ЖОЛ - КӨЛІК АПАТТАРЫ ЖӘНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Кіріспе

2. Әлемдегі және Қазақстандағы жол-транспорттық оқиғаларының
статистикалық мәліметтері

3. Жол-транспорттық апаттарда жарақаттану

4. Әр түрлі транспорттардағы апатты жағдайлар және ондағы жолаушының іс-
әрекеті, қауіпсіздік ережелері

5. Жол-транспорттық апатынан кейінгі алғашқы көмек көрсету, адамның
мүмкін болған жарақаттары және оған көмек көрсететін адамның іс-
әрекеттері

6. Жол-көлік оқиғасынан кейінгі әрекеттер

7. Автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздікке қойылатын талаптар

КІРІСПЕ

1414 жылы Константинополь соборына кетіп бара жатқан жолда Иоанн жол-
көлік оқиғасынан жәбір шегеді. Бұл жағдай жол-көлік апаттарын, оқиғаларын
тек қана қазіргі заманға тән деп қарастыруға болмайды. Өйткені, жол-көлік
оқиғалары ертеден бері бар, тек жаңа заманда жылдам даму нәтижесінде жол
көліктерінің санының күрт асуына байланысты жол апаттары да күрт көбейді.
Мысалыға, Латвия елінде әрбір 100 адамға 35 көліктен келеді, ал Жапонияда
бұл көрсеткіш 28. Сонымен қатар кейбір дамушы елдерде көлік сапасы да
талаптарға сай келмейді. Мысалы, Россияда көптеген көліктер КСРО кезінде
шығарылған болып олардың шығарылу уақыты мен шығарылуының аяқталу уақыты 70-
ші жылдар болып табылады. Яғни, көліктер ескі. Біздің елімізде де бұл
көрсеткіш ойландыратындай дәрежеде.
Сонымен қатар бұл жағдайлардың тағы бір себебі автосауаттылықтың
төмен болуы. Яғни, КСРО кезінде автомобиль жүргізушісін дайындау үшін 6
айдан кем емес уақыт жұмсалған. Ал қазіргі уақытта бұл уақыт күрт азайып,
қысқарған. Бұл өз кезегінде жол ережелеріне деген сауатсыздықты және соның
кесірінен түрлі тәртіп бұзушылықты келтіріп шығаруда.
Қазіргі кезде ең басты мәселелердің бірі жол-көлік жағдайларына жол
қойып отырған негізгі себептерді анықтау және оларды тоқтату жолдарын
қарастыру. Ең болмағанда олардың деңгейлерін түсіру. Бұл жолда
криминалисттік тексерулер мен зерттеулер, түрлі статистикалық мәліметтер
көп қолданылады.
Жол-көлік апаттарының негізгі түрлері бар және олар мынандай болып
бөлінеді: транспорттық көліктердің қақтығыстары; қозғалмайтын тосықттарға
қақтығысу; адамдар мен жануарлармен қақтығысу; адамдардың көліктен құлауы.
Осы жағдайлардың қайсысы болса да адам өміріне аса қауіпті және адам аман
қалған өзінде оның келесі өміріне үлкен өзгерістер алып келетіндей.
Жол-көлік оқиғаларының себептері болуы мүмкін:
1. Жүргізушінің жол ережесін бұзуы, көлікті үлкен жылдамдықта жүргізуі.
Ерекше қауіптісі жүргізушінің мас күйде көлікті жүргізуі;
2. Жаяу жүргіншінің жол ережелерін бұзуы немесе жолаушылардың түсу,
көлікке міну ережелерін бүзуы;
3. Көліктердегі техникалық ақаулар, яғни, техникалық қызмет көрсетулердің
өз дәрежесінде болмауы, сонымен қатар жолдың жағдайы.
Жол-көлік оқиғаларындағы адам құрбандарын және шығындарды азайту
жолдары тек криминалистикалық тексерулердің нәтижелері мен олардың
шешімдеріне келіп тіреледі. Яғни, жекелеген жол-көлік апаттарын қарастыру,
зерттеу арқылы жол ережелеріндегі кемшіліктерді жоққа шығаруға болатыны
айқын. Бірақ бұл жол ережелерінің талапқа сай емес дегенін білдірмейді.
Заман ағымы көрсетіп отырғандай қазіргі уақыттағы қолданылып отырған жол
ережелері толық талапқа сай келеді және егер де адамдардың барлығы бұл
ережелерді толық сақтаса және жол ережелеріне деген сауаттылық танытса жол-
көлік апаттары ең төменгі деңгейге түсер еді. Бұдан кейінгі жол-көлік
апаттары тек техникалық ақауларға ғана байланысты болар еді. Ал бұл
жағдайдың біздің білетініміздей жол-көлік апаттарындағы алатын пайызы кем.

ЖОЛ-КӨЛІК АПАТТАРЫ ЖӘНЕ СТАТИСТИКАЛЫҚ
МӘЛІМЕТТЕР
Жол-транспорттық оқиғалар адам өмірлеріне өте қауіпті болып, апатты
табиғат апаттарынан да кем түспейтіні айқын. Себебі жылдан жылға машина
индустриясының дамуы, машиналар санының көбеюі жылдан жылға көшелерді
алдыңғыдан қауіптірек, үлкен сақтықты қажеттілікті қажет ететін тұс алып
келеді. Мұның алдын алу жолдары көптеген жылдар бойы қарастырлып келеді.
Осы жылдарда алынған тәжірибелерден белгілі болғандай жолдағы қауіпсіздік
жол қауіпсіздік ережелері сақталғанда ғана жоғары деңгейге көтерілетінін
айқын көрсетіп бере алды.
Қазақстандағы жол-транспорт авариялық оқиғаларының статистикасына
сүйенетін болсақ, жолдағы қырағылықты одан әрі асыру керектігі мәлім
болады. Мысалы, 2010 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша үлкен жол-
транспорттық авариялық оқиғаларында Қазақстанда 205 адам дүниеден көз
жұмған.
Қазақстандағы 2010 жылғы болып өткен жол-транспорттық оқиғалар туралы
мәліметтер төмендегідей:
Автожолдарда есеп беру уақыты аралығында 79 ірі жол-транспорттыұ
авариялары тіркелген, бұл авариялардан 689 адам зақымданған, олардың 205-і
дүниеден өткен. Ал 2009 жылы 116 ірі жол-транспорттық авариялары болып
өткен, олардың 857 адам зақымданған, 208-і дүниеден өткен.
Жалпы алғанда өткен жылда реуспубликада жалпы 140 транспорттық ірі
авариялар тіркелген. Бұлар автожолдағы, теміржолдағы, әуе жолындағы жалпы
авариялар саны. Бұл авариялардан жалпы 760 адам зақымданған, 204 адам
қайтыс болған. Өткен жылдардағы статистикалық мәліметтерге қарағанда жалпы
транспорттық авариялар саны 21,8 пайызға төмендеген. Бірақ бұл көрсеткішке
қуантарлық деп қарауға болмайды. Өйткені жол апаттарының статистикалық
көрсеткіштері әлі аспандап тұр. Бұл жағдайларға, яғни, адам өмірінің
қиылуына тек қана жол апаты деп қарауға да болмайды. Себебі, көптеген
жағдайлардан кейін аман қалған жарақаттанушыға айналадағылар алғашқы көмек
көрсетуге дәрменсіздік танытады. Бұл адамдардың апаттық жағдайлардағы
сауатсыздығы екендігі айқын.
Ал Россияда бұл көрсеткіштер аса жоғары. Россияда әр жылы жол
апаттарынан шамамен 35 000 адам қаза табады, 70 000 адамнан астамы жарақат
алады. Бұл көрсеткіштер өте қорқынышты. Себебі, бұл жағдайлардығ барлығының
алдын алуға болатын еді. Ал дүние жүзінде жыл сайын 200 000 адам жол
апатынан қаза болады, ал 50 000 000 астамы әр түрлі дәрежедегі жарақаттар
алады.
Осы жол апаттарының жәбірленушілері кімдер екендігі туралы ойланып
көрейікші. Олар біздің ағаларымыз, туыстарымыз, інілеріміз, бауырларымыз,
достарымыз болуы мүмкін екендігі қандай қорқынышты. Мүмкін осындай ойлар
адамдарды жол қауіпсіздігін сақтауға итермелейтін болар. Қандай жағдай
болмасын, қандай оқиға болмасын барлығы өзімізге байланысты екенін
түсінуіміз қажет секілді.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда Астана қаласында балалардың
аварияға түсу жағдайлары көбейгенін көрсетеді. Бұл мәліметтерді балаларды
емдеу орталықтарындағы статистикалық мәліметтерден көруге болады. Мұның
себептері ретінде халық санының өсуі, сонымен қатар автотранспорттартың
ағымының артуын атап айтуға болады. 2009 жылдан бері балалар емханасына әр
түрлі жарақаттармен 119 бала түскен болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 142-ге
жеткен. Пайыздық көрсеткішпен 1,4 пайызға жоғарылаған. Балалар авария
жағдайында көп жағдайларда ауыр жарақаттар алады. Мұның салдары баланың
кейінгі болашақтағы өміріне үлкен із қалдыруы мүмкін екендігі айқын.
Балалардың авария жағдайында бірден бірнеше органдары жарақаттанады. Жыл
сайын әлемде жол апаттарынан 1,2 миллион адам қаза болса, одан келетін
шығын 1,7 млрд АҚШ долларына жетеді.
Жол-транспорттық оқиғаларда жарақаттану – адамзат тарихындағы адамдар
көп жәбір шегетін оқиғалардың бірі. Бұл ақырғы онжылдықтарда жедел дамыған
автомобиль индустриясымен де тығыз бацланыста екені айқын. Транспорт
индустриясының жедел дамуы транспорттарға және жолда жүру ережелеріне
ерекше назар аударуды қажет етті. Қозғалыстағы транспорттан жарақаттанбау
үшін жаяу жүргінші қалай қорғануы қажет? Жол сақшыларының тәжірибесі
көрсеткендей жолдағы келеңсіз оқиғалардан қорғанудың ең жақсы түрі бұл жол
ережелерін сақтау:
- автобусты артқы жақтан, трамвайды алды жағынан айланып өтж
- көшені қызыл жанып тұрғанда кесіп өтпе;
- жер асты өту жолдарын қолдан.
Өте қарапайым болып көрінген бұл ережелер адамның өмірін сақтауда,
қорғауда өте маңызды орын алады. Адамның психикасы әрдайым қауіп
сезінгендіктен шаршайды, талығады. Әрбір өткен транспортқа қауіп-қатер
ретінде қарауға болмайды. Бірақ адамның өмір қауіпсіздігі үшін жаяу
жүргіншіде жол ережелеріне, қозғалыс тәртіптілігіне деген рефлекс
қалыптасуы қажет. Мысалы,
- көшені кесіп өту кезінде бірінші солға, кейін оңға қарау;
- өтуді күткен кезде тротуартың шетінде тұрмау керек;
- автобус аялдамасында қозғалыстағы транспортқа кері қараму керек;
- кез-келген транспорт түрі үлкен жылдамдықпен келе жатқан
транспортты жауып көрсетпей қоюы әбден мүмкін, сондықтан,
жолаушылар автобус немесе троллейбусты айналып өту кезінде ережені
бұзса қозғалыстағы транспортты көрмейді;
- әрдайым тротуармен жүру керек, егер тротуар жоқ болса транспорт
қозғалысына қарама-қарсы жүру қажет, сонда жүргіншіні жүргізуші, өз
кезегінде жүргінші транспортты көріп байқай алады.

Жол транспорттық оқиғаларында тек қана машиналар ғана емес велосипед
және мотоциклдердің де қатысатынын ескеру қажет. Әсіресе, велосипедтер
жолда көптеген қиындықтар туғызады.
Жол, әсіресе, қыста қауіпті тұс алады. Милицияның мәліметтеріне орай
жолдағы орын алған оқиғалардың 60 пайызы ол жыл мезгіліне тура келеді екен.
Күндер арасында ең қауіпті күндер болып жұма және сембі есептеледі. Ал
ең қиын уақыт болып 16.00 ден 20.00 ге дейінгі уақыт аталады, осы төрт
сағат арасында 30 пайыз авариялар мен оқиғалар болып өтеді.

Жол транспорттық оқиғасының куәгері болып қалғандарға бірнеше ережелер
бар:
- ешқандай жағдайда жарақат алған адамды көмексіз қалдырмау (қауіпті
жағдайда қалдырып кету арнайы заңдар бойынша қылмыс болып
есептеледі);
- жүргізушінің оқиға орнынан қашып кетуі, сонымен қатар куәгерлік
етуден жалтаруы екі жылға дейін жүргізушілік құқығынан айыру жазасы
қолдынылуы мүмкін;
- тез арада МАИ-ға жол оқиғасы туралы хабарлау (бұл міндетті емес,
егер оқиғадан зақым шегушілер болмаса және жүргізушілердің бір-
біріне деген айыптаушылығы болмаса);
- оқиға орнындағы оқиға іздерін барынша сақтау (егер айналып өтуді
ұйымдастыру мүмкіншілігі болмаса жүргізушілер заттер орналасуы
схемасын құруы және куәгерлердің телефондары мен адрестерін алуы
және содан кейін ғана машинаны жолдан алулары қажет);
- жүргізуші жасырынуға әрекет жасаған жол оқиғасының куәгері болған
жағдайда сол мезетте автомобильдің номерін, түсін, маркасын есте
сақтап қалу қажет және жарақаттанушыға көмек көрсеткен соң
мәліметті МАИ қызметшілеріне беру;

Жол оқиғаларынан зақымдану қауіпі – қаладағы аса ірі өауіптердің бірі
болып есептеледі. Мысалы, Москва қаласында 1993 жылы 8303 жол оқиғалары
тіркелген. Россияда 1994 жылы 35 мың адам жол оқиғаларынан қаза болған.
Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 125 мың жол-көлік оқиғасы орын алып,
соның салдарынан 25 мың адам көз жұмған. Бұл мәліметті ҚР Парламенті
Сенатының жалпы отырысында жол белгілеріне қатысты екі халықаралық құжатты
талқылау кезінде депутат Сәрсенбай Еңсегенов осылай мәлім еткен. Оның айтуы
бойынша:
"Соңғы уақытта жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету кез келген мемлекеттің
алдындағы өзекті мәселенің бірі болып отыр. Сарапшылардың қорытындысы
бойынша БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы осы саладағы жағдайды үлкен дағдарыспен
сипаттаған. Мәселен, жыл сайын әлемде 1 млн.-нан астам адам жол-көлік
оқиғасынан қаза болса, жарақат алып, соның салдарынан мүгедек болатындар
саны 50 млн.-ның үстінде екен", - деді сенатор С. Еңсегенов.
Оның айтуы бойынша, Қазақстанда соңғы 10 жыл ішінде 125 мың жол-көлік
оқиғасы орын алып, 25 мың адам қаза тапты. 151 мыңнан астам азамат жарақат
алған.

Бұдан бөлек, жол-көлік оқиғасының ел экономикасына тигізген шығыны
жалпы ішкі өнімнің 1,5 пайызын құрайды екен.
"Міне, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында халықаралық деңгейде
8 құжат қабылданған. Біздің мемлекетіміз осының 6-ын қарап, бекітті.
Бүгінгі күні Парламент қабылдаған екі заң жол қауіпсіздігі саласындағы
халықаралық нормаларды жетілдіре түсетін құжаттардың жалғасы болып
табылады", деді сенатор.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сенаттың жалпы отырысында "1968 жылғы
8 қарашада қол қою үшін Венада ашылған Жол белгілері мен сигналдары туралы
конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімді ратификациялау туралы" және
"1968 жылғы 8 қарашада Венада қол қою үшін ашылған Жол белгілері мен
сигналдары туралы конвенцияны толықтыратын Еуропалық келісімге Жол
таңбалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" ҚР Заңдары қабылданды.

ТРАНСПОРТТЫҚ АВАРИЯЛАР
Заманауи транспорт – қауіптің ұлғаюына алып келеді. Транспорттардың
жылдамдықтарының артуы, көбеюі әсіресе қаладағы қауіпті ахуалды
қалыптастырады. Транспорт санының артуы, көшелердің тараюы, мұны автобус,
троллейбус, трамвайдың санының артуымен түсіндіруге болады.
Қалалық транспорттар саны жағынан өте көп және авария жағдайына
жақын. Ең қауіпті транспорт болып автотранспорт болып мойындалған.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда 1 миллиард жолаушы-километрге темір
жол транспортына 2 адам өлімі, әуе транспортына – 6 адам өлімі, ал
автотранспорттарға, яғни, автомобильдерге – 20 адам өлімі сәйкес келген.
Авария құрбандары жүргізушілер, жолаушылар, жаяу жүргіншілер болады.
Статистикаға қарағанда қаза болғандардың 65 пайызы оқиға орнында қаза
болады, оның 23-сі транспорт ішінде.
Пайыздың үлкендігі оқиға маңындағы адамдардың алғашқы көмек көрсете
алмауларымен түсіндіріледі.
Төменде мүмкін болған жарақаттар мен олардын сақтану жолдары, ең
болмағанда өз организміне аз зиян келуін қамтамасыз ету қарастырылады:
Егер сіз қоғамдық транспортта болсаңыз: күшті тежелу кезінде мойын
жарақат алуы мүмкін. Басыңыз, аяғыңыз, қолыңыз қысылып қалмауы жолдарын
қарастырыңыз және әрекет жасаңыз. Орындықта отырсаңыз басыңызды еңкейтіп
қолыңызды алдыңғы орындыққа қойыңыз, басыңызды қолдың арасына қысыңыз,
аяқты алға қарай созыңқыраңыз. Бірақ орындықтың астына емес. Өйткені, бұл
жағдайда жарақат алу мүмкіншілігі жоғары. Құлап бара жатсаңыз, еденге
немесе орындықтарға жан жағыңызбен құлауға әрекет жасаңыз. Өрт жағдайында
тез арада авариялық дәне жай шығу есіктерін пайдаланып салоннан шығып кету
керек.
Егер сіз көшеде болсаңыз және сізге бағытталған автомобильді
байқасаңыз, бірақ қақтығыстан қашып құтыла алмайтыныңызды түсінсеңіз, биік
секіруге әрекет жасау керек, яғни, машина капотына секіруге әрекет жасау
керек, ал құласаңыз доңғалақтар арасына түсуге әрекет жасау керек.
Егер авариядан құтылмасаңыз, авариядан кейінгі өмірді сақтап қалу
әрекеттерін орындау қажет. Еш болмағанда жарақатты, және оның салдарын
жеңілдетуге әрекет жасау керек.





ПОЕЗДАҒЫ АПАТТЫ ЖАҒДАЙ
Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Егер сіз қатты тормаздардың, поездің гудогін естісеніз жене поездің
апаты болып жатқаның түсінсеніз онда жылдам жерге жатып, вагонда
сізді әрі бері лақтырмау үшін бір нәрсеге қатты ұсталыңыз.
Терезелермен есіктерден алысрақ болуға үмтылыныз.
2. Жерде жатып кеудеңізге подбородықты қатты бекітініз, сонда қатты
соқтығуы кезінде сіздің мойыныныз сынбайды.
3. Егер поезд рельсадан шығып құлап жатқанын көрсеніз де ешқашан поездан
секірменіз. Вагонның қабырғалары соқтығуының әлсеретеді.
4. Егер поезда соқтығудан кейін өрт басталса вагоннан тез шығыныз. Бірақ
абайланыз, аяқтарыныздың астында үзілген тогі бар проводтар болуы
мүмкін.
5. Егер есіктен шығалмасаныз, терезенің айнегін ауыр затпен сындырып
сыртқа шығыныз.

Есіңізде сақтаныз ортада орналасқан вагон шеттерінде орналасқан
вагондарға қарағанда апат кезінде тұрақты болады.

ҰШАҚТАҒЫ АПАТ

Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Аяқ киім, колготки шұлықтарды шешіп, қалтадағы кескіш (колющие и
режущие) заттарды шығару.
2. Белбеу (Ремень безопасности) қадаңыз, қолымен тізелерің құшақтап
басты енкейтіңіз.
3. Егер самолет авариялық жағдаймен суға посадканы жасаса, құтқару
жилетті тез кию керек.
4. Самолет тоқтағаннан кейін аварийный люкке барыңыз. Люктің тұтқасын
бұрып есікті ашыңыз.
5. Ауамен тортылған трапка отырып самолеттан сырғананыз.
6. Естеріңізде болсын: самолеттан ең алдымен балалармен әйелдерді шығару
керек.

Құтқару жилеті қалай кию керек:
1. Жилетті бас арқылы киіңіз. Углекислотамен балончик сыртта болуға
тиісті.
2. Тесьманы артына жіберіп, талиямен байлаңыз, сосын тесьманың ұштарын
алға тартып жилеттің астынан байлаңыз.
3. Самолеттан шықан соң жилетке ауаны беру керек, ол үшін углекислота
болончиктің колпачогін тарту керек. Есіңізде болсын самолеттан шықпай
тұрғанда жилетке ауаны бермеңіз, өйткені бұл самолеттан шығуды
қиындатады.
4. Керекті жағдайда жилетке ауаны клапандар арқылы беруге болады.
5. Егер самолет түнде суға қонса, онда авариялық шамды жіпті тартып қосу
керек.
6. Сигнал беру үшін свистокті пайдалануға болады.

ҰШУДА ҚАУІПСІЗДІКТІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ:
1. Пассажирларға өзіңізбен және багажда келесі заттарды алуға болмайды:
• Қысымдағы газдар (балончиктер, аквалангистің баллондары).
• Қышқыл заттар (едкие вещества). Аккумуляторные.
• Жарылатын заттар (пиротехникалық заттар, пистондар, патрондар,
қарулар, револьверлер).
• Тез жанатын заттар (зажигалкалар, заправкалар зажигалкаға).
• Радиоактивтік заттар.
• Отбеливательдер және перекистер.
• Улы заттар (мышьяк, цианиттар, инсектицидтар, гербициттер).
• Инфекциондық материалдар.
2. Тегін багаждан бөлек апаруға болады:
• Дипломат.
• Бейнекамера.
• Ноутбук.
• Қолға алатын сөмкелер (ручные сумки).
• Балаға тамақ және калясканы.
• Инвалидтік колясканы.
Ұшқанда (взлет) және қонғанда компьютерлерді, радиотелефонды,
калькулятор пайдалануға тиым салынады.

ҚАЛАЛЫҚ ТРАНСПОРТТАҒЫ АПАТ:

Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Үрейленбеңіз және өзіңізді ұстаңыз.
2. Егер сіз соғу немесе итеруді сезсеңіз, онда басыңызды қолмен жауып
жылдам топталыңыз. Бір заттарға (поручень, кресло) ұсталыңыз.
3. Қосымша шығу жолын ашыңыз (запасной выход). Ол үшін терезедегі шнурді
жұліп айнекті итеріп немесе молотокпен сындыру қажет.
4. Егер салонда өрт басталса, онда огнетушительдің көмегімен оны
сөндіріңіз.
5. Короткий замыкание жағдайында трамвайдан немесе троллейбустан
электртізбектерді сөндіргенде ғана шығуға болады.

Естеріңізде болсын:
1. Есіктерге сүйенуге болмайды, олар кез келген уақытта ашылып кетуі
мүмкін.
2. Жоғары поручтенен ұстануға ұмтылыңыз, өйткені көлік тез (резко)
тоқтаса, сіз құлап кетуіңіз мүмкін.

ЕГЕР АДАМ ДЕМ АЛМАСА.

Егер адам дем алмаса сізде оған көмектесу үшін 1-2 минут ғана бар, өйткені
адамның миы үш минут оттегінсіз болса, клиникалық өлім пайда болады.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
1. Адамның пульсін тексеріңіз, егер адам дем алмаса пульс жоқ болады,
еріні, құлағы, беті ақырын көгере бастайды. Кеудесі көтерілмейді.
2. Адамның дем алудың жолын тазартыңыз. Мүмкін адамның ауызы толған
құсығынан немесе сілейкеден демаламай жатыр, тілі тамағына түсіп
кеткен, тамағы қатты тартылып жұқалап кетті және сол себебтен адам
дем аламай жатыр.

Сондықтан:
1. Адамның басын шалқайтыңыз, жақты көтеріп ауызын ашыңыз.
2. Адамның тілі тамағына түссе, оны саусақтармен дұрыстап жіберіңіз.
3. Адамның басын не солға не оңға бұрып, оның ауызын сілейкеден және
құсығынан босатыңыз.
4. Егер адамның аузы қатты тістелініп жатса, онда төменгі жақтың
бұрыштарын алға тартып. Содан кейін подбородокті төмен түсір ауызын
ашыныз.
5. Егер адам жоғарыда айтып кеткен қимылдан өзі демалып қалса, онда оны
кеудесіне жатқызып басынды не солға не оңға шалқайтыңыз.
6. Егер адам дем алмаса, онда оған жасанды дем беру бастаңыз (ауздын
ауызына немесе қолдарын көтеріп төмен түсіру).
7. Егер адамның жүрегі соқпаса және пульс жоқ болса, онда жасанды дем
берумен бірге жүректің тура емес массажды жасау қажет.

ЖҮРЕККЕ МАССАЖ ЖАСАУ
Егер адамның жүрегі соқпаса онда миға қан бармай адам тез өліп қалады.
Жүректі жұмыс істеткізуге болады, егер оған біркелкі басып тұрумен бірге
өкпеге ауыздан аузына тәсілімен ауаны беріп тұрсаң, адамды құтқаруға
мүмкіндігіңіз бар. Бірақ бұл әдісті адамның жүрегі соқпағаның анық
білсеңіз ғана пайдалануға болады. Егер жүрегі ақырын соқса, сіз жоғарыда
айтылған қимылдармен қолдасаңыз, оны мүлде тоқтап тастау мүмкін.
Алақандарды бір біріне қосыпкеуденің төменгі жағына қойып, басқанда бүкіл
күшті жұмсау керек. Үлкен адамның кеудесі төрт сантиметрге және минутына
сексен рет жиілікпен басылу керек.
Егер массаждысіз жалғыз істесеңіз, онда 15 рет жүрек жағын басып бір рет
жасанды дем беру керек. Егер массажді екі адам істесе, онда 5 рет жүрек
жағын басып бір рет жасанды дем беру керек.
Егер адамда пульс пайда болса, онда жүректін массажды тоқтатып, жасанды дем
беруді тоқтатпау керек.
Егер жүректін массажды он жасқа толмаған балаға жасасаңыз, онда кеудесіне
бір қолымен басу қажет, ал басудың жиілігі 80-100 рет болуға тиісті.
Егер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жол апатының келеңсіздіктерін алдын алу шаралары
Автокөлік апаттары туралы
Соғыс және бейбіт уақытындағы жаппай зақымдау құралдарының түрлері. Транспорттагы төтенше жағдайлар. транспорттық оқиғаларды топтастыру
Химиялық жағдайды бағалау және болжау
ГАЖ мүмкіншіліктері
Автокөлік апаттары
Радиациялық қауіпті объектілер
Алматының табиғи-климаттық жағдайларының сипаттамасы
Төтенше жағдайлар критерийлері
Тараз қаласының көше - жол торабының сипаттамасы
Пәндер