Магистрлік диссертацияның өзектілігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
Тарау І. ҚЫТАЙДЫҢ ЖАЗБА ҮЛГІЛЕРІ МЕН ЖАЗУЫНЫҢ ДАМУЫ МЕН ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы Қытай ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ 9
1.1.Қытай жазба үлгілерінің қалыптасуы мен даму тенденциялары 9
1.2.ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай жазу үлгісі мен бүгінгі Қытай
жазуы 16
1.3.ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі Қытай әдебиетінің дамуы мен
зерттелуі 21
КІРІСПЕ
Жұмыстын жалпы сипаттамасы. Магистрлік диссертация ХХ ғасырдың
басындағы Қытай әдебиетіндегі жастар образын зерттеуге арналған. Жұмыста
Қытайдың ХХ ғасырдың басына дейінгі әдебиеті мен жазу өнерінің даму
ерекшеліктері, үлгілерінің өзіндік даму ерекшеліктері, ХХ ғасырға дейінгі
Қытай әдебиетінің дамуына қысқаша тоқтала отырып, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басындағы Қытай әдебиетіндегі жастар образының сипатталауы
қарастырылады. Оның ішінде Қытай ақындарының, прозаиктері мен қытай
романдарындағы ХХ ғасырдың басында Қытай тарихында орын алған оқиғаларды
бейнелей отырып, сол тарихи оқиғаларда жастардың ролі мен қатысуына назар
аударған.
Магистрлік диссертацияның өзектілігі. ХХ ғасырдың бірінші жартысында
Қытай әдебиетінде жаңа өзгерістер туындады, олар-әдебимектептердің
ұйымдастырылуы, жазушылар мен ақындардың сандық жағынан көбеюі, әдебиеттің
жаңа ғасырының туындауы болды. Бұл кезең шығармаларын табу (орыс және қазақ
тілдегі аудармаларын) өте қиынға соғуда. Сол сәтте танымал шығармалардың
авторлары Лао Шэ, Мао Дуня, Вэнь Идуо, Лин, Сяо Хун, Юй Пинбо, Шэнь
Цуньвэнь және көптеген басқалары.
Қытай – өлең-жырдың, әдебиеттің дамыған елі, оның бірнеше мың жылдық
классикалық өлең-жыр дәстүрі бар, жаңа әдеби тілмен жазылған өлеңдері мен
әдеби шығармалары да жүз жылға жете қабыл сапар жолын басып өтті, сондай-
ақ Қытай осы заман әдеби шығармалары да көптеген дауылды да нөсерлі
сынақты бастан кешті.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай әдебиетінің дамуында өзіндік
ерекшеліктер мол болды. Ол өзгешеліктің ең басты шетел жаулап
алушылықтарына қарсы бағытталған жаңа әдеби ағым. Қытай осы заман өлеңдері
Қытай көне өлең-жырларының нәрі мен Батыс қазыргі заман өлеңдерінің
шеберлігін қабылдауға мән берумен бірге жүректілікпен тың өрістерге құлаш
ұрып, тынбай ізденістер жасай отырып, күн сайын кемел тауып әлемдік үрдіске
бет алды. Уақыттың озуына орай, осы заманғы Қытай өлеңдерінің де Таң
дәуірінің өлеңдері тәріздес өшпес шұғыласын ұзағынан шашатындығына
сеніміміз кәміл.
Бүгінгі таңда біздің елімізде бұл тақырып саласы әлі зерттелмеген, тың
тақырыптардың бірі болып саналады. Қазақстан аударма ісінің, қытайтану
салалалырының артта қалуының басты белгісі ретінде- біздің тілімізге Қытай
ақындары мен жазушыларының шығармаларының аз аударылуы және Қытай
әдебиетінің зерттеулері қазақ тілінде мүлдем кездеспеуін айтуымызға болады.
Сондықтан ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай әдебиетіндегі жастар
образын зерттеу тақырыптың өзектілігі болып табылады.
ХХ ғасырдың басындағы Қытай әдебиетіндегі жастар образын ашу магстрлік
диссертацияның зерттеу нысаны болып табылады. Ал ХХ ғасырдың басына дейінгі
қытай жазба мен жазу үлгілерінің даму ерекшеліктері, Қытай ақындары мен
жазушылары шығармаларындағы жастар образын талдау жасау жұмыстың зерттеу
пәні болған.
Магистрлік диссертацияның мақсаты. Магистрлік диссертацияның негізгі
мақсаты ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай әдебиетіндегі жастар образын
жүйелі және кешенді түрде зерттеу болып табылады.
Осындай мақсатқа сәйкес зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер
қойылады:
1. Қытай жазба үлгілерінің қалыптасуы мен даму тенденцияларын сипатау;
2. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай жазу үлгісі мен бүгінгі Қытай
жазуына тоқталу;
3. ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі Қытай әдебиетінің дамуы мен
зерттелуіне тоқталу;
4. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай әдебиеті дамуының басты
бағыттарын сипаттау;
5. ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғалардың Қытай әдебиетінде бейнелену
ерекшеліктерін сиппатау;
6. ХХ ғасырдың басындағы Қытай поэзиясы мен прозасына сипаттама жасау;
7. ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай көркем шығармаларының
бейнесін ашып көрсету;
-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай әдебиеті поэзиясындағы жастар
образына тоқталу;
-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қытай көркем шығармаларында жастар
мен махаббат бейнесінің мәнін ашу.
Магистрлік диссертацияның хронологиялық шеңбері Қытай әдебиетінің
пайда болуынан ХХ ғасырдың ортасына аралықты қамтиды.
Магистрлік диссертацияның деректік негізі.
Зерттеу көздерінің бірінші тобына тобына ел басыларының, газет
–журналдар, орысбасылымдарынан шыққан әдеби журналдар енеді. Олар берілген
жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Ал екінші топқа қазақ, орыс, қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік
мерзімді басылымдарда кездесетін алуан түрлі ақпарат құжаттары кіреді.
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің үшінші тобын Қазақстан мен
Орталық Азияның басқа республикаларының, Қытайдың, Ресейдің ақпарат
агенттіктерінің хабарлары құрайды.
Мұндай ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның Хабар, ҚазААГ,
Интерфакс-Казахстан, Қырғызстанның Хабар, Тәжікстанның Ховар,
Қытайдың Синьхуа, Ресейдің Новости, ИТАР-ТАСС агенттіктері бар.
Ақпарат агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Зерттеу көздерінің төртінші тобына орыстіліне аударылған Қытай
ақындарының жинақтары мен шығармаларының аудармалары кіреді. Ол ақындарға
Лю Банбнун, Лю Дабай, Ван Цзинчжи, Ин Сюжэнь, Пань Мохуа, Чжу Сян, т.б.
ақындардың өлеңдеріндегі жастар образы ашып көрсетілді.
Жоғарыда аталған деректердің барлық топтары магистрлік диссертацияның
деректік негізі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгі таңда біздің елімізде бұл тақырып
саласы әлі зерттелмеген, тың тақырыптардың бірі болып саналады.
Магистрлік диссертацияда пайдаланылған еңбектер қатарында Ресей
авторларының еңбектерін айтуға болады. Ресей аудармашы авторлардың
еңбектерінде ХХ ғасырдың басындағы Қытай әдебиетіне жалпы сипаттама
жасалынған. Осы сипаттамаларды ескере отырып және орыс тіліне аударылған
Қытай өлеңдері мен шығармаларына (ХХ ғасырдың басындағы Қытай авторларының
туындыларынан) пайдаланып зерттеу жұмысы жазылды.
Мысалы, В.В. Малявина "Китайская цивилизация" атты көп томдық еңбегінде
Қытай әдебиеті туралы дәуір-дәуірлерге жіктеп, жеке-жеке қарастырған сол
еңбегінен үзінді алайық:
Ежелгі қытайлық проза дегеніміз – құрғақ тарихнамалар немесе қысқа
афоризмдер жиынтығы олар көбінесе мораль, саясат, географиялық сипаттау
үшін қолданылады. Ежелгі қытай прозасы хабарлау әдебиет жанры ғана емес.
Тәжірбиелік іс-әректті басшылыққа алуға негізделеді. Қытай әдебиетіндегі
адам қоршаған ортамен қандай баланысты екендігін көрсетеді.
Ежелгі Қытайда әдебиет 2 формада дамыды:
1. Тарихи баяндама (мұнжағы құнды дерек Сыма Цяннің Тарихи хаты
саналады.
2. Қарапайым тілмен тілмен айшықталған саяси публистика: декларация,
тақтық баяндамалар, намфлет т.б
Бұған қоса үндестік, ассонанс, поэтикалық шығарманың жанрлары
қолданылған параллельді проза (пяньвэнь) пайда болды. Ерте орта ғасырда
ол көрем прозаның негізгі тіліне айналды.
Ғалымның бұл зерттеуі де тақырыпты тереңірек игеруге мүмкіндік береді.
Қытайтанушы-ғалым К.Ш. Хафизованың еңбектері тек бүрынғы кезеңді ғана
қарастырмаған (Китайская литература атты монография), ғалымның бірқатар
ғылыми мақалалары қазіргі заманғы, Қытайдағы Коммунистік революциясы және
осы революциядағы жастар образын, жалпы ХХ ғасырдағы шетел жаулап
алушылықтарына қарсы қозғалыстардағы жастар белсенділігі туралы әдеби
шығармаларда кездесетін үзінділерді көрсеткен.
Хуаңмяузы Қытайдың көне жазуын, ойма иероглифтерін, сауыт-сүйек жазуын,
мыс жазбаларын, тас бәдіздерін терең зерттеді. Байырғы жазуды зерттеуден
көне хаткерлікті зерттеуге ойысып, одан осызаманғы мәдениеттің ахуалын
зерттеуге көшті. Оның хаткерлігінің өзі ілуде бір кездесетін өнер үлгісі.
Ол байырғы да ресми Лити үлгісін шебер, бірсыпыра жазу үлгілерінің
стильдері арқылы еркін де жетік түрлендірді немесе өте ертедегі ойма
жазулармен бірлестіріп, өзінің ұзақ уақыттық ізденісін бейнеледі, сондай-ақ
жеке стилін көрсетті. Ол сурет салу әдісі арқылы жазу жазады, бейнелі
жазудың қаңқалық құрылымы мен мәндік бейнелеуі арқылы қыл қаламды сияға
қанықтыра малып, әшекейлеу сипатты қолтаңбамен қанық-солғындығын теңгеріп
алып, бояулы өрнектері бар қағаздарға сызады. Сөйтіп, оның хаткерлік
шығармалары дара үлгіге ие болып шыға келеді.
Хуаңмяузы мырзаның көптеген шығармаларына көз жіберсек, оның сурет
салуға ұқсайтын, бірақ сурет емес бір түрлі тәсілмен Қытайдың байырғы
жазуларына көркем тәпсір жасағанын көреміз. Ол Қытай жазуы мәдениеті
журналының ақылшысы болып тұрған кезде: Қытай жазуы Қытай мәдениетінің
асыл қазынасын ашатын бірден-бір алтын кілт, Ян-Хуаң ұрпақтарының (яғни,
қытай ұрпақтарының деген сөз, олар өздерін Ян патша мен Хуаң патшадан
тарадық деп санайды - ред.) оны мәңгі мықты сақтап, жоғалтып алмауын
тілеймін - деген арнау жазған еді. 80 жылдық талпыну мен іздену Хуаңмяузы
мырзаның дара стильге ие Мяузы үглісі деп аталатын хаткерлік өнерін өнер
саласының барған сайын көз тігетін зерттеу тақырыбына айналдырды.
Осы тақырыпты зерттеу барысында мынадай авторлардың еңбектерінен
кеңінен қолдандық:Алексеев В.М, Баранов И.Г., Васильев Л.С. Виноградова
Е.В. Виногродский Б. Б. Гайда И.В. және т.б.
Магистрлік диссертацияның теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу
жұмысының теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми
қорытындылары құрайды. Магистрлік диссертацияның ХХ ғасырдың басындағы
Қытай ақындары мен жазушыларының еңбектеріне және сол дәуірдегі тарихи
оқиғаларға және қытай тілінен орыс тіліне осы уақытқа дейінгі аудармаларға
талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар кеңінен қолданылатын
әдеби-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды.
Бұл әдістер ХХ ғасырдың басындағы Қытай әдебиетіндегі жастар образының
жүйелі түрде айқындауға мүмкіндік береді.
Магистрлік диссертацияның ғылыми жаңалығы. Қытай әдебиеті, оның
ішіндегі ХХ ғасырдың басындағы әдебиеті мен сол дәуір әдебиетіндегі жастар
образы тақырыбы еліміздегің қытайтану саласы бойынша тың, әлі зерттелмеген
тақырыптардың бірі болып табылады. ХХ ғасырдың басында Қытай елінің саяси
өмірінде көптеген оқиғалар басынан кешті, оның ең бастысы Қытайда 1919 жыжы
4 мамыр қозғалысының болуы. Осы саяси оқиғаларға және ел тағдырына, сол
кезеңнің (яғни ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы) әдебиетінде жастар мен
махаббат образдарын жан-жақты ашу магистрлік диссертацияның жаңалығы болып
табылады.
Магистрлік диссертацияның қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының
тақырыбы Қытайтану саласына арналған еңбектер қатарын толықтыра алады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын халықаралық қатынастар
мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына болады. Жұмыстың
материалдары халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты зерттеушілердің,
сонымен қатар мемлекеттік сыртқы саяси, экономикалық және мәдени мекемелер
үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын арттыруы мүмкін.
Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары халықаралық қатынастар,
саясаттану, тарих мамандықтары бойынша оқитын студенттерге жалпы және
арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Магистрлік диссертация кіріспеден,
негізгі бөлімі үш тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында
пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар берілді.

жартысындағы Қытай ЖАЗУЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1.Қытай жазба үлгілерінің қалыптасуы мен даму тенденциялары
Қытай жазуы - қатаң құрылымы мен сызықтардың бірізділігімен
ерекшеленетін төртбұрышты иероглифтерден тұратын жиынтық. Иероглифика мен
жазудың дамуы каллиграфия өнерінің туындауына әкелді. Қытай тарихы көптеген
атақты каллиграфтарға толы, олардың еңбектерінде әртүрлі династиялар стилі
қамтылды. Каллиграфияға деген қызығушылық қазіргі таңның өзінде өз жалғасын
табуда.
Қытай неліктен сына жазу таңбаларын толық жазу ретінде қолданбаған?
Себебі, қытай тілі- түбір тіл. Қытай тіліндегі түбір сөздер тек бір буыннан
ғана тұрады. Оларды тек иероглиф таңбаларымен ғана бере алады. Қытай тілі
дыбыс жүйесіндегі емес буын жүйесіндегі тіл. Бір буын – бір сөз. Жеке дыбыс
таңбаларымен беруге келмейді. Сонымен білмейтіндерге анықтап айтып қоялық:
Иероглиф – буын жүйесіндегі жазу таңбалары. Бір буынды сөздерге арналған.
Әріп –дыбыс жүйесіндегі жазу таңбалары. Негізінен жалғамалы, тоғыспалы
тілдерге арналған. Сына жазулары - әрі буындық, әрі дыбыстық жүйедегі
тілдерге арналған жазу. Қытай тілінде омоним сөздер өте көп. Сондықтан олар
дыбыс жүйесіндегі әріп жазуына (арапша – харф) көше алмайды. Бес мың жылдан
бері осылай болып келеді. Мәселен, қытай тілінде 49 Ду, 19 Ту, 50 Хүй бар.
("Шың Хуа Зы Дян". 1987 жыл. Бейжің). Ду – барлығы, астана, бұршақ, оқу, у,
дара, қарын...(98 бетте) Ту – кенет, жол, сурет, топырақ, қоян... (458
бетте) Хүй – оттың күлі, қайту, жиналыс... Жиын ашу – Кәй Хүй. Қытай
тілінде ескі сына жазуды да, ағылшын алфавитін де тек жоғарыдағы омоним
сөздер иероглифтерін дұрыс оқу үшін пайдаланады. Ал иероглифтер саны кем
дегенде 50-60 мың. Иероглифтерсіз қытай омонимдері де, жәй сөздері де
түсініксіз. Ал омонимдер саны да дәл осы иероглифтер санымен бірдей.
Сондықтан бұл қиындықты жеңу үшін қытай ғалымдары дыбыс жүйесіндегі жазуға
– ағылшын әліпбиіне көшеміз деп, талай рет талпынып та көрді.
Қытай жазбасы әлемдегі ең көне жазбалардың бірі болып табылады.
Бұлардың шамасы б.э. дейінгі VI мыңжылдықтарға қатысты. Иероглифика – қытай
мәдениетінің түп негізі әрі Қытайдың барлық халқының басын қосатын
жеткізгіш.
Тарихи зерттеулер бойынша түйін жазбалар ең ежелгі жазба болып
саналады. Арқандардағы әр алуан пішіндегі буындар түрлі оқиғалар мен бата-
тілек мағынасын білдірген. Хуанди басқарған кезеңдерде шежіреші Цан Цзе ең
бірінші болып иероглифтерді жүйеге келтірді.
Ауызекі сөзді жеткізу үшін ежелгі иероглифтерді құраушы пиктограмм,
идеограмм түріндегі суреттер пайдаланылған, олар тасбақа қабығының, жан-
жануарлар сүйектерінің, сондай-ақ тас және қола бұйымдардың қиындыларынан
тұратын. Әрбір княздікте өзіне ғана тән иероглифика қолданылған. Б.э.
дейінгі 221 жылы Қытай бірлестігіндегі көрнекті тұлға Цинь Шихуан
императорлығы дәуірінде бірегей жазбалар жүзеге асырылды.
Қытай иероглификасының ғасырлар бойғы тарихы қаншама өзгеріске ұшырады,
бірақ иероглифтерді жазудың эстетикалық стилінің қытай менталитеті
рухындағы әрі тәжірибелік жазбаға енгізілген жаңа стильдері жасалып
шығарылды.
Баспаға арналған каллеграфиялық үлгі.
Сячжуань үлгісіндегі каллеграфия. Квадратты стилдегі ироглифтер
Ежелгі Қытайлықтар жазу өнерін қытай өркениетін аңыз ретінде
қалыптастырған Хуан-дидің көмекшісі Цан Цзе ойлап тапты дейді. Ол адымен
тау мен теңіздің; аң, құс, айдаһар және жыланның дініне қарап отырып,
жазу белгілерін салған. Тағы бір нанымға сенетін болсақ, ежелгі жазу
белгілерінің бір нұсқасы болып Ауыспалы уақыт Кітабы (Книга Перемен)
саналады. Осылайша ежелгі қытайлықтардың көз алдындағы жазу, сонымен
қатар, жазулар мен құбылыстардың көлеңкесін, олардың өзгертілген
кесікіндерін де қосып алды. Бұл қытайлық ғалымдарға жазуды ой – еңбегінің
жемісі, шығармашылық күш-жігер және елестетудің қосындысы ретінде
қарауға мүмкіндік береді. Осылайша жазу өнері табиғат пен мәдениеттің,
нақтылы заттар мен адам шығармашылығының бірлескен факторы ретінде
жүрді.
Ең көне қытай жазу үлгілері б. д. дейінгі II мың жылдықтың ортасына
жатады және бұл жазулар сүйекте ойылып жазылған болжам (бал ашатын)
жазулары болатын. Қытай — байырғы жазба деректер ең мол сақталған елдердiң
бiрi. Қытайдағы ең арғы тарихи жазба дерек — сүйек жазуы. Сүйек жазуы
Қытайда сүйек–сауыт жазуы деп аталады. Оның сүйек–сауыт жазуы аталуының
себебi, бұл жазулар малдың жауырын сүйектерiне немесе тасбақаның
сауыттарына ойылып жазылған. Сүйек жазуының зерттеле бастағанына бiр
ғасырдан асты.
Қытайда ертеде жер астынан қазып алынған жазулы сүйектердi ұзақ
уақыттарға дейiн айдаһар сүйегi деген атпен ауру емдейтiн дәрi орнында
пайдаланған. 1899 жылы Қытай оқымыстысы Уаң Ирұң мырза үйiне дәрiгер
шақыртып, тамыр ұстатып, рецепт жаздырады. Ол рецепт бойынша сатып
әкелiнген шөп дәрiлердiң арасынан үстiне жазу ойылған айдаһар сүйегi
делiнген сүйек сынықтарын байқайды әрi осы жазулардың байырғы жазу болу
мүмкiндiгiн бiрден аңғарады.
Сүйек жазуының сыры осыдан бастап ашыла бередi. Бiр ғасырдан артық
iздену арқылы қазiрге дейiнгi табылған бал ашатын сүйек-сауыттардың саны 42
мың данаға жеткен. Бұларды ғалымдар б.з.б. XIV ғасырдан б.з.б. XI
ғасырларға дейiнгi, яғни Шаң патшалығы (б.з.б. XVII ғ. – б.з.б. XI ғ.
аралығында Қытайдың кiндiк жазығында салтанат құрған қағанат) дәуiрiнiң
екiншi жартысына тән туындылар деп тұрақтандырады. Осы бал ашатын
сүйектердiң үстiне ойылып жазылған бiр-бiрiне ұқсамайтын қытай бейнелi
жазуының саны 4500-ге жеткен. Бұлардың қазiрге дейiн тек бестен бiрi ғана
танылып оқылды. Оның үстiне сүйек жазуын танып оқуда және мазмұнын айыруда
талас-тартысты мәселелер де көп.
Сүйек жазуының басқа нәрсеге емес, сүйекке ойылып жазылу себебi, бұлар
кезiнде сүйек күйдiрiп бал ашуға ғана пайдаланылған. Балшы бал ашудан бұрын
малдың жауырын сүйегiн немесе тасбақаның сауытын етiнен әбден арылтып
тазалап, одан жауырын сүйектiң ортасынан бiр тiк сызықша, оның жанынан бiр
кiшкене тесiк ашып, онан соң барып сүйектi отқа күйдiрiп, күйгенде жарылып
түскен сызаттарға қарап болжал айтатын болған. Қазiргi қазақ салтындағы
жауырын сүйектi мұжып болғаннан кейiнгi етегiн тiлiп жол ашу ырымын жасау
дәл осымен төркiндес.
Сол замандағы Шаң патшалығында сүйек күйдiрiп бал ашатын арнаулы
балшылар болған. Олар патшалықтың ерекше жоғары дәрежелi ақсүйектерiнен
ғана шыққан. Қарашалардың бал ашып, болжал айтуына тыйым салынған.
Сүйек жазуындағы мәтiндердiң мазмұны бүтiндей бал ашуға қатысты
болғанымен, онда сол дәуiрдегi (б.з.б. XIV ғ. – б.з.б. XI ғ.) Қытайдың
кiндiк жазығы мен төңiрегiндегi аймақтардың тарихы, қоғамдық тұрмысы және
басқа салт-дәстүрлерi туралы мол да құнды деректер қамтылған. Жауырын
жазуындағы мұндай құндылықты кем дегенде мына екi жағынан байқай аламыз:
бiрi, ондағы мәтiндердiң мазмұны, яғни жауырындағы бал ашуға байланысты сөз-
сөйлемдердiң мәнi; ендi бiрi, әрбiр иероглифтi бiлдiретiн суреттi бейне
және оның мазмұны.
Сүйек жазуы байқалған бiр ғасырдан берi қытайтанушы ғалымдар сүйек
жазуын осы екi жағынан да тынбай зерттеп келедi. Ал бiздiң сүйек жазуына
басқа қырынан мән беруiмiздiң мынадай бiрнеше түрлi маңызы бар: бiрiншiден,
сүйек жазуында мейлi бейнелi иероглифте болсын немесе әрбiр жауырынға
жазылған мәтiнде болсын, түгелдей терiстiк көшпендiлерiне, әсiресе, ғұндар
мен үйсiндердiң, сақтардың арғы ата-бабаларына қатысты деректер молынан
жолығады; екiншiден, сүйек жазуын жаратқан шаңдардың өзiнен де терiстiк
көшпендiлерiмен шаруашылық тәсiлi, қоғамдық тұрмыс және этникалық жақтардан
көптеген жақындықтары болғандығын байқаймыз; үшiншiден, сүйек жазуы мен
терiстiк көшпендiлерiнiң жартас суреттерi арасындағы байланыс бұрыннан
ауызға алынып келе жатқан жағдай; төртiншiден, Қытай жерiндегi ең арғы бал
ашу сүйектерiнен Сарыөзен бойындағы Ши-ән банпо мәдениетiне қатысты осыдан
5000 жыл iлгергi, Iшкi маңғұлдың шығыс оңтүстiгiндегi Шяжядян мәдениетiне
тән осыдан 4000 жыл iлгергi, Қазақ жерiндегi б.з.б. 2000 жылдықтың
соңдарына тән деректер байқалған.
Бiр жағынан жануардың жауырын сүйегiн күйдiрiп бал ашу әдетiнiң Америка
үндiстерiнде де бар болуы мұның тым байырғы заманғы терiстiк көшпендiлерi
арасындағы салт болғандығын ұғындырады. Ғылымда Америка үндiстерiн осыдан
он мың жылдың ар жақ-бер жағында Америка құрлығына Берингi бұғазы арқылы
өткен Азия көшпендiлерi деп қаралатындығы белгiлi. Керiсiнше айтқанда да
жауырын күйдiрiп бал ашу әдетiнiң Америка үндiстерiнде де болуы, олардың
терiстiк азиялықтардың ұрпағы екендiгiн дәлелдейдi. Оның үстiне бал ашуды
бiлдiретiн қытайша бу (арғы заманғы оқылуы – буг) деген сөз де түркi
тiлдерiндегi бал деген сөзден барған болуы әбден мүмкiн.
Сүйек жазуын жасаған шаңдар – егiн шаруашылығымен де, мал
шаруашылығымен де, аңшылықпен де шұғылданған ел. Байырғы Шаң
қабiрстандарынан шыққан қомақты мал сүйегiнiң қорлары да шаңдарда мал
шаруашылығының өркендегендiгiн, мал санының молдығын көрсетедi. Шаң
патшалығының астана орны Ин қирандысындағы №127 зираттан 17096 парша бал
ашуға арналған сүйек табылған. Сүйек жазуындағы мәтiндерден бiр ретте мың
сиырды тасаттыққа шалу туралы мазмұн жолығады.
Ғалымдардың сүйек жазуына жасаған санағында егiн шаруашылығына қатысты
иероглиф 15, мал шаруашылығы мен аңшылыққа қатысты иероглиф 17 пайыз
екендiгi байқалған. Мұны бiр бөлiм қытайтанушы ғалымдар шаңдардың мал
шаруашылығы мен аңшылықты басты кәсiп еткендiгiне дәлел етедi.
Сүйек жазуындағы әрбiр иероглиф суретке жуық бейнелi таңбалармен
таңбаланған. Сондықтан оны бейнелi жазу деп есептейдi. Ол қазiргi қытай
жазуының арғы атасы. Сүйек жазуындағы иероглифтi бiлдiретiн суреттер
барынша қарапайымдандырылған, ол тiптi жартас суреттерiндегi бейнелеулерден
де қарапайым. Белгiлi мағынадан алғанда сүйек жазуы жартас суреттерiнiң
жалғасы деп те қарауға болады. Шаң дәуiрiндегi сүйек жазуының мәтiндерiнде
ғана емес, осы мәтiндердi құраған жеке иероглифтерде де ата-бабаларымыздың
арғы салт-дәстүрi мен қоғамдық тұрмысы жайлы қыруар деректер жасырынған.
Ендi бұған бiрнеше мысал келтiрейiк:
(ди): бұл иероглифтiң мағынасы арғы замандағы терiстiк көшпендiлерiнiң
жалпы атауы болған да, сүйек жазуында көрiнiсiнде жазылған. Бұл жанына ит
ерткен адамның бейнесi. Осы иероглифтi байырғы қытай тiлiнiң түсiндiрме
сөздiктерiнде ит, қызыл ит деп түсiндiрген, кейiнгi синологтар да осылай
оқыған. Десе де бейнелi әрiп бiр ит пен бiр адамның бiрiгуiнен жасалған әрi
терiстiктегi көшпендiлердi бiлдiрген. Сол замандағы адамдар аң аулау үшiн
болсын, өзiн қорғау үшiн болсын жанына ит ертiп жүретiн болған. Осыған
қарағанда бұл бәлкiм жанына ит ертiп жүретiндер деген мазмұнды бiлдiруi де
ықтимал. Сүйек жазуында аң аулауды бiлдiретiн иероглиф те иттiң бейнесiмен
қосылып жасалған.
(юн): бұл иероглиф арғы заманда рұн деп оқылып, сүйек жазуындағы
көрiнiсi түрiнде таңбаланған. Бұны қытайдың көптеген синологтары басына шыт
тартып, шытының түйiншегiн бiр жақ шекесiне қаратып түйген адам бейнесi деп
шешедi. Сүйек жазуында таңба адамды бiлдiрген. Ғалымдар осы рұндарды ()
кейiнгi үйсiндердiң арғы атасы деп дәлелдейдi. Шындығында осындай шыт тарту
әдетi кезiнде оңтүстiк ғұндардың Қытайға сiңген өңiрi – Сарыөзеннiң орта
аңғарындағы Сары топырақты үстiрт пен қазақтағы Керей, Наймандарда осы
заманға дейiн жалғасып келдi.
(мый): бұл иероглиф көркем, сұлу, әдемi деген мағынада.
Ол, сүйек жазуында көрiнiсте, қола жазуында көрiнiсте. Бұл басына үкi
немесе құс қауырсындарын таққан адамның бейнесi. Бұдан өздерi кие тұтқан
үкi яғни басқа құс қауырсындарын тағыну секiлдi тотемдiк салттың қиыр
шығыстағы Шаң елiнде көрiнiс беруiмен бiрге, осыдан 3000 жылдан да арғы
жерде эстетикалық түс алып үлгергендiгiн байқаймыз. Мұндай үкi тағыну
терiстiк көшпендiлерiнiң ұрпағы қазақта өзiнiң көркемдiк әрi тотемдiк екi
түрлi мазмұнымен бүгiнге дейiн жалғасып келедi. Басына құс қауырсынын
тағыну Америка үндiстерiнде де сақталған құбылыс екендiгi белгiлi.
Сүйек жазуынан мұндай салттың сол дәуiрлерде қалыптасып үлгергендiгiн
байқауға болады. Сүйек жазуынан отырудың малдас құрып отыру , жүгiнiп отыру
, көсiлiп отыру сынды түрлерi жолығады. Қытайдың арғы заманғы Шаң, Жоу
патшалықтары тұсын баяндаған деректерде, Қытайдың орта жазық тұрғындары қос
тiзерлеп отыратындығы, оңтүстiктегi халықтардың малдас құрып отыратыны,
шығыстағы рейлердiң көсiлiп отыратыны естелiкке алынған. Қос тiзерлеп отыру
ибалылық, көсiлiп отыру көргенсiздiк саналған. Бүл арадағы малдас құрып
отыру оңтүстiктегi халықтарда ғана емес терiстiк көшпендiлерiнiң де басты
отыру әдетi болған. Бұған Жапон тiлiндегi малдас құрып отыруды ғуша
немесе ғу сияқты отыру деп айту ең тамаша дәлел. Ғулар терiстiк
көшпендiлерi ғұндардың арғы атасы екендiгi белгiлi. Олар батыс Жоу
патшалығы дәуiрiнде (б.з.б. XIғ. – б.з.б. 771 ж.) Хамиұн, Чин-Хан
патшалықтары тұсында Ғұн атанған.
Ту, байрақ (чи): Бұл қытай тiлiнде жалау, ту, байрақ; шылдырмақты ту,
шылдырмақты жалау; үкiлi ту, үкiлi жалау деген мағына бередi. Сүйек
жазуында жалау, ту, байрақ көрiнiсте бейнеленген. Бұдан сол замандағы қиыр
шығыстағы тудың қазiргiдегiдей төртбұрыш кездеме емес, ағаш сапқа тағылған
лента (жiп немесе құр) екендiгiн бiлемiз. Мұның дәлелдер сол дәуiрдегi
Сарыөзен бойындағы қола бұйымдарға салған суреттерден де байқалады. Бұл
кейiнгi қытай иероглифiнде таңба түрiнде қалыптасқан.
Сүйек жазуынан ту дегендi бiлдiретiн таңбаның үш бағытта
жұмсалғандығын байқаймыз: бiрi, сол тудың, байрақтың өзi; ендi бiрi, тумен
бiрiгiп жасалған жасақты,жорықты бiлдiретiн иероглифтер: мысалы, тудың
астына екi адам сызылып жасақты , тудың астына аяқтың iзi сызылып жорықты
бiлдiрген. Бұған қарағанда сол заманда ту көтерiлiп, адам топталу соғысты,
жорықты бiлдiрген. таңбаның басындағы үш айыр ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz