, оны бірнеше септеу бойынша өзгертеді, ал осы сөзді
басқа бір түрде айтса онда ол оны екінші септеу бойынша өзгертеді. Ерте
шақтағы балаларда сөздердің дыбыстық түріне бағдар ұстаудың пайда болуына
ана тілінің морфологиялық жүйесін меңгеруіне себепші болады. Тілдің
дыбыстық жағы өте ертеден- ақ балалар әрекетінің мазмұнына айналады.
Баланың фонмематикалық естуі тікелей тіл қарым- қатынасының негізінде
қалыптасады. Сәбилік кезеңнің соңына таман бала бір- бірінен тек бір ғана
ұяң және қатаң дыбыспен, немесе жуан не жіңішке дыбыспен ғана ажыратылатын
сөздерді жақсы жіктейді. Сонымен бастапқы фонематикалық есту толықтай ерте
жетіледі. Әйтсе де сөзге дыбыстық талдау жасауды, сөзді оны құраушы
дыбыстарға ажыратуды, сөздегі дыбыстардың ретін бала мектепге дейінгі жасқа
жеткеніннің өзінде де біле бермейді. Тілдік қарым- қатынас баланың алдына
талдаудың мұндай жоғарғы түрлері дамырлықтай міндеттерді шешу қойылмайды.
Сондықтан үш- төрт жасар бала, мысалы үш дыбыстан тұратын (сүт, нана, түс,
бір) сөздерге қарапайым талдау жасауға қиналады. Балаларды сөздерге
дабыстық талдапу жасауға үйреткеннің өзінде тіпті ерте балалық шақтағы
балалардың өзі белгілі жағдайларда сөздің бірнеше және соңғы дыбыстарын
ажырата білетіндігі көрінеді, ал мектепке дейінгі естияр балалар үшін ешбір
айтарлықтай қиындық туғызбайды. Сөздерді дыбыстық құрамын талдағанда бала
оларды ерекше түрде айтады, кейін жеке аталуға тиісті дыбысты үн ырғағымен
бөледі. (21-22б)
Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін
тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет.
Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы
бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ
барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-
жаттығулардың тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.
Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін
меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту
үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы
мен байланысты. Өз заманында Логикалық ойлау - логикалық сөйлеудің негізі,
ал мұны - логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс, — деп
көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.
Зерттеу міндеті: Тіл немесе тіл дамыту — пән аралық түсінік: ол
лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі.
Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-
бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл
материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу
міндеті болып табылады.
Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші
сатыға дамуы танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық
еріктік сфераның жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру
балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін жақсы дамуының
алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге
келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің
жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге
деген мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет
Зерттеудің практикалық қолданымы: Бүгінгі таңда ерте балалық шақтағы
балалар педагогика саласында бала тілінің даму барысын тексеріп-зерттеу
мәселесі толық шешілді деп айта алмаймыз. Көпшілік жағдайда әдістемелік
еңбектерде бала тілінің дамуындағы кейбір кемшілік тұстарды ғана анықтауды
басшылыққа алатын жекелеген әдіс-тәсілдер көрсетілумен шектелінуі, ал
жалпы, мектепке барар алдындағы бала тілінің даму деңгейін қандай өлшемге
сүйеніп талдау қажет екендігі, белгілі-бір жас кезеңінде бала тілінің
дамуының шамасы осы деп есептеуге болатын көрсеткіштер жөнінде нақты
мәліметтер жоқтың қасы.
І. Ерте балалық шақтағы баланың тілінің дамуы туралы жалпы сипаттама
1.1 Баланың тілінің дамуына әсер ететін факторлар
Бала тілінің дамуы дыбыс апаратының бұлшық еттерінің күрделі
шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы
үшін, басқа адамдармен болатын қарым - қатынастың маңызы зор.
Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне
байланысты мағынасыз үн шығыра алады. 2 – ші айдан бастап дауыстай
алады, ересек адамдарға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай
бастады, 3 – айға жеткенде гу-гуледі, былдырақтап сөйлегісі келеді.
Гу-гулер мен дабылдырақтау оның дыбыс апараттарын дамытып, сөйлеуге
дайындайды.
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын
айта бастады. 67 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады.
Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда 1-ші сигнал
жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде
қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді.
Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами
бастайды.
Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту
қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. Жақсы еститін
балаланың 9 айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге
ойланады, 2 жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне
байланысты емес, 2 жасқа соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция
байқалады.
1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланысты туады, баланың
тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен
сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда болады.
Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау
қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың
бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста
400мың, бес- алты жаста 250-300 мың сөз қоры жиналады. Баланың
тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің
қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі. Сөз
қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни
генетикалық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған
ынтасына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасының мәдениетіне
байланысты. Баланың алғашқы сөздері оның көңіл - күйіне
негізделген, өмір қажеттілігінен шыққан сөздер болмаса, кейіннен
сртқы ортаның тауына, өзінің өмір тәжірибиесіне байланысты.(45-47б)
Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше.
Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс
түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. 4 жаста баланың байлығы
молайып, өзге байланысты нақтылы сапасы артады. Осы кезде баланың
сөздері дұрыс, анық айтуына көбірек назар аударуқажет, онымен
көбірек сөйлесіп, қателерін жөндеу маңызды. Бұл мерзім ата-анасынан
шыдымдылықты талап етеді, өйткені баланың мәлемет алуға ынтасы
күшті, сұрақты көбірек қояды. Бұл сұраққа берілген жауап екінші
сұрақты тудырады да ересек адам мезі болады. Дегенмен баланың
дөрекі тоқтатып тастамай, сынайы, көңілін басқа нәрсеге аударып
жіберген жөн. Жалпы алғанда ауызша сөз қорының дамуы 5-7 жасқа
дейін созылады.
Ерте балалық шақтағы балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі
ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы
ортамен танысуының маңызы өте зор. Баланың жасы ұлғая келе абстрактылы
ойлау жақсы дами бастайды,сөйтіп баланың сана-сезімінің артуы күшейген
сайын екінші сигнал жүйесінің маңызы арта түседі,бірінші сигнал жүйесінен
басымырақ болады.
Баланы оқыту барысында тіл байлығы дамып,сөйлеу қабілеті санасы арта
түседі.Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру арқылы оның жоғары жүйке
әрекетін жақсы дамытуға болады.Бұл кезде тәрбие жұмысын мұғалімдер мен ата-
аналардың бір-бірімен келісіп жөнге қойғаны аса маңызды болады.(15-17б).
1.2 Ұсақ мотроиканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдіру
Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс.
Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан активті
нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек. Ерте жаста және
Ерте балалық шақтағы жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен,
тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар
өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту,
бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту
және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың
яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.(31б)
Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ
қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ
моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге
жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.
Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ
моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда
және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға
қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына
үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да
ұмытпауы керек.
Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының
даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады.
Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.
Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге
болады. Қазіргі ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар
осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не
үшін керек?
Қазіргі кездің балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады екен.
Ойлап көріңізші, тіпті қазіргі балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы
аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиеші ге де
қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен
қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу,
тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.
Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық
себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі
немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе
мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда
бұл ұсақ моториканың мәселесі.
Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы
қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық
келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста
тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі
емес.
Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму
деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте
ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен
қарандашпен жазып үйренуі керек.(33-35б)
Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың
мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді
ақылмен тануы да терең бола түспек.
Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз
немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын
– жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы
дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың
саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын
бастауға болады. Мысалы, баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған
былай деңіз: Саусақ –бала сен қайда болдың? Содан соң бас бармақты балан
үйрекпен түйістіре отырып, мына саусақпан орманға бардым, ортан
түйрекпен түйістіре отырып, мына саусақпен щи пісірдім,
Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де мына саусақпен ботқа жеп,
мына саусақпен ән салдым деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты
ұнайды, уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ
моториканы дамытып жатырмыз ғой.
Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы.
Бір ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы
қызықтыратын бір ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін
өтінеміз. Бұл қызықтыру жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі
ұсақ нәрселерді аузына салып алу қаупі бар.(37-40б).
1.3 Ерте балалық шақтағы баланы түрлі ойындар арқылы бала тілін дамыту
Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік
қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін
күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі
тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән
берілген.
Ерте балалық шақтағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл
дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.
Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы
заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін
және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар
жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-
қатынас жасай білуге үйретеміз.
Ерте балалық шақтағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде
тәрбиешінің:
-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет
саналады.
Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде
басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын,
тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын
тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына
ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш
жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным
белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені
бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге
тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың
баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге
деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.
Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, Ойында озган,
өмірде де озады деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі
жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық
көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала
өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері
сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. (14-16б)
Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін
байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін
жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік,
мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен
екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын
ашады.
Ерте шақтағы тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында
баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды
мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар
баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз
пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың
білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері
қарастырылады.
Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-
күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін,
әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады.
Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын,
байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға,
өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің
дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой
жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер
туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн
бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы
қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.(8-11б)
Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма-
жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік
қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді., таным белсенділіктері қалыптаса
түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени
шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған
ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан- жануарларды, құстарды, ағаштарды т.б
көптеген бейнелерді бейнелей алады.
Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде
бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.
Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының
нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының
ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді
қалайды.(20-22б)
Сызба 1. Бала тіліне әсер ететін саусақ жаттығулары
Пассивті жаттығу – ұсақ моториканы дамытудың алғашқы сатысы. Саусақ
жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс.
Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшуұсынылады. Оның
деңгейі баланың ұсақ моторикасының даму деңгейіне қарай таңдалады. Қол
саусақтарына арналған пассивті жаттығулар жасау кезінде балаға қолайсыз
жағдай туғызбауын және тітіркендіпмеуін қадағалаған жөн. Жаттығулардың
мақсатты пайдаланылуы мынадай әдістерді ұсынады: сипау, жаймен уқалау және
діріл. Массажды әрекеттер саусақ ұшынан басталып төменгі буынға қарай
жалғасады. Массаж жасау кезінде жай лирикалық әуен қоюға да болады.
9 айдан жоғары сәбилерге арналған ойын- жаттығулар.
Көңілді қуыршақтар.
Қазіргі кезде ағаштан жасалған көңілді қуыршақтар жай ойыншық емес,
жәдігер зат болып пайдаланылатын болды. Ал ойыншықтың бұл түрі бала
саусағын басқаруы мен ойлауын шыңдайтын таптырмас ойыншық.
Алдымен екі жартыны құрастыру арқылы бір қуыршақты пайдаланыңыз. Содан
соң ойынды күрделендіре түсіңіз: екі қуыршақ, үш қуыршақ. Балаға аздап
қиындық келтірсе асықпаңыз. Баланың жетістікке өзі жетуіне мүмкіндік
беріңіз.
Пирамидалар.
Дүкеннен пирамида ойыншығын сатып аларда дөңгелектерінің әр түрлі
болғанын қадағалаңыз. Дөңгелек диаметрі бірінен соң бірі үлкейе түсуі
керек. Мұндай ойыншық балаға саусақ қимылын ғана емес, логикалық ойлануына
да жол ашады. Балаға пирамиданы жинауды ұсынасыз. Алдымен бірге жинап,
содан соң өз бетімен жинауға кіріседі.
Жиек бойымен жүргізіп шық.
Бұл ойынға мақпал қағазға жабыстырылған үй, машина, гүл, кесе сияқты
суретті карточкалар пайдаланылады. Ересек адам бала саусағын мақпалға
тигізе отырып суретте не бейнеленгенін сұрайды. Осы сурет бойымен
моншақтарды немесе бұршақтарды жүргізіп шық деген тапсырма беріледі.
Жабыстырып шығу арқылы ойын жалғасады. ( 14-16б)
Ойынға пайдаланылатын барлық заттар бала өміріне қауіп төндірмеуі
керек.
Сурет 1. Баланың дамуына әсер ететін үйдің суреттерінің көрінісі
Адамның он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде
екі қолға бес – бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды
атқаруға пайдаланытынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен
Қуырмаш ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін
жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Тауықтарға тары шаш.
Балапанға бидай шаш,
Балаларға тәтті шаш .
- дей келіп, жұмылған әр саусақты жеке-жеке ашарда:
Сен түйеңе бар,
Сен жылқыға бар.
Сен сиырға бар,
Сен қойыңа бар,
Сен үйде отырып
Шешеңе көмектес.
- деп әр саусаққа тапсырма беріледі. Одан соң әр саусақтың басынан
ұстай тұрып қарның ашса: мына жерде нан бар, мына жерде май бар деп
әртүрлі астың атай келіп, қолтыққа жеткенде қуырмаш, қуырмаш деп
қытықтайды.
Көтеріңкі көңіл – күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын,
адамға нәр берер түрлі астың атауын да үйретеді. Сондай – ақ төрт түлік
малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана тамақтануға болатынын
ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.
Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай
саусақтарға ат қойған. 1-ші саусақ- Басбармақ, 2-ші саусақ – Балаң
үйрек, 3-ші саусақ –Ортан терек, 4-ші саусақ- Шылдыр шүмек, 5-ші
саусақ – Кішкентай бөбек.
Қорытындысы
Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті
түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір
жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын
жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын
игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан
мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ
арқылы сахналай алады.
Өз тәжірибемде тәрбишілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына,
ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде
үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы
мен икемділігі айтарлықтай дамыды.
Сызба 2. Бала дамуына әсер ететін саусақ ойындарының нәтижесі

сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.
Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстырғаннан кейін басқа
дыбыстардың ішінен Ж дыбысын айыра білуге жаттығулар жасату керек. Ол үшін
бірнеше дыбыстар айтылады да, солардың ішінен Ж дыбысы естілгенде, балалар
қолдарын шапалақтайды. Мысалы: п-б, с-ж, л-ж, қ-ғ сияқты дыбыстарды буын
ішінде (на-са-жа-за-ла-жу-жы) ажыратқызу.
Айтылғандардың ішінен Ж дыбысы бар сөйлемдерді балалар естеріне сақтап
қалуы тиіс: кітап, қағаз, журнал, таға, жаға, жіп.
Ж дыбысын буын ішінде келтіру.
Жа-жа-жа-жалау
Жө-жө-жө-жөке
Жо-жо-жо-жол
Жу-жу-жу-жусан
Жә-жә-жә- жәшік
Жы-жы-жы-жылан
Жи-жи-жи-жиек
Ж дыбысын әуелі сөз, содан кейін сөйлем ішінде келтіріп жаттықтыру:
жапалақ, жұлдыз, жаңбыр, жылқы.
3-Ж дыбыстарын жұмбақ, анаграмма, сюжетті суреттер арқылы да пысықтауға
болады.
Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған. (Жұмыртқа.)
Шешесі - су, әкесі - суық. (Мұз.)
Қос қолы жоқ, көзі жоқ,
Сурет салар өзі көп (Аяз.)
Түнде бармын, күндіз жоқпын. (Жұлдыз.)
Ж-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
Қ-дан бастасаң
Құсқа айнала қалады. (Жаз-Қаз.)
Балалар т-д дыбыстарын айтып үйренгеннен кейін, естілуін айыра білуге
жаттықтырылады. Т дыбысы бар буынды естігенде балалар қолдарын
шапалақтайды. Та-те-ту-ты-то-ти.
Қораз бен Ораз тақпағын IV мәнерлеп оқи отырып та, Р дыбысын дұрыс
айтуға машықтыруға болады.
Ұмтылса қораз,
Қашады Ораз.
Шақырса қораз,
Жылайды Ораз.
Ораз бен қораз
Осылай араз. (Н.Жанаев.)
Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталау:
қа -қа -қа -қалам
қо-қо-қо-қоян
қы-қы-қы-қылыш
қү- құ- құ- құлан
қи- қи- қи- қияқ
қу- қу- қу- аққу
Қ дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталау:
Қоян қала бақа тауық
Қасық қылыш сақа асық
Қайық қайшы ақыл астық
Қоңыз қалам оқу құлақ.
Ғ дыбысын буын ішінде айыра білуге жаттықтыру: ға-қа-ка-ла-ғы-қи.
Ғ дыбысы бар сөздерді тауып айтқызу: Ғалым, доға, қағаз, жаға, сағыз,
балға.
Ғ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталау:
ға-ға-ға-жаға
ғи-ғи-ғи Сағи
ғу-ғу-ғу-бұғу.
ғы-ғы-ғы- бұғы
Ғ дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталау:
Ғалым қолғап
Тоғай шаңғы
Сағыз торғай
Саға таға
Балға қағаз.
Ғ дыбысын осы дыбыс бар сөздерден жасалған сөйлемдерді оқу арқылы
меңгерту: Ғалымжан шаңғы тепті. Торғай су ішті. Менде сағыз бар.
Қ-Ғ дыбыстарын тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш ішінде бекіту.
Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса, қор болар,
Бұтаға келіп қорғалар. (Халық өлеңі).
Жұмбақтар
Көрдім мен терезеден өрнекті,
Біреу қолмен жасағандай көрнекті. (Қырау).
Асты тас, үсті тас,
Ортасында жанды бас. (Тасбақа).
Шеңбер жасап өседі,
Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ).
Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай. (Әтеш).
Балаларды Л дыбысының естілуін айыра білуге жаттықтырғанда л дыбысы
бар немесе жоқ буындарды айтып, соның ішінен іздеген дыбысты табады.
Тапқандағы белгі - қол шапалақтау: ла-ла-ла-ба-та-па-ла- са-ла. (8. 44-
45б).
Л дыбысы бар сөздерді естерінде сақтауға жаттықтырғанда
тәрбиеші (мұғалім) бірнеше сөздер айтады. Ал балалар зейін қойып тыңдап
отырып, л дыбысы кездесетін сөздерді ойларында сақтап қалып, сұраған кезде
айтып беруге тиіс. Мысалы: лақ, қой, лашын, тауық, лимон.
Л дыбысын буын ішінде келтіріп айтқызуға мына жаттығуды
пайдалануға болады.
ла- ла- ла- ала ол- ол- ол- жол
лу- лу- лу- алу ал- ал- ал- мал
лы- лы- лы- жылы ол- ол- ол- қол
ли- ли- ли- лимон ал- ал- ал- тал
Л дыбысының сөз ішінде келуіне берілген мысалдар:
Лақ жол көйлек бала
Лашын қол қолған балық
Қала тал алма, құлын
Дала мал көбелек гүл
Құрамында л дыбысы бар сөйлемдер: Лай суда балық болмайды. Лақ
ойнақтап жүр.
Тақпақ айтқызу арқылы л дыбысын пысықтау:
Ақ лақ маңырап,
Анасын іздейді.
Фатима таңырқап,
Тиді екен кім дейді?

тәсілдері
2.1 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz