Көлеңкелі экономиканың экономикаға әсері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Экономика факультеті

Экономикалық теория кафедрасы

Макроэкономика пәні

Курстық жұмыс

«Көлеңкелі экономика және оның ел экономикасына әсері»

Орындаған: .

Қабылдаған: .

АСТАНА -2010ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . . . 3

  1. 1. Көлеңкелі экономика, түрлері және пайда болуы. . . 41. 1. Көлеңкелі экономика түсінігі және оның түрлері . . . 41. 2. Көлеңкелі экономиканың пайда болу себептері және салдары . . . 61. 3. Көлеңкелі экономиканың қызмет ету механизмі . . . 92. Көлеңкелі экономиканың экономикаға әсері. . . 16

2. 1. Көлеңкелі экономиканың жағымды және жағымсыз әсерлері . . . 16

2. 2. Көлеңкелі экономиканың әлемдік экономикаға әсеріне талдау . . . 19

2. 3. Көлеңкелі экономиканың ҚР экономикасына әсері . . . 23

3. Көлеңкелі экономикамен күресу жолдары . . . 27

3. 1. Көлеңкелі экономикамен күресу әдістері . . . 27

3. 2. Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы шаралар . . . 28

Қорытынды . . . 33

Пайдаланған әдебиеттер . . . 35

Қосымша

Кіріспе

Экономика өте кең түсінік болғандықтан, оның құрамы да аса күрделі. Экономиканың құрамында заңды, ашық жүретін қызметтер мен заңға қайшы келетін және жасырын жүргізілетін әрекеттер де болады. Бұл сала көлеңкелі экономика деп аталады.

Көлеңкелі экономика мәселесі аса қызық. Бір қарағанда бұл жағымсыз құбылыс болып көрінуі мүмкін. Бірақ оның да өзіндік жақсы жақтары бар. Өзге экономикалық іс-әрекеттерден ерекшелігі - көлеңкелі экономиканың нақты мөлшері белгісіз.

Тақырыбымның өзектілігі . Менің курстық жұмысым «Көлеңкелі экономика және оның ел экономикасына әсері» деп аталады. Көлеңкелі экономика «ақ» экономиканы құлдырататын да, белгілі бір деңгейде жандандыратын да элемент. Оның экономикаға әсері үлкен мәнге ие.

Курстық жұмыстың мақсаты: көлеңкелі экономика тақырыбын терең зерттеу, оның барлық элементтеріне кең түсінік беру, оның қызмет ету механизмін ашып көрсету, көлеңкелі экономикаға қатысты қазір әлемде қалыптасқан жағдайды және көлеңкелі экономиканың ел экономикасына әсерін талдау.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші теориялық бөлімде көлеңкелі экономика термині түсіндіріледі, оның түрлері жіктеледі, пайда болу тарихы, себептері мен салдарлары айтылады. Сонымен қатар, бұл бөлімде көлеңкелі экономиканың жалпы алғандағы және әр түрінің даму және қызмет ету механизмі кеңінен сипатталады.

Екінші бөлімінде бірінші тарауында көлеңкелі экономиканың жағымды және жағымсыз әсеріне тоқталып, ары қарай қазіргі жағдай сипатталады. Мұнда әлемдегі көлеңкелі экономиканың үлесі, оның ішінде көлеңкелі экономиканың әр түрі бойынша үлесі көрсетілген. Екінші бөлімнің үшінші тарауында көлеңкелі экономиканың Қазақстандағы қазіргі жағдайы талданып, оның ел экономикасына әсері ашып көрсетіледі.

Үшінші бөлім толығымен көлеңкелі экономикамен және оның жағымсыз салдарларымен күрес тақырыбына арналған. Бұл бөлімнің алғашқы тарауында жалпы күрес түрлері көрсетіледі, ал екінші тарауында Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың жағдайы Ресеймен салыстырылып келе, еліміздегі көлеңкелі экономикамен күресуге бағытталған шаралар аталып көрсетіледі.

Курстық жұмыстың қайнар көздері: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтын Қазақстан халқына жолдауы, Олейник, Бунич А. П. , Гуров А. И., Яшин А. секілді шетел ғалымдарының еңбектері және Қазақстан Республикасының Ұлттық статистикалық агенттігінің сайты http://www. kazstat. asdc. kz/.

  1. 1. Көлеңкелі экономика, түрлері және пайда болуы, қызмет ету механизміКөлеңкелі экономика - ауқымды түсінік және оның бірнеше түрлері бар. Олар өзінің қызмет аясы, заңнан алшақтығы бойынша ажыратылады. Олардың пайда болу себептері де бірнеше болып келеді. Көлеңкелі экономиканың қызмет ету механизмі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Көлеңкелі экономика деген не және оның түрлері.

Экономика ғылымында зерттелмеген нәрселер көп, бірақ олардың ешқайсысының деңгейі мен масштабы көлеңкелі экономикамен салыстырарлықтай болған емес. Өзге елдермен қатар Қазақстанда да қалыптасқан көлеңкелі экономика мәселесі қоғамдық қызметтің барлық саласын қамтып отыр.

Көлеңкелі экономика бірнеше онжылдықтан бері зерттеліп келе жатқанымен, оны нақты талдайтындай анық түсінік қоғамтанушыларда әлі қалыптасқан жоқ. Жалпы анықтама ретінде мына түсінікке жүгінуге болады: көлеңкелі экономика заңға қайшы келетін экономикалық қызмет түрі, яғни түрлі деңгейдегі қылмыстық істермен байланысты болатын заңсыз шаруашылық әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Немесе материалдық игіліктерді ресми статистикада қарастырылмай, қоғамдық бақылаудан тыс өндіріс, тұтыну, айырбастау және қайта бөлу болып табылады.

Көлеңкелі экономиканы мынадай үлкен үш блокқа бөлуге болады:

  1. Ресми емес экономика («екінші» немесе «ақ жағалы» көлеңкелі экономика) . Бұл бұрын жасалған ұлттық табыстың жасырын түрде қайта бөлінуіне алып келетін, «ақ» экономика қызметкерлерінің өз жұмыс орындарында жасайтын заңға қайшы іс-әрекеттері. Ол пара алу, жемқорлық, алаяқтық, т. б. болуы мүмкін. Көбінде бұл қызмет түрлерімен «ақ жағалылар», яғни басқару аппаратындағы қызметкерлер айналысады, сондықтан да бұл экономика түрін «ақ жағалы» деп атайды. Қоғам көзімен қарасақ, көлеңкелі экономиканың бұл түрі қызметтер мен тауар түрлерін өндірмейді, бір адамның пайдасы екінші адамның пайдасы арқылы келіп отырады.
  2. Фиктивті экономика («сұр» көлеңкелі экономика) . Заңмен рұқсат етілген, бірақ тіркелмеген қызметтер мен тауар өндіруге байланысты экономикалық іс-әрекеттер. «Ақ жағалы» экономика «ақ» экономикамен тығыз байланыста болса, бұл онымен салыстырғанда «ақ» экономикадан бөлектеу өмір сүреді. Көлеңкелі экономиканың бұл секторында өндірушілер салықтан, лицензия алуға байланысты, т. б. шығындардан жалтару үшін саналы тұрде ресми есепке тұрудан қашқақтайды немесе бұндай қызмет түрлері туралы есеп мүлдем қарастырылмайды.
  3. Қылмыстық экономика («қара» көлеңкелі экономика) . Бұл заңмен шектелген, аса дефицит және тиым салынған қызмет және тауар түрін өндіруге және айналымға жіберуге байланысты экономикалық іс-әрекеттер болып табылады. «Қара» көлеңкелі экономика ресми экономикадан «сұр» көлеңкелі экономикаға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде бөлектенген. Қылмыстық экономикаға ұрлық, тонау, рэкет, наркобизнес, ұйымдасқан қылмыс, т. б. іс-әрекеттер жатқызылады.

Көлеңкелі экономиканың көрсетілген түрлері арасында анық шекара жоқ. Мысалы, ұйымдасқан қылмыстық топтар ресми емес экономика өкілдеріне табыстың тиісті бөлігін жинап, өз табыстарын жасыру үшін заңды кәсіпкерлермен байланысқа түсуі мүмкін.

Көлеңкелі экономика зерттеу үшін қиындық туғызатын ұғым, дәл өлшеу мүмкін емес, себебі экономистерге оның мөлшерін анықтау үшін керекті мәліметтердің барлығы аса құпия және жариялануға жатпайтын болып келеді. Көлеңкелі экономиканы бағалаудың алғашқы қадамдарын ХХ ғасырдың 70 жылдары американ ғалымдары Путманн мен Фейгам жасаған болатын. 80 жылдарың басында көптеген елдердің парламент пен үкіметтері көлеңкелі экономиканың даму тенденциялары мен мөлшерін анықтайтын арнайы жұмыс топтарын құрды. Мұндай топтар Австрия, Франция, Англия, Португалия, Голландия, АҚШ-та бар.

Көлеңкелі экономиканы есептеудің түрлі тәсілдері бар. Бұл көлеңкелі экономика түсінігінің бір мағыналы болмауында. Бір жұмыстарда заңға қарсы істер, екіншісінде рұқсат етілген, бірақ салық органдарынан жасырылған қызмет есептеледі.

Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың көлемі мен динамикасын анықтау үшін американ ғалымы Путманн ұсынған монетарлық әдіс қолданылады.

  1. 1. 2. Көлеңкелі экономиканың пайда болу себептері және салдары

Көлеңкелі экономиканың пайда болуы мен дамуы, біріншіден, мемлекеттік реттеу фактісінің реакциясы болып табылады. Шектеусіз экономиканы реттеу мүмкін емес, ал қисынсыз шектеу, оның нормаларын бұзуға әкеліп соқтырады. Көлеңкелі экономика көптеген түрлері (мысалы, салықтан қашу) мемлекеттік реттеудің жетілмегендігінен болады - бюрократтық жолмен басқару, салықтың өте жоғары мөлшері, т. б. Орталық басқарудың ең жақсы жүйесінің өзі көлеңкелі экономика масштабын кемітуі мүмкін, бірақ толықтай жоя алмайтынын ескеру керек. Ең төменгі салықтың өзінде, салық төлеушілердің әйтеуір бір үлесі, міндетті түрде оны төлеуден қашады. Жаңа заманғы көлеңкелі экономика тек нарықтың бостандығын кеміткеннен ғана емес, сонымен қатар, нарықтық қарым-қатынастардың табиғатына да байланысты пайда болды. Шаруашылық табысты фетишизациялау, кірісті жоғарылату негізінде құрылған. «Протестанттық этика» және әлеуметтік өзін-өзі тежеудің басқа да түрлері пайда көру мақсатын бәсеңдетуі мүмкін, бірақ толық жоя алмайды. Сондықтан кейбір тұлғалар (топтар) «пайда табу» мүмкіншілігі туындағанда, бір минуттық өз басының мүддесі үшін, ұзақ мерзімді қоғамдық мүддені ұмытып кетеді. «Екінші» және «қара» көлеңкелі экономикаға тән нәрсе, қалай да пайда көру мақсаты.

Қалыптасқан жағдайда сол мөлшерде дәл сондай пайда табатындай мүмкіндік болғанда, көлеңкелі экономика пайда болмас еді. Бірақ заңға бағыну көп жағдайда артық ақша және уақыт шығынын талап етеді. Мысалы: Лимада үй құрылысына рұқсат алу үшін 4 жыл 1 ай уақыт керек, базар ұйымдастыру үшін 17 жыл мерзім кетеді. Бұл уақыт жағынан ғана қарастырғанда кететін шығын. Енді қаржы жағынан қарастырсақ, Мысалға Ресейдегі бір кәсіпорынның төлейтін салығын алалық:

  • Табысқа салынатын салық (табыстың 20%-ы) ;
  • ҚҚС (пайданың 20%-ы)
  • Бағалы қағаздар операциясына байланысты салық (бағалы қағаздар операциясынан түскен табыстың 15%-ы) ;
  • Автожолдарды пайдаланғаны үшін салық (пайданың 2, 5%-ы) ;
  • Кәсіпорын мүлкіне салық (негізгі қордың 20%-ы) ;
  • Көлік құралдарын алуға байланысты салық (сату бағасының 20%-ы)
  • Әлеуметтік сақтандыру қорына салым (еңбекті төлеу шығындарының 36%-ы) ;
  • Зейнетақы қорына сақтандыру салымдары (еңбекті төлеу шығындарының 28%-ы) ;
  • Мемлекеттік жұмысбастылық қорына салым (еңбекті төлеу шығындарының 15%-ы) ;
  • Міндетті медициналық сақтандыру қорына салым (еңбекті төлеу шығындарының 5, 4%-ы) ;
  • Жарнама салығы (жарнама шығындарының 5%-ы) ;
  • Автокөлік құралдарының иелерне салық ( 80 коп л. с. )
  • Білім беру орындарының қажеттіліктері үшін жиналатын салық (еңбекті төлеу шығындарының 1%-ы) ;

Енді салыстырып қаралық: заңды тұлға болып саналмайтын кәсіпкерге тек табыс салығын ғана төлейді.

Э. де Сото «Заңға бағынудың құны» деп атап кеткен осы түсінік келесі элементтерден тұрады:

  1. Заң аясына кіру (заңды тіркелген тұлға болу үшін, лицензия алу үшін, т. б. кететін шығындар) ;
  2. Заң аясында қызметін жалғастыру (салық төлеу, қызметтік қатынастарға байланысты заң талаптары (жұмыс күнінің ұзақтығы, ең төменгі жалақы шегі, әлеуметтік кепілдік) .

Кәсіпкерлердің кездесетін осындай қиындықтарынан соң олар көлеңкелі экономика саласына кетуге мәжбүр болады. Бірақ Э. де Сотоның көрсетіп кеткеніндей, заңсыздықтың да құны бар;

  • Заңды санкциялардан жалтаруға байланысты қиындықтар (жарнама жасай алмау, «екі бухгалтерия» жүргізудің қиыншылықтары) ;
  • Табыстар трансфертімен байланысты қиындықтар (кредит алуға қатысты қиындықтар, мемлекеттен көмек сұрап бара алмауы) ;
  • Жалақыдан есептелетін салықтардан жалтаруға байланысты қиындықтар («арзан еңбек» кәсіпорынды құлдыратады) ;
  • Заңды дәледенген меншік құқығының болмауына байланысты қиындықтар (Э. де Сото: «жансызданған капитал») ;
  • Келісім-шарт жүйесін қолдану мүмкіндігінің болмауына байланысты қиындықтар: (инвесторлар құқығы қорғалмағандықтан олар ынтасын жоғалтады) ;
  • Келісім-шарттардың тек екі жақты жүретіндігіне байланысты қиындықтар;
  • Заңнан тыс процедураларға енуге байланысты қыншылықтар.

Жоғарыдағыларды қорытындылай келе, көлеңкелі экономиканың пайда болуының себептері ретінде экономика дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейін; кірісті мемлекет пен қалған экономика арасында регламенттейтін заңнаманың жетілмеуі; бизнесті ашу және жүргізу рәсімдерінің реттелуі, бұл сыбайлас жемқорлық қызметті туындатады; жасырын экономиканы бағалау әдістерінің және осы проблема бойынша мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасудың жетілмеуі; әкімшілендіру және экономикалық қылмыстарға қарсы күрес органдарының материалдық-техникалық базасының жеткілікті дамытылмауы; қолма-қол есеп айырысу нысанының басым болуы жіне төлем карточкаларын қабылдау жүйесі дамуының әлсіз деңгейі.

Осы себептерден пайда болған көлеңкелі экономиканың салдарлары көп және ауыр болуы мүмкін. Олардың бірі экономика саласында кландардың құрылуы, клан - бұл мемлекеттік билік органы түрінде «шатырға» ие, түрлі жолдармен жиналған үлкен сомаға ие және үлкен масштабты коммерциялық қызмет жүргізетін тұрақты билік шаруашылық құрылымы.

Мұндай кландардың құрылуының бір салдары: қаржы нарығындағы, негізгі тауарлар нарығындағы, тіпті ішкі саудадағы бәсекенің құлыпталынып қалуы. Екінші қайғылы салдары: үлкен табыстарды кішкене адамдар тобының иемденіп, халықтың көп бөлігінің кедейленуі. Үшінші салдар: бюджет жүйесінің деградациясы (кландар бюджеттік ресурстар мен мемлекеттік меншікке байланысты операцияларды пайдалана отырып, бюджет жүйесіне зиян келтіреді), мемлекеттік қарыздардың өсуі (мұндай жағдайларды қоғамның қаржылық мәселесінің шешімі амалсыздан осыған келіп тіреледі) . Төртінші салдар: ұлттық табыстың элиталық топтың пайдасына бөлінуі. Ол өсе береді, ал тұрғындардың көп бөлігінің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін ұлттық шаруашылық саласы құлдырауға кетіп барады. Бесінші салдар: елімізге қатысты алатын болсақ, Қазақстан капиталының шет елге сытылуы.

Бұл жүйе бүгінгі күні тұрақты түрде жұмыс істеп тұр, ал оның жұмысының басты механизмі қалыптасқан кландардың жалпымемлекеттік саяси экономикалық шешімдердің қабылдануы барысында өз шарттарын кірістіріп отыруына байланысты. Ал басқа кәсіпорындар, нарықтық экономикадағыдай, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік биліктегі «шатырынсыз», заңды түрде салықтарын төлеп, өз тәуекелімен, қорқынышымен құлдыраудың алдында жұмыс істеп жатыр.

1. 3. Көлеңкелі экономиканың қызмет ету механизмі

Көлеңкелі экономиканың қызмет ету механизмін үлкен екі класқа бөлуге болады. Бұл негізгі және көмекші механизмдер . Біріншіде «сауын сиыр» рөлінде мемлекет не үлкен кәсіпорын болады. Кәсіпорын жанынан құрамына базалық кәсіпорынның басқарушы қызметкерлері кіретін ЖШС құрылады. Ресурстар, құрылғылар сатып алу осы серіктестіктің қатысуымен жүреді, ресурстар кәсіпорынға тікелей сатып алғаннан қымбатырақ түседі, бірақ нәтижесінде серіктестік мүшелері өз табыстарын көбейтеді.

Қызмет ету механизмінің бұл түрінің схемасы симметриялы, екі жаққа да қатысты әрекет етеді - артық шикізат пен материалды сату да өзіне пайда түсіру мақсатымен сол ұйымның араласуымен жүреды.

Екінші: Бір коммерциялық құрылым базалық кәсіпорыннан өндіріс қуатын жалға алып, зауыт шығаратын өніммен бірдей өнім шығарады. Осы құрылымға қатысы бар жұмысшылардың құрамына пайдалы ұсыныстарды «параллель кәсіпорынға» бағыттап отыратын зауыт қызметкерлер кіреді.

Үшінші, базалық кәсіпорын ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін мемлекет бюджетінен қаражат алып отыратын ғылыми зерттеу институты болып табылады. Көрсетілген қаржы кәсіпорынның бюджеттік шотынан коммерциялық банктің депозиттік шотына аударылып отырады. Депозиттік келісім мен ғылыми зерттеу жұмысының орындалу уақытына негізделген уақыт аралығы біткен кезде бұған дейін ақысыз жұмыс істеген нақты орындаушыларға ақы төленеді де, депозиттік және бюджеттік шоттар есеп айырысады. Ал депозиттік пайыз «ғылыми қызметкерлер» қатынасқан коммерциялық құрылымға қалып отырады.

Көрсетілген үш жағдай алынған табысты мемлекеттік салық төлеуден жасыруды қамтиды. Мұндайда жоғарыда көрсетілген келісімдердің «соңы» жоғалып кетеді: табыстар нақты валютаға айналып, жылжымайтын не жеке мүлікке салынады да, шекара асып кетеді.

Қзазіргі тіркелген қызмет белсенділігі көп өндіріс, құрылыс, тасымалдау кәсіпорындарына өзінің өндіріс қуатын сақтап қалуға да мүмкіндік бермейді. Бүкіл шығындарды өнім бағасын қосу әрекеті өнімнің күрт қымбаттауына алып келеді. Осының нәтижесінде базалық кәсіпорындар көлеңкесінде қызмет ететін кіші кәсіпорындардың өндірісіне тапсырыс беру сәл болмағанда ресми болып кете жаздап отыр. Негізгі табысты «еншілеудің» бүгінгі механизмі осындай.

Кез келген көлеңкелі қызмет жүргізетін қаржылық шаруашылық топтың жалпы құрылымы былай болып келеді:

  • Аралық және өндірістік операциялар жүргізетін кәсіпорын;
  • Банк;
  • «Қауіпсіздік қызметі»;
  • Байланыстар;

Бұл элементтер қандай қызмет атқарады? Жалпы, Қазақстан кәсіпкерлері бір шаруашылық қызмет түрін бірнеше фирмалар арқылы жүргізеді. Бұл олардың серіктестерінің уақытшы төлем қабілетсіздігі мәселесін шешуге көмектеседі: төленеген төлемдер оны мойнына алуға бейімделген бір кәсіпорынға жүктеліп отырады. Сонымен қатар, негізгі топқа тармақталған құрылым көмегімен өз секріктестеріні ңмінез құлқын бақылап отыру оңай болып табылады (топтарда меншікті қайта бөлу мен қайта құру тұрақты түрде жүріп отырады) .

Банк басқа операцияларды қоспағанда, нақты емес ақшаларды нақтыға не керісінше айналдырып отыруға мүмкіндік береді.

«Қауіпсіздік қызметі» түрлі формада болуы мүмкін: бұл жай күзетшілер, спорттық секциялар, қаржыландырушы топтар, мемлекеттік басқару органдарындағы «шатырлар». Сонымен қатар, көптеген топтар қоғам пікіріне байланысты қауіптің алдын алу мақсатында қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарымен қатынаста болуға ұмтылады.

Байланыстар да әртүрлі болуы мүмкін: жақын не алыс т уыстар, мемлекеттік, партиялық органдардағы бұрынғы жұмыстастар, жерлесте, руластар.

Көлеңкелі экономиканың құрылымы толығымен экономикалық принципке, яғни өндірушінің минимальді шығыны арқылы тұтынушының максимальді қажеттілігін қанағаттандыруға негізделмеген. Ол көбіне мемлекеттік құрылымды еске түсіреді. Бұған Ұлттық Банк, министрліктер секілді ұйымдардың болуы, дәл сол операциямен айналысатын кәсіпорынның екіншісін жасау, т. б. дәлел.

Көлеңкелі экономиканың үш түрінің дамуы мен қызмет етуінің негізгі заңдылықтары мен механизміне тереңірек тоқталып кетелік.

«Екінші» КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА, заңды экономиканың «тыс» жағы болып табылады. Бұл жерде шаруашылық басшылары негізгі субъектілері болып табылғанымен, КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАға қатардағы азаматтар да қатыса алады. Бұйрықтық экономиканың мемлекеттік секторындағы көлеңкелі экономиканың «ақжағалы» формасы. Бұйрықтық экономиканың кеңестік түрін есеп пен бақылаудың жан-жақты системасы деп білу қате. Мемлекет жалпы регламенттерді жүктегенімен, шаруашылық механизмдер көптеген формалды емес компоненттерден тұрады. Оған:

Формалсыз дәстүрдегі экономика - нормативтік құжаттарда белгіленбеген, бірақ азаматтардың бәріне белгілі жалпылай қабылданған әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастар. (оған кәсіпорындар арсындағы басшыларының келісім-шарты арқылы жасалынатын дефицит материалдарын жасырын алмастыру, «шабаштар» мен қызмет көрсету саласындағы жұмысшыларға жасырын қосымша ақы төлеу) ;

Артық қосып жазу экономикасы (жалған экономика) - төменгі бөлімшелердің бақылау ұжымдарына беретін экономикалық ақпараттарды бұрмалауы (шығарылған өнімнің саны мен сапасын жоғары етіп көрсету, қорды жасыру) ;

Жеке қиянаттық экономикасы (пәре экономикасы) - сирек қорларды (шикізат өндірісін, жұмыс орнын, баспананы т. б. ) бөлуге жауапты тұлғалардың коррупциясы кіреді.

«Социалистік» мемлекеттерде «екінші» экономиканың 1970-1980ж. терең де, жан-жақты дамуы, кеңестік тоталитаризм туралы пікірді қабылдамайтын бірқатар концепцияларды тудырды.

«Социализмде» (әрбір кеңестік кәсіпорын белгілі бір дәрежеде заңсыз жұмыстармен айналысқан) көлеңкелі экономиканың кеңінен таралғандығын ашып, батыс кеңесшілері «тоқырау» кезеңіндегі СССР экономикасы аралас экономиканың ерекше модификациясы болды - жан-жақты жоспарлаудың астарында көлеңкелі нарықтық қарым-қатынастар жасырынып қалды, деген қорытындыға келді. Мұндай КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА орталық бақылауға антитеза болып қана қалған жоқ, сондай-ақ әлеуметтік қысымның ерекше клапаны, нарықтың суррогаты болды. Осы бақылауларды қорытындылай келе, ресей экономисі Виталий Найшуль, Брежнев кезеңіндегі тек дефицит тауарлар ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның мүлтіксіз жоспарлары, қызметтер, сыйлықтар, атақтар, шетелге іссапарлар т. б. тауар бола алатын «бюрократтық нарықтың» қалыптасуы жайлы қорытындылар шығарады. Кеңестік «екінші» экономиканың нарықтық интерпретацияларымен бірге, «брежневизм» бюрократтық нарық емес, кландық социализм - тұлғаның іскерлік қасиеттері емес, оның белгілі бір билік элитасына адалдығы сияқты формалдық емес қарым-қатынастардың системасы болды, деген пікірлер де айтылды. Басқаша айтқанда, кеңестік көлеңкелі экономика, заңды экономика сияқты, әкімшілік-бұйрықтық система бойынша дамыған. Кеңес өкіметінен кейінгі кезеңнен кейін Ресейде «кландық социализм» «кландық капитализмге» ауыса бастады: әлемде табыс пен қауіпсіздік, бұрынғыша, кәсіпкердің профессионалдық квалификациясынан емес, билік басындағылардың игі ниетіне байланысты болып қала берді. Бизнестің осындай ұжымының бірінің қорытындысы коммерциялық экономикалық құқықбұзушылығының кеңінен таралғандығы болды (мысалы, 1990ж. ортасында салықтың толмауы 40 жетті) . «Ақжағалы» КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА бұйрықтық экономиканың тұсында тез дамығанымен, нарықтық шаруашылықтың мемлекеттік секторы да одан құр қалмаған. Мысалы, коррупция бүкіл дүниежүзінің соққысы болды. Сонымен қатар, нарық шаруашылығының коммерциялық секторларында көлеңкелі экономиканың мемлекеттік секторларда бола бермейтін түрі кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көлеңкелі экономика анықтамасы
Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдары және инфляцияға қарсы саясат
Қазақстандағы инфляция жағдайы және онымен күресу әдістері
Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республмкасындағы көлеңкелі экономика
Көлеңкелі экономика
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Көлеңкелі экономика туралы түсінік
Макроорта факторлары
Мемлекеттік экономикалық қызметтің теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz