Инновация түсінігі және инновациялық саясат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І бөлім. Инновация түсінігі және инновациялық саясат
1.1. Инновация мәні және қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Инновация түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3. Инновациялық саясат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
ІІ бөлім. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет
2.1. Кәсіпорындағы инновациялық үлгілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Инновацияның даму заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ІІІ бөлім. Жаңа техника мен технологияның көрсеткіштері
3.1. Инновацияны жүзеге асыру
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.2. Инновация
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22
3.3. Ғылыми-техникалық прогрестің экономикалық және әлеуметтік
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...28
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстандағы инновацияның дамуы туралы,
инновация түрлері, инновациялық саясат, кәсіпорынның инновациялық қызметі
мен техника мен технологияның көрсеткіштері туралы толық мағлұмат алу.
Кәсіпорынның инновациялық қызметі - бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы,
не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы
ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке
сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
– өнімділік;
– үдерістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі
ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға
негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде
пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация - бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс
тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті
ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен,
отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің
салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері,
технологиясы және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие
болады және үлгінің түп нұсқасы болып табылады.
Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің және
жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік
кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден
алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпорынның инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
– жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа
зертханалық үлгілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияны
және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
– өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың
қажетті түрлерін таңдап алу;
– жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
– қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу және
жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
– жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
– қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен қамтамасыз
етуді зерттеу және әзірлеу;
– қажетті ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін
дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және қызметкерлерді арнайы әдіспен
іріктеу;
– лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
– инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік зерттеулерді
жүргізу.
Инновациялық өнім дегеніміз бұл түрлі дәрежеде технологиялық
өзгерістерге ұшыраған өнім. Өнеркәсіпте инновацияның екі түрін бөліп
қарастырады: өнім инновациясы және үрдіс инновациясы.
Өнім инновациясына технологиялық жаңа және технологиялық
жетілдірілген өнімдерді дайындау және өндіріске енгізу кіреді. Ол мына
бұйымдарды қамтиды: жаңа (қайта енгізілген) радикалдық өнімдік инновация;
жетілдіруге ұшыраған бұйымдар, инкременталды өнімдік инновация; жаңа немесе
өндірістің елеулі жетілдірілген әдістерінде құрылған бұйымдар - өзгеде
инновациялық өнім.
Үрдіс инновациясына технологиялық жаңа немесе өнімдерді табыстау
әдістерін қоса технологиялық едәуір жетілдірілген өндірістік әдістерді
әзірлеу және енгізу кіреді. Мұндай инновациялар жаңа өндірістік жабдықты,
өндірістік үрдісті ұйымдастырудың жетілдірілген әдістерін немесе олардың
жиынтықтарын пайдалануда, сондай-ақ зерттеулер мен әзірмелер нәтижелерін
пайдалануда негізделуі мүмкін.
Инновациялық қызмет дегеніміз технологиялық жаңа ойларды (әдетте
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің немесе басқа ғылыми-техникалық
жетістіктердің нәтижелерін) түрлендіруге байланысты қызмет түрі немесе
рынокқа енгізілген, жетілдірілген өнімдер немесе қызметтер, жаңа немесе
жетілдірілген технологиялық үрдістер немесе тәжірибелік қызметте
пайдаланылған өндіріс қызметтерінің тәсілі. Инновациялық қызмет ғылыми,
технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық және коммерциялық іс-шаралар
кешенін қамтиды, атап айтқанда өздерінің жиынтығында олар инновацияға
әкеледі.
Технологиялық инновациялар рынокта енгізілген, жетілдірілген өнімдер
немесе қызметтер, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үрдістер түрінде
іске асырылатын инновациялық қызметтің немесе тәжірибелік қызметте
пайдаланылатын өндіріс қызметтері тәсілінің түпкілікті нәтижесін көрсетеді.
Егер инновация рынокқа немесе өндіріс үрдісіне негізілсе, онда ол жүзеге
асырылды деп саналады.
Инновациялық - белсенді кәсіпорындар деп әзірмелерді және жаңа немесе
жетілдірілген өнімдерді немесе қызметтерді, технологиялық үрдістерді немесе
қызметтерді ендіру тәсілдерін жүзеге асыратын кәсіпорындарды айтамыз.
Инновацияны өндіріске енгізу жоғары мөлшердегі шығындарды қажет етеді.

І бөлім. Инновация түсінігі және инновациялық саясат
1. Инновация мәні және қасиеттері
Әлемдік даму үрдісі ғылыми - техникалық серпелісті түбегейлі жаңа
даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында
экономикалық даму парадигмасы өзгерді де, батыстың алдыңғы қатарлы елдері
шаруашылық іс-әрекеттің материалдық емес саласын жетілдіріп дамытумен
ерекшеленетін жаңа экономикаға көшті. Жаңа экономика аясында шынайы
түрде білімге, яғни экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз
етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық
субъектілері (кәсіпорындар) құрылды.
Қазіргі уақытта технология, құрал-жабдықтар, кадрлар даярлау,
өндірісті ұйымдастыру сипатында іске асқан жаңа білім үлесіне экономикасы
дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70-тен 84 пайызына келеді .
Жаңадан қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды
құрайтын дәл осы зияткерлік капитал, ал оның маңызды құраушылары (ҒЗТКЖ,
патенттер мен лицензиялар, сауда таңбасы, персоналдың ғылыми білімі мен
біліктілігі, кәсіпорынішілік мәдениет және т.б., яғни табиғи-заттай түрі
жоқ нысандар) нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр. Экономиканың
инновациялық белсенділігі басым сипатқа ие болуда, бұл өз кезегінде,
кәсіпорындардың өз стратегиясын түбегейлі өзгертуіне, жаңа бәсекелестік
ортада және тіршілік етудің негізі ретінде зияткерлік әлеуетін қарқынды
түрде арттыруға жетелейді.
Жаңалық, жаңарту және инновация. Ғылыми-техникалық серпіліс
заңдылықтарының мәселесі, әсіресе, негізгі ұғым-түсініктер бойынша
пікірталас тудырады. Сонымен, кейбір авторлардың пікірінше, жаңалық ,
жаңарту және инновация ұғымдары синоним болып табылады және ол ғылыми-
техникалық серпелістің нәтижесін білдіреді деп түсіндіріледі.Екінші пікір
бойынша, бұл ұғымдардың арасында белгілі бір айырмашылықтар бар деп
көрсетіледі. Егер жаңалық деп жаңа әдіс, өнертабыс және жаңалық табуды
айтатын болсақ, ал осы жаңалықты іс жүзінде пайдалану жаңарту (инновация)
деген ұғымды білдіреді.
Жаңалық - бұл қандай да бір іс-әрекет аясында жүргізілген
іргетасты, қолданбалы зерттеулер мен талдамалардың рәсімделген нәтижесі
және ол осы іс-әрекеттің ғылыми әрі техника жетістіктерін тәжірибелі,
нарықтық тұрғыда пайдаланудың аралық қорытындысы болып табылады.Жаңалық
нарықта тұтынылатын жаңа өнімге айналған соң, соңғысы жаңарту (инновация)
болады. Осылайша, қазіргі заманғы инновация теориясында жаңарту және
инновация терминдерін бір-бірінен ерекшелеп бөлмейді, олар-синоним
сөздер. Егер жаңарту деп жаңалықтың алғашқы рет қолдануын айтатын болсақ,
инновация деп жаңалықты жаппай қолдануға кірісуді айтамыз.
Заңнама бойынша инновация - нарықта сатылатын жаңа немесе
жетілдірілген өнім, іс жүзінде пайдаланылатын жаңа немесе жетілдірілген
технологиялық үрдіс түріндегі ең соңғы нәтижесі. Алайда кез келген жаңарту
серпіліске әкеле бермейді. Ол орынды түрде таралған жағдайда ғана бұл
жаңалықтың қоғамдық өндіріс пен даму үшін инновациялық мәні бар деп айтуға
болады. Әлемдік экономикалық әдебиеттерде де инновацияға ғылыми-техникалық
серпілістің жаңа өнімдер мен технологияларда шынайы көрініс тапқан түрленуі
деген анықтама берілуі де кездейсоқ емес.
Инновацияның ерекше мазмұнын өзгертулер құрайды, ал
инновациялық іс-әрекеттің басты функциясы – өзгеру функциясы болып
табылады. Австрия ғалымы Шумпетер Й. 1911 жылы бес түрлі өзгерулерді бөліп
көрсеткен:
1. жаңа техника, жаңа технологиялық үрдістерді пайдалану немесе өндірісті
жаңадан нарықтық қамсыздандыру (сатып алу-сату);
2. жаңа қасиеттері бар өнімді өндіру;
3. жаңа шикізат түрін пайдалану;
4. техникалық қамсыздандыруды ұйымдастырудағы өзгерістер;
5. өнімді сатуда жаңа нарықтың пайда болуы.
Кейінірек, 1930-жылдары, ол инновация тұтыну тауарларының жаңа
түрлерін, жаңа өндірістік және көлік құралдарын, жаңа нарықтар мен
өнеркәсіпті ұйымдастырудың жаңа түрін ендіру мен пайдалану мақсатында
жасалған өзгерістер деген ұғымды енгізді.
Мұндай көзқарасқа халықаралық стандарттарға негізделген
нарықтық экономика жағдайында инновацияның жүйелік суреттеу әдістемелігі де
сәйкес келеді. Ол бойынша инновациялық іс-әрекеті деп идеяларды (әдетте ол
ғылыми зерттеулер мен талдамалар немесе өзге ғылыми-техникалық жетістіктер
нәтижесі) ұластыру және оны жүзеге асырумен байланысты іс-әрекет түрі деп
түсіндіріледі:
1. жаңа немесе жетілдірілген технологиялық үдерістерде;
2. нарықта ендірілген технологиялық жаңа немесе жетілдірілген тауарлар
мен қызметтерде;
3. іс жүзінде пайдаланылған өндіріс тәсілдері мен оны ұйымдастыру
түрінде.
Сонымен, инновация – бұл бір мезгілде екі бірдей әлемнің, атап
айтқанда, техника әлемі мен бизнес әлемінің көрініс табуы. Өзгеріс тек
технология деңгейінде қатысты болғанда Шумпетер Й. оны өнертабыс деп, ал
өзгеруге бизнес араласса, онда ол инновация болып табылады дейді.
Инновация нарықта немесе өндірістік үдерісте ендірілген жағдайда
ғана іске асырылған деп есептеледі. Берілген сипаттамаларға сәйкес ғылыми-
техникалық (технологиялық) инновациялар мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:
1. жаңалығы болуы керек;
2. нарық сұранысын қанағаттандыруы керек;
3. өндірушіге пайда әкелуі керек.
Демек, инновация – белгілі бір тұтынушылардың сұранысын
қанағаттандыру үшін коммерциялық түрде жүзеге асыру мақсатымен жаңа идеялар
мен білімдерді, жаңалықтар, өнертабыстар мен ғылыми-техникалық жобаларды
өндірістік үдеріс барысында пайдалану. Сол себепті, инновацияның міндетті
қасиеттері қатарына оның ғылыми-техникалық жаңалығымен қатар өндірістік
қолданбалығы да жатады. Инновацияның коммерциялық іске асырылымдығы - оның
әлеуеті, қасиеті, сол үшін оған қол жеткізуге белгілі бір күш салу қажет.
Инновация үшін жоғарыда аталған барлық қасиеттері де (ғылыми-техникалық
жаңалығы, өндіріске қолдану ыңғайлылығы, коммерциялық іске асырылымдығы)
бірдей дәрежеде маңызды екендігін айта кеткен жөн. Оның қайсы бірінің
болмауы инновациялық үдеріске кері әсер етеді.
1.2. Инновация түрлері
Инновациялық іс-әрекетті басқару оны ұзақ уақыт бойы зерттеген
жағдайда ғана табысты болмақ, бұл оларды іріктеп, керегін пайдалану үшін
қажет. Сол себепті, инновация жайлы айта отырып, оның ең алдымен дұрыстап
саралап алу қажет. Инновацияны саралаудың сан алуан әдістері бар 1.1-
кестеде кеңінен таралған саралау түрлері келтірілген. Олардың ішінде ең
маңыздысын сипаттайық. Ең алдымен инновацияның түрлерін енгізілетін
өзгерулердің тереңдігіне қарай ажыратып алайық.

Кесте 1.1.
Инновацияның саралануы

Белгілері Инновация түрлері
1. Енгізілген өзгерулердің Радикалдық (немесе түп нұсқалы).
тереңдігіне қарай Жақсартушы. Жалған инновация
2. Технологиялық көрсеткіштері Өнімдік. Үдерістік
бойынша
3. Нарық үшін жаңалық түрлері Әлемдік сала үшін жаңа. Ел ішіндегі
бойынша сала үшін жаңа. Осы кәсіпорын үшін
жаңа
4. Орнын басушылығы бойынша Орнын басушы. Күнін жоюшы. Кеңейтуші
5. Қамту аймағы бойынша Жергілікті. Жүйелік. Стратегиялық
6. Нарыққа шыққан уақыты бойынша Көшбасшы-инновациялар.
Ізбасар-инновациялар

Радикалдық инновация - бұл бұрын соңды белгісіз болған немесе мәлім
болатын, алайда өнімділігі, бағасы жағынан алғанда сипаттамасы едәуір
жақсарған қасиеттерге ие өнімдер, үдерістер немесе қызмет түрлері. Аталған
радикалдық инновация үдерістері, өнім және қызмет көрсету саласында
жасайтын өзгерістері соншалықты болғандықтан, оның нәтижесі қалыптасқан
нарықтар мен салалардың ұластыруына, ұшырауына немесе жаңа нарық және сала
қалыптасуына алып келеді. Жақсартушы инновация аса қомақты емес төңкеріс
жасай қоймайтын, көп ретте, тіпті, белгілі білім, өнім және
технологиялардан туындайтыны болжанған өзгерістерді білдіреді. Мұндай
инновациялар көбінесе өткен уақытта өте тәуелді болады, технологиялық
парадигма бойынша қалыптасады. Мардымсыз түрлерінің өзгеруіне келесілер
әсер етеді:
1. өнім құрылымын өзгеріссіз қалдыратын, бұйымның көрсеткіштеріне,
қасиетіне және құнына, сонымен қатар өнімнің материалына және
құрамдасына айтарлықтай ықпал етпейтін өнімдерге енгізілген мардымсыз
техникалық немесе сыртқы өзгерістер;
2. кәсіпорынның табысын ұлғайту және ағымдық сұранысты қанағаттандыру
мақсатында бұрын осы кәсіпорында өндірілмегеніне қарамастан, бірақ
нарықта белгілі өндірісті игеру есебінен өнім қатарын кеңейту.
Инновацияның маңызды сипаттамасы - оны технологиялық көрсеткіштеріне
сәйкес өнімдік немесе үдерістік деп ажырату.
Өнімдік инновация өндіріске немесе нарыққа технология жағынан жаңа
немесе жетілдірілген өнімдерді ендіруді қамтиды. Технологиялық жаңа өнім
(радикалды өнімді инновация) - бұл технологиялық сипаттамалары (қызметтік
белгілері, құрылмасының орындалуы, сондай-ақ пайдаланатын материалдар мен
құрамдастары) немесе пайдалану ұсынысы мүлдем жаңа немесе бұрын шығарылған
ұқсас өнімдерден едәуір айырмашылығы бар өнім. Мұндай инновация мүлдем жаңа
технологиямен немесе бұрынғы технологияны жаңа қырынан пайдалануға
негізделеді. Технологиялық жетілдірілген өнім (Осло басшылығының
терминологиясына – инкрементальді өнім инновациясы) - сапалық немесе құндық
сипаты біршама тиімдірек болатын құрамдастар мен материалдар пайдалану
есебінен бір немесе бірқатар техникалық ішкі жүйелерін ішінара өзгерту
(кешендік өнім үшін) есебінен айтарлықтай жақсара түскен қолданыстағы өнім.
Үдерістік инновация технологиялық жаңа немесе едәуір жетілдірілген
өндірістік әдістерді әзірлеп ,ендіруді қамтиды. Инновацияның бұл түрі жаңа
өндірістік құрал-жабдықты, өндірістік үдерісті ұйымдастырудың жаңа
әдістерін немесе олардың жиынтығын пайдалануға, сондай-ақ зерттеулер мен
әзірлеу нәтижелерін пайдалануға негізделуі мүмкін. Мұндай инновациялар,
әдетте, өндіріс тиімділігін арттыруға немесе өндіріске шығарылып жатқан
өнімді беру, ал кей жағдайда қарапайым өндірістік әдістермен өндірілуі
мүмкін болмайтын технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнім өндіруге
немесе беруге бағытталады.
1.3. Инновациялық саясат
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық
қызметтің түпкі нәтижелері - өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі
мен капиталдың өсуі, жоғары технологиялы өнім көлемі - елдің экономикалық
қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі. Дамыған
индустриялы елдерде технологиялардан, құрал- жабдықтардан, кадрлар
даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер
үлесіне ІЖӨ өсімінің 80-нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа
технологияларды енгізу нарықтық бәскелестіктің өзекті факторы, өндіріс
тиімділігін арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың
негізгі құралы болып отыр.
Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндіріс
дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп
қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу
мен игеру, республиканың өнеркәсіп пен ғылыми - техникадағы әлеуетін сақтау
мен дамыту есебінен ұлттық экономикасының өзекті стратегиялық міндеті болып
табылады.
Қазақстаннның ғылыми - технологиялық саясаты инновациялық
үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, өндеуші
өнеркәсіптегі жаңа қайта бөлістерді игеруге, ұлттық ғылыми- техникалық
әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға,
индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты
трансферті мен халықаралық стандраттарды енгізуді қамтамасыз етуге
бағытталуы керек.
Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай
инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп
өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының
үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8- 3,2% және 12,4- 14,0% - ды
құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердерден бірнеше есе аз. Шағын
инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізі себебі шағын
кәсіпорындардың әдетте, ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге
қабілетті өнімдер шығара алмауында болып отыр. Шығын кәсіпкерлікті ірі
кәсіпорындармен біріктіру (кооперациялау) максатында табиғи монополия
субъектілерінің негізі қызметіне қатыссыз қызметтер жөніндегі функцияларын
шағын бизнес субъектілерінің ортасына беру тетігін әзірлеу қажет. Бұдан
өзге, шағын бизнесте инновациялық және ғылымды көп қажетсінетін
өндірістерді, оның ішінде лизинг бойынша құрал - жабдықтар мен
технологияларды сатып алу, және ірі бизнестің франчайзингтік
қатынастарынның кең таралуы есебінен дамыту үшін жағдай жасау керек.
Қазақстандық өндірушілерге ғылыми әзірлемелерді рыноктық тауар
деңгейіне жеткізу тәжірибесі жетіспейді, менеджмент, маркетинг және талдау
саласындағы жоғары білікті мамандар жеткіліксіз. Осыған байланысты
қазақстандық мамандарды жетекші шетелдік ғылыми зерттеу институттары мен
компанияларына тағылымдамаға жіберу және отандық кадрлар даярлау үшін
республикаға жоғары білікті шетел мамандарын тарту тәжірибеге енгізілетін
болады. Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми
әзірлемелер мен қажетсіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Бұл
айтарлықтай үлкен әлеулет және оны пайдалану инновациялық қызметті
дамытудың негізі міндеттерінің бірі болуы тиіс.
Зияткерлік меншікті пайдалану мен құқықтарын қорғау
инновациялық қызметті дамытудың маңызды факторы болып табылады. Құқықтық
қатынас субъектілерінің құқықтары мен мүдделерінің теңдестіру есебінен
зияткерлік меншіктік тиімді шаруашылық айналымы зияткерлік меншік жемісіне
сұраныс пен ұсыныс бірлігін, ғылыми-техникалық зерттеулерді дамытуды,
оларды өнеркәсіпте іске асыруды, бәсекеге қабілетті жаңа тауарлар мен
қызмет көрсету өндірісі мен тұтынуды қамтамасыз ете алады.
Инновациялық дамудың базалық үлгісі негізінде ішкі (өсіру) және
сыртқы (трансферт) инновация көздерінің арасындағы қатынас жатыр.
Инновацияларды өсіру стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке зерттеулерге
негізделген өзіндік технологияларын белсенді жетілдіретін алдыңғы қатардағы
елдерге (АҚШ, ГФР, Англия, Жапония) тән. Технологиялардың трансферті
стратегиясы іргелі және қолданбалы жеке әзірлемелері жоқ және бұл
мақсаттарға арналған ресурстары шектеулі елдерде де іске асырылады.
Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы
мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:
- мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік
капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;
- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен
әдістерін әзірлеу;
- инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік
сипаттағы маманданған субъектілерін құру енетін инновациялық
инфрақұрылымды қалыптастыру;
- технологиялардың өркениетті нарығы үшін жағдайлар жасау, яғни авторлық
құқықты, патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық
халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының
трансфертін ынталандыру;
- отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа
стандарттарына өтуін жандандыру;
- халықаралық донор ұйымдардың, мүдделі қаржы-несие және шаруашылық
құрылымдарының гранттарын тарту болып табылады.

ІІ бөлім. Кәсіпорындағы инновациялық қызмет
1. Кәсіпорындағы инновациялық үлгілер
Инновациялық үдеріс деп идеяның іргелі және қолданбалы
зерттеулер, тәжірибе-контрукторлық және технологиялық өңдеулер, маркетинг,
өндіру және сату кезеңдерінен өте келе біртіндеп коммерциялық өнімге айналу
үдерісін айтамыз. Басқаша айтқанда, инновациялық үдеріс инновацияны құру,
игеру және таратумен байланысты. Инновациялық үдерістің үш логикалық түрін
ажыратады:
1. қарапайым ұйымішілік (табиғи);
2. қарапайым ұйымаралық (тауарлық);
3. кеңейтілген.
Қарапайым ұйымішілік инновациялық үдеріс жаңалықтың қалыптасуы
мен пайдаға асырылуы бір ұйым ішінде жүргізілуін білдіреді, бұл жағдайда
жаңалық тікелей тауарлық қалыпқа енбейді. Қарапайым ұйымаралық инновациялық
үдерісте жаңалық сатып алу-сату бұйымы болып есептеледі. Инновациялық
үдерістің бұл түрі жаңалықты іске асырушы функциясы тұтынушы функциясынан
бөлек екенін көрсетеді. Кеңейтілген инновациялық үдеріс жаңалықты жаңадан
шығарушылар жасауымен, өндірушілердің монополиясын бұзудан көрініс табуы,
шығарылатын өнімнің тұтынушылық қасиеттерін өзара бәсекелестік арқылы
жетілдіруге жағдай туғызады. Тауарлық инновациялық үдеріс жағдайында
жаңалықты өндіруші (жасаушы) және тұтынушы (пайдаланушы) кем дегенде екі
шаруашылық субъект қызмет етеді. Егер жаңалық технологиялық үдеріс болып
табылса, оны өндіруші мен тұтынушы бір шаруашылық субъектісі түрінде
болады.
Инновациялық үдерісті тауарлық түрге көшуімен бірге ол екі негізгі
кезеңге бөлінеді: а) жасау және тарату; ә)жаңарту диффузиясы. Алғашқы
кезеңі ғылыми зерттеу кезеңінен тұрады. Алғашқы кезеңде жаңалықтың пайдалы
нәтижесі әлі іске аспайды, тек алдын ала оның жағдайы қалыптастырылады.
Екінші кезеңде қоғамдық пайдалы нәтижесі жаңалықты шығарушылар өз арасында,
сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында қайта үлестіріледі.
Диффузия - бұрын бір-ақ рет игерілген және пайдаға асырылған инновацияның
жаңа ортада немесе қолдану орындарында таралуы. Кез келген инновация
таралуының маңызды факторының бірі - оның әлеуметтік-экономикалық ортаға
сай әрекеттесуі болып табылады, оның негізгі элементі-бәсекелес
технологиялар Й.Шумпетердің жаңарту теориясы бойынша жаңарту диффузиясы
жаңашыл (новатор) кейін көбірек пайда табу мақсатында жаңартулар ендіруші
еліктеушілер санының өсу үдерісін білдіреді. Шумпетер Й. қомақты табысқа
кенелуді күту - жаңалықты ендірудің қозғаушы күші деп санайды.
Инновациялық үдеріс циклдік сипатқа ие және соңғы уақытқа дейін
ол, әдетте, бірізді кезеңдерден құралған сызықтық инновация үлгісі түрінде
көрсетілген:
ІЗ-ҚЗ-ТӨ-Иг-ӨӨ-М-Ст, (2.1.)
мұнда:ІЗ - іргетасты зерттеулер;
ҚЗ - қолданбалы зерттеулер;
ТӨ - технологиялық (тәжірибе-конструкторлық) өңдеулер;
Иг - игеру;
ӨӨ - өнеркәсіп өндірісі;
М - маркетинг;
Ст - сату (өткізу).
Осы үлгі бойынша әзірленген іргетасты идеялар қолданбалы
зерттеулерде пайдаланылып, ең бірінші инновацияға сонан кейін сатып пайда
табуға негіз болады. Аталған үлгі тікелей сызықтық байланыс орнатады:
жүзеге асырылатын іргетасты зерттеулер көлемі неғұрлым көп болған сайын,
сорғұрлым қолданбалы зерттеулердің көлемі арта түседі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент, менеджмент түрлері
Жаңа инновациялық ойларды жеткізу
Инновациялық жобаны бағалау ерекшелігі
ҚР индустриалдық - иновациалық саясаты
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Инновациялық қызметті реттеу
АҚ «Каспий Нефть ТМЕ» компаниясының инновациялық жобасын басқару
Инновациялық экономиканың теориялық негіздері жайлы
Қазақстан Республикасындағы инновациялық процесстерді дамытудың рөлі
Венчурлық кәсіпкерлік
Пәндер