Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Нормативтік-құқықтық актілер түсінігіНормативтік-құқықтық актілер түсінігі мен белгілірін ажыратуНормативтік-құқықтық актілерді реттейтін негізгі заңдарыНормативтік құқықтық акт - бұл құқық шығармашылығының соңғы аяқтаушы түйіні

2 Қазақстан Республисында заңнаманы жүйелеу түсінігі

2. 1 Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі

2. 2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының заңнамаларын жүйелеу».

Аталған тақырып бойынша қарастыратын негізгі сұрақтар мыналар болып табылады:

- Нормативтік-құқықтық актілер түсінігі мен белгілірін ажырату және нормативтік-құқықтық актілерді реттейтін негізгі заңдары

- Құқық жүйесі мен заңнама жүйесі

- нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері

Берілген курстық жұмыстың негізгі мақсаты бұл заңнамаларды жүйелеу тәсілдерін зерттеп және тану болып табылады.

Қоғамдағы қүқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Қүқықтың басқа негіздері (әдет-ғұрып, мораль, діни т. б. норма-лар) жалпы мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша кұш ретінде жұмыс атқарады.

Заң жүйесі дегеніміз - қүқыкты құрастыратын (калыптастыра-тын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері) .

  1. Нормативтік-құқықтық актілер түсінігіНормативтік-құқықтық актілер туралы түсінік

Қазақстан Республикасының заңнамаларын жүйелеу жайлы әңгіме қозғалған кезде нормативтік-құқықтық актілер туралы айтып кеткен дұрыс.

Нормативті құқықтық актілер - бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.

Заң - бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік - жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.

Заңның түрлері: 1) Конституция; 2) Конституциялық заңдар; 3) Жай заңдар.

Заң күшіндегі актілер - бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:

1) Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

2) Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;

3) Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;

4) ведомствалық актілер.

Нормативті актілердің уақыт, кеңістік бойынша және адамдар арасындағы әрекетінің шегі болады:

Құқық шығармашылық- құзырлы органдардың заң нормаларын қабылдауы, өзгертуі және күшін жоюы бойынша арнайы қызметі.

Құқық шығармашылық субъектілеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.

Құқық шығармашылық қағидалары:

1) ғылымилық;

2) кәсіпқойлық;

3) заңдылық;

4) демократиялылық;

5) жариялылық.

Құқық шығармашылық процесс бірнеше стадиялардан тұрады:

1) Заң шығрмашылық ұйтқысы (инициативасы) ;

1) Заң жобасын талқылау;

3) Заңды қабылдау;

2) Заңды жариялау.

Нормативті - құқықтық актілерді жүйелеу - бұл нормативті актілерді ретке келтіру, нақты жүйеге жинақтау. Ол заңнамаға еркін қол жеткізуді, оларды пайдалану қолайлы болу үшін қажет.

Жүйелеу түрлері:

1) Инкорпорация: ресми және бейресми;

2) Консолидация;

3) Кодификация.

Нормативтiк құқықтық акт дегеніміз референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат.

Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары; 7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының кодекстерi мынадай:

1) бюджеттiк;

2) азаматтық;

3) азаматтық iс жүргізу;

4) неке-отбасы;

5) экологиялық;

6) су;

7) жер;

8) орман;

9) салық;

10) кеден;

11) көлiк;

12) еңбек;

13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;

14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;

15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;

16) қылмыстық iс жүргiзу сияқты бiртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.

Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;

3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары; 6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;

7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.

Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады. Күшiне енген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.

Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.

Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi. Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.

Дайындау жоспарларында:

1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;

2) дайындау мерзiмдерi;

3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.

3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.

Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың ұсыныстары ескерiледi. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.

Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының мiндетiн атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Жобаны дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы. Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әр түрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеп, ал қажет болған жағдайда - қабылдауы мүмкiн. Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Заңда көзделген тәртiппен олар бiрлесiп әзiрлейдi, олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады. Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi туында нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк актiлер көрсетiледi. Заңнан туындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi ресiмдеу мен келiсудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық акт жобасын дайындауды өзiне бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындаушы шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, соның iшiнде шетелдiктерге тапсырыс бере алады. Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы. Егер Қазақстан Республикасы заң актiсiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының әзiрленiп жатқан жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет болса, негiзгi актiнiң жобасымен бiр мезгiлде актiлердiң өзгерiстерi мен толықтырулары көрсетiлген жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырма берiлуге тиiс.

  1. Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны және реттейтін негізгі заңдары

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

8) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) Регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

2) Ереже - қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

3) Қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

4) Нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

Қазақстан Республикасының заңдарында туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.

Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.

Көп жағдайда біз нормативтік құқықтық актілердің маңызы туралы ойлап, бас қатырып жатпаймыз, бір құжат қажет болған кезде ғана сабылатынымыз бар. Құқықтық актілермен мемлекеттік органдар ғана айналысуы, оның орындалуын қамтамасыз етіп, айыппұл салуы, басқа да санкциялар қолдануы тиіс деп ойлаймыз.

Ал Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабында «Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады» деп жазылған. Сөйтіп, азаматтардың қатеріне мер-зімді баспасөз басылымдары арқылы жеткізілмеген, олардың өздеріне қатысты құқық нормаларын қолдану мүмкін еместігі кепілдендірілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының көрсетілген нормаларын орындау, жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 нау-рыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабында (бұдан әрі - Заң) нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі белгіленген. Соған сәйкес белгіленген тәртіппен жарияланбаған нормативтік құқықтық актілер қолдануға жатпайды және ол жарияланғаннан кейін ғана толық заңдық күшіне енеді.

Осыған байланысты Заңда нормативтік құқықтық актілерді күшіне енгізу мерзімдерін анықтау үшін ресми жарияланатыны көрсе-тіледі. Айталық, Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының қаулыларынан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық бұйрықтары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері, егер актілердің өзінде олардың күшіне енуінің басқа мерзімдері көрсетілмесе, олар алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді; Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік, егер бұл актілердің өзінде басқа мерзімдер көрсетілмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен күшіне енеді.

Егер нормативтік актінің көлемі үлкен болып, мерзімді баспасөз басылымының бірнеше нөмірлерінде жарияланатын болса, онда ресми жарияланған күні нормативтік құқықтық актінің қорытынды бөлігі жарияланған күн болып саналады. Яғни нормативтік құқықтық актіні ол толық жарияланғаннан кейін ғана қолдануға болады және толық емес мазмұны жария-ланса (жарияланбаған мәтіннің көлеміне қарамас-тан) онда мұндай актіні қолдануға болмайды. Бұл арада мемлекеттік құпия және басқа да заңмен қор-ғалатын құпияларға қатысты ғана қолдану мүмкіндігі көзделген.

Заңды жариялаудың екі формасы бар:

- ресми жариялау;

- кейіннен жариялау.

Бұл арада ерекше атап өтетін жайт, құқықтық қолдану практикасында нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы ғана пайдаланылуы тиіс.

Нормативтік құқықтық актілерді ресми емес жария-лауға олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.

Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қазандағы №1118 қаулысы белгілеген Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауға құқық алуға конкурс өткізу ережесі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспасөз басылымдары жүзеге асырады.

Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін бұдан әрі баспасөз басылымдарында жариялау Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 22 тамыздағы «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережелерін бекіту туралы» № 938 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жағдайда кейіннен жариялау құқығы ҚР Әділет министрлігіне Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері мәтіндерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестігіне сараптама өткізген жағдайда ғана құқық беріледі. Мұндай құқық беру жөніндегі шешім «Ресми мәтін. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі» деген жазуы бар мөртабан басылуы жолымен рәсімделеді.

Нормативтік құқықтық актілер мәтіндерінің кейіннен жариялануын жүзеге асыру құқығы тәртібі Қазақстан Республикасы Парламентінің Ведомостыларына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағына қатысты емес. Олар нормативтік құқықтық актілердің кейіннен ресми жариялануы қажеттігі туралы шешімдерді дербес қабылдайды.

Тіпті заңнаманың осы талаптары сақталып отырған кезде де көбіне қандай құқық нормасын пайдалану қажет екендігі өкілетті органдар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлануы тиіс нормативтік құқықтық актілердің күшін тоқтату, тоқтата тұру туралы ақпарат болмаса жөн табу қиынға түседі. Өйткені, Заңның 40-бабының 3-тармағына сәйкес «нормативтік құқықтық актіні тоқтату немесе басқа нормативтік құқықтық актінің күшін тоқтата тұру туралы жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады».

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу ережелерінің 22-тармағында нормативтік құқықтық актінің күшін жоғалтқан, немесе оның күші белгілі бір мерзімге тоқтатылған деп тану осы актіні қабылдаған орган немесе оған өкілетті орган апталық мерзім ішінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және бұрын ол жарияланған ресми баспасөз басылымдарына хабарлануы және осы актіні қуаттайтын көшірмесі жалғануы тиіс екені белгіленген.

Осыған байланысты барлық мемлекеттік өкілетті органдар жоғарыда көрсетіл-ген заңнама талаптарын мүлтіксіз орындау қажеттігін атап өтуге тиіспіз, өйткені бұл азаматтардың және қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтарына, бостандықтарына және міндеттеріне қатысты. Өйткені бұл барлық мүдделі тұлғалардың қабылданған шешімдермен танысуға мүмкіндік береді.

Нормативтік-қүқықтық актілердің мазмүнының сипаттамасы:

1) . Бүл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың занды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.

2) . Бүл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.

3) . Нормативтік актілердің мазмүны қүқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар "акті" - деген атпен әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.

4) . Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.

Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономи-калық базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық мүдде-мақсаттарының өзгеруі.

Бүл объективтік өзгерістер емірге субъективтік өзгерістерді қалыптастырады:

- мемлекеттік билік дамып, жаңарады;

- мемлекет пен қүқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді дамытады;

- құқықтық қатынастар прогрестік өзгерісте болады;

- рухани сана-сезім, білім дамиды.

Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді рет-теп, басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады. Бүл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:

-қүқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;

-лауазымды түлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;

-мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.

Сонымен, нормативтік - қүқықтық актілер - ресми заңды нормативті мемлекеттік күші бар нормалар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Нормативтік құқықтық актілердің түрлері
Нормативтік-құқықтық актілер түсінігі,түрлері
ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН БЕЛГІЛЕРІ
Президенттің нормативті жарлығы
Еңбек құқығының қайнар көздері
Нормативтік актілердің күші
Құқықтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi, түрлерi
Еңбек құқығының қайнар көздерінің жүйесі
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz